• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Ауа райы және климаттық өзгерістер бойынша сабақ жоспары, Солтанова Анар Әмірғалиқызы - bilimland.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Ауа райы және климаттық өзгерістер бойынша сабақ жоспары, Солтанова Анар Әмірғалиқызы - bilimland.kz"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

Сабақ: Қазақ тілі. Мектеп: Көктөбе ЖОББМ

Күні: 10.01.2018. Мұғалімнің аты-жөні: Солтанова Анар Әмірғалиқызы Сынып: 7. Қатысқан оқушылар саны: 18 Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы Ауа райы және климаттық өзгерістер Сабақтың тақырыбы Қазақ халқының ауа райын болжауы Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/А 1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.ӘТН 1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар

Оқушылар тыңдалым бойынша мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

Көптеген оқушылар

Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады.

Кейбір оқушылар

Мәтін мазмұнын бойынша өзінің сыни көзқарасын білдіре алады.

Бағалау критерийлері Тыңдалым бойынша:

 мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;

 алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;

 көтерілген мәселеге болжау жасай алады.

ӘТН бойынша:

 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін);

 сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек

Құндылықтарға баулу Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға

шақыру;

Тәрбие: ата-ана мен отбасының қадірін түсіну.

Пәнаралық байланыс География, дүниетану.

АКТ-ны қолдану

дағдылары Қазақ тілі, 7-сынып оқулығы, тақырыпқа байланысты видео, интернет, интерактивті тақта,

www.bilimland.kz, www.twig-bilim.kz, www.iMektep.kz , www.itest.kz ресурстары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар Сабақтың

бастапқы кезеңі 5 минут

Ұйымдастыру жұмысы.

Қызығушылықты ояту.

Ынталандыру.

«Көңілді шеңбер». «Балалар, шеңберде қалай тұру керек?» деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.

Топқа бөлу. Оқушылар ауа райы мен климаттық өзгерістерге байланысты суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. Олар сурет арқылы өтілетін тақырыпқа болжау

Қима қағаздар

(2)

жасайды. Мысалы:

Суреттер мен бейнежазба арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.

https://bilimlan d.kz/kk/user/li brary#lesson=

9686

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

Сабақтың мақсатын айтып кетемін.

Бүгінгі сабақтың кіріспесінде мәтін алды тапсырма беріледі. Оқушылар берілген бейнефильмді көреді.

Сабаққа болжам жасайды.

«Миға шабуыл» әдісі.

• Бұл бейнефильм сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыңдар?

• Кімнің қандай ой бар?..

• Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайысыңдар?

Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып болжам кестесін жасау.

«Ассоциограмма» әдісі. Климат сөзіне ассоциативтік сызба жасайды.

«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазбаны тыңдайды.

Ж. Тыңдалым тапсырмасы.

«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазба көреді, тыңдайды. Мұғалім оқушыларға бейнефильмдегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжатады. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжату үшін бейнефильмнің бас жағын ғана көрсетіп, ары қарай оқиғаның қандай болатынына болжау жасайды.

«Болжау» әдісі

Бірақ ауа райы мен климат бір емес. (0:12)

Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады.

(0:48)

Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар. (1:09)

Полярлық климаттық аймақ (1.14)

Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде (1:39 )

https://bilimlan d.kz/kk/user/li brary#lesson=

14765

https://bilimlan d.kz/kk/user/li brary#lesson=

11887 Климат

(3)

Жұптық әңгіме құраудың алдында сөйлеу кезінде интонацияға, кіріс мен логикалық екпін туралы теориялық түсінік беріп кету керек.

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы.

Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.

Екпін түспейтін буындар.

1. Жіктік жалғауына. Мысалы, оқушымыз, барамыз.

2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы, ағашты жарма, сен оған айтпа.

3. Шылау сөздерге. Мысалы, үй де, мал да – бәрі де аман.

4. Көмекші сөздерге. Мысалы, мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

Екпіннің түрлері.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

Тіркес екпіні бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

Дыбыс екпіні – сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по- ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

1-тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы әр топқа бөлек- бөлек бейнежазба беріледі. Олар өздеріне берілген бейнежазбаны мұқият тыңдайды. Топтан бір адам қалып, қалғандары басқа топқа барып, олардың тобына

берілген мәтінің мазмұнымен танысады. Қайтып оралып, өз тобында қалған адамға естігенін айтып береді.

1 топ. https://bilimland.kz/kk/user/library#lesson=14019 2топ. https://bilimland.kz/kk/user/library#lesson=14020 3топ. https://bilimland.kz/kk/user/library#lesson=14014 4топ. https://bilimland.kz/kk/user/library#lesson=14761

(4)

3 минут

Ой толғаныс кезеңі.

5 минут

Кері байланыс 5 минут

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі.

Сұрақ:

1. Бейнежазба не туралы айтылған? Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді.

2. Еске сақтап оқу. Тындаған бейнежазба өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту.

Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс.

- Мәтіннің не туралы екенін айта білді;

- Сөйлемдерді еске сақтауда белсенді болды;

- Еске сақтап айтуында белсенділік танытты, бірақ нақты айта алмады;

2-тапсырма. «Түртіп алу » әдісі. Бейнебаян.

Бұрыннан білемін.

Жаңа ақпарат

Мен ойлағандай

емес

Білгім келеді.

3-тапсырма. Көршілер ойындары. Бейнебаян.

https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1094

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1095

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1449 4-тапсырма.Біліміңді сынап көр.Тест.

Қалыптастырушы бағалау Кері байланыс.

- Бұл тапсырманы орындау ұнады.

- Мәселені таба алды.

- Ол ойын айтуға белсенділік танытты.

«БББ» әдісі

https://twig- bilim.kz/kz/film /weather- systems

https://imekte p.kz/kz/aua- rayi

https://itest.kz/

kz/exam_test?

test_id=36612 8874

Сабақтың соңы 2 минут

Рефлексия. Бүгінгі сабақ барысында толық жауап беріп, сынып ережесін сақтаған оқушыны таңдаңыз және өз көңіл күйіңізді смайликтер алқылы білдіріңіз.

Бағдаршам көздерімен.

-Толық түсінсем жасыл -Жартылай түсінсем сары -Мүлдем түсінбесем қызыл

(5)

Қосымша ақпарат Саралау

Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау

Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс;

денсаулық және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Топтар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырма алады.

Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.

Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі .

1. Топ жұмысы критерий бойынша дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тәсілімен бағалаймын.

2.Топ жұмысын топтар бағалау критерийі арқылы бағалайды.

3. Сабақтың соңында

«бағдаршам» арқылы әр оқушы өзін бағалайды.

1. Бейнелеу сабағы, дене шынықтыру, технология пәндерімен байланысты 2. АКТ дағдыларына жаңа сөздердің бейнефильм пайдалану;

Интенрактивті тақта

3. Ынтымақтастық, бірлесе жұмыс істеу дағдылары

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

Әрине сабақ оқу

мақсаттары қолжетімді болды.

Оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін түсінді.

Сабақта жағымды, белсенді жағдай, ахуал орын алды.

Саралау жұмыстары жоспар бойынша өз нәтижесін берді.

Сабақ белгіленген уақытқа сай жүрілді, ауытқу болған жоқ.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. «Джигсо» әдісі арқылы оқушылардың қысқа баяндап беруі.

2. «Біліміңді сынап көр» әдісі арқылы ойларын жинақтап алуы сабақ нәтижесіне әсерін берді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Сабақты іс жүзінде өмірде жасасақ жақсы әсерін берер еді.

2.Оқушыларға алдын ала осы тақырып туралы айтқан болса өте белсенді өтетін сияқты.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданудың маңызы екендігін білдім.

2. Алдыңғы білімі келесі білімнің жалғасы ретінде спиралды түрде даму қажеттігін білдім.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жіктеуі бойынша, жасыл техноло- гиялар келесі салаларды қамтиды: жалпы экологиялық басқару (қалдықтарды

«Жазды күні молдадан таяқ жеп, күн бата екеуміз қайтқанда Түйебай маған осы көзқараспен қарап еді. деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы

ІІІ. Presi.com презентациясы және Bilimland сайтын қолдану арқылы сабақ түсіндіріліп оқытылады, оқушылар берілген мәтін бойынша өздігінен

Барлық оқушылар орындай алады: климат, ауа райы анықтамаларын ажырата алады, белдеулерді көрсете алады?. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:климат қалыптастырушы

Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, №2 Қамысты орта мектебі, 5-сынып Сабақ тақырыбы

Өсімдік шаруашылығындағы айналым капиталын пайдаланудың ерекшелігі осы саладағы айналымының ұзақтығы топырақ-климаттық және биологиялық факторларға

Қалдықтардың төмен және ұйымдастырылмаған дереккөздері үшін ауа ластануының жоғарылатылған деңгейін қалыптастыру атмосфераның

г) өндіріс орындарын желдетумен. Желдету деп бөлмеден ластанған ауаны шығарып, оның орнына жаңа ауа енгізуді қамтамасыз ететін, ұйымдасқан және реттелетін