• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр «ИМИДЖЕВАЯ ПОЛИТИКА КАЗАХСТАНА И КИТАЯ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр «ИМИДЖЕВАЯ ПОЛИТИКА КАЗАХСТАНА И КИТАЯ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ»"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

ӘОЖ 327.222

МРНТИ 11.25.91 https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.04 Токеева А.А.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ

«6D020200- Халықаралық қатынастар» мамандығының Ph.D докторанты.

Алматы, Қазақстан, e-mail: [email protected]

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЕЛДЕРІНІҢ ИМИДЖДІК САЯСАТЫ

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық саяси имиджінің қалыптасуының сыртқы факторлары қарастырылған. Қазақстан мен ҚХР серіктестігіне жаңа бір қырынан қарауға тырыстық. Екі елдің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін де байқаймыз. Алайда осы уақытқа дейінгі тәжірибеміз, жеткен нәтижелеріміздің қорытындысы бойынша негізгі мәселелерді шеше алдық па? Осы сияқты түрлі сұрақтарға жауап іздей отырып қазіргі жаһандану заманында түрлі қауіп- қатердің алдын алып, дұрыс қадам жасауға жол береді. Осылайша ортақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде, біз екі ел бейбітшілікпен, тұрақтылықпен алға қойылған мақсаттарымызға сенімді жете аламыз. Мақалада Қазақстан мен Қытайдың мәдени қарым-қатынасында екі ел арасында жиырма жеті жыл көлемінде қол жеткізген ынтымақтастықтары мен сол ынтымақтастық шеңберінде атқарған нақты шаралары жайында қысқаша баяндалған.

Түйін сөздер: Қазақстан, Қытай, халықаралық қатынастар, имидж саясаты, сыртқы фактор, қауіпсіздік, ынтымақтастық.

Tokeyeva A.A.

Specialty "6D020200 - International relations". KazUIRandWL, Almaty, Kazakhstan, e-mail: [email protected]

IMAGE POLICY OF KAZAKHSTAN AND CHINA AT THE PRESENT STAGE

Abstract

This article discusses the external factors in the formation of the international political image of Kazakhstan and the People's Republic of China at the present stage. The interactions of the two countries and common tasks within the framework of international regional associations are analyzed. The article considers the latest understandings in this area at the present stage. Relations of partnership and strategic interaction between Kazakhstan and China, recognized by the parties as "relations of a new type", have accumulated significant experience in cooperation in various fields. Twenty-seven years of contacts that began after the declaration of independence of Kazakhstan provide rich material for research. 27 years of communication, cooperation in many areas give the right to pose other questions: what were the main problems the partners managed to solve? ... What should Kazakhstan do to get a greater effect from interaction with a partner developing its economy on a larger, more focused and faster pace? The above questions also require scientific reflection. Analysis of the achievement of mutually beneficial results makes it possible to consolidate the ways and means of achieving them. Identification of miscalculations allowed to prevent them from escalating into a problem, eliminate miscalculations in order to maintain and continue equal relations.

Keywords: Kazakhstan, China, international relations, image, external factor, securiry, cooperation.

Created by free version of DocuFreezer

(2)

Токеева А.А.

Ph.D докторант КазУМОиМЯ имени Абылай хана, Специальность «6D020200- Международные отношения»

Алматы, Казахстан, e-mail: [email protected]

ИМИДЖЕВАЯ ПОЛИТИКА КАЗАХСТАНА И КИТАЯ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ Аннотация

В данной статье рассматриваются внешние факторы формирования международного политического имиджа Казахстана и Китайской Народной Республики на современном этапе.

Анализируются взаимодействия двух стран и общие задачи в рамках международных региональных объединений. Статья рассматривает последние договоренности в этой области на современном этапе. Отношения партнерства и стратегического взаимодействия Казахстана и Китая, признанные сторонами «отношениями нового типа», накопили значительный опыт сотрудничества в разных сферах. Двадцать семь лет контактов, начавшихся после провозглашения независимости Казахстана дают богатый материал для исследований. 27 лет общения, сотрудничества во многих сферах дают право поставить и другие вопросы: какие главные проблемы удалось решить партнерам? ...Что следует сделать Казахстану для получения большего эффекта от взаимодействия с партнером, развивающим свою экономику более масштабно, целеустремленно и более быстрыми темпами? Выше поставленные вопросы также требуют научного осмысления. Анализ достижения взаимовыгодных результатов дает возможность закрепить пути и способы их достижения. Выявление допущенных просчетов позволяет предотвратить их перерастание в проблему, устранить просчеты ради сохранения и продолжения равноправных отношений.

Ключевые слова: Казахстан, Китай, международные отношения, имидж, внешний фактор, безопасность, сотрудничество.

Қазіргі таңда мемлекеттік имидж саласына байланысты мәселелердің маңыздылығы күннен күнге өсіп барады. Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін қарастырудан бұрын, негiзгi ұғымдық дәрежелерді белгiлеп алу керек.

Ғылыми әдебиетте «саяси түр» мен «саяси имидж» ұғымдары әдетте бірдей сатыға қойылады. Сонымен қатар, бұл ұғымдарды шектемеу туралы пікірлер де бар, себебі «түрге қарағанда, имидж– қоғамдық көңіл-күйді басқарудың мақсаты мен құралы болып табылады».

«Имидж» ұғымы түрлерін атап өтейік:

-Саясаттағы субъекттер мен олардың имидждерінің өзара әрекеттесуі; топтық субъектілер имиджi (ұлттар), бiрлескен субъектілер имиджi (ұйымдар), жүйелі түрде бірлескен субъектілер имиджі (мемлекеттер);

-Дүниежүзілік қоғамдық пікірге саяси және эмоционалдыпсихологиялық жағынан әсер ету мақсатында құрылған арнайы бейне;

-Қоғамдық саясат аясындағы саяси ұқсастықтардың бейнелі репрезентациясы, ол имидж тасымалдаушының мінсіз көрінісі мен түсінігін салыстыру жолымен қалыптасады;

-Субъекттік жақтан құрастырылатын, тартымды әрі дәлелденетін образ;

Мемлекеттің имиджі екі өлшемнен тұрады: сыртқысы –өзге мемлекеттер арасында қалыптасқан көзқарастар, ішкісі –азаматтардың жеке бастарының пікірі. Алайда «сыртқы өлшем»

өз алдында абырой, репутация болып саналады. Халықаралық имидж бен «орнықтыру»

категориясы тығыз байланысты, яғни субъекттің имиджі мен оған бекітілген орын, оның рөлі және ұлттық құндылықтары арқылы анықталады. Имидж – мемлекеттің дүниежүзілік саяси кеңістіктегі орнын анықтап, оны өзгерте алатын нақты позиция. Жалпы алғанда, имидждік коммуникация сыртқы саясат, дипломатия, экономика, білім және ғылым, мәдениет, диаспоралық қатынастар, туризм сияқты салаларды толығымен қамтиды [1, с.267]

– Ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу – басты мақсатымыз. Біз елімізді дамудың жаңа деңгейіне шығарып, жетістіктерімізді еселеу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, – деді Қазақстан Президенті [2, с.1]

(3)

Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың сауатты әрі салиқалы жүргізілуі екі жақтың өзара сенімін жоғалтпай келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен бастап еліміз Қытаймен тату көрші болу бағытында көптеген жұмыстар атқарды. Осы мақсаттағы жүзеге асырылған шаралардың әрқайсысының өзіндік маңызы зор. Бұл орайда, Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Ең алдымен, елдiң жағымды имиджiн қалыптастыру үрдісінің институционалдық негiзiнде тоқтау қажет. Оның алға басуындағы түбегейлi рөл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н. Ə. Назарбаевқа тиесілі. Мемлекет басшысының еңбектерi осы бағыт қызметінің іргелi және әдiстемелiк негiздерiн құрайды. Мемлекет басшысы 1997 жылы «дүниежүзiнiң iскер топтары үшiн Қазақстанның тартымды имиджі» және «қолайлы инвестициялық ахуалды жасау» қажеттiлiктері жайлы айтқан болатын.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері көршілес жатқан, әлемнің алпауыт елдерінің бірі Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынастар орнатып, түрлі саладағы ынтымақтастықты қарқынды дамытуда. Тақырыптың өзектілігін төмендегі факторлармен дәйектеуге болады.

Біріншіден, бүкіл әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолы екі ел арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың нақты айғағындай. Біздің еліміз Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныды және онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сол сәттен бері Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы халықаралық конъюнктураның өзгерістері сынақтарына шыдас бере отырып, сенімділік, тең құқылық, өзара тиімділік пен өзара ықпалдастық сипатын айғақтап, саламатты және тұрақты арнада жедел дамуда. Қауіпсіздік саласынан бастап ғылым-білім саласына дейінге барлық аяларды қамтыған екі мемлекет арасындағы қатынастар жоғары қарқынмен күн өткен сайын даму үстінде. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы ресми қарым- қатынас орнатқан жиырма жеті жыл көлемінде көптеген тарихи маңызы зор келісімдерге қол жеткізді. Аталмыш құжаттар мен құрылымдар екі мемлекеттің тұрақты әрі табысты, ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік негізінде даму жолының құралы есепті. Қытайдай алып мемлекетпен стратегиялық әріптес болу кез келген мемлекет үшін сыртқы саясатындағы үлкен жетістік. Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатында стратегиялық әріптестікке ерекше мән беріледі. Осы уақытқа дейінгі алған екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері бойынша ҚХР мен әріптестіктігінің жарқын болашағы үшін Қазақстан алдыға нақты мақсаттар мен стратегиялар қою керек.

Екіншіден, халықаралық қатынастарда «Əріптестік», «Стратегиялық ынтымақтастық»

терминдерінің нақты қалыптасқан түсінігі жоқ. Бұл терминдерді қарастыру арқылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы ынтымақтастық қарым- қатынасының негіздері мен болашағына көз жүгірте аламыз.

Үшіншіден, екі ел арасындағы байланыстарға сызат түсірер мәселелер толық шешімін тапқан соң, қос мемлекет ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін стратегиялық әріптеске айналды. Дегенімен, қазіргі таңда желіде жүрген түрлі әңгімелер, әлемде болып жатқан қауіп-қатерге байланысты алдымен өз еліміздің ұлттық қауіпсіздігімізді, шекаралық мәселелерді, өзімізге тән қызығушылығымызды ойлағанымыз жөн. Өйткені 15-20 жылдан кейін екі ел арасындағы қарым- қатынас қандай жағдайда болатынын болжау өте қиын.

Төртіншіден, болашаққа көз тігер болсақ, екі елдің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін де байқаймыз. Алайда осы уақытқа дейінгі тәжірибеміз, жеткен нәтижелеріміздің қорытындысы бойынша негізгі мәселелерді шеше алдық па? Алға қойған мақсаттарымызға жете алдық па? Екі елге пайдасы тиіп жатыр ма?

Қазақстан өз экономикасын әлем бойынша қарқынды дамыта ала ма? Осы сияқты түрлі сұрақтарға жауап іздей отырып қазіргі жаһандану заманында түрлі қауіп-қатердің алдын алып, дұрыс қадам жасауға жол береді. Осылайша ортақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде ғана біздің халықтарымыз бейбітшілікпен, тұрақтылықпен қамтамасыз етілетін болады [3, с. 288].

Бүгінгі таңда Қытай елі өзінің саяси, экономикалық әлеуетімен бүкіл әлем елдерінің назарын өзіне аудартқан алпауыт мемлекет болып табылады. Оған қоса аспан асты елі біздің шығыстағы көршіміз. Сол үшін де Қытай қоғамындағы мәдени, экономикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін сонымен қатар білім және ғылым, мәдениет, диаспоралық қатынастар қарастыру бүгінгі күннің талабын арттыра түсуде. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі өсуде, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы ірі жобалар іске асырылуда.

(4)

Зерттеу нәтижелері. 1-кесте. Қазақстан мен Қытай елдерінің имидждік саясаты шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі бойынша Қазақстан-Қытай саммиттерінің хронологиясы [4, 455-459 б.].

№ Күні Кездесулер Жетістіктері

1 11.07-12.07.2010 ж. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары

Келіссөздер қорытындылары бойынша энергетика, экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық жайындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойды.

2 21.02-23.02.2011 ж. ҚР Президенті Н.

Назарбаев ҚХР-на мемлекеттік сапар жасады.

Екіжақты келіссөздер қорытындылары бой- 274 ынша ҚР Президенті мен ҚХР Төрағасы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екі мемлекет басшыларының

қатысуымен энергетика,

трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау, Астана Алматы бағытындағы шапшаңдығы жоғары қозғалысқа есептелген теміржол магистралын салу және т.б. салалардағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдар қабылданды.

3 Маусым айы 2011 ж. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның

Қазақстанға ресми сапары жүзеге асты

Жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды.

4 06.09-07.09.2013 ж. Президент Си Цзиньпин Қазақстан

Республикасына ресми сапармен келді.

Си Цзиньпин алдымен Назарбаев Университетінде Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы бастама жариялады. Стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.

5 19.03.2014 ж. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытайға ресми сапармен келді

Министр Қытай халықаралық зерттеулер институтында сөз сөйледі. Ол Бейжіңдегі қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.

6 24.03.2014 ж. Президент Си Цзиньпин

мен Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың (Нидерланды

Корольдігі, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит) кездесуі өтті.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарынан кейін қол жеткізілген келісімдердің орындалуы қарастырылды.

7 19.05.2014 ж. Қазақстан

Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары.

Н.Назарбаевқа «Жібек жолы»

бейбітшілік сыйлығы берілді.

Ляньюньган логистикалық

терминалының ашылу салтанатына қатысты.

(5)

8 14.12.2014 ж. Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян мен ҚР Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов премьер- министрлердің екінші кезекті отырысын өткізді.

Саяси көшбасшылардың конструктивті ұстанымдарының арқасында «Жібек жолының экономикалық белдеуі»

ұсынысына «Нұрлы жол»

бағдарламасын ұластыру мақсатындағы жұмыстар басталып кетті, бірінші кезекте назарда болғаны – көлік, индустриаландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспортқа шығару салалары.

9 26.12. 2014 ж. Қазақстан

Республикасының Инвестициялар және даму министрі Əсет Исекешев пен ҚХР Даму және Реформа Комитеті (СКР) Шу Шаоши мемлекет басшысы арасындағы келіссөздер.

Біз жалпы құны 60 миллиард долларды құрайтын 50 экономикалық жобаны талқылады.

10 07.05.2015 ж. Си Цзиньпиннің Қазақстанға

мемлекеттік сапары

Стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту.

11 30.08. – 03.09. 2015 ж. Н.Назарбаевтың

Қытайға мемлекеттік сапары.

Сапар барысында 33 құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде - индустрияландыру және инвестиция саласындағы 23,4 млрд. Долларлық 28 құжат қарастырылды.

12 13.12.- 14.12.2015 ж.

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің ҚХР-ға сапары.

Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен ресми кездесу.

«Қазақстан Республикасы мен ҚХР-ның 2015-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы»

қабылданды.

13 12.07.2016 ж. Бейжіңде Премьер- Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан

Сағынтаев ҚКП

Орталық Комитетінің Саяси Бюросының тұрақты мүшесі, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі вице-премьері Чжан Гаолимен кездесті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол»

жаңа экономикалық саясат аясындағы жобалар мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол»

бастамасы талқыланды.

14 02.09.2016 ж.

Қазақстан

Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың ҚХР-ға (Ханчжоу) жұмыс сапары.

Үкіметтер арасында «Нұрлы жол» және

«Жібек жолы экономикалық белдеуі»

бағдарламаларын байланыстыратын ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Жалпы құны 20 миллиард доллардан асатын 51 жоба бойынша келісімге қол жеткізілді.

15 03.11.2016 ж. Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Сауда, инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық саласындағы құжаттарға қол қойылды.

(6)

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

16 29.11. 2016 ж. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Төрағасының

орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер өткізді.

Индустрия, инновация, көлік және логистика саласындағы бірлескен 51 ірі жобаны жүзеге асыруды талқылады.

17 24.04.2017 ж. Қазақстанның сыртқы істер министрлері Қайрат Əбдірахманов пен Қытай, Ван І арасындағы екіжақты келіссөздер.

Сыртқы істер министрліктері арасында 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

18 14.05. -15.05. 2017 ж. Н.Ə. Назарбаев Бейжіңде «Бір белдеу - бір жол» халықаралық ынтымақтастық

форумына қатысты.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы »АҚ, Ляньюньган порты және COSCO Shipping компаниясы арасында« Қорғас Восточные Ворота

»еркін экономикалық аймағындағы«

KTZE-KORGOS Gateway »құрғақ портын бірлесіп игеру туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

19 08.06. 2017 ж. Си Цзиньпиннің Қазақстанға

мемлекеттік сапары.

«ЭКСПО-2017» аясындағы Қытайдың көрме павильонына бару, «Қазақстан мен Қытай - Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпіріне қатысу.

Қорғас-Ляньюньган жаңа көлік маршрутының іске қосылуы.

20 Маусым айы 2018ж. Қазақстан

Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары.

Ресми кездесу рәсімінен кейін екі елдің көшбасшылары кеңейтілген түрде келіссөз жүргізіп, осы келіссөздер негізінде 9 тарихи құжатқа қол қойылған.

21 12.09.2019ж. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-дың

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарап та бұл қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты.

Сонымен қатар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Екі мемлекеттің мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстары аса жоғары деңгейде. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 150 жылдық мерейтойы аясында 1995 жылы ҚХР астанасы Бейжің қаласына салтанатты іс-шаралар өткен болатын. Бұл дәстүр осы күнге дейн жалғасын тауып келе жатыр [5, 112 c.].

Қазақстанда Қытайдың оң имиджін қалыптастыру үшін төрт Конфуций институты жұмыс істейді (Астана, Алматы, Ақтөбе ,Қарағанды), олар білім беру және ақпараттық қызметтер

(7)

көрсетеді. Конфуций институттарының қазақстандық тарап үшін мәселесі - олардың функцияларының заңнамалық жазылмауы; осы бағытта дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізілуде. Қазақстандық 13 мыңнан астам студент қытайдың ЖОО-ларында білім алады. Қытай өзінің саяси бағыты бойынша Орталық Азия елдерімен, әсіресе, Қазақстанмен аймақтағы негізгі серіктес ретінде тығыз ынтымақтастық етеді. Екі тарап та қызығушылық танытады, алайда Қазақстан үшін осындай қуатты экономикалық және саяси күшейіп келе жатқан көршімен ынтымақтастық кезінде Қытай-Ресей-АҚШ үшбұрышында қалыптасып келе жатқан шиеленісті ескеру қажет. Қытайлық ұсыныстар мен бастамаларда бар барлық көрнекті артықшылықтармен бірге ең алдымен прагматизмді басшылыққа алу және ұзақ мерзімді тәуекелдерді мұқият бағалау қажет [6].

Қорыта айтқанда, болашаққа көз тігер болсақ, екі елдің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін де байқаймыз. Алайда осы уақытқа дейінгі тәжірибеміз, жеткен нәтижелеріміздің қорытындысы бойынша негізгі мәселелерді шеше алдық па? Алға қойған мақсаттарымызға жете алдық па? Екі елге пайдасы тиіп жатыр ма?

Қазақстан өз экономикасын әлем бойынша қарқынды дамыта ала ма? Осы сияқты түрлі сұрақтарға жауап іздей отырып қазіргі жаһандану заманында түрлі қауіп-қатердің алдын алып, дұрыс қадам жасауға жол береді. Осылайша ортақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде ғана біздің халықтарымыз бейбітшілікпен, тұрақтылықпен қамтамасыз етілетін болады. Ал екі ел арасындағы имидж саясатының рөлі екі мемлекетке даму және өсу барысында үлкен септігін тигізіп жатыр.

Бұл дегеніміз имидж саясаты арқылы Орталық Азия аренасында Қазақстан Қытай үшін негізгі транспорттық қақпаға айналады және болашақ еуразиялық трансконтинентальды транзиттік магистральдің негізгі буыны болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары. // Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: оқулық. – Алматы: Экономика. 2012, – 468 б.

2 Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды //

http://www.akorda.kz/kz/events/kazakstan-prezidenti-kytai-kogamdyk-gylymdar-akademiyasynda-lekciya- okydy

3 Токаев К. К. Казахстанско-китайские отношения // Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы: АО «САК», 2000, 423 c.

4 Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары // Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017. – 508 б.

5 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы.

Ақпараттықсараптамалық материалдар / Жалпы ред. З.К. Шаукенова. – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2018. – 192 б.

6 Китай создал в 120 странах и регионах мира 440 Институтов Конфуция // Жэньминь жиба о онлайн // URL: http: // russian. people.com.cn/31516/8478245.html (дата обращения: 08.04.2020)

Created by free version of DocuFreezer

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Екі шама арасындағы сызықты байланысты көрсететін өзара корреляциялық функция жаһандық температура мен ҒС ағыны арасында еш байланыс жоқ екенін көрсетсе

ҚазҰУ-де JF маманы екі елдің алыс орналасу- ына байланысты Алматыда жапондықтардың әлі де аз болуы (небәрі 60-қа жуық), студенттердің жапондықтармен жүздесіп

На современном этапе экономического развития, кроме внесенных существенных изменений в денежно-кредитную политику Казахстана, на

Нарықта отандық сүт өнімдерінің аз екенін ескере отырып тұтынушылар осы өнімге назар аударатын және «дәмін тату»

Курмангазы, единственного на тот момент специализированного вуза в Казахстане, осуществляющего подготовку профессио- нальных исполнителей, в данный

Диалектикалық таным әдісі абстракциялық, тарихтан тыс мәнділікті , бір өлшемділіктің ішіндегі мәнділіктің болашағы жоқ екенін түсінуге

In the detailed and informative essay «The Tatars of Northern Kazakhstan» the author pays special attention to the modern period, the holding of the Sabantuy,

Автор жасаған Орхон ескерткіштері мәтіндерінің аудармасына үңіле отырып, оның аудармашылығының да ғылыми көзқарасымен сабақтас екенін көреміз,