• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр «ФОРМИРОВАНИЕ КАЗАХСКОЙ ДИАСПОРЫ В МОНГОЛИИ И КИТАЕ» | ВЕСТНИК «Социологические и политические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр «ФОРМИРОВАНИЕ КАЗАХСКОЙ ДИАСПОРЫ В МОНГОЛИИ И КИТАЕ» | ВЕСТНИК «Социологические и политические науки»"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

ХҒТАР: 04.21.81 https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.09

Д.К.Мамытканов 1 *, М.Қадыролла 2

1 социология ғылымдарының кандидаты, доцент

2 3 курс PhD докторант

1,2 əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы, Қазақстан

МОҢҒОЛИЯ ЖƏНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚAЗAҚ ДИACПOPACЫНЫҢ ҚAЛЫПТACУЫ Аңдатпа

Мемлекеттің саяси, экономикалық, əлеуметтік-құқықтық тұрғысынан дамуы үшін, оны құрап отырған əлеуметтік топтардың қалыптасуын зерттеу-зерделеу қажет. Осындай топтардың бірі – шетелден оралған қандастарымыз. Бүгінде елге оралғанған ағайынның ұзын саны демографиялық өсімді қоспағанда миллионнан асады. Қандастар мəселесін толық қанды шешуде, олардың атамекеннен жыраққа қалып қоюының себептерін зерттеудің өзіндік маңызы бар. Сондықтан да бұл мақалада қазақ диаспорасының пайда болуы себептерін жан-жақтылы қарастыруға тырыстық. Əрине, бір мақалаға мұндай ауқымды мəселелерді толық қамту мүмкін болмас. Сол себепті, Моңғолия жəне Қытайдағы қазақ диаспорасы мен қазақ ирреденттерінің қалыптасуының түрлі тарихи, саяси жəне əлеуметтік жақтағы себептері аясында зерттеу жүргіздік. Мақалада XІХ ғacыpдaғы Россия жəне Қытайдың шекара келісімі, ХХ ғасырдың басындағы Моңғолияның тəуелсіздік алу кезеңіндегі бір бөлім елдің бөлініп қалуынан бастап, өткен ғасырдың басында түрлі себептермен ауып барған қазақтардың қоныстану жағдайы айтылады. Сонымен қатар, осы елдердегі диаспораның өмір сүруіндегі тарихи шарт-жағдайлар мен саяси қысымдар, олардың тəуелсіздік жолындағы талпыныстарына да тоқталдық. Аталмыш елдердегі ирреденттер мен диаспора- ның ара жігін ашып қараудың қажеттілігі жайлы ой қозғалады. Өйткені қазіргі Қазақстан қоғамындағы халықтың шеттен келген ағайынға деген оң пікірін қалыптастыруда мұндай тақырыпты қозғаудың өзіндік маңызы бар.

Түйін сөздер: Қазақ диаспорасы, қоныстану мəселесі, Қытай жəне Моңғолиядағы қазақтар, тарихи кезеңдер, қоныстану географиясы.

Мамытканов Д.К. 1* , Қадыролла М. 2

1 кандидат социологических наук, доцент

2 PhD докторант 3 курcа

1,2 Казахский национальный университет им. аль-Фараби

г. Алматы, Казахстан

ФОРМИРОВАНИЕ КАЗАХСКОЙ ДИАСПОРЫ В МОНГОЛИИ И КИТАЕ Аннотация

Для политического, экономического, социально-правового развития государства необходимо изучать формирование входящих в его состав социальных групп. Одна из таких групп – это наши соотече- ственники, вернувшиеся из-за границы. Сегодня более миллиона наших братьев и сестер вернулись в страну, не считая прироста населения. При решении проблем соотечественников, важное значение приобретает изучение причин их отделения от Родины. Поэтому, в этой статье мы постарались подробно рассмотреть первопричины появления казахской диаспоры. Конечно, невозможно охватить все эти вопросы в одной статье. Следовательно, мы провели исследование в контексте различных исторических, политических и социальных причин формирования казахской диаспоры и казахских ирредентистов в Монголии и Китае. В статье описывается пограничный договор между Россией и Китаем в XIX веке, ситуация с расселением казахов, бежавших по разным причинам в начале прошлого века от раздела Монголии в период обретения страной независимости в начале ХХ века. Мы также затронули вопросы, связанные с историческими условими и политическим давлением в жизни диаспоры в этих странах и их стремление к независимости. Обсуждается необходимость выяснения отношений между ирредентистами

(2)

и диаспорой в указанных государствах. Ведь в современном казахстанском обществе поднятие такой темы имеет большое значение в формировании положительного отношения народа к брату-иностранцу.

Ключевые слова: казахская диаспора, проблемы расселения, казахи в Китае и Монголии, исторические периоды, география расселения.

Mamytkanov D.K.1* , Hydyrolla M.2

1 Candidate of Sociological Sciences, Associate Professor

2 PhD doctoral student 3 course

1,2 Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

FORMATION OF THE KAZAKH DIASPORA IN MONGOLIA AND CHINA Abstract

For the political, economic, social and legal development of the state it is necessary to study the formation of incoming social groups. One of such groups is our compatriots who have returned from abroad. Today, more than a million of our brothers and sisters have returned to the country, not counting the growth of the population. When solving the problem of compatriots, the important value acquires the study of the reasons for their separation from the Motherland. Therefore, in this article we tried to consider in detail the root causes of the Kazakh diaspora. Of course, it is impossible to cover all these issues in one article. Consequently, we conducted research in the context of various historical, political and social reasons for the formation of the Kazakh diaspora and Kazakh irredentists in Mongolia and China. The article describes the border agreement between Russia and China in the XIX century, the situation with the settlement of the Kazakhs, who fled for various reasons at the beginning of the last century from the division of Mongolia in the period of independence of the XX century. We have also touched upon issues related to historical conditions and political pressure in the lives of diasporas in these countries and their aspirations for independence. The need for clarification of relations between irredentists and the diaspora in the specified states is discussed. After all, in modern Kazakhstani society, raising such topics has a great significance in the formation of a positive attitude of the people to the brother-foreigner.

Keywords: Kazakh diaspora, settlement problems, Kazakhs in China and Mongolia, historical periods, geography of settlements.

Кіріспе. 90-жылдары Қазақстандағы диаспорология жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімі атқарып келді. Ұлттық жəне ұлтаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталықтың «Қазақ диаспорасы:

мəселелері мен болашағы» атты зерттеудің арнайы бағдарламасын бекітуге жасалған алғашқы қадам 1990 жылы қыркүйекте философия жəне құқық институтының (қазір – ҚР Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану жəне дінтану институты) Ғылыми кеңесінде жасалды. [1, 35 б.]

1992 жылы академия жанындағы философия институтының «Қазақ диоспорасы: ғылыми зерттеу мəселелері» атты еңбекке Ə.Қ. Арғынбаев, І.А. Əйтімбетов, Ғ.Есім бастаған ғалымдардың мақалалары еніп, диаспораның тарихи, саяси, демографиялық, əлеуметтік, тілдік мəселелері сөз болды. Бұл дегеніміз ел тəуелсіздік алғаннан кейінгі шетте жүрген ағайын жайлы жазылған алғашқы еңбек еді. Кітаптың алғы сөзінде шетелде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны үш миллионнан астам делінген. Сол себепті, тұтас ұлттың мəселесі тұрғысынан келгенде, бұл іске бей-жай қарамай, зерттеушілер олардың саяси, əлеуметтік жағдайын жіті бақылап, ғылыми айналымға түсіру керектігін білді.

Сонымен 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан күндері аралығында Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы ашылды. Құрылтайға алыс жəне жақын шетелдердің 33 елінен 800 ге тарта өкіл келді. Жиын аясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, қауымдастықтың төрағасы етіп Н. Ə. Назарбаев сайланды. Жиында отандық ғалымдар мен шетелдік диаспора өкілдері арасында диалог пайда болды. Осы негізде 1993 жылы М. Б. Тəтімов «Қазақ əлемі: Қазақтың саны қанша? (Қазақ қашан, қайдан қуылған, қырылған жəне атылған?)» деп аталатын еңбегін жазды. Бұл жерде айта кететін жағдай ТМД елдері мен Қытай жəне Моңғолиядағы қазақтардың саны жайлы мəліметтер нақты жəне жария болғанымен Ауғанстан, Иран, Түркия жəне Европа елдеріндегі қазақтардың жалпы санын білу қиын болатын. Сөйтіп, шетелдегі қазақ диаспорасы жайлы ізденістер басталды. Шeтeлдeгi қaзaқтapдың бip бөлiгi oтaндac мəpтeбeciн aлып, Қaзaқcтaнғa қaйтып opaлды, қaлғaндapы тapиxи Oтaндapымeн əpтүpлi

(3)

дeңгeйдe бaйлaныc opнaтты. Егемендік алған соң, қaзaқcтaндa жəнe шeтeлдepдe қaзaқ диacпopacына қызығушылық пайда болып, оларды зерттеу жаңа серпінмен басталды

Зерттеу əдістері. Жұмыстың теориялық жəне əдіснамалық жағындағы негізі – тарихи, əлеуметтік- ақпараттық, саясаттанулық бағыттар болды. Ирридент жəне диаспора мəселесінің зерттеуде қолданыла- тын əдістердің ішінде ең бір маңыздысы олардың атамекеннен бөлініп қалу себептерін жүйелі қарастыру.

Бұл тақырыпты ашу үшін, тарихи, саяси, заңдық, əлеуметтік-детерминистік жəне тағы басқа жақтан ғылыми əдістерді қолданудың маңызы зор. Бұл мəселердің басы ашылғанда Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарды əлеуметтік жағынан зерттеуге тың жол ашылады. Зерттеу тəсілінің негізінде қандастарымызды қоныстандыру мен олардың ел ішіндегі қоғамдық орнын теңестіруде мүмкіндік туады.

Сөйтіп, тарихи деректерді негізге ала отырып, дереккөздерге жүгіну, салыстырмалы талдау мен жинақтаудың жаңа тəсілдерін пайдаландық.

Бұл тақырыпты ашу үшін зерттеушілердің танымдық бағыттары, теориялық жақтағы қағидалары басты назарда алынды. Қолға алған тақырыбымызды жан-жақтылы ашу үшін ғылыми, объективтіктілікті негізге ала отырып, нақты дереккөздерді ұтымды пайдалануға күш салдық. Зерттеу əдістерінде, ежелгі мекендерінде тұрып жатқан қандастарымыз туралы барынша нақты деректерді беруге, олардың отбасы- лық жағдайлары, өсіп-өнуі, əлеуметтік-экономикалық жай-күйі, мəдениетінен гөрі, олардың біртұтас қазақ территориясынан қалай бөлініп қалғаны жайлы тақырыпты өзек еттік. Бұл мəселелер түптеп келгенде диаспора төңірегіндегі түйткілді мəселелерді ашуға өз пайдасын тигізе алады. Жоғарыдағы аты аталған мəселердің барлығын бір мақалаға сыйдыру мүмкін болмаса да жалпылаудан жинақтауға қарай өтуді көздедік.

Нəтижелері мен талдау

Қазақ диаспоралары туралы алғаш пікір білдірген шетелдік басылымдар да аз болмады. Ол шамамен өткен ғасырдың отызыншы жылдары еді. Мəселен,“Прометей”, “Таймс”, “Ени Туркестан”, “Возрожде- ние”, “Геральд Трибюн”, “Морнинг Пост” қатарлы газет-журналдар шетелде қоныстанған, белгілі себептермен жан сауғалап шетелдерге кеткен қазақтар жəне олардың тағдырлары жайлы жазды. Əрине, шетте қалған миллиондаған қазақтың саяси, əлеуметтік өмірі басылымдарда шығып жататын бірер мақаланың мазмұнына симаса да, ел тəуелсіздік алғанға дейінгі жылдарда мұның өзі көңілге медеу еді.

Ал, тарихи себептерден атамекеннен бөлініп қалған елдің үлкен бір шоғыры саналатын шығыста жатқан Моңғолия жəне Қытайдағы қазақтар жайлы мəліметтер бұл мақалалар жазылғаннан алпыс-жетпіс жыл бұрын қағаз бетіне түсіріліп жатты.

ХІХ ғасырдың соңынан бастап Қытай жəне Моңғолиядағы қазақтар жайлы жазған орыс жəне батыс саяхатшыларынан алғашқылардың бірі – М.А. Терентьов болды. Оның «Орта Азияны бағындыру тарихы» атты еңбегінде шығыс өңірге қоныстанған қазақтар жайлы мəліметтер береді.

Мұнан кейін И.Ф. Бабковтың «Менің Батыс Сібірдегі қызыметімнен еске алғандарым» атты еңбегін атауға болады. Автор əскери қызметте жүргенде 1964 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы шекара айыру келіссөзіне қатысады. Ол Ресей жағының толық құқылы өкілі болғандықтан арадағы жағдай, шекараның екі жағындағы қазақтарадың саяси өмірі туралы біршама толық баяндайды.

Тарихшы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың Шығыс Түркістанға барған сапарынан жазып қалдырған күнделіктерінде де Қытайдың Іле өңіріндегі қазақтардың жағдайы туралы жазған құнды материалдарын көре аламыз. Шоқан Іле өңірінде жасап жатқан қазақтардың қоғамдық-экономикалық, сауда-саттық істері туралы біршама құнды материалдар жинаған.

Ал Моңғолиядағы қазақтардың қоныстану тарихына келетін болсақ, орыстың этнограф ғалымы Г.Е. Грумм-Гржимайлоның еңбектерін атауға болады. Ғалымның «Батыс Моңғолия жəне Урианхай

шекарасы» атты еңбегінде Алтай асқан қазақтардың Моңғолия жеріне қоныстануы жəне олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы сөз болады.

Орыстың этнограф ғалымы Г.Н. Потанинның «Солтүстік Батыс Моңғолдар жайлы очерктер» атты еңбегінде Алтай күнгей бетіндегі қазақтар мен Қобда бетіне асқан қазақтар жайлы нақты мəліметтер береді.

Қазақ диаспорасының атажұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны «ақтабан шұбырынды» кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса- көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мəжбүр болды. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан жəне Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен, – дейді зерттеушілердің бір тобы. [2, 24 б.] Əрине, біз бұл көзғараспен келіспейміз. Қазақ ұлтын құраған байырғы ру-тайпалардың

(4)

көбі Моңғол үстіртінде жəне оның оңтүстік батыс өңірлерінде, Алтай жəне Тəңір тауларының баурайларында дүниеге келген жəне сонда өсіп-өнген. Алайда тарихи себептердің салдарынан олар ілгерінді-кейінді шығыстан батысқа қарай ығысып отырған. [3, 62 б.] Жоңғар хандығының жойылуы қазақтар үшін бұрын жау қолында қалған мекендерін, өріс-қоныстарын қайтарып алуына мүмкіндік туғызды. Жоңғарлардың қолында болған осы жерлердің бəрін Қытайлық-Циң өз жерлері деп санайтын.

Ал, қазақтар болса, өздерінің ежелгі атамекені Тияньшан тауының солтүстігіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле өңіріне қайта қоныстануға талпынды.

Ресей-Қытай шекара белгілеу келісімінде шекара өңірінде тұратын қазақтардың қай мемлекетке бағынышты болатыны, екі ел татулықты сақтап шекараның маңында отырған халыққа таласпауы керектігі айтылады. Нақтырақ айтқанда, қазақтардың Чиң патшалығына қарасты бөлігінде қалғандары қытай азаматы, Ресей бөлігінде отырған қазақтар Ресей мемлекетінің азаматы болып шыға келді. Десе де, шекара белгіленіп əскер қойылғанымен, Қытайға қарай асқан қазақтардың көші толастамады. «1864 жылы (Тұңжы патшаның 3 жылы) Көгедай əулетінен шыққан Мамырбек, өзіне қарасты руларды Зайсаннан Жеменейге, одан Тарбағатайдың Толы ауданына көшіріп келіп, өзінің ақсүйектік орнымен сол аудандағы шұрайлы жерлерді иемденіп алды. Сондай-ақ ол өзімен бірге келген Толы ауданына қоныстанған он екі абақ керейдің біраз руларын жəне сол жердегі уақ руларын биледі». [4, 182 б.] 1864 жылы Қытай мен Ресей мемлекеттік шекара келісімін жасап, қазақтың жері мен елін екіге айырған шақта он екі абақ керей елін басқарып отырған Ажы гүң 1865 жылы Ресейдің басқаруына қалуды қаламай, елін бастап шығысқа қоныс аударып, Алтай тауының оңтүстігіне барып қоныстандырды». [4, 190 б.]

Осылайша, бір бүтін ел екіге жарылды. Араға бір ғасырдан астам уақыт салып, Қазақстан тəуелсіздік алды да шекараның Қытай жағында қалған қазақ ирридент болып саналды.

Ендігі бір топ қазақтар ақ патша үкіметінен, кеңес одағының түрлі қысымынан шекара асып, іргелес отырған ағайынды паналағандар. 1916-1920 жылдары аралығында бір бөлім қазақтар Қытайға жан сауғалап баруға мəжбүр болды. Оның əртүрлі тарихи себертері бар. Бастысы, шекара өңірдегі ұлт-азаттық қозғалыстарының жанышталуы, жайылымдық жерлерінен айырылуы т.б. Академик Манаш Қозыбаевтың зерттеуі бойынша, 1916 жылы қазанда генаралдар Куропаткинның, Фольбаумның қатысуымен патша əкімшілігі «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім қабылдады... Жаркент уезінде бүлік шығарған албан руы қазақтарынан Текес жəне Шалкөл өзендерінің аңғарындағы барлық жерлерді, Қарқаралы жайлауын, Шу аңғарының бір бөлігін тартып алу қажет деп санады. [4, 207 б.] Деректер бойынша, 1917 жылдың басында 200 мыңнан астам халықты жазалаушылар Қытай асырып жіберген. Бұл тек Жетісу өңірінде ғана болған жоқ. Қытай деректерінде: 1916 жылы қыркүйектің 16 күнгі мəліметі бойынша, Тарбағатай шекарасынан үздіксіз қашып өтіп келіп жатқан қазақтардың түтін саны 20 мыңға жетті, – деп жазады.

[4, 210 б.] Айналасы ширек ғасыр ішінде елдегі түрлі саяси қысымның, қудалаудың кесірінен бірнеше жүз мың ел Қытай асып кетуге мəжбүр болды. Олар арғы беттегі ағайыннан қоныс, өріс алып ел қатарлы күн кешіп жатты. 1931-1934 жылдары байларды кəмпескелеу, ұжымдастыру мен аштық салдарынан да біраз қазақ Қытай асып кетті.

Əрине, олар кейбіреулер ойлағандай байлығын қорғау үшін шетелге қап-қап алтын арқалап кеткен жоқ. Жан сақтау үшін амалсыз кетті. Атамекенді тастап елден бөліну, ауа көшу, жат елден қоныс іздеу жойылып кетпеу үшін жасалған амалсыз қадам. 1956-1962 жылдары аралығына Іле, Тарбағатай өңіріне өткен қазақтардың бір бөлімі елге оралды да көп сандысы ел шекараның арғы бетінде қала берді.

Ал, Моңғолиядағы қазақ қауымының қалыптасуына келер болсақ, Моңғол үкіметінің мемлекеттік алғашқы құрылтайының өкілі Тауданбекұлы Дəуітбай құрылтайда сөйлеген сөзінде (1924 жылы қараша)

«біздің қазақтар Моңғолия жерін алғаш мекендегелі бері, міне, аттай 60 жыл болды» деп мəлімдеген.

[3, 69 б.] Бұл бір дерек. Орыс саяхатшысы «Олар (қазақтар) өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Алтай тауының жоталарына табан тірей бастаған еді. Енді, міне, олардың көшінің алды Қобда мен Буянтыға ілініпті. Керейдің көші онымен де тоқтамайды, 1903 жылы мен оларды Сақсай, Дэлуін қойнауында жəне Тиектінің қабағында кездестірдім» дейді. [5, 414 б.] Тарихшы ғалым З. Қинаятұлы

«өткен ғасырдың алпысыншы жылдары» деп отырғаны 1860 жылдар дейді. Менің ойымша, қазақтардың Алтай тауының жоталарына табан тіреген кезі 1760 жылдары шамасы. Демек, Алтайдың теріскей бетіне қазақтардың қоныс аударған жылдары шамамен 1860-1870 жылдары шамасында басталса керек. Жалпы алғанда, ол кездерде шекара сызығы болмағандығы себепті Алтайдың күнгей жəне теріскей бетіндегі қазақтар өздеріне жайлы қоныс іздеп ары-бері көшіп қонып жүргенін көре аламыз. Бұдан тыс, Алтай бетінде болған түрлі табиғи апаттар, жайлымның тарлық етуі, алман-салықтың көптігі, ру ара қайшылықтар, қоғамдың тынышсыздығы да бір бөлім елдің қобда бетіне көшуіне себеп болды.

(5)

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Моңғолия тəуелсіздік алды. Жеке дара ел болып құрылды.

Ендігі жерде осы мемлекеттің территориясында жасап жатқан ел Моңғолия қазақтары болып саналды.

Сондықтан да бір оларды ирридент ретінде қарастыруға тиіспіз. Бұл туралы зерттеуші-ғалым Зардыхан Қинаятұлы былай дейді: ХІХ-ХХ ғғ. Ұлтымыз тағдырының талқысына түсіп, бірі – ойда, бірі – қырда қалғаны қабырғаңды қайыстырады, сағыңды сындырады. Отан тарихы – тұтас ұлттың тарихы. Ендеше шекараның арғы беті – бір таудың екі беті, ежелгі ата қоныстың пұшпағы. [3, 5 б.] Қазақтың осы бір шоғырының шекара айырысудан бұрын өздерінің ежелгі мекенінде тұрып жатқандығы себепті оларды ирридент ретінде қарастыруға тиіспіз. Айта кетерлік бір жай, Қазақ елі егемендігін алудан бұрын Моңғолиядағы қазақтар ұлы көшті бастап, тарих алдындағы парызын өтеуге бет бұрды.

Моңғолия жəне Қытайдағы қазақтардың тарихи тұрғыда қалыптасуы, тұтас бейнесі мен этномəдени ерекшеліктерін зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

- Іле, Тарбағатай, Тəңір таудың баурайындағы, Алтай тауының күнгей-теріскейіндегі қоныстанған қазақтардың жағдайын, тарихи қалыптасуы мен дамуы мəселесін күн тəртібінен түсірмей зерттеу керек.

Өйткені олар шеттегі қазақтардың үлкен бір шоғыры;

- Аталмыш қазақтар шоғырының пайда болуы себептерін саралау;

- Олардың материалдық жəне рухани құбылыстарының нақты деректерге сүйеніп этнотарихи сипатын ашу;

- Шығысқа орналасқан қазақтардың этникалық тұтастығын, ұлттық деңгейде шыңдалуын, ұлт ретінде жойылып кетпей сақталып қалу үшін, олардың бірқалыпты өмір тіршілік ырғағын сақтай отырып, сол елге сіңіп, жойылып бара жату себептерін қарастыру, оның алдын алу жақтарын ойластыру;

- Аталмыш елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілін, дінін, жергілікті этномəдениетін сақтап қалуына көмектесу;

- Тəуелсіз ел тұрғысынан шеттегі ағайын жфайлы жаңаша бағамдау жасап, кеңес одағы кезінде идеологияның кесірінен ел ішінде қалыптасқан теріс пікірді оңауға күш салу.

Осындай мақсатты негізге ала отырып, Моңғолия жəне Қытай қазақтарының əлеуметтік, тарихи жағдайы жайлы З.Қинаятұлы, Қ.Сартқожаұлы, Қ.Бабақұмар, А.Мауқараұлы, Б.Қайратұлы, Қастер Сарқытқан, Жəди Шəкенұлы қатарлы авторлар біраз еңбектер жазды. Ал, Моңғолиядағы қазақтардың этнографиясының зерттелуін ерекше атап өтуге болады. Зерттеушілер Б.Кəмалашұлы, Д.Қатран, Б.Хинаят, К.Н.Райымханова қатарлылар өңірлік ерекшеліктерді негізге ала отырып, ұмыт болып бара жатқан дəстүрімізді жаңғыртты.

Белгілі бір ұлттың, этностың не болмаса топтың айналасындағы ортаға жұтылып кетпей өзін аман сақтап қалуы үшін белгілі шектен асатын жан саны болуы керек. Бұл туралы классик жазушы Мұхтар Мағауин: Он миллиннан асқан халық жоғалмайды, Қазақ он миллионнан асты. Демограф-ғалым М.Б. Тəтімовтың айтуынша, тəуелсіздік жылдары шетелдерде 3 миллион 273 мың қазақ тұратыны, оның жалпы қазақтың 32.2% құрайтыны айтылады. Демек, əлемдегі əрбір төртінші қазақ өзге елде жүр деген сөз. Демек, біз тақырып етіп отырған Моңғолия жəне Қытай қазақтарының саны да біршама. Мемлекеті- міз тəуелсіздігін алғаннан бері алыс-жақын елдерден 1 млн.-нан астам қандастарымыз көшіп келді. Олар орташа есеппен кемі бес жылдық Қазақстан халқының табиғи өсімін құрады. Бұл жақсы көрсеткіш.

Алайда, біздің шетелдегі қандастарымыздың негізгі бөлімі əлі тарихи отанға ораламады. Оған əр түрлі себептер əсер етіп келеді. Белгілі мəннен алғанда, мемлекетіміздің кейбір белгілемелері мен заңдық - құқықтық негіздері де өз əсерін жасағаны анық. Қалай болмасын, шетелдегі қазақтарды атамекенге оралту ең алдымен қазақ үкіметіне керек. Сол үшін еліміз үкіметі қолынан келгенше жағдай жасап, оларды көшіріп алудың қарекетіне белсене кірісу заман талабы. Ал ол үшін шетел қазақтарын зерттеудің бірыңғай, жүйелі ғылыми негізі мен арнаулы мекемелері құрылуы кезек күттірмес өзекті мəселе.

Қорытынды. Адамзат тарихына көз жібергенімізде, халықтың ішкі жəне сыртқы көші-қоны, диаспораларының қалыптасу үрдісі бұрыннан бар жəне ол көптеген халықтарға тəн, ортақ үрдіс. Алайда, олардың арасында қалыптасудың себебі мен салдары əр түрлі. Ол сол кездегі саяси-тарихи шарт-жағдай мен ұлттың немесе азаматтардың жеке шешімімен байланысты. Демек, бұл да адамзат өркениеті мен экономиканың ғаламдануындағы бір функция ретінде қаралатын жəне бағаланатын құбылыс.

Алтай, Тарбағатай, Тияньшан тауларының шығыс бетінде мыңдаған қазақ ауылдары қоныстанып, қазақ этникалық тобын қалыптастырды. Олардың тарихи атамекеннен бөлініп қалуы бірқатар себептерге байланысты екенін жаздық. Зерттеушілердің Қытай жəне Моңғолиядағы этникалық қазақтардың шоғырының біршама мол екенін айтады. Олар жай ғана шоғыр емес, дəстүрлі малшаруашылығын кəсіп етіп, ұлттық дəстүрді сақтап отырған ел. Екінші жағынан қазақ елі үшін үлкен бір күш. Сондықтан да оларды елге оралту жəне олардың атамекеннен бөлініп қалып себептерін зерттеу жəне демографиялық,

(6)

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

1. Балтабаева К.Н., Мамашев Т.А., Ермекбаев Ж. Ə., Баймағамбетова А.Ж. Қазақ диаспорасы жəне Атамекенге оралу (1991-2012): Ұжымдық монографиялық еңбек. – Алматы: «Елтаным». – 587 бет.

2. Кенжетаев Ш. ҰБТ-ға аралған тест сұрақтары. –Алматы, 2018. –184 бет.

З. Қинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007. – 256 бет.

4. Н. Мұқаметханұлы. Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы. – Алматы: «ҚАЗақпарат». – 336 б.

5. Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урианхайский... – СПб.,1881. – С.414.

6. Shokai M. (2013) Complete Works: 12 volume edition. Almaty: Dyke-Press. - volume 7 7. Shokai M. (1931) Yash Turkistan. № 2

8. Capқытқaн Қacтep (2014) Шетел қазақтарын ғылыми тұрғыда зерттеудің əдістері мен тəсілдері жөнінде [About methods of scientific research of foreign Kazakhs]. “Орталық азияның қазақ диаспорасы: тарих-мəдениет-ескерткіштер” Халықаралық ғылыми конференция материалдары.

Алматы: “Елтаным баспасы”. – 248-253 б.

9. Mukanova G.K. (2014) The kazakh Expatriate Community of the XX Century through the Prism of Diplomacy // “Bylye Gody”. № 31 (1)

10. Ваң Лычуан (2011) Батысты игерудегі Шынжаң экономикасы [Xinjiang economy in the Development of the Western region] Урімжі: Шынжаң халық. – 464 бет, қытай тілінде

11. China`s ethnic statistical yearbook. Beijing, 2011 year

12. Рахметұлы С. (2014) Қазақтардың батыс Моңғолияға қоныстана бастауы -1770-1870 жж. [The origin of the Kazakhs in Western Mongolia - 1770-1870"]. – Алматы: “Елтаным баспасы”. – 425 б.

13. Shugatai A. (2014) Exnernal migration and Kazakh ethnic`s settlement of Mongolia. – 121 p

14. Number of Kazakh ethnics in Mongolia (1939 - 2010). Mongolia, National Statistic Office. Population and Housing Census:2010 Ulaanbaatar

15. Shugatai A. (2014) Migration from Bayan-Ulgii to Kazakhstan - 125 p

16. Ныcaнбaeв Ə. (2004) Қaзaқ диacпopacының бүгiнi мeн epтeңi [Current status and prospects of the diaspora of kazakhs]. – Алматы. – 308 б.

References:

1. Baltabaeva KN, Mamashev TA, Ermekbaev Zh. A., Baimagambetova A.Zh. Kazakh Diaspora and Return to the Fatherland (1991-2012): Collective monograph. – Almaty: Eltanym, page 587.

2. Kenzhetaev Sh. UNT test questions. – Almaty: 2018, 184 pages.

3. Z. Kinayatuly. Kazakhs in Mongolia. – Almaty: World Association of Kazakhs, 2007. – 256 pages.

4. Н. Mukamethanuly. Social history of Chinese Kazakhs. Almaty: "KAZinform" - 336 pages.

5. Grumm-Grzhimailo G.E. Western Mongolia and Uriankhai ... – SPb., 1881. –S.414.

6. Shokai M. (2013) Complete Works: 12 volume edition. – Almaty: Dyke-Press. - volume 7 7. Shokai M. (1931) Yash Turkistan. № 2

8. Sarkytkan Kaster (2014) Shetel kazaktaryn gylymy turgyda zertteudin adisteri men tasilderi joninde [About methods of scientific research of foreign Kazakhs]. “Ortalyq aziyanyn qazaq diasporasy: tarih-madeniet- eskertkіshter” Halyqaralyq gylymi konferenciya materialdary. Almaty, “Eltanym baspasy” - 248-253 б.

9. Mukanova G.K. (2014) The kazakh Expatriate Community of the XX Century through the Prism of Diplomacy // “Bylye Gody”. № 31 (1)

10. Van Lychuan (2011) Banysty igerudegi Shynzhan economycasy [Xinjiang economy in the Development of the Western region] Urіmzhі: Shynzhan halyq. –464 bet, qytaj tіlіnde

11. China`s ethnic statistical yearbook. Beijing, 2011 year

12. Rahmetuly С. (2014) Kazaktardyn batis Mongoliaga konystana bastauy -1770-1870jj. [The origin of the Kazakhs in Western Mongolia - 1770-1870"] Almaty, “Eltanym baspasy” . - 425 б.

13. Shugatai A. (2014) Exnernal migration and Kazakh ethnic`s settlement of Mongolia. - 121 p.

14. Number of Kazakh ethnics in Mongolia (1939-2010). Mongolia, National Statistic Office. Population and Housing Census:2010 Ulaanbaatar

15. Shugatai A. (2014) Migration from Bayan-Ulgii to Kazakhstan. – 125 p.

16. Nysanbaiev A. (2004) Kazak diasporasyning bugini men ertengi [Current status and prospects of the diaspora of kazakhs]. – Almaty. – 308 б.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

т.б. Еуропоцентризм мен нәсілшілдік кемсітушілікті жоққа шығарып, артта қалған халықтар мен байырғы ойлау дәстүрлерін өзіндік бір ерекше дүниетанымның

Абай атындағы ҚазҰПУ, ХАБАРШЫ «Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы, №4 64, 2018 Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университетi

«институты» наставничества, привлечение масс к управлению производством, общественные смотры резервов, работа по личным и коллективным планам и т.д. Например, в последние

Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты, Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамасты [2]. Мұнда бүкіл ел,

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һəм өз

оппозициялық топ «Сирияның Ұлттық Кеңесі» (2011 жылы Стамбулда құрылған, сыртқы оппозиция- ның органы) қазіргі кезде қақтығыста айта қаларлықтай маңызды рөл

- Fourth, the forced modernization model. The urgency and scientific need for a brief examination of these models of modern modernization is determined by the fact that

Мақалада автор Қазақстан тәжрибесі негізінде жаңғырту мен жаһандану үрдісін жан-жақты талдаған. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа кең