185
формативного оценивания позволило установить с учащимися обратную связь.
Применяя эти групповые формы на уроках, я заметила, что дети на уроках стали активнее, общаясь в группах, советовались друг с другом, чего не было раньше. Дан- ный подход предполагает активное участие всех учеников. Благоприятная среда способствовала раскрытию творческого и интеллектуального потенциала каждого ребёнка.
Главное, что нужно помнить, что любой вид деятельности, проводимый учителей,принесёт пользу, только если станет результатом каждодневного кропот- ливого труда.
В скором будущем Казахстан планирует выйти на высокий мировой уровень в образовании и в экономики. Необходимость реформирования старой системы стоит на первом плане.
Глава нашего государства в течение 25 лет независимости государства следит за изменениями и за становлением системы образования, чтобы выпускники наших школ были конкурентоспособными на рынке труда.
Президент нашего государства Назарбаев Н.А. отметил: «Нам предстоит большая работа по улучшению качества всех звеньев национального образования(Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана. Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее).
В Послании народу Казахстана "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года Президент РК Н.Назарбаев выделил «Новое качество образования. Нужно ускорить создание собственной передовой системы образования, охватывающей граждан всех возрастов. Ключевым приоритетом образовательных программ должно стать развитие способности к постоянной адаптации к изменениям и усвоению новых знаний. Потребуется пересмотреть подходы к обучению и росту квалификации педагогов……»
Список литературы:
1.Руководство для учителя.Первый (продвинутый уровень) 2015 год .
2.Послание Главы государства Н.А Назарбаева народу Казахстана. Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее.
3.Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу от 10 января 2018 года "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции».
ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ Есіркепова Кенжегүл .Қабылғазықызы
фил.ғыл.канд.
ҚМПИ, Қостанай қ.
Аннотация
Мақалада поэтикалық мәтіндердегі метафоралардың танымдық сипаты талданған.
Сөз мағыналарының метафоралық ауысуы, тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі ретіндегі қолданысы анықталған. Суреткердің немесе ақынның тілін зерттеу барысында өз алдына бөлініп шығатын тақырып - ақынның өзіне тән көркемдік қолтаңбасын ашып көрсету мақсаты көзделген. Ақын тіліндегі сөз - символдар, метафора т.б. тілдік элементтерді эстетикалық қызметте жұмсау принциптері, стильдік ерекшеліктері арқылы көрінетін автор бейнесін ашып талдау қарастырылған.
Аннотация
В статье анализируется когнитивная природа метафор в поэтических текстах.
Метафорическое изменение значения слова, его использование в качестве наиболее важного метода языковой семантики. В изучении языка поэта и его стихотворений заключается в раскрытии поэтической характеристики поэта. Метафоры ипринципы использования
186
лингвистических элементов в эстетическом служении, анализе образа автора с помощью его стилистических особенностей.
Аbstract
The article analyzes the cognitive nature of metaphors in poetic texts. A metaphorical change in the meaning of a word, its use as the most important method of linguistic semantics. In studying the language of the poet and his poems lies in revealing the poetic characteristics of the poet. Metaphors and principles of using linguistic elements in aesthetic service, analysis of the author's image with the help of its stylistic features.
Түйінді сөздер: метафора, поэтика, стиль, окказионализм, поэтикалық мәтін Ключевые слова: метафора, поэтика, стиль, окказионализм, поэтический текст Keywords: metaphor, poetics, style, occasionalism, poetic text
Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем әдебиеттің тілі мен стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда көркемдік тәсілдердің бірі метафораға соқпай кетпейді.
Көптеген ақын-жазушының шығармашылық мәнерін сөз еткенде метафораның танымдық қасиеті мен ерекшеліктері талданады. Себебі, сөз мағыналарының метафора- лық ауысуы тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі болып табылады.
Суреткердің немесе ақынның тілін зерттеу барысында өз алдына бөлініп шығатын тақырып - ақынның өзіне тән көркемдік қолтаңбасы. Бұл орайда, ақын тіліндегі сөз - символдар, метафора т.б., өзі сүйіп, жиі пайдаланған өзге де тілдік элементтерді эстетикалық қызметте жұмсау принциптерін, стильдік ерекшеліктері арқылы көрінетін автор бейнесін ашып талдау да маңызды.
«Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі - бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейді...» [1, 50б]
«Сөз шеберлігінде қиыннан қиыстырған асылды саралау заң. Осы бір қасиетті заңды табанды ұстаған зергерлер өзіндік ою-өрнегімен ақындық әуенмен ерекше танылмақ. Бұл ретте ақын - жазушылардың қаламынан туған индивидуалдық метафоралар, яғни сөздердің метафораны қолдануы пайда болған. Әр түрлі стильдік мақсатта метафоралардың тіркеске түсуі арқылы сөздердің сиымдылығы арта түседі», - дейді ғалым Б. Хасанов [2,217б].
Метафора – тіл табиғатында терең тамыр жайған, әсіресе поэзия әлемінде көп қырлы құбылыстың заттың түрлі баламалық қасиетін ашатын оқырманның эмоциялық сезіміне әсер етіп қана қоймай сөздің жаңа мағына, жаңа мән алуын көрсететін аса күрделі тілдік құбылыс.
«Сравнение не только подготавливает метафору, но и дает ей возможность раскрыться на фоне широкого контекста, на фоне целого», -дейді Р.А. Будагов [3,301б].
Ерекше жеке авторлық метафораларды қабылдау барысында бір топ ассоциа- циялар пайда болады. Оқырманның санасында, метафоралық мағына тудыратын сөздер семантикасынан тыс, қабылдаушы тұлғаның ерекшеліктеріне, психикалық қалпына, интеллектуалды өмірінің сипатына байланысты таза субъективті, қосымша ассоциа- циялар туындайды.
Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі метафора сапалы түрлі бояу бедерге тән тәсіл болғандықтан, сөз зергерінің өзіне ғана тән қолтаңбасын анықтайтын тілдік өрнек деп қарауымыз керек.
Метафоралардың барлық түрі ақын поэзиясында өз ойының көркемдік эстетикалық ерекшелігімен айқындалады. Ақын метафоралар арқылы жаңа бейнелер жасап, қазақ тіл білімі сөзжасамына тың, авторлық қолданыстар әкелді. Өлең жолдарындағы жансыз дүниелердің барлығы жанданып, тіл бітіп, әр түрлі заттық,
187
атауыштық қызметтегі сөздер өлеңнің көркемдік дәрежесін, стильдік жүгін биіктете түсті.
1. Кеңістік. Білмейтіндей жасқауды құр.
Жер-киіз. Шаңырақ-көк.Жақсы-ау ғұмыр! («Туған жер»85б, Ф.О.).
2. Түн.
Аспан-жасыл жайма Жұлдыз-ақық,
Бұлақ-қыз шолпы таққан сылдыратып.
Көк-заңғар, Дала-шалқар.
Бұл сұлулық
тұр менің жүрегімнен жыр құлатып («Туған жер» 2б, Ф.О.).
Өлең шумағындағы метафоралар қазақ халқының мәдениетінен көрініс беретін сөз-символдар. «Шаңырақ», «Киiз үйдегi кеңiстiк» - қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. «Шаңырақ», «Киiз үй» - ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы, рухани мәдениет символы. Оқырманның жан-дүниесіне ой салу мақсатында қолданған метафораларынан ақынның өн бойынан тұнып тұрған ұлттық дүниетанымды байқауға болады. Тілді байытып дамытушы негізгі, маңызды арналардың бірі – ақын-жазушылардың тілі екендігі белгілі.
Кез келген көркем сөз шеберінің метафораны қолдануда өзіндік ерекшелігі мен қолтаңбасы бар.
«Метафора-дүниені, болмысты танудың көзі. Кез келген метафора танымдық қызмет атқарады деуге болады. Оның бейнелілік, көркемдік сияқты қасиеттері мен қызметтерінен гөрі адам ойлауы мен тілінде танымдық қызметінің үлес салмағы басым» [1, 154-б].
Метафоралық тіркестер қай заманда, қай ақынның қолданылуында болсын, автордың ерекше әсерін, ойын, көзқарасын, қатысын білдіреді және әр ретте де ақынның тұжырымды бағасы ретінде айтылады.
Тағы да ақын өлеңдеріне келер болсақ; Фаризадағы метафоралар: сана-батыр қапыда кеткелі тұр, өмір-күрес, шаршамаймын сынып денем, үгілді жаным – нұр тұнбай, заман – толқыны үрейлі, әйел-әйел болғанмен шынында ұлы, көміліп көк теңіздей мұңға жаным, достар-айдын, ел-кемем, үкім-арым, салтанат шамын жақты арман, қорғасын жылдар өктем, үміттердің май шамын алаулатып, түйрелесе де уақыттың жақ-садағы, келіп ем - көңіл күреп, арман сүйреп, желбірейді достықтың ақ шатыры, жігерсіздіктің сіргесі, шабытты демдеу, жатқандай адам күнді іреп, жайлы өмірдің міз бақпас сұр қамалы.
Келіп ем – көңіл күйреп, арман сүйреп, Өмірде бәрі алдамшы, жалған сый деп.
Үміттердің майшамын алаулатып, Сенім септің, жанардан таң ұшқында.
Алдырмайды қаншама ұмтылғанмен Жайлы өмірдің міз қақпас мұз қамалы.
Көңіл-құнан қаншама құйғытқанмен, Болмас шыдам-жарауды таң асырмай.
Жүрек отым шарпылды мұздар соғып, Гүл-сезімім солыпты ызғар сорып.
Ф.Оңғарсынова лирикасындағы тілдік қолданыстағы метафоралардан өлеңнің идеясын аша түсуде бағалаушылық сыр, танымдық қасиет анық байқалады. Мұндай метафораларды қолдану арқылы суреттеп отырған оқиғаға, не құбылысқа өзіндік көзқарасын, қарым-қатынасын білдіріп, айқын тұжырым жасайды. Сонымен қатар ақын оқырманына бейнелі, әсерлі ассоциация туғызып, астарлы ойды жеткізуде, өте дәл
188
тауып, экспрессивтік-эмоциялық қызметі күшті, стильдік бояуы айқын тың қолданыс- тағы метафораларды жасай отырып, ұтымды пайдаланған. Әр жаңа мағынаның туылуы алғашқы таным кезінде ескерусіз, қалтарыста қалған ұғымдардың ойлау арқылы тірілуінде, немесе ерекше қырынан көрінуінде әр деңгейлі, әр сипаттағы, әр семантикалық аймақтардың теңдестірілуінде, адам білімінің жаңа мазмұндық мәннің игерілуінде ғана мүмкін. Ол процесс адамның танымдық ойлау деңгейіне тәуелді.
Ақын жасаған метафоралық мән ұқсастықты көруден ғана емес, ұқсастықты құру- дан және шындық әлемінің рухани қашалған әдіптелген бейнесі метафоралық мәнде аралас өмір сүреді. Жаңа мән құру, яғни нәтиже алу мақсаты әрекет етуші санада пайда болып, нәтиже мағына әуелі санада танымдық деңгейде игеріледі. Бұған, әсіресе шығармалар тіліндегі авторлық индивидуалдық қолданыстағы метафоралар дәлел болады. Мұнда адамның, яғни ақынның өзіндік танымы, ғаламды түсінуі өзгеше көрініс береді.
«Благодаря оценочному моменту в метафоре (всегда имеющему место при ее возникновении и становится возможным бесконечное многообразие эмоциональной окраски предметов и явлений)» деген тұжырымдама айтады Б.С. Мейлах [4,210-б].
Метафора поэтикалық ойлау, қиял, фантазиямен тығыз байланысты. Сөз зергері дүниені ақындық ойлау тұрғысынан, суреткерлік көзбен танып біледі. Сондықтан метафора поэтикалық ойлау мен дүниені көркем танудан туындайды. Метафораның ішінде индивидуалды-авторлық және концептуалдық түрлеріне айрықша көңіл бөліп, жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Өйткені аталған метафора түрлері тілде толассыз, үздіксіз туындап отырады, және де олар ең алдымен ой-танымды бейнелеу, ұғымды атаумен тікелей байланысты.
Ақын шығармалары тіліндегі метафораның қолданылу ерекшелігін зерттеу арқылы заман, қоғам, орта өзгерісіне, дамуына байланысты түрленіп, көркемдігі артқандығын, күрделеніп дамығандығын көреміз. Олардың метафоралары жеке өзіндік дүниетанымы, көзқарасы, сезімін танытумен қатар бүкіл бір ұлттың таным ойлауы көрініс береді.
Мұның өзі метафораларды ортақ өмірден алуына байланысты. Өйткені аталған метафоралар түрлері тілде толасыз, үздіксіз туындап отырады, және де олар ең алдымен ой-танымды бейнелеу, ұғымды атаумен тікелей байланысты.
Жоғарыдағы өлең жолдарынан ақынның өмір көріністерін, сан-қилы құбылыс- тарды табиғаттың тылсым күштерімен қатар алып, сөз өрудегі шеберлігін байқауға болады. Мұндағы метафоралық бейнелер заттық ұғымда жұмсалған ақынның өз қолтаңбасы, контекстте ғана мағынасы ашылатын, терең ойлы окказионал (бірқолданар сөздер) метафоралар болып табылады. Ақын мағына жағынан үйлеспейтін сөздерді үйлестіріп, тосын бейнелер жасап, бір тармақта не болмаса бір шумақта ғана қолданып бейнелілігін арттырған. Ендеше окказионал сөздер туралы зерттеуші Л. Еспекова мынадай сипаттама береді:
«Окказионализмдер дегеніміз – белгілі бір қаламгерге тән, тосыннан пайда болатын, тілдің сөз тудыру тәсілдеріне сәйкес те, сәйкессіз де жасалатын, контекст қалауына қарай қызмет атқаратын, әдеби тілімізге, сөздіктерге кіру қабілеті шектеулі, үнемі жаңашылдығымен, экспрессивтілігімен ерекшеленетін бір қолданар сөздер», - дейді [5, 40б].
Жалпы кез келген, суреткердің өзіндік авторлық қолданыстарын қарастырғанда, олардың соны жаңа сөз жасауда сөзжасам мүмкіндіктерін қаншалықты жарата алғанын, соның негізінде тіл мүмкіншілігін көрсетудегі өзіндік ерекшелігін таныту болып табылады. Ендеше, ақын тіліндегі бірқолданар метафоралар бір нәрсені екіншіге балап, мәндес құбылыстарды ұқсатып қана қоймай, танымдық мағынаны береді.
Е.Ханпира окказионал метафоралардың пайда болу себебін былай түсіндіреді:
«Метафоричность окказионализма не результат переноса значения самого
189
окказионализма. Переносного значения окказионального слова вообще не может быть, либо не может быть самого переноса; в котором только и существует. Перенос происходит на стадии образования окказионального слова как перенос значения производящей основы» [6, 224б].
Ақын поэзиясында контексте ғана көрінетін окказионал метафоралар тың образдар жасауда олардың ізденімпаздығын, сөз құдіретін танытуда өте ұтымды жұм- салғандығын байқауға болады. Кейбір ойдың метафоралылығы сөз саптаудың қысқалығын емес, жайылымдылығын көрсетеді. Мұндайда метафораның ұлғайған авторлық түрі молынан қолданылады. Бұл ақында көбінесе терең толғаныс кездеріндегі көңіл-күйді суреттеуде көп кездеседі.
Түйрелсе де уақыттың жақ-садағы, Тынған емес жанымның асқақ әні.
Ілесіп ой мен жел бірге, Жатқандай адам күнді іреп.
Күншілдіктің сүлігі сананы жеп Қуанбайды – есінен танады кеп.
Өзімшілдік ізеттің жұтып әнін, Содан жанды қинауда үкім-арым.
Метафораның әр түрінен келтірілген мысалдар арқылы ақынның өзіне дейінгі поэтик тілдердің үлгілерін толық меңгеріп, әр түрлі өмір құбылыстарын сурететуде оны өз керегіне жарата алғандығын көреміз. Алайда уақыт, ақын танымы күрделенгеннен кейін ой мен тіл көркемдігі дамыған тұста, жоғарыда келтірілген мысалдардан ақын тілінің ерекшелігін аңғартатын индивидуалды-авторлық метафораларына куә болып отырмыз.
Бұл метафоралық сөз тіркестерінен ақынның биік талғамы, логикалық ой еркіндігі табиғатпен, жаратылыс әлемімен бірге тоғысып, бірге тебіренісін, жан қиналысын байқауға болады. Сонымен қатар өмірде кездесетін жат қылықтар бейнесін метафоралық тәсіл арқылы оқырманға ой сала жеткізе, кейбір құбылыстардың адамның жан-дүниесіне әсер ететіндігін шебер суреттейді. Жоғарыдағы келтірілген метафоралар ақынның өзі жасаған тосын сөз тіркестері, сөйлемшелер екені анық, айқын көрінеді.
Суреткер әр ойды, әр сөзді бейнемен мүсіндейді.
Ақын тікелей өзінің көңіл-күйін ешкім түсіне, сезіне бермейтін ішкі сиқыр әлемінің қыр-сырын соны метафоралық тіркестермен қолдануы суреткердің эстети- калық талғампаздығын, айтайын деген ойын шұрайлы, мағыналы жеткізудің көркемдігін көрсетеді. Метафоралардың семантикасы контексте ғана ашылып, ақынның түйсінуімен сабақтастырылып күрделі дүниелерді бере білген. Бұдан Ф.Оңғарсынова қолданған сөздердің түп төркіні ұлттық тіліміздің негізінде жатқандығын аңғаруға болады.
Қорыта айтқанда, поэтикалық мәтіндердегі метафоралардың қолданысынан жеке адамның ғана емес, сонымен қатар бүкіл бір ұлттың ойлау, әлемді бейнелі тану ерекшеліктерін байқауға болады.
Әдебиеттер тізімі
1.Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар. – Алматы. 2002. КазМҰУ.
2. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы.-Алматы. 1966.-214-б.
3. Будагов Р.А. Человек и его язык. Издательство Московского университета. – Москва.
197б. 301-301с.
4. Мейлах Б.С. Вопросы литературы и эстетики. Л., 1985.-210-б.
5.Еспекова Л. Қ.Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер. Фил.ғыл.канд...дисс.- Алматы.1998
6.Ханпира Е. Окказиональные элементы в современной речи. Стилистическое исследование.- Москва: Наука. 1972.-224-б.
190
7. Кеңесбаев І., Ғ.Мұсабаев.Қазіргі қазақ тілі. – Алматы,1962.-236б.
РАЗВИТИЕ СПОСОБНОСТЕЙ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ И НАВЫКОВ САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПОИСКА ИНФОРМАЦИИ
ЧЕРЕЗ ПРИМЕНЕНИЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧАЩИХСЯ
Ефимик Вера Сергеевна ГУ «Смирновская средняя школа отдела образования акимата Карабалыкского района Аннотация
Мақалада оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдануға, сыни ойлауды дамытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің пікірінше, білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаты болып табылатын тәуелсіз ақпарат алу дағдыларын дамыту арқылы жаңа білім алу жолдары ретінде қарастырылады.
Аннотация
В статье говорится о применении научно-исследовательской деятельности учащихся, как об одном из способов получения новых знаний через развитие критического мышления и навыков самостоятельного поиска информации, что по мнению Президента Республики Казахстан является целью обновленного содержания образования.
Аbstract
The article refers to the application of research activities of students as one of the ways to gain new knowledge through the development of critical thinking and the skills of independent information retrieval, which in the opinion of the President of the Republic of Kazakhstan is the goal of the updated content of education.
Түйінді сөздер: зерттеу қызметі, зерттеу, зерттеу дағдылары, байқау, эксперимент, зерттеу дағдылары, өзін-өзітану, өзін-өзітәрбиелеу.
Ключевые слова: научно-исследовательская деятельность, исследование, исследовательские умения, наблюдение, эксперимент, исследовательский навык, самообучение, самовоспитание.
Keywords: research activity, research, research skills, observation, в, research skill, self- education, self-education.
Наша задача – сделать образование центральным звеном новой модели экономического роста. Учебные программы необходимо нацелить на развитие способностей критического мышления и навыков самостоятельного поиска информации. (Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 31 января 2017 г.)
В современном мире стали очевидными успешность и востребованность человека эрудированного, умеющего аргументировать, доказывать свою точку зрения, имеющего творческий потенциал. Надо готовить себя к тому, что знание важно не только усваивать, но и преумножать, перерабатывать, использовать его практически.
Вот почему важно приобщать детей к научно- исследовательской деятельности уже в школьные годы. Исследовательская деятельность именно та организация учебной работы, при которой учащиеся осваивают элементы научных методов, овладевают умением самостоятельно добывать новые знания, планировать поиск, и применять знания по биологи и химии в реальной жизни. В процессе такого обучения школьники учатся мыслить логически, научно, творчески, испытывают уверенность в своих возможностях.
Химия, биология и естествознание те школьные курсы, в которых имеются реальные возможности приобщить учащихся к исследовательской работе, развить их творческие способности. Длительные наблюдения, эксперимент, самостоятельные