ƏОЖ 551.4+502.7 /1–925.21/
Нұра-Сарысу бассейніне экологиялық-географиялық баға беру
Абиева Г.Б.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье дана эколого-географическая оценка водных ресурсов Нура-Сарысуского водного бассейна.
Автор знакомит с основными речными бассейнами Казахстана. Рассмотрена роль бассейнового совета по управлению водными ресурсами. Определены уровень загрязнения и качество водных ресурсов.
Даны решения по проблемам экологической нагрузки на водные ресурсы.
In article the ecology-geographical estimation water resource of Nura-Sarysu water basin is given. This ar- ticle introduces the major river basins of Kazakhstan, their management features on the basin principle. The role of pool council about water resources management is considered. Level of pollution and quality of water resources is defined. Given certain decisions on the environmental of exercise on water resources.
Еліміздің аумағындағы өзендер адамның шаруашылық қызметін, оның күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, қоғам өмірінде үлкен ролді атқарады. Олар өндіргіш күш элементі ретінде ел аймақтарының экономикалық жəне əлеуметтік дамуына əсер етеді. Сондықтан барлық деңгейдегі су нысандарын қорғау жəне қайта қалпына келтіруде қоғамның өз мүддесі бар. Ал ол мүдде барлығы- мызға айқын.
Қоршаған ортаны қорғау шараларына алғашқы шолу жасалғалы бері жаңа заңдар мен стратегия- лар қабылданып, Қазақстанның кең байтақ аумағындағы су ресурстарын бірігіп басқаруға бағыттал- ған даму процесі басталып, жаңа су саясаты іске асырылып келеді.
Су ресурстарын бiрiккен басқару тұжырымдамасы өткен ғасырдың 90-шы жылдары жəне осы мыңжылдықтың алғашқы жылдары негiзгi халықаралық конференцияларда талқыланды. 2002 жылы өткізілген Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң (ОДДС) директивасы оның қорытындысы болып табылды, онда барлық елдердiң дамушы елдерге қолдау көрсете отырып, 2005 жылға қарай су ресурстарын бiрiккен басқару жəне суды үнемдеу жоспарларын əзiрлеуге мiндеттi екендiгi айтылды.
Қазақстан Республикасы осы Дүниежүзiлiк Саммиттiң директивасы аясында ОДДС директивасына қол қойды [1].
Су ресурстарын бiрiккен басқару тұжырымдамасы Қазақстан үшiн жаңа болып табылады. Оның басты ерекшелігі, елдiң су шаруашылығы дамуының негiзгi мəселелерін шешуге бағытталған.
Су ресурстарын бiрiккен басқарудың ең басты екі қағидасы — бұл өзен бассейнi деңгейiнде су ресурстарын басқару жəне су ресурстарын басқаруға мүдделi тараптардың белсендi тартылуы. Қазақ- станда мүдделi тараптардың қатысуының негiзгi аспектiсi — бұл Су кодексiнде (43-б.) бекiтiлген ере- желердi енгiзу арқылы Бассейндiк кеңестер құру. Осыны негізге ала отырып жəне де əкімшіліктік тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы халықаралық өзен бассейндерінің құрамдас бөлігі болып табыла- тын сегіз өзен бассейніне бөлінеді: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу, Жайық-Каспий, Арал- Сырдария, Шу-Талас жəне Балқаш-Алакөл [2].
Географиялық орналасуы мен табиғат жағдайларына байланысты Қазақстан су ресурстары тап- шы елдердің қатарына жатады. Қазақстандағы жер беті су ресурстарының жалпы мөлшері жылына орташа есеппен 100,5 км3 тең болса, соның 56,5 км3 ғана Қазақстаннан бастау алады. Қалған — 44,0 км3 — көршілес елдерден ағып келеді: Қытайдан — 18,9 км3, Өзбекстаннан — 14,6 км3, Қырғыз- станнан — 3,0 км3, Ресейден — 7,5 км3. Су ресурстарымен қамтамасыз ету жөнінен ТМД елдерінің
Ре по зи то ри й Ка рГ У
ішінде соңғы орындарды алады. Ж бар болғаны 7,9 % [3].
Республика аумағындағы сум ден байқауға болады.
Қазақстан Рес Өзен бассейндері Орташа
көпжылдық ағы Арал-Сырдария 17,9 Балқаш-Алакөл 27,8
Ертіс 33,8 Есіл 2,2 Нұра-Сарысу 1,3
Тобыл-Торғай 2,0 Шу-Талас 4,2 Жайық-Каспий 11,3 Барлығы 100,5
Республика аумағындағы өз байланысты көктемде болады. Су үстіне су мөлшері жыл жəне мезг елдің барлық аймақтарында су ре лық нысандар салынған. Түрлі са ның мөлшері мезгіл сайын күрт ө су кейде тасып, кейде керісінше т Жоғарыда атап өткен құрамы бассейндерінің шекарасы облыста ғына екі облыстың өзен бассейнде лысы, Қарағанды, Шығыс Қазақст
Сур. Қазақстан Республикасы рия; 2 — Балқаш-Алакөл; 3 — Жайық-Каспий; 8 — Шу-Талас
Жер асты суларының көлемі жылына 15,1 км3 мен қамтылу жағдайы да əр түрлі екендігін тө
публикасы өзен бассейндерінің су ресурстары, к
ын Шекаралас мемлекет- терден келетін ағын
Міндетті шығындар (санитарлық, экология
көлік, зиян жəне шығ
13,7 6,9 11,9 17,5 8 22,5 – 0,6 – 0,6 0,3 0,6 3,0 0,6 7,1 8,8 44,0 57,5 зен сулары ағындарының 90 % жуығы клима
у ресурстары ел аумағы бойынша біркелкі, т гіл сайын өзгеріп отырады. Суды толығымен есурстарын жəне солардың ағысын реттейтін алаларда суға деген сұраныс əр түрлі болғанд өзгере беретіндіктен (мысалы, көктемгі сең жə тартылады.
ында 8 Бассейндiк су шаруашылығы басқарм ардың əкімшілік шекараларымен сəйкес келм ері, кейде бес, мысалы, Балқаш-Алакөл БСБ (А тан, Жамбыл облыстарының бір бөлігі) жатады
ының су-шаруашылық аудандастырылу сызбасы:
— Ертіс; 4 — Есіл; 5 — Нұра-Сарысу; 6 — То с
3, ал пайдалану деңгейі
өменде берілген кесте-
1 -к е с т е км3
р ялық, ғын)
Орналасқан су қорлары
11,0 10,3 11,3 1,6 0,7 1,4 3,7 2,5 43,0 аттың ерекшеліктеріне тегіс тарамайды. Оның пайдалану мақсатында арнайы гидротехника- дықтан жəне су ағыны- əне жазғы қуаңшылық),
асы (БСБ) бар, 8 ірі су мейді. Əрбір БСБ аума-
Алматы қ., Алматы об- ы (сур. қара).
1 — Арал-Сырда- обыл-Торғай; 7 —
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Əрбір бассейннің жоғарғы ағысына түсетін зиянды əсерлер оның төменгі ағысына да кері ықпа- лын тигізеді, немесе керісінше (Арал-Сырдария бассейні). Сондықтан БСБ бассейн үшін жауапты бо- ла отырып, су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы бір облыстың мүддесі үшін екінші облыс зардап шекпеуін қадағалап отырады.
Бассейндік қағида бойынша су басқармасы тиімді су пайдаланудың негізі болып табылады. Со- нымен бірге ұзақ мерзімді, қолайлы экономикалық тиімділік мақсатында экологиялық тұрақты су пайдаланумен қамтамасыз ету үшін су қатынастары субъектілерінің қызметін бақылауға мүмкіндік береді [4, 5].
Осы мақсатта құрылған, су тапшылығын толықтай сезінетін Орталық Қазақстан аумағындағы Нұра-Сарысу бассейніне тоқталып өтейік.
Нұра-Сарысу бассейні аумағына Нұра жəне Сарысу өзендерінің алабы, Теңіз жəне Қарасор көл- дері кіреді.
Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған Ертіс-Қарағанды кана- лының (қазіргі Қ.Сəтпаев атындағы) үлесі су толған кезде бассейннің жалпы балансының 18 % құ- рауы мүмкін. Жер асты сулары 25 %, қалған су ресурстарын жер беті көздері құрайды: көлдерде 20 %, су қоймаларында 4 %, өзен арналарында 33 % [3].
Бассейннің ең ірі өзені — Нұра, Қызылтас тауларының батыс сілемдерінен басталып, Теңіз көлі- не құяды. Өзеннің ұзындығы 978 км, су жинау алабы — 58,1 мың км2. Нұраның басты салаларына Шерубай-Нұра, Үлкен Құндызды жəне Ақбастау жатады.
Сарысу өзені Жақсы Сарысу жəне Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінен басталып, Телі- көліне құяды. Өзеннің ұзындығы 761 км, су жинау алабы 82 мың км2. Басты салалары — Қаракеңгір жəне Кеңсаз.
Зерттеліп отырған аумақтағы барлық өзендерде қар суымен қоректену басым. Сондықтан су ағындарындағы барлық жылдық ағын көктемде, орта жəне кіші ағындарда — 100 %, басты өзендерде 85 % дейін болады. Өзен бассейніндегі су ресурстарының жалпы көлемі туралы мəліметтер 2-кестеде берілген [6].
2 -к е с т е Өзен бассейніндегі су ресурстарының жалпы көлемі, млн. м3
Су ресурстары Көлемі, млн. м³ Көлемі, млн. м³ Жалпы көлемінен, %
Өзендер 1 740,0 46
– өзен арнасының сулары 1 540,0 – су қоймалары 190,0
– тоғандар 10,0
Көлдер 900,0 24
Жер асты сулары 1 130,0 30
Батпақ
Бұлақтар мен құдықтар
Барлық ресурстар 3 770,0 100
Кестеден көріп отырғанымыздай, аумақтағы су қорлары өзендердің жер беті ағындарынан, көл- дер жəне жер асты суларының қорларынан құралады.
Қарастырылып отырған аумақта 2000 жуық көлдер мен 400 астам жасанды су қоймалары бар.
Олардың көпшілігі Нұра жəне Қарқаралы өзендері алаптарында орналасқан. Сарысу өзені бассейнін- де ауданы 10 км2 астам небəрі 3 көл бар. Аумаққа жаз соңында түгелдей құрғап кететін, суы аз көлдер тəн. Көлдердің тұздылығы су ағындылығы мен көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Төменгі Нұра- ның көлдері əдетте тұщы немесе тұздылау болып келеді.
Көлдердің барлығы дерлік тек кəсіби балық пен аң аулау жəне рекреациялық мақсатта ғана пай- даланылады.
Бассейн аумағындағы жер асты сулары геологиялық құрылымдардың барлық кешендерінде ор- наласқан. Үштік жəне төрттік шөгінділердің сулары негізінен қысымсыз, грунт секілді болып келеді.
Олардың ішінде Нұра, Сарысу жəне олардың салаларының өзен аңғарларындағы аллювиалды шөгін- ділердің суларының практикалық маңызы зор.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Су нысандарындағы судың сапасы тұрғындардың денсаулығы мен су экожүйелерінің жағдайына елеулі əсерін тигізетіндіктен, Қазақстанның тұрақты дамуын айқындайтын факторлардың бірі болып табылады.
Нұра-Сарысу бассейніндегі барлық су нысандарындағы судың сапасы, өкінішке орай, қанағат- танғысыз. Қарағанды облысы қоршаған табиғи ортаға тигізетін əсері бойынша басқа аймақтардан ерекшеленіп тұрады. Себебі Қазақстан Республикасындағы бірде-бір облыс дəл біздің облыс сияқты техногендік жүктеменің зиянын көріп отырған жоқ. Қарағанды облысы өнеркəсібінің басты салала- рына: тау-кен, металлургия, кен өңдеу, жылу энергетика жəне т.б. жатады. Өндірістік қызмет нəтиже- сінде өнеркəсіптік кешен облыстағы экологиялық жағдайға, оның ішінде су ресурстарына техноген- дік əсерін тигізуде.
Өнеркəсіп жəне коммуналдық кəсіпорындарынан шығарылатын ақаба сулар өзен суларының са- пасын төмендетіп, оны улы қоспалармен ластап отыр.
Нұра-Сарысу бассейні аумағында антропогендік ластанудың ең жоғары деңгейлері келесі үлес- келерде байқалады:
Нұра өзені — Самарқан су қоймасынан төменде;
Шерубай-Нұра өзені — Шахтинск қ. сағаға дейін;
Соқыр өзені — Қарағанды тазалау құр. сағаға дейін;
Көкпекті өзені — Солонка өз. сағаға дейін;
Қаракеңгір өзені — Кеңгір су қоймасынан сағаға дейін;
Жезді өзені — Сəтпаев қ. тазарту құр.төмен [7].
Жер беті суларының сапасына əсер ететін негізгі ластаушыларға Қарағанды, Теміртау, Шах- тинск, Жезқазған, Сəтпаев қалаларының коммуналдық-өнеркəсіптік ағындары жатады.
Енді республикадағы өзен бассейндерінің ерекшелігін негізгі экологиялық жүктемені көрсете отырып, Нұра-Сарысу жəне Жайық-Каспий бассейндері мысалында төмендегі кестеден байқауға бо- лады.
3 -к е с т е Қазақстан Республикасы өзен бассейндерінің ерекшеліктері
Бассейн Бассейн
ауданы Əкімшілік
орналасуы Бассейннің негізгі
су нысандары Негізгі экологиялық жүктеме Нұра-Сарысу 58,1
мың км2 Қарағанды жəне Ақ- мола облысының жартысы. Бассейн- нің төменгі шекара- сы Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының бір бөліктерін қамтиды
Нұра жəне Сарысу өзендері, Теңіз жəне Қарасор көлдері кіреді.
Нұраның басты салаларына Шерубай-Нұра, Үлкен Құн- дызды жəне Ақбастау. Сары- судың басты салалары — Қа- ракеңгір жəне Кеңсаз. 2000 жуық көлдер мен 400 астам жасанды су қоймалары бар
Өнеркəсіп қызметі, оның ішінде ауыр өнеркəсіп, қала- дағы ағын сулар. Нұра өзені- нің сынаппен ластануы
Жайық-Каспий 41,5
мың км2 Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жəне Ақтөбе облы- сының бір бөлігі
Каспий теңізінің солтүстік- шығыс жəне шығыс жаға- лауы, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз, Ілек, Ор, Қобда, Ша- ған, Үлкен жəне Кіші өзен, Волганың атыраулық сала- сы — Кигач, Шароновка
Жайық өзенінің жоғарғы ағы- сы (Ресей) — ірі өнеркəсіптік ластаушы көздер, Қазақстан- дық бөлікте мұнай жəне газ өндірісі. Басты улы ласта- ғыштар — фенол, ауыр ме- талдар жəне мұнай өнімдері.
Ірі қалалардан шығатын ком- муналдық ағын сулар
Байқап отырғандай, ластанудың басты көздері — аймақты бұрыннан бері ластап жатқан өндіріс, соның ішінде ауыр өндіріс қалдықтары жəне қалалық жерлердегі қалдық сұйықтықтар (кəріз ағынды- лары).
Нұра-Сарысу бассейніндегі су ресурстарының сапасының өзгеруіне кері əсерін тигізетін басты лас- таушы көздерге энергетика, көмір өнеркəсібі кəсіпорындары, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ТЭМК»
Ре по зи то ри й Ка рГ У
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг департа- менті 2010 ж. гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша, жер беті суларының сапасын бақылау мақса- тында 54 су нысандарында орналасқан 143 гидрохимиялық створда, оның ішінде 41 өзен, 3 көл, 8 су қоймасы, 2 каналға зерттеулер жүргізді. Соның нəтижелері бойынша Республика аумағындағы бар- лық су нысандарының ішінен 14 өзен, 3 су қоймасы жəне 1 канал «таза» класқа, «қалыпты лас» су нысандарына — 19 өзен, 3 су қоймасы жəне 1 көл жатқызылған.
Зерттеу мəліметтері бойынша, 8 өзен жəне 2 су қоймасы «ластанған» класқа жатқызылса, олар- дың ішінде Нұра-Сарысу бассейнінің Нұра өзені мен Кеңгір су қоймасы да бар. Ал «лас» су нысанда- рының қатарына Нұра-Есіл каналы жатады. Сонымен бірге аумақтағы Қаракеңгір, Шерубай-Нұра өзендерінің жағдайы «өте лас» су нысандары ретінде сипатталған. Қаракеңгір өзенінде мыстың орта- ша концентрациясы 24,0 ШРК, мұнай өнімдері 11,4 ШРК, тұзды аммоний 5,2 ШРК құрайды. Шеру- бай-Нұра өзенінде нитритті азот 15,6 ШРК, тұзды аммоний 12,4 ШРК, мыс 2,1 ШРК асып кеткен [8].
2009 ж салыстырсақ, Нұра өзені жəне Самарқан су қоймасындағы судың сапасы өзгермеген, Қа- ракеңгір өзені мен Кеңгір су қоймасындағы судың сапасы төмендеп, ал Шерубай-Нұра өзенінде, кері- сінше, жақсарғанын байқауға болады.
Ертіс-Қарағанды каналының жер беті суларының сапасы «таза» класпен бағаланады [9].
Нұра-Сарысу өзен бассейніндегі басты экологиялық мəселе Нұра өзені құятын, Теңіз көлінің жартысын жəне Қорғалжын көлдер тобының бірнеше көлдерін алып жатқан Қорғалжын қорығы бо- лып табылады. Ғылыми зерттеулер мəліметтері бойынша, Қорғалжын қорығының флорасы мен фау- насына қолайлы жағдай жасау мақсатында осы ауданға жыл сайын 166 млн. м3 шамасында су түсіп отыруы қажет. Нұра өзені Қорғалжын көлдерін қолдау үшін қажетті су көзі болып табылады. Бұл дү- ниежүзілік маңызы бар табиғи қорықты қорғап қалу үшін Нұра өзені суының сапасы мен су көлемі жоғары деңгейде болуы қажет.
Қазіргі кездегі жаңа саясаттың құрамдас бөліктері түрлі халықаралық ынтымақтастық жобалары арқылы алға жылжытылып, трансшекаралық бассейндерге қатысты келісімдерге қол қойылып, су пайдалануға қатысы бар түрлі мүдделі топтарды басқару процесіне тарту мақсатында 8 бассейннің аумағында арнайы кеңес топтары құрылған болатын. Енді осы мүдделі топтарды үйлестіре отырып, жұмыс жасаған жағдайда ғана онсыз да су тапшылығын көріп отырған еліміздегі су ресурстарының жағдайын жоғары деңгейде сақтауға қол жеткізуіміз мүмкін.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға бет бұрған кезеңіндегі су ресурстарын бiрiгіп бас- қару барысында жер беті жəне жер асты суларының сапасын бағалау жəне бақылау өз деңгейінде жүргізілу үшін: ең басты ластаушы көздерге инвентаризация жүргізу; су нысандарынын жағдайын бақылайтын мониторингті күшейту; су сапасын бағалауда биресми мемлекеттік бақылаулар жүргізуді құруды жетілдіру қажет.
Əдебиеттер тізімі
1. Бассейновые советы в Казахстане: Информ. брошюра. — Алматы: ПРООН Казахстан, 2005.
2. First Draft of the National IWRM and Water Efficiency Plan // UNDP Project «National Integrated Water Resource Manage- ment and Water Efficiency Plan for Kazakhstan», 2007.
3. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии: обзор. — Алматы, 2004.
4. Methodological Guideline: Establishment of River Basin Councils in Kazakhstan.
5. IWRM Project Progress Report 2005 // UNDP Project «National Integrated Water Resource Management and Water Efficiency Plan for Kazakhstan». — 2007.
6. Working Documents Round Table on Establishment of Nura-Sarysu Basin Council / 11.08.05.
7. Краткий обзор Нура-Сарысуского водного бассейна // Отчет по материалам Нура-Сарысуского БВУ. — 2004.
8. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды в разрезе областей Республики Казахстан. — Вып. 1(123). — Астана, 2010.
9. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды бассейна реки Нуры. — Вып. 1(13). — Караганда, 2010.