ƏОЖ 8.81
Қанапина, С.Ғ.,
филология ғылымдарының кандиданты, қауымдастырылған профессор
Қуанышбаева, Г.Ш.,
«6B01701 – Қазақ тілі мен əдебиеті»
оқу бағдарламасының 2 курс студенті ТҰТҚАБАЙ ИМАНБЕКОВТЫҢ «ҮЛКЕН ҮЙ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
ТЕҢЕУДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ Түйін
Тілдегі теңеулер – бүгінгі ұлттық əдеби тілдегі бағзы заман өмірінің адам санасындағы ұқсату белгісінің көркемдік қуаты. Берілген мақала Тұтқабай Иманбековтың «Үлкен үй» романындағы теңеулердің этнолинг- вистикалық қолданысын зерттеуге арналған.
Кілт сөздер: теңеу, этнолингвистика, сөздік, мағына, құбылыс.
1 Кіріспе
Теңеу – екі нəрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тəсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нəрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нəрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нəрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Сонымен қатар бір нəрсені басқа нəрсемен қимыл-козғалысындағы ұксастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі. Бір-біріне мүлде жанасымы жоқ сияқты көрінетін екі нəрсенің қандай да бір қасиет-белгілерінен, не қимыл өзгешелігінен ұқсастық, жақындық тауып, теңестіруге болатынын атап айта кету қажет. Бұдан теңеуді əде- биетте, поэзияда бейнелеу құралы етіп пайдаланудың шексіз бай мүмкіндігі бар екені айқын- далады.
Теңеудің өзгешелігін, мазмұндылығын, тереңірек түсіну үшін тағы бірер мысал келті- руге болады. Алдымен «көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей» деген теңеуді алайық.
Осы теңеулер біздің көз алдымызға шалқар айдын көлді, шетсіз, шексіз сияқты болып, шал- қып жатқан суды, не болмаса, үдере көшіп келе жатқан көп адамның, елдің бейнесін елесте- теді. Сондықтан біз көптің күші мығым, зор деген тұжырымды тек ұғым күйінде ғана қабыл- дап қоймаймыз, көз алдымызда айқын елес беріп тұрған көлдің, елдің көрініс əсері, суретті- лік, бейнелілік əсері арқылы терең сезіне отырып та қабылдаймыз.
Немесе, қақтаған ақ күмістей деп қыздың маңдайын сипаттайтын теңеуге зер салып қарасақ, мұның мағынасы өте кең, бай екенін көреміз. Бұл теңеу сұлу қыздың маңдайының ақ, кең деп тікелей көрсетілген сипаттарымен қатар жарқыраған, жазық, нəзік, ешбір мінсіз, көз тартарлық көркем деген сияқты талай қасиеттерін де қоса аңғартады.
Теңеу туралы айтылғанда салыстыру үшін қандай нəрсе алынып отырса, соған көбірек мəн беріледі. Асылында, мəселе тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған кұбылыс, нəрсе қандай, оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр жəне екі нəрсені те- ңестірудің өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады – міне, алдымен осылар толық ескері- луге тиіс [1].
Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым – Т.Қоңыров. «Қазақ те- ңеулері» атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан-жақты қарастыра отырып, теңеуге анықтама береді:
«Сонымен, теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетаны-
мының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі. Сондықтан да теңеуді таным
құралы ретінде философияда, стильдік əдіс ретінде əдебиеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді».
Ғалым Қ.Жұмалиевтің пікірінен шығатын қорытынды мынау: қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі тəсілі бар: бірінші, -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы, екінші, -ша, -ше жұрнағының көмегімен, үшінші – секілді, сияқты, тə- різді сөздері. Қ.Жұмалиевтің бұл пікірі дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тəсілдерін түгел қамти алмайды. Қолда бар қыруар материалды сұрыптай келгенде, қазақ тіліндегі теңеулер- дің жасалуының төмендегідей жолдары бар екені анықталды:
1) -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен;
2) -ша, -ше жұрнағының көмегімен; белгісіз нəрсені, жұртқа мəлім белгілі нəрселер- ге салыстыру арқылы көзге елестету орындалады. Қазақ тіліндегі теңеулердің көпшілігі-ақ осы жұрнақтар(дай-дей, тай-тей, ша-ше) арқылы жасалады:
«Көзі жарық жұлдыздай9 Мойыны қыл қобыздай Құйрығы бар қамшыдай Шудасы бар жамшыдай..»
«Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады...»
3) Шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) көмегімен теңеу- лік образда жасайтын тəсіл. Мəселен, ауызекі тілде қазақтар қойдан жуас, иттің етінен жек көру, бетегеден биік, жусаннан аласа, сүттен ақ, судан таза деген тəріздес сөз тіркестерін мейлінше мол қолданады. Бұл тəсілдің көмегімен сапалық ұғымдар бір-бірімен салыстыры- лып, сол салыстырудың нəтижесінде теңеулік образ жасалады. Белі нəзік талып тұр, Тарт- қан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей неғып тұр!? (Батырлар жыры), Қызығы бұл дүниенің балдан тəтті, Көңілге бек сақтаған қанағатты (Майлықожа).
4) Секілді, сияқты, тəрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
«Ұяты жоқ жігіт Жүгенсіз ат секілді.
Ұяты жоқ əйел Тұзсыз ас секілді...»
5) Бейне сөзінің көмегімен теңеулер аналитикалық тəсіл арқылы жасалынады.
Толқын бейне арыстан Ашуынан айрылар.
Көк ала жалын қолға орап, Тартсам менен қаймығар [3].
6) Тең сөзінің көмегімен;
7) Ұқсас сөзінің көмегімен;
Қазақ тілінде бұл аталған тəсілдерден басқа да теңеу тудыратын тəсілдер бар. Соның бірі – ұқсас (ұқсайды, ұқсап, ұқсаған) сөзінің теңеулік қызметі. Бұл тəсіл – теңеу тудыратын ең пəрменді тəсілдердің бірі. Ұқсас (ұқсап, ұқсаган, ұқсайды) сөзінің көмегімен жасалатын теңеулік конструкция – қазақ тілінің ертеден бері келе жатқан етене. өнімді тəсілі. Бірақ осы күнге шейін бұл тəсілдің теңеу категориясына қатысты қарастырылмауы – таңғаларлық жайт.
8) Параллелизм тəсілі көмегімен; Мұнда екі нəрсе қатар алынады да, олар бір-бірі- мен салыстырылады. Теңеудің параллелизмдік тəсілінің классикалық үлгілері, əсіресе, ауыз əдебиетінде кеңінен тараған. Соның бірі «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің монологы:
Бұқар барсаң, қолаң бар, Қолаңды көр де, шашым көр. Зергер барсаң қасында, Алтыннан соққан түйме бар, Түйме көр де, басым көр.
9) Аралас тəсілдің (бейне жəне -дай, -дей; бейне жəне секілді) көмегімен;
Мұнда жоғарыдағы тəсілдердің екеуі не үшеуі бірігіп келіп, теңеулік образ жасайды.
Бұл жағдайда теңеудің мағынасы күшейіп, образы мейлінше айқындала түседі. Мысалы:
1) Қыздар жүр, дүр төгілген қолаң шашы, Бейне піл тұмсығындай білеуленген (Д.
Əбілов).
2) Дəл бейне ерте шыққан бүлдіргенше, Суық соғып бүрісер, дəмі енгенше. (Айтыс).
10) Қосалқы тəсілдер көмегімен
Тілімізде теңеу жасаудың бұлардан басқа да өнімсіз амалдары бар. Мысалы:
а) Ширығып шыдамы жоқ тұр ханыша, У жеген бурыл бөрі турымданып (І. Жансү- гіров).
б) Аумаған бір маймыл, күшті дейсің ғой бір (С. Мұқанов).
Бұл келтірілген мысалдар түрлі жолмен жасалған: «а» мысалындағы теңеу «порым- данып», «б» теңеуі «аумаған» сөзінің көмегімен пайда болған[2].
Қайыңдар күмістің сом бақанындай, Жиі терек əскердің қатарындай.
Бұтақтар жапырағы сылдыраған
Өзбектің батсайы шапанындай (С. Мұқанов).
Шұғыла шалған кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап, Өрт топанын кешіп, Нұхтай Жалғыз өзі тұрды бойлап:
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге (Қ. Аманжолов).
Шаншылып Алатаудың үршығындай, Шабыттың шырқап биік ыршуындай.
Шолып түр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман жақпар-жақпар жыр шыңындай. (Ж. Молдағалиев).
Шілдеде қандай момақан, Толқының майда мақпалдай.
Бірнеше жұмсақ алақан
Көтеріп бара жатқандай…(F. Кайырбеков).
Жоғарыда төрт ақыннан мысалға алынған төрт шумақ өлеңдегі теңеулерге қайта орал- сақ, бұлардың ішінде қайыңды бақанмен, толқынды мақпалмен салыстырған жай теңеулер- мен қатар, бүтін бір құбылысты бірнеше сөзбен бір бөлек ұғымға көшіріп тұрған күрделі теңеулер де бар екенін көреміз: Қасым Абдолла ақынның өрт ішінде лаулаған ғаламат кескі- нін көзге елестету үшін бір ғана зат емес, бүтін бір ұғымды тұтасымен теңеуге айналдырып, Тұрды ұқсап, тұрды ол кейде от ұстаған Прометейге десе, Ғафу да суда жүзген адамның май- да толқын құшағындағы қалпын, қалпын емес-ау түйсігін бір сөзге сыйғыза алмай, теңеуін бірнеше сөзбен ұлғайта бере бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай деп, тамаша образ жасап тоқтайды. Бұлардың қай-қайсысы да – теңеудің ұлғайған, күрделі түрі [3].
2 Материалдар мен əдістер
Бұл мақаланы жазу барысында алдымен жалпы теориялық əдіс қолданылды. Теңеудің шығу тегі, түрлері жайлы зерттеген ғалымдар еңбектері қаралды. Қажетті материалдар жи- нақталып, мақала жазуда бір жүйеге келтірілді. Т.Иманбековтың «Үлкен үй»шығармасында қолданылған теңеулер этнолингвистикалық сипаты жағынан талданды.
3,4 Нəтижелер мен талқылау
Жазушы Т.Иманбековтың «Үлкен үй» романында кездесетін теңеулер:
1. Дүние түрленіп, ұзатылар қыздай жасанған шағы.(Т.Иманбеков “Үлкен үй”1-бет).
Бұл сөйлемдегі қыздай сөзі жібектей сызылған, биязы,сыпайы мағынасында жұмсалған.
Алайда, сөйлемде ауыспалы мағынада яғни, табиғаттың əсемделіп, гүлденген шағы деген сөздің орнына жұмсалып тұр.
2. Асфальт айнадай боп көрінеді. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”14-бет). Бұл жердегі айна- дай сөзі күнделікті тұрмыста қолданатын зат мағынасында қолданылған. Алайда, сөйлемде ауыспалы мағынасында таза, жылтырап тұр дегенді білдіреді.
3. Ал анау оймақтай үйде осындағы басшылардың біразы тұрады. (Т.Иманбеков
“Үлкен үй”18-бет). Қазақ халқы қашанда еңбекқор халық. Жалпы, оймақ деген сөз тігінші құралдарының бірі, саусаққа киетін құрал екені түсінікті. Алайда, сөйлем ішінде ол сөз ауыспалы мағында кішкентай, титтей, құрттай мағынасында жұмсалып тұр.
4. Кеудесі шайдай ашылғандай. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”32-бет). Жалпы, қазақ хал- қы шай ішкенді жақсы көретін халық қой. Мұндағы шай сөзі сусын мағынасында түсінікті білдіретіні барлығымызға аян. Алайда, контекстегі мағынасы “жарқырап” деген сөздің мағынасында қолданылып тұр.
5. Бірте-бірте тұтасқан шаң керме бұлттай мұнарланып құлан үйірін көрсетпей жібереді екен. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”63-бет). Бұл жердегі бұлт сөзі табиғат құбылысы екені түсінікті. Алайда, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада көңілсіздікті білдіріп тұр.
6. Толқындай тулап, өртше лапылдап келе жатқан аламан қуғынға шалдырмай əлек етті. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”65-бет). Бұл жердегі толқын, өрт табиғат құбылыстары екені түсінікті. Бірақ, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада қатты, жылдам сөзінің орнына жұмсалып тұр.
7. Томардай басымен жердің шаның бұрқырата соққылап, бейшара кісінеп көп жа- тыпты. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”66-бет). Бұл сөйлемдегі томардай сөзі дəу, үлкен, дөңбектей мағынасын білдіретіні түсінікті. Сөйлемде де сол мағынада жұмсалып тұр.
8. Қора ішінде бүйірі бүрісіп қалтырап тұрады да мұрттай ұшады. (Т.Иманбеков
“Үлкен үй”73-бет). Бұл сөйлемде мұрттай теңеуі қалпақтай ұшты деген мағынаны білдіріп тұр.
9. Бала көзін жыпылықтатып, күлшедей бұртиған қолымен бетін сипалақтайды.
(Т.Иманбеков “Үлкен үй”82-бет). Бұл жердегі күлше сөзі астықтын, нанның бір түрі екені түсінікті. Алайда, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада яғни, томпиған сөзінің мағынасында жұмсалып тұр.
10. Керім мен тағы бір жігіт тайдай самаурынды көтеріп кіргізді. (Т.Иманбеков
“Үлкен үй”83-бет). Бұл жердегі тай сөзі жалпы төрт түлік атау екені түсінікті. Алайда, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада яғни, ірі, үлкен мағынасында жұмсалып тұр.
11. Көзінің қарашығындай жалғыз баласын бізге қиып беріп еді. (Т.Иманбеков
“Үлкен үй”84-бет). Аталған сөйлемде көзінің қарашығындай теңеуі адамның жар дегенде жалғыз баласы мағынасында қолданылып тұр.
12. Жастар қалжыңдасып жатыр ма, əлде ұрысып қалды ма екен деген күдікпен қақпа- дан кіре бергенімде бір машина құйындай жүйткіп келеді екен. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”89- бет). Бұл жердегі құйын сөзі табиғат құбылысы екені түсінікті. Алайда, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада жылдам, тез сөзінің мағынасында жұмсалып тұр.
13. Таңауы қабысынқы, қылыштай қыр мұрын қос қастың сүйеуішіндей бедерсіз тегіс екен. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”11-бет). Бұл жердегі қылыш сөзі қару-жарақтың бір түрі екенін білеміз. Ал, осы сөйлем ішінде өткір сөзінің мағынасында жұмсалып тұр.
14. Ержан түс көрген. Мидай жазық дала екен дейді. (Т.Иманбеков “Үлкен үй”126- бет). Аталған сөйлемдегі мидай теңеуі кең, жазық мағынасында жұмсалып тұр.
5 Қорытынды
Қорыта келгенде, теңеу дегеніміз–белгісіз нəрсені жұртқа мəлім нəрсемен салыстыра айтатын көркемдік ұғым. Соның ішінде этнолингвистикалық теңеулер ұлтымыздың сан ға- сырлы тарихынан сыр шертетін, оны қазіргі заманғы нəрселермен салыстыра көрсететін бейнелі ұғымдар. Олар арқылы ұлттық мəдениетіміздің байлығы, сөздік қорымыздың молды- ғы көрініс табады. Аталған мақала Тұтқабай Иманбековтың «Үлкен үй» романындағы этно- лингвистикалық теңеулерді анықтауға арналған. Жалпы алғанда, Тұтқабай Иманбеков өз
шығармасында ұлттық теңеулерді ерекше мағыналы түрде қолдана білген. Жалпы, шығар- мадан 32 теңеу терілді. Соның ішіндегі 14 теңеуге талдау жасалды.
Əдебиеттер тізімі
1. Қоңыров Т.Қазақ теңеулері – Алматы: Мектеп, 1978. – 193 б.
2. Қабдолов З.Оқулық жəне оқулыққа қосымшалар. – Алматы”Санат”, 2003. – 528 б.
3. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. “Мектеп” баспасы – 1973. – 180 б.
4. Иманбеков Т.Үлкен үй:роман. – Алматы “Жазушы”, 1979. – 286 б.
Материал редакцияға түсті: 23.11.2021 КАНАПИНА, С.Г., КУАНЫШБАЕВА, Г.Ш.
ЭТНОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ ХАРАКТЕР РАВЕНСТВА В ПРОИЗВЕДЕНИИ ТУТКАБАЯ ИМАНБЕКОВА «БОЛЬШОЙ ДОМ»
Сравнения в языке это художественная сила символа в человеческом сознании и жизни в современном национальном литературном языке. Данная статья посвящена исследованию этнолингвистического использования сравнений в романе Туткабая Иманбекова "Улкен уй ".
Ключевые слова: сравнения, этнолингвистика, словарь, значение, явление.
KANAPINA, S. G., KUANYSHBAYEVA, G.
ETHNOLINGUISTIC CHARACTER OF THE EQUATION IN THE WORK «BIG HOUSE» BY TUTKABAY IMANBEKOV
Comparisons in language are the artistic power of a symbol in human consciousness and life in the modern national literary language. This article is devoted to the study of the ethnolinguistic use of
comparisons in Tutkabai Imanbekov's novel "Ulken uy".
Key words: comparisons, ethnolinguistics, dictionary, meaning, phenomenon.
ƏОЖ 8.1751
Ерманова, С.Б.,
тіл жəне əдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушы,
педагогика ғылымдарының магистрі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Қостанай, Қазақстан
ҚАЗАҚҚА ҚАСИЕТТІ «ҚАРА» СӨЗІНІҢ ҚҰДІРЕТІ Түйін
Бұл мақалада қазаққа қасиетті «қара» сөзінің қадір қасиеттінің мəн –мағынасы кең көлемде қолдану жағы ашылып көрсетілген. “Қара” түр-түс атауларының қолданысына қарай білдіретін мағынасы да өзгеріп отыра- тындығы анық байқалады. Бұл біздің таза да терең, кең тіліміздің өсіп, өнгендігін, түрленгендігін, сөздік қорымыздың байи түскендігін, толығу үстінде екендігін көрсетеді.
Кілт сөздер: «Қара қазақ» «Қара өлең» «Қара домбыра» «Қара бала»
«Қара қазан» «Қара шаңырақ».
1 Кіріспе
Қазақ үшін ежелгі заманнан бері қадірлі, қасиетті болып саналатын ұғымдар бар.
Қарға тамырлы қазақ халқы «қара» түсті берекенің, қарапайымдылықтың, ізгі ниеттің түсі деп бағалайды. Қаннан келген қарапайымдылық,тектілік осы бір «Қара» сөзінің айналасына шоғырланғандай. «Қара қазақ» деген сөз ұлтымызға етене таныс сөз екені белгілі.Түр сипатымыз əр түрлі босада «Қара қазақтың ұрпағымыз ғой» деп, қара көзіміз бен, қара