ҒТАХР 68:67.29.31
ӘОЖ 911.372.7:711.437 (045)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
СОЦИАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ КАЗАХСТАНА SOCIAL INFRASTRUCTURE OF RURAL AREAS OF KAZAKHSTAN
А.Ж. НУКЕШЕВА*
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Д. ЖЕНСХАН
э.ғ.к.
Р.С. МУСИНА э.ғ.к.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан [email protected]
А.Ж. НУКЕШЕВА
к.э.н., ассоциированный профессор Д. ЖЕНСХАН
к.э.н.
Р.С. МУСИНА к.э.н.
Казахский агротехнический университет им.С.Сейфуллина, Нур-Султан, Казахстан A.ZH. NUKESHEVA
C.E.Sc. Associated Professor D. ZHENSKHAN
C.E.Sc., R.S. MUSSINA
C.E.Sc.,
SakenSeifullin Kazakh Agrotechnical University, Nur-Sultan, Kazakhstan
Аңдатпа. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының мәні, маңызы, бағыттары және элементтері, ауыл халқының әлеуметтік бағыттағы экономиканың нақты секторының әр түрлі нысандарында қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі, атап айтқанда: тұрғын үй- коммуналдық және жол-көлік қызметтері, электрмен жабдықтау, байланыс қызметі, денсаулық сақтау, қаржы және заң қызметтері, ғылыми дүниетаным мен қоғамдық сананы қалыптастыру саласы, жалпыға бірдей тәртіпті қамтамасыз ету ашылған. Бес жылда (2015- 2019 жж.) ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен даму серпіні талданған. Елдің ауыл тұрғындарының үлесі, ішкі жалпы өнімдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің деңгейі, аграрлық сектор қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының мөлшері, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған механизмнің агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесі анықталған. Республиканың аграрлық саласы мен ауылдық қоныстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайын тұрақтандыру мен жақсарту үшін қабылданған мемлекеттік басқарудың құралдары зерделенген. Ауылдық жерлердегі білім беру мекемелері халықтың қалыпты өмір сүруін функционалдық қамтамасыз ететін объектілер ретінде және 2014-2019 жылдардағы олардың түлектері санының динамикасы зерттелген. Ауылдық аумақтардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру проблемаларына талдау жасалып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Авторлар атап өткендей, жергілікті органдар әлеуметтік жаңартуға бағытталған ұйымдардың қажеттілігін анықтауы, адамгершілік-патриоттық тәрбие шараларын жүзеге асыруы, білім беру мекемелерінде ауыл халқының рухани және зияткерлік құндылықтарын нығайту, жастардың қоғамдық инфрақұрылымын дамытуға көмек көрсетуі тиіс.
Аннотация. Раскрыты сущность, значение, направления и элементы социальной инфра- структуры села, степень удовлетворения потребностей сельского населения в различных объектах реального сектора экономики социальной направленности, в частности: жилищ- но-коммунальные и дорожно-транспортные услуги, электроснабжение, служба связи, здра-
воохранение, финансовые и юридические услуги, сфера формирования научного мировоз- зрения и общественного сознания, обеспечение всеобщего порядка. Проанализированы со- временное состояние и динамика развития сельскохозяйственного производства за пять лет года (2015-2019 гг.). Выявлены доля сельских жителей страны, уровень сельскохозяй- ственной продукции во внутреннем валовом продукте, размер среднемесячной заработной платы работников аграрного сектора, а также степень влияния социально ориентированно- го механизма на основные показатели агропромышленного комплекса. Изучены инструмен- ты государственного управления, принятые для стабилизации и улучшения социального и инфраструктурного состояния аграрной сферы и сельских поселений республики. Иссле- дованы учреждения образования сельской местности как объекты, функционально обеспе- чивающие нормальную жизнедеятельность населения, и динамика количества их выпуск- ников за 2014-2019 годы. Дан анализ проблем совершенствования социальной инфраструк- туры в сельских территориях и предложены пути их решения. Авторы отмечают, что мест- ные органы должны определять потребность в организациях, ориентированных на соци- альное обновление, реализовывать мероприятия нравственно-патриоти-ческого воспита- ния, укрепления духовных и интеллектуальных ценностей сельского населения в образо- вательных учреждениях, оказывать содействие в развитии молодежной обществен- ной инфраструктуры.
Abstract. The essence, significance, directions and elements of the social infrastructure of the village, the degree to which the needs of the rural population are satisfied in various objects of the real sector of social economy, are revealed, in particular: housing and communal services and road transport services, electricity, communications, healthcare, financial and legal services, the sphere of formation of a scientific worldview and public consciousness, ensuring universal order.
The current state and dynamics of the development of agricultural production over five years (2015-2019) are analyzed. The share of rural residents of the country, the level of agricultural pro- duction in the gross domestic product, the size of the average monthly wage of workers in agri- cultural sector, as well as the degree of influence of a socially oriented mechanism on the main indicators of agricultural sector are revealed. The tools of public administration adopted to stabi- lize and improve the social and infrastructural state of the agricultural sector and rural settle- ments of the republic are studied. Institutions of rural education as objects that functionally pro- vide normal livelihoods of the population and the dynamics of the number of their graduates in 2014-2019 are investigated. The analysis of the problems of improving social infrastructure in ru- ral areas and ways to solve them are proposed. The authors note that local authorities should de- termine the need for organizations focused on social renewal, implement measures of moral and patriotic education, strengthen the spiritual and intellectual values of the rural population in edu- cational institutions, and assist in the development of youth public infrastructure.
Түйінді сөздер: ауылдық аумақтар, ауыл тұрғындары, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, оқу орындары, денсаулық сақтау, жас мамандар, мемлекеттік басқару.
Ключевые слова: сельские территории, сельское население, объекты социальной инфра- структуры, учебные заведения, здравоохранение, молодые специалисты, государственное управление.
Keywords: rural territories, rural population, objects of social infrastructure, educational institu- tions, healthcare, young specialists, public administration.
Кіріспе. Экономиканы мемлекеттік рет- теудің маңызды бағыттарының бірі – ай- мақтың әлеуметтік инфрақұрылымы және оның дамуы. Аймақтар мен ауылдық жерлердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен оның сапасы ауылдық инфрақұры- лымның даму жағдайына байланысты [1].
Қазақстанның бәсекеге барынша қабі- летті елдердің қатарына кірудегі басты мақсаты – мемлекеттің экономикасын са- палы жаңа деңгейге көтеру. Бәсекеге қабілеттілікті сипаттайтын негізгі көрсеткіш – еңбек ресурстарының сапалық құрамы.
Саналы және сапалы, білімді, жан-жақты дамыған мамандар ғана ауылдың қазіргі мәселелерін тиімді шешеді Бұл мәселе, ең алдымен ауылдағы әлеуметтік инфрақұры- лымдарды дамытудың тиімді механизмін қалыптастырғанда ғана мүмкін болмақ.
Экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескеретін болсақ, мемлекеттің дамуы жай ғана ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы өсу қарқындылығы ғана емес, ішкі жалпы өнімнің сапалық тұр- ғыдан да жетілдірілуі екенін көрсетеді. Жа- ңартылған жағдайдағы өндірістік аппарат-
тар, озық технологиялар, өндірістің жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге ғана емес – әлемдік на- рықтың құбылмалы конъюктурасына тәуел- ді болмауға, бәсекелестік мүмкіндікті арт- тыруға жағдай жасайды [2]. Осы мүмкін- діктерді еліміздің барлық салаларында, әсіресе ауылдың әлеуметтік инфрақұры- лымдық жүйесіне тиімді және тез арада енгізу аса маңызды.
Қазіргі кезде аймақтардың экономика- лық жағдайын және олардың тұрақты даму мәселелерін ғылыми зерттеулерде антро- поцентристік тәсіл ерекше маңызға ие.
Оның негізінде адамның өмір сүру сапасын, оның қажеттілігінің өзгермелі әрекетін, әлеуметтік-экономикалық кеңістік аясын зерттеуге болады. Бұл адам ресурс- тарының жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп отырған – инфрақұрылым саласы.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік ин- фрақұрылымын дамытуды зерттеуші ма- мандардың кеңейтілген ғылыми зерттеу- леріне қарамастан бұл мәселе әлі де өзекті болып табылады және әрі қарай дамы- тудың жолдарын қажет етеді. Осыған орай тақырыпты зерттеу кезінде отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыста- рымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комите- тінің мәліметтері, аграрлық секторды ғылы- ми-аналитикалық зерттеу бағытындағы журналдар негізге алынды.
Ауыл шаруашылығы саласында болған ұзақ мерзімдегі дағдарыс ауылдың әлеу- меттік саласының дамуына кері әсер етті.
Ауыл шаруашылығы саласындағы тиімділік белгілі бір дәрежеде ауыл тұрғындарының әлеуметтік инфрақұрылым деңгейіне бай- ланысты. Өйткені, оны ұсынатын ұйымдар еңбек процесінде және еңбекті молайту процесінде жұмысшыларға қажетті жағдай- лар жасауда шешуші рөлге ие. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымның да- муы ауыл шаруашылығы жұмысшылары- ның өнімділігіне әсер етіп қана қоймайды, ол басқа көрсеткіштермен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасының көрсеткіші болып табылады.
Қазіргі уақытта аймақтық әлеуметтік инфрақұрылым белгілі бір аумақта қоғам- дық және жеке тұтыну үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін құрылым- дардың, материалдық объектілердің жиын- тығы ретінде ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша келтірілген тұжы- рымдамалар зерттеу тақырыбында моно-
графиялық, статистикалық және аналитика- лық әдістердің қолданылғанын көрсетеді.
Нәтижелер және оларды талқылау.
Әлеуметтік инфрақұрылым – аймақ- тағы еңбек өнімділігінің өсуін, әлеуметтік қорғалуын, сонымен қатар қоғамның де- мографиялық, еңбек және рухани әлеуетін сақтау мен дамыту үшін жағдай жасайтын ұйымдардың жүйесі [3]. Әлеуметтік ин- фрақұрылым – адами факторға әсер ету арқылы жүзеге асады. Өмір сүруге оңтайлы инфрақұрылымды қалыптастыру және да- мыту тиімділіктің өсуінің міндетті шарты.
Ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұ- рылымдарды нығайту ауыл шаруашылық өндірісінің артуына, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға, ауылға жас мамандарды тартудың мүмкіндіктерін қалыптастыруда маңызды [4]. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұры- лымдардың қазіргі жағдайын сипаттау үшін оларды түрлі белгілері бойынша жіктеп қарастырған дұрыс. Олар адам капиталы- ның сапалы дамуын қамтамасыз етуге ба- ғытталған келесідей объектілерді қамтуы мүмкін.
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы келесідей қызметтік бағыттары бойынша жіктеледі:
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашы- лықтары және тұрмыстық қызмет:
– біріншіден, үй шаруашылығына бай- ланысты: тұрғын үй қоры мен оған қызмет көрсететін тұрмыстық-эксплуатациялық жә- не жөндеу мекемелері;
– екіншіден, коммуналдық шаруашы- лыққа байланысты: төмен қысымды үлес- тірімді газ желілері, су құбырлары, жылу, ыстық су құбырлармен жабдықтаудың ауылішілік орталықтандырылған жүйелері, су тоғандары;
– үшіншіден, өндірістік-тұрмыстық ке- шен тұрғысынан: асханалар мен буфеттер, тұрмыстық қызмет көрсету бөлімдері, өн- дірістік немесе арнайы объектілерде орна- ласқан жуыну бөлмелері мен сауналар;
– төртіншіден, сауда қатынастары бойынша: сауда мен қоғамдық тамақ- тандыру кәсіпорындары, күнделікті сұра- нысты қамтамасыз ететін дүкендер, ма- мандандырылған дүкендер, әртараптанды- рылған дүкендер, асханалар, мейрамхана, шайханаларды өз құрамына кіргізетін ма- ңызды элементтерден тұрады [5].
2. Жол қатынастары, энергетикалық қамтамасыз ету және байланыс: электр беруші ауылішілік желілер, телефондық және байланыс бөлімдері, радио және те- лекоммуникациялар, жолаушы тасымал-
даушы автобус көліктері, аудан орталық- тары мен жергілікті әкімшілік басқару орындарын, ауылды елді мекендерді бір- бірімен қосатын ауылдық байланыс жолдары.
3. Ғылыми дүниетаным және қоғамдық сананы қалыптастыру:
●білім саласы бойынша: орта білім беру мектептері, жалпы білім беру мек- тептері мен мектептен тыс балалар меке- мелерінің қызметін үйлестіретін мектеп- кешендері, мектепаралық оқу-өндірістік орындар, кәсіби техникалық училищелер, лицейлер, колледждер және басқа да жалпы білім беретін және кәсіби дай- ындықтан өткізетін оқу орындары, музы- калдық-көркемдік бағдарлы оқу орында- рынан тұрады;
●ғылым, ғылыми-ақпараттық қызмет саласы бойынша: кітапханалар, мұражай- лар, және компьютерлік желілер, интернет, ғылыми зертханалар т.б. объектілерді жат- қызуға болады;
●өнер және мәдени-спорттық кешен- дер бойынша, мәдениет сарайлары, клуб- тар, кинотеатрлар, мәдени-спорттық ке- шендер, дене шынықтыру-сауықтыру ке- шендері, сурет көрмелері, спорт сарай- лары, стадиондар, спорттық залдар, жүзу бассейндері, спорттық алаңдар, спорттық мектептер;
●рухани діни-мәдени орталықтар бой- ынша, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер, шіркеу, мешіт, мәдени қызмет көрсетуші мектептер мен бөлімдерді жатқызуға болады [6].
4. Денсаулық сақтау:
■емді-профилактикалық орталықтары- на ауруханалар, амбулаторлық-емханалық мекемелер, фельдшерлік-акушерлік бөлім- шелер, медициналық және денсаулық сақтау бөлімшелері, медициналық жедел және шұғыл жәрдем, санитарлық-эпиде- миологиялық станциялар, дәріханаларды жатқызамыз;
■емдік-сауықтыру кешендеріне сана- торийлер, пансионаттар, демалыс үйлері, туристік базалар, балаларға арналған сау- ықтыру саяжайлары мен лагерьлері, бала- лардың еңбек және демалыс лагерьлері.
5. Қаржы-құқықтық қызметтерге:
– кредиттеу мемлекеттік емес инвес- тициялық және зейнетақы қорлары, басқа да қаржы-несие бөлімдері;
– сақтандыру банктік және сақтанды- ру бөлімдері, құқықтық кеңес беру, нота- риалдық кеңселер т.б.
6. Басқару және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету:
– мемлекеттік басқару – өңірлік және территориялық басқару органдары, қоғам- дық-саяси, қоғамдық шаруашылық бөлім- шелер мен басқарма объектілері;
– жергілікті басқару – жұмыспен қамту мекемелері, кадрларды қайта даярлауға арналған оқу орындары, балалар үйлері, жетімханалар, мүгедектер мен қарттар үй- интернаттары, халықтың зейнеткерлік қам- сыздандырылуы мен әлеуметтік қорғау ме- кемелері. Мамандандырылған кәсіпорын- дар, жалпы қоғамды үй шаруашылығы мен жеке басшыларға қажетті қызмет түрін көрсететін ұйымдар (цехтар, бөлімшелер), оның ішінде кәсіптік-кеңес беру объек- тілерінен тұрады;
– қоғамдық мекемелер – халықтың тұрмыс қажетін өтеуге арналған үйлер, тұрмыстық қызмет көрсетудің кешендік қа- былдау бөлімдері, шеберханалар, ателье, шаштараздар, тұрмыстық құралдарын жал- ға беру орындары, тұрмыстық қызмет көрсетудің ұтқыр құралдарынан тұрады;
– қоғамдық тәртіпті сақтау және қор- ғау – оның құрамына қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жергілікті полиция бө- лімшелері мен бақылау бөлімдері объек- тілері жатады.
Ауылдық жерлердегі әлеуметтік ин- фрақұрылымды зерттеген кейбір ғалымдар – ауылдық жерлердегі мемлекеттік дең- гейдегі қызмет көрсету мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын ауылдық және аудандық деңгейге бөліп қарастырған [7].
Біз ауылдың әлеуметтік инфрақұрылы- мының қызметтік бағыты бойынша жіктей отырып, оған – материалдық және мате- риалдық емес өндірістердің және жаңа экономиканың талаптарына сәйкес ҒТП-тің жаңа жетістіктері, қоғамның интеллекту- алдық өмірін қалыптастырушы күрделі біртұтас құбылыс деп есептейміз. Ол адамның рухани дамуына барлық мүмкін жағдайларды қалыптастыратын, жаңа идеяларды шоғырландыратын элементтер- дің жиынтығы деп есептейміз. Әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ресурстарын дамыту мен жетілдірудің алғышарты болғандықтан, әрқашанда ізденісті қажет етеді. Қазіргі кезде, ауыл экономикасын дамыту дәл сол ізденісті, жаңа идеяны, яғни инновацияны қажет етуде. Инновация кәсіби кеңес беру, шаруашылықты басқару кезінде жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану, жаңа ақпараттармен қамтамасыз етуді жан-жақты дайындықтан өткен білімді қажет етеді. Сондықтан, ауыл тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін инновациялық негізде дамыту үшін, әлеу- меттік инфрақұрылымдық элементтерге:
білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, мәдениет мекемелері, ха- лықтың тұрмыс қажеттіліктерін өтеу меке- мелері, өнер және мәдени-спорттық меке- мелер, рухани-діни орталықтар, кітапха- налар, мұражайлар және компьютерлік желілер, интернет, ғылыми зертханалар, байланыс, пошта, ақпаратпен қамтамасыз ету, басқа да интеллектуалдық өнімдердің жаңа түрлерін жатқызамыз.
Біздің пікірімізше, әлеуметтік инфрақұ- рылым адам мен қоғамның дамуына толық әсер ететін салалардан құралады. Оның негізгі мәні осы салалардың тиімді қызмет етуі, адамның ұдайы өндіріске қатысуы және оның белсенділік деңгейін арттыруға мүмкіндік беруінде деп түсінуге болады.
Демек, әлеуметтік инфрақұрылымның не- гізгі функциясы – халықты әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету. Сондықтан, әлеуметтік инфрақұрылым еңбек өнімділі-
гінің өсуіне, халықтың әлеуетін жақсарту және әлеуметтік қорғалуына, қоғамның де- мографиялық әлеуетінің дамуына, халық- тың әл-ауқатын жақсартуға, азаматтардың әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік-ке- ңістіктік аясының артуы секілді жағдай- ларды жасауда аса маңызды. Яғни, ауылдың дамуы немесе дағдарыстық жағдайда болуы инфрақұрылымдардың дамуымен тікелей байланысты.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр елдің экономикалық өсуі халықтың әлеуметтік жағдайымен сипатталады. Ол – халықтың табыс деңгейі, адам өмір сүруіне қажетті инфрақұрылымдар, елдің ЖІӨ көлемі, т.б. негізгі көрсеткіштердің өсуімен сипатталады. Сондықтан, еліміздегі ауыл шаруашылығының даму дәрежесін көрсе- тетін бірқатар басты көрсеткіштерге талдау жасауға болады (1 кесте).
1 кесте – Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі көрсеткіштері, 2015-2019 жж.
Көрсеткіш Жылдар Ауытқу,
2015 2015ж-ға
(+;-)
2015 2016 2017 2018 2019
(шілдесіне дейінгі) Жалпы халық санындағы ауыл
тұрғындарының үлесі, % 43,5 43,2 42,8 42,1 41,9 -1,4
Жалпы ішкі өнімдегі ауыл ша-
руашылығы өнімінің үлесі % 4,8 4,6 4,6 4,4 2,4 -0,4
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (нақты қолданыстағы бағада), млрд.теңге – барлығы
3 307,0 3 684,3 4 070,9 4 474,0 1 124,0 +1 167 Ауыл шаруашылығы қызмет-
керлерінің орташа айлық жа-
лақысы, теңге 72 507 81 572 91 084 97 929 102 970 +25 422 1 кесте мәліметтерінен көріп отырға-
нымыздай 2019 жылдың бірінші шілдесіне дейінгі статистикалық мәліметтерді негізге алатын болсақ, еліміздегі жалпы халықтың 41,9% ауыл тұрғындары деп есептеледі және бұл көрсеткіш жылдан-жылға төмен- деуде. 2019 жылды 2015 жылмен салысты- ратын болсақ, ауыл тұрғындарының үлесі 1,6% азайған. Осы кезеңдер аралығындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім шығарылымының 1,4% артуына қарама- стан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашы- лығы өнімінің үлесі 0,4% төмендегенін көруге болады [8]. Соңғы жылдардағы ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық мәселесі, ауыл шаруашылығын ұйымда- стыру мен басқару әдістерінің әлсіздігі, жергілікті өз-өзін қаржыландыру дәре- жесінің болмауы, әлеуметтік мәселелердің артуы ауыл халқының біраз бөлігін қалаға
ығыстырды. Нәтижесінде еліміздегі ірі қа- лалардағы тұрғындарының жылдан-жылға артуы байқалып, ол қалаларда қосымша жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасады.
Ауыл тұрғындарының жылдан-жылға азаюы ондағы әлеуметтік инфрақұры- лымдық мәселелердің бар екендігін көрсе- теді. Осының нәтижесінде бұл саладағы еңбек өнімділігіне азайып, жалпы ішкі өнім- дегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесінің төмендеуі орын алып отыр.
Суретте жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесінің тұрақсыз екендігін және соңғы 2016-2018 жж. жыл- дың төмендеп отырғанын көруге болады.
Статистикалық мәліметтерде көрсетілген- дей, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашы- лығы өнімінің үлесінің 2018 (4,4%) жылы 2013 (4,5%) жылғы көрсеткішке де жетпей
отыр – 0,1 төмен. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қарамастан, ауыл шаруашылығы саласындағы бұл көрсеткіш-
тен оның дағдарыстық жағдайда екендігін көреміз [8].
Сурет – ЖІӨ ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі, % Қазақстан ауыл шаруашылығы саласы
мен ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымдық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту мақсатында мемлекет әр түрлі деңгейдегі шаралар қолданып келеді.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономи- калық жағдайын жақсарту, олардың өмір сүру сапасын арттыру, бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды іске қосты. Соңғы бес жылда бұл салаға субсидия көлемі екі есеге өскен. 2018 жылы 76 млрд. теңгеден асты. Осыған қара- мастан ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жауабы жоқ көптеген пробле- малық мәселелер орын алған. Атап айт- қанда, біріншіден, елімізде жемшөп базасы жоқ болса, ондаған мың бас асыл тұқымды малды импорттау қаншалықты тиімді?
Дегенмен, асыл тұқымды мал деңгейі өсті, бірақ оны сатып алу шығындары ақ- талмайды. Екіншіден, жайылым немесе азықтық дақылдарды өсіру үшін бос жер- лердің жоқтығынан отбасылық жеке шаруа- шылықтар 50 бас ірі қара малды толық азықтандыра алмайды. Бірақ, субсидиялар ірі компаниялардың пайдасына бөледі, ал шағын бизнес салықпен және қолжетімділігі өте күрделі несиелерді алу мақсатында іс- әрекеттер жасайды бірақ, нәтижесі сәтсіз [9]. Үшіншіден, ауылдық жердегі жұмыссыз- дықтың орын алуы және ауыл шаруа- шылығы саласы бойынша маманданды- рылған кадрлық қамтамасыз ету жағдайы да өзекті мәселе ретінде қарастырылады [10]. Жергілікті атқарушы органдардың
мәліметтеріне сәйкес, АӨК субъектілерінің шамамен 80%-ы мамандарға деген аса мұқтаждықты бастан кешуде. Ауылдық елді мекендердегі осы және басқа да проб- лемалар ондағы әлеуметтік инфрақұрылым саласының әлсіздігінен де орын алуы мүм- кін. Сондықтан, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің кейбір түрлері бойынша ке- лесідей талдау жасауға болады (2 кесте).
2 кестеде Республика бойынша соңғы бес жылдағы мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, техникалық және кәсіптік білім- нен кейінгі ұйымдар мен ондағы білім алу- шылардың қала және ауылдық жерлердегі құрылымы келтірілген. Статистикалық мә- ліметтерден көріп отырғанымыздай 2018- 2019 оқу жылы 2014-2015 оқу жылымен са- лыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны республика бойынша 21,8% өскен.
Құрылымы бойынша талдау жасайтын бол- сақ, қала деңгейінде 53,3%, ал ауылдық елді мекендерде не бары 7,5% ғана артып отыр. Осы кезеңдер аралығында жалпы білім беретін мектептер саны республика бойынша 2,2%, ауылдық жерлерде 5,2%
төмендесе, қалада бұл көрсеткіш керісінше 6,4% артқан. Сонымен қатар, қалалық жер- лерде негізгі орта мектебін бітірген, жалпы білім беретін мектептердегі бітірушілер са- ны 14,0% және жалпы орта мектебін бітір- ген, жалпы білім беретін мектептердегі бітірушілер саны 18,4% өскен, ал ауылдық жерлерде сәйкесінше 1,9% және 2,2%
азайып отыр [8].
2 кесте – Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің кейбір түрлерінің (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі ұйымдар) және ондағы білім алушылардың құрылымы, 2014-2019 жж.
Көрсеткіштер Оқу жылдары
2014/
2015
2015/
2016
2016/
2017
2017/
2018
2018/
2019
Ауытқу, % 2018/2019
жылға 2014/2015
жылды Мектепке дейінгі ұйымдардың
саны, бірлік 8 467 8 834 9 410 9 828 10 314 121,8
оның ішінде: - қалалық 2 647 2 844 3 261 3 672 4 057 153,3 - ауылдық 5 820 5 990 6 149 6 156 6 257 107,5 Жалпы білім беретін мектептер
саны, бірлік 7 563 7 511 7 450 7 414 7 393 97,8
оның ішінде: - қалалық 1 932 1 965 1 980 2 012 2 055 106,4 - ауылдық 5 631 5 546 5 470 5 402 5 338 94,8 Негізгі орта мектебін бітірген, жал-
пы білім беретін мектептер-дегі
бітірушілер саны, адам (9 сынып) 221 907 224 674 241 188 230 679 235 404 106,1 оның ішінде: - қалалық 111 032 110 631 124 244 119 154 126 619 114,0 - ауылдық 110 875 114 043 116 944 111 525 108 785 98,1 Жалпы орта мектебін бітірген,
жалпы білім беретін мектептер- дегі бітірушілер саны, адам (11 сынып)
133 309 129 406 127 369 127 414 143 089 107,3 оның ішінде: - қалалық 61 721 61 503 62 102 63 075 73 061 118,4 - ауылдық 71 588 67 903 65 267 64 339 70 028 97,8 Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйым-
дарының саны, бірлік 775 780 779 779 769 99,2
Талдау мәліметтеріндегі көрсеткіштер- ді негізге ала отырып, ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жә- не оны тұтынушылары болып табылатын жастардың жыл өткен сайын төмендеп отырғанын көреміз. Бұл жағдайлар ауыл тұрғындары санының төмендеп отырғанын нақтылайды. Қалалық жерде білім алған жас мамандардың көбі ауылға қайта орал- майды. Ол жастардың болашақ маман- дықты, жұмысты таңдауға қатысты еңбек саласындағы құндылықтық бағдары және болжамдарының тым артық екенін көрсе- теді. Мамандық таңдаудағы жастардың пікірі: беделді әрі табысты мамандықты алуға; сондай-ақ еңбек нарығындағы шы- найы жағдайға сәйкес келмейтін еңбекақы көрсеткіштерімен сипатталады. Әрине, жұ- мыс сапасы мен мамандардың қызметке деген ынтасын арттырушы негізгі фактор – жалақы. Ауыл шаруашылығы мамандары мен қызметкерлерінің жалақысы экономи- калық қызметтердің басқа түрлерімен са- лыстырғанда ең төменгі орында. Сол се- бепті ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары білімі бар жастар ауылдық жерлер- де өз мамандығы бойынша жұмысқа орна-
ласпайды, нәтижесінде АӨК саласында ма- ман кадрлардың тапшылығы орын алады.
Тұжырымдар.
Аталған мәселелерді тиімді шешу үшін келесідей жағдайлар болу керек деп есептейміз:
1. Біріншіден, жергілікті органдар ауылдың әлеуметтік инфрақұ-рылымдарын дамытуды – ауыл шаруашылығы саласы мен ондағы еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор ретінде қарастыруы керек.
2. Екіншіден, ауылдың әлеуметтік- мәдени кешенін дамыту арқылы ауыл тұрғындарының рухани-мәдени, өнер мен интеллектуалдық құндылықтарын көтеру мен үнемі дамыту, адамдардың бір-біріне деген адамгершілік, ізгілік қасиеттерін арттыру керек.
3. Үшіншіден, әлеуметтік инфрақұры- лымды заманауи деңгейде дамуы үшін қаржылай-құқықтық қамтамасыз ету.
4. Төртіншіден, мемлекет әрбір жеке тұлғаның және бизнесінің дамуы үшін заң және басқа да нормативтік құқықтарының сақталуын қадағалуы керек.
Әдебиеттер тізімі
1 Спанова, Б.К. Функционирование и развитие социальной инфраструктуры сель- ской местности [Текст] / Б.К. Спанова // Вест- ник Карагандинского университета. Серия Экономика.-2018.- N 2.- С.73-80.
2 Литвиненко, И.Л. Обеспечение иннова- ционного развития региональных АПК: про- блемы и пути решения [Текст] / И.Л. Лит- виненко, Л.Д. Киянова // Региональная эконо- мика и управление». - 2017. -N 2(50).- С. 6-9.
3 Мингалева, Ж.А. Формирование мето- дологии исследования устойчивого развития территорий [Текст] / Ж.А. Мингалева// Вестник московского университета. Серия 6. Эконо- мика. - 2017. - N 3. - С.12.
4 Милоенко, Е.В. Формирование и разви- тие сельской социальной инфраструктуры [Текст]: автореф. дис… канд. экон. наук / Еле- на Васильевна Милоенко. Екатеринбург:
Уральская государственная сельскохозяйст- венная академия, 2016. - 34 с.
5 Сёмин, А.Н. Качество жизни населе- ния и социально-инженерная инфраструк- тура в сельских территориях Тюменской области [Текст] / А.Н. Сёмин, Е.В. Милоенко //Агропродовольственная политика.– 2015. – N 5. – С. 35–36.
6 Стоянова, Т.А. Исследование социаль- ной инфраструктуры сельских муниципаль- ных районов: проблемы и методология / Т.А.
Стоянова, Н.В. Забелина // Научно-методи- ческий электронный журнал «Концепт». – (http//www.e-koncept.ru/2016/86924.htm).
7 Нукешева, А.Ж. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымы: жағдайы және мәселелері [Текст] /А.Ж. Нукешева, Ш.И.
Косымбаева, С.Р. Абдиева // Проблемы агрорынка. – 2019. - N 1. - Б. 179-183.
8 Статистические данные. Комитет ста- тистики МНЭ РК.-2018.- (http// www.stat.kz).
9 Марамохина, Е.В. Основные проблемы социальной инфраструктуры сельской мест- ности [Текст] / Е.В. Марамохина // Агроэконо- мика: экономика и сельское хозяйство.- 2016.- N 2 (10) .-С.27-30.
10 Джусибалиева, А.К. Қазақстанның ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау [Текст]/ А.К. Джусиба- лиева, Г.Ж. Абдыкерова // Проблемы агрорынка. – 2018. - N 2. - Б. 215-224.
Әdebietter tіzіmі
1 Spanova, B.K. Funkcionirovanie i razvitie social'noj infrastruktury sel'skoj mestnosti [Tekst]
/ B.K. Spanova // Vestnik Karagandinskogo uni- versiteta. Serija Jekonomika.-2018.-N2.- .73-80.
2 Litvinenko, I.L. Obespechenie innova- cionnogo razvitija regional'nyh APK: problemy i puti reshenija [Tekst] / I.L. Litvinenko, L.D.
Kijanova // Regional'naja jekonomika i uprav- lenie». - 2017. -N 2(50).- S. 6-9.
3 Mingaleva, Zh.A. Formirovanie metodo- logii issledovanija ustojchivogo razvitija territorij [Tekst] / Zh.A. Mingaleva// Vestnik moskovsko-
go universiteta. Serija 6.Jekonomika.- 2017.- N 3. - S.12.
4 Miloenko, E.V. Formirovanie i razvitie sel'skoj social'noj infrastruktury [Tekst]: avtoref.
dis… kand. jekon. nauk / Elena Vasil'evna Milo- enko. Ekaterinburg: Ural'skaja gosudarstvennaja sel'skohozjajstvennaja akademija, 2016. - 34 s.
5 Sjomin, A.N. Kachestvo zhizni nase- lenija i social'no-inzhenernaja infrastruktura v sel'skih territorijah Tjumenskoj oblasti [Tekst] / A.N. Sjomin, E.V. Miloenko //Agroprodovol'- stvennaja politika.–2015. –N 5. –S. 35–36.
6 Stojanova, T. A. Issledovanie social'noj infrastruktury sel'skih municipal'nyh rajonov:
problemy i metodologija / T. A. Stojanova, N. V.
Zabelina // Nauchno-metodicheskij jelektronnyj zhurnal «Koncept». – (http//www.e-koncept.ru/
2016/86924.htm).
7 Nukesheva, A.Zh. Auyldyқ aumaқtardyң әleumettіk infraқұrylymy: zhaғdajy zhәne mә- selelerі [Tekst] /A.Zh. Nukesheva, Sh.I. Kosym- baeva, S.R. Abdieva // Problemy agrorynka. – 2019. - N 1. - B. 179-183.
8 Statisticheskie dannye. Komitet statistiki MNJe RK.-2018.- (http// www.stat.kz).
9 Maramohina, E.V. Osnovnye problemy social'noj infrastruktury sel'skoj mestnosti [Tekst]
/ E.V. Maramohina // Agrojekonomika: jeko- nomika i sel'skoe hozjajstvo.- 2016.- N 2 (10) .- S.27-30.
10 Dzhusibalieva, A.K. Қazaқstannyң auyl sharuashylyғynda zhұmyspen қamtudy memle- kettіk қoldau [Tekst]/ A.K. Dzhusibalieva, G.Zh.
Abdykerova // Problemy agrorynka. – 2018. - N2. - B. 215-224.