• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін жоюда логопедиялық түзету жұмысындағы компьютерлік технологиялар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін жоюда логопедиялық түзету жұмысындағы компьютерлік технологиялар"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

ƏОЖ 517.62

Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін жоюда логопедиялық түзету жұмысындағы компьютерлік технологиялар

On a practicability and convergence of the algorithm of parametrization’s method

Адекенова А.Н., Устинова Л.В., Кударинова А.С., Бейсеева Ж.

Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова (E-mail: [email protected])

В данной статье показана возможность применения новых компьютерных технологий в логопедиче- ской деятельности, что значительно повышает эффективность занятий по развитию речи. Также ребе- нок дошкольного возраста учится элементарным навыкам работы на компьютере. Вниманию читате- лей представлена разработанная творческим коллективом компьютерная программа развития речи дошкольников, предназначенная в помощь логопеду, которую можно использовать в виде дополни- тельного материала. Программа включает в себя логопедические упражнения, иллюстрации которых выполнены средствами 3DMaxStudio, и звуковое сопровождение. Интерфейс программы создан сред- ствами Delphi.

This article shows the possibility of using new computer technology in the lo-gopedicheskoy activities. With the use of computer programs in speech therapy in the form of additional resources is growing interest of the child for classes, which increases the efficiency of studies on the development of speech. Also, preschool child learns elementary computer skills. Presented to the readers developed tanaya creative team of computer program language development of preschool children, pre-assigned to assist the speech therapist that can be used as supplementary mate-rial. The program includes speech therapy exercises, illustrations of which are fulfilled in a graphics editor 3DMaxStudio, soundtrack. Interface program, we created tools Delphi.

Заманауи өзгерістердің толқынында тіл кемшіліктерін жою жолындағы жаңа ақпараттық технологияларға үлкен мəн беріліп, жалпы логопедия ғылымының өзекті мəселелердің біріне айна- лып кетті. Компьютерлік технологиялар түзету-дамыту жұмысының əсерлі əрі тиімді əдісі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Олар дəстүрлі сабақтардың құрамына енгізіліп, қосымша инновациялық технологиялар элементтерінің көмегімен тұтас логопедиялық сабақтың іс жүзіне асы- руын қамтамасыз етеді.

Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолданатын логопед, компьютердің балалар денсаулығына тигізетін кері əсерін жоққа шығаруы тиіс. Жеке компьютерлік бағдарламаларды құрастыру барысында біз РАО Жас физиология институтының зерттеулерінің нəтижелерін негізге алдық, олар:

 компьютерде жұмыстың бірреттік максималды шегі;

 бір баламен жүргізілетін сабақтың ұзақтығы мен қайталануы (периодтылығы);

 балалардың компьютермен жұмыс істеуге психологиялық даярлығы.

Жаңа ақпараттық технологиялардың қатысуымен сабақты ұйымдастыру барысында балалардың физиологиялық, жастық жəне зияткерлік мүмкіндіктерін білу маңызды. Оқытудың дамытушылық қағидасын жəне ағымдық педагогикалық міндеттерін негізге ала отырып, компьютерлік бағдарламаны таңдау мен қайталау жөн, мұнда балалардың жүйке жүйесінің түрін, қызығушылықтар мен құмарлықтарын, оқыту тілін ескеру қажет.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Компьютерлік бағдарламалар логопедиялық түзету жұмысының бірнеше аспектілерін анықтайды: жоғарғы психикалық функцияларды, сөздік қорын жетілдіру, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дифференцивті жəне жеке келіс ұстанымы, сонымен қатар ерекше танымдық талаптары бар мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-дамыту жұмысы қамтамасыз етіледі [1].

Жүйелілік жəне бірізділік қағидаларына сəйкес, компьютерлік бағдарламаның тапсырмалары біртіндеп күрделене түседі, бағдарлама жеке келіс арқылы əр баламен дербес түзету жұмысын жасауға мүмкіндік береді.

Зейіннің бұзылысы, тұрақсыздығы, қабылдаудың кемшіліктері, оның шоғырлануының төмендігі, тілдік жүйенің дамымауы жəне тағы басқа ерекшеліктер логопедиялық түзету жұмысының маңыздылығын айқындайды. Логопедиялық жұмыстың мақсатты жəне үйлесімді ұйымдастырылуы, біріншіден, тіл кемшіліктерін түзетіп, оның жалпы дамуына жағымды əсерін тигізеді, екіншіден, жоғарғы психикалық функциялардың дамуын белсендетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың еріксіз зейіні жақсы дамығандықтан, бағдарламадағы оқу матрериалы түрлі-түсті, қызықты, қолжетімді формасында беріледі. Осы жағдайда компьютерлік бағдарламаны қолдану расталады деп айтуға тура келеді, ол ақпаратты қызықты ғана болдырмай, сонымен қатар оның мазмұнын тез жəне ұзақ мерзімге есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіпті тез басуға арналған клавиатуралық жаттықтырушылардың да, мəтіндік редакторлардың (Блокнот, WordPad), графикалық редакторлардың (Paint жəне т.б.) мəні зор [2].

Зерттеушілердің бағалауы бойынша, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану балалардың ұсақ моторикаларын, есте сақтау, қабылдау, зейіндерін дамытады, ойлау қабілетін жоғарылатады, ана тілі бойынша білімдердін терең оқытып, тиянақты бекітілуіне, сауатты жазудың дағдыларын нақтылауға көмектеседі. Компьютерлік технологиялардың қатысуымен сабақтарды ұйымдастырғанда, сабақтардың тəжірибелік бағыттылығын теориялық ережелермен қатар жүруі керек. Мысалы, жаттығуларды орындау, орфография ережелерін қайталаумен, кітаппен жұмыс істеу, фонематикалық естудің жетілдіруімен бірге тұтас беріледі.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар нарығында көптеген дамытушылық ойындар мен бағдарламалар бар. Қызықты оқиғалар оқудың ойындық элементтеріне жауапты. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін өте маңызды. Себебі компьютерлік бағдарламалардың мақсатына тек білім беру мен оны бекіту ғана жатпайды. Сонымен қатар ол эмоционалдық сергітуді көздейді, танымдық нəтижелі əрекетті қоздырады. Қолданыста дайын бағдарламалар жəне тіл кемшіліктерін ескеретін шығармашылық өзіндік тапсырмалары бар.

Дайын бағдарламалар жиірірек өткен материалдың көлеміне сəйкес келмейді. Осы себепте, соңғы кездерде, логопедтер бағдарламалаушымен бірігіп, авторлық дамыту бағдарламаларын құрастыруға бет алған [3]. Дегенмен, бүгінгі таңда, ұлттық тілде жазылған, түрлі-түсті көркемделген, тіл кемшіліктерін жоюға жəне дамытуға арналған бағдарламалардың тапшылығы байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың орнын басу мақсатында біз қазақ тілінде оқитын, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін түзету үшін арнайы бағдарламаның құрастыруын мақсаттадық.

Бағдарлама төрт бөлімді тапсырмалардан тұрады: «Дауысты», «Дауыссыз», «Дыбыстар», «Қазақ тіліне тəн дыбыстар».

Логопедиялық жаттығулар үшөлшемді объектілерді қолдануымен жасалған. Ол үшін үстінде сипатталған 3Dmax пакетінің мүмкіндіктерін қолдандық. Сол жаттығулардан мысал келтіріп, құру барысында қолданған 3Dmax құралдарын айта кетеміз.

Тіл дамыту жұмысына əр түрлі бөлімдерден мысал ретінде үш түрлі жаттығулар жасалған:

ұшақты іске қосу — «ж» əрібін үйрету үшін (1-сур.), арыстанның ырылдауы — «р» əрібін (2-сур.), ал əттеншек тілді жаттықтыру үшін арналған (3-сур.).

Бұл жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды:

 ұшақты құру үшін қарапайымдар мен булев операциялары қолданылған;

 объектінің мөлдірлігі үшін материалдар қасиетіндегі opacity командасы қолданылған;

 талдар қарапайымдар арқылы құрылған;

 жазықты бұрмалау үшін Noise модификаторы қолданылған.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

1-сур. Ұшақты ұшыру жаттығуы

2-сур. Арыстанның ырылдауы 3-сур. Тіл гимнастикасы Осы жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды:

 стандартты жəне қосымша қарапайымдар (сфера, цилиндр, жазықтық, OilTank-қосымшаға жатады);

 қарапайымдарға модификаторлар қолданылған: streach;

 булев операциялары: азайту, қиылысу, біріктіру;

 материалдар;

 камера;

 негізгі анимация.

Осы жаттығуды орындау барысында келесі мүмкіндіктер қолданылды:

 renderingenverioment командасы арқылы фон құру;

 дайын үлгілердің ішінен адамның моделін алу;

 эллипстің түсін қызылға өзгерту, өлшемдерін беру;

 негізгі анимациясын құру.

Келесі қадамда дыбыс жазуға көшеміз. Дыбыстық файлдарды дайындауға жəне өңдеуге арналған көптеген бағдарламалар бар. Олардың ішіндегі ең қолжетімдісі жəне қарапайымы — ол Windows операциялық жүйесіндегі «Звукозапись» атты бағдарламасын қолданамыз (4-сур.).

4-сур. Дыбысты жазуға жəне ойнатуға арналған

«Звукозапись» атты бағдарламасының терезесі

WAVE — цифрланған дыбысты сақтауға арналған ең көп таралған форматтардың бірі.

Дыбыстық файлдардың өлшемі олардың параметрлерінің сапасына қарай алуан түрлі өзгереді, мəселен, жиілігіне, жазу элементінің ұзақтығына, моно əлде стерео ма жəне т.б. екеніне байланысты.

Көлемі жөнінен дыбыстық файлдар уақыт ұзындығы бірдей цифрланған бейнефайлдарға қарағанда əлдеқайда аз орын алады, сондай-ақ желімен де тез тасымалданады [29].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

Келесі қадам — дыбыстық жəне бейнефайлдарды беттестіру. Яғни артық кадрларды өшіріп немесе дыбыстық файлға бос үзінділер қосу. Файлдарды синхронды түрге келтіру жұмысын VirtualDub бағдарламасымен орындаймыз (5-сур.). VirtualDub бейнены ұстап, өңдеуге арналған. AVI2 (OpenDML) жəне көпсегментті AVI-файлдарды оқып жазалады (2 Гб көлемді барьерді өту үшін).

Ішіне MPEG-1 жəне Motion-JPEG декодерлер енгізілген, сонымен қатар басқа да бейне- жəне аудиофайлдарды қосуға мүмкіндік береді.

5-сур. VirtualDub бағдарламасымен файлдарды беттестіру

Енді аудиофайл мен бейнені беттестірген соң, оларды синхронды түріне келтіру үшін Sound Forge 6.0 бағдарламасын қолданамыз (6-сур.).

6-сур. Sound Forge 6.0 бейне- жəне аудиофайлдарды өңдеу ортасы

Файлдарды беттестірген кезде бейне- немесе аудиофайлдарды келтіру керек. Ол үшін артық бейнекадрлерді қиып алу немесе пауза қосып келтіруге болады (7-сур.).

7-сур. Бейне- немесе аудиофайлдарды жеке өңдеу

Соңғы қадамда дайын бейнематериалдың көлемін кішірейту үшін қысу мүмкіндікті қолданамыз.

Ол үшін үстінде сипатталған VirtualDub бағдарламасымен жұмыс атқарамыз. Компрессия

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

мүмкіндігін пайдаланамыз. Берілген тізімнен қысу дəрежесі жоғары болатын Tech Smith Screen Capture Codek болып табылады (8-сур.).

8-сур. VirtualDub бағдарламасындағы қысу кодегтерінің тізім терезесі

Осымен бағдарламаға кіретін жаттығулар құру барысы аяқталады. Жаттығуларды құру кезінде қолданылатын мультимедиатехнологиялары өте көп, сондықтан олардың арасынан қолдануға ыңғайлы жəне қолдануға қарапайым болатын технологияларын таңдау қажет.

Жаттығуларды біріктіретін интерфейс құру үшін бірнеше əдіс ұсынамыз. Олар Delphi құралдарын қолдану немесе электрондық оқулықтың құрылымының иерархиясын жасау. Екінші жолда екі тегін таратылатын бағдарламаларды «Microsoft HTML Help Workshop» жəне «HTM2CHM»

қолдануға болады. Бағдарламаны іске қосу үшін келесі файлдарды құру қажет: Html-файлдар, қосымшаны сипаттайтын файл (*.hhp), мазмұнды файл (*.hhc), негізгі сөздер файлы (*.hhk).

HTM2CHM — Ярослав Кириллов құрған бағдарлама. HTM2CHM пайдалана отырып, мазмұны

TOC.hhcтың файлын жасаймыз жəне сəйкесінше HTM2CHM əр түрлi таңбалар тағайындап керектi ретте беттерді орнатамыз.

Мазмұны — бұл кез келген оқулықтың бөлiгi екені сөзсiз. Бұл бетте файлға кiретiн бөлімдердің тiзiмi көрсетiледi. Бұл тiзiм сызықты немесе тал ретінде болуы мəлiметтiң құрылымына тəуелдi болады. Мазмұнының кеңейтуi HHC бар файлда сақталынады, қысқартылғаны кейде TOC (Table of Contents) файл деп айтады. Əдеттегiдей мазмұнның аталуы HTML басшыларынан алынады — TITLE тегi.

Үстінде көрсетілген мүмкіндіктерді қолдануымен кез келген салада оқушыларға арналған компьютерлік бағдарламаларын мемлекеттік тілде құруға болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мəселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана, біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бəсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дəрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қорыта келе, компьютерлік технологиялармен жүзеге асатын логопедиялық бағдарламалар танымдық əрекеттің, ұсақ моториканың, ерік-жігер саласының белсеңдетуін туғызады. Ал оның ең негізгі міндеті — тіл кемшіліктерін түзету — тиімді жəне қызықты тұрпатта өтеді.

Білім беру жүйесінде, түзету-дамыту саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, балалардың психикалық дамуының заңдылықтарын ескере отырып, түзету, оқыту-дамыту, сақталған механизмдердің негізінде компенсаторлы міндеттерді шешеді.

Біздің бағдарламамызды қолдану логопедиялық жұмысты тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондықтан оның маңыздылығы расталады.

References

1. Bespalko V.P. Education and training with computers (Pedagogy of the third millennium). — M.-Voronezh: Neige-Univ. psih.- ped. Inst.; Univ NGO «Modek», 2002.

2. Korolevskaya T.K. Computer interactive technology and speaking as a means of communication: Advances and searches // Defec- tology. — 1998. — № 1. — Р. 47–55.

3. Kukushkina O.I. Computer in special education: Problems, search, approach // Defectology. — 1994. — № 5.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Көркемдікке жəне сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор.Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі жəне табиғаттағы сыртқы

гілікті жағдайларға байланысты оған əртүрлі өзгерістер енгізілуі мүмкін, мысалы, балалардың келу жəне қайту уақыттары. Алайда, тəртіптің негізгі

Осы пəннің шеңберінде қарастырылатын тақырыптар: мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын инновациялық технологиялар, мектепке дейінгі оқыту

Осылардың ішіндегі мектеп оқушыларынан бастап зейнет жасына дейінгі жалпы саны 950 адамның компьютерлік жүйеде жұмыс жасай білуін, мемлекеттік

Түзетушілік болгы екі кезеңнен тұрады: біріншісі – дайындық, оның мақсаты – түзету жұмысының қаулысын құру, сенімділікті көтеру, артикуляциялық

өзара көмек пен жанашырлық, жағымсыз себептерден арылуға және жанжал жағдайларын сындарлы шешуге дайын. Ғалымдар мен практиктер мектеп жасына

ына арналған интерфейс бөліктері — « Көру қабіле ейінгі балалардың көру арқылы қабылдауын дамыт ке дайындық», бұл интерфейстің бөліктері 6-с дағдысы туралы нені

Сфералық 3D панорамалар жəне виртуалды турлар – қазіргі уақыттағы ақпаратты елестете алудың ең тиімді жəне сенімді тəсілдерінің бірі болып табылады, себебі