• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Феминизация экстремизма как социальный феномен (на примере исламизма)»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Феминизация экстремизма как социальный феномен (на примере исламизма)»"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

Болысбаева А.К.

докторант, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., е-mail: [email protected]

ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ФЕМИНИЗАЦИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

(исламизмнің мысалында)

Қазіргі таңда діни экстремизм трансформацияланып, эволюцияланып, жаңа формада феминистік экстремизм кейпінде әлемдік қауымдастықта орын алып отыр. Әйел адамның радикализациясының күнделікті өмірден бастап, саяси институттар дәрежесіне дейін ықпал етуіне байланысты бұл бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Сондықтан осы зерттеудің мақсаты экстремизмнің феминизациясы процесін жан-жақты қарастыру болып табылады.

Мақалада экстремизмнің феминизациясы мәселесіне арналған отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды. Заманауи тенденцияларды анықтау мақсатында эксперттердің сұхбаттары сараланды.

Зерттеу барысында экстремизмнің феминизация процесінің шығу себептері, оның қоғамға ықпалы және аталмыш проблеманың алдын алу шараларын қарастырумен қатар, экстремизмге бейім әйелдің әлеуметтанулық портреті құрастырылды.

Жалпы, алынған мағлұматтар болашақта діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет бағдарламаларын даярлау, контрагитациялық дәрістерді, сонымен бірге студенттерге дәрістер жасақтауда қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: исламизм, экстремизмнің феминизациясы, мұсылман әйел, салафизм, исламдық белсенділік.

Bolysbayeva A.K.

PhD student, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty, е-mail: [email protected] Feminization of extremism as a social phenomenon

(on example of Islamism)

In our days religious extremism is transforming, evolving has appeared before the world community in a new form of feminist extremism. The radicalization of women affects all levels of society from ev- eryday life to political institutions, so this problem is the most topical for today. Therefore, the purpose of this article is to study the feminization of extremism. In the article analyzed the works of Kazakh, Russian and foreign scientists researched the problem of extremism’s feminization. In order to research modern situation analyzed of expert interviews. In the course of the study, the reasons for the feminiza- tion of extremism, its impact on society, methods of prevention, and a portrait of a woman susceptible to extremism were identified.

In general, the provided research can be used to create programs to counter extremism and terror- ism, the preparation of counter-lecture lectures, as well as lectures for students.

Key words: Islamism, the feminization of extremism, the Muslim, Islamic activism, Salafism.

(2)

Болысбаева А.К.

докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, e-mail: [email protected]

Феминизация экстремизма как социальный феномен (на примере исламизма)

На сегодняшний день религиозный экстремизм трансформируясь, эволюционируя, предстал перед мировой общественностью в новой форме феминистского экстремизма. Так как радикализация женщины влияет на все уровни жизнедеятельности общества, начиная от повседневого быта заканчивая политическими институтами, данная проблема является самой злободневной на сегодняшнее время. Поэтому целью данного исследования является изучение феминизации экстремизма. В статье проанализированы труды отечественных, российских и зарубежных ученых, посвященные проблеме феминизации экстремизма. В целях определения современных тенденций был проведен анализ экспертных интервью. В ходе исследования выявлены причины феминизации экстремизма, его влияние на общество, методы профилактики, а также сконструирован социологический портрет женщины, подверженный влиянию экстремизма.

В целом, полученные данные могут быть использованы в создании программ по противодействию экстремизму и терроризму, подготовке контрагитационных лекций, а также лекций для студентов.

Ключевые слова: исламизм, феминизация экстремизма, мусульманка, исламский активизм, салафизм.

Кіріспе

Қазіргі күні əлемдік қауымдастықтың күн тəртібінде тұрған басты мəселелердің бірі діни экстремизм мен терроризм болып табылады.

Себебі, зорлық-зомбылықты ақтау үшін діни көзқарастар қолданылатын болса, соңғысына ешқандай тосқауыл болуы мүмкін емес. [Mayer J-F., 2001: 361-376]. Ал жаһандану эрасында барлық діндер радикализация процесіне бейім болып келеді, сол себепті белгілі бір діни дəстүрге террористік зорлық-зомбылық тəн деп есептеуге еш негіз жоқ [Rapoport D., 1988: 195-213]. Белгілі бір кезеңде террористік əрекеттерге барлық əлемдік жəне ұлттық діндердің барғандығы та- рих беттерінен белгілі. Атап айтатын болсақ, Теология реконструкциясы жəне Христиандық біртектілік қозғалысының өкілдері АҚШ-тағы жүктілікті тоқтататын клиникалар мен олардың персоналдарына қарсы лаңкестік актілері [Sharpe T., 2000: 604-623], протестантизм мен католи- цизмге қатысты Солтүстік Ирландиядағы кон- фликт, иудей дəрігер Барух Гольдштейннің 67 мұсылманды атуы (25 ақпан 1994 ж.), буддистік секта «Аум Синрикенің» Токио метросында за- рин улы газын жіберуі осының айқын дəлелі. Де- генмен, қазіргі таңда діни терроризм мен экстре- мизм ислам дінімен байланыста ғана қаралатыны белгілі. Мəселен, АҚШ-тың Мемлекеттік депар- таментінің террористік ұйымдардың тізімінде дінді өзінің террористік əрекеттерін легитимдеу

байланысты [State department, 2001]. Осы орай- да америкалық эксперттердің біршамасында ислам мен исламизмді өзара тығыз байланыста қарастыру сынды жаңсақ пікірдің бар екендігін де айта кету керек. Осылайша, америкалық экс- перт Г. Вуд өзінің «ИШИМ нені қалайды» атты мақаласында «Ислам мемлекетін исламдық, тіпті өте исламдық» деп санайтындығын жа- зады [Wood G, 2014]. Осыған ұқсас пікірді Ш. Хамдидің «Temptations of Power: Islamists and Illiberal Democracy in a New Middle East»

атты мақаласында кездеседі: «ол (ислам – А.Б.) қобалжығандарды ИМ жағына шығуға мəжбүрлейді, ол күрестегі өлімге рухтандыра- ды. Ол өлтіруді ақтайды, ол стратегияны құрас- тыруға жəне тіпті соғыс шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді» [Hamid Sh, 2014: 310]. Осы- лайша, əлемдік қауымдастықта, қоғамдық са- нада исламофобияның пайда болуы үлкен про- блема болып табылады. Осы исламофобияның қалыптастырушы фактор ретінде ислам діні- нің атын жамылған исламистік бағыттағы экстремистік топтарды атауға болады.

Қазіргі таңда олар эволюцияланып, транс- фор мацияға ұшырап, жаңа деңгей – радикалды исламизацияға жетті. Ал радикалды исламиза- ция «қоғамдық өмірді исламдық нормалар мен құндылықтар тарапынан өзгертуге бағытталған исламдық əйелдердің қозғалысының» пайда болуын меңзейді [Балтанова Г., 2007: 356]. Өз алдына суицидтік терроризмді, əсіресе оған

(3)

зициясын – исламистік белсенділік кульмина- циясын көрсететін саяси тенденцияны түсіну арқылы жүргізіледі [Sedgwick M., 2004].

Статистикалық мəліметтерге сүйенер бол- сақ, тек Ислам мемлекетінің құрамында түрлі дереккөздер бойынша, 20 мыңнан бастап 200 мыңға дейінгі мигрант бар, олардың 500-і еуро- па елдерінен келген əйелдер болып табылады [Г.

Балтанова, 2016: 225]. Қырғызстандық эксперт Ж. Фронтбек-қызының айтуынша, террористік ұйымдардың əрбір төртінші мүшесі əйел адам болып табылады [28]. Ал Қазақстан азаматтары- на тоқталар болсақ, 2015 жылдың мəліметтері бойынша, террористік ұйымдардың қатарында шетелдік əскери іс-қимылдарға 150 отандас- тарымыз қатысуда. Олармен бірге əскери нүктелерде 200-ге жуық əйел мен балалар бар [25]. Жалпы, экстремизмнің феминизация- сы үлкен қауіп төндіретіні анық. Бұл феномен қоғам өмірінің барлық салаларына, яғни саяси институттардан бастап, адамдардың күнделікті өміріне дейін ықпал тигізетіні белгілі. Сол себепті діни экстремизмнің феминизациясы мəселесі қазақстандық қоғам үшін де, сонымен бірге əлемдік қауымдастық үшін де маңызды проблемаға айналып отыр.

Осылайша, егер осы күнге дейін «мұсылман əйелінің образы «батыстық» авторлардың шығыстық «Басқаны» суреттеу процесіндегі мақсат пен құрал ретінде» қолданылып [Werner K, 1998: 40], «Исламдағы қорланған əйел туралы көзқарастар ең көп таралған болса, қазірде ислам терроризмнің əлемдік қаупі ретіндегі стереотип»

[Сабирова Г.А., 2004: 212], соның ішінде əйел адамды да потенциалды қауіп ретінде қарастыру кең таралған. Ғылыми дискурста бұл мəселені О. Абдельлатиф, Д. Кук, A. Kарам, M. Oттоуэй, P. Шолк, M. Сегдвик, А. Әбдірасылқызы, Г. Балтанова, Т. Дронзина, Ж. Фронтбекқызы, Ғ. Шойкин жəне т.б. сынды ғалым-эксперттер зерттеген. Исламистік ұйымдардағы əйелдердің қозғалысының тарихына О. Абдельлатиф пен М.

Оттоуэйдің, Т. Дронзинаның еңбектері арналған.

Осылардың арасында исламтану ғылымының тарапынан ең алғаш рет əйелдер исламизмінің қарастырылуы Г. Балтанованың «Черные фла- ги на черном ветру. Женский исламизм в ИГ:

сегодня и завтра» атты еңбегі болып табылады [Балтанова Г.Р., 2016]. Барлық ғалымдар осы феноменнің өте қауіпті екендігін, қоғамды, тұтас əлемдік қауымдастықты дестабилизациялауға ықпал ете алатын процесс ретінде бағалайды.

Негізгі бөлім

Аталмыш феноменнің ХХІ ғасырда ғана толыққанды пайда болып, сонымен бірге діни экстремизмнің эволюцияланып, қоғаммен, діни көзқарастармен бірге трансформациялануына байланысты бұл құбылысты толыққанды зерттеу бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Жоғарыда көрсетілген еңбектердің экстремизмнің феми- низациясы туралы ғылыми дискурсқа қосқан үлесін мойындай отырып, біздің зерттеуіміздің жаңалығы ретінде исламистік ұйымдардың арбауындағы əйелдерді дерадикализациялау əдістерін зерттеу ұйғарылды.

Зерттеудің əдістемесін құрастыруды зерт- теудің объектісін анықтап алудан басталды.

Зерттеудің объектісі діни экстремизмнің феми- низация процесі болса, зерттеудің пəні ретінде исламистік экстремизмнің феминизациясы қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты діни экстремизмнің фе- минизациясы процесін зерттеу болып табыла- ды. Алға қойылған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер қойылды:

– діни экстремизмнің феминизациясы про- це сінің қоғамға тигізетін ықпалын талдау;

– оның шығу себептерін қарастыру;

– діни экстремизмге бейім əйелдің əлеу- меттанулық портретін суреттеу;

– осы процестің болашақ перспективалары- на болжам жасау;

– экстремизмнің феминизация процесінің ал дын алу жəне онымен күресудің жолдарын қарастыру.

Осылайша, зерттеудің объектісі мен пəні, мақ саты мен міндеттері анықталған соң, зерт- теудің гипотезасын анықтауға кірістік. Зерт- теудің ауқымды болуына байланысты бірнеше гипотезаны алға тарттық:

1. Экстремизмге мешіт-медреселерде білім алмаған немесе білімін аяқтамаған, яғни діни білімі жоқ неофиттер бейім болып келеді. Көп жағдайда олардың қатарында исламды жаңа қабылдаған конвергенттер де болады.

2. Экстремизмнің феминизациясы қоғам- ның дамуы үшін қаупі жоғары проблема болып табылады. Ол күнделікті өмірден ба- стап, саяси институттардың деңгейіне дейінгі қоғам салаларына негативті ықпалын тигізуі мүмкін.

3. Әйелдердің экстремистік ұйымдарға мүше болып, террористік актілерге қатысуы

(4)

себептерін екі деңгейде (объективті жəне субъективті) қарастыру қажет.

Зерттеу əдісі ретінде құжаттарды тал- дау, эксперттік сұхбаттарды саралау əдістері таңдалды.

Экстремизмнің феминизациясының алдын алу жəне онымен күресудің тиімді əдістерін анықтау үшін, ең алдымен, осы процестің өзін жан-жақты қарастырған жөн. Сол себепті бұл құбылысты зерттеудің тарихын шолу- дан бастаған абзал. Жалпы, əйелдерді түрлі террористік актілерге қолдану тəжірибесінің бірнеше жылдық тарихы болғанымен, ол тенден- циядан гөрі жекелеген фактілер көлемінде орын алған. Атап айтатын болсақ, алғашқы əйелдердің исламистік топтары ливандық Хизболлах, египеттік Мұсылман-бауырларда, палестиналық джихадтық топтарда, ХАМАС, аль-Каидада пай- да болған [Abdellatif O., Ottaway M., 2007: 45].

Дегенмен исламизмнің феминизациясы процесі толыққанды феномен ретінде қалыптасуы ХХІ ғасырға сай келеді. Бұған Ливандағы (1985- 1987 жж.), Шри-Ланкадағы (1987-2008 жж.), Түркиядағы (1996-1999 жж.), Шешенстандағы (2000-2004 жж.), Палестинадағы (2002-2006 жж.) əйелдердің террористік актілерге қатысуы дəлел болып табылады [Дронзина Т., 2011].

Экстремизмнің феминизациясының қоғамға тигізетін ықпалын Айнұр Әбдірасылқызы əлемдік жəне отандық деңгейге бөліп танысты- рады. Әлемдік деңгейде бұл феномен радикалды топтардағы əйелдердің санының өсуі, олардың интернет-кеңістіктегі, соның ішінде əлеуметтік желілердегі ақпараттық-насихаттық жұмысқа белсене қатысуы, əйелдердің əскери күш ретінде қолданылуы жəне соғыс алаңдарында жараланған адамдарға көмек көрсетуге қатысуы,

«сексуалды джихадқа» жалған шақыртулар арқылы интимдік қызмет көрсетуші тұлға ретінде əйелдерді пайдалану жəне олардың ра- дикалды көзқарастағы жаңа ұрпақты тəрбиелеу арқылы көрініс табады.

Ал Қазақстандағы экстремизмнің феминиза- циясына тəн өзіндік ерекшеліктер төмендегідей:

1. Дəстүрлі емес жамағаттың əйел ізбасарлары балаларын дəстүрлі емес көзқарастар аясын- да тəрбиелеп, олардың құқықтары мен бостан- дықтарын белгілі бір деңгейде шектейді. Бұл қыз балаларын қинап хиджаб кигізуінен, ба- ла ларының кейбір мектептік пəндерге (био- логия, сурет, өзін-өзі тану) қатысуына рұқ- сат бермеуінен, дене шынықтыру, өнер, би үйірмелеріне қатыстырмауынан, зайырлы білім

тыруынан, вакцинациядан бас тартуынан көрініс табады.

2. Дəстүрлі емес діни отбасылардың əйелдері төмендегідей іс-əрекеттерге қатысады:

– оқшауланған (салафиттік) жамағат мүше- лерінің арасында дəстүрлі емес діни ағым жақ- тастарының көзқарастарына негізделген өмір салтын дəріптеу;

– зайырлы өмір салтын жəне зайырлы тəр биені қабылдамау жəне оларды діни өмір салтының антиподы ретінде қарастыру;

– жамағат мүшелері арасында дəстүрлі емес көзқарастарды насихаттау;

– өз діни көзқарастарына сай келмейтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қағидаларын қабылдамау;

– шариғат заңдарына негізделмеген зайыр- лы мемлекетке қатысты сыни көзқарастарды қалыптастыру.

3. Діни экстремизм үшін сотталған адамдар- дың əйелдері түрмеде отырған күйеулерінің жамағатпен байланысын дамыту мен жалғас- тыруда басты рөл атқарады. Бұған дəстүрлі емес діни ағымдағы жамағат өкілдерінің сотталған адамның отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсетуі ықпал етеді.

4. Сонымен бірге Сириядағы соғыс зонасы- на кеткен адамдардың əйелдері экстремизмнің жаһандық феминизациясы нəтижесінде пайда болған іс-əрекеттерге қатысады [20]. Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш қаласының тумасы Ұлболсын, Ақтөбе облысының тұрғындары Гүлбану Асанова мен Эльмира Сүлейменнің Сирияға аттануы осының айқын дəлелі болып табылады [25].

Көріп отырғанымыздай, экстремизмнің фе- минизациясы үлкен қауіп төндіретіні анық. Бұл феномен қоғам өмірінің барлық салаларына, яғни саяси институттардан бастап адамдардың күнделікті өміріне дейін ықпал тигізетіні белгілі. Сол себепті осы құбылыстың пайда болу себептерін қарастыру қажет. Жоғарыда айтылғандай, исламизмнің феминизациясы бұл діни экстремизмнің бір көрінісі болып табыла- ды. Сондықтан исламизмнің феминизациясының себептері де діни экстремизмнің себептерімен ұқсас болып келеді.

Ғалымдардың арасында діни экстремизмнің пайда болуының себептері жөнінде плюралистік көзқарастар қалыптасқан. Біз мақалада діни экстремизмнің пайда болуын əлеуметтану ғылымының аясында қарастыруды жөн көрдік.

Әлеуметтанулық тəсілдеменің негізі ретінде

(5)

Аталмыш ғалымның пікірінше, қоғам əлеу- меттік жүйе болып табылатындықтан белгілі бір қызметті, функцияны атқаратын, өзара ықпал дасқан механизмдерден (əлеуметтік инсти туттардан) құралады. Бір құрамдас бөлі- гінің бұзылуы тұтас жүйедегі ауытқуларға, яғни дисфункцияға əкелуі мүмкін. Р. Мертон дисфункцияның болуын белгілі бір əлеуметтік институттың басқа институттың қызметіне кедергі жасауының нəтижесінде пайда болады деп ұйғарады. Ғалымның пайымдауынша, əрбір дисфункция девиацияға əкелуі мүмкін. [Социо- логический словарь, 2004: 124-125]

Яғни, экономикалық, саяси, білім беру жəне т.б. əлеуметтік институттардың өздерінің функцияларын толыққанды орындай алмауы, базистік əлеуметтік институттардың бірі болып табылатын дін институтында да дисфункцияның жəне девиантты мінез-құлықтың, яғни экстремизмнің орын алуына себеп болады. Осы- лайша, экономикалық реформалардың сəтсіздігі (өндірістің құлдырауы, үдемелі жұмыссыздық, тұрғындардың маргинализациясы жəне т.б.) діни экстремизмнің пайда болуының басты себебі болып табылады. Айталық, 1990 жылдардың соңына таман Сауд Арабиядағы орта білімі барлардың саны жылына 100000 адамды құраса, тек үштен бірінен сəл аз саны ғана өзіне жұмыс таба алады [Kepel G., 2003: 91-108]. Мұның барлығы қоғамдағы əлеуметтік тұрақтылықтың негізі орта таптың дамуына кері ықпалын тигізіп, əлеуметтік шиеленісушілікті туындатты.

Білім беру институтындағы, соны, соның ішінде теологиялық білім беру саласындағы да дисфункциялар діни экстремизм сынды деви- антты мінез-құлықтың пайда болуына ықпал ететіндігі айдан анық. Білімсіздік жəне білім алуға қаражаттың жетіспеуі индивидтердің маргинализациясына демеу болады. Мұны діни терроризм мен экстремизм мəселесін зерттеуші Хусейн абд-эль Маджид Шауаар террористік ұйымдарға қатысы бар адамдардың арасында, олардың аталмыш ұйымдарға қосылу себептерін анықтау мақсатында өткізген сұрауының нəтижелері дəлелдейді:

– діни сауатсыздық (сұралғандардың 56,67% Құранды өте нашар біледі немесе тек исламистердің оларға үйреткендерін біледі);

– пайда құмарлық (сұралғандардың 50%

оңай табыс үшін террорист болған) [Абдалла Бен Салех Аль-Обейд, 2004: 36-42].

Сонымен бірге біршама ғалымдар діни экстремизмнің таралуын жаһандану процесімен байланыстырады. Атап айтқанда, жаһанданудың

нəтижесіндегі мұсылмандардың Батыс елдеріне жаппай миграциясымен жəне олардың көшкен елінің кеңістігіне интеграцияланбай, жергілікті халықпен ассимиляцияланбауына орай тұрғы- лықты халықтың иммигранттарды дискрими- нациялауымен байланысты болса, екіншіден, жаһанданумен қатар жүретін вестернизация процесіне қатысты. Вестернизация мұсылман əлеміне тəн емес принциптерді тарата отырып, араб əлемінен өзінің түп-тамырына, рухани негіздеріне қайта оралу түріндегі кері реак- цияны тудырады. Зерттеушілердің пікірінше,

«трансұлттық корпорациялардың тұтынушылық мəдениетін енгізу талпынысына ең қызу наразылық осы корпорациялар жарнамалайтын игіліктерді жақын перспективада иемдене ал- майтын тұрғындардың арасында пайда болады»

[Пряхин В.Ф, 2008: 36-37].

Дəл осы жағдайды экстремисттер оңтайлы пайдаланып, шынайы исламнан бас тартудың себебі ретінде Батыс əлемін қарастыра бастады.

Жоғарыда аталып өткендей, қоғам бір- бірімен тығыз байланысты, өзара ықпалдасқан əлеуметтік механизмдерден, яғни əлеуметтік институттардан құралған жүйе болып табыла- ды. Яғни жұмыссыздықтың нəтижесіндегі жеке тұлғаның кəсіби саладағы өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігінің болмауы, қоғамның кəсіби саласындағы проблемалардың бар екендігін, халықтың белгілі бір бөлігінде мобильділіктің жоқтығын, əлеуметтік лифтілердің жəне каналдардың жабық болуын меңзейді. Мұны жастардың көпшілігінің өзінің мамандығы бой- ынша жұмыс жасамауын, сонымен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілердің көпшілігінің іс жүзінде жұмыссыз болып табылатындығымен байланысты.

Осылайша экстремизмнің пайда болуының факторлары өзара байланысты, кей жағдайларда бір факторлар екіншілерінің пайда болуының себебі болып есептеледі. Осылайша, кəсіби білім алу мүмкіндігінің жоқтығы жəне жұмыссыздық бірінің-бірі себеп-салдары болып табылуы мүмкін. Ал жұмыссыздық индивидтің матери- алды жағдайына негативті ықпал етуі ықтимал.

Осылардың барлығы адамның өзін-өзі қауіпсіз сезінбеуіне əкелуі мүмкін.

Өмірінің ретке келтірілмегендігі, негізгі қажеттіліктердің (қауіпсіздік, біртектілік, мой- ындау жəне т.б.) қанағаттандырылмауынан пайда болған ызаланушылық көптеген адам- дарды осы ұйымдардың «құшағына» итереді.

Осының негізінде оларды басқару, оларда на- разы көңіл-күй тудыру оңайлығын экстремистік

(6)

ұйымдар мен олардың өкілдері жеке мүдде- лерінде қолданады. Бұл орайда, əсіресе, жа- старды ерекше атау керек, олар өздерінің əлеу- меттік тəжірибесінің аздығына байланысты секталарға өмірдің мəнін, өзін-өзі анықтау, жаңа мүмкіндіктерді іздеп келеді.

Ал қазіргі таңдағы исламизм тарапынан пайда болған жаңа тенденция осы құбылыстың феминизациясын қалайша түсіндіруге болады деген мəселе туындары анық. Накос əйелдер мен ер террористер оларды рекруттау, мо- тивация, идеологиялық ынтызарлық жəне қатыгездік түсініктерінде фундаменталды ажыратылатындығы туралы ешқандай айғақ жоқтығын алға тартады [Nacos, B. 2005: 413- 419]. Дегенмен, феминистік экстремизмге сай өзіндік ерекшеліктердің, яғни əйелдерді өзіндік мүдделерінде пайдаланудың экстремистік топ- тар үшін «ұтымды» тұстарының бар екендігін ескеру керек. Біріншіден, əйелдер гендерлік стереотиптерге байланысты (əйел адам агрес- сивті емес) оларды потенциалды қауіпті деп қарас тырмау тəн. Екіншіден, хиджабтың кең болуы əйелдердің жарылғыш заттарды ғимарат тарға алып кіруіне мүмкіндік туғызады.

Үшіншіден, отбасының ұйытқысы болып, бала тəрбиесінде басты рөл атқарушы əйел радикал- ды көзқарастағы жаңа ұрпақты тəрбиелей алады.

Экстремизмнің феминизациясы процесін толыққанды ашу мақсатында осы процестің іске қосылуының үлгісін ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші кезеңде əйелдердің экстремистік ұйымдардың мүшесі болуы немесе террористік ұйымдарға қатысуы шектен шыққан іс-əрекет ретінде қарастырылады.

Шолктың айтуынша, гендерлік қарым- қатынастарды қамтитын конвенциалды мінез- құлықпен ажыраудың (мысалы, əйелдердің ер адамның статусына тəн зорлық-зомбылық жаса- уы) болуына байланысты террористік ұйымдар осы мінез-құлықты «мəртебелі» мінез-құлыққа қарама-қарсы болып қарастырылмауы үшін ескі гендерлік нормалардың жаңа формасы ретінде көрсетуге тырысты. [Schalk, Р, 1994: 1-22, Schalk P, 1997: 151-190]. Сол себепті исламистік феминизмнің идеологтары əйелдердің джихадқа қатысуына байланысты дін тарихындағы фактілерді іздестіруі «осы проблеманың діни мұсылмандардың көзіндегі легитимділікке ие болуы үшін, оның тарихи тереңдігінің болуы қажеттілігін» [Cook D, 2005: 375-384] түсінуімен байланысты.

Келесі кезеңде феминистік экстремизмді

құбылысты заңдастырудың ең басты қадамы пəтуаларды шығару болып табылады. Атап айтқанда, Пəтуалар бойынша комитеттің басшы- сы Шейх Абу аль-Гасан əйелдердің қатысуына оң санкциясын береді: «Бұл соғысқа ұлы əкесінің рұқсатынсыз, əйел күйеуінің рұқсатынсыз, құл иесінің рұқсатынсыз қатыса алады... Исламға шабуыл жасалғанда, шекаралар жойылады.

Джихад барлық мұсылмандар үшін міндетті»

[Sheikh Abu Al Hassan, 2001]. Келесі пəтуаны Шейх Умар аль-Бакри де пəкістандық президент Мушаррифке қарсы пəтуə шығару барысында əйелдердің қатысуына оң баға береді. [Israeli R., 2004: 66-96]

Келесі кезең пəтуаларды адресатқа, яғни əйелдерге жеткізу болып табылады. Әйелдердің исламистік қозғалысқа тарту мақсатындағы негізгі канал – əлеуметтік желілер болып та- былады. Ғ. Шойкиннің мəлімдеуінше, осы тақырыптағы аккаунттар «Вконтакте», «Одно- классники» сынды əлеуметтік желілерде жиі кездессе, «Facebook»-те де бірнеше тіркелген парақшалар бар [24]. Бұл пікірді А. Әбдірасылқызы да құптап, интернет-ресурстарда экстремистік бағыттағы мəліметтердің көптігін айтады [20].

Жалпы дəстүрлі емес діни көзқарастарды на- сихаттаушы материалдарға деген сұраныстың болуын олардың қолжетімділігімен жəне ислам туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен немесе толыққанды болмауымен түсіндіруге болады.

Әлеуметтік желілермен қоса, əйелдердің деструктивті діни ұйымдардың қатарына кірі- гуінің себебі ретінде отбасы мүшелерінің арасында дəстүрлі емес діни көзқарастарды ұстанушылардың да болуы қарастырылуы тиіс.

Әрине, ұсынылған үлгі осы процестің қыр- сырын толыққанды ашып бере алмағанымен, оның негізгі кезеңдерін қамтиды. Яғни, үлгіде көрсетілген іс-əрекеттерден бөлек түрлі іс- қимылдардың да қолданылуы мүмкін екендігін, сонымен бірге аталмыш феноменнің уақыт та- лабымен трансформацияланып, эволюцияға ұшырайтындығын ескеру керек.

Экстремизмнің феминизациясының себепт- ерін қарастыра келе, оның құрсауына түскен əйел адамның əлеуметтанулық портретін құрастыру потенциалды құрбанды анықтауға жəне онымен адрестік жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.

Мадрид автономды университетінің саясат- тану жəне исламдық зерттеу докторы К. Ма- ликов «секс-джихадқа» аттанып, террористік ұйымдардың мүшелеріне айналатын көп жағдайда екінші рет тұрмыс құра алмай жүрген

(7)

алға тартады. Дегенмен, отбасындағы зорлық- зомбылықпен ұшыраған тұрмыстағы əйелдер мен өзінің екінші жартысын таба алмай жүрген жас қыздардың да арасында Сирияға аттанатын- дары кездеседі. Олардың барлығы дерлік мешіт- медреселерде білім алып, исламдық курстарды аяқтамаған неофиттердің, яғни кенеттен діншіл болып кеткендердің қатарына жатқыза аламыз [26].

Ал ресейлік эксперт В.А. Сосиннің пікірін - ше, əйелдерді суицидтік терроризмге үгіттеу үшін олардың діни сауатсыздығы, олардың исламның «уахаббистік» тұжырымдарын дұ- рыс деп тануға негізделген примитивті діни көзқарастары қолданылады. Сонымен бірге ғалым əйелдерді діни террористік актіге итермелейтін себептерге ол əйелдердің негативті біртектілігінен айырыла алмай, қоғамға қайта оралу мүмкіндігінен жоғалтуына байланысты өзінің ар-ожданын құтқарудың жалғыз жолы ретінде суицид арқылы «əулие азаптанушы»

мəртебесіне өту қарастырылады [Сосин В.А., 2011].

Қырғызстандағы Сириядан қайтып келген- дердің арасында жүргізілген сауалнама олардың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа көңілі тол- майтын орта тап өкілдері екендігін жəне олардың тағдырына ренжіген, болашағына сеніммен қарамайтын адамдар екендігін анықтады [26].

Жоғарыдағы көрсетілген кандидаттарды Риколфидің дифференциялау үлгісінің негізінде [Ricolfi L., 2005: 111] өзіміздің үш топтан құралған модельді ұсынамыз:

1) Өздерін таңдаулылар ретінде қарасты- ратындар. Олардың мотивациясының түп-та- мырын өзін Құдаймен таңдалғандар (Жарату- шы азап шегушілерді таңдайды) жəне азаптану трансценденталды марапаттарға жетудің ең қысқа жолы ретінде қарастыруы құрайды.

2) Кек алуға тырысушылар. Бұл топтың басты мақсаты террористік актілерде немесе əскери іс- қимылдарда қаза тапқан туыстары үшін кек алу болып табылады.

3) Саяси режимнен көңілі қалғандар. Бұл топқа саяси жүйені тек революция жолымен ғана өзгертуге болатындығына сенімді адамдар- ды жатқызуға болады.

Көріп отырғанымыздай, діни аспект, яғни діндарлық əйелдің экстремистік ұйымның мү- шесі атануының басты себебі болып табыл- майтындығы анықталды. Көп жағдайда əйелдің экстремистік ұйымның мүшесі атануына діни сенімнен басқа отбасы мүшелерінің аталмыш ұйымдардың мүшесі болуы, қайтыс болған туы- стары үшін кек алу, саяси режимге наразы болу,

отбасындағы зорлық-зомбылықтан құтылу, өзінің ар-ожданына келген кірді кетіру сынды себептер түркі болады.

Қорытынды

Осылайша, исламның діни экстремизм мен терроризмге қатысының жоқтығын, жалпы,

«исламизмнің дəстүрлі ислам принциптерін арамдататын діни тоталитаризмнің идеологи- ясы» деп объективті баға беруге болады [Hadi Palazzi, 2001]. Сондықтан айрандай ұйыған елімізді арандатуға əкелетін бұл құбылыспен кешенді күрес қажет. Ол деструктивті ағымдарды жоюмен қатар олардың көбеюінің алдын алу мақсатындағы діни ұйымдар мен мемлекеттің симбиозын құрайтын шаралардан құралуы тиіс.

Атап айтқанда, ең алдымен профилактикалық əдістерге баса назар аударылуы керек. Олардың өзі екі деңгейде жүргізілуі тиіс. Біріншіден, исламистік ағымдардың деструктивті ықпалын аша көрсетуге бағытталған шаралар болса, екіншіден халықтың арасында, соның ішінде діни қызметкерлердің теологиялық білімдерін жоғарылатумен сипатталуы қажет. Себебі, халықтың діни сауаттылығының жоғарылығы олардың деструктивті секталардың құрбанына айналу қаупін төмендетеді. Сонымен, бұл шаралардың қатарына келесілерді жатқызамыз:

1. Контрагитациялық жұмыс үшін дінта- нушылардан, ЖОО қызметкерлерінен, дəстүрлі діндердің дін басыларынан құралған топтар- ды жасақтап, орталықтар құру қажет. Бұл орталықтарда аталмыш эксперттердің өткізетін тренинг, семинарларының үгіт-насихат мате- риалдары көркем безендіріліп, сауатты, əрбір адамға түсінікті түрде дайындалуы керек. Бұл тұста агитацияға түрлі əлеуметтік топтардың адамдарының қатысатынын ескере отырып, олардың білім деңгейлері, мінез-құлқының ерекшеліктері, дүниетанымдық көзқарастары есепке алына отырып, діни постулаттармен қатар, ҚР діни ұйымдар туралы заңнамасы, діни экстре- мизм жəне терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарын түсіндіруге ерекше мəн қойылуы тиіс.

2. Ескерілетін жайт, түсіндірме жұмыстары фиктивті, формалды түрде жүргізілетін болса, олардың ешқандай нəтиже əкелмейтіні анық.

3. Жоғарыда аталған орталықтарда маман- дар тренингтер ұйымдастырып, солардың бары- сында қауіп тобына кіретін адамдармен жұмыс жүргізіледі. Бұл топтарды мониторингтің көмегімен анықтауға болады.

4. Орта немесе жоғары оқу орындарын- да белгілі бір діни ілімге акцент жасалмай, дін

(8)

тарихы жəне философиясы пəні оқытылғаны абзал. Ойлау мəдениеті үйретілуі тиіс, жеке тұлғалық діни жəне философиялық талғамдарды қалыптастыру қажет. Бұлар болашақта əрбір адамға қоғам үшін қауіпті ілімдерді анықтай алып, олардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

5. Жастарға мəдени, өнімді бос уақыт өткізу дағдыларын қалыптастыру процесіне тек ата-аналар, мектеп жəне басқа да білім беру ұйымдарынан бөлек, балалар шығармашылығы жəне жастар үйлері сынды ұйымдардың да қатысуы маңызды. Бұл сектасыз толыққанды өмірді көруге мүмкіндік береді.

6. Жастарды жұмыспен қамту, жұмыс орын- дарының болуын қамтамасыз ету, аз қамтылған тұрғындар үшін білім алу гранттары мен квота- ларын бөлу.

7. Деструктивті ұйымдардың ықпалына бейім тұрғындармен жұмыс барысында ең маңызды міндет бұл сенімнің біздің ментали- тетке, қазақ халқының салт-дəстүрлеріне тəн еместігін түсіндіру болып табылады. Үгіт-наси- хат жұмыстарында сектада болған шынайы адамдардың тарихына негізделген сапалы түрде монтаждалған видеоматериалдар көп көлемде қолданылуы керек.

8. Осы орайда тек деструктивті ағымдарға қарсы немесе олардың алдын алатын іс- шаралармен шектелмей, дəстүрлі ислам тура- лы ақпараттық мəлімет беретін орталықтардың жəне топтардың санын ұлғайту. Ол бірнеше бағытта, яғни барлық оқу орындарында, мешіттер мен басқа да мемлекеттік ұйымдарда түсіндіру жұмыстары мен дəрістер оқылуы тиіс.

9. Сонымен бірге мешіттердің жанынан ақысыз түрде діни сауат ашу курстарының санын ұлғайту. Бұл жоба ислам діні туралы халықтың білімін жоғарылату арқылы дəстүрлі емес діни идеологияның таралуына шектеу қояды.

10. Имамдардың кəсіби мамандану дең- гейін көтеру. Имамдардың арасында кəсіби

теологиялық немесе дінтанулық білімінің бо- луын шарт ету керек. Себебі, бұл жамағаттың имамға деген құрметін жоғарылатады.

11. Мұсылман əйелдер ұйымдарының ас- социациясын құру. Бұл олармен адрестік түсіндірмелік жəне əдістемелік жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.

12. Өзбекстандағы маххалалардағы отын тəжірибесін қолдану. Өзбек мұсылман əйелде- рінің арасында отынның, яғни ислами білімі бар жəне осы білімін трансляциялаумен айна- лысатын əйелдер қауымын «отын» деп атайды.

Олар өзбек қоғамында мəртебеге ие, мұсылман əйелдер олардың кеңестеріне құлақ асып, олардың пікірлерін жоғары бағалайды. Біздің пікірімізше, қазақстандық қоғамға да «отын ин- ституты» қажет.

Келесі шаралардың қатары экстремизмге қарсы əрекеттерден құралуы тиіс:

13. Әлеуметтік желілердің мониторингі жəне дəстүрлі емес діни идеологияны таратушы сайт- тар мен əлеуметтік желілердегі парақшаларды бұғаттау. Бұл іс-əрекет үнемі жүргізіліп оты- руы тиіс. Себебі, көп жағдайларда жойылған аккаунттардың орнына жаңалары тез арада пай- да болып отырады.

14. Деструктивті діни ағымдардың құр- сауына түскен əйелдермен жан-жақты əлеу- меттік жұмыс. Сенім телефондарының болуы, тегін психологиялық көмектің көрсетілетін əлеу- меттік орталықтардың Қазақстанның барлық қалаларында ашылуы керек.

15. Қазақстандағы діни экстремизмге қарсы күресте басқа мемлекеттердің тəжірибесі кеңі- нен қолданылуы керек. Бұл өзіміздің жұмысы- мыздағы кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді.

Болашақта осы ұсыныстар жүзеге асыры- латын болса, Қазақстандағы экстремизмнің феминизациясына тосқауыл болуына септігін тигізетініне сенімдіміз.

References

1 Abdellatif O., Ottaway M. Women in Islamist Movements: Toward an Islamist Model of Women’s Activism // Carnegie Middle East Center. – 2007. – № 2. – June. – 45 p.

2 Cook, David. 2005. Women fighting in Jihad? Studies in Conflict and Terrorism, 28, pp.375-384 3 Hadi Palazzi. Islam perverted // The Review, October 2001, vol. 26, №.10.

4 Hamid Sh. Temptations of Power: Islamists and Illiberal Democracy in a New Middle East. – Oxford University Press, 2014. – 310 p.

5 Israeli, Raphael. 2004. Palestinian women: the quest for a voice in the public square through «islamikadze martyrdom», Terrorism and Political Violence, Vol.16, N1, (Spring), рр.66-96

6 Kepel, Gilles. 2003. The Origins and Development of Jihadist Movement: From Anticommunism to Terrorism. Assian Af-

(9)

7 Mayer, Jean-Francois. 2001. Cults. Violence and Religious Terrorism: an International Perspective. Studies in Conflict and Terrorism, 24, рр.361-376

8 Nacos, B. 2005. The portrail of female terrorists in the media: similar framing patterns in the news coverage of women in politics and terrorism. Studies in Conflict &Terrorism, 2005, 28, рр.413-419

9 Rapoport D. 1988. Messianic Sanctions for Terror. Comparative Politics vol.20 N2, (Jan), pp.195-213

10 Ricolfi, Luca. 2005. Palestinians 1981-2003. In GAMBETA, Diego. (ed) 2005. Making sense of Suicide Missions. Oxford, Oxfor Univerity Press, р.111

11 Schalk, Peter. 1994. Women fighters of the Liberation tigers in Illiam: the martial feminism of Atel Palac. South Asia Re- search, 14 (2), Autumn, pp. 1-22,

12 Schalk, Peter. 1997. The revival of Martyr cults among Ilavar. Temenos, 33, pp.151-190

13 Sedgwick, Mark. 2004. The Islamic Leviathan. Oxford scholarship on-line, http://www.oxfordscholarship.com.chain.kent.

ac.uk/oso/private/content/politicalscience/9780195144260/p047.html

14 Sharpe T. 2000. The Identity Christian Movement & Ideology of Domestic Terrorism. Journal of Black Studies, Vol.30, N4 рр.604-623.

15 Sheikh Abu Al Hassan. 2001. 18 October. MEMRI: Special Dispatch Series – No. 296, http://www.memri.org/bin/articles.

cgi?Area=sd&ID=SP29601

16 State department, 2001. Patterns of Global Terrorism, www.state/gov/s/ct/rls/pgtrpt/

17 Werner K. Deconstructing the Issue of Islamic Fundamentalism: Approaching the Issue. In: Stauth G. Islam – Motor or Challenge of Modernity. Hamburg: Lit, 1998.

18 Wood G. What do ISIS really want? The Atlantic, Septembеr, 2014. – URL: http://www.theatlantic.com/magazine/ar- chive/2015/03/what-isis-really-wants/384980/

19 Абдалла Бен Салех Аль-Обейд. Угрозы терроризма и борьба с ним // Азия и Африка сегодня – 2004. – № 4 – С.36-42 20 Айнур Абдирасилкызы: Мероприятия в Актобе могут способствовать преодолению феминизации экстремизма http://e-islam.kz/ru/interview/item/11812-ajnur-abdirasilkyzy-provodimye-v-aktyubinske-meropriyatiya-sposobstvuet-preodoleni- yu-feminizatsii-ekstremizma

21 Балтанова Г. Женский исламизм – феномен ХХI века // Вестник экономики, права и социологии. – 2016. – №17 – С.

224-229.

22 Балтанова Г. Мусульманка. – М.: Логос, 2007. – 405 с

23 Балтанова Г. Черные флаги на черном ветру. Женский исламизм в ИГ: сегодня и завтра – М.: LAP, 2016. – 108 с.

24 Батырбек Агимбетов. Мусульманок Казахстана объединят в ассоциацию для защиты от религиозного экстремизма https://informburo.kz/novosti/musulmanok-kazahstana-obedinyat-v-associaciyu-dlya-zashchity-ot-religioznogo-ekstremizma.html

25 Все ушли на секс-джихад https://yvision.kz/post/539240

26 Джихад аль-никах. Жены секс-милосердия http://www.dzhikhad-alnikakh-zheny-seksmiloserdiya

27 Дронзина Т. Терроризма женский лик (результаты международного исследдования). – Астана, 2011. – 236 с.

28 Жамал Фронтбек кызы: Каждый четвертый член радикальных религиозных организаций – женщина! http://www.

nlkg.kg/ru/security/zhamal-frontbek-kyzy-kazhdyj-chetvertyj-chlen-radikalnyx-religioznyx-organizacij-%E2%80%93-zhenshhina 29 Мертон Р. Социальная теория и социальная структура. – М.: Хранитель, 2006.

30 Пряхин В.Ф. Как выжить? Новая идеология для человечества. – М.: Весь мир, 2008. – С. 36-37.

31 Сабирова Г. «Как стать и остаться мусульманкой: опыт разных поколений.» Сборник «Устная история и биография.

Женский взгляд.» / ред. и сост. Е.Ю. Мещеркина. – М.: Невский простор, 2004. – C. 193-219.

32 Соснин В.А. Психология суицидального терроризма в ХХI веке: исторические параллели и современные геополитические тенденции // Психологический журнал. – 2011. – Т. 32. – № 4. – С. 30-44, http://e-notabene.ru/nb/article_614.

html33 Социологический словарь: пер. с англ. / Н. Аберкромби, С. Хилл, Б.С. Тернер. – М.: ЗАО «Издательство «Экономика», 2004. – С. 124-125.

References

1 Abdellatif O., Ottaway M. Women in Islamist Movements: Toward an Islamist Model of Women’s Activism // Carnegie Middle East Center. – 2007. – № 2. – June. – 45 p.

2 Cook, David. 2005. Women fighting in Jihad? Studies in Conflict and Terrorism, 28, pp.375-384 3 Hadi Palazzi. Islam perverted // The Review, October 2001, vol. 26, №.10.

4 Hamid Sh. Temptations of Power: Islamists and Illiberal Democracy in a New Middle East. – Oxford University Press, 2014. – 310 p.

5 Israeli, Raphael. 2004. Palestinian women: the quest for a voice in the public square through «islamikadze martyrdom», Terrorism and Political Violence, Vol.16, N1, (Spring), рр.66-96

6 Kepel, Gilles. 2003. The Origins and Development of Jihadist Movement: From Anticommunism to Terrorism. Assian Af- fairs, Vol. XXXIV, N II, July, pp.91-108

7 Mayer, Jean-Francois. 2001. Cults. Violence and Religious Terrorism: an International Perspective. Studies in Conflict and Terrorism, 24, рр.361-376

8 Nacos, B. 2005. The portrail of female terrorists in the media: similar framing patterns in the news coverage of women in politics and terrorism. Studies in Conflict &Terrorism, 2005, 28, рр.413-419

(10)

9 Rapoport D. 1988. Messianic Sanctions for Terror. Comparative Politics vol.20 N2, (Jan), pp.195-213

10 Ricolfi, Luca. 2005. Palestinians 1981-2003. In GAMBETA, Diego. (ed) 2005. Making sense of Suicide Missions. Oxford, Oxfor Univerity Press, р.111

11 Schalk, Peter. 1994. Women fighters of the Liberation tigers in Illiam: the martial feminism of Atel Palac. South Asia Re- search, 14 (2), Autumn, pp. 1-22,

12 Schalk, Peter. 1997. The revival of Martyr cults among Ilavar. Temenos, 33, pp.151-190

13 Sedgwick, Mark. 2004. The Islamic Leviathan. Oxford scholarship on-line, http://www.oxford-scholarship.com.chain.kent.

ac.uk/oso/private/content/politicalscience/9780195144260/p047.html

14 Sharpe T. 2000. The Identity Christian Movement & Ideology of Domestic Terrorism. Journal of Black Studies, Vol.30, N4 рр.604-623

15 Sheikh Abu Al Hassan. 2001. 18 October. MEMRI: Special Dispatch Series – No. 296, http://www.memri.org/bin/articles.

cgi?Area=sd&ID=SP29601

16 State department, 2001. Patterns of Global Terrorism, www.state/gov/s/ct/rls/pgtrpt/

17 Werner K. Deconstructing the Issue of Islamic Fundamentalism: Approaching the Issue. In: Stauth G. Islam – Motor or Challenge of Modernity. Hamburg: Lit, 1998.

18 Wood G. What do ISIS really want? The Atlantic, Septembеr, 2014. – URL: http://www.theatlantic.com/magazine/ar- chive/2015/03/what-isis-really-wants/384980/

19 Abdalla Ben Salekh Al’-Obeyd. Ugrozy terrorizma i bor’ba s nim // Aziya i Afrika segodnya – 2004 – № 4 – pp.36-42 20 Aynur Abdirasilkyzy: Meropriyatiya v Aktobe mogut sposobstvovat’ preodoleniyu feminizatsii ekstremizma http://e-islam.

kz/ru/interview/item/11812-ajnur-abdirasilkyzy-provodimye-v-aktyubinske-meropriyatiya-sposobstvuet-preodoleniyu-feminizatsii- ekstremizma

21 Baltanova G. Zhenskiy islamizm – fenomen XXI veka // Vestnik ekonomiki, prava i sotsiologii, 2016, №1 – pp.224-229 22 Baltanova G. Musul’manka. – M.: Logos, 2007 – 405 р

23 Baltanova G. Chernyye flagi na chernom vetru. Zhenskiy islamizm v IG: segodnya i zavtra – M: LAP, 2016. – 108 р.

24 Batyrbek Agimbetov Musul’manok Kazakhstana ob»yedinyat v assotsiatsiyu dlya zashchity ot religioznogo ekstremizma https://informburo.kz/novosti/musulmanok-kazahstana-obedinyat-v-associaciyu-dlya-zashchity-ot-religioznogo-ekstremizma.html

25 Vse ushli na seks-dzhikhad https://yvision.kz/post/539240

26 Dzhikhad-alnikakh-zheny-seksmiloserdiya http://www.dzhikhad-alnikakh-zheny-seksmiloserdiya 27 Dronzina Т. Terrorizma zhenskiy lik (rezul’taty mezhdunarodnogo issleddovaniya) – Astana, 2011 – 236 р.

28 Zhamal-frontbek-kyzy-kazhdyj-chetvertyj-chlen-radikalnyx-religioznyx-organizacij -zhenshhina! http://www.nlkg.kg/ru/

security/zhamal-frontbek-kyzy-kazhdyj-chetvertyj-chlen-radikalnyx-religioznyx-organizacij-%E2%80%93-zhenshhina 29 Merton R: Sotsial’naya teoriya i sotsial’naya struktura – M.: Khranitel’, 2006

30 Pryakhin V.F Kak vyzhit’? Novaya ideologiya dlya chelovechestva. M.: Ves’ mir, 2008. pp.36-37

31 Sabirova G. «Kak stat’ i ostat’sya musul’mankoy: opyt raznykh pokoleniy.» Sbornik «Ustnaya istoriya i biografiya. Zhens- kiy vzglyad.» Red. i sost. Ye.YU.Meshcherkina. M., Nevskiy prostor, 2004 – pp.193-219

32 Sosnin V.A. Psikholo. Kak vyzhit’? Novaya ideologiya dlya chelovechestva. M.: Ves’ mir, 2008. PP.36-37giya suitsidal’nogo terrorizma v khkhi veke: istoricheskiye paralleli i sovremennyye geopoliticheskiye tendentsii/ Psikhologicheskiy zhurnal.2011. T.

32. № 4. S. 30-44, http://e-notabene.ru/nb/article_614.html

33 Sotsiologicheskiy slovar’: Per. s angl. / N. Aberkrombi, S. Khill, B. S. Terner. – M.: ZAO «Izdatel’stvo «Ekonomika», 2004.

– pp. 124–125

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Басқаша айтқанда, нормалау мен стандарттау қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мемлекеттiк басқару функцияларының бiрi болып табылады [4,

Сондықтан, білім сапасын арттырудың негізгі тетігі – ұстаз екендігі, сонымен бірге оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі,

Во-вторых, выявлено, что, несмотря на то, что 79,9% респондентов от- метили, что им за последний год не приходилось давать взятки, зна- чительная часть респондентов

Теңеу – екі нəрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тəсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нəрсені

Ыбырай Алтынсариннің пікірінше, адамгершілік негізі білім мен тəрбие болып табылады: «Тек тұрақты қамқорлық пен адамгершілік тəрбие балада ең

Атап айтқанда, «Орта мектепте физикадан демонстрациялық экспериментті ұйымдастыру жəне өткізу əдістемесі» курсын оқып білу нəтижесі бойынша студенттерге

мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жəне Қазақстандағы Орыс православье шіркеуі (ҚОПШ) болып табылады» деп нақты атап көрсетіп, бұл мəселеге

Басқаша айтқанда, тартымды сегментті және нақты немесе ықтимал мүмкіндіктерді ұсынатын позиция – бұл өнім үшін ең қолайлы позиция