Қадылұлы Т.,
ҚХР Орталық ұлттар университетінің
қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің PhD докторанты, Қытай, Бейжің қ., e-mail:[email protected]
ҚАЗАҚ АФОРИЗМДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК СИПАТЫ
Бұл мақалада қазақ афоризмдерінің көркемдік, стильдік ерекшеліктері қарастырылады.
Мұнда қазақ афоризмдерінің тектес жанрлары болған мақалмәтел, шешендік сөздер, ғақылиялар, бататілектермен жанрлық, көркемдік жақтағы ұқсас қасиеттері сөз етіледі. Сондайақ, қазақ афоризмдеріндегі стилистикалық тәсілдердің қолданысы айтылып, нақты мысалдар арқылы талдау жасалады. Әсіресе қазақ афоризмдерінде жиі қолданатын теңеу, ауыстыру, кейіптеу, айқындауыш, символ, шендестіру, әсірелеу сияқты көріктеудің әр алуан түрлерінің қолдану ерекшеліктері нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі. Көркем әдебиеттегі афоризмдердің қолданысы – тілдің жандылығын, айшықтығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, тілдің лексикалық қорының баюына мүмкіндік жол ашады. Бұл жағынан келгенде, қазақ афоризмдерінің тіл лексикасын байытуда көрнекті ерекшелікке ие екендігі бұл мақалада баса айтылады. Сондай
ақ, қазақ әдебиетінде қазірге дейін қазақ афоризмдерінің теориялық мәселелерінің жанжақты кешенді зерттелмегені ескеріле отырып, бұл мақалада қазақ афоризмдерінің көркемдікстильдік сипаты мен ерекшеліктері айқындалады.
Түйін сөздер: қазақ афоризмі, көркемдікстильдік сипаты, көркемдеу амалдары, ерекшеліктері, тектес жанрларымен болған арақатынасы.
Khadiluly T.,
doctoral student of Kazahk language and Literature Department, Minzu University of China, China, Beijing,
email: [email protected] Artistic style of kazakh aphorism
In this essay discusses artistic and stylistic features of Kazakh aphorisms. The proverbial genre of Kazakh aphorisms speaks about the artistic side effects of proverbs, sayings and Bata words. In additional, the use of regularly encountered stylistic methods of Kazakh aphorisms.Specific features of the various types of visualization, such as equation, change, representation, definition, symbol
ism, classification, exaggeration, which are widely used in Kazakh aphorisms, are represented by specific examples. The use of aphorisms in fiction does not only increase the livelihood and clarity of language,as well as the opportunity to enrich the lexical language of the language. In this article, it is emphasized in the article that Kazakh aphorisms have a prominent feature in enriching language lexicon. as well as the fact that in the Kazakh literature the complex problems of the Kazakh apho
rism are not fully studied, this article defines the artisticstyle character and peculiarities of Kazakh aphorisms.
Key words:Kazakh aphorisms, artistic feature, relationship of proverbial genre.
Кадылулы Т.,
PhD докторант Департамента казахского языка и литературы, Университет Миньцзу, Китай, г. Пекин,
email: [email protected]
Художественно-стилистическая характеристика казахских афоризмов
В данной статье рассматриваются художественностилистические особенности казахских афоризмов. Поговорочный жанр казахских афоризмов говорит о художественных побочных эффектах пословиц, поговорок и слов бата. Кроме того, используются регулярно встречающиеся стилистические приемы казахских афоризмов. Специфические особенности различных типов визуализации, таких как уравнение, изменение, представление, определение, символика, классификация, преувеличение, которые широко используются в казахских афоризмах, представлены конкретными примерами. Использование афоризмов в художественной литературе не только увеличивает средства к существованию и ясность языка, а также возможность обогатить лексический состав языка. В этой статье подчеркивается, что казахские афоризмы играют заметную роль в обогащении лексического состава языка, а также тот факт, что в казахской литературе тема казахских афоризмов не до конца изучена. В данной статье определяются художественностилевой характер и особенности казахских афоризмов.
Ключевые слова: казахские афоризмы, художественные свойства, отношения с родственными жанрами.
Кіріспе
Кез келген шығарманың әдеби ерекшелігін сөз еткенде оның көркемдік бейнелеу қуатының деңгейін сарапқа салмай өтпейміз.
Әдебиеттегі жекелеген шығарма яки үлкен- кішлі жанрлардың қай-қайсысы болсын, оның көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерін жекелей талдап зерттеу аса зәру мәселе. Афоризмдердің өзіндік айқын қасиет, белгілері бар ма, басқа түрлерден айырмашылығы бар ма де- ген сұрауларға жауап іздеу төтенше қажетті.
Әрбір жанрды оқшаулайтын қыры алдымен поэтикалық амал-тәсілдерді екшеп, талғап қол- да нудан байқалады. Әрине, бұл пікір әр жанр басқа жанрда кездеспейтін тәсілдерді ғана қолданады дегенді білдірмейді. Тіл образ- дылығын, жандылығын, шұрайлылығын арт- тыруда қолданылатын көріктеудің әр түрлі тәсілдері әдебиеттегі барлық жанрларға еншілі.
Алайда, әр жанр осы көркемдеу тәсілдерін өзінің мақсат, мүддесіне орайластыра қолданады. Бұл мәселеге жауап табу үшін афоризмнің көркемдік кестесін жасайтын әр түрге жеке-жеке тоқталуға тура келеді.
Афоризмнің жасалуында өзге жанрларға мүлде ұқсамайтын қалып бар десек артықтау айтқан болар едік. Өйткені, оның жасалуындағы ерекшеліктер онымен тектес жанрларда да көріне береді. Мысалы, афоризмдердегі қара сөз түріндегі, өлең түріндегі жасалулары тектес жанр мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік сөздерде де кездеседі. Басты мәселе, афоризмнің олардан
дара тұратын айқын ерекшелігін тани білуде.
Афоризм жанрына тән басты ерекшелік − ойды образға орап, барынша жұмыр да жинақы, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айтуға бейімділігі, икемділігі күшті болып келетіндігінде әрі онда басы артық сөз атымен болмайды. Сөзді алтынға балап мейлінше үнемдеп, қырып-жонып тазар- тып, дәл де орынды қолданады. Мәселен, кей- де «ретін, жөнін тапса, бітпейтін іс жоқ, бәрі де бітеді» деп айтайын деген ойымызды «қалауын тапса қар жанады» дей салсақ болғаны, алғашқы айтайын деген пікірімізді әлдеқайда әсерлі әрі дәл бейнелеп береміз. Бұл афоризмнің өзіндік бір ерекшелігі болып саналады. Афоризмнің бұл ерекшелігі оның тектес жанры мақал-мәтелге қатты ұқсайды. Академик Зәки Ахметовтың:
«мақал-мәтел де басқа поэтикалық формалардің үлгілері тәрізді кейде шағын сөйлемдерден тұрады. Мұндай жағдайда ол қарапайым ғана ырғақты-құрылымдық түрге иеленеді. Әдетте, аяқталған ырғақтық түрге иеленбесе де, түрлі дыбыстық қайталаулар арқылы бірігеді»
(Aqmetov, 1991:274) деген пікірі афоризмге де саяды.
Эксперимент
Сөзді ажарлап қолдану әдебиеттің қай жан- ры болсын түгел бар. Сөз әрлеу тәсілі, әсіресе, мақал-мәтел мен шешендік сөздерде тіпті күшті. Афоризмдердің көркемдік қасиеті тура- лы тоқталғанда, оның құрылымдық, мазмұндық, көркемдік жақтағы қасиеттері фольклордағы
көптеген ұсақ жанрлармен біршама жақын, ұқсас болып келетіндігін ескеруіміз тиіс. Айталық, та- рихтан бергі не бір дуалы ауыз қариялар мен сөз майталмандары халықына, ұрпақтарына өнеге- насихат етіп айтқан даналық ой-тұжырымдарына ешқашан мынау «шешендік сөз» еді, ал, мынау
«мақал-мәтел» болатын деп белгілерін бөлектеп кеткені жоқ. Қайта, халық оның ең саралы сай- дауылын ғана еске сақтап, халық нақылына ай- налдырып жіберген. Ертедегі би-шешендердің белгілі бір іс жөнінде айтқан көптеген даналық сөздерінің келе-келе мақал-мәтелге айналып кеткені қаншама, мысалы, «жүзге бөлінгеннің жүзі қара» деген мақал Төле бидің:
«Жүзге бөлінгеннің жүзі қара, Руға бөлінгеннің құруға асыққаны, Атаға бөлінгеннің адыра қалғаны, Көпті қорлағанның көмусіз қалғаны, Хан азса, халқын сатады,
Халық азса, хандыққа таласады»
(Qumarbekuly, 1994:55-56)
деген әйгілі толғауынан қалған. Осы толғаудағы жекелеген жолдар қазір әлдеқашан жұрт көкірегінен орын алған, жиі айтатын сүйікті мақалға айналған. Демек, жеке тұлғалар жағынан шығарылған өнегелі шешендік сөздер жаттала келе, халық қазынасы − мақал-мәтелдің құрамдас бөлегіне айналып, оны қорландыра түскен бір сала есебінде дамиды. Мақал-мәтелге қарағанда, афоризмнің аясы әлдеқайда кең, жалпылық ұғым беретін атау. Ол жыраулар, билер, шешендер, көсемдер, ақын-жазушылар жағынан шығарылған қанатты сөздер, бейнелі тіркестерді және мақал-мәтелдерді де өз ішіне алады. Сол себепті де, афоризмнің көптеген қасиеттері онымен тектес фольклордың өзге ұсақ жанрларында көрінуі тосын жәй емес.
Көркемдік тәсілдің қолданылуы − әуелі, тілдің жандылығын, айшықтылығын артты- рып қана қоймайды, сонымен қатар, тілдің лексикалық қорының баюына мүмкіндік жол ашады. Қазақ тілінің аса бай болуы оның осы поэтикалық амал-тәсілдерді өте ұтымды да мол пайдалана білуінде жатса керек. Ал біз тақырып етіп отырған афоризмнің көлем, мазмұн жағынан аса мол болуының себебі де оның осы ерекшелікке ие екендігінен деп есептейміз.
Әрбір фольклорлық жанрдың поэтикалық, стилдік қас белгілері − көркемдік амал-тәсіл- дерді өзінің ерекшелігіне сай орайластыра, ұтымды қолдануынан көрінеді. Мәселен, теңеу, шендестіру, ауыстыру, кейіптеу, символдау, т.
б. амалдар бір жанрда көбірек қолданылса, енді бір жанрда басқаша болады. Мысалы, махаббат- ты, жеке сезімді жырлауға айрықша ден қоятын қара өлеңнің сүйікті машығы – емеуірін, егіз- деу (пареллелизм), символдар; ал, ерлікті, соғыс көріністерін кең тыныста сипаттауға ұмтыла тын батырлар жырында басқа жанрлармен салыс- тырғанда әсірелеуге жиі бой ұрады. Мұны батыр- лық эпостардан айқын көреміз. Ал біз сөз еткен афоризмдер де сондай. Онда ойды тіке, ашық айтпай белгілі бір затқа не құбылысқа ұқсатып, ауыстырып көрсету күшті болып келеді.
Біз эксперименттік қортындысы байынша мынадай жұмыстарды істедік:
1) Қазақ афоризмдерінің көркемдік қасиеті.
2) Қазақ афоризмдерінің құрлымдық ерек- шелігі.
3) Қазақ афоризмдерінің мазмұндық ерек- шелігі.
4) Қазақ афоризмдерінің тектес жанрлары- мен болған ара қатынасы.
5) Қазақ афоризмдерінің қалыптасу, даму ар- налары.
Бұл мақала қазақ афоризмдерінің теориялық маселелерін қарастырған зерттеу еңбегіміздің жалғасы ретінде жазылып отыр.
Нәтиже мен талқы
Афоризмдерде әдебиетте көп қолданылатын сөзді ажарлаудың, құбылтудың, айшықтаудың барлық тәсілдері кездеседі. Біз олардың басты бірқатарын ғана үлгі ретінде ұсынамыз.
1) Теңеу. бұл әдеби тілде көп қолданылатын көркемдеу амалының бірі. Белгілі бір нәрсенің сыр-сипатын ұғымды да айқын, ықшам түрде жеткізіп беру қажет болғанда, ол заттың қасиет, ерекшеліктерін жекелей түсіндіріп жатпай-ақ, баршаға қанық белгілі затқа ұқсатып, теңеп ойы- мызды ашық та образды етіп суреттейміз. Ойды ажарлап көрсетудің мұндай тәсілі афоризмдер- де жиі ұшырасады. Афоризмдердегі кездесетін теңеу әдетте әдейі теңеу және салыстыра теңеу түрінде келеді.
Әдейі теңеу: бұл басқа барлық жанрларда түгел ұшыраса беретін түр. Мысалы: «Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең» (халық даналығы), «Адам елеусіз тозаң сияқты із- тозсыз құрып кету үшін тумайды» (В.А. Сухом- линский); «Дүние − үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер»
(Абай), «Ақылсыз адам мәуесіз ағаш секілді»
(Жүсіп Баласағұни) т. б.
Салыстыра теңеу: теңеудің мұндай тәсілі афо- ризмдерде, әсіресе, мақал-мәтел мен шешендік сөздерде көп кездеседі. Салыстыра теңеу деп бір-біріне қарама-қарсы екі затты, құбылыс пен істі қатар қойып салыстыра теңеу арқылы ойды айшықтап, тілді ажарлы етіп қолдану тәсілін ай- тамыз. Мұнда теңелетін нәрсені мүлде қарама- қарсы екі жаққа, яғни жақсы мен жаман, жарам- ды-жарамсыз, ақылды-ақылсыз, жомарт-сараң, т. б. секілді бір бүтін тұлғаны екі жаққа айырып, оның сыр-сипат, тағы сондай сындық белгілерін белгілі нәрсеге теңейді. Жақсысын өте жақсы да, жаманын өте жаман, ілікке алғысыз етіп суреттеу арқылы заттың ішкі бөлегіндегі әрі қайшылықты, әрі бірлікті диалектикалық қатынасты көрсетіп, адамдардың мәселені жалпы беттік байқауына мүмкіндік жаратады. Мысалы: «жақсының сөзі жібектей, жаманның сөзі білектей», «таудай та- лап бергенше, тарыдай бақ берсін», т. б.
2) Ауыстыру. өзге жанрлармен салысты- ра айтқанда, ауыстыру афоризмдердің басты поэтикалық құралы есептелінеді. Осыған орайлас пікірді ежелгі дүние философы Аристотельдің әйгілі еңбегі «поэтикадан» (Qazaq qalqynyg filosofialyq murasy, 2005: 493) оқимыз. Сонымен бірге, қазақ лингвистері ауыстыруды лексикалық қорды дамытудың факторы, сөйлеу мәдениетінің бір көрінісі, жалпы тілдік категория деп бағалап жүр. Белгілі тіл ғалымдары І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың айтуынша: «сөз мағыналарының көпшілігі семасиологияның белгілі заңдары бойынша жасалады, соның бірі − ұқсату заңы»
(Kegesbaev, 1962: 45). Ә. Болғанбаев ауысты- руды тілдің синонимдік қатарын көбейтетін құнарлы тәсіл деп есептейді (Bolhabaev, 1970:
201-216).
Көркем әдебиеттегі ауыстырудың стилдік- бейнелеуіштік қат-қабат қызметі А.Байтұрсынов (Baitursnov, 1989: 389), Қ.Жұмалиев (Jumaliov, 1969: 271), (Jumaliov, 1960: 430), З.Ахметов (Aqmetov, 199: 274), З.Қабдолов (Qabdolov, 1983: 376), М.Базарбаев (Bazarbaiov, 1973: 254), С.Негимов (Negimov, 1991: 365), Б.Кәрібoзұлы (Karibozuli, 1997: 293) еңбектерінде сөз болуы осы әдеби мәнді құралдың әдебиет танушылардың үнемі назарында болғандығын айғақтайды.
Айтылмыш поэтикалық құралға тоқталмас бұрын ауыстырудың белгілері туралы еске сала кетпекпіз. Ауыстыру − құбылтудың (троптың) бір түрі, Яғни метафора. Ауыстыру бір затты, не құбылысты тура түрінде емес, оны сол заттың не құбылыстың ерекшелігіне сай ауыстырып мағынасын үстеп, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтеді. Осы жағынан алғанда, ол теңеуге
ұқсас. Алайда, теңеуде ұқсастырған нәрсе тепе- тең күйінде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсе қабаттаса жүрсе, ал, ауыстыруда оның сипат- тап отырған заты кейде көрінбей тұруы мүмкін.
Бірақ, оны ой-сезім арқылы аңғарамыз. Ол по- эзияда ойды бейнелі, кестелі түрде жеткізудің әдісі ретінде жұмсалады. Өлең ішінде ауысты- ру образды ойды айшықтай түсуге көмектессе, афоризмде негізінен астарлы, бүкпелі ойды тұспалдап көрсетуге жәрдемдеседі. Ойымыз- ды дәлелдей түсу үшін нақты бірер мысал алып талдайық:
«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ», «той десе қу бас домалайды», «өзекті жерде өлім бар» (Maqal-matelder, 2008: 220), т.
б. мұндағы «жақ», «тұяқ», «қу бас», «өзекті»
сөздері тура өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада келген. «жақ» сөзі «адам» деген сөздің орнына қолданылса, «тұяқ» сөзі «ат» орнына,
«қу бас» сөзі «қауым, жұрт» орнына, «өзекті»
сөзі «тіршілік иесі, жан иесі» деген сөздің ор- нына қолданылған. Осы келтірілген мысалдағы сөздерге ауыстыру жасамай, тіке, тура мағынасында айтар болсақ, онда сөз айшықтығы жоғалып, ажарсызданады. Мұндағы әр сөздің орнын ауыстыру мүмкін емес, өзгертіп көрсең, бар қадір-қасиетінен жұрдай болып, жұтап- жадап шыға келеді. Бұл ерекшелік афоризмдер- де көп кездесіп жүрген жайт.
3) Кейіптеу. Бұл әсіресе ертегілер мен аңыз-әңгімелер де жиі қолданылатын тәсіл.
Ал, мақал-мәтел, афоризмдерде көп ретте ау- ыстыру түрінде немесе пернелеу яки жан- дандыру түрінде қолданылады. Мысалы:
«көктемнің бұлты көңілшек», «жетім жыла- са жер жылайды», «үлкен пышақ ұялса да өтеді», т. б. осындағы «көңілшек», «жылайды»,
«ұялса да» қатарлы сөздер адамда ғана болатын мінездемелер арқылы затқа, құбылысқа адамдық мінез, қасиет беріп жандандыру жасаған. Ал, мұның керісінше, айтылатын «жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі», «сауылмайтын желінге қаратпа, сауырлайтын келінге қаратпа», «жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» (Maqal- matelder, 2008: 220) деген афоризмдердегі «жын төгіледі», «сауырлайтын», «жал бітсе» сияқты сөздер хайуанаттарда болатын қимыл-қасиеттер арқылы адамдық мінез-қасиеттерді көрсетіп, адамдар арасында өмір сүретін жағымсыз мінез- құлықтарды аяусыз әшкереге алып сындайды әрі мұны пернелеу тәсілі арқылы деректендіріп айқын образ жасап, ой мен тілдің ажарын ашып айшықтайды.
4) Айқындауш (эпитет). зат пен құбылыстың сын-сипатын, бейне-белгісін, мән-жәйін, сан мен сапасын, тағы сондай ерекше белгілерін адам сезіміне әсер етерліктей етіп суреттеп беретін сөздер стилистика ғылымында айқындауш (эпитет) деп аталады. Әдетте, заттың өзіне тән сипат белгісін, түсін, дыбыс-үнін, не басқадай қасиет-ерекшелігін жеткізуде поэтикалық құрал − айқындаудың (эпитеттің) орны ерекше, әрі бұл барлық жанрда өте көп қолданылатын тәсілдердің бірі есебінде жүреді. Көріктеудің бұл түрі шешендік сөз, мақал-мәтел, афоризм- дерде де аса мол ұшырасады. Мысалы: «ақылсыз басқа бадырайған көз бітеді, дуасыз ауызға сылдыраған сөз бітеді», «қатты адам ырымшыл болады, қасаң ат қырыншыл болады», «жемісті ағаш жер бауырлап өседі, жетелі жігіт ел бауыр- лап өседі» (Maqal-matelder, 2008: 220), «Ақылды кітап адамзаттың болашаққа қарап ілгері басқан жолында, қандай да болсын кердегіні жеңуіне көмектеседі» (Т. Хиердал) (Muqanuly 2007:
215) т. б. мұндағы «ақылсыз», «бадырайған»,
«дуасыз», «сылдыраған», «қатты», «қасаң»,
«жемісті», «жетелі», «ақылды» сөздері заттың сын-сипа тын бейнелеп тұр. Афоризмдерде мұндай сөздер баршылық.
5) Символ. бейнелеудің бұл түрі ойды астарлап, бүкпелеп айтудан келіп шыққан. Бы- лайша анықтап айтсақ, символ − бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жа- рыстыра, жарастыра суреттеу деген сөз. Мұнда автор кейде ойын ашық айта алмаған жағдайда астарлауға яғни символдауға барса, кейде жазған шығармасының, ойының жалаң көрінбей, терең философиялық мән алуы, оқырманын тебіреністі әсер мен ойға батыратын сырлы сипат алуы үшін әдейі символдауға барады. Мұндай тәсіл афо- ризмдерде бар. Мысалы: «ел ренжісе, жер көтере алмас ауыр бар; ел қозғалса, қарлы жаңбыр, дауыл бар», «Алла жаққан шырақты ақымақ үрлеп өшіре алмас» (Maqal-matelder, 2008: 220).
Мұндағы «қарлы жаңбыр, дауыл» халықтық күшке символ етілсе, «шырақ» тіршіліктің сим- волы етілген.
6) Шендестіру. екі затты не құбылысты қатар қойып салыстыру арқылы олардың парқын көрсетіп беретін әрі біршама күрделі, мағынасы терең философиялық қағидалардың ұғынықты болуына, образды да жарасымды айтылуы үшін жасалатын салыстыруларды шендестіру дейміз.
Шендестіру тәсілі мақал-мәтел, шешендік сөздер мен афоризмдерде жиі ұшырайды. Мұндағы са- лыстыру екі түрлі, яғни, бірі, біріңғай түрдегі
бірін-бірі шетке қақпайтын, өзара сиысып жа- татын салыстыру. Мұндай салыстыру сәйкестік тауып жатады. Мысалы: «кәрі ат сүріншек, кәрі кісі жаңылшақ», «ұқпасқа айтпа, толмасқа құйма», «ауызға келген сөз арзан, ауылға кел- ген бөз арзан». Ал, енді бір түрі, бірімен-бірі мүлде қарама-қарсы келетін, бірін-бірі шетке қағып, жоққа шғаратын салыстыру. Мысалы:
«жақсы келсе құт, жаман келсе жұт», «ақылды жігіт күндей жарқырайды, ақылсыз жігіт күлдей бұрқырайды» (Maqal-matelder ,2008: 220).
7) Әсірелеу. Әсірелеу (гипербола). мен кішірейту (литота) зат пен құбылысты әдеттегіден тысқары айтып, шектен асыра әсірелеп үлкейтіп суреттеуді әсірелеу десек; керісінше, оны мүлде кішірейтіп айтуды кішірейту дейміз.
Алайда, мұндай асырып көрсетуден яки тым шөмейтіп көрсетуден нанымсыздық тумайды.
Қайта, ондағы ой нанымды түрде, терең әсер қалдырады. Бейнелеудің мұндай тәсілдері, әсіресе, фольклорда өте мол. Ал, мақал-мәтел, афоризмдерде де баршылық. Мысалы: «білім алу инемен құдық қазғандай». ешбір пенде жер бетінде әлі инемен құдық қазбаған шығар-ау.
бірақ, білім алудың қиындығын жеріне жеткізіп айту үшін халық осы әсірелеуді қолданған.
Өзі тойса да, көзі тоймас обырдың образы мына мәтелден тіпті айқын бейнеленген: «түйені түгімен, биені бүгімен» және де «сырдың суы сирағынан келмейді», «бетегеден биік, жусан- нан аласа», «шыбын басына бақ қонса, самұрық сәлем беріп келеді», «ашу жұту − тау жұту»,
«кісідегінің кілті аспанда» (Maqal-matelder, 2008: 220). Осының бәрі адамның көңілін бірден аударып, ойына, сезіміне күшті әсер ету үшін қолданылған әсірелеулер.
Ал, кішірейту де осы тектес. Мысалы:
«ай ат басын бұрғанша, жыл жылқы аунап тұрғанша», «бүлінгеннен бүлдіргі алма» мұнда ай мен жылды ат басын бұру мен жылқының аунап тұруындай ғана деп барынша кішірейтіп көрсетсе, кейінгсінде «олжа», «дүние» дегендерді
«бүлдіргіге» теңеп кішірейтіп көрсеткен.
Қорытынды
Қысқасы, афоризмдерде жоғарыдағы үлгі ретінде айтып өткен поэтикалық тәсілдерден тыс, қайталау, қосарлау, дамыту, метонимия сықылды түрлері де; шешендік түрге құрылған ирония, сарказм түрлері де кездеседі. Мыса- лы: «жаз бойы жайылғанда, қойым-ау майың қайда?!», «ел шетіне қонбасаң, жаудың сенде несі бар?» «ат орнына тай болсаң, даудың сен-
де несі бар?», «жаманның отын алғаны қатын алғандай, тұзға барғаны қызға барғандай», т. б.
афоризмдерде біршама молырақ ұшырасатын
бұл поэтикалық тәсілдер, әрине, оның даралық ерекшелігін айқындап, көркемдік бояуын қанықтай түсетіндігін анық көре аламыз.
Әдебиеттер Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. − ҚХР Кұйтің: Іле, 1999. − 274 б.
Құмарбекұлы А. Қазақтың фальклорлық проза жанрлары туралы. − ҚХР Іле педагогикалық университеті, 1994. − 232 б.
Қазақ халықының философиялық мұрасы, 3-том. − Астана, 2005. − 493 б.
Кеңесбаев �. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. − Алматы, 1962. − 405-б.
Болғанбаев А. Қазақ тіліндегі синонимдер. −Алматы, 1970. − 216 б.
Байтұрсынов A. Шығармалары. − Алматы, 1989. − 389 б.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. −Алматы, 1969. − 271 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. −Алматы, 1960. − 430 б.
Қабдолов З. Сөз өнері. − Алматы, 1983. − 376 б.
Базарбаев М. Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1973. − 254 б.
Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелігі. −Алматы, 1991. − 365 б.
Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты, (Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация қолжазбасы). − Алматы, 1997. − 312 б.
Мақал − мәтелдер. 1-, 2-, 3-томдары. − ҚХР Шинжияң: Халық, 2008.
Мұқанұлы Қ. Сөз сарасы. − ҚХР Шинжияң: Жастар − өрендер, 2008. − 270 б.
References
Aqmetov Z. (1991). Oleng sozdyg teoriasy.[Kazakh poetry theory research]. Kuitig, 274 b. (�n Kazakh)
Qumarbek A. (1994). Qazaqtyg folklorlyq proza janrlary. [On the study of kazak folk novels]. Qulja, 232b.(�n Kazakh) Qazaq qalqynyg filosofialyq murasy.(2005). 3-tоm. [On the kazakh philosophical heritage]. Аstana, 493 b.(�n Kazakh) Kegesbaev �., Musabaev G.(1962). Qazirgi qazaq tili. [Modern kazakh language]. Аlmaty, 405 b. (�n Kazakh) Bolganbaev A.(1970). Qazaq tilindegi sinonimder. [Synonyms in kazakh language]. Аlmaty, 216b.(�n Kazakh) Baitursymov A.(1989). Shygarmalary. [Collection].Аlmaty, 389 b. (�n Kazakh)
Jumaliev Q. (1969).Adebiet teoriasy. [Literary theory]. Аlmaty, 271 b. (�n Kazakh)
Jumaliev Q. (1960).Qazaq adebieti tariqynyg maseleleri jane Abai poeziasynyg tili. [The history of kazakh literature and the language of Abai’s poetry]. Almaty, 430 b. (�n Kazakh)
Qabdolov Z.(1983). Soz oneri. [Literary skills].Аlmaty, 376 b. (�n Kazakh)
Bazarbaev M. (1973).Oleg − sozdig patshasy, soz sarasy. [Poetry skills research].Аlmaty, Jazushy, 254 b.(�n Kazakh) Negimov S. (1991).Aqyn − jyraular poeziasynyg beineliligi. [Aken’s and jraw’s poetry research].Аlmaty, 365 b. (�n Kazakh) Karibozuly B. (1997).Qazaq oleginig ulttyq sipaty(Filologia gylymdarynyn doktory gylymi darejesin alu ushin jazylgan dis- sertasya koljazbasy). [The national characteristics of kazakhpoetry]. Аlmaty, 312 b. (�n Kazakh)
Maqal-matelder. (2008).[Kazakh proverb]. 1-,2-,3-tomdari. �injag, (�n Kazakh) Muqanuly Q.(2007).Sozsarasi.[Kazakh maxim].Urmji: Jastarorender, 270 b. (�n Kazakh)