• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

An attitude of the world countries to the use of cryptocurrency and analysis of the situation in Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "An attitude of the world countries to the use of cryptocurrency and analysis of the situation in Kazakhstan"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

Кіріспе. Ақшаның дамуының қазіргі кезеңі ақпараттық технологиялар саласындағы инте- рактивті жұмыстарға негізделген әлемдік эко- номикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде виртуалды экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Ақшаның жаңа формаларының дамуы ақпараттық сфера мен ақпараттық қоғамның белсенділігі және тереңдеуі нәти- жесінде туындап отыр. Осы жағдайлар мен технологиялық инновацияның әсерімен эко- номика жаңа мәнге ие болды. Экономикалық қызметтің барлық саласында, оның ішінде, қаржы саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алуда [1].

Бұл өзгерістердің көрінісі транзакция- лардың электронды форматқа ауысуы, жаңа

А.О. Сыздықова1, Ж.К. Жетибаев2

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан (E-mail:1aziza.syzdykova@ayu.edu.kz, 2zhanture.zhetibayev@ayu.edu.kz )

Әлемде криптовалютаны пайдалануға қатысты елдердің көзқарасы және Қазақстандағы жағдайды талдау

Аңдатпа. Криптовалюта – бұл интернет арқылы құндылықтарды беру үшін цифр- лау технологиясын ғана пайдаланатын цифрлық валюта. Бүгінгі күні криптовалюта саудасы қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай келеді. Бірақ бұл валютаны және оның нарығын мінсіз деп атауға болмайды. Криптовалюталар өзгермелі сипатына, қызмет- ті заңсыз қаржыландыруға және орталық эмитенттің болмауына байланысты үлкен тәуекелге ие. Банкроттық жағдайында кепілдік орталығы болып табылатын заңды ресми органның болмауы пайдаланушылар үшін әлі де қауіп болып табылады. Зерттеу барысында биткоин 2008 жылы нарыққа шыққанына қарамастан, көптеген елдерде осы күнге дейін криптовалюталарды реттейтін, шектейтін немесе тыйым салатын ашық жүйелер жоқ екендігі айқындалды. Көптеген елдер әлі де криптовалюталарды реттеу жолдарын талдайды. Жалпы, биткоин әлемнің көп бөлігі үшін белгісіз сипатта қалып отыр. Зерттеудің мақсаты - шет елдердің орталық банктері, Халықаралық және жеке қаржылық ұйымдардың криптовалюталарды пайдалану мен реттеу бойынша тәжіри- белерін талдай отырып, Қазақстан экономикасында криптовалютаны қолдану мүм- кіндігін зерттеу болып табылады.

Түйін сөздер: криптовалюта, биткоин, биткоинге көзқарас, Ұлттық банк, Еуропа- лық Одақ, Халықаралық валюта қоры.

DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-3-147-156

төлем құралдары мен жүйелерінің пай- да болуы болып табылады. Бұл зерттеуде қаржылық технологиялар саласындағы ең жаңа жаңалықтардың бірі болып табылатын криптовалюталар қарастырылады. Күн сайын жаңа криптовалюталардың пайда болуымен, бүгінгі күн жалпы 54741 криптовалютаның түрі бар. Криптовалюталардың, тіпті, он жылдық тарихы болмаса да, осы технологи- ялық жаңалықтың транзакция көлемін, тара- луы мен алуан түрлілігін ескере отырып, бұл мәселені зерттеу және талқылау маңызды бо- лып табылады.

Криптовалюталар көптеген елдерде күн- делікті өмірде және коммерциялық қызметте, нақты және виртуалды тауарлар мен қызмет

1https://coinmarketcap.com/all/views/all/ Қаралған күні: 15.05.2020

(2)

көрсетулерде төлем құралы ретінде қолда- нылуда, оларды көптеген халықаралық ком- паниялар қабылдайды және де биржаларда саудаланады. Айналымдағы кпиртовалюта- лардың жалпы көлемі 259 млрд. АҚШ дол- ларын құрайды (https://coinmarketcap.com/).

Сондықтан криптовалюталардың халықара- лық қаржы саласында алатын орны мен маңы- здылығын ескерген жөн.

Бұл тұрғыда зерттеу, ең алдымен, крипто- валюталардың негізгі ерекшеліктерін қа- растырады. Әдебиеттерге сүйене отырып,

халықаралық ұйымдардың, шет мемлекет- тердің орталық банктерінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің криптовалютаны тануға және реттеуге қатысты көзқарастары талда- нып, Қазақстанда криптовалютаны қолдануға қатысты перспективалар бағаланды.

Криптовалюта және биткоин. Алғашқы криптовалюта болып табылатын биткоин, 2008 жылдың 31 қазанында Сатоши Накамо- то криптографиялық электрондық пошта то- бында «Биткоин: P2P2 электрондық қолма-қол ақша жүйесі» атты мақаласымен жарияланды Кесте1.

Топ-20 криптовалюталардың ағымдағы құны және капитализациясы (АҚШ доллары)

2Ағылшынша Peer-to-Peer жүйесі; қазақша «Тең-теңімен» деп аударылады.

(3)

[2]. Мақалада орталық билікке негізделмеген, P2P ортада жұмыс істейтін, ғаламтор арқылы қол жеткізуге болатын және мен қолма-қол ақшаның күнделікті өмірдегі функциясын электронды коммерция арқылы орындауға арналған бұрын-соңды болмаған электрон- дық ақша жүйесі енгізілді.

Биткоин арқылы нақты өнімді алғашқы са- тып алуды 2010 жылы АҚШ тұрғыны жүзеге асырды. Екі пиццаны 50 долларға сатып алған- да, ол 10.000 биткоин төледі [3]. Қазіргі уақыт- та әлемде бес мыңнан астам криптовалюта бар, бірақ биткоин ең танымал криптовалюта болып табылады. Криптовалюталардың бүкіл нарығының 65%-дан астамы биткоинге тиесілі, 2020 жылғы 03 мамырда биткоиннің капита- лизациясы 167,5 млрд долларға тең. Капита- лизация тұрғысынан екінші орында Ethereum 23,9 млрд. долларды құрайды. Ripple үшінші орынға ие; оның капитализация көлемі 9,8 млрд. АҚШ долларын құрайды (1- кесте).

2020 жылғы 03 мамырдағы жағдай бойын- ша нарықтардағы ең ірі криптовалюталардың бағасы, көлемі және капитализациясы төмен- дегі кестеде келтірілген.

Халықаралық ұйымдар мен елдердің криптовалютаға көзқарасы. Дүние жүзін- дегі бірқатар халықаралық ұйымдар өздері дайындаған және өз мамандықтары бойын- ша бөлісетін есептер, анықтамалықтар мен оқу құралдарымен криптовалюта жүйелеріне қатысты мәселелерді талқылауға өз үлестерін қосады. Халықаралық ұйымдардың жұмысы криптовалюталардың ықтимал пайдасы мен тәуекелі туралы бірауыздылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық ұйымдардың көзқарасы.

Еуропалық Одақ (ЕО) криптовалюта өзгері- стерін қадағаласа да, заңдылық, қабылдау не- месе реттеу туралы ресми шешім қабылдаған жоқ. Сондықтар ЕО-ның жекелеген елдері криптоваютаға қатысты өздерінің ұстанымда- рын жасады: Финляндияда Орталық салық

басқармасы биткоинді қаржылық қызмет ретінде жіктеп, қосымша құн салығынан бо- сатқан. Биткоин Финляндияда валюта емес, өнім болып саналады. Бельгияның мемлекет- тік қызмет көрсету федералды қаржысы да биткоинді қосымша құн салығынан босатты.

Кипрде биткоин бақыланбайды және реттел- мейді. Ұлыбританияның Қаржылық басқа- ру органы (Financial Conduct Authority- FCA) биткоинді қолдайды және реттеуші ортаның сандық валютаны қолдауын сұрайды, сон- дай-ақ биткоин Ұлыбританиядағы белгілі бір салық ережелерімен қамтылған [4]. Болгария Ұлттық Кірістер Агенттігі (National Revenue Agency- NRA) қолданыстағы заңнамаға сәй- кес биткоинді қолдайды. Германияда бит- коин заңды түрде қабылданған, бірақ билік органдарының қор нарығына, кеншілерге, кәсіпорындарға немесе пайдаланушыларға қызығушылығына байланысты әртүрлі салық салынады.

Қаржылық әрекет жөніндегі тапсырма- лар тобы (Financial Action Task Force - FATF3), криптовалюталармен жұмыс жасайтын ха- лықаралық ұйымдардың бірі, ол виртуалды валюталарға қатысты тұжырымдамалық негіз жасай отырып, 2014 жылғы маусымда жария- лаған баяндамасында криптовалюталарды ин- тернет-төлем жүйелері деп сипаттайды және виртуалды валюталардың ақшаны жылыстату және террористік қаржыландырудың алдын алу тұрғысынан болатын қауіп-қатерлерді жіктейді [5, 6].

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (United Nations Office on Drugs and Crime- UNODC4) 2014 жылы

«Виртуалды валюталарды пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңда- стыру және тергеу туралы негізгі анықтама- лықты» шығарды. Бұл басылым GUAM ел- дерінің (Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова) ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қи- мыл және аймақтық және ұлттық деңгейлер-

3FATF - бұл ақшаны жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландырумен күрес саласындағы ұлттық және халықаралық аренада саясатты әзірлейтін және қолдайтын негізгі халықаралық ұйым.

4UNODC - заңсыз есірткі мен халықаралық қылмысқа қарсы күресетін Біріккен Ұлттар Ұйымының еншілес ұйымы болып та- былады.

(4)

дегі қылмыстық жолмен алынған кірістерді алу жөніндегі әлеуетін нығайту жөніндегі жо- бада ұсынылған [7].

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2014 жылы «Биткоин мәселесі:

Валютаға қарсы қауіпті трансферт технологи- ясы» зерттеу жазбасында биткоин мысалында криптовалюта мәселесін қарады. ЭЫДҰ-ның ресми көрінісі ретінде ұсынылмайтын ЭЫ- ДҰ-ның Қаржы, сақтандыру және жеке зей- нетақы туралы жарияланған жарияланымда

«қаржылық дағдарыс (2008 жылғы) барлық делдалдардың сенімдерінің жоғалуына себеп болды және бұл сенімге негізделген өңдеуді алып тастайтын балама технологиялардың жалпы қабылдануына әкелді, криптовалюта- лар да орталықтандырылмаған валюта ретін- де осыған кіреді» деп айтылады.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2016 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған «Виртуалды валюталар және одан тыс: бастапқы шолулар» баяндамасында виртуалды валюталарға, оның ішінде крипто- валюталарға қатысты кең бағалаулар жасады.

Еуропалық орталық банк виртуалды валю- талар туралы алғашқы зерттеуін 2012 жылдың қазан айында «Виртуалды валюта схемала- ры» атауымен жариялады. Баяндамада вир- туалды валюталардың жалпы анықтамасы, салыстыруы және жіктелуінен кейін биткоин және Second Life виртуалды валюта үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылған. Соңғы бөлім- де орталық банктер үшін виртуалды валю- талардың тәуекелдері бағаланған. Тиісінше, виртуалды валюталар ақшаның эмиссиясы төмен деңгейде жалғасқан жағдайда баға тұрақтылығына қауіп төндірмейді [8]. Баянда- мада биткоиннің құқықтық мәртебесі де көр- сетілген. Одақтың электронды ақша дирек- тивасына сәйкес, биткоин электрондық ақша емес. Себебі биткоин директивадағы элек- тронды валюта бірлігі ретінде көрсетілген үш шарттың екіншісі болып табылатын «қорды алған кезде оның орнына көрсетілген ақшалай құндылықтан кем емес» талаптарын орында- майды. Сонымен қатар, биткоинді төлем қы- зметтері директивасына сәйкес төлем құралы ретінде қабылдау да мүмкін емес. Өйткені бұл

нұсқаулық төлем мекемелеріне электронды ақша шығаруға мүмкіндік бермейді.

Жекелеген елдерде биткоинның құқықтық мәртебесі. Биткоин және басқа да криптовалюталар қазіргі кезде әлемнің көп- теген елдерінде құпталады. Алайда, кейбір елдер криптовалюталар мен оларды пайдала- нуға тыйым салған. Елдер криптовалюталар- дың орталықтандырылмаған сипатына, олар- дың қазіргі қаржы жүйесіне төнетін қауіпті қабылдауға, есірткі саудасымен және ақшаны жылыстатумен байланысты заңсыз әрекеттер- ге қатысты болуына байланысты сақтық таны- тады. Кейбір елдерде криптовалюталар заңды түрде қабылданды, ал кейбір елдерде тиісті ережелер қабылданбағандықтан криптова- люталарға тыйым салынды (2-кесте).

Кестеге сәйкес, кейбір елдердің ресми түрде криптовалюталарға тыйым салғаны байқала- ды, кейбіреулерінде пікірталастар жалғасуда, ал басқалары бұл монеталарды пайдалануға заңды түрде рұқсат береді. Әлемдегі көпте- ген мемлекеттер биткоинге қарсы оң көзқарас танытса да, олар өз азаматтарын бағалардың құбылмалылығы, ешқандай орталық биліктің болмауы және ешқандай физикалық акти- впен байланысты болмау туралы ескертеді [9].

Жапония, Канада, АҚШ, Франция, Англия, Германия сияқты елдерде биткоин қолдану өте кең. Әлемдегі алғашқы биткоин банко- маты Канадада. АҚШ әлемдегі биткоин сау- да-саттық көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Көптеген елдер АҚШ-тың крипто- валюталарды құқықтық реттеу мен реттеуге қатысты көзқарастары мен тәсілдерінің нәти- желерін күтеді. АҚШ-та криптовалюта тура- лы ережелерді жекелеген штаттар қабылдай- ды, өйткені Федералды үкімет міндетті шешім қабылдаған жоқ. Сол себепті Нью-Йорк, Ари- зона, Мэн, Невада және Вермонт штаттары блокчейн және ақылды келісімшарттарға қа- тысты өздерінің заңды нормаларын жасады.

Ұлттық кірістер басқармасы (Internal Revenue Service -IRS) 2014 жылы жасаған мәлімдемесін- де виртуалды ақша саудасынан түскен табыс капиталды ұлғайту тұрғысынан мүлік ретінде қарастырылатынын мәлімдеді.

АҚШ биткоинге жалпы оң көзқарасты ұстанғанымен, бірнеше мемлекеттік органдар

(5)

Тыйым салынған елдер

Шектеу қойған елдер (сату немесе төлем жасау үшін пайдалану

мүмкін емес)

Заңды болып табыла- тын елдер

Мәртебесі белгісіз

Ауғанстан Пәкістан Алжир Боливия Бангладеш Македония Республикасы Сауд Арабиясы Катар

Вануату Вьетнам

Қытай Үндістан Эквадор Индонезия Марокко Замбия Непал Египет

Американдық Самоа

Жапония Гибралтар Мальта Украина Швейцария Нидерланды Литва Эстония Ұлыбритания Германия Бермуд Словения Сингапур Грузия Беларусь Гонконг

Албания Андорра Аргентина Барбадос Колумбия

Француз Гвианасы Габон

Ямайка Иордания Қазақстан Кения Косово Қырғызстан Малайзия

Мальдив аралдары Маврикий

Нигерия Панама Парагвай Перу Тунис БАӘ Танзания Уругвай

Кесте 2 Криптовалютаның құқықтық мәртебесі

Дереккөз: https://is.gd/dFEHCU Қаралған күні: 10.06.2020 заңсыз мәмілелер жасауда биткоинді пайдала-

нуды болдырмауға немесе азайтуға тырысады.

Сонымен қатар, АҚШ-та Dish Network (DISH), Microsoft Store, сэндвич сатушы Subway және Overstock.com (OSTK) сияқты жетекші компа- ниялар төлемдерді биткоинмен қабылдайды [10].

Канадада көптеген биткоин инновациялық компаниялары орналасқан. Ұзақ талқыла- улардан кейін биткоин «Ақша жылыстату және терроризмді қаржыландыру» туралы заң бойынша реттелді. Биткоинді Канаданың кірістер агенттігі (Canada Revenue Agency -CRA) тауар деп санайды. Бұл биткоин тран- закциялары бартерлік операциялар ретінде

қарастырылады, ал алынған табыс бизнестің кірісі деп саналады. Сондай-ақ, салық салу жеке адамның сауда-саттықпен айналысатын- дығына немесе тек инвестиция салуға кірісуіне байланысты. Канадада биткоин биржаларын- да Канаданың қаржылық операциялары мен есептерін талдау орталығында (The Financial Transactions and Reports Analysis Centre of Canada -FINTRAC) тіркелу, күдікті операция- лар туралы есеп беру, сәйкестік жоспарларын орындау және тіпті кейбір жазбаларды жүргі- зу талап етіледі. Сондай-ақ, кейбір канадалық банктер биткоин операциялары үшін неси- елік немесе дебеттік карталарын пайдалануға тыйым салды [11].

(6)

Жапония - виртуалды валюталардың сөзсіз үлкен «қорғаушысы» болып табылады. 2014 жылы көп елдер бұл жүйелерге тыйым салған кезде Жапония құқықтық реттеуді іздейтінін жариялады. 2016 жылы Қаржы қызметтері агенттігі (Financial Services Agency - FSA) вир- туалды валюталардың дәстүрлі валюталар- мен бірдей мәртебеге ие болуын ұсынды. 2016 жылы ұлттық ассамблеяда қабылданған заңда виртуалды валютаның анықтамасымен қатар, клирингтік орталықтардың жұмыс тәртібі, олардың тіркелуі мен міндеттері анықтал- ды. 2017 жылы FSA виртуалды валюталарды төлем әдісі ретінде қабылдауды қарастыратын заң қабылдады. Жапон банктерінің консорци- умы 2020 жылғы Олимпиада алдында JCoin деп аталатын виртуалды валюта шығаруды жоспарлап отыр [12].

Қытай виртуалды валюталарды виртуал- ды тауар ретінде қабылдайды. Қытай банкі биткоиннің нақты ақша емес екенін мәлім- деді және оны 2014 жылы пайдалануға тый- ым салды. Алайда, 2016 жылдың қаңтарында Қытайдың Орталық банкі өзінің сандық валю- тасын әзірлеуге қатысты біршама жұмыстар жасады. Қытай заңды реттеудің жоқтығынан, капиталдың елден «қашып кетпеуі» үшін 2017 жылы криптовалюта туралы қатаң ережелер жасады. Қаржы институттары мен үшінші тараптардың төлем провайдерлеріне вирту- алды валюталарды сатып алуға, сатуға және ұстауға тыйым салынады. Қытай банкі вирту- алды валюталардың биржаларын тиісті реги- стрлерде тіркеуді және транзакциялар қатаң тексерулерге ұшырайтындығын мәлімдеді.

Виртуалды валюталармен жаппай капитал жинау бойынша іс-шараларға (бастапқы мо- неталар ұсынысы, ICO) Қытайдағы компания- лар немесе жеке тұлғаларға тыйым салынады.

Ресей Федералды салық қызметінің 2016 жылғы қарашадағы мәліметтері бойынша биткоиндер «заңсыз емес» болып табылады.

Ал Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев 2017 жылдың қыркүйегінде криптовалюта төлемдерін қа- былдау «мүмкін емес» деп мәлімдеген. Битко- ин нарығындағы сайттар бұғатталған, ал сот шешімдерінде биткоин Ресей Федерациясы-

ның аумағында тыйым салынған валюталық суррогат екендігі айтылған. Сонымен қатар Ресейдің Орталық банкі және Росфинмони- торинг өздерінің ақпараттық өтініштерінде Ресей азаматтарына бірнеше рет криптовалю- талармен жүргізілетін барлық операциялар алып-сатарлық және құндылығын жоғалту қаупі бар екенін ескертті. Ресейдің Орталық банкі: «Криптовалюталармен жасалатын көп- теген операциялар Ресей Федерациясының және басқа да мемлекеттердің заңнамалық реттеу шеңберінен тыс жерде жүзеге асыры- лады. Криптовалюталарға Ресей Банкі кепіл- дік бермейді немесе ұсынбайды» деп мәлімде- ме жасаған. Қазіргі кезде рубльге және шетел валютасына криптовалюта айырбастауға рұқ- сат етіледі, бірақ операциялар тек лицензия- сы бар операторлар арқылы жүзеге асырыла- ды [13].

Орталық Азия елдерінен Қырғызстан мен Өзбекстан да «биткоин досы» елдер ретінде қарастырылады. Өзбекстанда 2018 жылғы 2 қыркүйекте криптовалютаны заңдастыратын, сонымен бірге, оны салықтан босататын қаулы күшіне енді және елдегі «тау-кен өндірісіне»

рұқсат етілді. Ал Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес биткоин тауар болып са- налады (бағалы қағаз немесе валюта санатына жатпайды) және заңды түрде өндіріліп, сатып алынуы, сатылуы және жергілікті тауар бир- жасында сатылуы мүмкін. Алайда, биткоинді ішкі есеп айырысуларда валюта ретінде пай- далануға тыйым салынады [13].

Қазақстандағы биткоинның құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасының Ұлт- тық Банкі республика аумағында жалғыз заң- ды валюта - теңге болып табылады, сондықтан ел аумағында криптовалюта төлем құралы ретінде пайдаланыла алмайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері департа- ментінің хабарлауынша: «Тікелей реттеу бол- маса да, қаржы секторындағы криптовалю- таларды жеке немесе клиенттік операциялар үшін және оны есептеу бірлігі ретінде пайда- лану заңсыз болып табылады» [14].

Мұндай шектеулердің себебі ережелер жүйесінің болмауы және виртуалды валюта нарығын реттеудің мүмкін еместігі, крипто-

(7)

валюталардан туындайтын қауіптер мен тәуе- келдер болып табылады, атап айтқанда:

- Виртуалды валюталарды заңсыз мәміле- лер жасау, есірткі, қару және басқа тыйым салынған тауарлардың айналымы үшін пай- далану;

- Бәсекелестіктің өсуіне және ұлттық қаржы институттарының нарықтық позициялары- ның жоғалуына байланысты шетелдік қаржы институттарының ішкі нарыққа кеңеюі;

- Ақша шығару кезінде мемлекеттік моно- полиядан айрылу;

- Орталық банктің сеньораж табыстарының азаюы;

- Ұлттық валютаға деген сұраныстың төмен- деуіне және құнсыздануына әкеліп соқтырады (тіпті, шетел валютасының пайдасына бас тар- ту) және айналым жылдамдығының өзгеруі, бұл өз кезегінде ақша айналымы жылдам- дығын және ақша-несиелік реттеуді анықтау процесін қиындатады;

- Ақша массасының көп бөлігі ақша-кре- дит реттеушісінің бақылауынан тыс болатын- дықтан; ақша-кредит саясатының тиімді жүр- гізілуінің мүмкін еместігі;

- Қаржылық ықпал ету деңгейін төмендету немесе жою.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы криптовалюталардың бағасын то- лығымен болжау мүмкін емес деп санайды;

оларда инвесторларға, соның ішінде, халыққа ақшаны қайтаруға кепілдік бере алатын жау- апты эмитент жоқ. Сонымен қатар, крипто- валюталармен жасалатын операциялар- дың ашықтығы салдарынан оларды ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржы- ландыру үшін пайдалану ықтималдығы жоға- ры. Осының бәрі орталық банктердің ғана крипто-валютаның монополиялық эмиссия- сы туралы шешім қабылдау, виртуалды валю- талардың даму мониторингі, олардың айна- лымы, реттеу, реттеушінің «қамқорлығымен»

және бақылауымен ұлттық төлем жүйелерін дамыту үшін салмақты себеп болып табыла- ды.

Қорытынды. Криптовалюталар жылдам аударым жүйелерімен, арзан шығындармен және жылдам ақша аудару қызметімен кең

қолданыс тауып келеді. Алайда, оның орта- лықтандырылмаған құрылымы мен ақша массасын бақылау механизмінің болмауына байланысты, көптеген елдерде криптовалю- таларға заңды түрде рұқсат етілген жоқ, сон- дықтан бұл салада заңнамалық актілер жасал- мады. Алайда, оның пайда болуы интернет революциясы ретінде қарастырылады және көптеген елдерде мен аймақтарда қазіргі кез- де өзгерістің жаңа құралы ретінде қолданыла алады. Көптеген елдерде криптовалюта заң- ды төлем құралы болып табылады. Сонымен қатар, бірқатар елдерде криптовалюталарды заңды төлемдер ретінде қабылдауға болмай- тындығы, олардың ұлттық валюталарға теріс әсері, алаяқтық әрекетте пайдаланылу қа- упі және оларды салық органдарының қалай бағалайтындығы туралы мәселе әлі күнге дей- ін пікірталас тудырады.

Осыған қарамастан, қаржылық сарапшы- лар виртуалды валюталардың танымалдығы артатындығын болжайды. Қазіргі уақытта кейбір ірі банктер, қорлар, компаниялар қаржы операциялары нарығының осы жаңа бөлігінде көшбасшылық позицияларды ием- денуді және виртуалды валютаны өздерінің бизнес-қызметтеріне интеграциялауды мақ- сат ете отырып, осы қаржылық жаңашыл- дықты жиі қолдана бастады. Алайда, кейбір сарапшылар бүкіл әлемдегі виртуалды ва- люталарға деген көзқарас белгісіз екендігін растайды. Қаржы нарығына қатысушылар- дың көпшілігі криптовалюталарды қаржы жүйесіне қауіп ретінде қарастырады. Атап айтқанда, Еуропалық орталық банк виртуал- ды валюталарды қолдануға қарсы ескертеді.

Сарапшылар жаһандық ауқымда қаржылық инновацияларды реттеу шексіз емес екенін айтады. Орталық банктер виртуалды валю- таларға қатысты жиі қолданылатын шек- теу жүйесі арқылы күту күйін және жұмсақ келісімді таңдайды.

Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерін- де ресми билік Биткоин желісін заңсыз опера- циялар мен салықтан жалтаруды ұйымдасты- ру үшін қолайлы орта ретінде қарастырады, сондықтан биткоин және басқа да сандық ва- люталарды пайдаланудан аулақ болады, бұл басқа дәстүрлі валюталармен сауданы қиын-

(8)

датады. Біздің ойымызша, Қазақстанда ха- лықтың сандық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және осы саладағы заңнама-

ны қатаңдату арқылы криптовалюта пирамид инвестициялық бағдарламаларының пайда болуының алдын алуға болады.

Әдебиеттер тізімі

1. Šimonová J., Čentéš J., & Beleš A. Financial analysis of innovative forms of money//Entrepreneurship and Sustainability Issues. -2019. -Vol. 7(1). - P. 69-80.

2. Nakamoto S. Bitcoin: A peer-to-peer electronic cash system. Bitcoin. 2008. [Electronic resource] – URL:

https://bitcoin. org/bitcoin. pdf. (Қаралған күні: 18.05.2020)

3. Popper N. (2016). A Bitcoin believer’s crisis of faith. New York Times. [Electronic resource] - URL: https://

is.gd/32tvDj (Accessed: 19.05.2020)

4. Cryptocurrency Regulations in the UK. [Электрон. ресурс] - URL: https://is.gd/xSa2rC (Accessed:

19.05.2020)

5. Financial Action Task Force (FATF) Virtual Currencies - Key Definitions and Potential AML/CFT Risks.

2014. [Electronic resource] - URL: https://is.gd/Parquq (Accessed: 17.05.2020)

6. Financial Action Task Force (FATF). (2015). Guidance For A Risk-Based Approach Virtual Currencies, [Electronic resource] - URL: https://is.gd/hZLJUT (Accessed: 17.05.2020)

7. UNODC. Basic Manual on the Detection And Investigation of the Laundering of Crime Proceeds Using Virtual Currencies, 2014. [Electronic resource] - URL: https://is.gd/2AqZOt (Accessed: 17.05.2020)

8. European Central Bank (ECB). Virtual Currency Schemes – A Further Analysis, 2015. [Электрон. ресурс]

- URL: https://is.gd/qKAskp (Accessed: 18.05.2020)

9. Çarkacıoğlu A. Kripto-para bitcoin. Sermaye Piyasası Kurulu Araştırma Dairesi Araştırma Raporu, 2016.

[Electronic resource] - URL: https://is.gd/FlO058 (Accessed: 17.05.2020)

10. Cryptocurrency Regulations in the United States, 2020. [Electronic resource] - URL: https://is.gd/BOwf6K (Accessed: 20.05.2020)

11. Henry C.S., Huynh K.P., & Nicholls G. Bitcoin awareness and usage in Canada//Journal of Digital Banking. -2018. -Vol. 2(4). -P. 311-337.

12. Iwamura M., Kitamura Y., Matsumoto T., & Saito K. Can we stabilize the price of a cryptocurrency?:

Understanding the design of Bitcoin and its potential to compete with Central Bank money// Hitotsubashi Journal of Economics. -2019. - P. 41-60.

13. Legality of bitcoin by country or territory [Electronic resource] - URL: https://is.gd/zg0lac (Accessed:

20.05.2020)

14. Ashimbayev T. & Tashenova S. Prospects for Using Cryptocurrency in the Economy of Kazakhstan and the Attitude of the National Bank//European Research Studies Journal. -2018. -Vol. 21(4). - P. 524-532.

References

1. Šimonová J., Čentéš J., & Beleš A. Financial analysis of innovative forms of money, Entrepreneurship and Sustainability Issues, 7(1), 69-80(2019).

2. Nakamoto S. Bitcoin: A peer-to-peer electronic cash system. Bitcoin. 2008. [Electronic resource] Available at: https://bitcoin. org/bitcoin. pdf. (Accessed: 18.05.2020)

3. Popper N. A Bitcoin believer’s crisis of faith. New York Times. [Electronic resource] Available at: https://

is.gd/32tvDj (Web-site visit date: 19.05.2020) [in English]

4. Cryptocurrency Regulations in the UK. [Electronic resource] Available at: https://is.gd/xSa2rC (Accessed:

19.05.2020)

5. Financial Action Task Force (FATF) Virtual Currencies - Key Definitions and Potential AML/CFT Risks.

2014. [Electronic resource] Available at: https://is.gd/Parquq (Аccеssеd: 17.05.2020)

6. Financial Action Task Force (FATF). Guidance For A Risk-Based Approach Virtual Currencies, [Electronic resource] Available at: https://is.gd/hZLJUT (Web-site visit date:17.05.2020)

(9)

7. UNODC. Basic Manual on the Detection And Investigation of the Laundering of Crime Proceeds Using Virtual Currencies, 2014. [Electronic resource] Available at: https://is.gd/2AqZOt (Аccеssеd: 17.05.2020)

8. European Central Bank (ECB). Virtual Currency Schemes – A Further Analysis, 2015. [Electronic resource]

Available at: https://is.gd/qKAskp (Web-site visit date: 18.05.2020)

9. Çarkacıoğlu A. Kripto-para bitcoin. Sermaye Piyasası Kurulu Araştırma Dairesi Araştırma Raporu, 2016.

[Electronic resource] Available at: https://is.gd/FlO058 (Web-site visit date:17.05.2020)

10. Cryptocurrency Regulations in the United States, 2020. [Electronic resource] Available at: https://is.gd/

BOwf6K (Аccеssеd: 20.05.2020)

11. Henry C.S., Huynh K.P. & Nicholls G. Bitcoin awareness and usage in Canada. Journal of Digital Banking, 2(4), 311-337(2018).

12. Iwamura M., Kitamura Y., Matsumoto T., & Saito K. Can we stabilize the price of a cryptocurrency?:

Understanding the design of Bitcoin and its potential to compete with Central Bank money, Hitotsubashi Journal of Economics, 2019. P. 41-60.

13. Legality of bitcoin by country or territory [Electronic resource] Available at: https://is.gd/zg0lac (Аccеssеd: 20.05.2020).

14. Ashimbayev T. & Tashenova S. Prospects for Using Cryptocurrency in the Economy of Kazakhstan and the Attitude of the National Bank, European Research Studies Journal, 21(4), 524-532(2018).

А.О. Сыздыкова, Ж.К. Жетибаев

Международный казахско-турецкий университет имени Ходжа Ахмеда Ясави, Туркестан, Казахстан

Отношение стран мира к использованию криптовалюты и анализ ситуации в Казахстане Аннотация. Криптовалюта – это цифровая валюта, которая использует только технологию шиф- рования для передачи ценностей через Интернет. Сегодня криптовалютная торговля отвечает потреб- ностям современного общества. Но эту валюту и ее рынок нельзя назвать идеальной. Криптовалюты подвержены высокому риску из-за их волатильности, нелегального финансирования деятельности и от- сутствия центрального эмитента. В случае банкротства отсутствие официального юридического лица в качестве гарантийного центра все еще представляет угрозу для пользователей. Исследование показало, что хотя биткойн был представлен на рынке в 2008 году, во многих странах до сих пор нет открытых систем, которые регулируют, ограничивают или запрещают криптовалюты. Многие страны все еще ана- лизируют способы регулирования криптовалют. В целом, биткойн остается неизвестным для большей части мира. Целью исследования является изучение возможности использования криптовалюты в эко- номике Казахстана, анализ опыта зарубежных центральных банков, международных и частных финансо- вых организаций по использованию и регулированию криптовалют.

Ключевые слова: криптовалюта, биткоин, подход к биткоину, Национальный банк, Европейский союз, Международный валютный фонд.

A.O. Syzdykova, Zh.K. Zhetibaev

Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan An attitude of the world countries to the use of cryptocurrency and

analysis of the situation in Kazakhstan

Abstract. Cryptocurrency is a digital currency that uses only encryption technology to transfer values over the Internet. Today, cryptocurrency trading meets the needs of modern society. But this currency and its market can not be called perfect. Cryptocurrencies are at high risk due to their volatile nature, illegal financing of activities and lack of a central issuer. In the event of bankruptcy, the lack of a formal legal body as a guarantee center is still a threat to users. The study found that although bitcoin was introduced to the market in 2008, many

(10)

countries still do not have open systems that regulate, restrict or prohibit cryptocurrencies. Many countries are still analyzing ways to regulate cryptocurrencies. In general, bitcoin remains unknown to most of the world.

The purpose of the article is to study the possibility of using cryptocurrencies in the economy of Kazakhstan, analyzing the experience of foreign central banks, international and private financial organizations in the use and regulation of cryptocurrencies.

Keywords: cryptocurrency, bitcoin, approach to bitcoin, National Bank, European Union, International Monetary Fund.

Авторлар туралы мәлімет:

Сыздықова Азиза – негізгі автор, PhD, Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының аға оқытушысы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан.

Жетибаев Жантуре – PhD, Экономика кафедрасының аға оқытушысы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан.

Syzdykova Aziza – The main author, Ph.D. of Finance and Accounting Department, Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan.

Zhetibayev Zhanture – Ph.D. of Economics Department, Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh- Turkish University, Turkestan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

The article discusses some issues of labor regulation of medical and pharmaceutical workers, the peculiarities of health systems in some countries of the Organization for Economic

The Constitution of the Republic of Kazakhstan of August 30, 1995, and the constitutional law of the Republic of Kazakhstan on elections have undergone

К примеру, в статье 7 главы 3 части 2 УК Швеции закре- плено: «Лицо, которое причинило по неосторожности смерть другому человеку, должно быть

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Анализ статистических показателей преступности на территории Республики Казахстан за период с 2010 по 2018 гг.. Для того, чтобы дать криминологическую

The article on the review of the polygraph, namely its history, methodology, and current state (John Sinnott, David Dietzel, and Maria Ioannou [27]), focuses on the

Там говорится, что «человек имеет основное право на свободу, равенство и благоприятные условия жизни в окружающей среде, качество которой