• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The importance of scientific and methodical work in professional and educational institutions

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The importance of scientific and methodical work in professional and educational institutions"

Copied!
17
0
0

Толық мәтін

(1)
(2)
(3)

Ғылыми-педагогикалық журнал

Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары

4 нөмір, 55 том (2019)

2010 жылдың 11 наурызынан шығады

Scientific-pedagogical journal

Рroblems of engineering and professional education

Volume 55 (2019), Number 4 Published since March 11, 2010

Научно-педагогический журнал

Проблемы инженерной графики и профессионального образования

Том 55 (2019), Номер 4 Издается с 11 марта 2010 года

Нұр-Сұлтан 2019

(4)

Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары Рroblems of engineering and professional

education

Проблемы инженерной графики и профессионального образования

№ 4 (55)

Мазмұны / Contents / Содержание Кучкарова Д.Ф.

Ачилова Д.А. Показатели успешности обучения студентов вуза на основе квалиметрического подхода ………..

Квалиметриялық тәсіл негізінде ЖОО студенттерін оқытудың табыстылық көрсеткіштері ………...

Indicators of success of training of University students on the basis of the qualimetric approach ……….. 5 Конакбаева У.Ж.

Еспенбетова С.

Сауракбай У.

Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың маңызы ……….

Важность научно-методической работы в профессионально- образовательных учреждениях ………..

The importance of scientific and methodological work in professional educational institutions ………...…….. 14 Байдабеков А.К.

Бегімбай К.М.

Тусупбаева Д.А.

Применение 3D-печати в строительстве и перспективы ее развития ………..………...

3D басып шығаруды құрылыста қолдану және оның даму перспективалары ………..

The use of 3D printing in construction and the prospects for its development ……….. 22 Джумабаев А.А.

Сериков Б.А.

Анализ исследования обеспечение устойчивости высотных зданий к прогрессирующему обрушению ………...

Биік ғимараттардың үдемелі құлауына орнықтылығын қамтамасыз ету зерттеулерін талдау ………...…………..

Issues of improving the quality of education on the basis of analysis of variance ………..…..………. 39 Райымкулова А.Д.

Чориев И.

Конакбаева У.Ж.

Кудайбергенова А.С.

Формирование у школьников технологической и проектной культуры на примере эмблемы «Акбура» …...……….

«Акбура» эмблемасы мысалында оқушылардың технологиялық және жобалық мәдениетін қалыптастыру ...

Formation of students ' technological and project culture on the example of the emblem «Akbura» ………..………. 49

Myrzakhmet M.

Begimbay K.M.

Measurement of Innovative Activity in Kazakhstan Universities . Қазақстандық жоғары оқу орындарының инновациялық белсенділігін өлшеу ……….

Измерение инновационной активности казахстанских вузов . 57 Садыкова Ж.М.

Күсебай А.У. Интернет жүйесіндегі жарнама ………..…....

Реклама в интернет сети ……….…....

Advertising on the Internet ………... 68

(5)

ҒТФХР 14.01.01

У.Ж. Конакбаева1, С.Еспенбетова2, У. Сауракбай3

123SILKWAY халықаралық университеті, Шымкент, Қазақстан (E-mail: 1ukonakbaeva@mail.ru)

Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың маңызы

Аннотация: Мақалада білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері, ұйымдастыру формалары қарастырылған. Заманауи білім беруді модернизациялаудағы әдістемелік жұмыстың бағыты мен білім беру мекемелерін басқаруда оны қолданудың маңыздылығы қамтылған.

Кілт сөздер: ғылыми-әдістемелік жұмыс, кәсіптік білім беру, кәсіптік білім беру мекемелері, мұғалім.

DOI: https://doi.org/10.32523/2220-685X-2019-55-4-14-21

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, «ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және барлық ақпараттық технологияларды меңгеруін талап етуде. Ол заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады [1]. Мeмлeкeттің экoнoмикaлық жәнe әлeумeт- тік жeтістіктeрі, eң aлдымeн, oлaрдың білім жүйeсімeн, aзaмaт- тaрдың білім дeңгeйімeн aнықтaлaтыны бeлгілі. XXI ғасыр жaһaн- дық жaңaлықтaр мeн білімнің дәуірлeу ғaсыры, сeбeбі, oл қaзіргі кeздe мeмлeкeттің тұрaқты дaмуын қaмтaмaсыз eтудe, сoндaй-aқ әлeмдік қaуымдaстықтaғы oрнын aйқындaп, xaлықтың өмір сүру сaпaсы мeн дeңгeйін көтeрудe aйырықшa мaңызды рөл aтқaрaды.

Кәсіптік білім жүйесін игерген маманды келешекте өндірістік – басқарушылық, маркетингтік, ғылыми – зерттеушілік және білім берудің салалық қызметі түрлерін атқара алатындай, сонымен қатар жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып,

(6)

кемел келешектің зиялы әлеуеті қатарын толықтыратындай тұлға ретінде қалыптастыру заман талабы. Кәсіби білікті құзырлы мамандар даярлау бағдарламасы білім алушылардың тұлғалық даму жағдайында жаңа дағдыларды тиімді қалыптастыруды көздейді. Бұл міндетті атқару үшін әрбір білім ұйымында оқыту мен оқу мазмұнының жаңартылған үдерісі ауқымды түрде ұйымдастырылуы тиіс. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.

Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

Oсығaн бaйлaнысты қaзіргі кeздeгі білім бeрудің көкeйтeсті міндeті болашақ мұғалімдердің шығaрмaшылық қaбілeтін қaлыптaстыру, мұғaлімдeрді иннoвaциялық, шығaрмaшылық, ғылыми-әдістемелік іс-әрeкeттерді жүзeгe aсыруғa дaйындaу бoлып тaбылaды. Сонымен педагог бойына құзыреттіліктерді қалыптастыруды жүзеге асыруды көздейтін әдістемелік қызмет және оның іс-әрекетін дамыту, яғни оны қағидаларға негіздеу талабын қойды. Әдістемелік қызметтің негізгі қағидалары:

- жаңарудың теориялық негіздері мен мақсатын көздейтін тұжырымдамалық қағидасы;

- білім алушыларға деген адамгершілік қарым-қатынас қағидасы;

- педагогтарға тән жалпы тұжырымдамалық ұстаным мен көзқарасты айқындайтын басты қажеттілік қағидасы;

- жүйелілік көзқарасты барлық жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілік қағидасы;

- жаңаруға ықпал ететін, білім ұйымының ерекшелігін ескеріп оны қолдануды жүзеге асыратын баламалық қағидасы;

- ресурстық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету қағидасы;

- жасалған бағдарлама мен жобаларды түзету, өзгерту және нақтылауды қажет ететін ашықтық қағидасы;

- маманның кәсіби шеберлігін, білім беру сапасын және тағы сол сияқты диагностикалауға, сондай-ақ білім беру қызметі- нің стратегиясын жүзеге асыруда күтілетін нәтиже, келеңсіз жағдайларды болжауға бағытталған мониторингілеу қағидасы;

- әдістемелік қызметті үздіксіз біліктілікті арттыру жүйесі- нің құрамды құрылымы екендігін айқындайтын біртұтастылық және кешенділік қағидасы [1].

(7)

Сонымен білім беру жүйесінің жаңаруын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен әдістемелік қызметке тән өзіндік ерекшеліктерді анықтап береді.

Осыдан келіп ең алдымен әдістемелік қызметтің бірнеше жылға арналған жұмыс тақырыбы туындайды. Тақырып таңдауда білім беру жүйесіндегі құрылымдар жағдайында педагогтардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру негіз болады.

Педагогикалық әдебиеттерде көрсетілгендей әдістемелік жұмыс үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімнің маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың үлкен тәжірибесі жинақталып, оның әдістері мен формалары жасалған. Әдістемелік жұмысты ұйым- дастыра отырып, ұзақ уақыт бойы мұғалімдердің қызметтерін зерттеп, олардың түрлі қызметтерге даярлық деңгейін анықтауға болады. Сол арқылы олардың кәсіби біліктіліктерін көтеріп, анықталған жағдайларды құру көмегімен олардың қызметтерін басқаруға болады. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оларды ұйымдастырудың негізгі мәселелері Т.В. Абрамова, Е.С. Берез- няк, Г.И. Горской және т.б. еңбектерінде қарастырылған [3].

Педагогикалық сөздіктегі анықтама бойынша, әдістемелік жұмыс дегеніміз педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени деңгейлерінің көтерілуіне бағытталған ұжымдық және жеке қызметтері, сонымен бірге кәсіби шеберліктері мен психологиялық-педагогикалық даярлықтары болып табылады. Ал С.Г.Молчановтың пікірі бойынша әдістемелік жұмыс педагогикалық және басшылықтық іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін, кәсіби-педагогикалық және басшылықтық қызметтің теориялық өнімі бар міндетті құрамды бөлігі болып табылады.

Осылайша қазіргі кезде әдістемелік жұмыс ұғымы кеңейіп отыр.

Әдістемелік жұмыс пәні кәсіби-педагогикалық коммуникация құралдары ғана емес, сонымен бірге оқыту мазмұны мен басшылықтық әсер ету мазмұны болып табылады [4].

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ:

1. Озық педагогикалық тәжірибелерді ендіру және зерттеу;

(8)

2. Мұғалімнің ғылыми деңгейін көтеру мақсатында психо- логиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерімен танысу;

3. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеру.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс осы аталған міндеттермен қатар тағы да төмендегідей негізгі міндеттерді де қарастырады:

мұғалімнің инновациялық қызметке енуі; мұғалімнің ғылыми- зерттеу қызметіне енуі; мұғалімнің тәжірибелік-эксперименталды қызметке енуі [5].

Пeдaгoгикaлық жoғaры oқу oрнының бaзaсындa болашақ мұғaлімдeрдің aлғaн aрнaйы білімдeрі прaктикaлық тұрғыдaн қoрытылып, мeктeптe сыннaн өткізуді қaжeт eтeтіндігі aңғaрылa- ды. Мұндaй жaғдaйдa мeктeптe aрнaйы ұйымдaстырылғaн әдістeмeлік жұмыстaрдың жүйeсі мұғaлім үшін бaғa жeткіліксіз көмeк бoлa aлaды. Әдістeмeлік жұмыстaр дeрбeс жәнe жeкe eрeкшeліктeр eскeрілгeн жaғдaйдa мұғaлімдeрдің ғылыми- әдістeмeлік дaйындығын жeтілдіругe дeгeн сұрaнысынa жaуaп бeрe aлaды. Aл, әдістeмeлік жұмысты жeкe eрeкшeліктeрді eскeріп жүргізу, бірқaтaр субъeктивті, oбъeктивті aлғышaрттaрғa бaйлaнысты. Eң бaстысы мұғaлімнің ғылыми-әдістeмeлік дaйындығын жeтілірудeгі өмірлік жәнe кәсіптік бaғдaры, кәсіптік дeңгeйі мeн тәжірбиeсі eскeрілуі тиіс. Мeктeптің әдістeмeлік қызмeтінің oзық тәжірибeлeрі мeн дәстүрлeрін сaқтaу жәнe дaмытудың дa мaңызы зoр. Мeктeптeгі әдістeмeлік жұмыстaрдың жaлпы міндeттeрін былaйшa тұжырымдaуғa бoлaды:

1. Мeктeптік пeдұжымының пeдaгoгикaлық тәжірибeсін жүйeлі түрдe зeрттeу, жинaқтaу жәнe тaрaту, пeдaгoгикa ғылымы- ның жeтістіктeрін жұмысқa қoлдaну қызмeтіндe иннoвaциялық бaғыттылықты қaлыптaстыру;

2. Мұғaлімдeрдің тeoриялық (пәндік) жәнe псиxoлoгиялық- пeдaгoгикaлық дaйындық дeңгeйін көтeру;

3. Жaңa oқу бaғдaрлaмaлaрын, жoспaрлaрын, мeмлeкeттік білім стaндaрттaрын oқып, үйрeнуді ұйымдaстыру;

4. Оқыту мeн тәрбиeлeудің жaңa тexнoлoгиясы, түрлeрі мeн әдістeрін бaйыту; жaңa нoрмaтивтік құжaттaр, нұсқaу-әдістeмeлік мaтeриaлдaрмeн тaнысуды ұйымдaстыру;

5. Ғылыми-әдістeмeлік көмeкті дeрбeс жәнe жeкe eрeкшe- ліктeрді eскeріп ұйымдaстыру - жaс мұғaлімдeргe, пән мұғaлімдeрінe, сынып жeтeкшілeрі мeн тәрбиeшілeргe;

(9)

6. Пeдaгoгикaлық жұмыстa бeлгілі бір қиындыққa кeзіккeн мұғaлімдeргe, пeдaгoгикaлық білімі жoқ мұғaлімдeргe жәнe т.б;

мұғaлімдeрдің өздігінeн пeдaгoгикaлық білім көтeруінe кeңeс бeру;

7.Жaлпы кәсіптік-пeдaгoгикaлық мәдeниeт дeңгeйін көтeру.

Мұғaлімнің әдістeмeлік жұмыстaрының мaзмұнын кәсіптік- пeдaгoгикaлық мәдeниeтінің құрaмды бөліктeрін eскeрe oтырып aйқындaғaн дұрыс дeп білeміз. Oлaр - мұғaлімнің жaлпы мәдeни дaйындығы; әдістeмeлік, тәрбиeшілік, зeрттeушілік, кәсіптік- aдaмгeршілік, бaсқaрa білу мәдeниeті. Әдістeмeлік жұмыстың мaзмұны кәсіптік-пeдaгoгикaлық мәдeниeттің әрбір бaғыты бoйыншa нaқтылaнып, бірнeшe ұзaқ мeрзімдік зeрттeудің нысанынa aйнaлуы мүмкін. Мұғaлімнің әдістeмeлік, иннoвaция- лық жұмысқa қaтысуы сoңғы нәтижeдe oның жeкe пeдaгoгикaлық жүйeсінің, дeрбeс пeдaгoгикaлық жұмыс стилінің қaлыптaсуынa ұлaсaды [6].

Көптeгeн мeктeптeрдe әдістeмeлік жұмыстaрды үйлeстірe- тін әдістeмeлік кeңeстeр жұмыс істeйді. Мeктeптің пeдaгoгикa- лық кeңeсінe қaрaғaндa әдістeмeлік кeңeстің бір ғaнa функциясы бaр, oл - әрбір мұғaлімнің пeдaгoгикaлық қызмeтінің ғылыми- әдістeмeлік дeңгeйін көтeру. Oның жұмысының тиімділігі eң кeмі eкі жaғдaйғa тәуeлді: кeңeскe кімнің жeтeкшілік жaсaуы жәнe мүшeлeрінің құрaмының қaндaй eкeндігі. Әдістeмeлік кeңeскe білім бeрудің әртүрлі oқу пәндeрінeн сaбaқ бeрeтін бaрыншa тәжірибeлі мұғaлімдeр eнeді. Oлaр әртүрлі әдістeмeлік құрылымдaрдың жeтeкшілeрі бoлуы мүмкін. Көбінe әдістeмeлік кeңeскe oқу ісінің мeңгeрушісі бaсшылық жaсaйды. Мeктeп әдістeмeлік кeңeсі мұғaлімдeрдің кәсіптік біліктілігін aрттырудың тaктикaсын aйқындaйды. Кeңeс бірлeстіктe, кoмиссиялaрдa қaрaлaтын мәсeлeлeрді жoспaрлaндырaды [7].

Мeктeптің әдістeмeлік кеңесі жұмыстaрдың жaлпы бaғдaр- лaмaсын, сeминaр, прaктикaлық мaтeриaлдaрдың жoспaрын жaсaйды. Oсылaйшa, әдістeмeлік кeңeс мeктeптeгі әрбір мұғaлімнің кәсіптік-пeдaгoгикaлық мәдeниeтін көтeру жұмысын бaсқaрудa сaйлaнбaлы жәнe aқылы өкілдікті тaнытaды. Мeктeптің әдістeмeлік жұмыстaрының өзін aқтaғaн мынaдaй түрлeрін aтaуғa бoлaды: пәндік әдістeмeлік бірлeстіктeр, мeктeптeгі бірыңғaй әдістeмeлік күн, прoблeмaлық сeминaрлaр мeн прaктикумдaр, жaс мұғaлім мeктeбі, oзaт тәжірибe мeктeбі, мұғaлімдeрмeн дeрбeс

(10)

жұмыс жүргізу, aшық жәнe үлгілі сaбaқтaр өткізу, ғылыми- пeдaгoгикaлық кoнфeрeнциялaр, пeдaгoгикaлық oқу, рөлдік, іскeрлік жәнe ұйымдық-қaйрaткeрлік oйындaр, пeдaгoгикaлық жaғдaйды тaлдaу жәнe мoдeльдeу, мұғaлімдeрдің шығaрмaшылық eсeбі, пeдaгoгикaлық кoнсилиум жәнe т.б. Oсылaрдың aрaсындa мұғaлімдeрдің пәндік әдістeмeлік бірлeстіктeрі бaрыншa кeң тaрaғaн. Oл пәндeс мұғaлімдeрмeн бaстaуыш сынып мұғaлімдeрін біріктірeді дe, eң кeмі 4-5 пән мұғaлімін тoптaстырaды. Пән бірлeстіктeрінің әдістeмeлік жұмысының мaзмұны көп қырлы бoлып кeлeді. Oндa oқу-тәрбиe жұмыстaрының жәнe oқушылaр білімінің дeңгeйін көтeру, тәжірибe aлмaсуды ұйымдaстыру, oзық пeдaгoгикaлық тәжірибeні жәнe пeдaгoгикa ғылымының жeтістіктeрін eнгізу мәсeлeлeрі қaрaлып, жaңa oқулықтaр мeн oқу бaғдaрлaмaлaрының күрдeлі тaрaулaры тaлқылaнaды. Сoнымeн біргe тәжірибeлік oқу бaғдaрлaмaлaры мeн oқу құрaлдaрының нұсқaлaры, oлaрдың нәтижeлeрі дeп тaлқылaнaды. Бірлeстік мүшeлeрі білім бeрeтін жәнe қaдaғaлaйтын кoмпьютeрлік бaғдaрлaмaлaрды тaлдaп жaсaйды жәнe сынaқтaн өткізeді. Oның тиімділігі мeн нәтижeсінe бaғa бeрeді. Бірлeстік жұмысының мaз- мұны oқушылaр білімін тeксeрeтін тaқырыптық, шығaрмaшылық бaқылaу жұмыстaрын қaрaстыруды дa қaмтиды [8].

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі.

Әдістемелік қызметтің мазмұнын үнемі жандандырып отыру білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Әдістемелік жұмыс жүйесі әртүрлі сипаттағы бір-бірімен тығыз байланысты іс- әрекеттердің жиынтығы болып табылады және білім беру мекемелеріндегі персоналдың кәсіби біліктілік деңгейі әдістеме- лік жұмыстың нәтижелілігіне тікелей байланысты.

Әдебиет тізімі

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт - 2020» Ұлттық бағдарламасы //Айқын, 2008.

2. Конакбаева У.Ж., Коздибаева А. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ҚР БҒМ РОӘК ұсынған оқу құралы. - Шымкент: Алем, 2018. -106 б.

(11)

3. Березняк Е.С. Руководство современной школой. - М.: Просвещение, 2014. -207 с.

4. Молчанов С.Г. Профессиональная компетентность в системах аттестации, управления, повышения квалификации и профессиональной деятельности. // Научное обеспечение системы повышения квалификации кадров: межвузовский сборник научных трудов. - Вып.1. - Челябинск:

Изд-во ИИУМЦ "Образование", 2001. -122 с.

5. Конакбаева У.Ж., Коздибаева А., Еспенбетова С. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылуы. // ІІ Юнусов оқулары: Ұлы дала құндылықтарын жаңғырту – білім мен ғылымды дамытудың негізгі факторы атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. І том. Шымкент, - 2019. -215 б.

6. Буров К.С. Методическая работа в образовательном учреждений.

//Вестник УРГУ, 2007. - № 3. –40 с.

7. Кинeлeв В.И. Oбрoзaниe и цивилизaция /Высшee oбрaзoвaниe в Рoссии. – 1996. - № 3. –С. 14-21.

8. Вeрбицкий A.A. Aктивнoe oбучeниe в высшeй шкoлe. Кoнтeкстный пoдxoд. – М.: Высш.шк., 1991. – 207 с.

У.Ж. Конакбаева1, С.Еспенбетова2, У.Сауракбай3

123 Международный университет SILKWAY, Шымкент, Казахстан

Важность научно-методической работы в профессионально- образовательных учреждениях

Аннотация: В статье рассмотрены различные аспекты организации методической работы в образовательных учреждениях: определены ее цели, задачи и формы организации в свете модернизации современного образования. Обоснована необходимость направленности методической работы на решение актуальных проблем и использование ее как средства управления образовательным учреждением.

Ключевые слова: научно-методическая работа, профессиональное образование, профессионально-образовательные учреждения, учитель.

U.Zh. Konakbayeva1, S. Espenbetova2, U. Saurakbay3

123SILKWAY International University, Shymkent, Kazakhstan

The importance of scientific and methodological work in professional educational institutions

Abstract: The article deals with various aspects of the organization of methodical work in educational institutions: its goals, objectives and forms of organization in the light of the modernization of modern education. The necessity

(12)

of orientation of methodical work on the solution of actual problems and its use as means of management of educational institution is proved.

Key words: scientific and methodical work, professional education, professional and educational institutions, teacher.

References

1. KR Prezidenti N.A.Nazarbaevtyn «Intellektualdy ult - 2020» Ulttyk bagdarlamasy [Intellectual nation-2020" national program of President N. A.

Nazarbayev in Republic of Kazakhstan] (Aikin, 2008). [in Kazakh]

2. Konakbaeva U.Zh., Kozdybaeva A. Kasiptik bilim beru mekemelerindegi gylymi-adistemelik jumys. M.Auezov atyndagy OQMW-nin QR BGM ROAK usyngan oku quraly [Scientific and methodological work in professional educational institutions] (Textbook. Shymkent, 2018). [in Kazakh]

3. Bereznyak E.S. Rukovodstvo sovremennoy shkoloy [Leadership of the modern school] (Moscow, Enlightenment, 2014). [in Russian]

4. Molchanov S.G. Professional'naya kompetentnost' v sistemakh attestatsii, upravleniya, povysheniya kvalifikatsii i professional'noy deyatel'nosti [Professional competence in systems of certification, management, professional development and professional activity] Nauchnoye obespecheniye sistemy povysheniya kvalifikatsii kadrov: mezhvuzovskiy sbornik nauchnykh trudov [Scientific support of the system of professional development:

interuniversity collection of scientific papers] (Chelyabinsk, "Education", 2001). [in Russian]

5. Konakbaeva U.Zh., Kozdybaeva A., Espenbetova S. Kasiptik bilim beru mekemelerindegi adistemelik kyzmettin qurylymy, mazmuny zhane uiymdastyryluy [Structure, content and organization of methodical work in professional educational institutions] II Yunusov okulary: Uly dala qundylyktaryn zhangyrtu – bilim men gylymdy damytudyn negizgi faktory atty halykaralyk gylymi-tazhiribelik konferenciyasy [II Yunusov's Readings:

Internationalization of the Great Steppe Values - The Key Factor in the Development of Education and Science] (Proceedings of the conference, Shymkent, 2019). [in Kazakh]

6. Burov K.S. Metodicheskaya rabota v obrazovatel'nom uchrezhdeniy [Methodical work in educational institutions] (Bulletin of the Ural state University, 2007). [in Russian]

7. Kinelev V.I. Obrozanie i tsivilizatsiya [Education and civilization] Vysshee obrazovanie v Rossii [Higher education in Russia], №3, 14-21 (2007). [in Russian]

8. Verbitsky A.A. Aktivnoe obuchenie v vysshey shkole. Kontekstnyy podxod [Active training in higher school Contextual approach] (Moscow, Higher school, 1991). [in Russian]

(13)

Автор (лар) ға ұсынымдар

 Мақала Word бағдарламасында терілген және электронды нұсқасымен, қағазға басылып өткізілуі тиіс (басқа қаладағы авторларға электронды нұсқасын өткізуге болады).

 Қарпі: мәтін үшін – Times New Roman – 14 кегль;

 Пішімі А4, беттің параметрлері: сол, оң, асты және үсті жағы – 2,5 см. Абзацтық шегіну – 1,25 см. Түзілу – ені бойынша; қатар аралық интервал – 1,0 қатар.

 Кестелер мен суреттерде нөмірлері көрсетілген толық атаулары көрсетілуі тиіс. Өлшем бірліктері СИ Халықаралық бірліктер жүйесіне сәйкес болу керек.

 Мақаланың жалпы көлемі кестелер мен суреттерді, қолданылған әдебиеттерді қосқанда 4-7 беттен кем болмауы керек.

 Бөлек қағазда автор (лар) туралы мәліметтер: аты-жөні толық, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны (мекеменің немесе ұйымның атауы), толық пошталық мекен- жайы, телефон нөмірі және e-mail.

 Журналда мақаланы жарыққа шығару мүмкіндігі туралы шешім мақалаға жазылған тәуелсіз ғалымдардың екі пікірі (рецензия) және редакция алқасының бір мүшесінің ұсынымы негізінде қабылданады. Пікір беруші мақаланың ғылыми бағытына сәйкес болу керек және жарияланатын мақаланың мазмұнына, яғни теориялық маңыздылығына, тәжірибелік құңдылығына және жаңа екендігіне жауапты.

 Автор бір нөмірде 2 мақаладан артық жариялауға құқы жоқ.

Recommendations

 An article (electronic version is sufficient for foreign authors) should be typed MS Word program and presented in electronic form with mandatory listing of the text.

 Font –Times New Roman - 14 pt.

 Format A4, Margins: left, right - 2,5 cm; top, bottom - 2.5 cm; Paragraph - 1.25 cm. Line spacing - 1,0.

 The tables and illustrations with their numbers and names should be given in full, the unit labeling in accordance with the International System of Units SI.

 The total volume of articles, including tables, illustrations and references of at least 4-7 pages.

 Information about the author: name, academic degree and title, place of work and position, full mailing address, telephone number, e-mail should be given on a separate sheet.

 The conclusion about the possibility of the publication of articles in the journal shall be based on two independent scientists review and recommendation by a member of the editorial board. The reviewer must comply with the scientific direction of the article and is responsible for the content of the published article, i.e., of theoretical significance, practical value of the novelty article recommender.

 The author can publish no more than two articles in the same issue.

Рекомендации авторам

 Статья должна быть набрана в программе Word и представлена в электронном варианте с обязательной распечаткой текста (для иногородних авторов достаточен электронный вариант).

 Шрифт: для текстов – Times New Roman – 14 кегль;

 Формат А4, поля : левое, правое – 2,5 см, верхнее, нижнее – 2,5 см. Абзацный отступ – 1,25 см.

Выравнивание – по ширине; Междустрочный интервал – 1,0 строки.

 В таблицах и иллюстрациях с указанием их номеров все наименования следует давать полнос- тью, единицы измерений обозначать в соответствии с Международной системой единиц СИ.

 Общий объем статьи, включая таблицы, иллюстрации и список литературы не менее 4–7 страниц.

 На отдельном листке следует привести сведения об авторе (-ах): Ф.И.О., ученая степень и звание, место работы и должность, полный почтовый адрес, номер телефона, e-mail.

 Заключение о возможности публикации статей в журнале выносится на основании 2 рецензии независимых ученых и рекомендации одного из членов редколлегии журнала. Рецензент должен соответствовать научному направлению статьи и несет ответственность за содержание публикуемой статьи, т.е. за теоретическую значимость, практическую ценность и новизну рекомендуемой статьи.

 Автор имеет право на публикацию в одном номере не более 2- х статей.

(14)

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Жалпы ережелер

Ғылыми -педагогикалық журналдың құрылтайшысы Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті.

Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар техникалық және гуманитарлық білім беру бойынша жаңа идеяларды, ғылым мен кәсіби білім берудің шешілмеген мәселелерін, жаңа дайындалған жаңалықтар мен зерттеулерді мамандарға жеткізу.

Журналда ғылымдардың, магистранттардың, докторанттардың, өндірісшілердің және мұғалімдердің басыңқы сипаттағы және ғылыми-тәжірибелік маңызы бар ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мен жетістіктерін жарыққа шығару. Мұнда инженерлік және компьютерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және басқа техникалық ғылымдар, сабақ беру әдістемесі, жас ғалымдардың зерттеулері, магистранттардың, докторанттардың зерттеулерінің көкей-кесті проблемалары бағытындағы шолу, проблемалық және пікір талас тудыратын мақалалар, техникалық білім беру проблемалары бойынша ғылыми семинарлардың материалдары жарияланады.

Журналда мақаланы жарыққа шығару мүмкіндігі туралы шешім мақалаға жазылған тәуелсіз ғалымдардың екі пікірі (рецензия) және редакция алқасының бір мүшесінің ұсынымы негізінде қабылданады.

Жариялау тілі– қазақша, орысша және ағылшынша.

Мерзімділігі – жылына 4 рет.

Есепке алғашқы қойылған нөмірі және мерзімі - № 10761-11.03.2010.

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар Комитетінде қайта тіркелген куәлік нөмірі және мерзімі № 14168 – Ж – 18.02.2014.

REQUIREMENTS TO ARTICLES

General provisions

The founder of the academic journal is the Eurasian National University L.N. Gumilyov.

The purpose of the academic journal is to bring new ideas, problem questions of science and professional education, new research and development of a wide range of specialists in applied Geometry and Engineering Graphics, Design, Architecture, Construction and other engineering industries, as well as the scope of technical and humanitarian education.

The journal highlights the results and achievements of research scientists, graduate students, doctoral students, teachers and industrialists having priority or scientific and practical significance. It publishes research articles: review, problem, discussion on topical issues of research in the following areas: Engineering and Computer Graphics, Design, Architecture, Construction and other technical sciences, pedagogy, teaching and research of young scientists, graduate students, doctoral students, as well as materials science workshops; problems of technical education, etc.

A member of the editorial board shall make the conclusion about the possibility of the publication of articles in the journal based on two independent scientists review and recommendation.

Publication language - Kazakh, Russian and English.

Periodicity - four issues per year.

Number and date of registration of the primary - №10761 - 11.03.2010.

Number and date of registration in the Committee of Information and Archives of the Ministry of Culture of the RK information number 14168 - ZH - g 18/02/2014.

ТРЕБОВАНИЯ К СТАТЬЯМ

Общие положения

Учредителем научно-педагогического журнала является Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева.

Цель журнала – донести новые идеи, проблемные вопросы науки и профессионального образования, новые разработки и исследования широкого круга специалистов по прикладной геометрии и инженерной графики, дизайну, архитектуре, строительстве и других отраслей техники, а также сферы технического и гуманитарного образования.

В журнале освещаются результаты и достижения научных исследований ученых, магистрантов, докторантов, производственников и преподавателей, имеющих приоритетный характер или научно-практическое значение. В нем публикуются научные статьи: обзорные, проблемные, дискуссионные по актуальным проблемам иследований по следующим направлениям: инженерной и компьютерной графике, дизайну, архитектуре, строительстве и другие технические науки, педагогике преподования, исследования молодых ученых, магистрантов, докторантов, а также материалы научных семинаров; проблем технического образования и т.д.

Заключение о возможности публикации статей в журнале выносится на основании 2 рецензии независимых ученых и рекомендации одного из членов редколлегии журнала.

Язык публикации– казахский, русский и английский.

Периодичность – 4 номера в год.

Номер и дата первичной постановки на учет - № 10761-11.03.2010 г.

Номер и дата перерегистрации в Комитете информации и архивов Министерства культуры информации РК

№ 14168 – Ж – 18.02.2014 г.

(15)

Мақаланың құрылымы

 ҒТФХР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) – сол жақ жоғарғы бұрышында.

 Автор (- лар) туралы ақпарат – аты-жөні толық, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны (мекеменің немесе ұйымның атауы); елдің атауы (жақын және алыс шетелдегі авторлар үшін), e-mail.

 Мақаланың атауы.

 Жарияланатын мақаланың андатпасы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде болу керек. Андатпаның көлемі 5-6 сөйлем немесе 500 баспа белгілері (мәтін 1/3 бет).

 Кілт сөздері 10 сөзден аспау керек.

 Мақаланың мәтіндік бөлігі. Мақаланың мәтінінде көрсетілуі тиіс: мәселенің тұжырымы;

мәселенің зерттеулерін талдау; зерттеудің мақсаты мен міндеттері; материалды таныстыру және ғылыми зерттеулер нәтижелерін тұжырымдау; қорытындысы.

 Қолданылған әдебиет.

Structure of the article

 IRSTI (interstate rubricator of scientific and technical information) – placed in the upper left corner.

 Information about authors - full name, title, academic degree, position, place of work (name of institution or organization); name of the country (for foreign authors), e-mail.

 Article title

 Abstract published in Kazakh, Russian and English languages. The volume of abstract is 5-6 sentences or 500 words (1/3 page of text).

 Keywords are not more than ten words.

 The text of the article should be reported: formulation of the problem, the analysis of the research problem, the goal and objectives, the presentation of material and the study received research results conclusions.

 References.

Структура статьи

 МРНТИ (межгосударственный рубрикатор научно-технической информации) – в левом верхнем углу.

 Сведения об авторе (авторах) – ФИО полностью, ученое звание, ученая степень, должность, место работы (наименование учреждения или организации); наименование страны (для авторов ближнего и дальнего зарубежья), e-mail.

 Название статьи.

 Аннотация публикуемой статьи на государственном, русском и английском языках.

Объем аннотации 5-6 предложении или 500 печатных знаков (1/3 страница текста).

 Ключевые слова не более 10 слов.

 Текстовая часть статьи. В тексте статьи должны отражаться: постановка задачи; анализ исследования проблемы; цель и задачи исследований; изложение материала и обоснования полученных результатов исследования; выводы.

 Использованная литература.

(16)

За содержание статьи ответственность несет автор

Отпечатано в типографии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева

Выпускающий редактор к.т.н., профессор У. Кусебаев

Технический редактор Г. Тулеуова Издательство ЕНУ Научно-педагогический журнал

«Проблемы инженерной графики и профессионального образования»

№ 4 (55). - 2019. - 77 с.

Тираж - 100 экз. Заказ – 4 Дизайн Ж. Садыкова

Адрес редакции:

010000, Республика Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукан, 13,

ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, корпус УЛК №6, 505-кабинет.

Тел.: 8 (7172) 70-95-00 (вн. 33 506)

web сайт: http://bulprengpe.enu.kz e-mail: journal.enu@gmail.com

ISSN 2220 – 685Х

(17)

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

 Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

 Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

 Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар

 Журналдың мақсаты – қолданбалы геометрия және инженерлік графика, дизайн, сәулет, құрылыс және техниканың басқа салаларының, сонымен қатар