ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4-5(128-129). 2010 402
БҰЛАН: Қыпшақ елдерінде өсетін ірі жабайы хайуан. Оны аулайды. Оның түбі ойық күбі секілді, іші қуыс бос, ауызы жоғарыға, аспанға қарап шыққан мүйізі бар. Оған қар, жаңбыр сулары жиналады.
Ұрғашысы шөгіп, оның мүйізінен – еркегі, еркегі шөгіп, оның мүйізінен ұрғашысы су ішеді [ҚН., Іт., 473б.].
ҚТТС-інде бар, қазір қолданамыз [ҚТТС, 152б.].
Қызыл кітапқа енген жануарлар қатарында.
ИІНЖҮ: інжу. (оғыз бен қыпшақ тілдерінде) Сөздің басындағы ж əрпі и əрпінің орнына алмасып түскен [ҚН., Іт., 477б.].
ИІНЖҮ: інжу. Кəнизəктарды да иінжү дейді.
Мақалда былай келген: үтлүг иінжү жерде қалмас – Тесік інжу жерде қалмас; яғни, тесік маржан жерде қалмайды, оны алатын біреу табылады. Бұл мақал кəнизəктар қыз күйінде қалып қалмайды, оларға да үйленетін адам шығады деген мағынаны меңзейді.
Оғыз бен қыпшақтар –и əрпін –ч, -ж əрпіне алмас- тырып: жінжү: жінжү дейді [ҚН., ІІІт., 43б.].
Теңіз түбіндегі карбанит құрамды, меруерт баға- лас қымбат асыл тас [ҚТТС, 777б.].
БАЛ: бал. Сувар, қыпшақ, оғыз тілдерінде [ҚН., ІІІт., 217б.].
Сол күйінде сақталған [ҚТТС, 103б.].
ҚОРҰ: тікен; темір тікен. (Қыпшақша) [ҚН., ІІІт., 304б.].
Қазіргі тілімізде сақталмаған, дегенмен темірді қорыту, өңдеу мағынасында қорыт, қорылғанын қорғасын деп атау бар.
ИАЛҢҰҚ: күң. Оғыз, қыпшақ, сувар тілдерінде [ҚН., ІІІт., 513б.].
Жалшы дегеннің түбірі болуы мүмкін, түбірдің алғашқы буыны тілдің үнемдеу заңымен түсіп қалуы ықтимал.
КІШ: садақ. Оғыздар мен оғыздардың ағайыны қыпшақтар мұны білмейді [ҚН., ІІІт., 181б.].
Жоғары Шындық шігіл, йағма, тохсы тілдерінде сөздер көбінесе зəммəлық болып айтылады. Рүмге жақын созылған оғыз, қыпшақ суварлар болса, фатхалық белгімен сөйлейді. Бұл түрктердің түйені - т теуел дегені секілді [ҚН., ІІІт., 196б.].
Қазіргі тілімізде кісе пышақ қыны мағынасында [ҚТТС, 441б.] сақталған.
ШҰФҰА: жол бастаушы; жолбасшы. (Қыпшақ- ша, иə оғызша). Мақалда былай делінген: «Қалың құлан жол бастаушысыз болмас». Бұл мақал біреуге басқаларға еру қажет болған бір істе, солай істеген жөн екендігіне иландыру үшін айтылады [ҚН., Іт., 484 - 485 б.].
Қазіргі тілімізде сақталмаған, дегенмен іздестіре түсуді қажет етеді.
ИАСЫҚ: оқ сауыты; жебе сауыты. (Қорамсақ.
Е.А.) Өзге түріктерше. Бұл сөзді оғыз бен қыпшақтар білмейді. Олар мұны құрман дейді [ҚН., ІІІт., 27б.].
Қазіргі тілімізде жоқ, дегенмен іздестіре түсуді қажет етеді.
ИАЙҒҰҚ: байтал емшегінің үрпі. Кейбірі иазғұқ дейді (Қыпшақша) [ҚН., ІІІт., 39б.].
Қазіргі тілімізде сақталмаған, дегенмен іздестіре түсуді қажет етеді.
ҚҰМЛАҚ: қыпшақ елінде Өсетін шырмауыққа ұқсайтын өсімдік. Оны балға араластырып шарап жа- сайды. Бұл өсімдік кемеге түсіп қалса, теңіз тол- қындап, кеме шайқалып ішіндегілер батып кете жаз- дайды-мыс [ҚН., Іт., 535б.].
Бұл – фитоним.
ИЕМШЕН: қыпшақ аймағында өсетін жемістің бір түрінің атауы [ҚН., ІІІт., 52б.].
Бұл – фитоним, женшень емес пе екен?
1.2 Туынды зат есімдер немесе сын есімнің зат- тануы (субъективизм):
СҰУҰҚ: сұйық. Сұйық, сұйытылған нəрселердің бəрі. Мəселен, сұйылтқан айран, қатық, сүзбе, шы- рындар. Соның бəріне осылай айтылады. Сұйық қатық.
Қашырдың құйрығы секілді қыл-қылшығы сирек, сұйық ұзын құйрық. (Жөні сұйық, тықыр құйрық. – А.Е.). Ағаш, тағы басқаларға да осылай қолданы- лады. (Қыпшақша) [ҚН., ІІІт., 226б.].
ҚТТС-інде 1.Ағатын қасиеті бар сылдыр су, 2.Қою емес, қалың емес, селдір. 3. ауысп. Берекесіз, пəтуасыз.
Екінші мағынасына сəйкес келіп тұр [ҚТТС, 745б.]
КЕТҮ: шолақ; (кетік? А.Е.) (Қыпшақша) [ҚН., ІІІт., 298б.].
ҚТТС-інде КЕТІК: 1. заттың бір шетінің сынып, опырылып кеміген жері. 2. түскен тістің орны. 3. ауысп.
Кемшілік, олқылық, жетімсіздік [ҚТТС, 392б.]. Қазір- гі кетуі кеткен заман деген қолданыстағы осы кетү – ау, өйткені ол осы ауыспалы мағынасына дəл келеді.
2. Қыпшақ тіліндегі сын есімдер:
ИАВЛАҚ: бір нəрсенің жаманы. (оғызша жəне қыпшақша). Жырда былай деп келген:
Келсе кіші иүзіңе, Күлсе кісі жүзіңе, Көрклүг иүзін көрүнгіл, Көрікті жүзбен
көрінгін Иавлақ көдзез тылыңны Зымияннан бақ
тіліңді, Езгү савығ тіленгіл – Ізгілік, мейір
тіленгін.
Бір кісі бетііе жылы шыраймен күліп қараса, сен де көрікті нұрлы шыраймен, ашық жүзбен көрінгін;
Тіліңді жаман, зымиян сөзден сақта; Жақсылық пен ізгілік, мейірім тіленгін [ҚН., ІІІт., 61-62бб.].
БҮКҮМ ЕТҮК – Қатындар киетін етік (Оғызша).
Оғыздардан басқа түрік жұрттары, мүкүм немесе мүкім дейді. Сонда, б əрпінің орнына м əрпі м əрпінің орнына н əрпі алмасып түскен. Мен бұл сөзді таза түрік сөзі деп айта алмаймын. Əйтсе де қып- шақтар мен басқа тайпалардың қарабайым адамдары бұл сөзді осылай қолданады [ҚН., Іт., 454б.].
Қазіргі тілімізде сақталмаған, дегенмен іздестіре түсуді қажет етеді.
3. Қыпшақ тіліндегі етістіктер:
3.1. Етістіктердің жасалу жолдары:
Үшінші, іс-əрекетті білдіретін сипат (есімше – А.Е.) оғыз, қыпшақ, иемек, арғу мен суварлардан бешенектерге дейінгі көшпелілер тілінде өткен шақ етістігінде жасалады. Мəселен, барды деген өткен
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4-5(128-129). 2010 403 шақ етістігінен іс істеушіні білдіретін, анықтайтын
бардашы - барушы деген сипат түзеледі. Өткен шақты білдіретін д əрпі мен и əрпінің арасына ш, əрпін қосу жолымен түзіледі. Сонда барушы, баратын сипаты пайда болады. Сол секілді, тұрды деген етістіктің Өткен шақ түріне д əрпімен ы əрпінің арасына ш əрпі қосылып, тұрдашы- тұрушы, тұратын деген сипат жасалады. Бұл ереже барлық етістіктерге бірдей [ҚН., ІІт., 53б.].
Əуелі, етістіктерден жасалған сипаттардың əр түрлілігі жөнінде. Мысалы, бардашы – барушы, тұрдашы – тұрушы дегендерді алайық, бұл сипаттар өткен шақ етістігінен жасалған. Өткен шақ етістігінің қосымшасы д əрпі мен ы əрпінің арасына –ш/-ч əрпі қосылып барып жасалған. Оғыз, қыпшақ, йағма, оғрақ, суварлар мен рус еліне дейінгі бешенектер тілінде осылай қолданылады. Қағидаға сай. Өйткені, барды етістігіндегі д əрпі өткен шақ есімшесінің қосымшасы, ы/і етістіктің үшінші жағын білдіретін əріп. Етістік екінші жақта айтылатын болғанда, ы/і түсіріліп, барды – бардың болып шығады. Ал, егер бірінші жақтан айтылса, бардым деп келеді де, мұнда ы əрпі түсіп қалады [ҚН., ІІт., 66б.].
Оғыз, қыпшақтардың кейбірі, суварлар олардан оқшаулау, бөлектенеді. Бұлар - и əрпінің орнына түбірде –қ, не –ғ əріптері келген, қатаң дауысталатын сөздерге –қ əрпін, түбірінде –к, -г əріптері келген жұмсақ, ұяң айтылатын сөздерге -к əрпін қосады.
Бұл тілде көптік, бірлік түрлері бір-бірінен ажыра- тылмай, бір үлгіде келеді. Сөйтіп, -қ əрпі бар сөз- дерде: иа құрдық – садақ құрдық – дейді; ... [ҚН., ІІт., 76-77б.].
Көптік ережесіне келсек, ол жоғарыда айтылған.
Ол ереже мынадай: Оғыз, Қыпшақтарда бұйрықтың жекеше түрінің соңына ғұнналы –і қосылу жолымен жасалады. Мəселен, Ет тураң – Ет тураңдар, Евге оғраң – Үйге барыңдар дегендер секілді. Бұл дұрыс қағида, əйтсе де, түрктер құрметтеген, не жасы кел- ген үлкен адамдарға айтқанда да бұйрықтың жекеше түрінің соңына ғұнналы –і əрпін қосып қолданады.
Өзге түріктер көпше түрінде тұғрыңлар –тураңдар, оғраңлар – барыңдар дегенді жөн санайды. Ғұнналы -і қосымшасын екінші жақтағы жекеше түрде құрметтеу сыйластық лебізінде айтып, қолданады.
Сөйтіп, бірі екіншісінің орнына келе қоятын екі көптік қосымшаның бірдей қолданылуы қате деп са- налмайды. Дұрыс деп біледі. Оғыздар мен қып- шақтар бірінші тəсілді құп көреді. Қағидасы солай.
Бұл бөлімдегі істі атқарушыны білдіретін түрі бұйрықтың соңына -ғұшы/ -гүші қосымшалары жал- ғанып жасалады. Ет тұғрағұшы – Ет тураушы, Евге оғрағұшы – Үйге барушы дегендер секілді. Оғыздар мен қыпшақтар, олармен бірге тіршілік ететін сахара көшпенділері мен суварлар мұны тұғрадашы, оғрадашы сияқты қолданады [ҚН., ІІІт., 424б.].
Қазіргі тілімізде бар.
3.2. Есім сөздерден жасалған етістіктер:
ҚЫВШАҚЛАНДЫ: қыпшақтанды. Ер қывшақ- ланды – Ер қыпшақтанды; Кісі қыпшақтар қатарына кірді (Əдеттері мен құлқы қыпшақтарға ұқсап, қыпшаққа айналып кетті. Қыпшақтанар, Қыпшақ- танбақ) [ҚН., ІІт., 399-400б.].
ЕР ҚЫФШАҚЛАНДЫ: Ер қыпшақтанды; Адам қыпшақ қатарына қосылды [ҚН., ІІт., 405б.].
ҚЫФШАҚЛАНДЫ: қыпшақ деп санады; қып- шақ деді. Ол аны қыфшақлады – Ол оны қыпшақ деп санады; ол оны қыпшақ деді. (Қыфшақлар, қыфшақ- ламақ – Қыпшақ санар, Қыпшақ санамақ) [ҚН., ІІІт., 471б.].
Қазіргі тілімізде де қолданамыз.
ҚАТЛАНДЫ: миуаланды; (жемістенді, жеміс- теді. – А.Е.)
Иығаш қатланды – Ағаш жемістеді. Қыпшақ, иемек, оғыз тілдерінде. Қатланур, қатланмақ – Же- містенер, жемістенбек (Басқа тілінде бұл сөз тікенді ағаштардың жемісіне қатысты қолданылады. Қолда өсірген ағаштардың миуасына қатысты [ҚН., ІІІт., 270б.].
Қазір қат деп жеке қолданбағанымен, қарақат, қызылқат деген жеміс атауларының құрамында осы жеміс мағынасында кездеседі.
3.3 Түбір етістіктер:
БҮТТІ: бітті. От бітті – Шөп бітт; шөп шықты.
Жеміс болса да солай айтады. Оғлан бүтті – Баланың ай-күні бітті; яғни бала туды. Бірдеңе өсіп шықса, туылса, яки жаратылса бүтті дейді. (Қыпшақша).
(Бітер, бітпек) [ҚН., ІІт., 426б.].
ИАНДЫ: жанды; айныды, құсты. От ианды –От жанды. Бұл сөз жалды деп, -л əрпімен де айтылады.
(Қыпшақша). Ер ианды – Адам құсты.
Жырда былай деп келген:
Ианды ерінч оғрағы Ниетінен қайтса керек
Келді берү тығрағы. Келді бері шабарманы.
Өзі құйы оғрағы Өзі дала ойында тұр Алплар қамұғ тіркешүр - Жиылды бар батыр- лары (жауын сипаттап айтқандары: Ол өз ниетінен, ойынан қайтқан секілді; өйткені, оның шабарманы, жаушысы осында келді; өзі батырлардың барлығы сап түзеп топтанып, соғысуға жиылуда) [ҚН., ІІІт., 91-92бб.].
Ескерткіш тіліндегі сөздер мен қазіргі тілдік қолданысымызды салыстыру нəтижесінде қазіргі қазақ тілі қыпшақ тайпасының белгілі бір дəрежедегі мұрагері екендігіне тағы да көзіміз жетті.
* * *
The theme of thіs artіcle іs the peculіarіtіes of the language of kypchak’s trіbes based on the materіalsby M.Kashgarі and іts comparatіve analysіs wіth the modern Kazakh language.