М.Б. Әмірханов., А.К.Бегалиева., Ш.С.Оңғарова
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯДАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Алматы, 2018
ӘОЖ 94(574)(075) КБЖ 63.3 (5Каз) я72 Қ 18
Бaспaғa әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру фaкультетінің
Ғылыми кеңесі және Редaкциялық-бaспa кеңесі шешімімен ұсынылғaн
(№7 хаттама 5 шілде 2018 жыл)
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мұхатова тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Ш. Махаева
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Е.Жаппасов география гылымдарының кандидаты, доцент Ө.Ж.Сағымбай
Құрастырған
М.Б. Әмірханов., А.К.Бегалиева., Ш.С.Оңғарова
Қ 18 Қазақстан тарихы және географиядан тест тапсырмалар жинағы / Құраст.:
М.Б. Әмірханов, А.К.Бегалиева, Ш.С.Оңғарова.
– Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 398 б.
ISBN 978-601-04-3586-5
Қазақстан тарихы және географиядан тест тапсырмалар жинағы мектеп бітірушілер мен талапкерлердің жоғары оқу орындарының сынағына дайындауға арналған. Талапкерлердің ҰБТ мен кешенді тестілеу дайындығына арналған тест тапсырмалар жинағында Қазақстан тарихы мен география пәні бойынша барлық тақырыптар толық қамтылған.
Тест тапсырмалар жинағы талапкерлерге әр тақырып бойынша өз білімдерін бекітуге, сондай-ақ есте сақтауға мүмкіндік береді. Тест жинағын талапкерлермен қатар дайындық факультеттерінің және жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдері қосымша оқу құралы ретінде пайдалана алады.
ӘОЖ 94(574)(075) КБЖ 63.3(5Каз)я72
ISBN 978-601-04-3586-5 © Құраст.: Әмірханов М.Б., Бегалиева А.К, Оңғарова Ш.С., 2018 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2018
АЛҒЫ СӨЗ
Тарих – ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге тәрбиелейді. Сондықтан елдің саналы, белсенді азаматы болу үшін Отан тарихын жақсы білу қажет. Сондай-ақ дүниежүзі географиясын толық білгені абзал. Оқыту үдерісіндегі ең маңызды бөлімінің бірі - оқытудың нәтижесін тексеру. Жалпы тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Тарих пен география өткен заман туралы білімдердің жиынтығы ғана емес. Ол сондай- ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатынасын нақты анықтауға мүмкіндік беретін ойлау жүйесі.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу - білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Бүгінде тест қолдану талапкерлер үшін көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады әрі тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тарих пен географияны білу кімге де болса қажет. Ал тарих болса алдымен өзіңнің өмір тарихыңды, өзің туып-өскен өлкеннің, туған халқыңның, еліңнің тарихын оқып үйренуден басталады. «Қазақстан тарихы және географиядан» тест жинағының ЖОО-ға түсетін талапкерлер мен тыңдаушылар үшін дайындалған. Қазақстан тарихы және география тест жинағының жаңа курсын оқытуда, жан-жақты дайындық пен өзінің теориялық және кәсіби деңгейін арттыруда, семинар, тәжірибелік сабақтарын өткізуде маңызды болып табылады.
Бұл оқу құралы ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу дайындығына арналған Қазақстан тарихы және географиядан тақырыптық тесттер жинағы жоғарғы оқу орындарына түсу үшін барлық тақырыптармен қамтылған.
Сонымен қатар талапкерлерді кәсіби дайындау мақсатында олардың дайындық курсында алатын білімдерін бекіте түсуге де септігін тигізеді.
Тест нұсқасындағы барлық тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар негізінде жинақталып, жүйелі түрде бірізділікпен берілген.
Тест нұсқасындағы тапсырмалар әр тақырып бойынша сұрақ-жауап негізінде жасалған.
Тест нұсқасының ерекшелігі – Қазақстан тарихы мен географиядан күрделі де ғылыми тұрғыда жазылған тұстары қарапайым, түсінікті тілде берілгендігі.
Күнделікті сабақтарда бұл тест нұсқасын пайдалану талапкерлердің және тыңдаушылардың таным қызметін дамытуға, оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру және тарихи оқиғалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату, салыстырмалы талдау жасау сияқты тапсырмаларды орындауға икемділігін қалыптастырады.
Бұл тест нұсқасының талапкерлер мен тыңдаушыларға, оқытушыларға берер пайдасы мол. Әр тақырып бойынша білімдерін толық бекітуге және есте сақтауға көмектеседі деген сенімдеміз.
I тарау
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН
§ 1. Қазақстан тас дәуірінде 1. «Қытай адамы» атауы берілген ежелгі адам:
А) «Епті адам»
В) «Синантроп»
С) «Саналы адам»
Д) «Питекантроп»
Е) «Неандерталь»
2. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы:
А) Епті адам В) Неандерталь С) Кроманьон Д) Питекантроп Е) Синантроп
3.1891 жылы Ява аралынан табылған адам қаңқасы:
А) Синантроп В) Епті адам С) Питекантроп Д) Неандертальдық Е) Кроманьон
4. Ежелгі адамдар болып табылатын питекантроптар мен синантроптардың атауы:
А) «Тік жүретін адам»
В) «Гоминид»
С) «Саналы адам»
Д) «Австралопитек»
Е) «Епті адам»
5. Неандерталь адамы өмір сүрген кезеңі:
А) Палеолит В) Мезолит С) Неолит Д) Қола Е) Энеолит
6. Жер бетіндегі мұз басу дәуіріне тән кезең:
А) Палеолит В) Мезолит С) Неолит Д) Қола Е) Энеолит
7. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі:
А) Қола дәуірі В) Тас дәуірі
С) Рулық-тайпалық кезең
Д) Андрон кезеңі Е) Неолит дәуірі
8. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі:
А) Тайпалық ұйым
В) Малшылар қауымдастығы С) Рулық қауым
Д) Өндірістік ұжым
Е) Бақташылар қауымдастығы
9. Бір қабат өңделген тас құралдардың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі:
А) Егеу әдісі В) Қайрау әдісі С) Ретушь әдісі Д) Кесу әдісі Е) Тегістеу әдісі
10.Тас дәуірінде адамдар үшкір сүйектен жасады:
А) Шүмектерді В) Инені С) Алқаны Д) Түймені Е) Қырғышты
11. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі:
А) Қола дәуірі В) Тас дәуірі С) Мезолит дәуірі Д) Неолит дәуірі Е) Темір дәуірі
12. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі:
А) Дәнүккіштер мен сыналар В) Келілер мен балталар С) Келілер мен чоппингтер Д) Қашаулар мен үшкір заттар Е) Балталар мен ашалар
13. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір:
А) Ақтөбе облысы В) Қарағанды облысы С) Жамбыл облысы Д) Алматы облысы Е) Орталық Қазақстан
14. Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:
А) Б.з.б. 5-3 мыңжылдық В) Б.з.б. 2-1 мыңжылдық С) Б.з.б. 3-1 мыңжылдық Д) Б.з.б. 3-2 мыңжылдық
Е) Б.з.б. 5 мыңжылдық
15. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі:
А) Тобырдың қалыптасуы В) Тас құралдарын ойлап табуы
С) Мал шаруашылығының қалыптасуы Д) Садақ пен жебенің жасалуы
Е) Егін шаруашылығының қалыптасуы
16. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:
А) Палеолит В) Қола С) Неолит Д) Мезолит Е) Энеолит
17. Жер бетінің күрт суи бастауы:
А) 500 мың жыл бұрын В) 400 мың жыл бұрын С) 300 мың жыл бұрын Д) 200 мың жыл бұрын Е) 100 мың жыл бұрын
18. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауын табыңыз:
А) Сына В) Шапқы С) Бифас Д) Чоппер Е) Қырғыш
19. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелер шешілді:
А) Жалпы жиналыста В) Ерлер кеңесінде С) Ақсақалдар кеңесінде Д) Ру басшысында Е) Әйелдер кеңесінде
20. Мезолиттің хронологиялық шеңбері:
А) Б.з.д. 140-40 мың жылдықтар В) Б.з.д. 40-30 мың жылдықтар С) Б.з.д. 30-20 мың жылдықтар Д) Б.з.д. 20-12 мың жылдықтар Е) Б.з.д. 12-5 мың жылдықтар
21. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі:
А) Б.з.д. 12 мың жылдыққа тән В) Б.з.д. 10 мың жылдыққа тән С) Б.з.д. 7 мың жылдыққа тән Д) Б.з.д. 5 мың жылдыққа тән Е) Б.з.д. 3 мың жылдыққа тән
22. Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуірді атаңыз:
А) Кейінгі тас ғасыры В) Мезолит
С) Энеолит Д) Қола дәуірі Е) Темір дәуірі
23. Ең алғаш рет қолданылған металл:
А) Қола В) Қалайы С) Темір Д) Күміс Е) Мыс
24. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті:
А) Анимистік әрекет В) Магиялық әрекет С) Тотемдік әрекет Д) Би билеу әрекеті
Е) Тәңірге сыйыну әрекеті
25. Қазақстанда археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер:
А) Құдайлар бейнесі В) Әйелдер бейнесі С) Аңдар бейнесі Д) Әр түрлі бейнелер Е) Ерлер бейнесі
26. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:
А) Солтүстік Қазақстан облысы В) Орталық Қазақстан облысы С) Қостанай облысы
Д) Алматы облысы Е) Қызылорда облысы
27.Еңбек құралдарының жаңа түрлері дәнүккіш, келі, балта жасала бастаған дәуір:
А) Ерте палеолит В) Орта палеолит С) Кейінгі палеолит Д) Мезолит
Е) Неолит
28. Ежелгі адамдарды егіншілік пен мал шаруашылығына алып келген жағдай:
А) Адамдар санының артуы В) Қолайлы табиғи орта
С) Қола тесе мен мал санының көбеюі Д) Табиғат сыйына тәуелділік
Е) Терімшілікпен аңшылық
29. Неолит дәуірінің Усть-Нарым тұрағы орналасқан өңір:
А) Солтүстік Қазақстан В) Орталық Қазақстан С) Батыс Қазақстан Д) Оңтүстік Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан
30. Энеолит кезеңіне тән оқиға:
А) Неандерталь адамы қалыптасты В) Жануарларды қолға үйрету басталды С) Қыш құмыра жасауды үйренді Д) Алып мұздықтар ери бастады Е) Аталық ру орнай бастады
31. Әр түрлі қауымдық топтардың негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуының ғылыми атауы:
А) Антропонимика В) Археология С) Топонимика Д) Этнография Е) Этногенез
§ 2. Қазақстан қола дәуірінде 32. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны:
А) Нарым, Қалба В) Қаратау, Шілікті С) Тарбағатай, Сауыр Д) Жезқазған, Ақшатау Е) Қарқаралы, Ақшатау
33. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген ғалым:
А) Ә.Марғұлан В) М.Әуезов С) М.Айтхожин Д) А.Қонаев Е) М.Қозыбаев
34. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды:
А) 1926 ж.
В) 1931 ж.
С) 1938 ж.
Д) 1946 ж.
Е) 1923 ж.
35. Қола дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі қоныстың атауы:
А) Степняк
В) Мало-Красноярка С) Беғазы
Д) Арқайым Е) Аралтөбе
36. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшелігі:
А) Садақ пен жебе пайда болды В) Отты пайдалана бастады
С) Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді Д) Егіншілік пайда болды
Е) Мал шаруашылығымен айналысты
37. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы:
А) Б.з.д. 20-18 ғасырлар В) Б.з.д. 18-16 ғасырлар С) Б.з.д. 12-8 ғасырлар Д) Б.з.д. 14-12 ғасырлар Е) Б.з.д. 16-14 ғасырлар
38. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар:
А) Андронов, Беғазы В) Дәндібай, Атасу
С) Петровка, Боголюбов Д) Петровка, Қызылжар Е) Арқайым, Атасу
39. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері:
А) Тау аңғарлар В) Орман арасы
С) Жазық далалы аймақтар Д) Кез-келген жер
Е) Өзендердің жағасы
40. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар:
А) Андронов, Беғазы В) Дәндібай, Атасу
С) Петровка, Боголюбов Д) Петровка, Қызылжар Е) Арқайым, Атасу
41. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды:
А) 1926 ж.
В) 1931 ж.
С) 1938 ж.
Д) 1954 ж.
Е) 1946 ж.
42. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:
А) Ру болып өмір сүруі В) Көсемдердің пайда болуы С) Еңбек құралдарын жасай білуі Д) Баспана жасай білуі
Е) Өнім өндіруі
43. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері:
А) Ел басқару
В) Әскери істерді қадағалау
С) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу Д) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау Е) Жер бөлу ісімен айналысу
44. Қола дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі қонысы:
А) Степняк В) Арқайым С) Беғазы Д) Шағалалы
Е) Мало-Красноярка
45. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген ғалым:
А) Ә. Марғұлан В) М. Әуезов С) М. Айтхожин Д) А. Қонаев Е) Д. Қонаев
46. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым:
А) Алексеев В) Массон С) Герасимов Д) Алпысбаев Е) Ақышев
47. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең:
А) Қола дәуірі В) Мезолит дәуірі С) Неолит дәуірі Д) Темір дәуірі Е) Палеолит дәуірі
48. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:
А) Массон В) Марғұлан С) Алпысбаев Д) Гумилев Е) Ақышев
49. Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды:
А) Шығысқа, Оңтүстікке В) Солтүстікке, Батысқа С) Солтүстікке, Шығысқа Д) Батысқа, Солтүстікке Е) Батысқа, Оңтүстікке
50. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс:
А) Алексеевка В) Шағалалы
С) Атасу Д) Беғазы Е) Степняк
51. Қола дәуірінің соңына қарай пайдаланылған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды:
А) Шығыс Қазақстандағы Мало Краснояркадан В) Батыс Қазақстандағы Алексеевтан
С) Солтүстік Қазақстандағы Степняктан Д) Жетісудан
Е) Барлық жауап дұрыс
52. Жеке меншік қай дәуірден бастап қалыптаса бастады:
А) Тас дәуірінде В) Қола дәуірінде С) Темір дәуірінде Д) Энеолитте Е) Мезолитте
53. Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері қай жерден табылды:
А) Орталық, Батыс Қазақстаннан В) Жетісу аймағынан
С) Оңтүстік, Шығыс Қазақстаннан Д) Солтүстік Қазақстаннан
Е) Солтүстік, Шығыс Қазақстаннан
54. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең:
А) Тас дәуірінде В) Қола дәуірінде С) Темір дәуірінде Д) Энеолитте Е) Мезолитте
55. Солтүстік және Батыс Қазақстандағы Андрон мәдениетінің қоныстар саны:
А) 30-дан астам В) 80-нен астам С) 10-нан астам Д) 50-ден астам Е) 20-дан астам
56. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі:
А) Егіншілік пен мал мал шаруашылығының қалыптасуы В) Тайпалық бірлестіктің қалыптасуы
С) Рулық құрылымның пайда болуы Д) Көшпелі мал шаруашылығының дамуы Е) Аталық рудың қалыптасуы
57. Мәтінде сипатталған шаруашылықтағы өзгерістердің орын алған кезеңі. «Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті»;
А) Палеолит В) Мезолит С) Қола дәуірі Д) Неолит
Е) Ерте темір дәуірі
58. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасты:
А) Сауда-саттық В) Отырықшылық
С) Отырықшы мал шаруашылығы Д) Егіншілік
Е) Көшпелі мал шаруашылығы
59. Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір:
А) Солтүстік Қазақстан В) Орталық Қазақстан С) Жетісу
Д) Сарыарқа Е) Маңғыстау
60. Қазақстан аумағындағы мыс-тас ғасырының ерекше ескерткіші:
А) Қанай қонысы В) Сексеуіл тұрағы С) Мұзбел қонысы Д) Қазанғап тұрағы Е) Ботай тұрағы
61. Осыдан мөлшермен 13 мың жыл бұрынғы іргелі өзгеріс:
А) Қыштан ыдыс жасалды В) Мыс өңдеу басталды С) Неолит дәуірі басталды Д) Тоқымашылық пайда болды Е) Мұздықтар ери бастады
62. Ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс қалашығы орналасқан жер:
А) Каспий жағалауы В) Сыр бойы
С) Ертіс бойы
Д) Іленің оң жағалауы
Е) Есіл өзенінің оң жағалауы
ІІ тарау
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР
§ 3. Сақтар 63. Сақ жауынгерлерінің киім түсі:
А) Қызыл және сары-қызыл В) Сары және сары-қоңыр С) Қара және ақшыл-көк Д) Әр түрлі, бір түрлі Е) Ақ және сары-жасыл
64. Иран жазбаларындағы «Сақ» сөзінің мағынасы:
А) «Құдіретті еркектер»
В) «Азиялық скифтер»
С) «Жүйрік атты турлар»
Д) «Көшпелілер»
Е) «Номадтар»
65. Сақ қоғамындағы адамдар тобы...аталды:
А) Патша, малшылар, қолөнершілер мен егіншілер В) Жауынгерлер, абыздар, қолөнершілер мен көсемдер С) Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер Д) Көсемдер, жауынгерлер, егіншілер мен қолөнершілер Е) Көсемдер, абыздар, малшылар мен шаруалар
66. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі:
А) Б.з.б. 520-470 жж.
В) Б.з.б. 470-420 жж.
С) Б.з.б. 420-370 жж.
Д) Б.з.б. 520-450 жж.
Е) Б.з.б. 570-520 жж.
67. Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық», – деп есептегендер:
А) Парсылар В) Ирандықтар С) Гректер Д) Римдіктер Е) Қытайлар
68. Ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталғандар:
А) Сақ жауынгерлері В) Сармат абыздары С) Қаңлы хандары Д) Ғұн зергерлері Е) Үйсін егіншілері
69. Зайсан ауданы жерінде патша қорғандарының ең көп шоғырланған жері:
А) Бесшатыр ескерткіштері В) Берел ескерткіштері
С) Шілікті ескерткіштері Д) Тарбағатай ескерткіштері Е) Аралтөбе ескерткіштері
70. Грек-Македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ жауынгері:
А) Томирис В) Спитамен С) Шырақ Д) Мөде Е) Скинха
71. Бесшатыр обасының мерзімі:
А) Б.з.б. 8-5 ғасырлар В) Б.з.б. 5-4 ғасырлар С) Б.з.б. 7-6 ғасырлар Д) Б.з.б.6-5 ғасырлар Е) Б.з.б.5-1 ғасырлар
72. Сақтар Орта Азия мен Қазақстан жерін қай кезеңде мекендеді:
А) Б.з.б. І мыңжылдықта В) Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта С) Б.з.б. III-II ғасырларда Д) Б.з.б.V ғасырда
Е) Б.з.б.IV ғасырларда
73. Сақтарда «Аң стилі» қай ғасырда пайда болды:
А) Б.з.б. І ғасырда В) Б.з.б. ІІІ ғасырда С) Б.з.б. III-II ғасырларда Д) Б.з.б.VІІ ғасырда Е) Б.з.б.IV ғасырда
74. Алғашқы алтын адам қай жылы, қай жерден табылды:
А) Есік обасынан 1969 жылы В) Батыс Қазақстаннан 1965 жылы С) Орталық Қазақстаннан 1973 жылы Д) Оңтүстік Қазақстаннан 1979 жылы Е) Солтүстік Қазақстаннан 1969 жылы
75. Парсы жазбаларындағы «Сақ» сөзінің мағынасы:
А) Құдіретті еркектер В) Жүйрік атты турлар С) Азиялық скифтер Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
76. Ежелгі грек авторлары сақтарды...деп атады:
А) Құдіретті еркектер В) Жүйрік атты турлар С) Азиялық скифтер Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
77. Геродот сақтарды былай деп атады:
А) Скифтер
В) Жүйрік атты турлар С) Хаумаварга сақтар Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
78. Грек деректеріндегі сақтардың тағы бір атауы:
А) Құдіретті еркектер В) Жүйрік атты турлар С) Азиялық скифтер Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
79. Шошақ бөрікті сақтар:
А) Тиграхауда сақтары В) Парадария сақтары С) Хаумаварга сақтары Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
80. Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген теңіздің арғы жағындағы сақтар:
А) Тиграхауда сақтары В) Парадария сақтары С) Хаумаварга сақтары Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
81. Хаома сусынын дайындайтын сақтарды:
А) Тиграхауда сақтары В) Парадария сақтары С) Хаумаварга сақтары Д) Дайлар
Е) Көшпелілер
82. Сақтарды «дұшпанға қатал, досқа адал» деп айтқан:
А) Грек тарихшылары В) Парсы тарихшылары С) Иран тарихшылары Д) Еуропа тарихшылары Е) Шығыс тарихшылары
83. Есік обасын ашқан археолог:
А) К.Ақышев В) Х.Алпысбаев С) Д.Алдаберген Д) А.Акишев Е) М.Герасимов
84. «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деген грек авторы:
А) Ктесий В) Геродот С) К.Ақышев Д) М.Герасимов Е) Страбон
85. «Сақтар садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп айтқан грек географы:
А) Ктесий В) Геродот С) К.Ақышев Д) М.Герасимов Е) Страбон
86. Сақтар қандай малды аз өсірді:
А) Ірі қара мал В) Жылқы С) Түйе Д) Қой
Е) Төрт түлік мал
87. Сақтарда жоғары билеуші:
А) Патша В) Гуньмо С) Ұлы хан Д) Шаньюй Е) Беклер
88. «Аргиппей» сөзінің латын тілінен аударғандағы мағынасы:
А) «Атты жауынгерлер»
В) «Көшпенділер»
С) «Кезбелер»
Д) Ақ жалды жүйрік аттардың иелері Е) «Салт аттылар»
89. Ежелде Гиркан деп аталған теңіз:
А) Қара теңіз В) Арал С) Жерорта Д) Эгей Е) Каспий
90. Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар:
А) Массагет, дайлар
В) Исседон, тиграхаудалар С) Аргипей, аримаспылар Д) Массагет, аримаспылар Е) Аргиппей, исседондар
92. Парсыларға қарсы ұрыста жеңіліске ұшыраған сақтардың көсемі:
А) Томирис В) Спитамен С) Зарина Д) Спаргапис Е) Скунха
93. Сақтардың Қызылордадан 300 шақырым жердегі орналасқан қаласы:
А) Бесшатыр В) Қойлық С) Арқайым Д) Бәбіш молда Е) Шірік-Рабат
§ 4. Үйсіндер
94. Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері:
А) Б.з.д. ІІІ - VІІІ ғ. - б.з. І ғасыр В) Б.з.д. ІІІ ғ. - б.з. ІV ғасыр С) Б.з.д. VІ ғ. - б.з. ІІ ғасыр Д) Б.з.д. ІV ғ. - б.з. ІІІ ғасыр Е) Б.з.д. V ғ.- б.з. ІІ ғасыр
95. Үйсіндер туралы «ат жақты, аққұбаша, сары шашты», – деп жазылған:
А) Ирандықтарда
В) Парсы жазбаларында С) Қытай жазбаларында Д) Стробонда
Е) Герадотта
96 . Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел:
А) Иран В) Рим С) Қытай Д) Парсы Е) Үнді
97. Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер:
А) Аландар В) Үйсіндер С) Ғұндар Д) Сарматтар Е) Қаңлылар
98. Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді:
А) Қой жүнінен В) Жібектен С) Ешкі жүнінен Д) Қамқадан Е) Былғарыдан
99. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп:
А) Тері өңдеу В) Жібек өндіру С) Сауда
Д) Үй кәсіпшілігі Е) Мата тоқу
100. Үйсіндер қай ғасырларда өмір сүрген:
А) Б.з.б. ІІІғ. - ІVғасыр В) Б.з.б. ІІІ ғ.-б.з. І ғасыр С) Б.з.б. VІ ғ. - б.з. ІІ ғасыр Д) Б.з.б. ІV ғ. - б.з. ІІІ ғасыр Е) Б.з.б. V ғ.- б.з. ІІ ғасыр
101. Үйсін атауы қытай жазбаларында қашан кездеседі:
А) Б.з.б. ІІ ғасыр В) Б.з.б. ІІІ ғасыр С) Б.з.б. VІ ғасыр Д) Б.з.б. ІV ғасыр Е) Б.з.б. V ғасыр
102. Үйсін басшысының титулы:
А) Патша В) Гуньмо С) Ұлы хан Д) Шаньюй Е) Беклер
103. Үйсіндердің мекендеген жері:
А) Шығыс Қазақстан аймағы В) Еділ мен Жайық өзені аралығы С) Жетісу өңірі
Д) Батыс Қазақстан өңірі Е) Сыр бойы
104. Үйсіндердің астанасы:
А) Чигучен В) Битьян С) Суяб Д) Испиджаб Е) Баласағұн
105. Үйсіндер сауда қатынастарын жасаған елі:
А) Қаңлылар В) Ғұндар С) Қытайлар Д) Сарматтар Е) Сақтар
106. Үйсіндердің халқының саны:
А) 150 мың адам В) 350 мың адам
С) 630 мың адам Д) 520 мың адам Е) 480 мың адам
107. Үйсін жауынгерлерінің саны:
А) 188800 адам В) 5000 адам С) 8000 адам Д) 125000 адам Е) 116700 адам
108. Үйсіндердің тілі:
А) Түрік тілі В) Парсы тілі С) Үнді-иран тілі Д) Араб тілі Е) Қазақ тілі
109. Үйсіндер алғашында кімдерге тәуелді болған:
А) Қаңлыларға В) Ғұндарға С) Қытайларға Д) Сарматтарға Е) Сақтарға
§ 5. Қаңлылар
110. Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары. Канха қамалының алдында құрбандық берді», деп жазылған кітап:
А) «Парсы жазбалары»
В) «Тарих жазбалары»
С) «Қаңлы жылнамасы»
Д) «Авеста»
Е) «Цянь Ханьшу»
111. Қаңлы билеушісінің титулы:
А) Патша В) Гуньмо С) Хан Д) Бек Е) Сұлтан
112. Қаңлылардың Отырар-Қаратау мәдениетінің тарау аймағы:
А) Ташкент, Сырдария аймағы
В) Сырдың орта ағысы, Қаратау, Талас бойы С) Қуандария, Сырдың орта ағысы
Д) Жаңадария аңғары, Шу аймағы Е) Қуандария, Әмудария аймағы
113. Қаңлылардың дәнді және бау-бақша дақылдар өсірген аймағы:
А) Талас аңғары В) Сырдария аңғары
С) Іле аңғары Д) Шу бойы Е) Ертіс маңы
114. Қаңлылар қай ғасырлар аралығында өмір сүрді:
А) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғ. - б.з. Vғ.
В) Б.з.б. ІІ-І ғ. - б.з. І ғ.
С) Б.з.б. VІ ғ. - б.з. ІІ ғ.
Д) Б.з.б. ІV ғ. - б.з. ІІІ ғ.
Е) Б.з.б. V ғ.- б.з. ІІ ғ.
115. «Авеста» кітабы ежелгі Иранда қай ғасырда жазылған:
А) Б.з.б. VІ ғасыр В) Б.з.б. ІІІ ғасыр С) Б.з.б. V ғасыр Д) Б.з.б. ІV ғасыр Е) Б.з.б. ІІ ғасыр
116. Қаңлылардың астанасы:
А) Битянь В) Суяб
С) Қызыл Аңғар Д) Мыңбұлақ Е) Шірік-Рабат
117. Қаңлылардағы жауынгерлер саны:
А) 100 мың В) 120 мың С) 200 мың Д) 250 мың Е) 300 мың
118. Қаңлылар туралы жазған қытай тарихшысы:
А) Вань Цянь В) Сыма Цянь С) Лю Дян Д) Диодор
Е) Ван Фин Цянь
119. Қаңлыларда хан орынбасары:
А) Уәзір В) Кіші хан С) Көсем Д) Қаған Е) Беклер бек
120. Қаңлылардың иеліктерін басқарды:
А) Көсемдер В) Кіші хандар С) Қағандар Д) Уәзірлер Е) Беклербектер
121. Қаңлыларда кіші хандар тәуелді болды:
А) Ұлы ханға В) Жауынгерге С) Қағанға Д) Уәзірге Е) Беклербекке
122. Кіші хандарға бағынатын, ру-тайпаларды басқарған:
А) Көсемдер В) Беклербек С) Жауынгер Д) Уәзір Е) Хан
123. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты қалай аталды:
А) Алтын асар В) Жетіасар С) Мардан Д) Отырар Е) Қостөбе
124. Жетіасар, Қауыншы, Отырар-Қаратау мәдениеттеріне қатысты ежелгі мемлекет:
А) Сақ В) Үйсін С) Ғұн Д) Сармат Е) Қаңлы
§ 6. Ғұндар
125. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі:
А) Аландар В) Ғұндар С) Сақтар Д) Сарматтар Е) Үйсіндер
126. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:
А) «Шаньюи»
В) «Күнби»
С) «Патша»
Д) «Гуньмо»
Е) «Хан»
127. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз», – деген ғұн басшысы:
А) Чжи-Чжи В) Мұқан С) Бумын Д) Мөде Е) Аттила
128. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша:
А) 2 қанатқа бөлінген В) 3 қанатқа бөлінген С) 4 қанатқа бөлінген Д) бөлінбеген
Е) 5 қанатқа бөлінген
129. Б.з.б. 209 жылы ғұн державасының пайда болғаны туралы жазған шығыстанушы:
А) Л.Н. Гумилев В) В. Бартольд С) Ә.Х. Марғұлан Д) А.И. Левшин Е) Е. Бекмаханов
130. Ғұн мемлекетіндегі Шаньюйден кейінгі басты лауазым:
А) Бектер В) Түменбасы С) Сұлтан Д) Сюбашы Е) Уәзір
131. Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесіне жылына:
А) 5 рет шақырылды В) 6 рет шақырылды С) 3 рет шақырылды Д) 1 рет шақырылды Е) 2 рет шақырылды
132. Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі:
А) б.з.б 55 ж.
В) б.з.б 255 ж.
С) б.з.б 93 ж.
Д) б.з. 93 ж.
Е) б.з.б 165 ж.
133. Ғұн билеушісі Еділдің қайтыс болған уақыты:
А) 93 ж.
В) 193 ж.
С) 253 ж.
Д) 453 ж.
Е) 480 ж.
134. «Атилла» операсын жазған италян композиторы:
А) Бах В) Шоппен
С) Джузеппе Верди Д) Чайковский Е) Дж. Куани
135. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған:
А) Ктесий В) Марцеллин
С) Страбон Д) Герадот Е) Торг
136. Ғұндардың негізгі баспанасы:
А) Ағаш үйлер В) Киіз үйлер С) Күркелер
Д) Тастан өрілген үйлер Е) Қам кірпіш үйлер
137. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел болып табылды:
А) Жазба деректер В) Жібек қалдықтары С) Ұршық бастары Д) Киім қалдықтары Е) Жүн қалдықтары
138. Тарихшылар ерекше суреттеген ғұндардың соғыс құралы:
А) Білтелі мылтық В) Арбалет
С) Бес бөліктен тұратын садақ Д) Қамал бұзғыш машина Е) Алдаспан
139. Солтүстік ғұндардың билеушісі:
А) Чжи-Чжи В) Мұқан С) Бумын Д) Мөде Е) Аттила
140. Ғұндардың негізін салушы:
А) Чжи-Чжи В) Мұқан С) Бумын Д) Мөде Е) Аттила
141. Ғұн мемлекеті неше рудан тұрды:
А) 24 В) 10 С) 15 Д) 27 Е) 35
142. Ғұн мемлекетіндегі түменбасы әскерінің құрамы:
А) 10 мың атты әскер В) 15 мың атты әскер С) 5 мың атты әскер Д) 25 мың атты әскер Е) 30 мың атты әскер
143. Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданған жаза:
А) Айыптының бетін тілген В) Қылмыскердің қолын шапқан
С) Айыптыны үш күн абақтыға қамаған Д) Қылмыскерді дарға асқан
Е) Айыпталушыны елден қуған
§ 7. Сарматтар 144. Сарматтардың Бесоба қорымына жерленген:
А) Абыз әйелдер В) Жауынгерлер С) Сармат көсемі Д) Патшалар Е) Бақсы әйелдер
145. Көсемнің қару-жарағы, абыз асатаяғы табылған сармат ескерткіші:
А) Аралтөбе В) Бесоба С) Терең Д) Бәйте Е) Сынтас
146. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы:
А) Аландар В) Дайлар С) Исседондар Д) Гирканилер Е) Каспилер.
147. Үш савромат жауынгері жерленген қорым:
А) Сынтас В) Ақсу С) Бесшатыр Д) Берел Е) Қарасу
148. Сармат атауы қашан кездеседі?
А) Б.з.б. VІІІ ғасырда В) Б.з.б. ІІ ғасырда С) Б.з.б. ІІІ ғасырда Д) Б.з.б. І ғасырда Е) Б.з.б. VІІ ғасырда
149. Сарматтарды савроматтар деп қай ғасырда атаған?
А) Б.з.б. VІІІ ғ. – Б.з. V ғ.
В) Б.з.б. ІІ-І ғасырларда С) Б.з.б. ІІІ ғасырда Д) Б.з.б. І ғасырда Е) Б.з.б. VІІ ғасырда
150. Сарматтар мекендеген аймақ:
А) Солтүстік Қазақстан В) Шығыс Қазақстан С) Батыс Қазақстан Д) Орталық Қазақстан Е) Оңтүстік Қазақстан
151. Каспий теңізінің ежелгі атауы:
А) Дайкан В) Арсак С) Дай Д) Гиркан Е) Савромат.
152. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы қалай аталды?
А) Дайкани В) Арсаки С) Дайа Д) Гиркани Е) Савромат.
153. Ғұндардың келуімен Сарматтар...
А) Солтүстікке қоныс аударды В) Шығысқа қоныс аударды С) Түркілене бастады Д) Тайпалық одақ құрды Е) Мемлекет құрды.
154. Савроматтар қай тілге жақын тілде сөйлеген?
А) Скиф тіліне В) Парсы тіліне С) Түркі тіліне Д) Араб тіліне Е) Ұйғыр тіліне
155. Б.з.б. ІІ-І ғасырларда савромат сарматтардың саны қанша?
А) 2 мың В) 3 мың С) 10 мың Д) 20 мың Е) 5-7 мың
156. Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда савромат сарматтардың саны:
А) 2 мың В) 3 мың С) 10 мың Д) 20 мың Е) 5-7 мың
157. Б.з.І ғасыр аралығында савромат сарматтардың саны:
А) 2 мың В) 3 мың
С) 10 мың Д) 20 мың Е) 5-7 мың
158. Сарматтарда шыныдан жасалған ыдыстарды қайдан алғызды?
А) Солтүстіктен В) Шығыс елдерінен С) Батыс елдерінен Д) Оңтүстіктен Е) Еуропадан
159. Сарматтар торсық, саба сияқты ыдыстарды қандай материалдан жасалды?
А) Ағаштан В) Теріден С) Киізден
Д) Саз балшықтан Е) Темірден
160. Сарматтардың б.з.б. VIII ғасырдағы атауы:
А) Дайлар В) Массагеттер С) Гиркандар Д) Аландар Е) Савроматтар
ІІІ тарау
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
§ 8. Түрік қағанаты (552-603 жж.) 161. Түрік қағанаты қай жылы құрылды:
А) 545 ж.
В) 542 ж.
С) 552 ж.
Д) 570 ж.
Е) 560 ж.
162. Түрік қағанатының негізін қалаған кім?
А) Шегу В) Қапаған С) Бумын Д) Тордуш Е) Ешбар
163. Түріктер Жужан қағанатын қашан талқандады:
А) 545 ж.
В) 542 ж.
С) 552 ж.
Д) 570 ж.
Е) 560 ж.
164. Түрік қағанының қабылдауында болған Византия елшісі:
А) Элхан В) Зумрут С) Земарх Д) Анағұй Е) Ешбар
165. Түріктердің баспанасы:
А) Жертөле В) Кірпіш үй С) Киіз үй Д) Үңгірлер Е) Ағаш үй
166. Түрік қағанатының өз ішінде соғыстар қашан басталды:
А) 557 ж.
В) 560 ж.
С) 581 ж.
Д) 585 ж.
Е) 567 ж.
167. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген қаған:
А) Шегу В) Қапаған
С) Тон Д) Тордуш Е) Ешбар
168. Бумын осы оқиғадан кейін «Ел-хан» атағын алып, Түрік қағаны болды:
А) Византия мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан кейін В) Эфталиттерді жаулап алған соң
С) Жужан қағанын жеңгеннен кейін
Д) Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін Е) Мұсылман дінін қабылдағаннан кейін
169.Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:
А) «Күлтегін», «Тоныкөк»
В) «Түрік тілдерінің сөздігі»
С) «Жүсіп-Зылиха»
Д) «Даналық кітабы»
Е) «Жылнамалар жинағы»
170. VІ ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты батыстағы шекарасы жетті:
А) Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін В) Жайық өзеніне дейін
С) Арал теңізіне дейін Д) Орал тауларына дейін Е) Еділ өзеніне дейін
171. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:
А) Б.з.б. І мың жылдығы В) Б.з.б. ІІ мың жылдығы С) Б.з. І мың жылдығы Д) Б.з. ІІ мың жылдығы Е) Б.з. ІІІ мың жылдығы
172. Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді:
А) 565 ж.
В) 570 ж.
С) 603 ж.
Д) 580 ж.
Е) 563 ж.
§ 9. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.) 173. Батыс түрік қағанатының алғашқы қағаны:
А) Тардуш В) Бумын С) Үшлік Д) Сұлу Е) Мұқан
174. Батыс түрік қағандығын Шегу қаған қай жылдары басқарды:
А) 610-618 жж.
В) 603-620 жж.
С) 618-630 жж.
Д) 611-630 жж.
Е) 607-615 жж.
175. Батыс түрік қағандығын Тон қаған қай жылдары басқарды:
А) 610-618 жж.
В) 603-620 жж.
С) 618-630 жж.
Д) 611-630 жж.
Е) 607-615 жж.
176. Батыс түрік қағандығының саяси билігінің күшейген кезі кімнің тұсында?
А) Шегу қаған мен Тон қағанның кезі В) Бумын қаған мен Мұқан қағанның кезі С) Үшлік қаған мен Сұлу қағанның кезі Д) Сұлу қаған мен Тон қағанның кезі Е) Мұқан қаған мен Шегу қағанның кезі
177. Батыс түрік қағанатының астанасы:
А) Шу өзені бойындағы Суяб қаласы В) Іле өзені бойындағы Есік қаласы
С) Сырдария өзені бойындағы Ясы қаласы Д) Талас өзені бойындағы Тараз қаласы Е) Орхон өзені бойындағы Балық қаласы
178. Батыс түрік қағанатының жазғы ордасы:
А) Мыңбұлақ В) Қызылаңғар С) Сарайшық Д) Құлан Е) Түркістан
179. Батыс түрік қағанатында салық жинайтын адамға берілген атақ:
А) Селиф В) Шад С) Ябғу Д) Елтебер Е) Бек
180. Қаған руынан шыққан ақсүйектерге қандай атақтар берілді?
А) Ябғу, шад, елтебер В) Бұрұқтар мен тархандар С) Бектер
Д) Жасауылдар Е) Елхандар
181. Батыс түрік қағанатының орнына құрылған мемлекет:
А) Түргеш қағанаты В) Оғыз мемлекеті С) Қарлұқ қағанаты Д) Қимақ қағанаты Е) Қарахан мемлекеті
182. Батыс түрік қағанатында билік үшін күрес қашан басталды:
А) 630 ж.
В) 627 ж.
С) 640 ж.
Д) 704 ж.
Е) 618 ж.
183. Батыс түрік қағанаты шекарасын шығыста Алтайға, батыста Тарым өзені мен Памир тауына кім жеткізді:
А) Тардуш қаған В) Шегу қаған С) Тон қаған Д) Бумын қаған
Е) Ешбар Елтеріс қаған
184. Батыс түрік қағанатының территориясы қай аймақтарды қамтиды:
А) Оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендері
В) Солтүстік-батысында Еділ мен Кубань өзендері С) Солтүстік-шығысында Есіл мен Ертіс өзендері Д) Оңтүстік-батысында Тарым, Әмудария өзендері Е) Барлық жауап дұрыс
185. Қашан түріктер жаппай отырықшылана бастады:
А) V ғасырда
В) VI ғасырдың басы С) VII ғасырдың басы Д) VIII ғасырдың соңы
Е) IX ғасырдың екінші жартысы
186. Қытай мемлекеті қашан Жетісуға басып кірді:
А) 659 жылы В) 630 жылы С) 625 жылы Д) 705 жылы Е) 738 жылы
187. Кім Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды, салық жинауға «селиф» деген атағы бар жергілікті адамдарды қойды:
А) Тардуш қаған В) Шегу қаған С) Тон қаған Д) Бумын қаған
Е) Ешбар Елтеріс қаған
188. Кім «он тайпа – он-оқ бұдун» жүйесін енгізді:
А) Тардуш қаған В) Шегу қаған С) Тон қаған Д) Бумын қаған
Е) Ешбар Елтеріс қаған
189. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі:
А) Бектер В) Тархандар С) Бұрұқтар Д) Жасауылдар Е) Уәзірлер
190. Сот істерін атқарушылар:
А) Бектер
В) Бұрұқтар-тархандар С) Қағандар
Д) Жасауылдар Е) Уәзірлер
§ 10. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) 191. Түргеш қағанаты қашан құрылды?
А) 703 ж.
В) 704 ж.
С) 706 ж.
Д) 717 ж.
Е) 605 ж.
192. Түргеш қағанатының кіші ордасы:
А) Ыстықкөлдегі Баласағұн В) Іле өзені бойындағы Күнгіт С) Ертіс бойындағы Имақия Д) Шу өзені бойындағы Суяб
Е) Сырдария өзені бойындағы Янгикент
193. Қашан түргеш тайпалары Шу, Іле өзендері аралығын мекендеген?
А) V ғасырда В) VI ғасырда С) VII ғасырда Д) VIII ғасырда Е) IX ғасырда
194. Үшелік қаған қай жылы қаза тапты?
А) 703 ж.
В) 706 ж.
С) 711 ж.
Д) 715 ж.
Е) 737 ж.
195. Сұлу қаған Түргеш қағанатын қай жылдары басқарды?
А) 704-706 жж.
В) 715-738 жж.
С) 706-710 жж.
Д) 720-721 жж.
Е) 708-713 жж.
196. Сұлу қаған Тоқарстандағы қарлұқтармен одақтаса отырып, арабтарды талқандады:
А) 715 ж.
В) 737 ж.
С) 706 ж.
Д) 720 ж.
Е) 748 ж.
197. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерін жетісуға жіберіп, Суябты жаулап алды:
А) 715 ж.
В) 737 ж.
С) 706 ж.
Д) 720 ж.
Е) 748 ж.
198. Түргеш қағанаты құлап, Қарлұқ қағанаты құрылды:
А) 715 ж.
В) 756 ж.
С) 706 ж.
Д) 720 ж.
Е) 748 ж.
199. Түргеш қағанатының негізін қалаушы:
А) Үшелік қаған В) Бумын қаған С) Сұлу қаған Д) Тон қаған Е) Шегу қаған
200. Түргеш қағанатының мықты билеушісі:
А) Үшелік қаған В) Бумын қаған С) Сұлу қаған Д) Тон қаған Е) Шегу қаған
201. Түргеш қағанатының астанасы:
А) Суяб В) Сарайшық С) Янгикент Д) Қызылаңғар Е) Мыңбұлақ
202. Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы:
А) Жетісу
В) Батыс Қазақстан С) Орталық Қазақстан Д) Солтүстік Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан
203. Қара және сары түргештер арасындағы билік үшін күрес қанша жылға созылды?
А) 5 жылға В) 10 жылға С) 15 жылға Д) 12 жылға Е) 20 жылға
204. Қашан соғдылықтарды Түргеш қағанаты жаулап алды?
А) V-VI ғасырларда В) VI-VIII ғасырларда С) V-VII ғасырларда Д) VIII ғасырда Е) IX ғасырда
205. Сұлу қаған арабтарға қарсы күресте күш біріктірген ел:
А) Парсылар В) Оғыздар С) Қытайлар
Д) Орта Азия халықтары Е) Хазарлар
206. Түргеш қағанатының орнына келген тайпа:
А) Қимақ В) Керей С) Қыпшақ Д) Найман Е) Қарлұқ
§ 11. Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.) 207. Қарлұқтар тирек тайпаларының құрамында қашан кездеседі?
А) V ғасырда В) VI ғасырда С) II ғасырда Д) VIII ғасырда Е) IV ғасырда
208. Қарлұқ қағанаты қашан құрылды?
А) 715 ж.
В) 756 ж.
С) 706 ж.
Д) 720 ж.
Е) 748 ж.
209. ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел:
А) Ұйғыр қағанатынан В) Енисей қырғыздарынан С) Қимақтардан
Д) Арабтардан Е) Қарахандардан
210. Қарлұқтар Қашғарияны қашан жаулап алды?
А) 715-716 жж.
В) 766-775 жж.
С) 706-710 жж.
Д) 720-723 жж.
Е) 748-750 жж.
211. Қарлұқтар шығыстағы жауы Ұйғыр қағанатынан қашан жеңіліс тапты?
А) Х-ХI ғасырларда В) Х ғасырдың басы С) VІІ-VIІI ғасырларда Д) ХІ-ХII ғасырларда Е) IX ғасырдың басы
212. Қарлұқтар қырғыздармен бірігіп Ұйғыр қағанатын қашан жеңді?
А) 715 ж.
В) 840 ж.
С) 706 ж.
Д) 756 ж.
Е) 713 ж.
213. Қарлұқтар мен арабтардың күресі қанша ғасырға созылды?
А) Бір ғасырға В) Үш ғасырға С) Екі ғасырға Д) Төрт ғасырға Е) Жарты ғасырға
214. Қашғардың түрік билеушілері Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын қашан талқандады?
А) 750 ж.
В) 940 ж.
С) 910 ж.
Д) 942 ж.
Е) 860 ж.
215. «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды...» деп жазған:
А) Әл-Марвази В) Әл-Идриси С) Әл-Бируни Д) Әл-Хорезми Е) Махмұд Қашғари
216. «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазды:
А) Әл-Бируни В) Әл-Идриси С) Әл-Марвази Д) Махмұд Қашғари Е) Әл-Хорезми
217. Қарлұқ қағанатының астанасын табыңыз:
А) Суяб В) Сарайшық С) Янгикент Д) Мыңбұлақ Е) Қызылаңғар
218. Қарлұқтардың бұлақ руы – Алтай тауын мекендейді деп қай деректерде көрсетілген?
А) Қытай деректерінде В) Иран деректерінде С) Парсы деректерінде Д) Араб деректерінде Е) Түркі деректерінде
219. Қарлұқ қағанаты қанша уақыт өмір сүрген?
А) 200 жылға жуық уақыт В) 100 жылға жуық уақыт С) 150 жылға жуық уақыт Д) 50 жылға жуық уақыт Е) 300 жылға жуық уақыт
220. Қарлұқтардың негізгі көшбасшы тайпасы:
А) Бұлақ В) Ташлық С) Шігіл Д) Дулу Е) Теле
§ 12. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ.соңы – ХІ ғ.басы)
221. Қашан оғыздар Жетісуды мекендеп, Түрік қағанатының құрамында болды?
А) V ғасырда В) VI ғасырда С) IХ ғасырда Д) VII ғасырда Е) IV ғасырда
222. Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті қашан құрылды?
А) V ғасырдың ортасында В) VI ғасырдың ортасында С) IХ ғасырдың соңында Д) VII ғасырдың аяғында Е) VІІІ ғасырдың басында
223. Оғыздар хазарларға қарсы соғыста одақ құрған Киев князі:
А) Святослав В) Олег
С) Игорь Д) Ярослав Е) Дмитрий
224. Қашан оғыздар Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы одақ құрып, жеңген болатын:
А) 1041 ж.
В) 985 ж.
С) 910 ж.
Д) 965 ж.
Е) 860 ж.
225. Қашан оғыздар Киев князі Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын жеңді?
А) 985 ж.
В) 940 ж.
С) 910 ж.
Д) 965 ж.
Е) 860 ж.
226. Қыпшақтар оғыздарға шабуыл жасады:
А) Х ғасырдың соңында В) VI ғасырдың ортасында С) IХ ғасырдың соңында Д) VII ғасырдың аяғында Е) ХІ ғасырдың басында
227. Оғыз мемлекеті өмір сүруін тоқтатты:
А) Х ғасырдың соңында В) VI ғасырдың ортасында С) IХ ғасырдың соңында Д) VII ғасырдың аяғында Е) ХІ ғасырдың басында
228. Оғыз мемлекетінің жері кімдердің билігіне көшті?
А) Қыпшақ В) Қарахан С) Қарлұқ Д) Қимақ
Е) Қарақытайлар
229. Оғыздар 24 тайпадан тұрады деп жазған:
А) Әл-Бируни В) Әл-Идриси С) Әл-Марвази
Д) Махмұд Қашғари Е) Әл-Хорезми
230. Оғыздар 12 тайпадан тұрады деп жазған:
А) Әл-Бируни В) Әл-Идриси С) Әл-Марвази Д) Махмұд Қашғари Е) Әл-Хорезми