• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The budget system of Kazakhstan and historical and legal aspects of development of the budget process

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The budget system of Kazakhstan and historical and legal aspects of development of the budget process"

Copied!
26
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN 2616-6844

ҚҰҚЫҚ сериясы LAW Series Серия ПРАВО

2 (123)/2018

1995 жылдан бастап шығады

Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Astana, 2018 Астана, 2018

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

BULLETIN

of the L.N. Gumilyov Eurasian

National University

(2)

Бас редакторы з.ғ.д., проф.

Амандыкова С.К. (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Ибрагимов Ж.И., з.ғ.д.,доцент (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Сарсенова С.Н., з.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Редакция алқасы

Абайдельдинов Е.М. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Абдрасулов Е.Б. з.ғ.д., проф. (Қазақстан) Алебастрова И.А. з.ғ.к., доцент (Ресей)

Ақпанов А.Н. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Баймаханов М.Т. з.ғ.д., проф., академигі (Қазақстан) Балтабаев К.Ж. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Букалерова Л.А. з.ғ.д., проф. (Ресей) Жумашева Г.С. з.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Коняхин В.П. з.ғ.д., проф. (Ресей)

Коробеев А.И. з.ғ.д., проф. (Ресей)

Кристиан Комплак д.ю.н., проф. (Польша) Мукашева А.А. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Мурат Тумай PhD (Түркия)

Нургалиева Е.Н. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Тлепина Ш.В. з.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Томас Давулис з.ғ.д., проф. (Литва)

Тхабисимова Л.А. з.ғ.д., проф. (Ресей)

Умирзаков П.К. з.ғ.к. (Қазақстан)

Хайрмуханмедов Н.И. PhD (Қазақстан)

Явуз Оглу PhD (Түркия)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Сәтпаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31432) E-mail: vest_law@enu.kz

Жауапты хатшы, компьютерде беттеген: Д. Байтлесова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тіркелген.

27.03.18 ж. № 16992-Ж -тіркеу куәлігі Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 25 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі,13/1, тел.: (7172)709- 500 (ішкі 31432)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Doctor of Juridical Sciences Amandykova S.K. (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Ibragimov Zh.I., Doctor of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Sarsenova S.N., Can. of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan)

Editorial board

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Abdrassulov E.B. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Alebastrova I.A. Can. of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Russia) Akhpanov А.Н. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Baymakhanov M.T. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Academician (Kazakhstan) Baltabayev K.Zh. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Bukalerova L.А. Doctor of Juridical Sciences, Prof.(Russia) Khairmuhanmedov N.I. PhD (Kazakhstan)

Konyakhin V.P. Doctor of Juridical Sciences, Prof.(Russia) Korobeyev A.I. Doctor of Juridical Sciences, Prof.(Russia) Krystian Complak Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Poland) Mukasheva A.A. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Murat Tumay PhD (Turkey)

Nurgaliyeva E.N. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan) Tlepina Sh.V. Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Tomas Davulis Doctor of Juridical Sciences, Prof. (Lithuania)

Thabisimova L.А. Doctor of Juridical Sciences, Prof.(Russia) Umirzakov P.K. Can. of Juridical Sciences (Kazakhstan)

Yavuz Oglu PhD (Turkey)

Zhumasheva G.S. Can. of Juridical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Editorial address:2, Satpayev str., of.408, Astana, Kazakhstan, 010008

Теl.: (7172) 709-500 (ext. 31432) E-mail: vest_law@enu.kz

Responsible secretary, computer layout: Dinara Baytlessova Bulletin of the L.N.Gumilyov Eurasian National University. Law Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of information and communication of Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No. 16992-Ж from 27.03.2018 Periodicity: 4 times a year

Circulation: 25 copies

Address of printing house: 13/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: (7172) 709-500 (ext.31432)

© L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор д.юр.н.

Амандыкова С.К. (Казахстан)

Зам. главного редактора Ибрагимов Ж.И., д.юр.н., доцент (Казахстан) Зам. главного редактора Сарсенова С.Н., к.юр.н., доцент (Казахстан)

Редакционная коллегия

Абайдельдинов Е.М. д.юр.н., проф. (Казахстан) Абдрасулов Е.Б. д.юр.н., проф. (Казахстан) Алебастрова И.А. к.юр.н., доцент (Россия) Ахпанов А.Н. д.юр.н., проф. (Казахстан)

Баймаханов М.Т. д.юр.н., проф., академик (Казахстан) Балтабаев К.Ж. д.юр.н., проф. (Казахстан)

Букалерова Л.А. д.юр.н., проф. (Россия) Жумашева Г.С. к.юр.н., доцент (Казахстан) Коняхин В.П. д.юр.н., проф. (Россия) Коробеев А.И. д.юр.н., проф. (Россия) Кристиан Комплак д.юр.н., проф. (Польша) Мукашева А.А. д.юр.н., проф. (Казахстан)

Мурат Тумай PhD (Турция)

Нургалиева Е.Н. д.юр.н., проф. (Казахстан) Тлепина Ш.В. д.юр.н., проф. (Казахстан) Томас Давулис д.юр.н., проф. (Литва) Тхабисимова Л.А. д.юр.н., проф. (Россия) Умирзаков П.К. к.юр.н., (Казахстан) Хайрмуханмедов Н.И. PhD (Казахстан)

Явуз Оглу PhD (Турция)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31432)

E-mail: vest_law@enu.kz

Ответственный секретарь, компьютерная верстка: Д. Байтлесова

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева. Серия: Право Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева»

МОН РК

Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций Республики Казахстан.

Регистрационное свидетельство № 16992-Ж от 27.03.18 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 25 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172)709-500 (вн.31432)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

МАЗМҰНЫ

Мемлекет пен құқықтеориясы, конституциялық құқық

Балмагамбетова В.М. Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу білімі жайында заңнама болу кезеңдері... 8 Есентемирова А.М., Амандықова С.К. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің кейбір мәселелер мен перспективалары... 14

Қаржы құқығы

Сактаганова И.С. , Хамзина М.Г. Қазақстандағы бюджеттің құрылуы және бюджет процесі дамуының тарихи-құқықтық аспектілері... 25

Қылмыстық құқық

Букалерова Л.А., Кутуев А.Р. Ресейде спортта қолдануға тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) әдістерді ұйымдастырғаны, таратқаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы... 34 Қаржасова Г.Б. Адам саудасымен күрестің тарихи кезеңдері мен адам саудасы қылмыстары үшін жауапкершілікті реттейтін заңнаманың даму ерекшеліктері... 41

Қылмыстық-процессуалдық құқық

Ақпанов А.Н., Хан А.Л. Теориялық және қолданбалы аспектілерін, ерекшеліктерін, күдіктіден жауап алу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі... 51 Ахметов А.Т., Медиев Р.А. Тергеу амалдарын жүргізу барысында ақпараттарды электрондық жеткізгішпен жұмыс істеу... 55

Азаматтық құқық

Ашимова З.С. Аукциондарды құқықтық реттеу... 60 Нукушева А.Ә., Амандыкова Л.К. Мұрагерлік құқық қабілеттіліктің ерекшеліктері... 65

Халықаралық құқық

Асанова T.С. Шарттар мен әдет-ғұрыптар халықаралық құқық көздері ретінде:салыстыру және қарама-қарсылық (контраст)... 71 Жунусбекова А.Ж. Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын пайдалануды халықаралық-құқықтық реттеудің кейбір мәселелері бойынша... 78 Мурзагалиев Е.Ч., Сейдеш Б.Б. Еуразиялық Одақ аясында қызмет атқаратын заңгер- халықаралық құқық кадрларын дайындау үшін базалық университетті қалыптастыру... 85 Ойнарова А.А. Еуразиялық экономикалық одақтың Дүниежүзілік сауда ұйымымен өзара әрекеттесуінің ұйымдық-құқықтық негізі... 91

Еңбек құқығы

Бекенова А.Б. Қазіргі таңда ҚР әйелдердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері... 102 Исаева А.Ж., Сериев Б.А. Еңбек даулары: теория және тәжірибе мәселелері... 107

(6)

CONTENTS

The theory of the state and the law, the constitutional law

Balmagambetova. V.M. The stages of the formation of legislation on higher education in the Respublic of Kazakhstan... 8 Yessentemirova A.M., Amandykova S.К. Some problems and higher education prospects in Kazakhstan... 14

Financial law

Saktaganova I.S., Khamzina M.G. The budget system of Kazakhstan and historical and legal aspects of development of the budget process... 25

Criminal law

Bukalerova L.A., KutuevA.R. The criminal liability for the organization, distribution and use of substances and (or) methods prohibited in sport in Russia... 34 Karzhasova G.B. Features of improvement of legislation regulating activities related to human trafficking and responsibility for human trafficking... 41

Сriminal procedural law

Akhpanov А.N., Khan А.L. Theoretical and applied aspects of features of interrogation suspected of criminal procedure of the Republic of Kazakhstan... 51 Akhmetov А.Т., Mediev R.A. The work with electronic information carrier in the course of investigation... 55

Civil law

Ashimova Z.S. Legal regulation of auctions... 60 Nukusheva A.А., Amandykova L.К. Peculiarities of hereditary capacity... 65

International law

Assanova T.S. Treaties and customs as sources of international law: comparison and contrast.... 71 Zhunusbekova A.Zh. About some questions of international legal regulation of use of transboundary water resources in Central Asia... 78 Murzagaliyev Ye.Ch., Seydesh B.B. Formation of a basic University for the training of international lawyers within the framework of the Eurasian Economic Union... 85 Oinarova A.A. Organizational and legal basis of interaction between the Eurasian Economic Union and World Trade Organization ... 91

Labor law

Bekenova A.B. Problems of legal regulation for protection of women’s labor in Republic of Kazakhstan in modern stage... 102 Issayeva A.Zh., Sariev B.A. Labor disputes: problems of theory and practice... 107

(7)

СОДЕРЖАНИЕ

Теория государства и права, конституционное право

Балмагамбетова В.М. Этапы становления законодательства о высшем образовании в Республике Казахстан... 8 Есентемирова А.М., Амандықова С.К. Некоторые проблемы и перспективы высшего образования в Казахстане... 14

Финансовое право

Сактаганова И.С., Хамзина М.Г. Бюджетное устройство Казахстана и историко-правовые аспекты развития бюджетного процесса... 25

Уголовное право

Букалерова Л.А., Кутуев А.Р. К вопросу об уголовной ответственности за организацию, распространение и применение субстанций и (или) методов, запрещенных для использования в спорте в России... 34 Каржасова Г.Б. Особенности совершенствования законодательства, регулирующего деятельность, связанную с торговлей людьми и ответственность за торговлю людьми... 41

Уголовно-процессуальное право

Ахпанов А.Н., Хан А.Л. Особенности допроса подозреваемого в казахстанском уголовном процессе... 51 Ахметов А.Т., Медиев Р.А. Работа с электронными носителями информации в ходе проведения следственных действий... 55

Гражданское право

Ашимова З.С. Правовое регулирование аукционов... 60 Нукушева А.А. , Амандыкова Л.К. Особенности наследственной правоспособности... 65

Международное право

Асанова T.С. Договоры и обычаи как источники международного права: сравнение и контраст ... 71 Жунусбекова А.Ж. О некоторых вопросах международно-правового регулирования использования трансграничных водных ресурсов в Центральной Азии... 78 Мурзагалиев Е.Ч., Сейдеш Б.Б. Формирование базового университета для подготовки юристов-международников в рамках Евразийского экономического союза... 85 Ойнарова А.А. Организационно-правовая основа взаимодействия Евразийского экономического союза и Всемирной торговой организации ... 91

Трудовое право

Бекенова А.Б. Проблемы правового регулирования охраны труда женщин в РК на современном этапе... 102 Исаева А.Ж., Сериев Б.А. Трудовые споры: проблемы теории и практики... 107

(8)

Қаржы құқығы Financial law Финансовое право

МРНТИ 10.21.31

1И.С.Сактаганова, 2М.Г. Хамзина

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан (E-mail: Aridnis@mail.ru1, m.hamzina@mail.ru2)

Қазақстандағы бюджеттің құрылуы және бюджет процесі дамуының тарихи-құқықтық аспектілері

Аннотация. Ғылыми мақалада бюджет құрылысының тарихи-құқықтық аспектілері және бюджетттік процестің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесі, бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаттары, бюджеттендіру қағидалары қарастырылған. Зерттелген тақырыптын өзектілігі мен маңыздылығы бүгінгі таңдағы өзгерістерімен тікелей байланысты және оның ғылыми-тәжірибелік маңызы айқын. Мемлекеттік бюджеттің даму кезеңдері және бюджеттік жоспарлаудың негізгі қағидалалары зерттелген. Қазақстан Республикасының бюджет процесі аясындағы ұлттық заңнамасына талдау жүргізілді. Бюджет үрдісінде, бюджеттендірудің қағидаларына сәйкес, нәтижеге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды жетілдіру қажет. Бюджеттің біртұтас жіктелуі бюджет жазбасын құрастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік шығындар мен республикалық және жергілікті деңгейдегі маңызы бар бюджеттік бағдарламаларды жыл сайын бағалау методологиясын жүзеге асыруы бюджет ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер. Республикалық бюджет, бюджеттік жоспарлау, бюджеттік процедура, бюджеттік процесс, бюджеттік құрылысы, бюджеттік бақылау, бақылау жүйесі.

Зерттеу тақырыбының кіріспесі. Қазіргі таңда бюджет кез келген мемлекетке қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай қор ретінде қажет. Бірақ қаржы тарихы бойынша, бюджет ешқашан да мемлекеттің барлық даму кезеңдеріне тән емес болған. Яғни, ұзақ уақыттар бойы мемлекет бюджетке ие болмаған. Алайда барлық еуропа мемлекеттерінде, оған қоса, Ресейде де кірістер жиналып және шығыстар өндірілген, яғни заңи нормаларға негізделген кірістер мен шығыстардың танымал жүйесі болған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің құрылысы мен бюджет жоспарлаудың даму жолдарын зерттеу және заңнаманы талдау болып табылады. Бюджет мемлекет өзінің қаржы жоспарын енгізген кезден бастап пайда болған.

Бюджет ағылшын тілінен аударғанда қор деген мағынаны білдіреді. XVI-XVII ғ.ғ.Англияда қауым палаталары корольдер субсидиясын бекіткен кезде, казынашылық канцлері отырыс бітер алдында қағаз жүзіндегі заң жобасы сақталынатын қожынын ашатын. Бұл әрекет бюджеттің ашылуы деп аталды, кейіннен коржын атауы құжатқа ауыстырылды. XVII ғ. аяғында мемлекеттің парламентпен бекітілген кірістері мен шығыстары жоспарын құрайтын құжат та бюджет деп аталынды[1, 423б.].

Сонымен бюджет дегеніміз не? Аталған терминнің түсінігін анықтау үшін «қаржы» түсініге мән аударайық.

Қаржы дегеніміз орталықтандырылған және орталықсыздандырылған қаржы құралдарын құру, бөлу, қайта бөлу процестерінде қалыптасатын императивті ақша қатынастарының жүйесі.

(9)

Сондықтан, бюджет деп бюджет қоры қалыптасатын және пайда болатын процестерден туындаған императивті ақша қатынастарының жүйесін айтуға болады.

Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты.

Бюджет – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-тармақшасына сәйкес, бюджет дегеніміз мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Орталықтандырылған ақша қорының құрылуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының тиімді жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын

«кіріс» жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы «шығыс» болады.

Бюджет кірістері – ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік етуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді.

Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар[2, 244б.].

Бюджет кірістерінің басты материалды көзі – ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі – ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының кәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді.

Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға не болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады[3, 17б.].

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру- құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде

(10)

негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:

- өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;

- қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.

Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа – әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-экономикалық ахуалына байланысты [4, 45б.].

Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:

- басқару органдары арасындағы функцияларды шектеу;

- мекемелердің бағынушылығы;

- мекемелердің іс-әрекет шекарасы;

- шығыстарды тиісті бюджетке апару.

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

- құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;

- білім беру;

- денсаулық сақтау;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

- ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;

- өнеркәсіп, құрылыс және жер қойынауын пайдалану;

- көлік және коммуникация;

- басқа да бағыттар.

Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарын қалыптастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті-экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады[5, 26б.].

Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс- әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.

(11)

Мемлекеттік бюджет кез келген мемлекеттің қаржылық жоспар жүйесінде негізгі болып табылады, себебі мемлекеттің қаржы қатынастарын қаржы жүйесінің әртүрлі салаларымен ағымдағы жылға анықтап бір жүйеге біріктіреді. Бюджетті ең маңызды қаржы жоспары деп бекіту, оның ұлттық кірістерді қайта бөлудегі маңызды орнын сипаттайды, қоғамдық өндірістегі ерекші рөлін көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық кірістің 50%, яғни көптеген елдердің ақша құралдарының ¾ бөлігі. Бұл мемлекетке жалпымемлекеттік қажеттіліктерді ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық өміріне активті түрде әсер етеді, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің қоғамдық өмірдегі дәрежесі оған заң күшін береді. Сондықтан кез келген елдің бюджеті жоғары заң органдарымен бекітіледі – парламент, ал оның кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы бюджет процесі қатысушылары үшін міндетті болады.

Сонымен, мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды механизмдердің бірі – қаржылық механизм, оның маңызды буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекет дәл осы қаржы жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, орталықтандырылған ақша құралдарын құрады және орталықтандырылмаған ақша қорларының қалыптасуына әсер етеді. Бюджет жүйесі – мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабының 12-тармақшасына сәйкес, бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет жүйесінің тарихына тоқтала кетсек. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды[4, 31б.].

Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50-52 % тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды[5, 28б.].

1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әртүрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.

Нарытық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заңнамасын енгізу сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің кағидаттары ескертілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды. 1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.

1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші заң кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді.

Түсімдердің түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді.

Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзақ мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүзеге асырылатыны анықталды.

Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.

(12)

2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлі

гін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды кадам болды. Сонымен бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді.

2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік Кодекс бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді[5, 33б.].

Оның негізінде бюджет процесіндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру үлгісіне көшуге сәйкес бюджет бағдарламаларын қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бұл Бюджеттік кодекс бюджет процесі сатыларындағы барлық операцияларды – стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен – әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Жаңа Бюджет кодексінің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.

Бюджеттік заңнама бюджеттік, бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі кағидаларын және механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет процесінің негізінде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне тән принциптер жатыр:

1) бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;

2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

6) нәтижелілік қағидаты – стратегиялық жоспарларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;

7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсім

дердің тұрақты

(13)

бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;

8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

9) негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану;

10) уақтылылық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

11) кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

12) тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;

13) жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын стратегиялық жоспарларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы[6, 19б.].

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бір-бірін толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және өзге де заңдар мен заңнамалық актілерде көрсетілген.

Сонымен қатар, Жаңа Бюджеттік Кодексте бюджет процесінің барлық сатылары, яғни, бюджеттің әзірленуі, бекітілуі, атқарылуы және бюджет деңгейлері егжей-тегжейлі көрсетілді.

Оның дәлелін келесі нормадан көруге болады: Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында келесідей деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.:

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;

- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.

Осы аталған бюджет деңгейлерінің ішінде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

Бюджет Кодесінде белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

(14)

Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады.

Заңнамада бұл бюджет түрлеріне келесідей анықтамалар берілген.

Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып мемлекеттік бюджет табылады.

Шоғырландырылған бюджет деп өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын айтамыз.

Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық базасы мен әдістері: мақаланы жазу әдіснамасы зерттеу тақырыбын объективті және жан-жақты танудың негізгі әдісі ретінде шындықты танудың диалектикалық әдісіне негізделген. Бұл зерттеуде жалпы мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: формальды- логикалық (индукция, шегеру, талдау, синтездеу, гипотеза, ұқсастық), сондай-ақ, арнайы құқықтық әдістер: салыстырмалы-құқықтық және де формальды-құқықтық.

Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады: Бюджет заңнамасы бойынша бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып табылады. Бюджет жүйесінде орталық орынды сәйкесінше қаржы жылына Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің дербестік принципі мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығын береді. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың нақты деңгейіне Бюджет кодексімен сәйкесінше бюджет деңгейі бекітілген:

республикалық бюджет, Астана және Алматы қалаларының бюджеті, облыстық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеті, аудан бюджеті[7, 101б.].

Оған қоса, мемлекеттік реттеу аясындағы бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты болып барлық бюджет деңгейлерінің бюджеттік қамтамасыздандырылуын тегістеу және атқарушы билікпен Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік қызмет деңгейлерінің біріңғай берілуі табылады. Аталған мақсатқа жету тек жеке аудан мен облыс мүдделерінің мемлекетке бағынуына негізделген орталықтандырылған түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістер мен шығыстарды бөлуде мүмкін. Біздің елімізде бюджетаралық қатынастарды осылай реттеу механизмі бар, яғни, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер түрлері мен мемлекеттік қызметтің барлық бағыттары бойынша шығыстардың жүзеге асырылуы заңмен анықталған.

Әдебиеттер тізімі

1. Жунусова Р.М., Жусупова А.К., Утибаева Г.Б. Бюджетное планирование и прогнозирование: учебное посо- бие. / Р.М. Жунусова, А.К. Жусупова, Г.Б. Утибаева. – А.: Экономика, 2014. – 568 с.

2. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: учебник. / А.И. Худяков. – А.:

«Издательство «Норма-К», 2002. - 344 с.

3. Улюкаев А.В. Проблемы государственной бюджетной политики: науч.-практич. пособие./ А.В. Улюкаев. - М.: Дело, 2014. – 246 с.

4. Серикбаева А.С., Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж., Зейнельгабдин А.Б., Мухаметкарим A.M. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений: учебное пособие. / А.С. Серикбаев, Ж.А. Кулекеев, А.Ж. Султангазин, А.Б.

Зейнельгабдин, A.M. Мухаметкарим. - Астана: Палитра, 2013. – 215 с.

5. Конакбаев С.К. Оптимизация бюджетного процесса в условиях обеспечения устойчивой экономики:

Автореферат. дис. ...к.э.н. Алматы, 2006.

6. Даум Л.К. Бюджетное планирование и межбюджетные отношения: международный опыт и перспективы:

пособие. / Л.К. Даум. – Астана, 2012. – 135 с.

7. Кадырова М.Б. Бюджетное планирование в Республике Казахстан: учебное пособие. / М.Б. Кадырова. – Астана, 2010. – 179 с.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Keywords: legal regulation, legal support, tourism activity, United Nations World Tourism Organization (UNWTO), Law of the Republic of Kazakhstan “On touristic

The article describes the prerequisites for accession of the Republic of Kazakhstan to the WTO, the legal issues occurred with the introduction of negotiations, and

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына (2004

По мнению автора, осо- бенность феодального по своей классовой сущности суда биев заключалась в том, что бий, осуществляя судебное принуждение, опирался, как

В данной статье представлены теоретическое обоснование, разработка, создание ком- плексa средств дистанционного обучения для реализации системно-структурного