• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ПОНЯТИЯ «ПРОФЕССИЯ»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ПОНЯТИЯ «ПРОФЕССИЯ»"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

151 ҒТАХР 14.07.07

«КӘСІП» ҰҒЫМЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ А.М. Абдуллаева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., Қазақстан ainur_af77@mail.ru

Кәсіп қоғам берген жоғары әлеуметтік мәртебе мен құрметке ие. Берілген мақалада «Кәсіп» ұғымына талдау ұсынылады. Берілген ұғымның педагогикалық және психологиялық мәселелеріне ерекше мән берілген.

Мақаланың мақсаты болып қоғам өміріндегі кәсіптің рөлі мен орнын анықтау саналады. Шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі ойларды анықтау үшін «Скопус» библиографиялық және реферативті базасы арқылы «profession»

түйін сөзі бойынша материалдар талданды. Зерттеу жұмысында «Кәсіп» ұғымының педагогикалық және психологиялық мәселелері бойынша зерттеулерді теориялық түсінудің өзектілігі мен маңыздылығы негізделеді.

Түйін сөздер: кәсіп, білім, еңбек, жұмыс, әрекет, тәжірибе

Кіріспе

Кәсіп адам баласының еңбек әрекетінің түрі ғана емес, ол күнкөрістің де қайнар көзі екендігі белгілі. Сондықтан бұл мәселенің екі қыры бар екендігі күмән тудырмайды. Кәсіп теориялық білім игерумен қатар, арнайы даярлық немесе арнайы білім алу барысындағы тәжірибелік дағдыларды қажет етеді.

Жалпы «кәсіп» ұғымы барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жан-жақты қарастырылады. Әсіресе ұғым ұзақ уақыт экономикалық ғылымдар шеңберінде көп зерттелді.

Педагогика ғылымдарында да берілген мәселе бойынша көптеген тұжырымдамаларға талдау жүргізуімізге болады.

Кәсіп түсінігі психологиялық еңбектерде де көп талданады. Кәсіп пен акмеология психологиясы шеңберінде ғылыми қолданыстағы еңбектер саны өте көп десек те болады. Психология саласының өкілдері кәсіби өзіндік сананы қалыптастыру мен дамытудың психологиялық ықпалын талдай келе, тұлғаның қалыптасуындағы кәсіби әрекеттердің рөлін айқындап, оның әлеуметтік маңыздылығын ерекшелейді. Осы себептерге байланысты ұғымның педагогикалық және психологиялық мәселелерін зерттеудің маңыздылығы зор. Сондықтан берілген мәселенің мәні мен мазмұнын талдау басымдығы мол міндет болып табылады.

Негізгі бөлім

Ұғымның педагогикалық және психологиялық сипаттамасын түсінуден бұрын түсініктің кейбір анықтамаларына тоқталсақ. С.И. Ожегов сөздігі бойынша: «Еңбек әрекетіндегі негізгі қызмет түрі» [1;

574].

Қазақ Совет Энциклопедиясы мынадай анықтама береді: «... белгілі бір білім және еңбек машықтығына қажет ететін еңбек қызметінің түрі. Бұлар жалпы және арнаулы білім алу, күнделікті тәжірибе арқылы шыңдалады, кәсіптің шеңберінде еңбек қызметінің неғұрлым өзіндік жағымен ажыратылатын мамандықтар қалыптасады, бірқатар кәсіптер бірнеше мамандықтар қамтиды» [2; 318- 319].

«Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» анықтамасы: «1. Тіршілік әрекетінің белгілі бір түрі, белгілі бір жұмыс түрімен айналысушылық, мамандану түрі, мамандық. 2. Жұмыс, іс, еңбек» [3; 493].

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша: «1. Тіршілік әрекет, мамандық. 2. Жұмыс, еңбек, іс»

[4; 371]. Қарап отырсақ, негізгі түсініктер еңбек, жұмыс, мамандық құбылыстарын өзара байланыстырады.

Америкалық зерттеуші Э. Гринвуд өз еңбегінде кәсіптің келесі мағыналық құрамдас бөліктерін көрсетеді: кәсіби топ өкілдері иеленетін билік; қоғамдағы ықпалы, бедел; арнайы білімдер жүйесі; өз кәсібіне байланысты ережелер мен нормалар жүйесін бекітетін корпоративті-бюрократиялық құрылымның және кәсіпқой мамандар қауымдастығының болуы; кәсіби мәдениет [5].

Жалпы «profession» ұғымын шетелдік ғалымдар көп зерттегені байқалады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «profession» кілт сөзі арқылы іздеу барысында барлығы 147 850 материал табылды. Жарияланған материалдар базаның 27

(2)

152

саласына қатысы бар және 824 жарияланымның салалары белгісіз. Көрсеткіштер нәтижесін төмендегі 1 кестеден байқауымызға болады.

Зерттеу саласы Саны Зерттеу саласы Саны

1 Medicine 67 438 15 Veterinary 2 167

2 Social Sciences 39 515 16 Agricultural and Biological Sciences

1 992 3 Nursing 15 308 17 Earth and Planetary Sciences 1 720 4 Arts and Humanities 11 067 18 Decision Sciences 1 256

5 Engineering 9334 19 Mathematics 1 050

6 Psychology 8 607 20 Neuroscience 983

7 Business, Management and Accounting

8 424 21 Chemical Engineering 788

8 Health Professions 7 236 22 Materials Science 754

9 Computer Science 4 802 23 Energy 642

10 Pharmacology, Toxicology and Pharmaceutics

4 421 24 Physics and Astronomy 587 11 Economics, Econometrics and

Finance

3 699 25 Immunology and Microbiology 547

12 Dentistry 3 031 26 Chemistry 527

13 Environmental Science 2 674 27 Multidisciplinary 416 14 Biochemistry, Genetics and

Molecular Biology

2 553 28 Undefined 824

Кесте 1 - Скопус библиографиялық және реферативтік базасынан «profession» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны (01.11.2019 көрсеткіш)

Байқап отырсаңыздар, ұғымның ағылшын тіліндегі нұсқасы «Психология» саласында 8 607 материалды құрап отыр, педагогика саласында мүлдем жоқ. Бұл түсінікті жағдай, өйткені «Психология»

саласы «Скопус» базасында бөлек тараудан тұрып 8 саланы қамтыса (Applied Psychology (Қолданбалы психология); Clinical Psychology (Клиникалық психология); Developmental and Educational Psychology (Даму мен білім беру психологиясы); Experimental and Cognitive Psychology (Эксперименталды және когнитивті психология); General Psychology (Жалпы психология); Neuropsychology and Physiological Psychology (Нейропсихология және физиологиялық психология); Psychology (miscellaneous) (Психология (әр түрлі); Social Psychology (Әлеуметтік психология)), педагогика әлеуметтік ғылымдардың үлкен тобындағы «Education» саласына енеді.

М. Антеби, К.К. Чан және Дж. ДиБениньо [6] кәсіпті зерттеудің үш «объективін» атап көрсетеді:

қалыптасу, әрекет, қатынастар. Осы әрбір көрсеткіш кәсіби мәртебеге қалай жететіндігі мен қолдау табуына түрлі түсініктер қалыптастырып, кәсіби сәйкестендірудің эволюциясын көрсетеді. Біздің ойымызша, бұл «объективтер» «кәсіп» ұғымына байланысты көптеген түсініктерді, оның ішінде кәсіби бірегейлікті анықтауға көмектеседі.

Неміс ғалымдары А. Хомберг, Дж. Минк, С. Карстенс және С. Малер [7] медицина саласының студенттеріне кәсіптің теориясы, модельдері мен тұжырымдамаларын талдаған зерттеу жұмысында

«Денсаулық сақтау кәсібінің теориялары» семинары әзірленгендігі айқындалады. Авторлардың пайымдауынша, бұл семинар тек жеке кәсібіңді терең түсініп қана қоймай, денсаулық сақтау бойынша өзге қызметкерлердің рөлі мен міндеттерін түсіне алады. Сабақтың форматы кезекпен пленарлық мәжілістер мен ойжұмбақтардың модификацияланған әдісі түріндегі топтық жұмыстан тұрады. Демек, ғалымдардың бұл ұсыныстары өзге де мамандықтар бойынша оқитын студенттерге білім беруде маңызды деп ойлаймыз.

Негізінен «кәсіп» ұғымы «мансап» және «мамандық» түсініктерімен де тығыз байланысты.

«Мансап» ұғымы қоғамдағы кәсіби өзгерістерді білдірсе, «мамандық» түсінігі кәсіби әрекеттің ішкі құрылымдануын айқындайды. Кең мағынада мансап әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгерістері, мәртебелік-рөлдік сипаттамасы, еңбек әрекетіндегі әлеуметтік белсенділіктің түрін қосушы ретінде адамның негізгі өмір салаларындағы кәсіби дамуының жалпы бірізділік кезеңдерін анықтайды [8; 67].

(3)

153

Кәсіптің қоғамдық маңыздылығын Б.Г. Ананьев те дәйектейді. Ол кәсіпті қоғамдық өндірістің жалпы жүйесінде кез келген уақытта шекті тарихи мазмұны мен орны болатын нақты әлеуметтік- өндірістік әрекеттің түрі ретінде қарастырады [9; 45-47].

«Кәсіп» ұғымының психологиялық мәселелеріне тоқталайық. Мәселен, қатынастардың психометриялық қасиеті мен факторлық құрылымын талдаған еңбекте америкалық ғалымдар А. Ховард пен П.Г. Майкл [10] кәсіпке сәйкес келетін жұмыстардың құрылымы мен әдістемесін түсіндіреді. Ол үшін авторлар 2005 жылы әзірлеген «Зерттеулерге қатынастар» шкаласын ұсынады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін талдай келе, кез келген кәсіптің бес психологиялық факторын анықтауымызға болады: кәсіптің тиімділігі, кәсіп иегерінің қобалжушылығы, кәсіпке позитивті сезім, күнделікті өмір сүру үшін атқарылып жатқан кәсіптің өзектілігі және кәсіптің күрделілігі.

Сабақ беру тиімділігін оқыту тәжірибесі арқылы арттыру бойынша талдау жүргізген зерттеу жұмысында америкалық ғалымдар А. Подольский, Т. Кини және Л. Дарлинг-Хаммонд [11] әлеуметтік психология әдістеріне сәйкес зерттеу жүргізеді. Авторлардың пайымдауынша, оқыту тәжірибесі негізіндегі оқушылардың жетістіктері ұстаздың көп жылдар бойғы қызметімен тікелей байланысты:

ұстаз өз тәжірибесін толықтыруына байланысты жетістікке жетеді және бұл жетістіктерді оқушылары жоғары бағалайды; ұстаздар үлкен жетістікке қолайлы, алқалы ортада сабақ берсе жете алады және осы сыныпта, пәнде тәжірибесін толықтырады; өте тәжірибелі ұстаздар әріптестері үшін пайдалы кәсіп иесі.

Полицияда қызмет атқару барлық кәсіптер арасында стрестік және қауіптілік жағдайы мол, экологиялық, психикалық-әлеуметтік және медициналық қатерлерге толы екендігі баршаға мәлім. Қоғам мүшелерінің басым бөлігі полиция қызметкерлеріне дұрыс көзқараста еместігін де жасыра алмаймыз.

Канадалық ғалымдар С. Болдуин, С. Беннелл, Дж.П. Андерсен, Т. Семпл мен Б. Дженкинс [12] полиция қызметкерлерінің физиологиялық реакцияларын айқындау барысында олардың стрестік белсенділігіне мән береді. Зерттеу авторлары 64 полиция қызметкерлерімен қызметтік шақырулар мен тұрғындармен өзара әрекеттер барысындағы стрестерін айқындайды. Олар жұмыс барысындағы полиция қызметкерлерінің физикалық қозғалыстарын бақылап, жүрек-қан қабілеттілігі физикалық немесе психологиялық стрестен туындайтындығын анықтауға тырысады.

В.Д. Шадриков «Әрекеттің психологиялық жүйесі» үлгісін құрды. Ғалым берілген жүйенің мынадай негізгі қызметтік бөлімдерін ұсынды: кәсіби әрекеттің түрткілері; кәсіби әрекеттің мақсаттары;

әрекет бағдарламасы; әрекеттің ақпараттық негіздері; шешімдер қабылдау; кәсіби маңызды сапалық белгілердің ішкі жүйелері [13; 32-48].

Е.А. Климов кәсіп өзінің әлеуметтік мәнінде қағидалы мақсат пен нысандық саласы бар, еңбек құралдары мен әрекеттер тәсілдері, еңбек қызметтері мен әлеуметтік шарттар жүйесін құратын адамдардың еңбек белсенділігін айқындау мен шектеудің түрі ретінде қарастырады [14; 10]. Сонымен қатар, кәсіп таңдау психологиялық феномен екенін дәйектеуге арналған еңбекте кездеседі [15].

«Кәсіп» ұғымының педагогикалық және психологиялық мәселелері бойынша отандық ғалымдар да зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Отандық ғалымдар арасында «кәсіп» ұғымын зерттеген ғылыми еңбектер саны аз екенін мойындауымыз қажет. Бұл ахуал шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбегіне сүйенуді талап етіп отыр.Отандық зерттеушілер арасынан Р. Даулеталиева [16], Р. Жалимбетова [17], Т.

Сагнаева [18], Р. Тюлепбергенова [19], Г.К. Накыпова [20] еңбектері маңызды деп ойлаймыз.

М.А. Абсатова, Г.Ж. Ешметова және С.Б. Ергалиева [21] өз зерттеу жұмыстарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтаудағы педагог маманның мәртебесін анықтайды. Ол үшін авторлар қоғам мүшелерінің осы кәсіп иелерін құрметтеу дәрежесі, ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін жақсартудың әлемдік тәжірибесін анықтау арқылы заманауи қоғамдағы мәртебесін ашуға ұмтылады. Зерттеу барысында тоғызыншы сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтаудағы диагностикалық нәтижелер ұсынылады. Берілген диагностиканың анықталған мәселелердің бірі ретінде педагог маманына түрткілерінің қалыптаспағандығы айтылады.

Заманауи мектептердегі кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелерін талдаған еңбекте А.Ш. Досбенбетова мынадай пікір білдіреді [22; 330]: «Тұлғаның кәсіби өзін-өзі тану мәселелерін зерттеушілердің айтуынша, адам өз бейімділігі мен қабілетіне қарай бір емес, бірнеше кәсіпке бейім болады. Ата-аналардың кәсіби ұстанымдары да айтарлықтай маңызды фактор болып табылады: әлеуметтік және материалдық жағдайы, отбасылық династия немесе ата-аналардың балаларының белгілі бір кәсіпті иеленуге ықыласы.

Э.А. Аманбаева, Н.Е. Жаксылыкова, Г.К. Кенбаева [23] зерттеу жұмыстарында мамандық таңдау кәсіби бағдар жұмысының негізі екендігін дәйектейді. Авторлардың пайымдауынша, кәсіби бағдар беру мамандық таңдауда көмек беруге бағытталған жеке мүдделер, қабілеттер, тұлға бейімділігі мен еңбек нарығы сұраныстарына сай кәсіп таңдау процесін оңтайландыруды көздейді.

(4)

154

Болашақ тәрбиешілердің лидерлік сапасы және оның өзін-өзі дамыту мәселесімен өзара байланысы талданған еңбекте Т.С. Жұмашева [24] лидер ұғымына анықтама бере отырып, оның тәрбиеші тұлғасындағы алатын орны туралы ақпарат беру, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі лидер мәселесінің зерттелу жағдайымен таныстыру және тәрбиешінің өзін-өзі дамытуының лидер болуға ықпалын көрсетеді. Жас ғалымның пайымдауынша, өзін-өзі дамыту кедергілері сыртқы және ішкі болады, объективті және субъективті факторлармен тікелей байланысты.

Ішкі субъективті кедергілер қатарына сәтсіздіктердің салдарынан кәсіпте өкініштің пайда болуы, кәсіпті жүйкені тоздыратын өмірлік қанағаттануды бермейтін, рақметі жоқ кәсіп ретінде қабылдауын жатқызады [24; 244].

Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыру мәселесін қарастырған зерттеуде М.П. Асылбекова [25] жоғары білім беру жүйесін реформалау, болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыру проблемасына байланысты қазіргі заманғы білім беру – педагогикалық технологиялар саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелері оны дайындау процесінде кәсіби қызметтің табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі бір стилін жасау қажеттілігін қарастырады. Автордың тұжырымы бойынша, кәсіптік даярлықтың барлық кезеңінде педагогикалық имиджелогия туралы ғылыми білімнің біртұтас құрылымын құруға бағытталған оқу материалын пәнаралық ықпалдастыру қажет [25; 284].

Қорытынды

Байқап отырғанымыздай, қазіргі шарттарда «кәсіп» ұғымының мәнін айқындау үшін барлық ғылым салаларында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру технологияларының өзгерістері, білімгерлердің құштарлығы мен ынталануы, этикалық талаптардың күшею «Кәсіп»

ұғымының педагогикалық және психологиялық мәселелерін кеңірек қарастыруды талап етіп отыр.

Өйткені, белгілі бір кәсіпті сапалық, әлеуметтік, зияткерлік немесе формальды түрде иегері атану өмір сүрудің мәні болып табылады.

Педагогика және психология ғылымдарында ұғым объективтік және субъективтік қырынан талданып, адамның кәсіби өзін-өзі анықтауының еркіндігі ретінде айқындалып отыр. Өз кәсібін меңгеру үшін білім алатын студент жұмыс орнындағы түрлі тәжірибелік ахуалдарды басқару үшін даярлаудың түрлі сатысынан өтеді. Білім алудан кәсібі бойынша қызмет атқару тәжірибесіне өту жас мамандардың кәсіби сенімсіздігі мен өзіне-өзі сенімінің жетіспеушілігіне әкелуі ықтимал. Бұл қос маңызды факторлар жас мамандардың психикалық денсаулығына ықпал жасайды. Жаңа жұмыста тәжірибелік күйзеліс болмау үшін студенттердің психологиялық дайындығын қалыптастыра білуіміз қажет. Ол үшін тек студенттердің ғана емес, кәсіби қызметке араласа бастаған жас маманның психологиялық күйзелісінің өзгерістері мен тұрақтылығын бақылағанды дұрыс көреміз. Сондықтан осы көп қырлы және күрделі мәселені жан-жақты зерттеулер жүргізу алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ожегов С.И. (1952) Словарь русского языка / Под общей ред/ С.П. Обнорского. М. – 848 с.

2. Қазақ Совет Энциклопедиясы (1973) Бас редакторы М.Қ. Қаратаев. Алматы: Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясы. Т. 5. – 656 б.

3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық (2007) Құраст. Б. Момынова, Б. Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. Т. 7. Алматы: Арыс. – 752 б.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2008) Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. Алматы: Дайк-Пресс – 968 б.

5. Grenwood E. (1957) Attributes of a Profession // Social work. №2 (3). - P. 45-55.

6. Anteby M., Chan C.K., DiBenigno J. (2016) Three Lenses on Occupations and Professions in Organizations:

Becoming, Doing, and Relating // The Academy of Management Annals. №10 (1). – P. 183-244.

7. Homberg A., Mink J., Karstens S., Mahler C. (2019) Learning About Professional Theories, Models and Concepts within an Interprofessional Seminar for Undergraduate Healthcare Students // Journal of Interprofessional Education and Practice. №17. – 100272.

8. Социальное управление (1994) Под ред. В.И. Добренькова, И.М. Слепенкова. М. – 198 с.

9. Ананьев Б.Г. (1968) Человек как предмет познания. Л. – 339 с.

10. Howard A., Michael P.G. (2019) Psychometric Properties and Factor Structure of the Attitudes Toward Research Scale in a Graduate Student Sample // Psychology Learning and Teaching. №18 (3). – P. 259-274.

11. Podolsky A., Kini T., Darling-Hammond L. (2019) Does Teaching Experience Increase Teacher Effectiveness? A Review of US Research // Journal of Professional Capital and Community. №4 (4). – P. 286-308.

(5)

155

12. Baldwin S., Bennell C., Andersen J.P., Semple T., Jenkins B. (2019) Stress-Activity Mapping: Physiological Responses During General Duty Police // Frontiers in Psychology. №10 (4). – 2216.

13. Шадриков В.Д. Проблемы системогенеза профессиональной деятельности. М., 1982. – 185 с.

14. Климов Е.А. (1988) Введение в психологию труда. М. – 197 с.

15. Ретунская Т.Н. (2012) Выбор профессии как психологический феномен // Высшее образование в России.

№8-9. С. 126-130.

16. Даулеталиева Р. (2007) Профессия как частное выражение деятельности // Высшая школа Казахстана. №1.

С. 72-76.

17. Жалимбетова Р. (2005) Современные аспекты формирования казахстанского рынка профессий // Труд в Казахстане. №4. С. 25-29.

18. Сагнаева Т. (2009) Психологические аспекты овладения профессией в условиях вуза // Вестник университета

«Кайнар». №3/2. С. 113-116.

19. Тюлюпбергенева Р. (2006) Профессиональная деформация и подходы к ее изучению // Ұлт тағылымы. №3.

С. 280-285.

20. Накыпова Г.К. (2019) Кәсіби құзіреттілік: мәні және негізгі қағидалары // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №1 (77). 205-210 бб.

21. Абсатова М.А., Ешметова Г.Ж., Ергалиева С.Б. (2017) Статус профессии педагога в профессиональном самоопределении учащихся // Педагогика и психология. №2 (31). С. 13-19.

22. Досбенбетова А.Ш. (2019) Актуальные проблемы обновления содержания профориентационной работы в современной школе // Вестник Казахского национального педагогического университета имени Абая. Серия

«Педагогические науки». №1 (61). С. 327-335.

23. Аманбаева Э.А., Жаксылыкова Н.Е., Кенбаева Г.К. (2019) Выбор профессии - основа профориентационной работы // Вестник Казахского национального педагогического университета имени Абая. Серия «Педагогические науки». - №2 (62). С. 371-375.

24. Жұмашева Т.С. (2019) Болашақ тәрбиешілердің лидерлік сапасы және оның өзін-өзі дамыту мәселесімен өзара байланысы // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №3 (79). - 241-246 бб.

25. Асылбекова М.П. (2019) Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыру // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №3 (79). 280-287 бб.

Кесте 1. Автормен құрастырылған.

Педагогические и психологические проблемы понятия «профессия»

А.М. Абдуллаева

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, г. Кызылорда, Казахстан ainur_af77@mail.ru

Профессия пользуется высоким социальным статусом и уважением, которое им придается обществом. В данной статье представлен анализ понятия «Профессия». Особое внимание уделено педагогическим и психологическим проблемам данного понятия. Целью статьи является определить роль и место профессии в жизни общества. Чтобы определить мнения в исследованиях зарубежных ученых по поиску библиографической и реферативной базы «Скопус» анализированы документы по ключевой слове «profession». В исследовательской работе обосновывается актуальность и важность теоретического понимания исследования педагогических и психологических проблем понятия «Профессия».

Ключевые слова: профессия, образование, труд, работа, деятельность, практика

Pedagogical and psychological problems of the concept «profession»

A. M. Abdullaeva

Korkyt Ata Kyzylorda State University, Kyzylorda, Kazakhstan ainur_af77@mail.ru

The profession enjoys the high social status and respect that society attaches to them. This article presents an analysis of the concept of «Profession». Particular attention is give to the pedagogical and psychological problems of this concept. The purpose of the article is to determine the role and place of the profession in society. In order to determine opinions in the research of foreign scholars on the search for the «Scopus», analyzed for documents using the keyword

«profession». The research work the relevance and importance of a theoretical understanding of the study of pedagogical and psychological problems of the concept of «Profession».

Key words: profession, education, job, work, activity, practice

Редакцияға 12.11.2019 түсті.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

В статье представлен краткий анализ содержания направлений исследования некоторых из Па- спортов научных специальностей в контексте возможности

7) экологиялық құрамдас [29, 78–79-бб.]. Залевскийдің [30] редакциялығында жарық көрген еңбекте көрсетілгендей, психологиялық зерттеулерде

Педагогика және психология Абай атындағы Қазақ ұлттық.

Кәсіби даму кезеңі немесе кәсіби қалыптасу - ұзақ мерзімді процесс болып табылады, әр кезеңде оған әсер ететін факторларды атап өтуге болады. Кәсіби

«Дене шынықтыру және спорттық психология» - Әлеуметтік психология және спорттағы қарым-қатынас психологиясы.12 аудитория. «Дене шынықтыру

Из полученных результатов видно, что будущие педагоги дошкольного образования достаточно высоко оценивают педагогические условия, которые

Обобщая многолетний опыт работы ка- захстанских ученых-психологов (Ж.И. Шалгимбаев, К.М.Арымбаева), российских (Л.Ф.. др.), мы пришли

( Мэденпеттану жэне психология)- практ морфология непздерГпракт.. ага окыт: