• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚАБАНБАЕВА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҒАРЫШ МОНОГРАФИЯ Қазақстан Республикасы Алматы 2016 УДК 349.6 (2)ББК 67.407 Қ13 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің Ғылыми кеңесімен мақұлданған 30 наурыз, №7 хаттама

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ҚАБАНБАЕВА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҒАРЫШ МОНОГРАФИЯ Қазақстан Республикасы Алматы 2016 УДК 349.6 (2)ББК 67.407 Қ13 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің Ғылыми кеңесімен мақұлданған 30 наурыз, №7 хаттама"

Copied!
87
0
0

Толық мәтін

(1)

Г.Б. ҚАБАНБАЕВА

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҒАРЫШ МОНОГРАФИЯ

Қазақстан Республикасы Алматы 2016

УДК 349.6

(2)

ББК 67.407 Қ13

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің Ғылыми кеңесімен мақұлданған 30 наурыз, №7 хаттама.

Рецензенттер:

Заң ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Жатқанбаева Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т. Айгаринова Қабанбаева Г.Б.

Экологиялық қауіпсіздік және ғарыш: Монография. - Алматы, 2016 ISBN 978-601-04-0377-2

Монографияда қазіргі таңдағы халықаралық ғарыш құқығының және халықаралық экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі туралы құқықтық сұрақтар жан - жақты қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың мазмұны зерртелген. Бұл еңбекте қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың қағидалары, сонымен қатар ғарыштық қызмет барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін ластану мен жағымсыз салдар үшін жауаптылық мәселесі зерттелген. Ғылыми еңбекте «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсері, оның салдары, сонымен қатар келтірілген зиянның орнын толтыру мәселелері қарастырылған.

Жүргізілген зерттеу негізінде теориялық тұжырымдар мен ағымдағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленген.

УДК 349.6 ББК 67.407

ISBN 978-601-04-0377-2 © Қабанбаева Г.Б.,2016

(3)
(4)

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар мен белгілер 4

Кіріспе 5

1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық – құқықтық қорғау

мәселесін жалпы құқықтық талдау... 12 1.1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

халықаралық – құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері.... 12 1.2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

халықаралық – құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері... 32 1.3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

халықаралық – құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеудің

құқықтық сипаттамасы... 47 2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

халықаралық – құқықтық қорғаудың қағидалары және олардың

нормативтік мазмұны... 61 2.1 Ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны

қорғау қағидасының мазмұны және оның ықтимал зиянды

салдарының алдын алу ережесін талдау... 61 2.2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қорғау

саласындағы халықаралық әріптестіктің негізгі қырлары және осы саладағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу

қағидасының маңызы... 69 2.3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

халықаралық – құқықтық қорғаудың обьектісін анықтау мәселесі.. 88 3 Ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған орта

мен ғарыштық кеңістіктің өзіне келтірілетін ластану мен

жағымсыз салдар үшін жауаптылық... 90 3.1 Қоршаған ортаны ластағаны үшін жауаптылық –

халықаралық – құқықтық негізгі мәселе... 90 3.2 Ғарыш обьектілерімен ғарыш кеңістігінің өзіне және қоршаған

ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін халықаралық

материалдық жауаптылық... 95 3.3 Ғарыштық қызметтен болатын ластану мен жағымсыз салдар

үшін халықаралық үкіметаралық ұйымдарға

тағайындалатын жауаптылықтың маңызды қырлары... 101 Қорытынды... 107 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі... 113

(5)

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

БҰҰ Біріккен ұлттар ұйымы

КСРО Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚР Қазақстан Республикасы

ЗҒҚ Зымыран-ғарыштық қызмет

ЗТ ББ Зымыран тасығыштардың бөлінетін бөлшектері ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

АҚШ Америка Құрама Штаттары

NASA АҚШ–тың Ғарыш кеңістігін зерттеу мен аэронавтика бойынша ұлттық басқармасы

ФҒА Федералдық ғарыш агенттігі

ҰҒА Ұлттық Ғарыш Агенттігі

ФҒБ Федералдық Ғарыш Бағдарламасы

РФ Ресей Федерациясы

ЗҒҚ ЭҚ Зымыран-ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі МЭС Мемлекеттік экологиялық сараптама

ЗҒТ Зымыран-ғарыштық техника

ЖЖС Жердің жасанды серігі

ЕҒА Еуропалық ғарыш агенттігі

ҚР ЭК Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі ИНМАРСАТ Теңіздік спутниктік байланыс бойынша халықаралық

ұйым

ИНТЕЛСАТ Халықаралық байланыс ұйымы

АРАБСАТ Ғарыштық байланыс бойынша араб елдерінің Корпорациясы

ХҒС Халықаралық Ғарыш Станциясы

ЖҚЗ Жерді қашықтықтан зоналау

РФ СК Ресей Федерациясының Су Кодексі

SSN Ғарыштық Бақылау Жүйесі

ҚХР Қытай Халық Республикасы

МАГАТЭ Атомдық қуат бойынша халықаралық агенттігі ЮНЕП БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша

Бағдарламасы

(6)

КІРІСПЕ

Бұл ғылыми еңбекте қазіргі таңдағы халықаралық ғарыш құқығының және халықаралық экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі туралы құқықтық сұрақтар жан - жақты қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың мазмұны зерртелген. Бұл еңбекте қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың қағидалары, сонымен қатар ғарыштық қызмет барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін ластану мен жағымсыз салдар үшін жауаптылық мәселесі зерттелген.

Ғарыштық қызмет - ғылым мен адамзат техникасындағы тарихи серпіліс ретінде 21-ші ғасырдың адамзатына, оның өмірінің барлық бағыттарына өте үлкен ықпал етуде. Адамзаттың ғылыми - техникалық дамуы мен қоршаған ортаны қорғауы арасындағы қақтығыс пен қарама - қайшылықтар күннен күнге өзекті мәселеге айналуы баршамызға аян. Егер де қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткен алғашқы уақыттағы ғылыми - техникалық төңкеріс біршама шектелген болса, онда ғарыш дәуіріндегі ғылыми - техникалық төңкерістің әсері шексіз бола бермек деген ойдамыз. Ғарышты игеру болашақта адамзат өмірін жақсартуға жағдай тудырады дегенмен де, сонымен қатар ол қазіргі адамзаттың өмір сүру ортасы жерге зиян келтіріп қана қоймай, онымен қоса жердің айналасындағы кеңістікке де қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен, ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны ластау мен жағымсыз салдардың туындауынан қорғау мәселесі Жердің және оны қоршаған атмосфераның ғарыш кеңістігіне де тарайды. Осыған орай, қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің аумағына ғарыш кеңістігі де кіреді, сәйкесінше Жерді, әуе кеңістігін және ғарыш кеңістігін қамтиды.

Сондықтан да, осы ғылыми еңбек адамзаттың тағдырына ықпалы бар, бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі - ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне арналған.

Монографияда қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығы, өз отанымыздың жерінде әлемдегі ең ірі космодромдардың бірі «Байқоңырдың»

орналасуымен арта түседі. Себебі, «Байқоңыр» ғарыш кешенінінің қызмет етуінің экологиялық қауіпсіздігі туралы мәселе біздің еліміз үшін бүгінгі таңда шешімін табуы (оның ішінде, құқықтық шешімі) тиіс алдыңғы қатарлы сұрақтардың бірі. Біздің білуімізше, қазіргі күнде зымыран - ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы обьективті мәліметтер жоқ, әрине, Байқоңыр ғарыш кешенінің, оның маңындағы тұрғындарға және қоршаған ортаға өте үлкен әсері бар.

Қазіргі таңда Қазақстанда экологияға деген көзқарас үлкен маңызға ие, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының 31 - ші бабында былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» [1].

Еліміз тәуелсіздікке қолжеткізгеннен кейін, оның алдында бірқатар экологиялық мәселелер тұрды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

(7)

Назарбаев «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлгені бекер емес болса керек. «Қазақстан 2030 - шы жылға қарай таза ауасы мен мөлдір суы бар, таза және жасыл ел болуы міндетті. Өндірістік қалдықтар мен радиация ендігі кезекте біздің үйлеріміз бен бақшаларымызға өтпейтін болады. Біздің балаларымыз бен біздің балаларымыздың балалары қолайлы қоршаған орта жағдайында толыққанды өмір сүреді» [2]. Еліміздің алдында тұрған экологиялық мәселелерді шешу үшін

26 халықаралық экологиялық конвенциялар ратификацияланды, олардың басты

мақсаты – қоршаған ортаны қорғау. Өз мәселесін жалғыз болып шешу еш бір бақуатты мемлекеттердің де қолынан келмейтін іс екендігін түсінетін кез келді.

Әлемдік қауымдастық белсенді түрде мамандандырылған ұйымдардың көмегіне жүгінуді, сонымен қатар әмбебап және аумақтық конвенцияларға қол қоя бастады.

Бүгінгі таңда, адамзаттың ғарыш айлағындағы қызметі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көңіл бөлуі кездейсоқ емес.

Ғылыми – техникалық серпіліс адамзаттың ғарышты зерттеуі мен пайдалануының әрі шарты, әрі салдары болатын ғарыш өндірісі мен ғарыш қызметінің белсенді дамуын, адамның ғарыштық қызметі барысында табиғатқа әсер етуін күрт күшейтіп қана қоймай, ғарышты игеру кезіндегі ықпал етудің ауқымын айтарлықтай кеңейтті.

Жердегі табиғи ресурстарды интенсивті пайдалану, жер, әуе және жерден тыс ортаны ластау, шикізат пен энергияның жаңа қайнар көздеріне деген қажеттіліктің өсуі адамзатты үлкен тоқыраудың алдына әкеліп тіреді.

Сондықтан да, адамзаттың ғарышты игеруі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау және жер мен одан тыс табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану міндеті жаһандық сипаттағы мәселеге айналып отыр, қазіргі халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі шешілуі тиіс негізгі міндет болып табылады.

Адамзаттың ғарыштық қызметі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі біртіндеп халықаралық қауымдастықтың көңілін аулап отыр, сонымен қатар ол халықаралық ғарыш құқығының ең маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Халықаралық қауымдастық ғарышты және қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық шараларды түрлі мемлекеттер арасындағы ең ауқымды және жан - жақты халықаралық әріптестікпен барабар етеді және сәйкестендіреді. Мемлекеттердің әріптестігі қазіргі халықаралық құқықтың және халықаралық ғарыш құқығының ең маңызды қағидаларының біріне айналуда, сонымен қатар ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты ең маңызды халықаралық шаралар - Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның арнайы ұйымдарының бастамасымен болатыны белгілі.

Халықаралық ғарыш құқығы - ғарыш пен қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды негізгі реттеуші құрал болып табылады. Ол мемлекеттердің ғарыштағы қызметі

(8)

барысындағы, оларға тиесілі табиғат қорғау режимін анықтауда шешуші рөл атқарады. Ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғаудың қалыптасуы халықаралық ғарыш құқығының прогрессивті дамуының жалпы процессінің ағынымен қатар болып отыр.

Сондықтан да, осы саладағы халықаралық - құқықтық реттеу сөзсіз төменде келтірілгендей әмбебап халықаралық келісімдердің ықпалымен қалыптасуда:

 1963 жылғы «Әуеде, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық

қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы Мәскеу Шарты»;

 1967 жылғы «Ғарыш кеңістігін, Ай мен аспан денелерін зерттеу мен

пайдалану барысындағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт»;

 1972 жылғы «Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық

жауаптылық туралы Конвенция»;

 1979 жылғы «Айда және басқа да аспан денелерінде мемлекеттердің

қызметі туралы Келісім» және тағы басқалары.

Осы аталған барлық халықаралық - құқықтық актілер адамзаттың ғарышты игеруі, яғни ғарыштық қызметті жүзеге асыруы барысындағы маңызды табиғат қорғау ережелерін қамтиды, сонымен бірге жер, әуе және ғарыш кеңістігін сауықтыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластаудың алдын алуға, табиғи ресурстарды және тұтастай табиғи кешендерді қорғау мен ұтымды пайдалануға бағытталған көпжақты және екіжақты халықаралық шарттардың саны үнемі ұлғаюда.

Адамзаттың ғарышты игеру процессі барысындағы ғарыш пен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық-құқықтық реттеу жүйесінде қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ - ның рөлі ұлғаюда және ерекше болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы - әлемдік сипаты бар, ең өкілді халықаралық ұйым, кез-келген жаhандық сипаты бар мәселелерді шешу үшін, мемлекеттер әріптестігін ыңғайластыру үшін ең тиімді институционалдық негіз болып табылады, соның ішінде, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне де қатысты.

Сонымен қатар, БҰҰ көпжақты келісім сөздерді жүргізудің дайын құралы, әрі өзара тиімді шешімге келудің құралы, ең бастысы жалпы халықаралық құқық пен халықаралық ғарыш құқығын кодификациялаудың және прогрессивті дамуының дайын құралы ретінде.

Ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды реттеуге байланысты жұмыс көлемінің ұлғаюына орай, ғарыш қызметіне байланысты жаңа халықаралық ұйымды құру қажет болып отыр.

Бұл ұйым халықаралық құқықтың субьектісі ретінде ғарыш және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеуде оператордың рөлін атқарады, кем дегенде БҰҰ - ның ғарыш жөніндегі комитеті мен түрлі арнайы және жергілікті ұйымдардың орынына, мысалы, ақпараттық, кеңестік, бақылау сияқты бірқатар функцияларды атқарады, тіпті дауларды шешуші және реттеуші және арбитр ретінде қызмет ету функциясын және тағы да басқасын көздейді.

(9)

Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеуді теориялық зерттеу барысында ғарышты игеру кезіндегі ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаға келтірілген зиян мен жағымсыз салдар үшін жауаптылықты зерттеу маңызды орын алады. Аталған зерттеудің мәні мен оның қорытындылары ғарыш құқығының жүйесін толықтырып қана қоймай, нақты құқықтық процедураларға құқықтық негіз беруінде. Зерттеу барысында төмендегідей сұрақтар міндетті түрде қарастырылады, ол жауапкершіліктің субьектілері, олардың ерекше сипаттары және тағы да басқа.

Көріп отырғанымыздай, ілгеріде аталғандардың барлығы ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық- құқықтық реттеу мәселесіне тұтастай арналған монографиялық жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Монографиямен жұмыс барысында халықаралық құқық доктринасының кеңестік және ресейлік өкілдерінің жалпытеориялық және арнайы еңбектері үлкен көмек көрсетті. Олар: Г.И. Тункин, Э.Г. Василевская, В.А. Василенко, В.С. Верещетина, Г.П. Жукова, А.И. Иойрыш, Б.М. Клименко, Ф.М.

Кожевников, А.Л. Колодкин, Ю.М. Колосов, Е.А. Коровин, С.Б. Крылов, П.М.

Курис, М.И. Лазарев, Д.Б. Левин, И.И. Лукашук, С.А. Малинин, А.П. Мовчан, С.В. Молодцов, Е.С. Молодцова, А.С. Пирадов, А.А. Рубанов, А.И. Рудев, Д.И.

Фельдман, Л.Н. Шестаков, Е.А. Шибаева, В.Г. Эмина және басқалары.

Автор қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласының мамандары С.В. Виноградовтың, Р.К. Гусевтың, Р.В. Деканозованың, В.Г. Жураховтың, Н.С. Иванченконың, О.С. Колбасовтың, И.И. Котряловтың, В.В. Петровтың, В.И. Севастьяновтың, А.С. Тимошенконың, А.Д. Урсуланың, В.А. Чичвариннің, Ю.А. Школенконың және басқаларының еңбектерін қолданды.

Сонымен қатар, батыс елдерінің ғалымдары: l. Brownlie, G.

Schwarzenberger, N.L. Johnson, D.J. Kessler, B.G. Cour-Palais, P. Eichler, D. Rex, J.E. Fawcett, M.D. Forkosch, W.C. Jeaks, C.W. Jenks, A.E. Boyle және басқалары.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау зерттеулерінің басты мақсаты болып табылатын келесідей қазақстандақ ғалымдардың еңбектері:

Б.Ж. Абдраимов, Д.Л. Байдельдинов, Л.К. Еркинбаева, Н.С. Баимбетов, С.Т.

Культелеев, Т.К. Ерджанов, М.А. Сарсембаев, С.Ж. Сулейменова және басқалары қолданылды.

Зерттеудің нормативтік негізі ретінде ғарыш құқығы саласындағы көптеген халықаралық келісімдер; адамзатты қоршаған ортаны қорғау бойынша Стокгольм конференциясы мен БҰҰ - ның көптеген халықаралық келісімдері зерттеудің нормативтік базасы ретінде қолданылды; БҰҰ - ның басты және қосымша органдарының құжаттары;

Ғылыми ойдың әр түрлі бағыттарда дамығанына қарамастан, отандық әдебиетте ғарыш айлағындағы қызметтен қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселесін осы күнге дейін арнайы, кешенді түрде зерттеген зерттеулер, еңбектер жоқ.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Монографияның мақсаты болып халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан

(10)

қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарын кешенді қарастыру және осы саладағы қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің теориялық жүйесін талдау танылады.

Осыларды ескере отырып, автор келесідей міндеттерді алдына қойды:

 зерттеу негізінде ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарының анықтамасын беру және оның мазмұнын ашу;

 ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудегі арнайы қағидаларды анықтау және жүйелеу негізінде мазмұнын ашу, қалыптасу барысын көрсету;

 ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

 ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын, құқықтық жағдайын, құрылымын және құзіретін анықтау;

Зерттеу нысаны болып ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғауға байланысты қоғамдық қатынастардың кешені танылады.

Зерттеудің пәні болып халықаралық құжаттардағы ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ережелердің, қағидалардың жүзеге асырылуының құқықтық механизмі.

Монографияның ғылыми жаңалығы төмендегідей. Ұсынылып отырған монографиялық жұмыс ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу бойынша ең алғашқы кешенді зерттеу болып табылады.

Алғаш рет ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға келтіретін жағымды және жағымсыз салдарының әсері құқықтық тұрғыдан зерттеліп қарастырылған. Осы жерде алғаш рет ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары ұғымына анықтама берілген. Бұл еңбектің басқа да зерттеулерден ерекшелігі, оның қоршаған ортаны қорғау мәселесінде тек философиялық көз қараспен шектелмейтіндігі.

Алғаш рет ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты, құқықтық жағдайы, құрылымы және құзіреті зерттелген және анықталған.

Алғаш рет қоршаған ортаны ғарыш айлағындағы қызметтен қорғаудың қалыптасып жатқан және қазіргі қағидаларын жүйеге келтіруге талпыныс жасалған, олардың қалыптасу процесін көрсету және осы процесстегі БҰҰ органдарының резолюциялары мен шешімдерінің маңыздылығы көрсетіліп, аталған қағидалардың құқықтық мазмұны анықталған.

Алғаш рет ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық және ұлттық заңнаманы жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар жасалған. «Байқоңыр» ғарыш кешенінің қызметінің экологиялық қауіпсіздігін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми қырынан зерттелген.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдайды:

(11)

1. Монография тақырыбы төңірегінде зерттеу жүргізу нәтижесінде және түрлі халықаралық құжаттарды талдай отырып автор келесідей ұғымның анықтамасын беруге тырысты: «ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары дегеніміз ғарыштық қызметтің жүзеге асырылуы барысында қоршаған ортаны улы және басқа да зиянды заттар мен материалдарды жасанды түрде енгізу арқылы ластау, сонымен қатар қоршаған ортаның табиғи түрде өзін өзі қалпына келтіруіне және тазалануына байланысты қабілеттілігінен асып түсетін, өте үлкен көлемде жылуды бөлу, сонымен қатар тірі табиғаттың өлуіне алып келетін және адамның денсаулығы мен әл ахуалына зиян келтіретін кез келген ғарыштық іс әрекетті айтамыз».

2. Бүгінгі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мемлекеттердің ғарыштық қызметі барысында туындайтын қатынастарын реттейді. Осымен қатар, бүгінгі таңда халықаралық ғарыш құқығында мемлекеттердің ғарыштық қызметінің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғаудың арнайы қағидалары қалыптасқан. Дамудың қазіргі кезеңінде олардың қатарына келесілерді жатқызамыз: а) ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан адамзаттың өмір сүру кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидасы; ә) ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріндегі тәжірибелердің ықтимал зиянды салдарының алдын алу қағидасы; б) қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қорғау саласындағы халықаралық әріптестік қағидасы; в) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасы және т.б.

3. Ғарыштық қызметті реттеуге байланысты құқықтық нормалардың қалыптасу және даму процесстері, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ғарыштық қызмет саласындағы заңнамасының түрлі деңгейдегі бірқатар нормативтік – құқықтық актілерден тұратындығына алып келді, олардың көпшілігінің тікелей ғарыштық қызметке қатысы жоқ. Дамыған ұлттық заңнаманың жоқтығы көптеген халықаралық ғарыш құқығының ережелерінің тек декларативтік сипатта болатындығына себепкер болып отыр. Біздің білуімізше, олардың тиімді жүзеге асырылуы, халықаралық ғарыш құқығының ережелерін дамытатын және олар үшін мемлекеттердің заңи жауаптылығын бекітетін нормаларды, мемлекеттер тарапынан нақты қабылдануы жолымен ғана шешілуі мүмкін. Осыған орай, Қазақстан Республикасында «Ғарыштық қызмет туралы» Заңның жобасын дайындап оны қабылдайтын қажеттілік туындап отыр. «Ғарыштық қызмет туралы» Заң ғарыштық қызметті жан - жақты реттеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды.

4. Ғарыш кеңістігінде мемлекеттердің оны зерттеу мен пайдалануға байланысты қызметінің көлемінің ұлғаюына байланысты халықаралық ұйымдардың рөлі артуда. Сонымен қатар, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаның ластануының алдын алу жолында мемлекеттер тарапынан қоршаған ортаны ластауға байланысты тыйым салатын нормалардың тиісті деңгейде орындалуына бақылау жасаудың маңызы үлкен.

Осы себепті, ғарыштық қызмет саласында халықаралық әріптестікті дамыту мақсатында, ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық ұйым құру қажет.

(12)

Осыған орай, ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйым құру ұсынылады. Бұл ұйымды құру қазіргі уақытта ғарыштық қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырмайтын) мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметін реттеуші және олар үшін орталықтандырылған бақылау қызметін, ақпарат орталығы, кеңесу орталығы болып табылады. Сонымен қатар, аталған ұйым ғарыштық қызмет салдарынан туындайтын қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық құқық субьектілері арасында туындайтын халықаралық дауларды шешу құзіреттілігіне ие болуы тиіс. Ғарыш кеңістігін игеру процесінің қазіргі уақытта қарқынды дамуы кезеңінде ілгеріде аталған ұйымды құру барлық мемлекеттердің ортақ мүддесін қорғау сияқты обьективті қажеттілік негізінен туындап отыр

Зерттеудің әдістемелік негізін салыстырмалы – құқықтық әдіс, формальді логика әдісі, жүйелеу құрылымдық талдау әдісі, ғылыми абстракция, салыстыру мен ұқсастық, құқықтық процесстердің дамуы барысындағы обьективті мен субьективтінің бірлігі, сараптамалық бағалау, зерттеу құжаттары мен материалдарын контент-талдау мен зерттеу әдістері.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен арадағы халықаралық келісімдер мен шарттар, халықаралық және ұлттық заңнама, нормативтік құжаттар, мемлекеттік статистика органдарының тәжірибелік материалдары, БҰҰ арнайы органдарының құжаттары, мерзімді баспа және басқалары пайдаланылды.

Монография тақырыбын өңдеу барысында автор отандық, ресейлік және де батыстық халықаралық құқық доктриналарының және халықаралық ғарыш құқығы саласындағы ғалымдардың теориялық ережелері мен негізгі қорытындыларына арқа сүйеді.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәні төмендегідей, яғни ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау сұрақтарын зерттеу БҰҰ – ның құқықшығармашылық және құқыққолданушылық қызметінің тиімділігін көтеру және жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты болашақ халықаралық ұйымның, болашақтағы орны мен рөлін көрсетеді.

Бұл зерттеуден туындайтын қорытындылар, мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың нақты жағдайлар бойынша тиісті нормалар мен ережелер дайындауы барысында қажет болуы мүмкін.

Монография материалдары халықаралық ғарыш құқығы және халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқықтарынан арнайы курстар оқу үшін, сонымен қатар ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны қорғауға байланысты сұрақтарды теориялық өңдеу, ғылыми мәселелерді ары қарай зерттеу үшін қолданылуы мүмкін.

Бұл монографиялық зерттеудің негізгі ережелері басылып шағарылған ғылыми мақалаларда көрініс тапты және халықаралық ғылыми, тәжірибелік конференцияларда талқыланды.

(13)

1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ

МӘСЕЛЕСІН ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері

Халықаралық ғарыш құқығы жалпы халықаралық құқық негізделетін қайнар көздерден басқа қайнар көздерге ие бола алмайды. Мемлекеттермен ерікті түрде жасалған халықаралық шарт - халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл тарихи заңдылық халықаралық ғарыш құқығында да міндетті түрде сақталады.

Халықаралық - құқықтық әдет керісінше, мемлекеттердің ғарыштық қызметінің реттеушісі болатындай, оншалықты уақыт әрекет еткен жоқ, қазіргі кезде ол халықаралық ғарыш құқығының тек ықтимал, оның ішінде тек қосымша ғана қайнар көзі болып табылады. Ғарыш кеңістігін игеруге байланысты мемлекеттердің қызметін ретке келтіруге бағытталған, халықаралық шарттар мен келісімдерді өңдеу мен жасасу аясындағы халықаралық ұйымдардың рөлі айтарлықтай күшейді, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнайы мекемелерінің қызметі барысында.

Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады, сол себепті оның қайнар көздері жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздерімен ұқсас бірдей болып келеді. Халықаралық соттың Статутының 38 - ші бабы анықтайтындай, нақты дауды халықаралық құқық негізінде шешуі тиіс Сот төмендегілерді қолданады немесе қолдануға құқылы:

а) дауласушы мемлекеттермен толық мойындалған, жалпы және арнайы ережелер бекітетін – халықаралық конвенциялар;

б) жалпығаортақ тәжірибемен дәлелденген, құқықтық норма ретінде танылған халықаралық әдет - ғұрып;

в) өркениетті ұлттармен мойындалған, құқықтың ортақ қағидалары;

г) 59-шы бапта көрсетілген ережені ескере отырып, құқықтық нормаларды анықтаудың қосымша құралы ретінде түрлі ұлттардың жария құқық бойынша неғұрлым мамандандырылған мамандарының доктриналары мен сот шешімдері [3].

Халықаралық Соттың статутының ілгеріде аталған бабы, Халықаралық Соттың істерді қарау процессі барысында қолданылуы тиіс нормаларды анықтайды. Көптеген халықаралық құқықтың өкілдері осы нормалар жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздеріне сәйкес келеді деп санайды [4].

Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың бөлінбейтін бөлшегі ретінде БҰҰ - ның Халықаралық Сотының статутының 38 - ші бабында көрсетілгендей қайнар көздерге ие болады.

Халықаралық шарт. Халықаралық шарт пен әдет халықаралық құқықтың қайнар көздері арасындағы халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі болып табылады [5]. Халықаралық құқықтың басқа да классикалық салаларымен салыстырғанда халықаралық ғарыш құқығының айырмашылығы ол оның

(14)

негізгі қайнар көзі ретінде халықаралық әдет емес халықаралық шарттың танылатындығында.

Халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы әсіресе ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеу процессі барысында басты рөлді халықаралық шарт атқаруы тиіс [6].

Біріншіден, ғарыш дәуіріне енудің өзі ғарышты игеру процесі барысында көптеген халықаралық-құқықтық сұрақтарды туындатты. Өзара қарым- қатынастарды реттеу үшін тиісті мемлекеттер аз уақыт ішінде көптеген бірқатар маңызды шарттарды жасасты, осы шарттар ғарыш құқығының негізгі мазмұнын құрады, соның ішінде ғарышты игеру барысында ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқытық реттеуге байланысты. КСРО - дағы ең алғаш жасанды жер серігін ұшырған 40 жыл ішінде ғарыш техникасының дамып кеткендігі соншалық, тиісті мемлекеттер ғарыш құқығының нормаларын, соның ішінде ғарышты игеру процесі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты нормаларды, тек қана халықаралық шарттар жасасу жолымен қалыптастырады, халықаралық әдет арқылы емес, бұл халықаралық тәжірибеге қойылатын негізгі үш талаптың бірімен байланысты, нақтырақ айтсақ оның қолданылу ұзақтылығы, мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің техникалық қамсыздандырылуының жылдам өзгеруі, тез арада құқықтық рәсімделуді де талап етеді.

Екіншіден, ғарышты зерттеу мен пайдалану процесі барысында туындайтын түрлі ғылыми - техникалық сұрақтар мен глобальді экологиялық мәселелерге нақты және арнайы сипат тән, бұл жағдай жан - жақты және нақты анықталған жүріс - тұрыс ережесін қажет етеді. Соңғысына айтарлықтай дәрежеде қол жеткізу халықаралық шарт жасасу арқылы жүзеге асырылмақ, онда оған қатысушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталады. Ал, халықаралық әдетке қатысты айтарымыз, онда жүріс - тұрыстың нақты, анық ережелері емес, тек жалпы қағидалар орын алған және қамтылған.

Үшіншіден, халықаралық шарт, халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде бар немесе қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, оның ережелері болашақта туындайтын қатынастарды да қарастырады. Ал, халықаралық әдет болса халықаралық қатынастар тәжірибесінде қалыптасқан қатынастардан және тәжірибеден туындайды, сол себепті ол болашақта мемлекеттер арасында туындайтын жаңа қатынастарды реттей алмайды. Ғарыш құқығында осындай жаңа бастаулар үнемі туындап отырады, сондықтан да халықаралық құқықтың қайнар көзі ретіндегі халықаралық әдет, халықаралық шартқа қарағанда ғарыш құқығы үшін қажетсіз болып келеді немесе қажеттілігі шамалы.

Мысалы, Ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы бабы анықтағандай Шартқа қатысушы - мемлекеттер ғарыш кеңістігін, айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалану үшін бөгде заттарды жеткізу барысында жер бетіндегі болуы мүмкін қауіп пен жағымсыз салдардың алдын-алу үшін тиісті шараларды қабылдайды [7].

(15)

Бұл нақты уақытта жоқ, бірақ болашақта болуы мүмкін қатынастарды алдын ала анықтау сипатындағы ереже болып табылады. Ал ұқсас сұрақтар тек қана халықаралық шарттар негізінде шешіледі, басқа жолы жоқ.

Сондықтан халықаралық шарттарды жасасу ғарыш құқығының, соның ішінде ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеудің нормаларын қалыптастырудың ең тиімді жолы болып табылады [7, 14б.].

Халықаралық әдет - ғұрып. Халықаралық шарт халықаралық ғарыш құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады, бірақ бұл айғақ келесідей айғақты жоққа шығара алмайды, яғни халықаралық әдет - ғұрып халықаралық ғарыш құқығының маңызды қайнар көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің де қайнар көзі болып табылады деген сөз.

Біріншіден, ғарыш дәуіріне ену мен ғарышты игерудің халықаралық тәжірибесі, халықаралық әдет - ғұрыптың халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің бірі екендігін дәлелдейді, тіпті адамзаттың ғарышты игеру процессі қысқа ғана мерзімде болса да. Ғарышты игерудің кейбір қағидалары халықаралық тәжірибемен туындаған, мысалы, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану бостандығы; ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін және тағы басқаларын ұлттық иемденуге тыйым салу; ілгеріде аталған қағидалардың барлығы адамзаттың ғарышты игеруінен кейін басталған.

Екіншіден, қазіргі халықаралық құқықта жай норманың пайда болу процессі айтарлықтай қысқарған. Ғылыми, экономикалық және саяси қарым қатынастардың тез дамитындығы себепті, халықаралық әдет - ғұрыпты қалыптастырудың дәстүрлі жолы белгілі-бір өзгерістерге ұшырады. Кейбір халықаралық құқық өкілдерінде тіпті жай нормалардың instant-ы деген түсінік пайда болған [8].

Үшіншіден, ғарышты игеру тәжірибесі дәлелдегендей, ғарышты игеруді халықаралық - құқықтық реттеу, сонымен қатар ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты көптеген мәселелер осы кезге дейін халықаралық шарт жасасу арқылы шешілген жоқ.

Ілгеріде айтылғандардың негізінде келесідей қорытынды жасауға болады, халықаралық шартқа қарағанда сирек қолданылса да, халықаралық әдет - ғұрып халықаралық ғарыш құқығының маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады.

Ғарыш құқығының басқа да қағидалары. Қазіргі құқықтағы құқықтың жалпы қағидалары ғарыш құқығының қайнар көздерінің қатарында екені сөзсіз.

Біз үшін маңыздысы құқықтың жалпы қағидалары дегеніміз не екенін анықтап алу. Халықаралық сот Статутының 38 - ші бабының мәніне сәйкес құқықтың жалпы қағидалары дегеніміз - ол өркениетті елдермен танылатын құқықтық қағидалар.

Ескертетін жағдай, бүгінде өркениетті ұлттар деп - барлық тәуелсіз мемлекеттер танылады. Қазіргі халықаралық өмірде мемлекеттердің арасында олардың құқықтық жүйесіне әсер етпей қоймайтын қоғамдық құрылым, саяси құрылым, экономикалық дамуы салаларындағы айырмашылықтар бар.

Құқықтың жалпы қағидалары барлық құқықтық жүйелерге ортақ болатын

(16)

қағидалардан құралуы тиіс. Артынша, құқықтың жалпы қағидалары барлық өркениетті ұлттардың мақұлдауына ие болуы тиіс; бұл мақұлдау халықаралық шартта немесе әдетте бекітіледі, сондықтан да құқықтың жалпы қағидалары халықаралық құқықтың дербес тәуелсіз қайнар көзі бола алмайды, яғни халықаралық ғарыш құқығына да.

Сот шешімдері жалпы халықаралық құқықтағы сияқты, ғарыш құқығында да шарттық және жай нормаларды шығару процесі барысындағы «қосымша құрал» болып табылады. Бұл жағдай халықаралық соттың және мемлекет ішіндегі соттардың да шешімдеріне қатысты. Ғарышты игерудің дамуы барысында ғарыш құқығы нормаларын туындату процессі барысында қосымша құрал ретіндегі сот шешімдерінің рөлі артқанымен, ол келер уақытта ғарыш құқығының дербес қайнар көзі бола алмайды.

Құқықтық реттеу әдісі ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау үшін және ғарыш құқығы үшін және жалпы халықаралық құқық үшін ортақ болып табылады. Бұл нақты бір жүріс - тұрыс ережесінің мазмұнын анықтау және оны заңи міндетті деп тануға қатысты мемлекеттер еркінің келісуі болып табылады. Осыған байланысты ғарышты және қоршаған ортаны халықаралық - құқытық реттеудің және ғарыш құқығының және жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздерінің бірыңғайлығы жөнінде қорытынды жасауға болады. Олар халықаралық шарт және халықаралық әдет - ғұрып болып танылады.

Жалпы ғарыш құқығының ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің нормаларының құрылу процессі барысында негізгі, шешуші рөл халықаралық шартқа тиесілі.

1959-шы жылы Е.А. Коровин былай деп жазған: «Ғарышты барлық адамзаттың ортақ пайдалануындағы обьекті деп қарастырсақ (res communis

omnium), онда ортақ пайдаланудың әдістері мен ережелері барлық

пайдаланушылардың өзара келісімімен бекітілуі мүмкін, яғни халықаралық келісім арқылы» [9].

Егер де шарттық нормалар жоқ болса, Е.А. Коровин, ғарыш кеңістігінің халықаралық режиміне байланысты сұрақтарды «әрекет етуші халықаралық құқықтың мемлекеттік және халықаралық тәжірибедегі үлгілер тұрғысында және оның ережелерін ғылыми талқылау тұрғысынан» шешу мүмкіндігін пайдалану керек деп таныған [10].

Уақыт өте келе, шарттық нормалармен реттелмейтін, кейбір ғарыш қызметі түрлеріндегі мұндай мемлекеттік тәжірибе халықаралық қарым -қатынастың қатысушыларымен халықаралық құқықтың жай нормасы түрінде тұрақты сипатқа ие болуы мүмкін.

Халықаралық әдет - ғұрып - ол ұзақ уақыт аралығы мен жалпыға ортақ қолданудың нәтижесінде халықаралық қарым-қатынастың қатысушыларымен құқықтық немесе заңи міндетті норма ретінде танылған жүріс - тұрыс ережесі.

Г.П. Жуков өз кітабында былай деген: «Халықаралық әдет - ғұрып ғарыш құқығының нормаларының қалыптасу процессі барысында, сөзсіз белгілі бір рөл ойнауы әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, осы мағынадағы оның мәнін асыра бағалауға болмайды» [11].

(17)

П.И. Лукин бір жағынан халықаралық әдет - ғұрыпты ғарыш құқығының қайнар көзі ретіндегі рөлін жоққа шығарып отырса немесе теріс бағаласа, ал екінші жағынан, түрлі мемлекеттердің ғарышкерлерінің арасында ғарышты игерудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезінде келесідей қатынастар туындайтынын болжайды немесе жоққа шығармайды, яғни болашақта уақыт өте келе халықаралық - құқықтық әдетке айналатын және осы түрлі елдердің ғарышкерлерінің белгілі бір жүріс - тұрыстарының дұрыстығына негізделген әдет - ғұрыптар халықаралық ғарыш құқығының қосымша қайнар көзі бола алады.

Ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің нормаларының халықаралық шарт жасасу арқылы қалыптасуының мысалы ретінде келесілерді атауға болады:

1. Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт (1967 жыл);

2. Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілерді қайтару туралы Келісім (1968 жыл);

3. Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (1972 жыл);

4. Ғарыш кеңістігіне жіберілетін обьектілерді тіркеу туралы Конвенция (1975 жыл);

5. Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1977 жыл);

6. Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1978 жыл);

7. Айда және басқа да аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісім (1979 жыл) және тағы басқалары.

1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шартта ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің тек қана негізгі, ең басты қағидалары мен нормалары көрініс тапқан. Оның мазмұны ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаға келтірілген зиян мен оның алдын алу мәселесін ғана емес, сонымен қатар зиян келтіргеннен кейінгі оның орнын толтыру мен түзету шараларын да қамтиды.

Ғарышты игерудің алғашқы кезеңінде ғарышты әскери мақсатта пайдалану дамыған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі болғандығы барлығына белгілі. Бірақ ғарыштағы кез келген әскери іс - қимыл халықаралық қауымдастыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және қауіпсіздігіне қатер төндіреді, ал оның тікелей салдары болып экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуы ғарыш кеңістігінің және қоршаған ортаның ластануы танылады.

Сондықтан да, Ғарыш туралы Шарттағы, ғарыш кеңістігін әскери мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы ереже ғарышты және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудің қайнар көзі болуы тиіс. Шарттың 4 - ші бабында көрсетілгендей: 1) «Шартқа қатысушы - мемлекеттер Жер шарының орбитасына ядролық қаруы бар немесе жалпыны жоятын кез келген қару түрі

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Темірғали Көпбаев 1994 жылдың басында арнайы шақырумен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Осы мəселе негізінде мемлекеттік органдардың қалдықтармен жұмыс істеу жəне оларды бақылау қызметін жүзеге

(RRR - Reduce, Reuse, and Recycle) aтты жaлпы ұлттық бaғдapлaмacы жүзeгe acып кeлeдi. Aмepикaндықтapды қaйтa өңдeyгe шыны, плacтик, қaғaзды өткiзyгe

(RRR - Reduce, Reuse, and Recycle) aтты жaлпы ұлттық бaғдapлaмacы жүзeгe acып кeлeдi. Aмepикaндықтapды қaйтa өңдeyгe шыны, плacтик, қaғaзды өткiзyгe

ҚР-да құқықтық реформалардың мемлекеттік бағдарламаларын, ҚР қоршаған табиғи ортаны қорғауға арналған Ұлттық жоспарын, ҚР экологиялық

• тиісті экологиялық саясатты әзірлеу, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы кәсіпорынның күрделі

Үшіншіден, Жошы Ұлысында түркі халықтарының тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз еткен және олардың Алтын Орда тәрізді Ұлы мемлекетін тарих

УНИВЕРСИТЕТІ.. Қоршаған ортаны өндірістік қалдықтарды тұтынудан қорғау. Есептеу-сызба жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар. 5В073100 - Қоршаған ортаны