• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

View of Religious terms of Persian origin in the Kazakh language.

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "View of Religious terms of Persian origin in the Kazakh language."

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

УДК 81'373; 001.4

А.Б. Жиекбаева

*

, А.Ж. Боранбаева

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

*e-mail: [email protected]

Қазақ тіліндегі парсылық діни терминдер

Мақалада қазақ тілі мен парсы тілінің байланыстарын тарихи-мəдени факторлар тұрғысынан қарастырылып, оған арнайы тоқталып, өткен тарихқа қысқаша шолу жасалған. Мақалада парсы кірме сөздерінің қазақ тілінің фонетикалық ережелеріне бағына отырып, парсылық қалыптарын сақтағаны туралы баяндалады.

Түйін сөздер: салалық терминдер, парсы кірме сөздері, тілдік белгілер, саяси-экономикалық қарым-қатынастар.

А.Б. Жиекбаева, А.Ж. Боранбаева

Религиозные термины персидского происхождения в казахском языке

В статье рассматриваются религиозные термины персидского языка, которые часто употребляются в бытовой жизни казахов. Также сделан сопоставительный анализ дефиниций из толковых словарей казахского и персидского языков.

Ключевые слова: религиозные термины, культурно-исторические связи, ислам.

А.B. Zhiyekbaeva, A.Zh. Boranbayeva

Religious terms of Persian origin in the Kazakh language

The article also considers some of religious terms which were borrowed from Farsi and still being used in the modern Kazakh language and Kazakh people’s everyday life. There have been made comparative work on definitions of these religious terms.

Key words: religious terminology, cultural and historical ties, Islam.

Қазақ тіліндегі парсы сөздерінің енуі өте ертедегі иран-түркі тарихи байланыстарынан, яғни арабтардан да бұрын басталады, бұған дəлел болатын тарихи деректер тарихқа қатысты ғылыми еңбектерде өте мол. Тіпті ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар қай тілде сөйледі деген мəселе күні бүгінге дейін талас туғызып келеді. Еуразия кеңістігін мекендеген түрлі тайпалар үнемі қарым-қатынаста болған. Қазақ тіліндегі араб жəне парсы кірме сөздерінің ену тарихын білу үшін қазақ халқы мен араб, парсы халықтарының арасындағы қарым-қатынас тарихын зерделеу керек. Ғалымдар арабтар мен қазақ халқы арасындағы қарым-қатынасты ислам дінінің таралуымен байланысты қарастырады. Сегізінші ғасырда ислам дінінің таралуына байланысты діни əдебиет, халық арасына ауызша тараған діни қисса-дастандар арқылы жүзеге асқан рухани байланыс болса, парсы халқы мен түркі тайпалары арасындағы байланыс қоян-қолтық аралас-құраластықта негізделгенге ұқсайды. Екі халық арасындағы

байланыстың тамыры исламға дейінгі дəуірде, тым ертеден бастау алады. Иран тілінен сөз қабылдауда біздің заманымыздың 1 ғасырында Жетісуға келіп қоныстанған соғдылардың да рөлі үлкен болған [1, 18б.]. VII-IX ғасырларда соғдылар тілі Мервтен бастап Монғолдарға дейінгі, Хорезмнен Солтүстік Үнді жеріне дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатқан халықтардың халықаралық қарым-қатынас жасау құралы болды деген пікір де бар [1, 56 б.].

Ирантанушы Е.Э.Бертельс түркі-иран байланысының кемінде екі мың жылдық тарихы бар деп атап көрсетеді, бұл екі халықтың тарихы мен мəдениетінде ортақ тұстардың көп болуының себебін содан көреді [2, 72б.]. Түркілердің иран тілді халықтардың бірі – соғдылармен байланысын айғақтайтын тарихи деректер де мол. Соғдылар түркілермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жасаған, Жібек жолын бақылау түгелдей соғдыларды қолында болған [3, 430б.]. Түркілер мен иран тілдес халықтар арасындағы ертедегі тарихи-

(2)

мəдени жəне тілдік байланыстарға қатысты деректер В.В. Бартольд, Е.Э. Бертельс, И.М.

Оранский еңбектерінде кездеседі.

Түркілер мен иран тілдес соғдылықтар байланысы туралы М.Қашқари сөздігінде (XI в.) айтылады. Атақты бабамыз Исфиджаб, Баласағұн, Тараз секілді Жетісу қалаларының тұрғындары екі тілде – түркі жəне соғды тілдерінде сөйлегенін айтады [4, 545б.].

VIII ғасырда Орта жəне Орталық

Қазақстанда ықпалды болған соғды тілін парсы-дари тілі ауыстырады. Ислам діні келгеннен кейін бұл территориялық аймақта араб тілі мен жаңа парсы тілі жарыса қатар қолданылып, ықпалға ие болу үшін күреске түседі. Бірақ жаңа парсы тілі əдебиеттің тілі, оның ішінде поэтикалық шығарманың тілі қызметін атқарған. Ал араб тілі ең алдымен Құранның тілі, ислам дінінің тілі ретінде қолданылады. Мұсылман мəдениеті мен дінінің ықпалы күшейген уақыттан бастап, түркі тіліне араб сөздері ене бастайды. Осы жерде парсы тілі дəнекер тіл қызметін атқарады, яғни араб тілі түркі тілдеріне парсы тілі арқылы сатылай енеді. Осылайша түркілерде парсы тілі əдебиет пен поэзияның тілі болса, араб тілі ғылым мен дін тілі ретінде үлкен беделге ие болды.

Орта ғасырлардағы түркі-қазақ жəне парсы мəдени байланыстары жөніндегі деректерді Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен де мол табамыз. Бұл тарихи-мəдени жəдігерді зерттеуші ғалым Ислам Жеменей Мұхаммед Хайдар Дулат өмір сүрген заманға дейінгі (ХVI ғасырға дейін) Х- ХII ғасырларды түркі-араб-парсы үштігінің алтын дəуірі деп атай келіп, бұл кезеңді араб, парсы, түрік халықтарының дамуындағы ренессанс деп атайды. Бұл кезеңде Тұран жерінде Түркістан, Баласағұн, Тараз, Бұқара, Самарқан, Иранда Исфахан, Нишабур, Рей, араб өлкелерінде Бағдат, Шам жəне Мысырдағы жоғары оқу орындарының есігі үш елдің талапты, дарынды иелеріне айқара ашық болды [5, 279б.].

Өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы болған Мұхаммед Хайдар Дулат Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихын парсы тілінде жазуы сол кезең үшін табиғи құбылыс болатын. Осы кезеңдегі тарихи еңбектер, атап айтқанда Шыңғыс хан заманынан бастап, монғол тарихымен қатар түрік халықтарының тарихын баяндайтын Ата Мəлек Жовейнидің «Тарих-и

Жоһангошай» /1259 ж./, Рашидеддин Фəзлолланың «Жəми-ат-Тауарих» т.б. тарихи еңбектер парсы тілінде жазылды [5, 280б.].

Парсы жəне араб тілдері тек тарих саласында ғана емес, сонымен бірге əдебиетте де орын алғанын келтіре отырып, И.Жеменей түркі мəдениетіндегі бұл феноменнің араб, парсы тілдік жəне əдеби ықпалынан қалыптасқандығын мойындау керектігін ескертеді [5, 281б.].

Араб халифатының əлсірей бастауымен бірге араб тілінің қолданылу аясы да біртіндеп тарыла бастайды. Парсы тілі осы тұста араб тілін əкімшілік басқару жəне əдебиет саласынан біртіндеп ығыстырып шығара бастайды. Орта ғасырлардағы тарихи шығармалар мен əкімшілік-басқару кеңсесінің қағаздары парсы тілінде жазылады. Орта Азиядағы əкімшілік іс қағаздарын парсы тілінде жазу, құжаттарды осы тілде толтыру дəстүрі ХІХ ғасырдың аяғына дейін жалғасқан.

Зерттеу барысында қазақ жəне парсы тілінің байланысы тығыз болғанын байқаймыз.

Аралас-құралас өмір сүргендіктен парсы тілінен тұрмыс-тіршілікке байланысты, əсіресе ислам діні пайда болғаннан бері діни сөздердің парсы тіліндегі варианттары көптеп қолданыла бастады. Бұның басты себебі ислам дінін уағыздайтын төрт діни мазхабтардың бірі болып табылатын Абу Ханафия мазхабы парсы тілінде уағыздар жүргізетін болған.

Ислам негіздерін түсіндіру парсы тілінде жүргізілген, сол себепті парсылық діни терминдер қазіргі уақытта дейін жиі қолданысқа ие болып отыр.

Дін терминдері мен олардың қолданылатын ортасы діни мəтіндерді сараптай келе, қазіргі қазақ тіліндегі діни терминдерді екіге бөлуге болады: араб текті терминдер жəне парсы текті терминдер. Парсы тектілері көп болмаса керек, құдай, пір, ораза, періште, пейіш, намаз, ақшам,күнə,пірадар, күнакар, тозақ, құтпан, пешене, сияқты халыққа жақсы таныс терминдерді жатқызуға болады. Енді осы сөздерге тоқталып өтсек.

زﺎﻤﻧ (нəмаз). Зат. 1- Сəждеге бас ию, 2- Мұсылмандар күніне 5 рет оқитын ғибадат [6, 4810б.].

Намаз сөзі парсы тілінікі. Намаз (ар. زﺎﻤﻧ ) зат. діни. Ислам дінін ұстаған діндар адамдардың мұсылмандық бес парызының негізгісі. Аллаға бағыштап күніне бес рет бекітілген қимыл ишараттар жүйесіне сəйкес

(3)

белгіленген уақыт бойынша, Құран сүрелері мен дұға оқып өтейтін құлшылығы. Руза, намаз, зекет, хаж –талассыз іс, жақсы болсаң, жақсы тұт бəрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті, Қылғанменен татымды бермес жеміс (Абай, Тол.жин) [7, 469б.]. Бұл сөз Қазақ тілінің əдеби сөздігінен алынған. Көріп отырғанымыздай намаз сөзінің түп-төркіні араб тілі деп берілген. Осы сияқты қателер сөздікте орын алғанын байқаймыз.

Намаз сөзі парсы тілінде басқа сөздермен қолданып, сөз тіркестерін құрайды. Солардың бірі – намазхан.

ناﻮﺧزﺎﻤﻧ –

) زﺎﻤﻧ )+(

ناﻮﺧ

( ) = (нəмазхан) –

намаз оқушы, «хан» сөзі «оқу (نﺪﻧاﻮﺧ)»

етістігінің осы шақ негізі [7, 775б.]. Намазхан – Намазға жығылған, ислам діні жолына берілген адам. Неше бəит, намазхандар көп пұл берер, Шапшаң жүр, шаһарыңда тұрма, – дедім (Бабалар сөзі) [7, 472б.].

مﺎﺷ زﺎﻤﻧ (нəмаз-э шам) изафеттік сөз тіркесі.

Күн ұясына батар шақтағы намаз [6, 4810].

Намазшам – Кешкі намаз оқылатын кез, ақшам. Намазшамнан өткенде, Құптан мезгіл жеткенде құлағына батырдың Бір дауыс кеп шулайды (Батырлар жыры) [7, 472б.].

زﺎﻤﻧﺎﺟ (джанəмаз) – زﺎﻤﻧ ﯼﺎﺟ (джа-и нəмаз) – Бөлменің еденіне немесе жерге жайылып, үстіне намаз оқылатын кішкентай кілемше [6, 1212б.].

Жайнамаз: зат.діни. Намаз оқыған кезде ұшын Мекке (құбылаға)жаққа қаратып төсейтін, бас жағы күмбездене бейнеленген намаз кілемшесі. Жайнамазыңды арақпен Боя десе мұңғыл пір, таза жүрек жол білген, Болса айтқаны істе, жүр (Ш.Құдайбердиев, Шығ) [7, 586 б.].

Қазақ тілінде бес намаз уақытының үшеуін атауда парсы тілінен енген сөздері қолданылады.

مﺎﺸﻗﺁ (ақшам) – قﺁ – ақ (түрік сөзі), مﺎﺷ – кеш (парсы сөзі), күрделі зат есім. Түннің бас кезі, күннің батар шағы [6,74б.; 8, 141б]. Қазақ əдеби тілінің сөздігінде ақшам сөзінің мынадай мағыналары келтіріледі: зат.

1. Қараңғы түсе бастаған кез, іңір, апақ- сапақ кез. Күн батыста əлі де ақшамның ақ таңлағы жоғалған жоқ (С.Сейфуллин, Əңгім).

2. діни. Күн батып, ымырт түскенде оқылатын намаз. Бүгін де солай азан шақырылып, ақшам оқылған соң Шалматай пəтеріндегі көп кісі ауыз ашуға отырды (І.

Жансүгіров, Шығ) [7, 287б.]. Сонымен қатар

намаз уақытын білдіретін زﺎﻤﻧ ﻦﻴﺸﻴﭘ (пишин нəмаз), күрделі сын есім.1.Намазды басқаратын имам, жамағаттың имамы. 2. Түскі намаз, бесін намаз [6, 941б.; 8, 741б.]. Бесін намазы: діни. Күні бойы оқылатын парыз намаздың екіншісі. Күн төбеден ауғаннан кейінгісі. Ақсақалдар əңгімесі біткен кезде, бесін намазы да болып қалған екен (І.Есенберлин, Жанталас) [8, 298б.].

ﻦﺘﻔﺧ (хофтəн) салт етістік. Ұйықтау. ﻦﺘﻔﺧ زﺎﻤﻧ

(нəмаз-и хофтəн) – түнгі ғибадат, құптан

намазы [8, 1431б. ; 6, 600 б.]. Хофтəн сөзі парсы тілінде намаз сөзімен изафеттік тіркесте түнгі намаз мағынасын білдіреді. Құтпан : зат.діни. 1. Бес уақыт оқылатын намаздың ең соңғысы; бесінші намаз. Намазшам болды, күн батты, құтпанның болды уақыты (Алпамыс). 2.

Құтпан намаз оқылатын мезгіл (түнгі сағат 10- 11 аралығы). Намазшамнан өткенде, Құтпанға уақыт жеткенде, Ақберенді байлады, Қарынға найза байлады (Жамбыл, Шығ) [7, 457б. ].

Жоғарыда келтірілген сөздер парсы тіліндегі қалпын сақтай отырып, қазақ тілінің фонетикалық ережелеріне бағынған.

Қандай да бір тілге енген кірме элементтердің өздеріне ғана тəн нақты белгілері туралы мəселені көтеріп, оған ден қойған ғалымдар Я.К.Грот, Е.Ф.Карский, Г.Павский, Г.Ф.Брандт секілді ғалымдардың көтерген мəселесі қазіргі лингвистикада өзектілігін жойып, ендігі жерде кірме элементтердің қабылдаушы тілдегі игерілу проблемасына қарастыруға əкелді. Дегенмен, кейбір ғалымдар кірме элементтердің бірқатар сыртқы белгілеріне қарап, оларды айқындауға болатынын айтады. Тіл білімінде мұндай белгілер саны алтау:

1) фонетикалық, 2) графикалық, 3) морфологиялық, 4) сөзжасамдық, 5) синтаксистік, 6) семантикалық.

Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері əр түрлі дəуірде басқа мəдениеттермен, тілдермен қарым-қатынаста болудың, əр түрлі байланысқа түсудің нəтижесі іспеттес қалыптасқаны жөніндегі пікірлер айтылып келеді [9, 52б.]. Шығыс сөздері қазақ тілінде белгілі бір дəрежеде игерілсе де, оларды өзге лексикалық бірліктерден оқшаулап, бөлектеп тұратын белгілері жоқ емес.

(4)

Араб-парсы кірме сөздерінің фонетикалық белгілеріне олардың құрамындағы қазақ тілінің табиғатына тəн емес дыбыстардың болуын жатқызамыз. Қазақ тіліндегі п дыбысынан басталатын сөздердің дені араб, парсы тілдерінен енген. Түсіндірме сөздікте олардың жалпы саны 991 болса, оның дені кірме болып келеді [10, 67б.]. Мысалы: пейіш, пайда, парыз, пайыз, пікір, перзент, пайым, пақыр, пір, періште, пəтуа, патша, пəрмен, парық, парақ. П дыбысынан басталатын сөздердің кірмелігін танытатын белгінің бірі олардың əрқайсысының б-дан басталатын фонетикалық вариантының болатындығында.

Сөз басындағы б мен п айтуда, тіпті жазуда да кейде жарысып жүреді: байым – пайым, балуан – палуан, барабар – парапар, батсайы – патсайы, бəле – пəле, бұйда – пида, балау – палау, бəтуа – пəтуа, бейіл – пейіл, пенде – бенде, бісміллə – пісміллə т.б. [10, 67б.].

ﺖﺸﻬﺑ (беһ-ешт – орта парсы тілінде – ваһишт, ең тəуір жер), күрделі зат есім. Жақсы адамдар өлгеннен кейін баратын ауасы таза, молшылық-берекет бар жер. Пейіш, жаннат [7, 425б. ; 9, 613б.].

Пейіш: зат. 1. діни «О дүниедегі» ұжмақ, жаннат. Молдалар намаз оқысақ, пейішке барасың дейді ғой, кім біледі (О.Сəрсенбаев, Бақыт). 2. ауыс. Керемет ғажап нəрсе, рақат – Əрдайым ашық вокзалы, Перронда күтер туыстай, құрдастың үйі – абзалы, Пейіштен артық тыныстай (К.Салықов, Жезкиік) [7, 349 б.].

ﮎﺎﭘ (пак – орта парсы тілінде –пак), сын есім. 1. Таза, ластанбаған. 2. Қарапайым, араласпаған. 3. Жарық, жарқыраған. 4. Мөлдір.

5. Пəк, күнəсіз [6,666 б.; 8, 53б.].

Пəк (ир. ﮎﺎﭘ) сын. 1.Таза, адал,шынайы, кіршіксіз. Сол сұлулар үшеуі де пəк, мөлдір, кіршіксіз жүрегімен Оқжетпесті өлердей сүйіпті-мыс (Ə.Нұршайықов, Менің Қазақ- станым). 2. Адал, бүлінбеген, бұзылмаған. Өзі пəк болған соң Үриядай «апаның» айла қоқан- лоққысына барынша сенеді Айбала (А.Тоқпанов, Бүгінгі) [7, 332 б.].

رﺎﮔدروﺮﭘ (пəрвəрдегар), іс-əрекет осы шақ есімше. 1. Тəрбиеші. 2. Патша. 3. Алланың атауларының бірі [6, 764 б.].

Пəруардигер: зат. Пəруардігер. Пұл үшін қызықпассың, сен де бір ер, Сені маған кез қылған пəруардигер, Бір құданың хақы үшін мен тілеймін, Қабыл көр сертім үшін қолыңды бер! (Абай, Тол.жин) [7, 340 б.].

Пəруардігер: رﺎﮔدروﺮﭘ зат. діни. Жаратушы, Алла, Құдай. «Уһ!» Пəруардігер-ай-деп, күңіреніп қатты күрсінгенде, қараша үйдің түндігі желп ете түскендей болды (Ə. Бөкеев, Ұйқым келмейді) [7, 340 б.].

ﯼﺮﭘ (пери – орта парсы тілінде – пəрик), зат есім. 1. Жын 2. Жаман рух, дию. 3. Əдемі əйел (теңеу) [6, 769 б.; 8, 299 б.].

Пері (ир. ﯼﺮﭘ) зат. миф. 1. Діни сенім бойынша, аспанда су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдықтың күш иесі.

Сонадай жерде, ылдида қарауытқан бидайық шетінде бірдеме қараңдайды, қыбырлағандай болады. Бұл не? Мал дейін десем, шоқиып отырған тəрізді. Құс деуге –қомақтырақ. Жын ба? Пері ме? Сайтан ба? 2. ауыс. Жынды, есерсоқ, долы кісі. Ол осы ауылдарға кеп түскенде, қасына ере келіп, Қызылқайнардағы ауылдардан асығыс лау мініп, Ақтомарға, Бөкеншіге қарай құйықтыра, құтыра шауып, өткен атшабарлар болған. Олар: Далбай, Жақай дейтін бүлік, сотқар, жаңа перілер (М.Əуезов, Шығ). 3. ауыс. Əдемі, ерекше сұлу қыз. Гаухардай көзі, Бұлбұлдай сөзі, Жаннан асққан бір пері. Жүзі бар айдай, Мінезі майдай, Өзгеден артық жері (Ш. Құдайбердиев, Шығ) [7, 361б.].

ﺮﻴﭘ (пир) сын есім, зат есім. 1. Қарт 2.

Ежелгі. 3. сопылық термин.Ұстаз, муридтердің ұстазы, шейх [6, 884 б; 8, 784б.].

Пір (ар. ﺮﻴﭘ ) зат. 1. діни. Діни қауымдастықтың басшысы, жетекшісі.

Баршасы үшбуларды пірім деді, Хазірет ақылы дана білімді еді. Патшадан қазақ үшін муфти сұрап, Өзінен халықтың қамын бұрын жеді ( Кердері Əубəкір, Қазағым). 2. миф. Адамдарды желеп-жебеуші, əулие. – Шырағым, ата-бабаңа пірлердің дұғасы тиген, бақ қонып, қыдыр дарыған (Ж. Аймауытов, Шығ). 3. ауыс.

Сиынушы, демеуші, сүйеуші. Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай. Сырлы сұлу сөздері, маған тартқан сыйындай (Жамбыл, Шығ.жин) [7, 422 б.].

ﯽﻧﺎﺸﻴﭘ (пиш-ан-и – орта парсы тілінде – пешаник), күрделі зат есім. Шаш өсетін жерден қасқа дейін аралықта болатын беттің жоғары жағы. Маңдай [7, 909; 9, 709].

Пешене (ир. ﯽﻧﺎﺸﻴﭘ ) зат. Жазмыш, тағдыр.

Не көрсем де осы өлеңім –пешенемнен көремін (Ш.Əлдибекұлы, Тағы бір) [7, 668 б.].

Пайғамбар (ир. ﺮﺒﻤﻐﻴﭘ – пайғам –хабар жəне алып барушы ) зат. діни. 1. Қауымға Алла ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен

(5)

бірлігін мойындауға шақырушы елші. Бұл айтылған үш хоклəттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң əулиелер, онан соң хакимдер, ең ақыры кəміл мұсылмандар (Абай, Толық.жин). 2. Мұхаммед пайғамбар.

Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бəрі.

Пайғамбардың сипаты сендей ме екен, Орақ мұрын, шегір көз, ақжал сары, – дейді (М.Жұмабаев, Шығ) [7, 271 б. ].

Қазақ тілінде кеңінен қолданылып жүрген пенде сөзі парсы тілінен енген. Парсы тілінде беретін мағынасы ﻩﺪﻨﺑ (бəндə (е) – орта парсы тілінде – бəндəк, көне парсы тілінде -бəндəкəн) – 1. Құл. 2. Нөкер, қызметші. 3. Бағынышты. 4.

Мен, айтушы, 1-жақ [6, 588 б., 8, 318 б.].

Пенде. 1. зат. 1.Тірі жан, адам, кеудесінде

жаны бар тіршілік иесі. Білімдіге жол табылмай ма? Іздесе пендеге жол табылмай ма? Ақты қойып, арамды əдет етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ). 2. діни. Құдайдың құлы. Өзі мың есіткенім осылайды, Байтақ жұрт патшаға құл басыбайлы. Бай болмақ, жарлы болмақ, бір Құдайдан, Пендені жалғыз Алла асырайды (Кердері Əубəкір, Қазағым) [7, 350 б.].

Қазақ тілінде құрастырылған сөздіктерде парсы тілінен енген кейбір сөздердің шыққан тегі арабтық деп келтірілген. Осы іспеттес олқылықтарды болашақта болдырмау мақсатында, тілді білетін мамандардың сөздіктер жасауда өздерінің үлесін қосуы қажет деп ойлаймыз.

Əдебиеттер

1 Baipakov К.M., Еrzakovich L.B. Drevnie goroda Kazaxstana. – Аlmа-Аtа.: 1971.

2 Bertels E.E., Istoriya tadzhiksko-persidskoi literatury. – Moskva.: Vostochnaya literature, 1960. – 560 s.

3 Bartold В.В. Raboty po istorii I filologii tyurskix I mongolskix narodov. – М.: Vostochnaya literature, 2002. – 757 s.

4 Gafurov B.G. Tadzhiky. Drevneishaya, drevnyya I srednevekovaya istoriya.-Moskow.: Nauka, 1972.

5 Zhemenei I. Мuhammad Haidar Dulat (1499-1551) tarihshy-qalamger. – – Almaty.: Zerde, 2007.

6 Moin Mohammad. Farkhang-I farsi. J- 1,2,4. – Tehran.: Sepehr, 1375.

7 Qazaq adebytilinin sozdigi. 1, 3, 5, 10,11,12- T. Almaty.: Arys baspasy, 2006.

8 Dehkhoda Aly Akbar. Logatname-ye Dehkhoda. J – 2, 11, 12, 13, 21, 37, 48. Tehran.: Sirys, 1375.

9 SyzdyqovaR.Yasaui «Hikmetterining » tili. – Аlmaty.: Sozdik-Slovar, 2004. – 552 b.

10 Myrzabekten S. Qazaq tilinin fonetykasy. Oququraly. – Almaty.: Qazaq universitety, 2004.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

3) араб және парсы тіліндегі сөздердің түрік тілінде айтылуы бойынша жазу. Барлық араб тілі мен парсы сөздерін толықтай түрік тілінен алып

Қорыта келе, әртүрлі мәдениеттердің қарым–қатынастары нәтижесінде ағылшын тіліне енген түркі кірме сөздері тек оны осы мәдениетте жоқ жаңа ұғымдармен

Монғол тілінен қазақ тіліне енген сөздер. Қазақ халқы өткен ғасырларда монғол халқымен де белгілі қарым-қатынаста болған. Соның нəтижесінде бұл халықтардан да

əдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетінде араб жəне қазақ тілін оқыту, Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Тіл білімі институты араб

Мақалада Т.Р.Қордабаевтың лингвистикалық мұрасы мен жалпы тіл біліміне қосқан үлесі жəне де ғалымның алғаш рет қазақ тіл білімі тарихын

Ш.Сəтбаеваның «ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті тарихын зерттеу мəселелері», М.Қаратаевтың «Шəкəрім Құдайбердиев жəне ХІХ ғасырдың соңы мен

Оның негізін салған, ХVІ ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дəуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес

мақаласында автор: «Шығарушысы белгілі, уақыты сақталған, байланысты уақиғасы белгілі əдебиет жұрнақтарын біз XVIII ғасырдың аяғынан бастап қана