• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Мейманхана кешені қызметінің экономикалық тиімділігіне талдау

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Мейманхана кешені қызметінің экономикалық тиімділігіне талдау"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

ӘОЖ 642:330

МЕЙМАНХАНА КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ АНАЛИЗ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЭФФЕКТИВНОСТИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ РЕСТОРАННОГО

КОМПЛЕКСА

ANALYSIS OF ECONOMIC EFFICIENCY OF ACTIVITY OF A RESTAURANT COMPLEX А.М. САРСЕБАЕВА, У.С. ЕСАЙДАР

A.M. SARSEBAYEVA, U.S. YESSAIDAR (Алматы технологиялық университеті) (Алматинский технологический университет)

(Almaty Technological University) E-mail: [email protected]

Бұл мақалада еліміздегі қонақүй қызметін арттыру мәселесінің үлкен орынға ие болуы және қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында персоналдың стильін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау – халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелер қарастырылған. Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақ үйлік туристік индустриясын дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда тәжірибелік ұсыныстар берілген.

Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы туризмнің даму жолында көптеген оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Бүгінгі туризм әлем экономикасындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық тармақтарын басқарып, халықаралық деңгейдегі экономикалық байланысын дамуына зор ықпал етуде.

В статье рассмотрен ряд вопросов, посвященных гостиничному сервису в нашей стране. Это связано с актуальностью таких вопросов как: гостиничная индустрия в РК, развитие международных связей, повышение квалификации персонала и создание собствен- ного стиля. В статье приведены примеры реализации Государственных программ для разви- тия индустрии туризма на практике.

За прошедшее десятилетие в индустрии туризма произошли глобальные изменения на основе проведенного анализа, авторы приводят рекомендации по улучшению развития гостиничного бизнеса в стране.

In article discussed a number of issues which devoted to the hotel service in our country. It is due to the urgency of such issues as hotel industry in Republic of Kazakhstan, development of International relations, to improve staff qualification and create their own style. In this article are given examples of state programmer realization for developing the industry of tourism in practice.

Over the past decade occurred in the analysis, the author carried out recommendations for improving the development of hotel business in the country.

Негізгі сөздер: қонақ үй индустриясы, туристік индустрия, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, қонақ үй бизнесі, мейманхананың фирмалық стилі.

Ключевые слова: индустрия гостепреимства, туристическая индустрия, инфра- структура, предпринимательство, гостиничный бизнес, фирменный стиль гостиницы.

Key words: industry hospitals, tourist industry, infrastructure, enterprise, hotel business, company stile hotel.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Прези- денті Н.А.Назарбаевтің «Қазақстан-2030»

халқына жолдауында туризмнің дамуы туристік-рекреациялық тарихи-мәдени және табиғи қорларды игеру мақсатымен қатар

101

(2)

экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттарының бірі болып есептеді.

Қазақстан Республикада халықаралық және ішкі туризмнің дамуы осы қонақүй қызмет саласында сәйкесінше ұйымдасты- рушылық-құқықтық заңнамаларды құруды талап етті. 1992 жылдан 1998 жылға дейінгі кезең аралығында қонақүй қызметі мен ту- ризмнің ұйымдастырушылық-құқықтық негі- зін анықтайтын нормативті-құқықтық құжат- тардың қатарлары жасалып қабылданды.

Қазақстан Республика

территориясында туризм және қонақүй қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдасты-рушылық негіздерін анықтайтын құжаттарға:

Қазақстан Республикасында 1992 жылы қабылданған «Туризмде қонақ үй қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының Пре- зиденттік Қаулылары негізінде 1992 жылғы 15 шілде мен 15 тамызда сала концепциясы және қонақжай индустриясын дамытуының ұлттық бағдарламасы жасалды;

ҚР Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдан «Шаруашылық серіктестігі тура- лы» Қаулысы күшіне енді;

1996 жылдан 18 шілдеде «ҚР-да кәсіпкерлікті лицензиялау туралы» ереже;

ҚР 1997 жылдан 7 тамызда Үкіметтің Қаулысымен бекітілген «1997-1998 жылға тұтынушылар құқықтарын мемлекеттік қорғауды жетілдіру» бағдарламасы;

Президенттің 1998 жылдан 27 сәуір- дегі «Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықта- рын қорғау туралы» Қаулысы.

Сонымен бірге, мемлекет құқықтық және нормативтік негізді құруда белсенді ролін сақтап қалу үшін экономикаға ӛз қатысын саналы түрде шектеді, жеке меншік құқықты қалыптастыруды қамтамасыздан- дырды, бәсекелестік нарықты және мықты экономикалық саясаты құруға кӛмектесті.

Елдің Президенті халыққа «Қазақстан 2030» жолдауында тікелей мынаны кӛрсетіп отыр: «мемлекеттің жаңа ролі адамдардың атынан шешім қабылдау емес, меншікті даму-да тиімді шараларды қолдану үшін еркіндік жағдайын қалыптастыру болып табылады» (Н.А.Назарбаев «Қазақстан 2030»

барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы.

Казахстанская правда – 11.10.1997 жылдан.) [1].

Қонақ үйлік индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды

әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын кӛтеруге қабілетті.

Қонақүй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтер-дің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.

Әлемде туризмнің дамуына кӛп кӛңіл бӛлуде, себебі бұл салалар жоғары табысты және тез ӛтуші. Валюталы түсіміне қарай туризм әлемде үшінші орынға ие. ДТҰ сарапшыларың болжамы бойынша туризм ХХІ ғасырда да ілгері дамиды және әлем экономикасының қозғалтқышы болады.

Қонақүй индустриясы Қазақстан Рес- публикасындағы іскерлік шеңберде қызығу- шылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарық- тағы мемлекетік емес экономикалық және ӛндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс кӛзі болып табылады.

Сондықтан, Қазақстандағы қонақүй индус- триясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын кү- шейту мәселесі тұр.

Туризм инфрақұрылымы мен қонақүй индустриясының бастапқы бағыттарының арасында Республикамыздың «Қазақстан 2030» әлеуметтік-экономикалық стратегия- сында маңызды мәселелер бӛлініп отыр. Бұл мәселелер тез арада ӛз шешімін табу керек.

Зерттеудің нысаны, әдісі

Қонақ үй кешенінің тиімділігі түрлі қырынан зерттелуі мүмкін: шығын қалып- тастыру, қызмет, кіріс кӛлемін жоспарлау, инвестициялық жобаларды іске асыру және т.б. тұрғысынан. Сонымен бірге, шығындары, оларды бӛлу әдістерін сараптау, сметалар есептеуді құрастыру мен бақылау, түрдің немесе қонақ үй шығынын ӛзіндік құнын шығару, туристік және қонақүй ӛнімінің сатылу және рентабельділігін анықтау мұның барлығы туристік қызметтер нарығында қызмет кӛрсетуші мекеме қызметінің жалпы тиімділігін сараптаудың бастапқы кезеңіне ғана қажет мәселелер.

Сараптау нәтижелері қонақүй немесе туристік мекеме әкімшілігіне және басқа қолданушыларға сараптама субъектілеріне сарапталған объектінің жағдайы туралы қажетті ақпаратты береді. Сараптама субъек- тілерінің мақсаты әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы бір нәрседе ұқсайды

102

(3)

– объектінің ағымдық жағдайы секілді, оның даму келешегінен күтілетін нәрселерді дәл бағалауға мүмкіндік беретін шешу ӛлшемдер алуда. Егер мекеме мүддесі бұрын тек қонақ- үйді жүктеу мәселелерімен ғана анықталса, онда шаруашылықтың жаңа жағдайында қонақ үй кешенін ұйымдастыру жұмысына қызыққан сараптама субъектілерінің мақсаты мен мүддесін есепке алу қажет.

Қонақ үй кешенін шынайы басқару тәжірибесінде басқару жүйесінің элемент- терінің түрлі жиыны мен олардың іштей ӛзара байланыстары нәтижесінде сондай-ақ басқару тиімділігіне ықпал ететін сыртқы орта ықпалының нәтижесінде пайда болатын кӛптеген факторлар, құбылыстар мен оқиға- лар бар. Әдебиеттерде аталған факторларды мынадай топтарға бӛлуге болады: саяси, құ- қықтық, ұйымдық, экономикалық, техника- лық, әлеуметтік және психологиялық. Негі- зінде бұл факторлар бір-бірімен тығыз байланыста әрекет етеді.

Ӛзгермелі факторлардың тұтас қата- рына тәуелді қонақ үй кешенін басқару тиімділігінің деректі тұрақты емес осыған байланысты осы мәселені шешуде әдетте мекемені дамытудың негізгі тенденциялары мен оның экономикалық кӛрсеткіштерінің ӛзара байланысын зерттейді.

Қонақ үй-туристік саласындағы мекеме қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері тұтас қоғам тиімділігін бағалау мәселелеріне ұқсас. Осы сұрақ мына ұсынылған қызмет тиімділігін арттыру ісінде ықпал етпейтінін кӛрсетеді.

Нарықтық қатынастарға тән белгілердің бірі – қатысушылардың прагматизмі мате-риалдық және материалды емес сипаты кез келген құндылық осы шешуші қандай да бір мақсатқа жетуге ықпал еткен жағдайда ғана қызығушылық тудырады. Алға қойылған мақсатқа жету табысты басқару белгісі деп есептеледі.

Қонақ үй кешеніндегі кез келген мекеме қызметі міндетті компоненттер ретінде әрекетке жетелеуші мотивтен, қызметтің болашақ нәтижесі туралы түсінік-мақсаттан және мақсатқа жету құралынан тұрады.

Қонақ үй кешені мекеме мақсатын, оқу басқа барлық ӛлшемдерін анықтайды, оған мысал ретінде тиімділік түрлерінің ірілендірілген топтамасын келтіруге болады Қонақ үй кешенінің мекеме мақсатына тәуелді тиімділік түрлерін топтастыру.

Мекеме мақсаты шешулі ресурстардың бағалық жүйесіне сәйкес олардың жарлық- тыларымен қалыптасады. Жоғары басшылық

шешімі ресурстардың бірі болып табылады, сондықтан жоғары басшылықтың құндылық жүйесі мақсат құрылымына ықпал етеді. Ғы- лыми әдебиеттерде қонақ үй кешені ұйымы- ның мақсаттарының келесі жалпыланған түрлерін кӛрсетеді:

бәсекелестік күрес жағдайында тірілу;

банкроттық пен ірі қаржы сәтсіздік- терінен қашу;

бәсекелестермен күрестегі кӛшбас- шылық;

«бағаны» жоғарылату немесе имидж жасау;

экономикалық потенциалдың ӛсуі;

ӛндіру мен тарату кӛлемінің ӛсуі;

кірісті жоғарылату;

шығынды азайту;

рентабельділік және т.б.

Қол жеткізілген нәтижелердің қойылған мақсатқа қатынасы (мақсаттың тиімділігі) мен ресурстардың осы нәтижелерге қатынасы (шығынданудың ресурстық тиімділігі) бас-қару үдерістерінің кез келген тиімділігін тауысады деген пікір жиі айтылады. Оның үстіне тиімділікті нәтижелілік және эконо-микалық деп бӛлу аз.

Қонақ үй кешенінің мекемелері қызметінің мақсаттық негізділігін сараптау да қажет.

Бір сӛзбен айтқанда, соңғы кӛзқарас тұрғысынан тиімділікті оның мақсаттарын нормативті идеалдар мен бағалы нормаларға сәйкес сараптау қажет.

Осы негізде тиімділіктің келесі үш түрін кӛрсетеді:

тұтанушылық (мақсаттың қажетті- лікке, идеалдар мен нормаларға қатынасы);

нәтижелік (қол жеткізілген нәтиженің мақсатқа қатынасы);

шығындық (шығынның қол жеткізіл- ген нәтижеге қатынасы).

Тиімділіктің бұл түрлері бүтін желіні құ- райды тұтынушылық тиімділік нәтижеліктің мазмұны ал ол болса шығындықты анықтайды.

Қонақ үй – туристік бизнесінің мекеме- сін басқару тиімділігін ерекше кӛрсету керек.

Қонақ үй кешенінің мекемесін басқару тиім- ділігі-күрделі және кӛп қырлы категория.

Бас-қару тиімділігінің кӛп қырлылығы бірқатар ұғымдық сызбаларды қамтамасыз етеді. Мұндай сызбалардың ішінде:

басқарма жұмысшысының еңбегінің тиімілігі;

басқару аппаратының еңбегін, оның жекелеген органдары мен бӛлімшелерінің тиімділігі;

басқару үдерісінің тиімділігі;

103

(4)

басқару жүйесінің тиімділігі бар.

Қазіргі кезде басқару тиімділігін анықтау келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:

басқаларды жетілдірудің ұйымдық- техникалық шараларын сараптау мен бағалау;

ортақ тиімділікті анықтау;

ҚТК мекемесінің жалпы эффекті- сіндегі басқару жүйесі эффектісінің үлесіне анықтау;

функционалды бӛлімшелер қызме- тінің нәтижесін анықтау;

Басқару тиімділігін анықтау ӛзара байланысты кезеңдерден тұратын үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады.

бағалаудың әрбір келесі кезеңді алдыңғы кезеңді толықтыра отырып, оны нақтылайды.

Бірінші кезеңде басқару тиімділігі шарттарының сапалық және сандық анықты- лығы айқындалады. Мақсатқа жету қонақ үй кешенінің мекемесін басқару тиімділігін шамасы-сандық сипаттамасы болады.

Екінші кезеңде басқару шығынының тиімділігі анықталады.

Үшінші кезеңде қолда бар потенциалды басқару тиімділігі анықталады.

Кӛрсеткіштер ӛндірістік және басқару ресурстарын пайда-ланудың тиімділігінің жалпылаушы кӛрсет-кіштерінің базасында қалыптасады.

Басқару үдерістері мен қатынастары- ның кӛп деңгейлі және кӛп аспектілі сипаты- на сәйкес басқару тиімділігінің шарттары мен кӛрсеткіштерін құрастыру ерекше маңызды.

Қонақ үй туристік саласы мекемелерінің ішкі тиімділігі (ӛнімділігі) ресурстардың (шы- ғындардың) турлар таратудың кӛлемімен, сатылған номерлердің санымен арақатынасы негізінде анықталады, сыртқы тиімділік оны ҚТК мекемелерімен қанағаттандыру қажеттілігі мен деңгейін есепке алады. Фирма тиімділігін басқаруда нарықты қанағаттандыру шарасы бойынша негізгі міндеттердің бірі ресурстарды қолдану тиімділігі мен турӛнімдер ерекшелігін белгілеу болады [2].

Басқару ӛнімі аталған нұсқамен сәйкес үнемденеді. Біріншіден, ол басқару объекті- лері мен басқару жүйесінің қызмет кӛрсету нәтижесі ретінде кӛрінеді. Екіншіден, аралық-басқару жүйесі қызметінің сапасы түрленеді. Үшіншіден, ол қызмет пен басқарумен опера-цияларды атқарудың бастапқы сапасы, басқару күштері мен құралдарын пайдалану сипаты.

Қонақүй секілді, туристік қызметтердің ӛндірістік және басқару факторларын таңдау

және топтастыру үшін статистикалық әдістер-ді, заманауи кибернетика басқару тиімділі-гін анықтау үшін ӛндірістік қызметтер аппа-ратын пайдаланған жӛн.

Сондай-ақ, кластерін сараптама-оның таңдау үшін де, факторларды топтастыру үшін де қолданылу мүмкін жетістігі. Бұл жерде факторларды сандық бір атаулы бағаларда беру міндетті емес, оның үстіне бір мезгілде сандық және сапалық сипаттамаларды пайдалануға болады. Алын-ған топтама түрі зерттеуші берген топтама-ның тиімділігін шартына, немесе мақсатты қызметіне тәуелді. Мұндай шарт ретінде ауытқу шаршыларының ішкі топтық қосын-дысын тӛмендетуді атауға болады.

Тиімділіктің заманауи стратегиялары ресурстармен басқаруды қызмет масштабын кеңейтуге ұмтылумен ұштастырады. Ресурс пен нәтиже арасында күрделі ӛзара әрекет тиімділік құрылымында статистикалық және динамикалық аспектілердің бӛлініп шығуын талап етеді. Тиімділіктің мұндай топтамасын алғаш рет американдық экономист Йозеф Шумпер кәсіпкерлік қызметін зерттегенде қолданды. Егер статистикалық тиімділік қа- лыптасқан экономикалық жағдайға қосымша ӛсуге есептелмеген компанияларды қолдану үдерісін сипаттаса онда динамикалық тиімді- лік дамуға тенденцияны сипаттайды.

Динамикалық тиімділік ұғымы стратегиялық басқаруға қажет. Кейінірек топтастырудың бұл идеясын кӛптеген экономисттер мен басқарушылар ұстанды.

Статистикалық тиімділік пен оны бақылау тәсілдері қысқа уақыт ішінде ҚТК мекемелерінің қызметін ағымдық үдерістері- нен басқаруда негізгі болып табылады. Ол кезде тиімділіктің динамикалық аспектілерін зерттемей стратегиялық басқару мүмкін емес.

Динамикалық тиімділік - бұл ұзақ уақыт кезеңінде ҚТК мекемелерінің жоғары бәсеке- лестікке қабілеттілігін қолдаудың негізгі тәсілі.

Тиімділіктің бұл екі аспектісінің мекемелер үшін бірдей құндылығын айту қажет. Тек статистикалық тиімділікті басқару тәсілдерін ғана пайдалану ҚТК мекемелерінің болашақта дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол кезеңде үлкен тәуекелмен байланысты тиімділіктің динамикалық аспектілерін арттыру ақталмаған шығынға, оның тиімділіктің жаза сапасына ӛту қорқынын жоғалтуына әкелуі мүмкін.

Тиімділік кӛрсеткіштері жүйесінің қа- растырылған нұсқаларының барлығы жабық емес, олардың мазмұны бірдей.

Тиімділік кӛрсеткіштерінің жүйесі сараптау мақсатына, бӛлектеу деңгейі мен 104

(5)

тереңдігіне байланысты басқа да сипаттармен толығады. Акционерлік қоғамдарда акциялар-дың кірістілігі қосымша бақыланады, бұл акционерлер мен болашақ инвесторлар мүддесін кӛрсетеді.

Ағымдық және стратегия-лық тиімділікті сараптағанда ресурстардың ішкі құрылымын бейнелейтін және мекеме тиімділігі туралы қосымша ақпарат беретін кӛрсеткіштер қолданылады. ҚТК ұйымы жо-ғары кірісті қамтамасыз етуі тиіс деген кеңес кең таралған. Мұндай қадамның бастапқы шарты: кез келген фирма кірісті арттыру үшін әрекет етеді, бірақ практикада мұндай макси-мумға жету мүмкін болғандықтан қалыпты кіріс ұғымы қолданылады. Түрлі қызмет түр-лерінің кірістігі тікелей ерекшелігіне алады, бұл барлық бизнесмендердің бір мезгілде ӛз бизнесін одан да пайдалыға ауыстыруға ұмталдырмайды. Мұндай қадамның негізінде ӛндірілген ӛнімге баға түзу жүйесі - ӛзіндік құн қосу үстеме жүйесі жатыр.

Фирма мен басшылық қызметінің келесі бағытына ӛндіріс кӛлемі мен қызмет тұтынысын дамытуға ұмтылу жатады. Бұл үлкен деңгейдегі фирма кӛлемі менеджердің лауазымы мен жағдайын анықтайтынына негізделеді. Аталған теорема шеңберлерінде басқа да формальда шарттар қолданылады, атап айтқанда, тұтас фирма тиімділігін баға- лау үшін акцияға кіріс кӛрсеткіштері тарал- ған, инвестиция тиімділігін бағалау үшін инвестицияланған капитал рентабельділігін кӛрсеткіші қолданыла алады.

Қорытынды және талдау

Ашық жүйелер моделімен сәйкес меке- мелер гомостатикалық болады, яғни стацио- нарлық жағдайы (тұрақтылықты) қолдауда үздіксіз қызметке ұмтылады. Тұрақтылық – бұл жүйелердің ӛзгеріссіз қалуға, заттар ретін қайталауға үнемі жаңғыруға ұмтылуы.

Даму, керісінше - ӛзгеруге ұмтылу.

Тұрақтылық пен даму бір-біріне қарама- қарсы, бірақ олар шектеулі, импоненті қозғаушы күштер бол-ғандықтан бір жүйеде тіршілік етуге мәжбүр.

Тұрақтылықты қолдау керек, арттыруға және тӛмендетуге болады. Егер қолдау негізінен ағымдық шығынды талап етсе, онда арттыру кӛбіне ірі шығынды қажет етеді.

Даму – бұл қонақ үй—туристік бизнесі мекемелерінің мүлдем басқа мақсаты, және оған жасалатын қадам басқа болуы тиіс.

Дамуды да, тұрақтылықты да қамтамасыз ету үшін бірдей құрамдастар: адамдар, түрлі қор- лар қажет болғанымен, олар жүйеде түрліше

жасалады. Даму аталған жүйенің ішімен және сыртымен бағытталуы мүмкін, оған эволюция-лық және революциялық белгілер тән болуы мүмкін, ал деңгей бойынша ол элементтен жүйеге дейін дами алады. Оның объективті кӛзі-ішкі және сыртқы факторлар.

Іштей бағытталған турфирманы дамыту тур жасау технологиясымен берілген.

Оны жетілдіру фирма қызметінің тиімділігін арттыруда және ұсынылған турларға шығын- ды азайтуды қажет етеді. Сырттай бағыт- талған дамыту бұл бәрінен бұрын ұсынылған маршруттарды жетілдіру. Оның нәтижесі клиент сұранысын қанағаттандыру деңгейін арттыру болуы тиіс.

Кӛрсеткіштер сапасы екі негізгі фактор- мен анықталады. Біріншісі – кӛрсеткіштердің теориялық негізіне, екіншісі – фактілік базаға жатады. Бірінші фактор кӛрсеткіштер тереңнен сараптау негізінде, екіншісі – фактілік базаға жатады. Бірінші фактор кӛрсеткіштер тереңнен сараптау негізінде түзілуіне сүйенеді. Ол кӛрсеткіштердің мәнімен, сапалық ерекшелік- терімен байланысты. Екінші фактор олар толық, сенімді, салыстырмалы және заманауі ақпарат базасында түзілуін қамтамасыз етеді.

Фирма мен басшылық қызметінің келесі бағы- тына ӛндіріс кӛлемі мен қызмет тұтынысын дамытуға ұмтылу жатады. Бұл үлкен деңгейдегі фирма кӛлемі менеджердің лауазымы мен жағдайын анықтайтынына негізделеді. Аталған теорема шеңберлерінде басқа да формальда шарттар қолданылады, атап айтқанда, тұтас фирма тиімділігін бағалау үшін акцияға кіріс кӛрсеткіштері таралған, инвестиция тиімділігін бағалау үшін инвестицияланған капитал рен-табельділігін кӛрсеткіші қолданыла алады [3].

Соңғы жылдары қосымша құнды арттыру теориясы қарқынды түрде жасалуда.

Кез келген деңгейдегі фирмаға иелені қызметі мен басқару және бақылау қызметі арасындағы үзіліс тән, бұл бірқатар жаңа бас- қару теорияларының пайда болуына әкеледі.

Негізінде фирма иелері мен басқарушы тұлға мүддесінің қайшылығы жататын ӛкіметіліктің беру теориясы ӛте танымал. Мұнда фирмаға тікелей қатысы бар жеке тұлғалардың екі үлкен тобының-иеленушілер (акционерлер, қатысушылар) мен басқару тұлғасының оңа- малануы жүреді. Олардың мүддесі барлық уа- қытта сәйкес келе бермеуі мүмкін бұл әсіресе болашақтық шешімдерді сараптаумен байла- нысты, олардың кейбірі ағымдық кірісті қамтамасыз етеді, ал келесілері-келешекке есептелген.

105

(6)

Қызығушы топтар теориясы аталған теорияның бір түрі болып табылады. Кез келген фирманың қызмет кӛрсетудегі мақсаты фирмаға тікелей не жанама қатысы бар заңды және жеке тұлғаларды шиеленісті мақсатын үйлестіру. Сондықтан турфирма кірісті арттыруға ұмтылып қана қоймай, ӛз жұмысшыларының әлеуметтік жағдаймен, қоршаған ортаны қорғаумен және т.б.

айналасуы керек. Ұйымды ӛте тиімді ету үшін кӛптеген қатысушылардың бір-біріне қайшы мүдделерін есепке алу керек. Сондықтан ұйымдастыру тиімділігінің шарт-тары қатысушылар құрамы мен олардың мүдделеріндегі ӛзгерісті бейнелей отырып, үнемі ӛзгереді. Сонымен, жеке мешіктер салынған кірісті бағалайды және кӛбейтуге ұмтылады. Несие берушілерді оқшаулық, салым келешегі, қаржы тәуелші қызықтырады.

Кәсіподақтар еңбек келісімінің шарттарын анықтау үшін фирма қызметінің тиімділігін бағалайды. Бизнеске қатысушылармен қатар, мекеме қызметінің тиімділігіне сыртқы ұйымдар мен тұлғалар («аутсайдерлер») тікелей және жанама бақылау жүргізеді. Олай болса, нарықтық экономика жағдайында тиімділікке бизнеске қатысушылар, аутсайдерлер, мемлекет жасаған кӛпқырлы бақалау ғана мекеме үшін экономикалық орта жасайды, мұндағы тиімді қызмет-мекеменің ӛмір сүруі мен қызмет кӛрсетуіне қажетті жағдай, менеджерлердің міндеті- акционерлердің, жұмысшылардың, несие берушілер мүддесінің арасында, статистикалық және динамикалық, ішкі және сыртқы тиімділік арасындағы теңдікті қамтамасыз ету. Олай болса, менеджерлер ұйым тиімділігіне динамикалық категория ретінде қарау керек және үнемі ӛзгерістерге дайын болуы тиіс ҚТК мекемесінің тиімділігіне қадамдардың бірі жалпы жүйелі модельге негізделген. Оның шеңберінде ұйымдасқан әрекет жүйесіне түсетін негізгі құрамдас элементтер сыртқы ортамен байланысты: шектеу, талап пен мүмкіндіктер; ұйым ресурстары; оның тарихы.

Басты кіріспе элемент болып мекеме стратегиясы табылады. Жүйенің шығысында мекеменің стретегиялық міндетімен үйлескен қызмет тиімділігі бар. Негізгі сызбамен сәйкес мекеме кіріспе элементтерді алатын және оларды шығушы элементтерге таситын механизм ретінде қарастырылады. Мекеме сараптамасындағы негізгі объекті болып түрлену үдерісі табылар. Бұл модельде мекеме тӛрт компоненттің құрамында қарастырылады:

орындау қажет міндет не жұмыс және олардың негізгі сипаттамалары;

тапсырманы орындау міндетімен жұмысшылар;

мотивация жасайтын және тапсыр- маның орындалуына ықпал ететін формалды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

• мекеме қызметінің шынайы жағдайы- нан кӛрініс беретін формальды емес ұйымдық құрылымдар.

Қорытынды

Мейманханалық бизнестің ұйымдасты- рушылық стратегиясы жаңа клиенттерді тартуға және толық қанағаттандыруға, мей- манхана желісін кеңейтуге, бәсекелестік жағ- дайын беріктендіруге және бизнес нарығында оң бейне жасауға бағытталуы керек.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык ӛндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық ӛнім ӛндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға тӛтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары ӛнім ӛндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Эконо- мика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық ӛсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған ӛз экономика- мыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».

Дегенмен тиімді басқару жүйесі мейманхана иесіне келесі екі шарт орындал- ғанда ғана пайда келтіреді: нарықтың ӛзіндік ерекшелігін есептеу және тиімді басқарудың барлық элементтерін кешенді пайдалану [4].

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 17 января 2014г. «Казахстанский путь -2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»

[Интернет ресурс]. Режим доступа:

http://www.akorda.kz/ru/category/konstituciya.

2. Ковалева Н.И. Никльская Ю.И. Между- народный опыт подгатовки кадров для индустрии туризма/ Профессиональное образование в сфере туризма как условие повышения качества туристских услуг. Темат. Сб.мат.межд.научно- прак.конф.-М., 2012.-С.273-279.

3. Квартальнов В.А. Туризм: история и современность: Избр. Произведения: В4-х т. Т.1У.

106

(7)

Кн. Седьмая: Система подгатовки туристских кадров.-М.: Финансы и статистика, 2002.-400 с.

4. Алиев М. Показатели ликвидности пред- приятий: оценки и пути улучшения. / Современ- ное развитие: источники, движущие силы и формы разрешения противоречий: материалы междунар.науч.конф. в 2-х частях, Алматы:

Университет «Туран», 2001.-ч.1.-С.263-269.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Бірінші бөлігінде математикалық есептеулерді жылдам шығару тəсілдері көрсетілген. Сонымен бірге векторлық алгебра элементтері мен тригонометриялық

Сонымен , математикалық есептерді Паскаль бағдарламалау тілінде есептеп шығару оқушылардың немесе студенттердің есеп шығару шеберлігін қалыптастыру

Браймер, Қонақжайлылық индустриясы – бұл қонақтарды қабылдауға жəне қыз- мет көрсетуге байланысты қызметтер нарығында мамандандырылған көптеген

Нәтижелер және оларды талдау Сонымен, 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы Қазақстанда көпұлттылықтың өсе түсуін, республика тұрғындарының құра-

пайдаланып немесе оларға жаңа мағыналық реңк беріп, тіркесімділік қабілетін арттырып, қызметін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды

Əрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кəсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124),

Мақалада сабақтың тиімділігіне сəйкес өлшемдерді ескеретін сабақтың құрылымы мен өзіндік сараптау болып табылады. Құзыреттілікті қалыптастыруға

Ұжымдық оқыту əдісін эксперименттік есептер шығару, жаттығулар орындату арқылы оқушы білігі мен дағдысын қалыптастыру немесе білім, білік, дағдыны