• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The activities of the social teacher in psychological and pedagogical support of children with special educational needs in the adaptation to society

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The activities of the social teacher in psychological and pedagogical support of children with special educational needs in the adaptation to society"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

Ж. Сағатбекқызы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Казақстан (E-mail:zhansulu_2008@mail.ru)

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеудегі әлеуметтік педагогтың психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары

Аңдатпа. Мақала қоғамдағы өзін-өзі қорғай алатын, дені сау, ақыл-есі дұрыс адамдар тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық, кемсіту, намысына тиетін әрекеттерге ұшырайтын әлеуметтік топтар мен ғаріп балалардың хал-жағдайын жақсарту шара- ларын сипаттауға арналған. Зерттеу жұмысы ерекше білім беру қажеттілігі бар бала- ларды қоғамға бейімдеу үшін әлеуметтік педагогтың рөлі мен психологиялық-педагоги- калық сүйемелдеу жұмыстарының түрлерін сипаттау мақсатында жазылды.

Зертеу барысында алынған ғылыми нәтижелер бойынша, ғаріп адамдарды, басқа ұлт- тың өкілдерін, әлеуметтік мәртебесі төмен қоғам мүшелерін кей жағдайда кемcі- тетін, қорлайтын көзқарастар орын алатыны анықталды. Ғаріп балаларды қоғамның толыққанды мүшелерінің қатарына тарту үшін инклюзивтік мектептерде оқыту- дың қажеттілігі көрсетіледі, ғаріп балалардың жай мектепте оқу үшін олармен арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының керектілігі анықталды. Осының негізінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының қызметтері (өрістету, дамыту, ынталандыру, өтемділік, өрістету-тузету), психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының деңгейлері, баланың психикалық хал-ахуалын үнемі бақылау, ғаріп баланың жеке және топтағы оқу үдерісін бақылау жұмыстары карастырылды.

Зерттеу барысында сипаттау, талдау, бақылау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Түйін сөздер: ғаріп балалар, инклюзивтік мектеп, өтемділік қызмет, түзету-дамы- ту қызметі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, мейнстриминг.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2020-133-4-114-122 Түсті: 7.04.2020 / Жарияланымға рұқсат етілді: 21.04.2020

Кіріспе. Ғаріп балаларды қоғамға бейім- деу мәселесі бүгінгі күнде көкейкесті мәсе- ленің бірі болып табылады. Қоғам мүшелері үшін осындай қызметтің маңыздылығы зор, себебі оны орындауда адамдар рухани қа- нағатты алумен қатар, қоғам үшін оның саяси және экономикалық маңыздылығын сезінеді.

Ғаріп балаларға барынша көмегін аямай беру, қол үшін созу барлық адамның парызы болса, мұндай әрекет маманданған әлеуметтік педа- гогтардың тікелей міндеттері. Осындай қиын, бірақ қайырымды жұмысты атқару барысын- да, ең алдымен, балаларды жасытпайтын,

төмендетпейтін шараларды қолданған маңы- зды болып саналады.

Солардың ішінде, қолданылатын бастапқы шараның бірі – (политкорректность), яғни саяси ізеттілік. Осы түсінік бастапқы кезде Америкада қолданылды. Бұл мемлекетте осы түсінік – ұран ретінде қарастырылды, себебі осындай ұран АҚШ-тың ымырашыл саясатын белгілеу үшін пайдаланылды. Н.М. Комлевтің пікірінше, саяси ізеттілік ұраны Америка қоға- мының азшыл топтарын (ұлттық, сексуалдық) атау үшін пайдаланылған. Оларға төзімді бо- луды шақырған, мәселен, негір сөзінің орнына

(2)

«афроафриканец» деген сөзді, ал сал, жарым- жан деген сөздердің орнына «демеуді қажет- сінушілер» тіркесін қолдануды жөн көрген [1]. С.Г. Тер-Минасова саяси ізеттілікті евфе- мистік тәсілдердің түріне жатқызған. Ғалым осындай тәсілдерді «тілдік тәсілдер» деп са- найды. Олар адамдардың намысына тиетін, жеке түлғаның қадір-қасиетін таптайтын, ада- ми құқықтарына шек қойғызатын әдепсіз сөз- дерді қолдануға тыйым салуға әсерін тигізеді, себебі әдепті сақтамай басқа ұлтқа жататын адамдарға, егде жастағы қарттарға, әлеумет- тік мәртебесі төмен қоғам мүшелеріне, ғаріп- терге намысына тиетін, кемсітетін сөздердің орнына пайдаланып, адамдарды қорғауға ар- налған [2].

Басқа ұлттың өкілдерін, қоғамдағы әле- уметтік жағдайы төмен мүшелерін, ғаріп адамдарды кемсітуге болмайды. Әрбір қоғам оларды кемсітетін, намысына тиетін сөздерді, лақап аттарды қолдануға тыйым салады. Со- нымен қатар, этникалық тысқары пікірлерді де қолдануға болмайды. Т.А. ван-Дейк осын- дай пікірлерге ұлттық нышан бойынша кем- сітетін сөздерді жатқызады. Мысалы, аққұлақ, қара, макарон жейтін, бақа жейтін, фриц, негір және т.б. [3]

Мәселенің талқылануы. Әлеуметтік пе- дагогтың ғаріп балаларды қоғамға бейімдеу барысында орындайтын жұмысының бірі – осындай дөрекі, балалардың жанын азап- тайтын, олардың хал-ахуалын одан сайын төмендететін сөздерді қолдануға тыйым салу, балаларды кемсітетін ортаға жібермеу және оларды қоршайтын адамдардың сөзін, әдебін бақылау, үнемі қадағалаудың қажеттілігін ескеру.

Қазіргі халықаралық қоғамдастықтарда жаңа мәдени норма қалыптасты. Сол әдептер ұстанымында адамдардың арасындағы әртүр- лілікті байқамау, оған назар аудармау, оларға мойынсұну, ережесі бекітілді. Сонымен қа- тар, әрбір адамның даралыққа құқықты екені ескерілді. Қоғам мүшелерінің ерекшеліктерін, соның ішінде, білім саласындағы өзгешелік- терін мойындауға назар аударылды [4].

Алайда, Қазақстан Республикасында ерек- ше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін

толық жағдай жасалуда. Мемлекетімізде басқа мемлекеттермен қатар халықаралық құқықтық актілерді бекітумен қатар, БҰҰ- ның «Мүгедектердің құқығы туралы» (2016)

«Білім саласындағы кемсітушілекпен күресу»

Конвенциялары (2017) да мақұлданды. Осы шаралар мемлекеттің әр мүшесін кемсітуге ұшыратпауға, сапалы білім беруге бағдар- ланған. Әр қоғам мүшесінің құқығын қамти- тын еліміздің саяси ерігін білдіреді [4].

Мәселен, зертеушілер Т.С. Джаниева, О.С.

Орлованың айтуынша, Қазақстанда, бірінші- ден, мүмкіндігі шектеулі субъектілер үшін ар- найы ұлттық психологиялық-педагогикалық көмек жүйесі құрастырылды; екіншіден, мем- лекетімізде ғаріп адамдарды, ерекше білім беру қажеттілігі бар қоғам мүшелерін жебеу үшін «әлеуметтік жәрдем жүйесі» құрасты- рылды [5]. Осы жүйенің негізгі жұмысы ғаріп адамдар тобына көмек көрсетіп, қолдауға арналған мемлекеттік саясаттың ұстанымда- рын білім, медицина, әлеуметтік салаларда қолдап, жергілікті мекемелерде жүзеге асы- ру. Осындай жүйенің жұмысы 5 деңгейде өткізілетін болып жоспарланды. Әлеуметтік қолдау жүйесі жұмысының бірінші деңгейін жүзеге асыру барысында қоғам мүшелерінің ғаріп адамдарды кемсітетін, жәбірлейтін қа- тынастарын жоққа шығарып, жоюға жағым- сыз қатынастарды болдырмауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету қажеттілі- гін сезінетін, жебеп, жағымды қатынастарды көрсетуге бағыттау. Қазақстанда шектеулі мүмкіншіліктері бар адамдарға деген ерекше көзқарастар пайда болуы мүмкін. Осы көзқа- растардың негізі – діни ұстанымдар. Мұсыл- мандық тағылымдар бабынша, мүгедектік – күнә үшін берілген жаза, себебі мүгедек адам – күнәһар. Сондықтан да халықтың көпшілі- гі (діни ұстанымдарды сақтайтындар) мүге- дек адаммен қарым-қатыныста болғысы кел- мейді, өйткені оны кемтар деп санайды. Ал кемтарлық – адамның психикасының немесе дене құрылысының кемістігі. «Оның мүкістігі құдай кінәсі үшін берген жазасынан», – деген пікір орын алуы мүмкін, «сондықтан ондай кемтарлармен қатынасты үзу қажет, әйтпесе сол күнә басқаға көшуі мүмкін», – дейді. Сол

(3)

ебепті кемтар адамдардан қорқады. Олардан қорғану үшін сақтандыратын тетіктер – қол- данылған когнитивтік таптауырындар. Олар кемтарлықты ата-аналардың күнәһар өмірді сүргені үшін балаға берген жазасы деп түсін- діреді. Шыңғысханның «Жасақ», «Білш»,

«Жасы» заңдар жинақтарында (1206) бірінші рет әлеуметтік әділеттілік жүзеге асырылды.

Шыңғысханның енгізген ережесі бойынша рудағы адамдардың бәріне тең құқықты қаты- насты көрсету керек. Осы талапты қадағалау жөн [6].

Ғаріп адамдарға әлеуметтік қолдау көр- сету жүйесінің екінші деңгейі ХIII-ХVIII ғғ.

мерзімінде жүзеге асырылды. Осы мерзімде шетелдіктер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік көмекті жетім сә- билер баспаханасы немесе сопылық монасты- рлер қабырғаларында көрсете білген. Ал Ре- сейде көзі көрмейтін және құлағы естімейтін балаларға арналған бірінші мектептер тек ХIХ ғасырдың басында ғана ашылды. Қазақ жерін- де ғаріп балаларға арналған мектептерді ашу мәселесі, тіпті, жолға қойылмады.

Қалған үш деңгейде ерекше қажетсінулері бар балаларға көмек беру шаралары инклю- зивтік мектептерді ашуды ұйымдастырып, оның жұмысын қадағалап қолдаумен байла- ныстырылады.

Инклюзия оқушылардың әртүрлілігін ескеретін әдіс, осы әдісті қолдану барысында оқу жоспарлары мен мақсаттары оқушылар- дың мүмкіншіліктеріне және қажеттіліктері- не орай ретке келтіріледі [7].

Әлеуметтік педагогтың ғаріп балаларды қоғамға бейімдеу жұмысының екінші түрі – оларға инклюзивтік білім беруді ұйымдасты- ру. Оны ұйымдастыру үшін қажетті шаралар- ды қолдану қажет. Ондай шаралардың бірі – «инклюзивтік оқу» туралы түсінікті «ғаріп баланың» ата-анасына, мектептегі мұғалімдер ұжымына, оқушыларға қолжетімді деңгей- де жеткізу, себебі қоғамда әлі де болса ғаріп балаларды арнайы мектептерде немесе жеке түрде оқыту қажет деген теріс пікір әлі де болса кең таралған. Ал «инклюзия» адамның құқығын сақтауға кепілдеме беретін Консти- туция заңына негізделген қөзқарастар жүйесі.

Дамуында ақауы бар балалар өздерінің дені сау, ақыл-есі дұрыс құрдастарымен бір ұжым- ды болуына құқылы екенін құптайтын қөзқа- рас. Ғаріп балалар өздерінің шамасына қарай білім алып, ойын, ақыл-есін өрістету мүмкін- шілігіне ие болады, соның арқасында келе- шекте қоғамның өміріне қатыса алады [8, 204].

Қазақстанда білім жүйесіне инвестици- яларды салуға көп көңіл бөлінсе де, сапалы деңгейдегі инклюзивтік білімді, Каталина Деванда Агилардың, БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары бойынша баяндама жасаушының пікірінше, тек шамалы ғана ғаріп балалар алып жатыр. Ал зертеуші Хьюман Райс Вотч Республиканың бес қаласындағы (Алматы, Астана, Қостанай, Қызыл-Орда, Шымкент, Талдықорған) бес инклюзивтік мектептерде, төрт арнайы түзету – өрістету мектептерінде болып, сол инклюзивтік мектептердегі ғаріп балалардың жағдайларын сипаттаған. Олар- дың айтуынша, инклюзивтік мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әлі де толық жағдай жасалынбаған.

Инклюзивтік оқу үдерісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік педагог жұмысын алдын-а- ла жоспарлап, ақпаратты, мәліметтерді газет, радио, теледидар арқылы жинақтап, жан- жаққа таратады. Сонымен қатар, педагог ғаріп балаларды мектептерге орналастыру үшін білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау істеріне жауапты мекемелермен тығыз байланысты болуы керек. Тағы бір назар аударатын жәйт:

1) инклюзивтік сыныпта істейтін мұғалім- дердің оқу-тәрбие бағдарламаларын тексеріп, қадағалау арқылы барлық оқушылар үшін оқу-тәрбие бағдарламасы қойылатын талап- тарға сай жасалуын және оны ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін оңайлатып, жеңілдетуді ескеруі тиіс.

Мәселен, Б.В. Белявский келесі жағдайды ескертеді: «Инклюзивтік оқу үдерісі келесі жағдайда ойдағыдай жүзеге асырылады, егер дені сау, ақыл-есі дұрыс балалармен оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар- дың қажеттері толық қанағаттырылса» - дейді [9]. Сол қажеттердің ішінде тапсырмаларды жеңілдету жұмысына назар аударады. Себебі ғаріп балалар шаршап, мезі болмағаны жөн.

(4)

ЦПД-ы бар балалар өз қимылдарын жақсы үйлестіре алмайтындықтан, сөзі бұзылған- дықтан оларға орындайтын тапсырмаларды толық көлемде бермейді. Қажет болса, осын- дай балаларға карточкалар және тестілер таратылады. Сонымен қатар, емтиханды да олар жеңіл түрде тапсырғаны жөн, себебі олардің психикасының ерекшелігін еске- ру қажет: оларға шаршағыштық, көңілінің ауытқушылығы тән. Сондықтан оларды емти- хандарды тапсыру кезінде аяушылық жа- сап, көмек көрсеткен жөн. Инклюзивтік оқу үдерісін ұйымдастыру барысында әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретін жағдайы, ғаріп балалар оқитын мектептер мен оқу бөлме- лерін олардың ыңғайларына орай қайтадан жарақтандыру қажет, себебі ЦПД-ы бар бала- лар үшін кедергісіз ортаны жабдықтаған жөн, өйткені олар оқу мекемесінің барлық бөлме- лерінде еркін қозғалу керек. Ғаріп балалар отыратын үстелдер мен парталардың жанын- да бос орын көлемі жеткілікті болғаны дұрыс, өйткені бұндай балалар еркін тұрып партадан шығуы үшін қоршайтын кеңістік кең болғаны дұрыс. Үстел үстінде жататын оқулықтар мен оқу құралдарын емін-еркін ауыстыру, қозғау үшін де кең орынды қалдыруды жоспарлаған жөн.

Балаларды инклюзивтік мектепте оқыту үшін оларды келесі өлшемдерге сәйкес таңдап алу қажеттігін де ұмытпау керек: баланың ақыл-есі кем төмен деңгейде болмау керек;

көзі көріп, сөзі қатты бұзылмағаны, құлағы- ның да мүкісі тым аздау болғаны жөн. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сіңірі де құрысып, тартылып қалмауын ескерген жөн. Сонымен қоса, бұндай бала өзіне-өзі қы- змет ете алатын болу керек.

А.Г. Бердникова психологиялық-педагоги- калық сүйемелдеу жұмысының келесі мін- деттерін көрсетеді. Оларға келесілерді жатқы- зуға болады: 1) оқу үдерісінің компоненттерін және құралдарын психологиялық эксперти- задан өткізу; 2) оқу үдерісіне қатысы барлық адамдардың психологиялық компетенциясын арттыру; 3) оқушылардың психологиялық мәселерін алдын-ала біліп алып шешуге ты- рысу; 4) балаға технологиялық көмегін беру,

қоғамды әлеуметтендіру ісін жүзеге асыру [10].

Психологиялық-педагогикалық және әле- уметтік сүйемелдеу жұмысының төмендегі түрлерін сипаттап, А.Г. Бердникова олардың келесі түрлерін атап көрсетеді:

1. Алдын-ала өткізілетін ағарту қызметін орындау, яғни педагогтар, ата-аналар, мектеп әкімшілігі үшін семинарларды ұйымдастыру, ата-аналар клубын ашу, конференцияларды өткізу, газеттерде арнайы мақалаларды жари- ялау, ата-аналарды, мұғалімдерді мақала жи- нақтарымен, хрестоматиялармен қамтамасыз ету.

2. Жеке және топтық форматты диагности- калық жұмыстарды өткізу. Ол үшін тестілерді қолдану, тестілірмен жұмыс істеу әдістемесін игеру.

3. Оқу үдерісінің барлық қатысушылары- на консультациялар беру. Ол үшін қажетті бағытты таңдап алып, сол бағытта консульта- цияларды өткізуді ұйымдастыру.

4. Түзету жұмысы. Коррекциялық жұмыс арнайы мамандарды шақырып алып, бала- лармен медициналық консультацияларды ұйымдастыруды көздейді [10].

Ал Э.Н. Семичева да психологиялық-пе- дагогикалық сүйемелдеу жұмысының негіз- гі міндеттерін сипаттап, түрлерін көрсетеді.

Зерттеушінің пікірінше, әлеуметтік педагог- тар ғаріп балалардың ата-анасымен де қо- ян-қолтық араласқаны жөн. Ерекше қажет- сінулері бар балалармен істейтін жұмысты

«психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

деп атайды. Осындай жұмысты әлеуметтік педагог орындау барысында алдын алатын жұмысты баланың ата-анасымен де жүргізеді:

оларға консультацияларды ұйымдастырады, анасына баланың психикалық хал-жағдайын бақылау тәсілдерін үйретеді, баламен эмоци- оналдық қатынасқа кірудің әдістерін де көр- сетіп, психокоррекциялық сабақтарға қатысу- ды ұйымдастырады.

Баланың отбасымен өткізілетін әлеумет- тік-психологиялық жұмыстың мақсаты – ке- шенді көмекті ұйымдастыруда, ал негізгі мін- деттері мынадай:

(5)

1. Баланың және оның ата-анасының тұлға- ларын жете зерделеу, олардың қарым-қаты- настар жүйелерін зерттеу;

2. Баланың және отбасының айналасын тек- серу;

3. Баланың құрдастарымен қарым-қатына- старын жалғастыру, қолғабыс көрсету дағды- ларына үйрету;

4. Ғаріп балалардың сенсорлық-пер- цептивтік зияткерлік үдерістерін дамыту;

5. Балалардың қарым-қатынасында пайда- ланатын коммуникативтік дағдыларын артты- ру [11].

Мысалы, Т.С. Малкина да ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен келесі психологи- ялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының 4 түрін міндетті түрде өткізудің қажеттілігіне назар аударады. Психологиялық-педагогика- лық сүйемелдеу жұмысын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолданылатын әле- уметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлардың кешенді жүйесі деп белгілеген [12].

Осындай жүйе жалпы білім беретін меке- мелердің жағдайында бірнеше қызметтерді атқарады: 1) Өтемділік қызмет. Бұл қызметтің мақсаты: ғаріп балаларды дені сау балалар- дың қатарынан қалмай дамыту үшін ерекше жағдайларды жасап, олардың ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру. 2) Ынталандыру қызметі: бұл қызмет ғаріп балалардың ынта- сын, жігерін арттыруға бағыттаған; 3) Өрісте- туші қызмет. Ол ғаріп балалардың дені-сау балалардың ортасында дамуын қамтамасыз етеді. 4) Түзету-өрістетушілік қызмет бала- ны психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтиды.

Инклюзивтік білім ерекше білім беру қа- жеттілігі бар балалардың өмірін жақсартып, өмірден үмітін үзбей, келешегі жарық екені- не сендіруге мүмкіншілік тудырады. Инклю- зивтік оқудың тағы бір түрі – мейнстриминг стратегиясын жүзеге асыру [13]. Бұл жағдай- да ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар өздерінің құрдастарымен бірге оқудан тыс уақытта араласады: мейрамдарда, фести- вальдарда т.б. Осындай мерекелік шараларға

қатысу, ғаріп балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу дағдыларын арттырады.

Осындай жұмыс түрлерінің негізгі прин- ципі – инклюзия философиясы принципі негізінде ұйымдастырылады. Сондықтан сүй- емелдеу жұмыстарының түрлері төмендегі ұстанымдық тағылымдарды қамтиды. Ондай принциптерді былай жіктеуге болады:

1) гуманистік бағытты оқу үдерісінде жүзе- ге асыру принципі. Ол баланың өзіндік тұлға- сын құрметтеп, даралығын өрістетуін көздей- ді;

2) баланы жеке түрде оқыту принципі.

Баланың жеке мінез-құлық ерекшелігін, да- му-өрістеу деңгейін ескеру негізінде жеке түр- дегі жұмысты ұйымдастыру;

3) баланы оқыту барысында негізгі болып іс-кимылдық принцип табылады. Баланы ойын арқылы оқыту;

4) баланы әлеуметтік-психологиялық жағынан қорғау, мұғалімдер мен баланың ди- алогтық әрекеттесуін ұйымдастыру;

5) баланың өзіндік жұмысын қолдау, бел- сенділігін арттыру;

6) оқу үдерісіне барлық қатысушыларын қатыстыру, бірге жұмыс істеуін қамту;

7) баланың отбасын, мектептің, әлеумет- тік-педагогтың серіктестік қарым-қатынасын ұйымдастыру [14].

Зерттеуші ғалымдар: И.В. Смолярчук, В.М.Толстошеина, Н.В. Вязовалар сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыратын принциптерді си- паттаумен қатар, психологиялық-педагогика- лық сүйемелдеу жұмысының моделін де ұсы- нады. Сол модель инклюзия философиясы принципіне негізделген. Авторлар өз мақала- сында ерекше білім беру қажеттілігі бар бала- ларды дамыту және әлеуметтендіру моделін көрсеткен. Бұндай модельді құруда келесі мақсат көзделген: балалардың жаңа әлеумет- тік даму жағдайында психологиялық-педаго- гикалық сүйемелдеу жұмысын қамту [14].

Қазақстандағы ерекше білім беру қажет- тілігі бар балаларды оқыту үшін бүкіл әлемде қабылданған осы модель қолданылады. Бұл модель «Ерекше білім беру қажеттілігі бар ба- лаларды қолдау және бағалаудың әлеуметтік-пе- дагогтық моделі» деп аталады. Осы модельде

(6)

келесі ұстанымдар айқындалған: отандық оқу білім жүйесі кемеліне жетілмегендіктен, оқушыладың әртүрлі қажеттіліктерін ескеріп, дайын болмағандықтан ерекше білім беру қа- жеттілігі бар оқушылар талай қиындықтарға шалдығады. Берілетін баға адамның қажетілі- гін ескеру негізінде қойылады, ал оқу үдерісі – оқу барысында қолдау және қоршаған ортаға бейімдеу факторлары негізінде құрастырыла- ды [15].

Модель төменде көрсетілген:

1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар ба- лаларды қолдау мен бағалау моделі

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу және бағалаудың медициналық мо- делі

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу және бағалаудың әлеуметтік-педа- гогикалық моделі

Бұл модель төмендегідей түсінікке негізделеді:

баланы оқытуда кездесетін қиындықтар мәселе- сі баланың өзінің хал-ахуалының жағдайымен байланысты, сондықтан оны қалыпты емес, кемістігі бар бала деп санайды. Балаға берілген баға оған қойған медициналық диагнозға сүйе- неді, ал оқыту үдерісі-түзету әрекетіне бағытта- лады.

«Қоғамдық оқу жүйесі кемелденіп жетілмеген- діктен білім беретін мектептердің жағдайлары оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағат- тандыра алмайтындықтан, оларға сәйкес кел- мегендіктен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқу барысында қиындықтарға шал- дығады» деген түсінікке негізделген. Балаларға берілетін баға баланың қажеттіліктерін ескерсе, ал оқыту үдерісі - оқыту барысындағы қолдау- ды және қоршаған ортаның факторларына бей- імдеуді қамтиды.

Қазіргі кезде инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы осы әлеуметтік-педаго- гикалық модель қолданалады [4,10], [15].

Қорытынды. Ерекше білім беру қажет- тілігі бар балаларды психологиялық-педаго- гикалық сүйемелдеу жұмысының бірнеше денгейін белгілеуге болады.

Бірінші деңгейде – баланың өзіне және оның отбасына арнайы папка ашып, мәліметтер банкін жасау қажет. Бұндағы жинақталған мәліметтер баламен және оның ата-анасымен жұмыс істеу үшін арнайы жеке бағдарламаны жасауға себебін тигізеді.

Екінші деңгейде – баламен психологи- ялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын өткізетін қызметкерлермен қарым-қатына- старды құрып, жалғастыру қажет.

Үшінші деңгейде – ғаріп баланың денсау- лығын, психикалық хал-ахуалын тексертіп

психологиялық дамуының ерекшелігін бақы- лау жұмыстарын ұйымдастыру керек.

Төртінші деңгейде – әлеуметтік педагогтың баламен жеке бағдарлама бойынша және топ- та оқыту бағдарламалары бойынша оқығанын қадағалауға тиісті.

Демек, психологиялық-педагогикалық сүй- емелдеу жұмысы ғаріп балаларды құрдаста- рымен қатар дамуына бағытталған. Оларды инклюзивтік мектепке өз қатарындағы (жасы бойынша) балалармен бірге оқытуға мүм- кіндік жасауды және жан-жақты дамытуды қамтиды.

Анықталған ғылыми нәтижелер: ғаріп адамдарды, басқа ұлттың өкілдерін, әлеумет- тік мәртебесі төмен қоғам мүшелерін кей жағдайда кемсітетін, қорлайтын көзқарастар орын алатыны анықталды; осындай теріс пікірлердің қажетсіздігі дәлелденді; ғаріп ба- лаларды қоғамның толыққанды мүшелерінің қатарына тарту үшін инклюзивтік мектептер- де оқытудың қажеттілігі көрсетіледі; ғаріп ба- лалардың жай мектепте оқуы үшін олармен арнайы психологиялық-педагогикалық сүй- емелдеу жұмысының қажеттілігі анықталып дәлелденді және жұмыс түрлері сипатталды;

әлемдік психологиялық-педагогикалық сүй- емелдеу жұмысының қызметтері (өрістету, дамыту, ынталандыру, өтемділік, өрістету-ту- зету) айқындалды, психологиялық-педагоги- калық сүйемелдеу жұмысының деңгейлері анықталды; мәліметтерді жинақтау; баламен

(7)

Әдебиеттер тізімі

1. Комлев Н.Г. Словарь иностранных слов: более 4500 слов и выражений. – М.: ЭКСМО-Пресс, 1999.

– 669 с.

2. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. Учеб. пособие для студентов, аспирантов и соискателей по спец. «Лингвистика и межкультурная коммуникация». – М.: Slovo. – 2000. – 624 с.

3. Познание. Коммуникация: сборник работ / Т.А. ван Дейк. – М.: Прогресс, 1989. – 310 с.

4. Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе. Методические рекомендации. - Алматы. – 2019. - 118 с.

5. Джаниева Т.С., Орлова О.С. Становление национальной системы психолого-педагогической помо- щи лицам с ограниченными возможностями здоровья в Республике Казахстан // Педагогика и психоло- гия образования. - 2015 - № 4. - С. 97- 101.

6. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). - Алматы, 1998.

7. Алехина С.В. Инклюзивное образование / С.В. Алехина, Н.Я. Семаго, А.К. Фадина. Выпуск 1. – М.:

Центр «Школьная книга» – 2010. – 272 с.

8. Пханаева С.Н., Хамукова Б.Х. Сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе // Историческая и социально-образовательная мысль. – 2016. – T. 8 № 5/3.

– С. 203-207.

9. Белявский Б. В., Соловьева И. Л. Изучение и образование лиц с ограниченными возможностями здоровья. // Специальное образование. – 2016. - № 2. - С. 5-14.

10. Бердникова А.Г. Психолого-педагогическое сопровождение как составляющая образовательного процесса // Сибирский педагогический журнал. - 2013. - № 5. - С. 241-244.

11. Семичева Э.И. Социально-психологическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями и их семей // Молодой ученый. – 2019. – №25 (263). - С. 434-436.

12. Малкина Т.С., Рифферт Л.И. Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образо- вательными потребностями в современном образовательном учреждении // Материалы международной научно-практической конф. «Актуальные проблемы теории и практики инклюзивного образования». – 2016. – С.14-16.

13. Трохирова У.В., Зимина Е.В. Инклюзивное образование как фактор повышения качества жизни детей-инвалидов // Известия Иркутской государственной академии. – 2014. – № 3.

14. Смолярчук И.В., Толстошеина В.М., Вязова Н.В. Психолого-педагогическое сопровождение детей в инклюзивном образовании // Поволжский педагогический вестник. – 2014. - №1 (2).

15. Инклюзивное образование. Выпуск 1. – М.: Центр «Школьная книга», 2010. – 272 с.

References

1. Komlev N.G. Slovar’ inostrannykh slov: boleye 4500 slov i vyrazheniy [Dictionary of foreign words: more than 4500 words and phrases] (EKSMO-Press, Moscow, 1999, 669 p.).

2. Ter-Minasova S.G. Yаzyk i mezhkul’turnaya kommunikatsiya. Ucheb. posobiye dlya studentov, aspirantov i soiskateley po spets. «Lingvistika i mezhkul’turnaya kommunikatsiya» [Language and intercultural communication: Textbook allowance for students, graduate students and applicants for special. «Linguistics and intercultural communication.»] (Slovo, Moscow, 2000, 624 p.).

3. Van Dijk T.A. Poznaniye. Kommunikatsiya: sbornik rabot [Cognition. Communication: collection of works] (Progress, Moscow, 1989, 310 p.).

психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын өткізетін педдагогтармен қарым-қа- тынастарды құру; баланың психикалық хал-а- хуалын үнемі бақылауға алу; ғаріп баланың

жеке және топтағы оқу үдерісін бақылау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы бағдарламадан бөлек ерекше бағдар- ламамен оқуын қадағалау.

(8)

4. Psikhologo-pedagogicheskoye soprovozhdeniye detey s osobymi obrazovatel’nymi potrebnostyami v obshcheobrazovatel’noy shkole [Psychological and pedagogical support of children with special educational needs in a comprehensive school]. Guidelines (Almaty, 2019, 118 p.).

5. Dzhaniyeva T.S., Orlova O.S. Stanovleniye natsional’noy sistemy psikhologo-pedagogicheskoy pomoshchi litsam s ogranichennymi vozmozhnostyami zdorov’ya v Respublike Kazakhstan [The formation of the national system of psychological and pedagogical assistance to persons with disabilities in the Republic of Kazakhstan], Pedagogika i psikhologiya obrazovaniya [Pedagogy and Psychology of Education], 4, 97-101 (2015).

6. Asfendiyarov S. Istoriya Kazakhstana (s drevneyshikh vremen) [History of Kazakhstan (since ancient times)] (Almaty, 1998).

7. Alekhina S.V., Semago N.Ya., Fadina A.K. Inklyuzivnoye obrazovaniye [Inclusive education]. Issue 1 (Сenter Shkol’naya kniga», Moscow, 2010, 272 p.).

8. Pkhanayeva S.N., Khamukova B.KH. Soprovozhdeniye detey s osobymi obrazovatel’nymi potrebnostyami v obshcheobrazovatel’noy shkole, Istoricheskaya i sotsial’no-obrazovatel’naya mysl’ [Accompanying children with special educational needs in a comprehensive school, Istoricheskaja i social’no-obrazovatel’naja mysl’

[Historical and socio-educational thought], 5/3 (8), 203-207 (2016).

9. Belyavskiy B.V., Solov’yeva I.L. Izucheniye i obrazovaniye lits s ogranichennymi vozmozhnostyami zdorov’ya [The study and education of persons with disabilities], Spetsial’noye obrazovaniye [Special education], 2, 5-14 (2016).

10. Berdnikova A.G. Psikhologo-pedagogicheskoye soprovozhdeniye kak sostavlyayushchaya obrazovatel’nogo protsessa [Psychological and pedagogical support as a component of the educational process], Sibirskiy pedagogicheskiy zhurnal [Siberian Pedagogical Journal], 5, 241-244 (2013).

11. Semicheva E.I. Sotsial’no-psikhologicheskoye soprovozhdeniye detey s osobymi obrazovatel’nymi potrebnostyami i ikh semey [Socio-psychological support of children with special educational needs and their families], Molodoy uchenyy [The young scientist], №25 (263), 434-436 (2019).

12. Malkina T. S., Riffert L. I. Psikhologo-pedagogicheskoye soprovozhdeniye detey s osobymi obrazovatel’nymi potrebnostyami v sovremennom obrazovatel’nom uchrezhdenii [Psychological and pedagogical support of children with special educational needs in a modern educational institution], Materialy mezhdunarodnoy nauchno-prakticheskoy konf. «Aktual’nyye problemy teorii i praktiki inklyuzivnogo obrazovaniya» [Materials of the international scientific and practical conf. «Actual problems of the theory and practice of inclusive education], 2016. – 14-16 p.

13. Trokhirova U.V. Zimina Ye.V. Inklyuzivnoye obrazovaniye kak faktor povysheniya kachestva zhizni detey-invalidov [Inclusive education as a factor in improving the quality of life of children with disabilities], Izvestiya Irkutskoy gosudarstvennoy akademii [Bulletin of the Irkutsk State Academy], 3 (2014).

14. Smolyarchuk I.V., Tolstosheina V.M., Vyazova N.V. Psikhologo-pedagogicheskoye soprovozhdeniye detey v inklyuzivnom obrazovanii [Psychological and pedagogical support of children in inclusive education], Povolzhskij pedagogicheskij vestnik [Volga Pedagogical Bulletin], 1 (2) (2014).

15. Inklyuzivnoye obrazovaniye [Inclusive education]. Issue 1 (Center «Shkol’naya kniga», Moscow, 2010, 272 p.).

Z. Sagatbekkyzy

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

The activities of the social teacher in psychological and pedagogical support of children with special educational needs in the adaptation to society

Abstract. The article describes measures to improve the situation of social groups and children with disabilities who are subjected to violence, discrimination, and degrading treatment by able-bodied, healthy, sane people in society. The study has been written in order to describe the role of the social educator and the types of psychological and pedagogical support for the adaptation of children with special educational needs to society.

(9)

According to the results of a scientific study, in some cases, a discriminatory and abusive attitude towards people with disabilities, representatives of other nationalities, members of low-income society has been revealed.

It is indicated that there is the necessity of teaching children with disabilities in inclusive schools in order to make them feel as a full members of society; it is revealed that there is the need for special psychological and pedagogical support for children with disabilities for learning in a regular school.

The authors have considered the functions of psychological and pedagogical support (disclosure, development, stimulation, compensation, disclosure - correction), the levels of psychological and pedagogical support, regular monitoring of the child’s mental state; monitoring the learning process of a disabled child individually and in groups. Applicable methods of the study are description, analysis, control methods.

Key words: children with disabilities, inclusive school, compensation services, correctional and developmental services, children with special educational needs, mainstreaming.

Ж. Сағатбекқызы

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Деятельность социального педагога по психолого-педагогическому сопровождению детей с особыми образовательными потребностями в адаптации к обществу

Аннотация. В статье описываются меры по улучшению положения социальных групп и детей-ин- валидов, которые подвергаются насилию, дискриминации, унижающему достоинство обращению со стороны способных постоять за себя, здоровых, здравомыслящих людей в обществе. Исследование на- писано в целях описания роли социального педагога и видов психолого-педагогической поддержки для адаптации детей с особыми образовательными потребностями к обществу.

По результатам научного исследования в некоторых случаях выявлено наличие дискриминационного и оскорбительного отношения к инвалидам, представителям других национальностей, членов общества с низкими доходами.

Указывается необходимость обучения детей-инвалидов в инклюзивных школах в целях вовлечения их в полноправные члены общества; выявлена необходимость специальной психолого-педагогической поддержки детей с ограниченными возможностями для обучения в обычной школе. Исходя из этого, рассматриваются функции психолого-педагогической поддержки (раскрытие, развитие, стимулирова- ние, компенсация, раскрытие-коррекция), уровни психолого-педагогического сопровождения, регуляр- ный мониторинг психического состояния ребенка; контроль за процессом обучения ребенка-инвалида индивидуально и в группах. Использованные методы: описание, анализ, методы контроля.

Ключевые слова: дети-инвалиды, инклюзивная школа, компенсационные услуги, исправитель- но-развивающие службы, дети с особыми образовательными потребностями, мейнстриминг.

Автор жайлы мәлімет:

Сағатбекқызы Ж. – «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс док- торанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Казақстан.

Sagatbekkyzy Z. – the 1st year doctoral student in Social Pedagogy and Self-Knowledge at L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

This article highlights the stress characteristics of US students, including the student living conditions, stress related health problems, and the affects social

Аутизм синдромына шалдыққан балаларды оқыту, сөйлету яғни сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында және психикалық процесстерді дамыту- да

Оқуға келген көптеген мектеп түлектерінің психосоматикалық денсаулық деңгейі төмен болғандықтан, ал жоғары мектеп педагогтары студенттердің денсаулығын

между Таким адаптацию образом, обучению можно следует рассматривать проблема эмоциональный постоянная фон могут как отношениеоснову

According to the press service of the Ministry of labor and social protection of the population of Kazakhstan, the need for 35 thousand disabled people is provided by placing a

Дальнейшей перспективой данного иссле- дования является неизученность проблемы воздействия личностных особенностей роди- телей на ребенка с ООП, в частности

Сондықтан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың, атап айтқанда, тірек-қимыл аппараты бұзылған жағдайындағы балаларға медициналық,

пациентов агрессируют по отношению к медсестрам и санитаркам), с родственниками, которые чаще всего не признают никакого исхода, кроме