ƏОЖ 517:338.48 (574)
Қазақстан Республикасы туристік саласының аймақтық даму жағдайын талдау
Дүйсембаев А.А.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье исследуется туристская отрасль Казахстана и ее региональные особенности. Проводится ана- лиз основных факторов и показателей, влияющих на развитие туристского рынка Казахстана. Рас- сматриваются региональные различия конъюнктуры туристского рынка и спроса, распределение тури- стских фирм, объектов размещения по регионам, количества обслуженных посетителей объектами раз- мещения по регионам, областей Казахстана по стоимости проданных путевок, количество обслуженных посетителей по внутреннему туризму, по выездному туризму (резидентов), распределение обслуженных туристов Карагандинской области по странам, а также инфраструктура туристско-рекреационной сферы Карагандинской области.
In this article the tourist branch of Kazakhstan and its regional features is investigated and analyzed. The analysis of major factors and the indicators influencing development of the tourist market of Kazakhstan is carried out. Regional distinctions of a conjuncture of the tourist market and demand, distribution of tourist firms, distribution of objects of placing on regions, distribution of quantity of the served visitors by objects of placing on regions, distribution of areas of Kazakhstan on costs of the sold permits, quantity of the served visitors on internal tourism, on exit tourism (residents), distribution of the served tourists of the Karaganda area on the countries, and also an infrastructure of tourist-recreational sphere of the Karaganda area are con- sidered.
Бүгінгі таңдағы туристік индустрия əлемдік шаруашылықтың қарқынды дамушы саласы бола отырып, жиынтық ішкі өнімнің қалыптасуында ауқымды үлестілікті қамтиды, мемлекеттің төлем қабілеттілігін арттырады, əлеуметтік мəселелерді шешеді, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Бұдан басқа, туристік сала тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтитын жəне де экономиканың аралас секторлары өнімдеріне сұранысты қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан елеулі түрде мультипликативтік ықпалдылықты иемденетін сала болып табылады.
Қазіргі заманғы əлемде туризм мен демалудың рөлі ерекше, ол экономиканы, мəдениетті, əлеуметтік өмірді қоса алғандағы бүгінгі кездегі қоғам қызметінің барлық саласын қамтиды.
Бизнестің бұл түрі құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, көлік, байланыс жəне де ұлттық нарықтың т.б. салаларының дамуын ынталандырады [1].
Соңғы жиырма жыл бойы туризм жəне демалу əлемдік шаруашылықтың табысты жəне қарқынды дамушы салаларының біріне жатады. Осының дəлелдемесі ретінде туризм мен демалу үлесіне əлемдік жиынтық ұлттық табыстың 10 % жуық көрсеткішінің сай келуін атап өтуге болады [2]. Бүгінгі таңда бүкіл əлемде туристік бизнес капитал салымының неғұрлым табысты əрі келешектік саласы бола отырып, өзінің даму қарқынын энергетикалық, валюталық жəне экономикалық дағдарыс кезінде де сақтай алған.
Туризм жəне демалудан əлемдік деңгейдегі табыстың жыл сайынғы өсімі 2,7 % шаманы құрайды жəне де келешекте экономиканың бұл секторы əлемдік шаруашылықтың экспорттық тобы арасында сөзсіз озат болып танылатындығы айқындалуда [3]. Сондықтанда əлемнің экономикалық дамыған елдерінің туризм саласының жандануына қатысты елеулі мəнділікті байқатып отырғандығы негізсіз емес.
Нарық конъюнктурасы мен туристік сұраныстың өрістеуіне туристік сала дамуының аймақтық ерекшеліктері ықпал етеді. Төмендегі сызбада туризмнің аймақтық дамуының əртараптандырылуы сипатталған (1-кесте) [4].
Ре по зи то ри й Ка рГ У
1 -к е с т е 2009 жылға Қазақстан Республикасында туристік нарық пен сұраныс
конъюнктурасының аймақтық айырмашылықтары
Туристікфирмалар саны Орналастыруобъ- ектілеріменқызмет көрсетілгенкелу- шілерсаны Орналастыруобъ- ектілерсаны Сатылғанжолдама- ларқұны, мыңтг. Ішкітуризм бойыншатуристік фирмаларменқыз- меткөрсетілгенке- лушілер Туристікфирма- ларменорынталған жұмыстарменқыз- меттерсаны Шығутуризмі бойыншатуристік фирмаларменқыз- меткөрсетілгендер саны
Қазақстан
Республикасы 1 203 1 544 506 562 19 281 603,7 122 216 17 453 671,5 193 951
Ақмола 26 50 693 53 144 536,2 37 716 38 928,6 2 997
Ақтөбе 26 40 514 17 580 709,6 368 23 639,2 7 684
Алматы 43 66 109 37 73 077,8 10 323 449 336,5 756
Атырау 18 248 610 33 786 901,2 750 74 582,3 5 073
Батыс Қазақстан 10 26 276 12 729 658,3 21 43 250,0 3 160
Жамбыл 21 30 472 14 68 845,0 1 163 7 795,6 2 991
Қарағанды 76 90 332 60 791 110,3 5 530 139 744,0 8 174 Қостанай 26 29 062 12 150 996,4 2 603 210 678,4 5 223
Қызылорда 2 12 844 10 10 835,0 371 21 932,6 96
Маңғыстау 29 125 596 19 310 864,3 1 686 201 335,7 9 433 Оңтүстік Қазақстан 22 57 429 25 230 534,8 936 15 139,8 4 409 Павлодар 56 61 058 37 673 634,1 3 682 102 547,6 6 181 Солтүстік
Қазақстан 23 10 790 10 397 673,8 1 777 41 836,5 2 932 Шығыс Қазақстан 48 118 749 75 331 221,2 17 446 149 393,5 3 908 Астана қ. 87 239 136 59 847 384,9 12 954 851 268,5 15 402 Алматы қ. 690 336 836 89 13 153 620,8 24 890 15 082 262,7 115 532
Жоғарыдағы кесте көрсеткіштер, ең алдымен, туристік фирмалардың теңдік жағдайда үлестірілмей, олардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланғандығын байқатады (1-сур.).
1-сур. 2009 жылға Қазақстан аймақтары бойынша туристік фирмалардың үлестірілімі
Бұл қалада 690 туристік фирмалар қызмет атқарып, пайыздық қатынаста республика бойынша фирмалардың жалпы санынан 57,36 % құрайды. Саны бойынша Астана қаласы екінші орынды, ал үшінші орынды Қарағанды облысы иеленеді. Қарағанды облысының қалаларында 76 туристік фирмалар қызмет атқарып, республикалық мəнде 6,32 % құрап отыр.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
2-сур. 2009 жылға Қазақстан аймақтары бойынша орналастыру объектілерінің үлестірілімі
Жоғарыдағы сурет мəліметтерін талдай отырып, 2009 жылы орналастыру объектілерінің басым көпшілігі Алматы қаласында шоғырланғандығын байқауға болады. Бұл қалада 89 орналастыру объектілері қызмет атқарып, республика бойынша жалпы санының 17 % шамасын құрайды. Əрі қарай саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы орын алса, үшінші орында Қарағанды облысы тұрақтанған. Қарағанды облысының қалаларына 60 орналастыру объектілері сай келіп, жалпы республикалық көрсеткіштің 11 % құрайды. Аймақтар бойынша республикалық көрсеткіштен пайыздық қатынаста орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілердің саны төмендегі сызбада көрсетілген(3-сур.).
3-сур. 2009 жылға Қазақстан аймақтары бойынша орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілер санының үлестірілімі
Орналастыру объектілерінің саны бойынша облыстардың рейтингісіне қарамастан, республикалық көрсеткішке қатысты облыстардың салмақтық үлесі келесідей орналасқан: бірінші орында — Алматы қаласы (21 %), екінші орында — Атырау облысы (16 %), үшінші орында — Астана қаласы (15 %), төртінші орынды Маңғыстау жəне Шығыс Қазақстан облысы өзара бөліссе, ал Қарағанды облысы 6 % көрсеткішпен бесінші орынға тұрақтанған.
Төмендегі сызбада сатылған жолдамалар құны бойынша аймақтық айырмашылықтардың əртараптандырылуы көрсетілген (4-сур.).
Осы суреттегі мəліметтерді талдау нəтижесінде басым үлесті 68,22 % көрсеткішпен Алматы қаласы иемденсе, келесі кезекте Астана қаласы — 4,39 %, үшінші орында Қарағанды облысы 4,1 % көрсеткішпен сипатталған.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
4-сур. 2009 жылы сатылған жолдамалардың құны бойынша Қазақстан облыстары арасындағы үлестірілімі
Ішкі туризм бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілердің облыстардағы үлесі төмендегі сызбада көрсетілген (5-сур.).
5-сур. Ішкі туризм бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілердің саны, %
Жоғарыдағы сызба нəтижелерін талдай отырып, ішкі туризм бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны көрсеткішіне қатысты бірінші орын Ақмола облысына тиесілі (32 %), екінші көрсеткіште — Алматы қаласы (20 %), үшінші — ШҚО (14 %), төртіншіде — Астана қаласы (11 %), бесіншіде — Алматы облысы (8 %), алтыншыда — Қарағанды облысы (6 %) орналасқандығы айқындалады. Қарағанды облысында шығу туризмі (резиденттердің) бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілердің үлесі 6-шы суретте көрсетілген.
6-сур. Шығу туризмі бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілгендердің (резиденттер)
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Сызба мəліметтері бойынша елеулі үлесті Алматы қаласы иемденсе, екінші орында Астана қаласы, ал үшінші көрсеткіш — Маңғыстау облысына, төртінші орын Қарағанды облысына тиесілі екендігін байқаймыз.
Туристік нарықтың конъюнктурасын құрушы факторларды талдай отырып, Қарағанды облысы туризмінің дамуы бойынша республикада Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі төртінші орынды иемденеді.
Қарағанды облысы бойынша туризм саласының типтері бойынша дамуы жəне шығу туризмінің географиясы келесі сызбада көрсетілген (7-сур.). Жалпы сегментте елеулі үлесті шығу туризмі иемденіп, 60 % жуық көрсеткішті құрайды. Шығу туризміндегі демалушылардың негізгі ағымының бағдарлану пунктісі ретінде Түркия, Германия, БАƏ, Қытай, Тайланд мемлекеттері таңдалуда [5].
7-сур. 2009 жылғы Қарағанды облысы туризм типтері бойынша қызмет көрсетілген туристердің үлестірлімі
Жалпы республика бойынша туристік агенттіктердің шектен тыс көп болуы негізінен тек қана бір бағыт — шығу туризмін дамытуда. 1000 туристік компанияның тек 14,5 % келу туризмін ұйымдастырумен айналысуда, əрине, бұл жағдай еліміздің бюджетіне жағымсыз əсер етеді. Осымен бірге келуші туристердің басым бөлігінің Қазақстанға іс-сапармен келетіндігін атап өткен жөн.
Туристердің біздің мемлекетке келген мемлекеттік тиесілігі бойынша қарастырылған мемлекеттердің бастапқы бесеуі көп жағдайда іскерлік туризмге қатысты болса, ал Қырғызстанға қатысты көп жағдайда жұмыс іздеп келушілердің санының артуымен байланыстырамыз (8-сур.) [6].
0 500 1000 1500 2000 2500 3000 3500 4000 4500
Австралия Ұлыбритания Греция Израиль Испания Қытай Куба Малайзия БАƏ АҚШ Түркия Франция Чили Шри-Ланка Қырғызстан
8-сур. 2009 жылы Қарағанды облысында қызмет көрсетілген туристердің елдері бойынша үлестірілімі
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Қарағанды облысындағы келу туризмін құраушы қызмет көрсетілген туристердің келген мемлекеттердің арасында алғашқы нəтижелілікті Түркия мемлекеті құраса, ал екінші көрсеткішті — Германия, үшінші көрсеткішті — БАƏ, келесі кезекті — Қытай, ал бесінші жəне алтыншы орындарды Тайланд, Қырғызстан құрауда.
Қарағанды облысы бойынша ішкі туризм жалпы туризмнен түсетін барлық табыстың 3 % құрайды. Салыстыру үшін қарастыратын болсақ, дамыған елдердегі осыған ұқсас көрсеткіш 50 % дейінгі көрсеткішті қамтамасыз етуде. Елімізде осы мəселені шешу үшін шетелдік саяхаттарды ұйымдастырушы туроператорларды өз қызметтері табысынан ҚҚС төлеуді міндеттейтін Салық кодексіне өзгерістер енгізілген болатын. Осы іс-шарасыз шығу туризмін ұйымдастырушылар пайызы, мүмкін оданда жоғары болар ма еді.
Төмендегі сызбада Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласының инфрақұрылымы көрсетілген (2-кесте) [4].
2 -к е с т е 2010 жылдың 1-ші қаңтарына Қарағанды облысының туристік инфрақұрылымы
Кəсіпорын саны, бірлік Құрылымы, %
оның ішінде оның ішінде
Атаулары
барлығы
тур- фирма
туристік қызметпен
айналысу- шы ЖК
орналас- тыру объекті-
лері
келушілерді орналастыру
мен айналысатын
ЖК
барлығы
тур- фирма
туристік қызметпен айналысу-
шы ЖК
орналас- тыру объекті-
лері
келушілерді орналастыру
мен айналысатын
ЖК
Қарағанды облысы 203 76 7 60 60 100 37,4 3,4 29,6 29,6
Қарағанды қ. 115 61 6 25 23 100 53,0 5,2 21,7 20,0
Балқаш қ. 15 1 - 4 10 100 6,7 26,7 66,7
Жезқазған қ. 11 3 1 6 1 100 27,3 9,1 54,5 9,1
Приозерск қ. 2 - - - 2 100 100,0
Сəтпаев қ. 3 - - 3 - 100 100,0
Теміртау қ. 31 11 - 10 10 100 35,5 32,3 32,3
Ақтоғай ауданы 5 - - 4 1 100 80,0 20,0
Бұқаржырау ауданы 5 - - 3 2 100 60,0 40,0
Абай ауданы 1 - - - 1 100 100,0
Жаңаарқа ауданы 4 - - 1 3 100 25,0 75,0
Қарқаралы ауданы 5 - - 3 2 100 60,0 40,0
Нұра ауданы 1 - - - 1 100 100,0
Осакаровка ауданы 4 - - 1 3 100 25,0 75,0
Шет ауданы 1 - - - 1 100 100,0
Кестеден көріп отырғанымыздай, осы сала құрылымында ең көп үлесті — 37,4 % көрсеткішпен туристік фирмалар қамтыған. Қарағанды облысында туроператорлық, турагенттік қызметтерді жəне туризм инструкторы қызметін іске асыруға лицензияларды иемденуші 76 туристік фирмалар мен агенттіктер бар. Олардың барлығы облыстың төрт қаласында шоғырланғандығын атап өткен жөн:
Қарағанды қаласында — 61, Балқашта — 1, Жезқазғанда — 3, Теміртау қаласында 11 туристік фирмалар орналасқан.
Туристік құрылым — 29,6 % көрсеткіште орналастыру объектілерін қамтыған жəне де оларға қонақ үйлер, демалу үйлері, пансионаттар, тағы басқа келушілердің жатын орынын, оларға қызмет көрсететін басқа да ғимараттар мен құрылғыларды жатқызамыз. Осылардың қатарына келесілерді енгіземіз: «АрселорМиттал» АҚ-на қарасты «Шахтер» демалу үйі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы-орман оазисы), «АрселорМиттал» АҚ-на қарасты «Жартас» санаторийы (Абай ауданы, Жартас кенті), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не қарасты «Сосновый бор» демалу үйі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы-орман оазисы), «Тасбұлақ» таулық отелі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы- орман оазисы), «Бүркітші» аңшылық үйі (Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы), тау-шаңғылық кешені (Теміртау қаласы, Гагаринское ауылы) жəне т.б.
Қонақ үйлік инфрақұрылымға келесілерді жатқызамыз: «Космонавт», «Достар Əлемі»,
Ре по зи то ри й Ка рГ У
«Тұлпар», «Металлург», «Байқоңыр», «Бизнес-Центр», «Азия», «Бота», «Спутник», «Теміртау»,
«Жасмин», КПИт ПО «БГМК», «Жемчужина», «Досжан», «Альпина Treastars», «Балқаш» жəне т.б.
Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласы инфрақұрылымының төрттен астам бөлігін (33 %) туристік қызметпен айналысушы жəне де келушілерді, туристерді орналастырушы қызметтерімен айналысатын жеке кəсіпкерлер қамтиды.
Қарағанды облысы бойынша туристік қызметтерді қаржыландыру көлемі 2010 жылы 4769 мың теңгені құраған. Туристік саланың 2010 жылға бюджеті 4769 мың теңгені құрай отырып, 2011 жылы 8 % индексациясымен 5126 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр.
Аймақтағы экологиялық туризм 6 экологиялық маршруттардың əзірленуіндегі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағымен сипатталынады. Қарағанды облысында туризм түрлері бойынша қалаулысы болып танымдық, емдік жəне спорттық саналады.
Сонымен қатар облыста 2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың тамызы аралағында
«Экологиялық туризм жəне Орталық Қазақстандағы қоғамдық хабардар болушылық» (ETPACK) жобасы іске асырылды. Бұл жоба «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚҰ-ның
«Табиғатты жəне жан-жақтылықты қорғау Немістік одағымен» (NABU) ынтымақтаса отырып атқарылды.
Жоғарыдағы қарастырылған мəліметтерді жинақтап, талдау нəтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады:
туризм құрылымында басым үлесті — 37,4 % көрсеткішімен туристік фирмалар жəне де 29,6 % көрсеткіште орналастыру объектілері қамтиды;
Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласы инфрақұрылымында төрттен астам бөлігін (33 %) туристік қызметпен айналысушы жəне келушілерді, туристерді орналастыру қызметтерімен айналысатын жеке кəсіпкерлер қамтиды;
2009 жылы Қарағанды облысы туристік-рекреациондық сала объектілерімен 2311,5 млн.
теңгеге қызметтер көрсетілген. Осымен бірге туризм саласындағы кəсіпорындар санындағы айырмашылықтарға қарамастан, талдаулар көрсетілетін барлық қызметтердің 75 % орналастыру объектілерінің үлесіне тиесілі болып табылады. Туристік фирмалармен тек 139,7 млн. теңге сомасы көлемінде қызметтер көрсетілген жəне де олардың үлесі 6 % құрайды;
2009 жылы Қарағанды облысы туристік-рекреациондық саласымен 247889 адамға,
орналастыру объектілерімен олардың 90332-не қызмет көрсетілген, 13704 адам туристік фирмаларға сұраныс білдірген, жеке кəсіпкерлермен 143 мың адамнан астамына қызмет көрсетілген;
Қарағанды облысының ішкі туризм үлесіне 88,0 % қызмет көрсетілген туристер сай келген, олардың 7,8 % келу туризмін жəне де 4,2 % шығу туризмін қамтыған;
Қарағанды облысында туризм түрлері бойынша тұтынушылардың қалайтындарына танымдық, емдік жəне спорттықты жатқызамыз;
туристердің 70 % жуығы саяхат жасаудың іскерлік мақсатын көздеген жəне де туристердің 30 % жуығы Қарағанды облысына демалу мақсатында келетіндерін білдірген;
облыс көлемінде туристік бизнестің дамуына тежеу болатын жалпы қызмет көрсету сапасының төменділігі, əсіресе шағын қалалар мен облыс аудандарында ол айқын байқалуда.
Əдебиеттер тізімі
1. Драчева Е.Л. Экономика и организация туризма. Международный туризм. — М.: Кнорус, 2005. — 576 с.
2. Малахова Н.Н., Ушакова Д.С. Инновации в туризме и сервисе. — М.: ИКЦ «МарТ», 2008. — 224 с.
3. Всемирная туристская организация — UNWTO // www.unwto.org.
4. 2005–2009 жылдарға Қазақстан туризмі: Стат. жин. // www.stat.kz
5. Статистика туризма — Агентство Республики Казахстан по статистике // www.stat.kz/trening
6. «Мастер-план развития туризма в Карагандинской области на 2011–2015 годы // www.vizitkazakhstan.kz