92
кітаптарының бірі. Осы арқылы Мырзағазы азаматтық тарихымызда ғылыми әдебиеттің қалыптасуына үлес қосты.
Мырзағазы Есболов көрнекті ғалым, тәжірибелі ұстаз болуымен бірге білікті журналист және аудармашы, мемлекет қайраткері еді. Осындай зиялы, білікті де алаш қайраткерінің есімі бұл күнде көп атала бермейді. Ал оның өз өмірінде еліне, туған халқына жасаған еңбегі мол.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих Толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б, 2. Булатова Д. Есполов. 90 лет спустя. – Алматы: Үміт, 2013. – 232 с.
3. Әннес Ғ. //Қаламмен қызмет еткен арыстар//. Ана тілі, 2017. № 28.
4. Дулатова Г.М. Алаштың сөнбес жұлдыздары: - Алматы: Мектеп, 2010. – 360 б.
5. Оспанов Қ. //Ұлтына Қызмет Еткен Алаш қайраткері Мырзағазы Есболов туралы сөз//. Қостанай Таңы, 2015. №8.
6. Қамзабекұлы Д. Руханият: - Алматы: Атамұра, 1997. – 265 б.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ АҚЫЛ-БІЛІМ ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Оразалиева Гулжайна, «Тарих» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Күзембайұлы Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогика университеті
Біліксіздің тілін тиған жөн болар, Білімдінің сөзін жиған жөн болар...
Ж.Баласағұн Білімді ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның, қай заманның болмасын басты мәселесі екені барлығымызға белгілі. Жаһандану процесінде ел болашағын ойлайтын, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдениеті мен ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу – қоғам алдындағы міндет. Білім - бүгінгі жастардың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуға тиісті.
Түркі даласында, көне түркі халықтарының ішінде білім алуға, жас ұрпаққа білім беруге көңіл ерте заманнан-ақ бөлінген. Мәселен, орта ғасырдың алғашқы дәуірінде орталық Азияны мекендеген ру-тайпалардың ішінде Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ахмет Йүгінеки, Махмут Қашқари сынды ғұламалар өзінің ғылым, білім туралы еңбектеріменен белгілі болды. Соның бірі - Жүсіп Баласағұн.
Жүсіп Баласағұнның өмірі мен еңбектеріне көптеген ғалым-жазушылар, тарихшылар қалам тартты. Атап айтар болсақ, ертеректе Хамер-Пругшталь, В.В. Радлов ғылыми айналымға енгізуге үлесін қосып, орыс тіліне ХХ ғасырдың орта шенінде С.Е. Малов, Н.Гребнев және 1983 жылы С.Н. Иванов «Құтты біліктің» толық аудармасын жасайды [1, 14 б.]. Жүсіп Баласағұн поэмасын зерделеуші ғалымдар қатарына Танджей, А.Бонбачи т.б., орыс шығыстанушылары В.В.Бартольд, И.Бородина, А.Кононовтарды қосамыз [2, 63 б.].
Сонымен қатар қазақ зерттеушілері: Р.Бердібаев, К.Жарықбаев А.Дербісалиев және 1986 жылы қазақ тілінде шығарылған аударма авторы Асқар Егеубаевты айтуға болады [3, 110 б.].
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн – түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан – ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдерінде орта ғасырдың атақты ғалымы, нақтырақ айтсақ, философия, математика, медицина, астраномия, тарих, тіл білімі, әдебиеттану және т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған. Әйтсе де, Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, тарихта мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір туындысы – «Құтты білік»
93
дастаны.
Жүсіп Баласағұн туралы мағлұмат көп емес. «Құтты білік» дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер сақталған. Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырдағы Қарахандар мемлекетінің жерінде дүниеге келіп, өмір сүргені белгілі. Өнер – білімі, мәдениеті дамыған, сауда жолының тоғыз торабына орналасқан осы Баласағұн қаласында өз заманының озық ойшылы, әйгілі ақыны Жүсіп Баласағұн шамамен 1015 жылы зиялы отбасында дүниеге келген. Ол саяси-әлеуметтік мәні зор «Құтты білік» еңбегін 54 жасында Баласағұн қаласында жазуды бастап, оны Қашқарда 1069-1070 жылдары бір жарым жылдың ішінде аяқтайды да, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі билеушісі Бұғраханға сыйға тартады. Кітаптың мазмұнына риза болған хан оның еңбегін жоғары бағалап, «Хас Хажыб» (Бас уәзір) деген құрметті лауазым береді. Бұл туралы ақынның өзі де кітабының кіріспесінде былай деп айтып кетеді: «Бұл кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа кісі жазып шығарған. Әмме бұл кітапты Қашқарда тәмамдап, Машрық мәлігі Табғаш Бұғра ханның құзыры на ұсынған.
Мәлік оның еңбегін қадірлеп, жарылқап әрі ұлықлап Хас Хажыб деген атақ беріп, ерекше ілтифат білдірген...» [4, 75 б.].
Кітап авторының «Кітап атын Құтадғу біліг» қойдым, Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың!» (350-бәйіт) – деген түйіндері оның қадір-қасиетін бірден сезінуге түрткі болады.
Ежелгі түрік елінде кітаптың атын құрайтын «Құт», «Білік» сөздері киелі ұғымдары білдіретін аса қасиетті сөздер санатында қолданылған. Кітаптың «Құтты білік» атануына тоқталсақ, «Құт» сөзінің бұл кезеңдегі классикалық ұғымы – байлықпен жалғасқан «бақыт идеясы».
Ал, «Білік» сөзі – білімді, білікті, заңды деген ұғымды білдірсе керек. Шыңғыс ханның әйгілі Ұлы Жасақ – заңдар жинағының бір бөлігі «Білік» деп аталуы бекер емес:
«Біліктен және Жасақтан тұратын ұлы Жасақ бізге дейін үзінді түрінде жеткен». Кітаптың қаншалықты мәнге ие екенін де автор өлең жолдарымен айқындап береді:
«Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі, Біліктіге болғай білім теңізі!
Құт-білікпен безенген бұл жамағат, Шүкір қылып алда тіле қанағат.
Күллі дана сөзі түгел сүзілген, Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!
...Тыңдағанға – ұғынықты, қадірлі, Жазбасы – ауыр, надандарға кәдімгі.
Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар, Екі дүние ісін бірдей оңдасар.
...Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде» [1, 43 б.].
«Құтты білік» поэмасы ерте заманның өзінде-ақ төрткүл дүниеге түрлі атпен белгілі болған. Шын Машын елдерінде «Адабул мүлік» (Әкімдердің әдептілігі), «Айнкул мамалакат» (Мемлекет тәртібі), Шығыс жұртында «Зийнатул-умаро» (Әмірлердің сән- салтанаты), ал тұрандықтарда «Құтадғу біліг» (Құтты білік) деп аталған [5, 108 б.].
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған үш нұсқасы бар:
Алғашқысы, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба казіргі күнде Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сондықтан да оны Вена нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деп атауының себебі, бұл қолжазба 1439 ж.
Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі–Хасан Қара Сеиіл. Дастанның осы Вена нұсқасының тарихы қызық. Бұл қолжазба әлде кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы «Құтты білік» қолжазбасын біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арада 300 жылдай уақыт өтіп, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер – Пургшталь Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген уақытта біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға сыйға тартады.
94
Екіншісі Каир нұсқасы [6, 18 б.]. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В. Радлов Петербург ғылым академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіріп алады. Казір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр. Соңғы нұсқасы - Наманган нұсқасы деп аталады. Оны 1913 жылы А.В. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әріпімен көшірілген ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану институтында сақталып келеді [6, 20 б.].
«Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия» журналында бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды. Бұл істі кейінірек венгр ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның барлығын қосып, 1870 жылы «Құтты білікті» жеке кітап етіп шығарды [5, 65 б.].
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Бұл дастанға тарихшы А.Күзембайұлы былай сипаттама береді: «Жалпы алғанда «Құтты білік» – күрделі жүйелік туынды. Онда жалпы философиялық, өмірлік-тәжірибелік, саяси, әлеуметтік және эстетикалық сипаттағы проблемалар көтерілген. Ең басты мәселе – адам, оның қоғамдық және табиғи ортадағы ролі» [2, 63 б.].
Бұл әлемді ақылға салып түзетуге болатынына сенген ақын әділетті адамзат қоғамын құруды арман етеді. Сондықтан дастанда ғылым мен білімге зор мән берілген. Білімнің туа бітетін қасиет деп саналмайтын пікірге қарсы болып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сеніп, өз еңбегі арқылы дәлелдеуге тырысады. Білім нәрінен мол сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. «Құтты білікте» білім, өмір мәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетеді. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім - адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері, жақсылық және жамандық, адамгершілік құндылықтары қарастырылады, мәселен:
Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті, Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
Ақыл пайда болса, ұлылық толады, Білім кімде сол білікті болады.
Білімсіздер бар кеселді көреді, Емдемесе тектен – текке өледі.
Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, Қарақшы, ұрыға да тоналмас [1, 52 б.].
Дастан соңында, Жүсіп Баласағұн білім мен оның пайдасы туралы өз-өзіне ақыл-кеңес береді:
Білік-білім төрден орын аларсың, Білік білсең – түзу, берік адамсың.
95
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын, Жанды судай біліктен күш аласың.
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына.
«Білем!» - десең, жырақсың сен білімнен, Хас білікті: «Наданмын!» -деп, түңілген!
Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,
Қанша сімір, сарқылмайды, білсеңіз! [1, 355 б.].
Білім – адам баласының сарқылмас қазына-мүлкі. Білімді адам – білгір, ақылды; жазу, оқу, білімділік белгісі; надандық деген сырқатты ешбір емші жаза алмас, оны тек білімділік қана айықтырар. Білместік, надандықты қараңғылыққа теңеп, одан шығу жолдың тек – білім екені айтылады.
«Ақыл – шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық, нұрын саған шашатын» [1, 643 б.].
Ақылың мен білімің ғана өмірде сый, өлгенге құрмет алып келеді [3, 33 б.] дей келе, білім мен ақылдың адам өміріндегі ең қымбат құндылықтары деп санады. Бұл мәселеге дастанның бір тарауы арналған. Ақын өзін көркем сөз шебері ретінде де ақылды ардақтап, білімді дәріптеу негізгі міндетім деп біледі. Ақыл адамды басқалардан жоғары көтеріп, даңқын асырады. Егер табиғатынан патша ақылды болып туса, ол - халқының бақыты, тағдырдың сол елге берген баға бермес сыйы. Ақылды ер – қарапайым қарадан шықса да қадірлі мырза, өзінен – өзі таңдаулы тақсыр санатында болады. Білімді адам ешкімге тәуелді болмай-ақ, өзіне тамақ пен киім табады.
Халқымыздың санасын оятып, рухани жаңғыру үшін және болашақ ұрпақтарымыздың жан – жақты дамыған, ақылды, білімді, парасатты, сонымен қоса, ХХІ ғасырдағы бәсекелестікке қарсы тұра алу үшін бабаларымыздың қалдырған ұлағатты сөздерінің орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құтты білік / Көне түрік тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.
Егеубай. – Алматы: «Өлке», 2006. - 640 б.
2. Түркі руханияты: оқу құралы / А.Күзембайұлы, Т.Ә.Ахметов, Т.Қ. Әлібек. – Қостанай: ҚМПИ, 2007. -245 б.
3. Баласағұнтану: «Құтты білік» дастанының қазіргі жаһандану үдерісімен үндестігі.
Ұжымдық монография/Жалпы ред, басқ. Көшербаева А.Н. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2016. – 232 б.
4. Ұлы дала ғұламаларының рухани-адамгершілік құндылықтары (VІ-ХХ ғ.ғ).
Монография. Т.Ә. Ахметов. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2016. – 275 б.
5. Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» // Қазақстан мектебі. №11 1993.
6. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005. -336 б.
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ МАТЕРИАЛОВ ОРЕНБУРГСКОЙ ЭКСПЕДИЦИИ В КАРАКАЛПАКСКОЙ ИСТОРИОГРАФИИ
Сапарниязов А., младший научный сотрудник Каракалпакского научно-исследовательского института гуманитарных наук
Каракалпакского отдела АН РУ
Научный руководитель: к.и.н. Джумашев А.
г. Нукус, Республика Каракалпакстан
В течение многих лет историками Каракалпакстана были подвернуты исследованию материалы архивохранилищ Москвы, Санкт-Петербурга, Оренбурга, Астрахани, Алма-Аты, Ташкента и Нукуса, где в архивных фондах Оренбургской экспедиции исследователь найдет