• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The Role of the Russian Federation in the energy strategy of the People’s Republic of China

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The Role of the Russian Federation in the energy strategy of the People’s Republic of China"

Copied!
26
0
0

Толық мәтін

(1)

№ 1 (122)/2018

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ

ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК

ЕВРАЗИЙСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО

УНИВЕРСИТЕТА ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА

BULLETIN

of the L.N. GUMILYOV EURASIAN NATIONAL

UNIVERSITY

САЯСИ ҒЫЛЫМДАР. АЙМАҚТАНУ. ШЫҒЫСТАНУ. ТҮРКІТАНУ сериясы Серия ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ. РЕГИОНОВЕДЕНИЕ. ВОСТОКОВЕДЕНИЕ.

ТЮРКОЛОГИЯ

POLITICAL SCIENCE. REGIONAL STUDIES. ORIENTAL STUDIES.

TURKOLOGY Series

№ 1 (122)/2018

1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года

Founded in 1995

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Астана, 2018 Astana, 2018

ISSN 2616-6887

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы Бас редакторы

Ногаева А. М.

PhD д-ры, проф. (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Нечаева Е.Л., с.ғ.к.,проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Әбішева М.М., т.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Редакция алқасы Абжаппарова Б.Ж. т.ғ.д. (Қазақстан) Азмуханова А.М. т.ғ.к. (Қазақстан) Анар Сомунгуоглу доцент (Түркия) Әлібекұлы А. ф.ғ.к. (Қазақстан) Әлиева С.К. т.ғ.к., проф. (Қазақстан) Бирюков С.В. с.ғ.д., проф. (Ресей) Габдулина Б.А. т.ғ.к., доцент (Қазақстан) Грегори Глиссон PhD д-ры, проф. (Германия) Дәркенов К.Г. т.ғ.к. (Қазақстан)

Дронзина Т. с.ғ.д., проф. (Болгария) Дүйсембекова М.К. с.ғ.к.,доцент (Қазақстан) Жолдыбалина А.С. PhD д-ры, доцент (Қазақстан) Жолдасбекова А.Н. с.ғ.к., проф. (Қазақстан) Ибраев Ш. ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Ирфан Шахзад PhD д-ры (Пакистан)

Каиржанов А.К. ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Кайыркен Т.З. т.ғ.д., проф. (Қазақстан) Кожирова С.Б. с.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Конкобаев К. ф.ғ.к., проф. (Қырғыз Республикасы) Копежанова Д.Е. PhD д-ры, доцент (Қазақстан) Ласлу Марац PhD д-ры, проф. (Нидерланды) Мандана Тишехьяр PhD д-ры (Иран)

Невская И.А. PhD д-ры (Германия)

Нұрбаев Ж.Е. т.ғ.к. (Қазақстан) Нуртазина Р.А. с.ғ.д., проф. (Қазақстан) Октай Танрисевер PhD д-ры, проф. (Түркия) Оспанова А.Н. PhD д-ры, доцент (Қазақстан)

Пунит Гаур PhD д-ры, проф. (Индия)

Пауло Ботта PhD д-ры, проф. (Аргентина) Рыстина И.С. PhD д-ры (Қазақстан) Сеит Али Авджу PhD д-ры (Түркия) Сомжүрек Б.Ж. т.ғ.к., доцент (Қазақстан) Тәштемханова Р.М. т.ғ.д. (Қазақстан)

Хасрет Чомак PhD д-ры, проф. (Түркия) Шаймердинова Н.Г. ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Сәтпаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31432) E-mail: vest_polit@enu.kz

Жауапты хатшы, компьютерде беттеген: Е.А. Изтелеуова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы.

САЯСИ ҒЫЛЫМДАР. АЙМАҚТАНУ. ШЫҒЫСТАНУ. ТҮРКІТАНУ сериясы

Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тіркелген. 27.03.18 ж. № 16993- Ж -тіркеу куәлігі

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 35 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі,12/1, тел.: (7172)709-500 (ішкі 31432)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

№ 1 (122)/2018 Главный редактор

Ногаева А.М.

д-р PhD, проф. (Казахстан)

Зам. главного редактора Нечаева Е.Л., к.полит.н., проф. (Казахстан) Зам. главного редактора Абишева М.М., к.ист.н., доцент (Казахстан)

Редакционная коллегия

Абжаппарова Б.Ж. д.ист.н. (Казахстан)

Азмуханова А.М. к.ист.н. (Казахстан)

Алибекулы А. к.ф.н. (Казахстан)

Алиева С.К. к.ист.н., проф. (Казахстан)

Анар Сомунгуоглу доцент (Турция)

Бирюков С.В. д.полит.н., проф. (Россия)

Габдулина Б.А. к.ист.н., доцент (Казахстан) Грегори Глиссон д-р PhD, проф. (Германия) Даркенов К.Г. к.и.н. (Казахстан)

Дронзина Т. д.полит.н., проф. (Болгария)

Дюсембекова М.К. к.полит.н., доцент (Казахстан) Жолдыбалина А.С. д-р PhD, доцент (Казахстан) Жолдасбекова А.Н. к.полит.н., проф. (Казахстан)

Ибраев Ш. д.ф.н., проф. (Казахстан)

Ирфан Шахзад д-р PhD (Пакистан)

Каиржанов А.К. д.ф.н., проф. (Казахстан) Кайыркен Т.З. д.ист.н., проф. (Казахстан) Кожирова С.Б. д.полит.н., проф. (Казахстан)

Конкобаев К. к.ф.н., проф. (Кыргызстан)

Копежанова Д.Е. д-р PhD, доцент (Казахстан)

Ласлу Марац д-р PhD, проф. (Нидерланды)

Мандана Тишехьяр д-р PhD (Иран)

Невская И.А. д-р PhD (Германия)

Нурбаев Ж.Е. к.и.н. (Казахстан)

Нуртазина Р.А. д.полит.н., проф. (Казахстан) Октай Танрисевер д-р PhD, проф. (Турция)

Оспанова А.Н. д-р PhD, доцент (Казахстан)

Пунит Гаур д-р PhD, проф. (Индия)

Пауло Ботта д-р PhD, проф. (Аргентина)

Рыстина И.С. д-р PhD (Казахстан)

Сеит Али Авджу д-р PhD (Турция)

Сомжурек Б.Ж. к.ист.н., доцент (Казахстан) Таштемханова Р.М. д.ист.н. (Казахстан)

Хасрет Чомак д-р PhD, проф. (Турция)

Шаймердинова Н.Г. д.ф.н., проф. (Казахстан) Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Сатпаева, 2, каб. 408

Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31432) E-mail: vest_polit@enu.kz

Ответственный секретарь, компьютерная верстка: Е.А. Изтелеуова Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева.

Серия:ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ. РЕГИОНОВЕДЕНИЕ. ВОСТОКОВЕДЕНИЕ. ТЮРКОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций Республики Казахстан. Регистрационное сви- детельство № 16993-Ж от 27.03.18 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажымукана, 12/1, тел.: (7172)709-500 (вн.31432)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы Editor-in-Chief

Ainur Nogayeva PhD, Prof. (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Yelena Nechayeva, Can. of Political Sciences, Prof. (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Madina Abisheva, Can. of Historical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan)

Editorial board

Bibikhadisha Abzhapparova Doctor of Historical Sciences (Kazakhstan) Aiman Azmukhanova Can. of Historical Sciences (Kazakhstan) Akzhigit Alibekuly Can. of Philology (Kazakhstan)

Saule Aliyeva Can. of Historical Sciences, Prof (Kazakhstan) Anar Somuncuoglu Assoc.Prof. (Turkey)

Sergey Biryukov Doctor of Political Sciences, Prof.(Russia) Kurmangali Darkenov Candidate of Historical Sciences (Kazakhstan) Tatyana Dronzina Doctor of Political Sciences, Prof.(Bulgaria) Maira Dyussembekova Can. of Political Sciences, Assoc.Prof.(Kazakhstan) Bagysh Gabdulina Can. of Historical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Gregory Glisson PhD, Prof. (Germany)

Hasret Çomak PhD, Prof. (Turkey)

Shakir Ibrayev Doctorof Philology, Prof. (Kazakhstan) Irfan Shahzad PhD (Pakistan)

Abai Kairzhanov Doctor of Philology, Prof. (Kazakhstan)

Tursynkhan Kaiyrken Doctor of Historical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Kadyraly Konkobayev Can. of Philology, Prof. (Kyrgyzstan)

Svetlana Kozhirova Doctor of Political Sciences, Prof. (Kazakhstan) Danagul Kopezhanova PhD, Assoc.Prof. (Kazakhstan)

László Marácz PhD, Prof. (Netherlands)

Mandana Tishehyar PhD in International Studies (Iran) Irina Nevskaya PhD (Germany)

Zhaslan Nurbayev Candidate of Historical Sciences (Kazakhstan), Roza Nurtazina Doctor of Political Sciences, Prof. (Kazakhstan) Aigerim Ospanova PhD, Assoc.Prof. (Kazakhstan)

Oktay Tanrısever PhD, Prof. (Turkey) Punit Gaur PhD, Prof. (India) Paulo Botta PhD, Prof. (Argentina) Indira Rystina PhD (Kazakhstan) Seyit Ali Avcu PhD (Turkey)

Baubek Somzhurek Can. of Historical Sciences, Assoc.Prof.(Kazakhstan) Raihan Tashtemkhanova Doctor of Historical Sciences (Kazakhstan)

Nurila Shaymerdinova Doctor of Philology, Prof. (Kazakhstan) Akbota Zholdasbekova Can. of Political Sciences, Prof. (Kazakhstan) Alua Zholdybalina PhD, Assoc.Prof. (Kazakhstan)

Editorial address:2, Satpayev str., of.408, Astana, Kazakhstan, 010008 Теl.: (7172) 709-500 (ext. 31432)

E-mail: vest_polit@enu.kz

Responsible secretary, computer layout: Yelena Izteleuova

Bulletin of the L.N.Gumilyov Eurasian National University POLITICAL SCIENCE. REGIONAL STUDIES.

ORIENTAL STUDIES. TURKOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of information and communication of Republic of Kazakhstan. Registration certificate No.

16993-Ж from 27.03.2018 Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies

Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: (7172) 709-500 (ext.31432)

© L.N.Gumilyov Eurasian National University

(5)

№ 1 (122)/2018 МАЗМҰНЫ

АЙМАҚТАНУ

ШЫҒЫСТАНУ

ТҮРКІТАНУ

Аманова М.И. А.Байтұрсынұлы еңбектерінің түркітану ғылымының дамуыдағы

құндылығы туралы ... 120

Токмурзаева А.Ж. Қазақ хандығы мемлекетінің халықаралық қатынасы котексіндегі этноморальдық факторлар: теориялық талдау... 125

Ан Сан Хун, Ө. С. Құрмашев Кореямен Қазақстан арасындағы ресурстық дипломатия жайлы жазбалар... 80

Бейсенжан Ж. Орта Азияның тарихи жағрапиясы туралы деректанулық,тарихнамалық зерттеулер... 88

Ильясова З. С., Кенбаев Ш.О. Араб түбегіндегі тайпалық рулардың ролі... 93

Қабыкен C. Таң империясының Орта Aзияға жүргізген саясаты... 100

Кенжебай Б. Жапондардың дәстүрлі мәдениетіндегі рухани сабақтастық ... 106

Құрманғали Г.Қ. Мұхаммед әл-Ариан және тарихи роман жанры ... 114

Қайырғалиев М.М. Батыс Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттеу арқылы Қазақстанда исламдық лизингті дамыту мәселелері... 64

Мақамбетова Г.М. Ислам елдерінің ғылыми-техникалық прогресске арналған заманауи стратегиясы... 73

Ыдырыс Қ.С. Ресей федерациясының Қытай халық республикасына бағыталған энергетикалық саясатының келешек сценарийлері және болжамдары... 31

Ыдырыс С.С., Ыдырыс Қ.С. Қытай халық республикасының энергетикалық стратегиясындағы Ресей федерациясының маңыздылығы ... 39

Ықласова А.Ы. Бір белдем бір жол концепциясы аясындағы Қытай мен Қазақстан қатынасының дамыту... 48

Чукалова Р.Р. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің әскери қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастығы... 54

САЯСИ ҒЫЛЫМДАР Әмірбек A., Маханов Қ. Қазақстан экспортының әртараптандырылуы: 1995-2005 жылдары аралығындағы құрылымдық өзгерістер ... 8

Досымхан Е. Д., Дюсембекова М.К. «Интеграция» ұғымының тұжырымдамалық және теориялық негіздері... 17

Токубаев К.З., Упабеков А.Е. Қазақстан Республикасында адам капиталының даму аясында Елбасы жолдауларын талдау... 23

(6)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы

ТЮРКОЛОГИЯ СОДЕРЖАНИЕ ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ

Ыдырыс К.С. Сценарий и прогнозы энергетической политики Российской Федерации

по отношению к Китайской Народной Республике ... 31

Ыдырыс С.С., Ыдырыс К.С. Роль Российской Федерации в энергетической стратегии Китайской Народной Республики... 39

Ыкласова А.Ы. Развитие отношений Китая и Казахстана в рамках концепции «Один пояс – один путь» ... 48

Чукалова Р.Р. Сотрудничество государств Содружества независимых государств по проблемам обеспечения военной безопасности ... 54

РЕГИОНОВЕДЕНИЕ Каиргалиев М.М. К вопросу развития исламского лизинга в Казахстане сквозь призму опыта стран Западной Европы ... 64

Макамбетова Г.М. Современная стратегия стран исламского мира на пути к научнотехническому прогрессу ... 73

ВОСТОКОВЕДЕНИЕ Ан Сан Хун, Құрмашев Ө. С. Заметки по дипломатии ресурсов между Кореей и Казахстаном ... 80

Бейсенжан Ж. Источниковедческие, историографические исследования об исторической географии Средней Азии... 88

Ильясова З.С., Кенбаев Ш.О. Роль племенных кланов на аравийском полуострове ... 93

Кабыкен C. Политика Танской империи в Средней Азии ... 100

Кенжебай Б. Духовная преемственность в японской традиционной культуре... 106

Курмангали Г.К. Мухаммад аль-Ариан и исторический роман ... 114

Аманова М.И. К вопросу о вкладе в развитие тюркологии трудов А.Байтурсынова... 120

Токмурзаева А.Ж. Этнонравственные факторы в контексте международных отношений государств казахского ханства: теоретический анализ ... 125

Амирбек A., Маханов К. Диверсификация экспорта Казахстана: структурные изменения в период с 1995 по 2015 год ... 8

Досымхан Е. Д., Дюсембекова М.К. Концептуально-теоретические основы формирования понятия «Интеграция»... 17

Токубаев К.З., Упабеков А.Е. Анализ Посланий Президента в контексте развития человеческого капитала в Республике Казахстан... 23

(7)

№ 1 (122)/2018

Ydyrys K. S. Scenario and forecasts of the Russian Federation’s energy policy towards the

People’s Republic of China ... 31

Ydyrys S.S. Ydyrys K.S. The Role of the Russian Federation in the energy strategy of the People’s Republic of China ... 39

Yklassova A.Y. Development of relations between China and Kazakhstan within the framework of the concept «One belt is one way» ... 48

Chukalova R.R. The cooperation of States of the Commonwealth of Independent States on issues of military security ... 54

CONTENTS POLITICAL SCIENCE REGIONAL STUDIES Kairgaliyev M. To the issue of the development of Islamic leasing in Kazakhstan through the prism of the experience of Western European countries ... 64

Makambetova G.M. Modern strategy of the islamic world countries on the way to scientific and technical progress... 73

ORIENTAL STUDIES An Sang Hoon, Kurmashev O.S. Notes on the resource diplomacy between Korea and Kazkhstan... 80

Beisenzhan Zh. Historiographic Researches of Literature and Historical Geography in Central Asia... 88

Ilyassova Z.S., Kenbayev S.O. The role of the breeding clans in the arabian peninsula ... 93

Habuken Sayiran The policy of the Tang Empire in Central Asia ... 100

Kenzhebay B. Spiritual continuity in Japanese traditional culture ... 106

Kurmangali G.K. Muhammad al-Aryan and historical novel... 114

TURKOLOGY Amanova M.I. To the question of the contribution of the works of A. Baitursynov to the development of turkology ... 120

Tokmurzayeva A.Zh. Ethnicity factors in the context of international relations of the Kazakh khanate: theoretical analysis ... 125

Amirbek A., Makhanov K. Export Diversification in Kazakhstan: Structral Change of Exports from 1995 to 2015 ... 8

Dossymkhan Ye. D., Dyussembekova M.K. Conceptual and theoretical basis for the concept of «Integration»... 17

Tokubayev K.Z., Upabekov A.E. Development of Human Capital in the Messages from the President of the Republic of Kazakhstan ... 23

(8)

№ 1 (122)/2018 in April was presented by INEI RAS and REA]. - URL:http://webcache.googleusercontent.com/

search?q=cache:Emj5CzI0AccJ:www.ras.ru/FStorage/Download.aspx%3Fid%3D2da23a60- 77b3-4a10-9bb1-91f054b9d66e+&cd=1&hl=ru&ct=clnk 2016. (accessed 10.09.2017)

2 Prognoz razvitia energetiki mira i Rossii do 2035 g.; [Forecast of the development of the energy sector in the world and Russia until 2035], pod red. Makarova A.A. i Grigorieva L.G.: INEI RAN.-2012.- 195 p.

3 Energetika Rossii: Vzgliad v budushee [Energy in Russia: A Look into the Future], IES.-M.:

2010. -609 p.

4 Cheng J.Y.S. A Chinese view of China’s energy security//Journal of Contemporary China. - 2008. - No. 17, 2008.- p. 297.

5 Uianaev S.V. Rossiisko-kitaiskoe energeticheskoe sotrudnichestvo: priznaki novogo ‘urovnia.

[Russian-Chinese energy cooperation: signs of a new level], Kitai v mirovoi i regionalnoi politike//

Istoria i sovremennost-2013.- No. 18. – p. 278.

6 Portiakov V.Ya., Rossiisko-kitaiskie otnoshenia: sovremennoe sostoianie i perspektivy razvitia [Russian-Chinese Relations: Current State and Development Prospects], Kitai v mirovoi i regionalnoi politike// Istoria i sovremennost -2013. - No. 18. - p. 7.

7 Energeticheskaia strategia Rossii na period do 2035, [Energy Strategy of Russia for the period up to 2035],URL:http://www.energystrategy.ru/ab_ins/source/ ES-2035_09_2015.pdf, 2015, (accessed 12.09.2017)

8 Izhbuldin A.K., Platonov L.A., Analiz marshrutov postavok rosiiskogo truboprovodnogo gaza v Kitaim [Analysis of the routes of Russian pipeline gas to China]//Sbornik mezhdunarodnoi konferentsii “Energetika Rossii v XXI veke. Innovatsionnoe razvitie i upravlenie -2015. - Irkutsk, 2015.

Автор туралы мәлімет:

Ыдырыс Қ.С. – PhD, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Халықаралық қатына- стар» кафедрасының аға оқытушысы, ОҚО, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы № 29

Ydyrys K.S. – Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, senior lecturer at Department of International Relations, PhD, South Kazakhstan region, Turkestan, B. Sattarkhanov avenue, № 29

ҒТАМР 11.25.91

С.С. Ыдырыс1 , Қ.С. Ыдырыс2

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан (E-mail: 1serikbay-s@mail.ru, 2kanat.88@hotmail.com)

Қытай Халық Республикасының энергетикалық стратегиясындағы Ресей Федерациясының маңыздылығы

Аннотация. Әлемнің алпауыт мемлекеттерінің санатына жатқызылатын Ресей Федерациясы (РФ) мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы байланыстар әрқилы кезеңдерде әртүрлі сипатта өрбіген.

Кейде қос мемлекет арасында соғыс оты тұтанса, енді бір кезеңде ынтымақтастық пен әріптестік байланы- стар белең алған. Десек те, тарих қойнауына үңіле зер салғанда екі елдің тарихы мен тағдыры бір-біріне ұқсас екенін көреміз. Геосаяси тұрғыдан өз алдына шоқтығы биік елдерге баланатын РФ мен ҚХР-дың қос құрлықтың қақ ортасында орналасып қана қоймай, қазіргі заманғы геосаяси теориялар бойынша жаһанда- нуға бет бұрған бүгінгі әлемдегі өз алдына шешуші рөлге ие мемлекеттердің қатарына енуі оларды бір-бірі- не жақындастыратын маңызды факторлар болып табылады. Осы мақалада Қытай Халық Республикасының энергетикалық стратегиясындағы Ресейдің маңыздылығы қарастырылған. Мақала Қытай мен Ресей арасын- дағы қолданыстағы және жоспарланған энергетикалық жобалар бойынша деректерді қамтиды. Сондай-ақ, мақалада Қытай ресейлік мұнай және газ энергия ресурстарын тұтынуда қаншалықты тәуелді екені зерттеліп, Таяу Шығыс елдерімен салыстырылған. Сонымен қатар мақалада, Қытайдың энергетикалық саясатындағы

(9)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы

өзгерістер талқыланды. Өз кезегінде, бұл факт Ресей - Қытай қарым-қатынастарының екі жақты және көп жақты аспектілерін талдауға көмектеседі, және Қытайдың энергетикалық стратегиясында Ресейдің орнын айқындайды.

Түйін сөздер. Энергетикалық стратегия, сыртқы саясат, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федера- циясы, мұнай және газ секторы

Кіріспе. Қазіргі таңда әлемдік жүйеде өзгеше геосаяси шарттар қалыптасуда. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін екі полюсті халықаралық жүйенің дәурені бітіп, жаңа саяси тепе-теңдіктің іргесі қалана бастады. Сонымен қатар, шығыс блогы орналасқан аймақта геосаяси саңылау (бейберекетсіздік) пайда болып, осы саңылауды ұтымды пайдаланғысы келген күштер өзара саяси һәм экономикалық бақталастыққа түсті. Осылайша, жаңа геоса- яси ортадағы тепе-теңдікті айқындау тұрғысынан күннен күнге ұлғайып отырған әлемдік энергия сұранысының салдарынан энергия көздері мен энергия қорлары ерекше маңыз бен басымдыққа ие болды. Оның үстіне, КСРО-ның құлауы екі полюсті әлемдік жүйенің құл- дырауына әкеп соқтырып, халықаралық саясатта бір полюсті әлемдік жүйе мен көп полю- сті әлемдік жүйені аңсаған мемлекеттер арасында қызу бақталастықтың орнауына септігін тигізді.

Осыған орай, алпауыт мемлекеттер жаңа конъюнктурадағы халықаралық жүйе- де энергия көздері мен оларды тасымалдау құбырларының желісін өз бақылауына алуды көздеді. Геосаяси билікке қол жеткізуге бағытталған бақталастықта әртүрлі күштердің әркелкі сыртқы саясат ұстануы бірқатар одақтардың құрылуына мұрындық болып, өзара текетіреске алып келді. Тек энергия көздерінің мол қоры шоғырланған аймақтарды ғана емес, сондай-ақ оларға іргелес жатқан өңірлерді де бақылауға алуға бағытталған осы те- кетірестің нәтижесінде қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңде аталмыш аймақтар мен өңір- лер жаһандық һәм аймақтық күштердің басты бақталастық алаңына айналды. Содан болар, бүгінде аймақтағы тұрақсыздықты шешу мәселесі мен оған әсер етуші факторлар алпауыт күштердің мүдделері аясында қарастырылуда.

Болашақта небір қақтығыстарға жол ашуы мүмкін осынау шиеліністі, жаңа халықа- ралық жүйеде Ресейдің халықаралық ойыншы ретінде әлемдік аренада қайта бой көтеруі және ұлы державаға айналу жолындағы сан салалы саясаты арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағының алпауыт экономикасына ие болып отырған Қытай Халық Республикасының күн санап өркендеуі күллі әлемнің назарын осы екі елге аудартып отыр. Ендеше, қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі геосаяси ахуалдың басты ойыншыларына баланған Мәскеу-Пе- кин қарым-қатынасының маңызы барған сайын арта түсері айқын.

Зерттеудің мақсаты және тарихы. 1990 жж. орта тұсына дейін Қытай Халық Ре- спубликасы (ҚХР) басшылығын елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі оншалықты алаңдатпады. Себебі, ҚХР-дың мұнай өнеркәсібі өз алдына оқшауланған сала болғандықтан, отандық мұнай саласы халықаралық энергетика нарығындағы өзгерістер- ден еш әсерленбейтін және мұнай бағасының ауытқуы да ел өнеркәсібінің дамуына әсер етпейтін. Алайда, 1993 жылы Қытайдың мұнай өнімдерін импорттаушы елге айналуымен бірге бұл жағдай күрт өзгеріп, 1997 жылдан соң Қытайдың сырттан шикі мұнай импорттау көлемі едәуір ұлғайып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі туындай бастады. Ол кезде тек қана энергетика секторын қайта құру қажеттілігі сезілді, «энергетикалық қауіпсіздік» ұғы- мы әлі толықтай қолданысқа енгізілмеді [1, 32 б.].

ҚХР-дың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше әдіс-тәсілдер болғанымен, оның ішінде екі маңызды әдіске жүгінген жөн. Оның біріншісі – АҚШ-тың энергетикалық стратегиясы. Бұл әдіс бойынша ірі мұнай өндірушілермен диа- логты күшейтіп, құбырлар желісін салу және теңіз арқылы тасымалдаудағы тәуекелді азай- ту мақсатында Ресеймен және Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту; Қытайдың ұлттық компанияларына шет елдерде мұнай өндіру үшін қолайлы жағдай жасау және инвестици-

(10)

№ 1 (122)/2018 ялық қолдау көрсету, елдің сыртқы саясатындағы энергетика саласының маңызын арттыру болып табылады. Ал, екінші әдіс бойынша ҚХР басшылығы ішкі нарықтың халықаралық мұнай бағасындағы ауытқулардан мейлінше аз әсерленуін қамтамасыз ету, мұнай өңдеу көлемі мен сапасын арттыру және мұнай импортын әртараптандыру мақсатында елдің мұнай қорын ұлғайтуға ден қоюы қажет. Нәтижеде, жоғарыдағы мақсат-мүдделер «10-шы бес жылдық жоспарға» (2001-2005) енгізілді [2, 142 б.].

2001 жылдың қаңтар айында Қытай даму және зерттеу орталығының ұйымдасты- руымен өткен семинарда Бүкілқытайлық халықтық саяси кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекеттік жоспарлау ұйымының бұрыңғы төрағасы Чен Синьхуа Қытай компаниялары- ның шетелдегі мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған стратегияны бекітті. Осылай- ша, Қытай компаниялары мен кәсіпорындарының шетелдердің мұнай саласына қосымша инвестиция құюына рұқсат берілді. Чен Синьхуа «шетелге шығудың» жеті баптық жоспа- рын ұсынып, Қытай компанияларын мұнай және газ өңдеумен қоса барлау саласында да шетелдік серіктестермен ортақ кәсіпорын құруға шақырды. Сондай-ақ, ҚХР-дың әлемдік мұнай саласына кеш кірсе де, АҚШ-пен бақталасуға қауқары жететінін, ол үшін ҚХР бас- шылығының табандылық танытып, «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» саясатын ұстану керек- тігін алға тартып, Таяу Шығыс, Орта Азия, Солтүстік Африка және Ресей нарығына енуді басты міндет етіп қойды.

ҚХР нарығы үшін Ресейдің табиғи ресурстарына қол жеткізу басым бағыттағы мін- деттердің бірінен саналды. Осыған орай ҚХР мен Ресей арасында екі елді байланыстыра- тын мұнай құбырларының желісін салу бойынша қызу келіссөздер жүргізілді. Ресей Фе- дерациясының Президенті Б.Н.Ельцин 1994 жылы алғаш рет бастама көтеріп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында Ангарскіде құбырлар желісін са- луды ұсынды. 1996 жылы ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Пекин мен Мәскеу Шығыс Сібірден Дацинге дейін созылған мұнай құбырларының желісін де қамтитын Энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойды.

1990 жж. соңы мен 2000 жж. басында мұнай импорты Таяу Шығыстан Азияға қарай ығысты. Қытайда энергия тұтыну көлемі күрт өсіп, ел басшылығы мұнай импортын әрта- раптандыру және ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ресей- мен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла бастады [3].

11-қыркүйектегі жантүршігерлік оқиғадан кейін АҚШ-тың Ауғанстанды басып алуы және Вашингтонның Орта Азияға бағытталған саяси жоспарын осы аймақтағы стратеги- ялық һәм экономикалық беделі мен күш-қуатын нығайту мақсатында қайта қарауға талпы- нуы Пекиннің Орта Азия ынтымақтастығын күшейтуге деген ұмтылысына қауіп төндірді.

Осы орайда, көптеген мамандар АҚШ-тың ұзақ уақыттан бері Орта Азиядағы мол энергия қорларына көз тіккенін және терроризмге қарсы күресті сылтаурата отырып, осы аймаққа бойлай енуді көздегенін алға тартты.

Сондықтан, Қытай тарапы Ресеймен Ангарсктен (Шығыс Сібір) Дацинге қарай бағытталатын құбырлар желісін салуға елеулі қызығушылық білдірді. Қытай мен Ресей- дің мұнай компаниялары Дацинге 2005 жылға дейін күніне 400 мың баррель және 2010 жылға дейін күніне 600 мың баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік беретін осы құбырдың салынуына қажетті техникалық-экономикалық сараптаманы жүргізді. 2002 жылдың соңы- на таяу Қытай тарапы аталмыш құбырды салу туралы келісімшарттың мәтінін әзірлеуге кірісіп, оған 2002 жылдың желтоқсан айында ҚХР Бас хатшысы Цзянь Цземин мен Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин қол қою тиіс болатын. Алайда, екі ел басшылары- ның кездесуі барысында бұл келісімге қол қойылмады. Өйткені, сол жылы Шығыс Сібірден Ресейдің Тынық мұхиты жағалауына дейін жететін құбырды салу және оған қаржылық қолдау көрсету туралы Жапониядан ұсыныс келіп түскен болатын. Осының нәтижесінде 2003 жылы Ресей мен Қытай арасындағы келіссөздер тоқтатылды [4, 81 б.].

(11)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы

2011 жылға дейін ҚХР-да мұнай тұтыну көлемі ұдайы артып отырды. Әсіресе, соңғы жылдары қарыштап дамып келе жатқан ҚХР экономикасындағы мұнайға деген ішкі сұра- нысты қанағаттандыру үшін шикі мұнай импортына қажеттілік туындады. Сол жылы ҚХР мұнай импорттаушы елдер тізімінде әлемде екінші орынға шықты [5]. ҚХР мен Ресейдің бір-біріне шекаралас орналасуына байланысты осы саладағы ынтымақтастықты нығайту- дың екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сол себепті, 1994 жылдан бастау алған Ресей- ден Қытайға мұнай құбырларының желісін тарту жөніндегі келіссөздер он жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келеді.

Осындай құбырлар желісін салу және тікелей тарту туралы пікірді 2001 жылы

«ЮКОС» компаниясының басшысы М.Ходорковский ұсынған болатын. Ол желі «Шығыс Сібір – Тынық мұхит» деп аталған-ды. Осы жоба аясында Ресейдің Ангарск қаласынан Қытайдың солтүстігіндегі Дацин қаласына дейін мұнай құбырын тарту қарастырылды. Бұл Қытайға мұнай экспорттайтын ең ірі құбырға айналуы тиіс болды. 1999 жылдың желтоқсан айынан «ЮКОС» компаниясының басшысы М.Ходорковский мен Қытай Ұлттық мұнай компаниясының өкілі арасында Ангарск-Дацин мұнай құбырын салу мәселесі бойынша қызу келіссөздер жүргізіле бастады. Осы келіссөздердің нәтижесінде 2001 жылы шілде айында Ресей Премьер-министрі М.Касьянов пен ҚХР төрағасы Цзянь Цземин арасында

«Ресей-Қытай мұнай құбырының техникалық-экономикалық негіздерін дайындау туралы»

келісімге қол қойылды. Тіпті, келісімге қол қою кезінде тараптар оның барлық баптары бойынша, әсіресе импортталатын мұнай көлемі мен бағасы, мұнай құбырының құрылы- сына қажетті кепілдіктер жөнінде де өзара келісімге келді. Әйтсе де, құрылысты бастау қиынға соқты. Себебі, бір жылдан кейін-ақ Ресейдің «Транснефть» компаниясы Ангарск- тен Находка қаласына дейін балама құбырды салуға ұсыныс жасап, бұл жобаға Жапония мемлекеті мен Жапония Премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми зор қызығушылық та- нытып, бұл жобаны қаржыландыруға ниетті екендіктерін білдірді. Осыған орай, «жапон»

және «қытай» жобаларын біріктіру мәселесі бойынша ұзын-сонар келіссөздер басталып,

«Шығыс Сібір – Тынық мұхит» атты жобаны жүзеге асыруға шешім қабылданды. Жаңа мұнай құбыры Ангарск қаласынан бастау алып, Находка қаласына дейін ұласатын болды және осы желінің бойынан Қытайдың Дацин қаласына қарай бір тармақ жүргізу ұйғарыл- ды. Алайда, сол кездегі құрылыс жобасы Қоршаған ортаны қорғау комиссиясының оң қо- рытындысынан өтпей, жобаны іске асыру кейінге шегерілді.

Негізгі мәселелерді шешу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылып, аталмыш жоба қайта қарастырылғаннан соң 2004 жылы мұнай құбырының құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Ресей тарапынан жобаны «Роснефть» компаниясы басқарды. Жаңа мұнай құбыры Иркутск облысының Тайшет қаласынан Приморьенің Козьмино айлағына дейін салынады деп ұйғарылды. Сондай-ақ, мұнай құбырының бір тармағын Қытайдың Да- цин қаласында салу да жоспарланды. 2004 жылдың қазан айында ҚХР Төрағасы Вэнь Цзя- бао Мәскеуге арнайы іс-сапары барысында РФ Премьер-министрі М.Фрадковпен кездесіп, екі елдің үкімет басшылары Дацин қаласында «Шығыс Сібір – Тынық мұхиты» құбыры- ның құрылысын жүргізумен қоса, Қытайға тасымалданатын мұнай көлемін 2005 жылы 10 миллион тоннаға, ал 2006 жылы 15 миллион тоннаға дейін жеткізу жөнінде уағдаласты.

2004 жылы жасалған келісімге сәйкес 2006 жылы наурыз айында аталмыш мұнай құбы- рының Қытайға бағытталған тармағын салу жұмыстары басталды. Бұл жобаның бір бөлігі Қытай ұлттық мұнай компаниясы тарапынан қаржыландырылса, бұған қосымша Ресейдің

«Транснефть» компаниясы да 400 миллион АҚШ доллары көлемінде субсидия бөлуге ниет білдірді.

Ресейден тікелей мұнай тасымалын қамтамасыз ету мақсатында ҚХР Үкіметі атал- мыш жобалардан бөлек, энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзге де жолдарын қарастыра бастады. Атап айтқанда, 2006 жылы тамыз айында ҚХР Сахалинде көмірсутек

(12)

№ 1 (122)/2018 шикізатын шығаратын «Сахалин-3» жобасына қатысу үшін өзінің «Кантан-3» атты бұрғы- лау алаңын (платформасын) ұсынды. Осы жоба аясында тасымалданатын мұнай көлемі 8000 миллион тоннаны, ал табиғи газ көлемі 900 млрд. м3-ті құрайтын болды.

2006 жылдың қазан айында Ресейдің «Роснефть» мемлекеттік мұнай компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай компаниясы Шығыс Сібір аймағындағы қазба байлықтарды игеру және өңдеу мақсатында серіктестік негізінде «Восток-Энергия» компаниясын құру жөнін- дегі хаттамаға қой қойды. Қытай тарапы РФ Үкіметі өз қазба байлықтарын игеруге және мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік берген жағдайда осы жобаның даму кезеңін қаржыландыруға келісім берді. Компанияның жарғылық капиталы 10 миллион АҚШ доллары көлемінде болады деп бекітілді және оның акцияларының 51%-ын «Роснефтьтің», қалған 49%-ын Қытай компаниясының бақылауына беруге шешім қабылданды. Бұған қоса, жаңа компанияға Ресейде барлау жұмыстарын жүргізуге, кен орындарын жетілдіруге және жерасты қазба байлықтарын игеруге лицензия беру мүмкіндіктері қарастырылды. Екі елдің де аталмыш жобадан өзіндік мақсат-мүддені көздегені анық. Мәселен, Қытай көмірсутек шикізатының сатып алушысы ретінде отандық өнеркәсібін одан әрі өркендетуге және өн- діріс көлемін ұдайы арттыруға қажетті мүмкіндікті қарастырса, «Роснефть» компаниясы (РФ үкіметі) Қытайға мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдағаны үшін бұның қарымына Қытай компаниясы Шығыс Сібірдегі барлау жұмыстарын қаржыландырады деп күтті.

2007 жылы ҚХР мен РФ арасында көптеген салаларда екіжақты байланыстар кү- шейіп, наурыз айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Ресейдегі Қытай жылын атап өту ша- раларына қатысу үшін Мәскеуге Қытайдың энергетика саласындағы ең ірі үш кәсіпорны- ның (Sinopec, Қытай ұлттық мұнай компаниясы және Қытай ұлттық оффшорлық мұнай корпорациясы) бас директорлары келді. РФ мен ҚХР басшылары энергетика саласындағы көптеген жобаларды бірлесіп атқару жөнінде ортақ меморандум қабылдап, жалпы құны 4,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімдер мен шарттарға қол қойды.

2007 жылдың қазан айында ҚХР Премьер-министрі Вэнь Цзябао Ресейдегі Қытай жылы салтанатты жабылу рәсіміне қатысу үшін Мәскеуге келген кезде энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 10-нан астам келісім түзіп, оларға екі елдің үкімет басшылары қол қойды.

2008 жылы Д.Медведев РФ Президенті болып сайланды. Билікте ешқандай түбегей- лі өзгеріс орын алмай, В.В.Путин Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Әлбетте, мұндай жағдайда Қытай билігі жаңа президенттің қандай саясат ұстанатынынан бейха- бар болғандықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұдан былайғы жайына алаңдай бастады. Алайда, Ресейдің жаңа көшбасшысы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мү- ше-елдердің құрамына енбейтін ең алғашқы шетелге іс-сапарын Қытайдан бастауы бұл уайым мен күдікті сейілтеді. Д.Медведевтің 2008 жылдың мамыр айының 23-24 күндері аралығында Қытайға жасаған іс-сапары барысында маңызды халықаралық мәселелердегі екі елдің ортақ мақсат-мүддесін көксейтін ортақ меморандум (декларация) қабылданады [6]. Бұл құжатта көп полюсті әлемдік жүйені құруға екі елдің де тәуелді екені баяндалады.

Д.Медведев пен Ху Цзиньтао В.Путиннің басшылығы кезінде басталған дәстүрді одан әрі жалғастыра отырып, маңызды халықаралық және екіжақты мәселелер бойынша пікір алма- су мақсатында тұрақты түрде (жылына бірнеше рет) кездесулер өткізеді. Көп ұзамай 2008- 2009 жж. екі елдің көшбасшылары арасындағы байланыс нығайып, Ху Цзиньтаоның 2009 жылдың маусым айындағы Ресейге жасаған ресми іс-сапары мен G8[7, б. 62], ОПЕК, Шын- хай ынтымақтастық ұйымы сынды белді халықаралық ұйымдарға мүше-елдердің басшы- лары бас қосқан алқалы жиындардан бөлек 2009 жылдың маусым айында Екатеринбургте ұйымдастырылған BRICS саммиті мен G20 жиыны барысында (үш рет) екеуара кездесу өткізеді [8].

Әлбетте, мұндай кездесулер мен басқосулар екіжақты ынтымақтастықтың күше- юіне түрткі болады. «Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы» келісімді түзу

(13)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің хабаршысы

үшін «2009-2012 жж. арналған іс-шаралар жоспары» қабылданады. Қытай мен Ресейдің энергетика саласындағы ықпалдастығы премьер-министр орынбасарларының деңгейінде де жүзеге асып, мұнай және табиғи газ салаларында жаңа ынтымақтастық келісімдерінің жасалуына ұйытқы болады [9]. Екіжақты ынтымақтастық инвестициялар мен сауда-саттық саласында да жанданып, 2009 жылдың маусым айында мемлекет басшылары инвестиция саласында Ресей-Қытай ынтымақтастық жоспарын бекітеді. Ал, сол жылы қыркүйек айын- да 2009-2018 жж. арналған металлургия, көлік өндірісі және құрылыс салалаларында Қиыр Шығыс, Ресейдің Шығыс Сібір аймағы және Қытайдың солтүстік-шығыс өңірі арасында ынтымақтастық орнату бағдарламасы қабылданады [10].

2009 жылы Ресей мен Қытай арасында Ресейдің мұнай-газ саласына бағытталған қытайлық инвестицияларды болашақта өндірілетін мұнай және газ өнімдерінің есебінен қайтару туралы келісім жасалады. Осы келісімге сәйкес Қытай тарапы Ресейге жалпы со- масы 25 миллиард АҚШ долларын құрайтын ұзақ мерзімді несие беруге, оның ішінде 15 миллиард АҚШ долларын Ресейдің «Роснефть» мұнай компаниясына және 10 миллиард АҚШ долларын «Транснефть» мұнай тасымалдау компаниясына бөлуге, ал Ресей тарапы 2011-2030 жж. аралығында жылына 15 миллион тоннадан барлығы 300 миллион тонна мұнайды жеткізіп беру арқылы несиені қайтаруға, сондай-ақ Шығыс Сібір-Тынық мұхиты мұнай құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін мұнай жеткізу көлемін біртіндеп ұлғай- туға өзара уағдаласады. 2009 жылы «Энерджи инвестмент» орыс-қытай корпорациясының 51%-ын Ресейдің «Сунтарнефтегаз» мұнай компаниясының сатып алуы энергетика сала- сындағы Ресей-Қытай ынтымақтастығының аса маңызды жетістіктерінің біріне баланады [11].

2010 жылдың қыркүйек айында РФ Президенті Д.Медведьев Қытайға ресми іс-са- пармен барады. Аталмыш іс-сапардың басты мақсаты энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және құрылысы тәмамдалған жаңа мұнай құбырын ашу болып табылады. Қытай ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің «Транснефть» компаниясы- ның өкілдері арасында өткен бейнеконференция кезінде көптен күткен айтулы жобаның аяқталғаны жарияланады. Мұнай құбырының іске қосылуы энергетика саласындағы Қы- тай-Ресей қарым-қатынастарының жаңа белесі деп бағаланады.

2013 жылы Қытай Ресейден жалпы құны 19 миллиард АҚШ долларына тең барлығы 24 миллион тонна мұнай импорттайды. 2013 жылдың қазан айында Ресейдің «Роснефть»

компаниясы мен Қытайдың «Sinopek» компаниясы 2014 жылдан бастап 10 жыл ішінде 100 миллион тонна мұнай импорттау туралы келісімге қол қояды. 2009 жылы «Роснефть» пен

«Sinopec» арасында түзілген алғашқы келісімшартқа сәйкес Ресей Қытайға алдағы 25 жыл ішінде жылына 15 миллион тонна мұнай жеткізуге уағдаласады.

Таблица 1 (Дереккөз: EİA, 2015)

4.6-кесте. Қытайдың шикі мұнай импортындағы шет елдердің үлесі (2014) Ел атауы Қытай импортындағы үлесі (%)

Сауд Арабиясы 16

Ангола 13

Ресей 11

Оман 10

Ирак 9

Иран 9

Венесуэла 4

Біріккен Араб Әмірліктері 4

Кувейт 3

Колумбия 3

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Пробелом считаем тот факт, что Федеральный закон от 27.07.2006 N 149-ФЗ «Об информации, информационных технологиях и о защите информации» не

между Таким адаптацию образом, обучению можно следует рассматривать проблема эмоциональный постоянная фон могут как отношениеоснову

Реализация социальной защиты инвалидов базируется на действии следующих важных законодательных актов: Конституция Респу- блики

Рассмотрим историю становления и развития таможенной службы Горного Алтая, покажем вклад роли та- моженной службы в развитие торговли с Монголией, а также

The recent foreign policy strategy towards Russia that is used by Belarus is the hedging strategy with partial balancing because the behavior of Belarus shows the

На системной основе проводятся совместные мероприятия оперативной и боевой подготовки сил и средств системы коллективной безопасности: оперативные

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Қазақстан Республикасындағы түрік диаспоралары тіліндегі қазақ