11
-
отбасы құндылықтары (жеке немесе қоғамдық емес) бірінші орында;-
ерлі-зайыптылар үшін отбасы құндылықтарынан гөрі жеке құндылық бағдарлардың маңызы көбірек;-
ерлі-зайыптылардың біреуі жеке, ал екіншісі отбасылық құндылықтарды артық көретіндіктен құндылық бағдарлары әр түрлі;-
отбасылық және жеке құндылықтар белгілі бір уақытқа дейін тең дәрежеде;-
«ауыспалы» құндылықтары бар – бір кезеңде отбасылық құндылықтар, ал келесі кезеңде жеке құндылықтар бірінші орында.Сонымен,жоғарыда қарастырылғанды қорыта келе, отбасы ішіндегі өзара қарым- қатынастың дамуына айтарлықтай әсер еткен рухани-адамгершілік құндылық бағдарланудың қарқынды өзгеруі, отбасы өмірінің эмоциялық-психологиялық қырының құндылығының артуы отбасы өміріне, отбасы қамқоршысы рөлін атқаруға қатысты талап деңгейін көтере түсуіне әкеледі, өйткені ерлі-зайыптылардың көбісі қоғамның мәдени дәстүрлері мен өзінің жеке ерекшеліктеріне қарай аталмыш қызметті жүзеге асыруға қабілетсіз. Белгілі бір тәжірибесі, некеге деген дайындығы болмаса, қолынан келгенше тырыспаса жанашырлықтың, өзара сыйластық пен сырластықтың жоғары деңгейіне, отбасы өмірінің басқа да құндылық қырларына қол жеткізу мүмкін емес.
Әдебиеттер тізімі:
1.А.Б.Федулова Семья и семейные ценности: философско - аксиологический анализ. Автореф. к.
филооф. н. Москва, 2003
2.Н.А. Зелевская Ценностный подход к проблеме семейного воспиатния / Образование,2004,№6,с.16
3.Е.И. ЗритневаСемьеведение: учеб.-метод.пособие–Ставрополь, 2002. – 176 с.
4.Д.С.Лихачев Письма о добром.СПБ-1999г.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ МЕН
КӨРСЕТКІШТЕРІ
Абсатова Марфуга Абсатқызы педаг.ғылым.докторы, Абай ат.ҚазҰПУ профессоры
Эргашева Жанарай Абай ат.ҚазҰПУ 2 курс магистранты Алматы қ.
Аннотация
Соңғы онжылдықта жастар денсаулығының нашарлауы, жастардың физикалық дайындығының төмендеу бағыты байқалуда. Зерттеудің мақсаты ЖОО студенттерінің денсаулыққа бағытталған өмірлік ұстанымдарын қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштерін анықтау.
Аннотация
За последние десятилетия наблюдается ухудшение здоровья молодежи, уменьшение их физической подготовленности. Цель исследования определить компоненты и показатели формирования здоровьеориентированной жизненной позиции студентов вуза.
Аbstract
Over the last decade there has been a deterioration of your health and a reduction in physical fitness for youth. The purpose of the infection is to identify the components and frontiers of the formation of health-based life principles of university students.
Түйінді сөздер: денсаулыққа бағытталған өмірлік ұстанымдар, қалыптастыру, компоненттер, көрсеткіштер.
12
Ключевые слова: здоровьеориентированная жизненная позиция, формирование, компоненты, показатели.
Keywords: health-oriented lifestyle, forming, components, neighborhoods.
Соңғы онжылдықта жастар денсаулығының нашарлауы, жастардың физикалық дайындығының төмендеу бағыты байқалуда. Бұл тек қана экономика, экология, Қазақстан халқының еңбек және тұрмыстық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар қоғамның дене шынықтырудың денсаулықты жақсарту мен тәрбиелік рөлдерінің бағаламауымен байланысты, ол тұлғаның үйлесімі дамуының тапшылығына әкелді.
Бүгінгі күні жастардың қимыл белсенділігінің төмендеуіне әкелетін жастар санының көбеюі ұлт денсаулығына қауіп төндіруде.
Студенттердің салауатты өмір салтына мұқтаждығын қалыптастыру қажеттігі оның жоғары оқу орнында оқу барысында салауатты өмір салтын қажеттігін сезінуіне алып келуі керек, себебі болашақта ол маман иесі болғанда ауыр жұмыстан соң ағзаның бұрынғы қалпына келтірудің түрлі біліктері мен дағдыларын меңгере алады.
Студент жастардың денсаулығын сақтау мен күшейту мәселесі қүрделі әрі сан қырлы.
С.Г.Сериковтың пікірінше, денсаулық сақтауды студенттің жеке тұлғасының зияткерлік және ішкі тебіреніс өрістерін түрлендіруге, оның жеке жауапкершілігін сезіну арқылы, яғни өзін өзі көрсете алу тетігі арқылы өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығына құндылықты қатынасты арттыруға бағытталған денсаулықты сақтау мен нығайтудың ерекше белгісі мен үрдісі деп түсіндіруге болады [1].
Өзіңмен және өз денсаулығымен жұмыс жасау кәсіби қызметті жақсы игеруді талап етеді, сондықтан студенттерді белсенді түрде қоршаған әлемді тану үрдісіне араластырып қана қоймай, сондай-ақ өзін жеке тұлға ретінде тануға баулу, олардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру ЖОО-ның аса маңызды міндеті болып табылады.
Мұндай жағдайда салауатты өмір салтына баулу өзара тығыз байланысты бірқатар үрдістер нәтижесінде орын алады: салауатты өмір салтының әлеуметтік құндылықтарын интериоризациялау ретінде иелену (қалаймын); білімді игеру (білемін); білік пен дағдыларды меңгеру (істей аламын); жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту (қолымнан келеді); субъективті тәжірибені байыту (қолымда бар және болады).
Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете алуының өзгешелігі, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктер адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне, оның ұмтылысына, үмітіне, өмірлік стратегиясына байланысты. Оның өмірінде болған жағдайлардың да, сол жағдайларға дұрыс талдау жасай алуы да салауатты тіршілік әрекетіне әсері аз емес. Қалыпты тіршілік әрекеті барысында адам жеке тәжірибесін жинақтап, оны өзекті етеді, осылайша өз тәжірибесіне сүйене отырып субъект міндеттер мен қиындық туғызатын жағдайларды бөліп қарастырып қана қоймай, оларды шешудің денсаулыққа зиянсыз бағыттарын қарастырады.
Ғалымдар өз зерттеулерінде денсаулықты сақтауға мына келесі көзқарастар тұрғысынан қарастырады:
а) салауатты өмір салтын қалыптастыруға мақсатқа сәйкес дайын болу, зиянды әдеттерден бас тарту, денсаулықты сақтау туралы білімдерді молайту, қозғалыс белсенділігіне мақсатқа сай бағыт алу (дене тәрбиесімен және спортпен саналы түрде шұғылдану), тәндік және психикалық саулықты өздігінен сақтауға қабілеттілік;
ә) денсаулыққа ықпал ететін факторлар мен жағдайларды ұғыну, өз ағзасының ерекшеліктері, күн тәртібін ұйымдастырудың және еңбек гигиенасын (тазалығын) ұйымдастырудың заңдылықтары туралы білімдерге ие болу; аурудың, жарақаттанудың, қоршаған ортаның зиянды әсерінің алдын алуға қатысты валеология негіздерін білу;
жеке бастың денсаулығының диагностикалық ерекшеліктерін, сексологияның және
13
көбеюдің негіздерін, кәсіби жарамдылық, денсаулық тұрғысынан өзін-өзі іске асыру, кәсіби бағдар туралы білу;
б) еңбек пен демалыстың проблемалық сәттерін, тазалық нормаларын іс-тәжірибе тұрғысынан сақтау; алғашқы көмекті көрсету, науқастарды күтіп-қарау қабілеті;
денсаулықты сақтау бойынша алдын-алу және санитарлық-тазалық іс-шараларын орындау; нақты дене жаттығулары мен шынығу тәсілдеріне ие болу [2];
г) жеке өзінің денсаулығына ұлы құндылық ретінде қарау; әлеуметтік қатынастардың тән саулығы мен психикалық саулыққа ықпалының ерекшеліктерін сезіну; қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүру;
д) өз денсаулығының жағдайын диагностикалай білу, дәрігерге саналы түрде жүгіну, төтенше жағдайларда өзінің психо-функционалдық жағдайын бақылау .
Зерттеу барысында біз ғалымдардың еңбектері негізінде жоғары оқу орындарында денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру кезеңдерін жүйелеуге тырыстық:
Бірінші кезең – денсаулықты сақтау циклы пәндері бойынша оқу жоспарлары мен стандарттардың бағдарламаларын талдау; оқу үдерісін тесттер, анкеталар (сауалнамалар) және т.б. түріндегі диагностикалық материалдармен қамтамасыз ету;
өзіндік жұмыс үшін әдеби дереккөздердің, рефераттар базасын, портфолио үлгілерін құру.
Екінші кезең –денсаулықты қалыптастырушы цикл пәндерін зерттеуге деген қызығушылық деңгейін анықтау мақсатында студенттер арасындаалғашқы сауалнама жүргізуді, базалық білімдер мен ептіліктерді анықтау мақсатында тестілік тапсырмаларды орындау арқылы дайындықтың бастапқы деңгейін бағалау;
Үшінші кезең «ағартушылық кезеңі». Бұл кезеңде студенттерге денсаулықты сақтау туралы білімдерді меңгеруге, оқу пәндері ұғымдарымен танысуға, дербес жұмыс ептіліктерін (рефераттар жазу, презентацияларды құру) қалыптастыру мақсатында зертханалық және практикалық сабақ дағдыларын меңгеруге; семинарларда, дөңгелек үстелдерде, конференцияларда көпшілік алдында таныстыра отырып сөз сөйлеуге дайындалуға тура келеді.
Төртінші кезең «қорытынды кезең». Бұл кезеңде білім беру нәтижелері, яғни оқылатын әрбір пәндер бойынша бойынша тесттер, денсаулықты сақтау бойынша білімдерді баяндайтын рефераттарды қорғау, педагогикалық іс-тәжірибе (одан өтудің барысында алынған білімдерді тәжірибеде қолдану көрсетіледі) бойынша есеп жазуарқылы денсаулықты сақтаудың негізгі көрсеткіштері бағаланады.
Сондай-ақ ғылыми әдебиетте білім берудің денсаулықты сақтау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі критерийлері ретінде мыналар бөлініп шығады:
- қойылған мақсатты (білім беру үдерісі субъектілерінің сапалы, диагностикаланатын және тексерілетін сипаттамалары) ескере отырып білім беру- тәрбиелеу міндеттерін шешудің тиімділігі мен сапасы;
- белгіленген нәтижелерге қол жеткізу үшін оқушылар мен оқытушылардың ақталған уақыт шығындары;
- ажыратылған уақыт ішінде көзделген нәтижелерге қол жеткізудегі оқушылар мен оқытушылардың жұмсаған күш-жігерлерінің қол жетімді шығындары.
Атап көрсетілген критерийлер басшылықтың, педагогикалық ұжымның және әрбір жеке оқытушының өзара байланысты бірқатар әрекеттерін қарастырады:
- тәрбиелеудің, білім берудің және дамытудың (оларды тиімді үйлестірудің негізінде) аса маңызды міндеттерін кешенді жоспарлау;
- білім берудің денсаулықты сақтау жүйесі мен оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетінің болуына қатысты міндеттерді нақтылау;
- бағдарламалық материалды бөлудің оңтайлы нұсқасын және оны игерудің логикалық реттілігін таңдау;
14
- қолайлы көлем мен жалпылама жұмысқа қабілеттілік пен оқу іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру шарттарын ескере отырып психофизикалық және физикалық жүктемелердің үйлесімін анықтау;
- оқушылар мен оқытушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекетін басқарудың ең тиімді әдістері мен құралдарын таңдау, оны бақылауды, түзетуді және мотивациялық қолдауды жүзеге асыру;
- оқу орнында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және т.б. [3].
Біздің зерттеуіміз үшін ерекше қызығушылықты қазіргі заман педагогында денсаулықты сақтау құзыреті қалыптаспағанша білім алушылар мен педагогикалық құрамның өзінің денсаулығына оң әсер ету де, сондай-ақ жастарды креативті валеология идеологиясында – яғни адам тұлғасын өзіңді өзің жаса принципі бойынша тәрбиелеу де мүмкін емес екендігі туралы идея тудырады [4].
Сонымен жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып,біз төменде кестеде біз жоғары оқу орындарының студенттерінің денсаулыққа бағытталған өмірлік ұстанымдарын қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштерін ұсынамыз (кесте 1).
Кесте - 1 Студенттердің денсаулыққа бағытталған өмірлік ұстанымдарын қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштері
Компоненттер Өлшемдері Көрсеткіштері 1.Мотивациялық Салауатты өмір
салтына қатынасы
- өз денсаулығын сақтау, жақсарту және бір қалыпта ұстауға ұмтылыс;
- салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіну,сезіну,ұғыну;
- түрлі денсаулықты жақсарту жүйелеріне қызығушылық.
2. Мазмұндық Салауатты өмір салты туралы білімдер
жиынтығы
- салауатты өмір салты мен түрлі астарлары туралы негіздерін білу;
-тұлғалық және қоғамдық гигиена, тиімді тамақтану, тиімді күн тәртібін білу;
- зиянды әдеттердің жағымсыз зардаптары туралы ақпаратты білу.
3. Іс-әрекеттік Іс-әрекет тәсілдері
жиынтығы - салауатты өмір салты туралы білімдерді тәжірибеде қолдану;
-денсаулық жағдайын өзін-өзі талдау дағдысы;
- денсаулық, рухтың сергектігі, жігерлілік, қайраттылықты қолдау.
Адамның өз саулығы үшін де, сондай-ақ қоғамның саулығы үшін де жеке жауап беруге дайындығы мен қабілеттілігін қазіргі заман қоғамындағы білім берудің басты нәтижесі деп есептеуге болады.
Сонымен, жастарды денсаулықты сақтауға дайындау үшін оларда денсаулықты сақтау саласында соған сәйкес көзқарастарды қалыптастыру қажет. Білім алушылар өз өмір салттарын, өз әрекеттерін ерікті түрде таңдайтын және өзгертетін, өздерінің денсаулыққа құндылық ретіндегі көзқарастарын өзгерте алатын, қайта қарай алатын субъектілер ретінде болуы шарт. Білім алушылардан талап етілетін негізгі мақсат – денсаулықты оның физиологиялық, психологиялық, өзіне тән ерекшелігі деңгейінде басқарудың негізгі заңдылықтарын білу, денсаулықты сақтауға құндықтық көзқарасты қалыптастырудың мүмкіндіктерін меңгеру.
Әдебиеттер тізімі:
1. С.Г.Сериков Здоровьесбережение в гуманом образовании,Челябинск 1999
15
2. Н.К. Смирнов Здоровье сберегающие образовательные технологии и психология здоровья. М., 2009 г.
3.Соломин В. П.. Корчагина Г. А., Бахтин Ю. К., Михайлов Л. А., Сопко Г. И. /Значение валеологии как учебной дисциплины в педагогическом университете// В сб.: Оздоровление средствами образования и экологии. Материалы Всероссийской научно-практической конференции по оздоровлению подрастающего поколения. 2005. — С.31–33
4.Пазыркина М. В., Сопко Г. И., Журина Т. Г./ Значение валеологической культуры в формировании здоровья педагога //Молодой ученый. 2012. № 3. С. 380–382.
РОЛЬ МУЗЫКАЛЬНОЙ КУЛЬТУРЫ В ФОРМИРОВАНИИ ЛИЧНОСТИ Айсина Сулушаш Темиртаевна магистр педагогики КГПИ, г.Костанай Аннотация
Бұл мақалада жеке тұлғаның профессионалды даму барысынағы, музыка мәдениетінің орыны қарастырылған.
Аннотация
В данной статье рассматривается роль музыкальной культуры в процессе профессионального развития личности.
Abstract
The role of the music culture in the process of professional development is regarded as a matter of fact.
Ключевые слова: культура, личность, развитие, образование, процесс.
Түйінді сөздер: мәдениет, тұлға, дамыту,процесс.
Keywords: culture, personality, development, education, process.
Особенностью развития системы высшего образования на современном этапе является усиление общекультурного содержания образовательной подготовки будущих специалистов, ориентированного на принятие и осознание личностью культурного опыта многих поколений, потому что произошли изменения в духовном облике современной молодежи. В последние десятилетия изменились целевые ориентации музыкального образования, когда подготовка специалистов акцентируется в однонаправленном обучении отдельным видам исполнительской деятельности, и меньшее внимание уделяется подготовке педагогов музыкального образования, способных пропагандировать и популяризировать музыкальную культуру Казахстана среди молодежи. В связи со сложившимися объективными обстоятельствами, по инициативе президента Республики Казахстан была принята Государственная программа развития образования на 2011–2020 гг., в которой определено, что
«обеспечение системы образования высококвалифицированными кадрами является объективной необходимостью» [1, с.3].
Сегодня является объективной необходимостью обращение к общечеловеческим, устойчивым и высоконравственным ценностям, так как воспитание развивающейся личности будущего педагога музыкального образования, невозможно без приобщения ее к богатому историко-культурному наследию прошлого. Именно поэтому общечеловеческие ценности могут стать одним из факторов возрождения страны из духовно-нравственного кризиса.
Подготовка будущих педагогов музыкального образования призвана решать большой круг задач, до настоящего времени считавшихся неактуальными.
Большинство современных психолого-педагогических исследований ученых нашей республики, а также ближнего и Дальнего зарубежья свидетельствуют, что профессиональное становление и самосовершенствование личности, всегда есть результат осознанного взаимодействия специалиста с конкретной социальной средой, в