• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Museums in the cultural and educational space of the Eurasian National University

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Museums in the cultural and educational space of the Eurasian National University"

Copied!
12
0
0

Толық мәтін

(1)

ҒТАМР 02.51.45

К.С. Ермагамбетова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: e.kuralai@yandex.kz)

Еуразия ұлттық университетінің мәдени-білім беру кеңістігіндегі музейлер

Аңдатпа. «Музей не үшін қажет? Ол мәдени институт па? Әлде білім мекемесі ме?

Ғылым орталығы ма? Жастарды қалай тәрбиелейді? Білім кеңістігінде ол не үшін ке- рек? қаншалықты білім беру үрдісінде қолданылады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін Еуразия ұлттық университетінің мәдени-білім беру кеңістігіндегі музейлердің тарихы мен қызметіне мәдени философиялық және антропологиялық талдау жасалды. Еуразия ұлттық университеті білім беру мекемесі, ғылыми орталық, мәдени-ағартушылық кеңістік, өнегелік ордасы.

Университет музейлері арнайы мамандандырылған оқу музейлері типіне жатады. Деген- мен, білім мен ғылым ордасында қалыптасқан музейлер университеттің тарихын, мә- дениетін, халықаралық байланысын, ғылыми жетістіктерін дәріптейді. Сонымен бірге Еуразия ұлттық университетінің музейлері білім беру, ағарту, мәдени шығармашылық кеңістік, тарихи-мәдени мұраны сақтаушы орын ретінде институтталынған музей- лерге бәсекеге бола алады. Мақалада университет музейінің білім беру, әлеуметтік, мә- дени, саяси іс-шараларды өткізудегі орны мен рөлі зерделенеді. «Жазу тарихы», «Л.Н.

Гумилевтің музей-кабинеті», «Қазақстанның білім тарихы» музейлерінің ерекшелік- тері сипатталады. Аталған музейлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Қа- зақстанның киелі жерлері» жобаларының, білім, мен тәжірибе интеграциясының мақ- саты мен міндеттерін іске асырудың бір бағыты болып табылады. Ұлттық кодымызды сақтау, мәдени ерекшелігімізді дәріптеу жолында жұмыс атқаратын музейлердің білі- малушылардың өнегелік, философиялық, этикалық және эстетикалық өрісінің кеңеуін- де университет музейлері үлкен рөл атқарады. Ең бастысы білім мен ғылым, ғылым мен тәжірибе интеграциясын жүзеге асырушы зерттеу институты.

Түйін сөздер: музей, университет музейі, музей философиясы, естелік орын, мәдени кеңістік.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-111-122 Түсті: 15.02.2021 Жарияланымға рұқсат етілді: 10.03.2021

Кіріспе

Музей мәдени философиялық, философиялық антропологияның зерттеу нысаны ретінде келесі сұрақтарды тудырады;

Қазіргі мәдениет және білім жүйесіндегі архаикалық болып саналатын мәдени

институт, яғни музей қандай қызмет атқарады? Экспонатқа айналған «өткен шақтың жұғындысы/қалдығы» қатып келмес таныс мәдениет болып қала ма? Әлде осы күнді және боалашқты жасаудың, жаңашылдыққа бастауға мүмкіндік беретін, қателіктерді түзетуге көмектесетін жаңғырутдың жолы ма?

(2)

Музей естелік орны ма? Музей эстетикалық, өнегелік, ойлау дүниетанымын кеңейтетін мәдени орын ба? Музейді мәдениеттану, археология, этнография, философия, антрополгия, тарих ғылымдары зерттеген күннің өзінде көптеген сұрақтар ашық қалуы күмәнсіз. Дегенмін, бұл ғылымның, білімнің, тарихтың, мәдениеттің жаңғыруына, жастардың тархи-мәдени, өнегелік және эстетикалық білім өрісін кеңейтуге септігін тигізетіні анық.

Қазіргі Қазақстандық білім беруді жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес қазіргі қоғамға тек қана іскер, кәсіпкер адам ғана емес, сонымен бірге, жалпыадамзат мәдениетінің игілігі мен құндылықтарын түсінетін және бағалайтын маман керек. Мұндай маманды қалыптастыратын және тәрбиелейтін көп мәдениетті кеңістік – ол университет және университет музейлері.

Университет музейлері әртүрлі бейіндегі арнайыландырылған оқу музейлерінің типіне жатады. Елбасы айтқандай: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім. Білім әрдайым бірінші орында тұру керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысты болады» [1].

Сондықтан университет музейлерінің ең басты мақсаты оқу үрдісінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру және ғылыми зерттеу базасы болу. Негізі университет музейлері университет жарғысына сәйкес немесе ғалымдар мен меценаттардың бастамасымен қалыптасады және заманауи сұраныстар мен талаптарға сәйкес жұмыс атқарады.

Университет музейлері ерте заманнан қалыптасқан мекемелер. Оны арнайы зерттеу – ол тәжірибелік мәселе және олардың қоғам үшін, мемлекет үшін алар орны зор екені күмәнсіз. Еуразия ұлттық университетінде жұмыс жасайтын музейлердің ерекшелігі – олардың қайтанбастығы.

Зерттеудің мақсаты – университет музейлерінің, соның ішінде, Еуразия ұлттық университетіндегі музейлердің өнегелік философиялық білім беру саласындағы орны мен рөлін анықтау.

Зерттеу нысаны – Еуразия ұлттық университетінің музейлері.

Зерттеу пәні – музейдің құрылымы, қызметі және музей экспонаттары.

Музей экспонаттары мәдени білім беру кеңісітігінің негізгі құрмадас бөлігі. Экспонат мәдени мекемеге орналасқан кезде оған ерекше онтологиялық дәреже беріледі.

Күнделікті өмірде семиотикалық тұрғыда мәнсіз зат музей кеңістігінде киелі мәнге ие болады да қоғамға өзіндік өнегелік және эстетикалық мағына береді. Ал университет кеңістігінде орналасқан экспонаттар одан да жоғары мәнге ие болады.

Зерттеу әдістері

Музейді зерттеу үшін жалпы пәнаралық зерттеутәсілдері қолданылады. Атапайтқанда, университет музейлерінің қалыптасу тарихын анықтау үшін ретроспективті әдіс, музей құрылымы мен қызметін зерттеу үшін құрылымдық-функционалдық әдісі, музей экспонаттарының мәні мен мағынасын түсіндіру үшін сипаттау, салыстыру, жалпылау, түсіндіру және биографиялық әдістер қолданылды.

Талқылау

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының үшінші бабына сәйкес «ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар ғылым мен тәжірибе негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдалуға бағытталған білімді игеруге, жеке адамның білімдарлығын ынталандыруға және дарындылығын дамытуға, білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігін, оқу, тәрбие және тәжірибе бірлігін қамтамасыз ететін білім беру жүйесін жасау» [2]

талаптарын орындау барлық білім саласының басты міндеттерінің бірі. Білім, ғылым, тәрбие және тәжірибе арасындағы сабақтастық пен үздіксіздікті қалыптастыратын мәдени институттардың бірі – музей.

Музей – адамзат болмысының ұзақ ғасылра бойы кел жатқан тарихы мен дәстүрін, білімі мен мәдениетін, аңызы мен шындығын, ғылым

112 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

(3)

мен өнерін қысқа уақыт ішінде хабардар ететін ақпараттық жылдамдыққа ие ақпараттық – танымдық орын, әлеуметтік-мәдени институт.

Музей қалыптасқаннан бергі қызмет ету бағыттарының бірі – білім беру және тәрбиелеу болып саналады. Қазіргі жаһандық ақпараттық қоғамның дамуы негізінде музейдің қызметтік бағыты кеңейтілді. Білім берумен қатар зерттеу жүргізіледі, зерттеумен қатар тәжірибе жасалады, тәжірибемен бірге тәрибе беріледі, тәрбиемен бірге патриотизм сезімі қалыптасады, ал патриотизм ұлттық сезімді оятады, ұлттық сезім ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағыттайды. Осылайша музейдің қоғамдағы орны мен рөлі артады.

Музейлердің қалыптасу тарихы туралы әртүрлі дереккөздер бар. Бірі, музей жеке ғимараты бар мәдени-ағартушылық институт деп есептесе, екіншісі, белгілі бір мекеменің қарамғында қалыптасқан зерттеу бөлімі деп тұжырымдайды. Бұл ақпараттарды жоққа шығаруға болмайды. «Музей» сөзінің этимологиялық бастамасы грек тіліндегі

«муссейон» - «музалар храмы, музалар ғибадатханасы» [3, б.17]. «Муза» ежелгі гректердің түсінігі бойынша ғылым мен өнердің қолдаушы, шығармашылық шабыт беруші, мәдениетті дамытушы, рухани байытушы. «Музалар сарайы» алғаш рет грек құдайыАполлонғаарналыпсалынғанболатын.

Кейін ғылым мен өнердің қолдаушысы болғандықтан білім мен мәдениет үйлерінің маңына да музалар алаңын тұрғызып, әртүрлі музаларға арналған ескерткіштер бой көтерді. Атап айтқанда, Аристотельдің Ликейінің алаңына, Платон Академиясының алаңына, Дионис сахынасының бақшасына музалар ғибадатханалар тұрғызылды.

Ол ғибадатханаларды қарайтын және қорғайтын арнайы адамдар тағайындалды.

Ғибадатханалардағы музалардың сұлулығы мен әсемдігін тамашалауға келушілер саны күннен күнге арта түсті, осылайша музалар сарайы көрмеге, одан кейін қосымша артефактар мен экспонаттардың келуімен музейге айналды. Қазіргі кезде Еуропа елдерінде музейлер өте көп. Әрқайсысы белгілі бір салада қызмет атқарады. Олардың

ең басты мақсаты білімнің, ғылымның және өнердің дамуы мен жетілдірілуі үшін қызмет ету, көне тарихты сақтап қалу, келесі ұрпаққа тарату. Музалар алаңы жыл сайын күз айында шығамрашылық сайыстар өткізетін орын қызметін де атқарды.

Музей зерттеушісі О.А. Еремееваның айтуы бойынша «университет музейлері – білім алушыларды өнер, мұра арқылы көркемдік тәрбиелеуге, әлеуметтік тәрбиелеуге бағытталған білім беру кеңістігінің ерекше феномені» [4, б.2411].

Білім беру институттарында орналасқан музейлердің арнайы музейлерден айырмашылығы студенттің өзіндік санасын қалыптастыруға, оқу-зерттеу қызметін жетілдіруге және «Alma mater» ұлттық бірегейлігін қалыптастыруға бағытталған.

С.В. Муравскаяның пікірінше «университеттік музей кеңістігінде университеттің өмірі, білім мен ғылым тарихы, білім беру, оқыту және студенттік қауымдастық бейнеленеді.

Олар университет құныдылқтарын көрсетеді, таратады, кейіптейді, бейнелейді» [5, б.115].

Олайболса,университетмузейіуниверситеттің мәдени кеңістігін қалыптастырады. Жоғарыда айтақымыздай, университет музейлері университет жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Музей кеңістігі нышандар мен мағыналар орны ретінде адамды киелілікті, құдіреттілікті іздеуге бағыттайды және ынталандырады.

Э.Гуссерль айтқандай «мен үшін әлем – жәй ғана заттар әлемі емес, ол құндылықтар әлемі, ол игілік әлемі, ол тәжірибе әлемі, ол мағыналар әлемі» [6. б.251]. неміс ғалымының ойын жалғастыратын болсам, музей қоғам үшін маңызды, құнды, мағыналы, бағалы, ерекше әлеуметтік мәдени кодты тасымалдаушы «месседж» тәрізді. Оның кеңістігінде нышандар мен дәстүрлер әлемінің заттары сақталған. Яғни, музей кеңістігі таңбалы-нышандық және материалды-заттық элементтердің жиынтығын құрайды.

Білім беру мекемелеріндегі музейлердің қалыптасуын 18-ғасырмен байланыстырады.

Алғаш Кембридж, Оксфорд, Сант- Петербург университеттерінде қалыптасқан

(4)

антропологиялық және жаратылыстану музейлерімен өлшейді. Негізі жоғарыда жазып кеткенімдей ол ежелгі Грециядағы Платон мен Аристотель мектептерінен бастау алады. Қалай деседе, университет музейінің мақсаты мен міндеттері білімге қызмет ету.

Университет музейлерінің жұмысы мен қызметі университет жарғысы мен даму стратегиясына бағынышты. Бір жағынан бұл музейдің жұмысын шектейді, еркін зерттеу жүргізуге кедергі келтіреді. Дегенмен, музейдің қызметі тоқтамайды.

Еуразия ұлттық университетінің миссиясы – іргелі және қолданбалы зерттеулердің жаңа нәтижелерін қолдануды, білім мен технология трансферін, ортақ оқу бағдарламаларын жасау және жетілдіру мақсатында әлемдік университеттермен стратегиялық ынтымақтастық орнатуды, студенттердің іскерлік рухын, мәдениетін және инноавциялық біліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін, ұлттық мәдениеттті сақтаушы, ұлттық білімді дәріптеуші, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуші еуразиялық кеңістіктегі үздік білім беру, ғылыми және мәдени орталық болу.

Университеттің аздап тарихына тоқталатын болсақ, Л.Н. Гумилеватындағы Еуразияұлттық университеті Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1996 жылы 23 мамырда Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық институтын біріктіру негізінде құрылды. Еуразия

ұлттық университеті бүгінгі таңда жетекші классикалық оқу орындарының бірі. Еуразия ұлттық университетi студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгіне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән береді [7].

Еуразия ұлттық университеті білім беру орадасы ғана емес, ол мәдени, әлеуметтік, саяси іс-шаралады жүзеге асыратын кеңістік.

Университет кеңістігінде Халықаралық форумдар, ғылыми семинарлар мен конференциялар және т.б.өткізіледі. Көптеген шет елдерінен ғалымдар мен мәдениет, саясат қызметкерлері келеді. Университет көптеген мемлекеттік іс-шараларға қатысады.

Сондықтан университет білім беру ордасымен қатар мәдени кеңістік қызметін атқарады.

Университетке Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін, жазуын зерттеуде үлкен үлес қосқан түрколог Л.Н.Гумилев есімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы берілді. 2002 жылы қазан айында Л.Н.Гумилев атындағы университетінің екінші ректоры М.Ж.Жолдасбековтың бастамасымен

«Л.Н.Гумилевтің мұражай-кабинеті» (сурет 1) құрылды. Мұражай экспозициясын құруға Л.Н. Гумилевтің шығармашылығын зерттуші ғалымдар – Э.Ділмұхамедов, М.Козырев, Е.Маслов және тағы басқалары атсалысты [8]. 2004 жылы ғалымның жұбайы – Натья Викторовна Гумилева университетке ғалымның Мәскеудегі жұмыс кабинетін және

Сурет 1. Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті Сурет 2. Л.Н. Гумилевтің өмірінен фотосуреттер

114 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

(5)

жеке заттарын сыйға тартты. Музей-кабинетте ғалымның суреттері, зерттеулері, хаттары жән кітаптары жинақталған. Ғалымның өмір баяны мен шығармашылығы туралы фотоқұжаттар ілінген (сурет 2).

Музейдің негізгі міндеті Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми- ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу [8]. Музей-кабинет мегерушісі Ахметова Сымбат Муталафхановна музейге тамаша саяхат жасап, жақсы баяндап береді. Бүгінгі күні музей-кабинет Еуразиялық зерттеулер кафедрасының оқу лабораториясы ретінде жұмыс жасайды.

Л.Н. Гумилевтің бірінші музей-пәтері Санкт-Петербургте Коломенская көшесінде орналасқан. Л.Н.Гумилевтің бұл өзінің алғашқы екі бөлмелі жеке пәтері болған еді. Гумилев қайтыс болғаннан кейін 1994 жылы әйелі пәтерді музей жасауға береді.

Қиын-қыстау заман боғандықтан музей қоғамдық мекеме ретінде қызмет атқарды, тек 2004 жылы «мемориалды музей-пәтер»

деген ресми мәртебе беріліп Анна Ахматова мемлекеттік музейінің филиалына айналды [9, с.214]. Пәтер-музей сол күйінде сақталған.

Музейдің ең көрікті жері Гумилевтің жеке кабинеті. Ол жерде жұмыс стөлі, кітаптар сөресі, үстел үстіндегі жазбалары мен қаламдары, қабырғадағы суреттер мен ғалымның марапаттары сақталған. Еуразия ұлттық университетіндегі Гумилев мұражай- кабинетіне берілген жұмыс үстелдің бірі осы пәтерден алынған. Гумилев пәтер-

музейінің үлкен ерекшелігі – ол жерге арнайы таспаларда Гумилевтің дауыстары жазылған магнитафондар қойылған. Келуші телефон ұстағышы немесе құлаққап арқылы ғалымның дауысын және дәрістерін тыңдай алады. Еуразия ұлттық университетіндегі Л.Н. Гумилев мұражай-кабинетіне осы тәрізді ғалымның аудиодәрістерін қойса, қосымша дәріс сабақтарында пайдалану үшін тиімді болар еді.

Білім алушылар мен қонақтар өздерінің университетпен алғашқы танысуларын университеттің бас ғимаратынан бастайды.

Бас ғимараттың көркі орталық атриумда орналасқан «Күлтегін» ескерткішінен басталады. «Күлтегін» ескерткіші университетке 2001 жылы әкелінді.

Жапонияның Осака қаласында жасалған көшірме. 2001 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды[10]. Күлтегін ескерткіші – Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейтін көне түркі жазба ескерткіші.

Күлтегін ескерткіші көшірмесінің университет кеңістігінде орналасуы жәй емес. Ол түркі жазуының, білімінің, өркениеттің нышаны болып саналады. 2001 жылы «Түркі өркениеті:

жазба ескерткіші» Халықаралық ғылыми- тәжірбелік конференция және түрколог ғалымдардың зерттеулері мен ұсыныстары осы Күлтегін ескерткішінің негізінде Еуразия ұлттық университетінде түркі халықтарының жазу тарихын зерттеп, халыққа насихаттау мақсатында танымдық, оқу-әдістемелік бағыттағы «Жазу тарихы» музейдің ашылуына себеп болды. Музей 2003 жылы 18 қыркүйекте ашылды.

«Жазу тарихы» музейі университетіміздің орталық атриумда орналасқан. атриумның ортасында, музейге кіре берісте Күлтегін ескерткіші (сурет 3) орналасқан. Екі жағында витриналарда түркі халықтарының, көшпелі этностардың киім үлгілері, соның ішінде батырлардың киім үлгілері орналасқан.

Бұл қазақ халқының тарихын, мәдениетін, қолөнерін, ерлігін сипаттайтын ерекше құбылыс болып саналады.

(6)

Сурет 3. Күлтегін ескерткіші. (Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ)

«Жазу тарихы» музейі оқу-ағарту, білім беру саласында үлкен қызмет атқаратын, қайталанбайтын ерекше музей. Филология, лингвистика, тарих, түркология, шығыстану мамандықтарының білім алушыларына тікелей білім беретін, тарих жазбаларды оқып қана қоймай, көзбен көріп, қолмен ұстауға, сензінуге мүмкіндік беретін білім беру орны. «Жазу тарихы» музейі үш экспозициялық залдан тұрады, әр залда түркі тілдес халықтардың болмысын сипаттайтын экспонаттар орналасқан. дүние жүзінде түркі тілдес халықтардың саны 180 миллионнан

асады. Музейде түркітілдес 38 ұлт аттары келтірілген және олардың мәдениетімен байланысты эскпонаттар көрсетілген.

Музейге мектеп оқушылары да жиі келеді, себебі мектеп бағдарламасындағы сауат ашу бағдарламыснда жазу тарихы туралы тарау бар. 2017 және 2018 жылдары мектеп мұғалімдерінің өтініші бойынша оқушыларды ««Жазу тарихы» музейіне саяхат» жобасын жасадық. Кітапта оқыған мәліметтерді көзбен көре алу мүмкіндігі оқушыларды өте қызықтырды. Әсіресе, таста, қыш тақтайшаларда жазылған жазулар (сурет

4, 5, 6) мен бал бал тастарға қызығушылық

білдірді.

Музейдің тағы бір ерекше экспонаттары – түркі әлемінің пайдаланған әліпбилері (Сурет 7,8,9). Түркі халықтары өзінің даму тарихында Арамей, байырға түркі, ұйығыр, армян, араб, латын және сол сияқты 16 жазу үлгілерін пайдаланған. Қазіргі таңда Қазақ елінің латын графикасына көшу мәселесінде бұл әліпбилердің алатын орны зор екені күмәнсіз.

Музейдің тағы бір баға жетпес құндылықтарының бірі – Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері. Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы алғашқы араб әліпбидегі әріптеге реформа жасап, артығын алып тастап қазақтың алғашқы латын әліпбиін жасаған ағартушы ғалым. Қазіргі кезде Қазақстанның латын графикасындағы қазақ әліпбиіне көшу жобасын жүзеге асыру үшін құнды ақпарат деп санаймын. Бұл жоба шеңберінде Еуразия ұлттық университетінің

Сурет 4.

Талас жазба ескерткіші

Сурет 5.

Қыш кірпіштегі жазу

Сурет 6. Бірінші Түркі қағанаты тұсындағы жазу

116 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

(7)

тіл мамандарды, жетік зерттеушілер тынбай зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар музейде Еуразия ұлттық университетіне келген қонақтар мен танымал тұлғалардың сыйлықтары да сақталған.

«Жазу тарихы» музейі Қазақстандағы жазу түріне арналған жалғыз музей болса, Ресейде де 2009 жылы ICOM-ның ресми қолдауымен жазу өнеріне арналған

«Әлемдік коллиграфия музейі» ашылды.

Музейдің ашылуына бастамашы болған жеке коллекция жинаушы А.Ю.Шабуров . Ол Түркия, Араб Эмираттарындағы, Қытай және Жапония елдеріндегі коллиграфиялық экспозицияларына аналог ретінде Ресейде жазу өнері музейін ашуды ұсынып, өзінің жеке коллекциялары негізінде музейді құрды. Музейде славяндық және еуропалық жазу үлгілері, еврей және араб мектептерінің коллиграфиясы, қытайлық және жапондық жазу үлгілері жинақталған. Музейде экспонаттар мен экспозициялардан басқа коллиграфиялық жазуды үйрену залы бар.

Залда келушілер арнайы тақтайшалар мен қағаздарда қылқаламмен, әртүрлі бояулармен өз есімдерін қытай, жапон, мысыр, ескі славяндық, ежелгі грек тіліндегі коллиграфиялармен жазуды үйрене алады және жазған қағазын естелік ретінде алып кете алады. Бұл тек келушілерге арналған бөлме емес, бұл жерде коллиграфиялық жазуды

үйренуге қызығушылық танытқан адамдар келіп үйрене алады. Аталған музей Ресейдің жоғарғы оқу орындарымен тікелей жұмыс жасайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Жазу тарихы» музейі Қазақстан аумағында аналогы жоқ музейдің бірі. Түркі халықтарының түпнұсқалық жазу өнері, жазба деректері сақталған.

Музей экспозициясы өздігінен жасалмайды, экспонаттар өздігінен орналаспайды. Музейдің тарихын жазушы түрколог ғалымдар болса, музейдің ерекше болмысы мен көрінісін сақтайтын музей қызметкерлері. «Жазу тарихы» музейінің меңгерушісі Қожамқұл Тамара Абжанқызы әрқашанда музейдің әрбір экспонатының тарихымен, құпиясымен таныстыруға дайын.

Білім алушылар мен қонақтарды жылы қарсы алып, кітапта жазылмаған білімді ашады.

«Жазу тарихы» музейнің негізгі концецпиясы – «түркі тектес елдердің Еуразия кеңістігінде қолданған жазу үлгісімен және аса құнды жазба мұраларымен таныстыру. Музей экспозициясындағы жәдігерлер мен олардың фотоқұжаттық нақты көшірмелері түрколог ғалымдардың қажырлы еңбектері арқылы түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып, Отанына деген патриоттық сезімін, өз ана тіліне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру»[10].

Сурет 7.

Түркі халықтарының

Сурет 9. Араб әліпбиі пайдаланған әліпбилер тізімі

Сурет 8. Финикия және Арамей әріпі

(8)

Бүгінгі таңда «Жазу тарихы» музейі университеттің мәдени-ағартушылық кеңістігі, көрікті жері, естелік орны.

Еуразия ұлттық университеті мемлекеттің даму страгениясын жүзеге асыруда, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда, біліс саласындағы жаңалықтарды іске асыруда үлкен үлестер қосуда. Қазақстанның білім саласындағы жаңартулар мен отандық және халықаралық еңбек нарғында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда алдыңғы орында. Қазақстан Республикасының Президентінің Халыққа Жолдауларына, мемлекеттік бағдарламаларға, «Білім туралы»

заңға, «Ғылым туралы» заңдарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Соның бірі, Қазақстанның білім мен ғылым саласындағы жетістіктері мен мақтаныштарын насихаттайтын «Қазақстанның білім тарихы»

музейі. 2014 жылы қыркүйек айында мемлекет басшылары мен ғалымдардың қатысуымен салтанатты ашылуы өтті. Музей университеттің «Астана»атриуымында орналасқан. музейдің жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Музейге кіре берісте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті және

«Еліміздің басты байлығы – сапалы білім»

деген даналық сөзі ілініп тұр. Музей алты бөлімнен, 48 сөреден тұрады. Сөрелерде қазақ тарихындағы білім жүйесі барынша көсетілген. Музейдің оң жағында Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың, Абай

Құнанбаевтың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Қаныш Сәтбаевтың, сол жағында Әл-Фарабидің, Махмұт Қашқарижің, Қожа Ахмет Яссауидің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Бұқар жыраудың, Жәңгір ханның портреттері ілініп тұр, олардың есімдері алтын әріптермен жазылған.

Қазақ жеріндегі білімның қалыптасуы мен дамуын насихаттайтын экспозицияларға

«Ұлы түріктердің тасқа қашалған жылнамасы» (сурет 10), «Ұлы даланың даңқты ағартушылары, даналары» (сурет 11),

«Ортағасырлық мектептер мен медреселер»

(сурет 12), «Қазақ ақын-жырауларының педагогикалық мұрасы» (сурет 13), «ХІХ ғасыр аясындағы қазақтың көрнекті ғалым- ағартушылары» (сурет 14) жатады [10], сонымен қатар, Кеңес одағы кезеңінде оқыған азаматтардың кеудеге таққан «октябренок»,

«пионер», «комсомол» төсбелгілері мен галстуктары жинақталған сөре де кездеседі.

Музей экспозициясындағы мүсіндер, диораммалар, макеттер, граммафон, мөр, білте шам, қабырға сағаты, сия сауыты, қыл қалам музей келушілеріне ерекше көңіл- күй сыйлайды [11]. Білімге ұмтылған адам ешқашан сылтау іздемеген. Ертедегі ағартушылар білім алу үшін, білте шамның жарығымен кітап оқып, сауыттағы сияға қыл қаламды қайта-қайта малып отырып жазу жазған. Бұл заттар мен ағартушылардың өмір баяны, шығармашылығы білімнің құндылығын насихаттайды. «Білім инемен

Сурет 10 Сурет 11 Сурет 12 Сурет 13 Сурет 14

118 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

(9)

құдық қазғандай» деген мақалдың дәлелі десем қатеспеймін.

Музей көне заттармен ғана шектеліп қалмаған. Қазіргі кездегі білімнің жетістігін, мақтанышын дәріптейтін экспозициялар да кездеседі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасын құрылған дарынды балалар мектептері мен жоғарғы оқу орындарының жетістіктері де көрсетілген.

Атап айтқанда, «Назарбаев зияткерлік мектебі» (сурет 15), «НұрОрда инновациялық мектебі» (сурет 16), «Назарбаев университеті»

(сурет 17) экспозициялары.

Аталған оқу орындары бірінші болып қазақстандық білім беру кеңістігініде халықаралық стандарттар негізінде жұмыс жасай жасады. Әлемдік жетекші мамандар шақыртылды. Дарынды балаларға ерекше қолдау көрсетіп, олардың әрі қарай дамуына үлес қосып отыр. Қазіргі таңда аталған оқу орындарының түлектері жоғарғы оқу орындарының ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне таңдау жасайды. Еуразия ұлттық университетіде халықаралық білім беру стандартарын жетік меңгеріп дарынды студенттерді тәрбиелеуг жетекші университеттердің бірі болып саналады.

Аталған музейде университеттің білім алушылары мен оқытушы-профессор құрамының шығармашылық, спорттық, ғылыми жетістіктері көрсетілген. Жыл сайынғы жетістіктер экспонаттар

қатарынан табылады. Бұл Еуразия ұлттық университетінің мақстанышы, ғылым мен білім саласындағы алға жылжуы.

«Қазақстандағы білім мен ғылым музейінің»

аналогы Қазақстанда жоқ, бірақ Ресейдің Омск қаласында «ағартушылық музейі» бар.

Екі музей мазмұны мен мақсаты жағынан ұқсас келеді. Дегенмен, музейдің кеңістігінде білім саласының барлық элементтерін қамтитын экпозициялар орналасқан:

мектептің жазу құралдары, үңгірдегі суреттер мен клинописьтер, қаламның ежелгі түрінен бүгінгі күнгі формалары, ежелгі және бүгінгі мектеп, арнайы орта білім мен жоғарғы оқу орындарының тарихы мен білім формасы, жастар қозғалысы, ағартушылар, алғашқы мектеп оқулықтары, мектеп киімдерінің үлгілері, «октябренок», «пионер», «комсомол»

белгілері мен формалары және басқалары.

Омск ағартушылық музейі ғалымдар мен педагогика саласының мамандары үшін таптырмайтын қазына болып саналады.

Қазақстандық білім мен ғылым саласыда осы музейде көрсетілген тарихты басынан өткізді.

Ғасырлар бойы әртүрлі өзгеріске ұшыраған білім мен ғылымның тарихы мен оның мұрасын сақтау, қорғау және тарату мақсаты тек қана білім саласының емес жалпы мемлекеттің мүддесі болуы тиіс.

Білім тарихы музейінің мақсаты – ұлан- ғайыр территориялық аймақта ғасырлар бойы қалыптасып, сақталған мол мәдени- ағартушылық құндылықтарды жинақтай

Сурет 15 Сурет 16 Сурет 17

(10)

отырып, жұртшылық назарына ұсыну.

Жастардың бойына ізгілікті, білімге құштарлықты, тарихқа құрмет пен мақтаныш сезімін дарыту. Бағалы музей заттары мен мәдени құндылықтар жинақтамасын көпшілікке көрсету арқылы өткен тарихқа оң көзқарас қалыптастыру [11]. Дегенмен, музей қазақстандық университет кеңістігіндегі қайталанбайтын бірінші және жалғыз музей.

Нәтижелер

Музей білім мен тәжірибенің интеграциясын жүзеге асырушы мәдени институт ретінде университет және қоғам өмірінде маңызды орын алады. Зерттеу барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

мақалада музейдің қалыптасу тарихы зерделенді, музейдің қоғамдағы орны мен рөлі анықталды. Университет музейлерінің ерекшеліктері қарастырылды. Әлемдік каллиграфия музейі мен Еуразия ұлттық университетінің «жазу тарихы» музейлеріне, Санкт-Петербургтегі, Еуразия ұлттық университетіндегі Л.Н. Гумилевтің кабинет- музейіне, Омск қаласындағы және Еуразия ұлттық университетіндегі «Ағартушылық тарихы музейіне» салыстырмалы талдау жасалды. Музейдің білім, мәдени- ағартушылық, рухани жаңғыру саласындағы атқаратын рөлі мен орнының маңыздылығы дәлелденді.

Қорытынды

Музей «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын,

«Қазақ елі» патриоттық жобасын жүзеге асырушы, тәуелсіз елдің тарихи-мәдени, ағартушылық құндылықтарын насихаттаудың ерекше үлгісі. Ал Еуразия ұлттық университеті музейлері қайтанбайтын ерекше музейлер.

Қазақстандық қазіргі музей тарихында «Жазу тарихы» түркі тілдес халықтарының жазуы мен әдебиетін зерттеуге арналған алғашқы музей,

«Білім тарихы» қазақстандық қоғамдағы білімнің қалыптасуы мен оның жетістіктерін зерттеуге бағытталған бірінші музей. Олай болса, Еуразия ұлттық университеті білімді, ғылымды, мәдениетті дамыту саласындағы ерекше жоғарғы оқу орны және тарихи- мәдени мұраны жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы мәдени институт және ғылыми база. Сонымен қатар, университет музейлері мемлекеттік музейлерді қалыптастырудың және олардың өрісін кеңейтудің негізгі іргетасы. Ал, Еуразия ұлттық университетінің музейлері өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыратын ұлттық тарихи-мәдени мұраның бір бөлігі болып қала бермек.

Музей жансыз жасанды заттардан құралған кеңістік емес, ол тарихты баяндайтын, мәдениетімізді сипаттайтын, көне тілімен сөйлейтін, жетістігімізді дәріптейтін естелік орны.

Әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы [Электрон. ресурс].- 2021. - URL: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/

memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy (Қолданған күні: 20.01.2021).

2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. (31.03.2021 жылғы толықтырулар мен өзгерту- лер негізінде) [Электрон.ресурс]. – 2021. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ (Қолданған күні:

23.05.2021).

3 Юренева Т. Ю. Музееведение: Учебник для высшей школы / Т. Ю. Юренева. - Москва: Академи- ческий Проект, 2010. - 560 с.

4 Еремеева О. А. Роль музейного пространства в образовательном процессе вуза. // Научно-мето- дический электронный журнал «Концепт». - 2013. - Т. 3. - С. 2411–2415.

5 Muravskaya, S.V. Museums of higher education institutions: some features of existence // Вопросы музеологии, -2012. - №. 2(6). - P. 114–121.

120 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

(11)

6 Гуссерль Э. Идеи к чистой феноменологии и феноменологической философии / Э. Гуссерль. – Москва: Академический Проект, 2005. - 448 с.

7 Университет тарихы [Электрон. ресурс]. – 2021. – URL: https://www.enu.kz/enu-turaly/index.php (пайдалану мерзімі 24.01.2021).

8 Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті. [Электронды ресурс] – 2021 – URL:https://my.enu.kz/page_

museum.php?id=2 (Қолданған күні: 09.02.2021).

9 Кобак А. В. Мемориальный музей-квартира Л.Н. Гумилева. Энциклопедия Санкт-Петербурга / А. В. Кобак. - Санкт-Петербург: Лики России, 2015. - 823 с.

10 Музей тюркской письменност [Электрон. ресурс]. – 2021. – URL: https://my.enu.kz/page_museum.

php?id=1#img_big (Қолданған күні: 14.02.2021).

11 Қазақстанның білім тарихы мұражайы. [Электрон. ресурс]. – 2021. – URL: https://my.enu.kz/page_

museum.php?id=3 (Қолданған күні: 17.02.2021).

К.С. Ермагамбетова

Еврзаийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Музеи в культурно-образовательном пространстве Евразийского национального университета

Аннотация. «Зачем нужен музей? Какую роль выполняет музей в системе образования и воспита- ния? Зачем музей в простанстве университета? Насколько он полезень в системе образования?» такие вопросы часто встречаются в общества. Для того чтобы ответить на эти вопросы сделан культур-фило- софский и антропологический анализ истории и функции музеев в культурно-образовательном про- странстве университета на примере Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

В статье рассматривается история и функции музеев университета в культурно-образовательном про- странстве, роль музеев в воспитании и обучении молодежи. Университетские музеи относятся к типу специализированных учебных музеев различного типа. Они формируются как научно-исследователь- ские подразделения, становятся базой для научных исследований. Хранят богатые информации об университет и о его достижениях. Музеи Евразийского национального университета являются конку- рентноспособными музеями в сфере развития образования, культуры, науки, творчества и сохранении историко-культурного наследия.

В статье описывается особенности музеев Евразийского национального университета, таких как,

«История тюркской письменности», «Музей-кабинет Л.Н.Гумилева» и «История образования Казахста- на». Формирование данных музеев связана со стратегическим развитием, миссией и виденеим универси- тета, стратегическим развитем страны. Университетские музеи являются одним из направлением реали- зации проектов Первого Прездиента Республики Казахстан Н.Назарбаева «Взгляд в будущее: духовное модернизация», «Семь граней Великой степи» и «Сакральная география Казахстана». Так же музей один из главных институтов, хранящий культурный код. Поэтому роль университетских музеев в развитии образования, культуры и науки очень важна.

Ключевые слова: музей, университетские музеи, философия музея, место памяти, культурное про- странство

K.S. Yermagambetova

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Museums in the cultural and educational space of the Eurasian National University

Abstract. «Why do we need a museum? What role does the museum play in the system of education and upbringing? Why do you need a museum in the university space? How useful is it in the education system? « Such questions are often found in society. To answer these questions, a cultural-philosophical and anthropological analysis of the history and function of museums in the cultural and educational space of the university is made on the example of the L. N. Gumilyov Eurasian National University. The article examines the history and functions of the university museums in the cultural and educational space, the role of museums in the education and training of young people. University museums belong to the type of specialized educational

(12)

museums of various types. They are formed as research units and become the basis for scientific research.

They store rich information about the university and its achievements. The museums of the Eurasian National University are competitive museums in the field of development of education, culture, science, creativity, and preservation of historical and cultural heritage.

The article describes the features of the museums of the Eurasian National University, such as» The History of Turkic writing»,» The Museum-cabinet of L. N. Gumilyov «and «The History of Education of Kazakhstan».

The formation of these museums is related to the strategic development, mission and vision of the university, and the strategic development of the country. University museums are one of the areas of implementation of the projects of the First President of the Republic of Kazakhstan N. Nazarbayev «A look into the future: spiritual modernization», «Seven facets of the Great Steppe» and «Sacred Geography of Kazakhstan». The museum is also one of the main institutions that stores the cultural code. Therefore, the role of university museums in the development of education, culture and science is very important.

Keywords: museum, university museums, museum philosophy, place of memory, cultural space

References

1 Kazakhstan Respublikasynyn Tungysh Prezidenti N.A.Nazarbayevtin “Bolashakka bagdar: ruhani zhangyru” atty makalasy [Article by the First President of the Republic of Kazakhstan, N.A. Nazarbayev,

‘In Focus on the Future: Spiritual Renewal’], Available at: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/

memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy, [in Kazakh], (accessed 20.01.2021).

2 Kazakhstan Respublikasynyn «Bilim turaly» zany. (31.03.2021 jylgy tolyqtyrular men ozgertuler negizinde) [Law of the Republic of Kazakhstan «On Education». (On the basis of additions and changes as of March 31, 2021)], Available at: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ [in Kazakh], (accessed 20.01.2021).

3 Yureneva T.Yu. Mezeevedenie: Uchebnil dlya vysshei shkoly, [Museum Studies: Textbook for Higher Education], (Akademicheski Prospect, Moscow, 2010, 560 p.), [in Russian].

4 Eremeeva O. A. Rol muzeynogo prostranstvo v obrazovatelnom processe vuza, [The role of museum space in the educational process of the university] Nauchno-metodicheski elektonny zhurnal “Koncept”

[Scientific and methodological electronic journal «Concept»]. 2013. V. 3. P. 2411-2415, [in Russian].

5 Muravskaya, S.V. Museums of higher education institutions: some features of existence, Voprosy muzeologii [Museological issues], No. 2(6), P. 114–121.

6 Gusserl E. Idei k chistoi fenomenologi I fenomenologicheskoi filosofi, [Ideas for pure phenomenology and phenomenological philosophy] (Akademicheskii proekt, Moscow, 2005, 448 p. ), [in Russian].

7 Universitet tarikhy [History of the University], Available at: https://www.enu.kz/enu-turaly/index.php [in Kazakh], (accessed 24.01.2021).

8 L. N. Gumileyvtin murashai-cabineti [Museum-Office of L. N. Gumilyov]. Available at: https://my.enu.

kz/page_museum.php?id=2 [in Kazakh], (accessed 09.02.2021).

9 Kobak A.V. Memorialnyi muzei-kvartira L.N.Gumileva, Enciklopediya Sankt-Peterburga [L.N.

Gumilyov’s memorial museum-apartment. Encyclopaedia of St. Petersburg], (Liki Rossii, Saint-Petersburg, 2015, 823 p.), [in Russian].

10 Musey turkskoi pismennisti [Museum of Turkic writing], Available at: https://my.enu.kz/page_museum.

php?id=1#img_big, [in Russian], (accessed 14.02.2021).

11 Kazakhstannyn Bilim tarikhy murashai [Museum of the history of education in Kazakhstan], Available at: https://my.enu.kz/page_museum.php?id=3, [in Kazakh], (accessed 17.02.2021).

Автор туралы мәлімет:

Ермагамбетова Куралай Сергабыловна – Ph.D., философия кафедрасының доцент м.а., әлеуметтік ғылымдар факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Yermagambetova Kuralai Sergabylovna – Ph.D., Associate Professor of the Department of Philosophy, Faculty of Social Sciences, L. N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

122 № 2(135)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication office

Принцип связи профессионального образования и правового воспитания ориен- тирован на соответствие требований образования как сферы культуры с нормами морали и

Аталмыш мақаланың мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) даму тенденцияларын анықтау, өзара

of Political Sci., Assoc.Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (political science) Shakir Ibrayev Doctor of Philology, Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan

Сондықтан 2000 жылдың 10 қазанында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық

Сондықтан, мәдени код анықталып отырған қандай да бір мәдени дәстүрді түсінуге жол ашады, оның ежелгі этностық дәстүрлері арқылы, ата-бабадан келе

теории познания и как методологии для развития современной науки и образования, для адекватного понимания и решения стратегических задач современного

Казахстан, являясь частью этого мира, также находится в процессе глобализации и подвергается определенным изменениям. Благодаря казахстанской