• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Просмотр « Проблемы и перспективы развития туристской отрасли города Астаны и Акмолинской области»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Просмотр « Проблемы и перспективы развития туристской отрасли города Астаны и Акмолинской области»"

Copied!
16
0
0

Толық мәтін

(1)

Тукибаева К.Б.1, Барлыков Е.К.2

1докторант, e-mail: [email protected]

2э.ғ.к., доцент, e-mail: [email protected]

1,2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Әлемдік туристік нарық жүйесіне кіріктірілген жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік саланы қалыптастыру ішкі және кіру туризмі мен өңірлік мәдени-туристік кластерлерді дамытуды;

ел экономикасындағы туристік саланың үлесі мен туристік өнім сапасын арттыруды, инвестициялар тарту мен туристік дестинацияларды ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетуді талап етеді. Сондықтан, авторлардың мақалада қозғаған мәселелері жан-жақты зерттеу мен кешенді талдауды, ғылыми негіздеме дайындауды қажет ететіндігі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымы бұл Қазақстанды жаһандық танылатын туристік дестинация ретінде бекіту. Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі таңдағы экономикада қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын дамытудың мәселелері мен мүмкіндіктерін және ондағы кедергілер мен тежеуші факторларды анықтап, мәселені шешуге бағытталған.

Анықталған мақсаттың негізінде авторлар туристік саланы дамытудың негізгі көрсеткіштерін, туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес елдегі туристік саланың күшті және әлсіз жақтарын, мәселелердің шешіміне әсер ететін факторларды, Астана және Ақмола облысының туристік сала дамуын мемлекеттік қолдаудың институционалдық инфрақұрылымын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың құралдарын зерттеу әрі талдау арқылы, оның дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешуді көздейтін нақты ұсыныстар берген.

Түйін сөздер: туристік сала, кластер, инфрақұрылым, бағдарлама, туристік өнім, инновация, дестинация.

Tukibayeva K.B.1, Barlykov E.K.2

1doctoral student, e-mail: [email protected]

2candidate of Economic Sciences, Assistant Professor, e-mail: [email protected]

1,2L.N. Gumilyov Eurasian National University, Kazakhstan, Astana Problems and prospects of tourism industry development

of Astana city and Akmola region

The formation of a highly efficient, competitive tourism industry integrated into the global tourism market system requires the development of domestic and inbound tourism, regional cultural and tourist clusters; increasing the share of the tourist industry in the country’s economy and the quality of the tour- ist product, attracting investment and promoting tourist destinations in the domestic and international markets. Therefore, the relevance of the topic determines that the problems raised by the authors in the article require a comprehensive study and analysis, the preparation of scientific substantiation. The stra- tegic vision of the development of the tourism industry in the Republic of Kazakhstan is the statement of Kazakhstan as a globally recognizable tourist destination. The main purpose of the article is to solve problems and determine the prospects for the development of the tourism industry in the city of Astana and the Akmola region, to identify barriers and constraints taking into account the current situation in the economy. Based on the identified goal, the authors analyzed the main indicators of the tourism industry, its strengths and weaknesses in accordance with the tourism competitiveness index, identified factors

(2)

affecting problem solving, studied the institutional infrastructure of state support for the development of the tourism industry in Astana and Akmola region, development tools of the tourism industry of the Republic of Kazakhstan and gave specific proposals aimed at solving the problems impeding the devel- opment of tourism.

Key words: tourism industry, cluster, infrastructure, program, tourism product, innovation, destination.

Тукибаева К.Б.1, Барлыков Е.К.2

1докторант, e-mail: [email protected]

2к.э.н., доцент, e-mail: [email protected]

1,2Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана Проблемы и перспективы развития туристской отрасли

города Астаны и Акмолинской области

Формирование высокоэффективной, конкурентоспособной туристской отрасли, интегриро- ван ной в систему мирового туристского рынка, требует развития внутреннего и въездного туризма и региональных культурно-туристских кластеров; повышения доли туристской отрасли в экономике страны и качества туристского продукта, привлечения инвестиций и продвижения туристских дестинаций на внутреннем и международном рынках. Поэтому актуальность темы определяет, что проблемы, затронутые авторами в статье, требуют всестороннего исследования и комплексного анализа, научного обоснования. Стратегическое видение развития индустрии туризма в Республике Казахстан это утверждение Казахстана в качестве глобально узнаваемой туристской дестинации. Основной целью статьи является решение проблем и определение перспектив развития туристской отрасли города Астаны и Акмолинской области, выявление барьеров и сдерживающих факторов с учетом сложившейся ситуации в экономике. На основе выявленной цели авторами были проанализированы основные показатели развития туристской отрасли, ее сильные и слабые стороны в соответствии с индексом конкурентоспособности туризма, выявлены факторы, влияющие на решение проблем, изучены институциональная инфраструктура государственной поддержки развития туристской отрасли в Астане и Акмолинской области, инструменты развития туристской отрасли Республики Казахстан и даны конкретные предложения, направленные на решение проблем, препятствующих развитию туристской отрасли.

Ключевые слова: туристская отрасль, кластер, инфраструктура, программа, туристский продукт, инновация, дестинация.

Кіріспе

Туристік сала жалпы ішкі өнімді қалыптас- тыру мен сыртқы сауда балансын нығайтуда, қосымша жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқаратын әлемдік экономикадағы қар- қынды дамып жатқан табысты салалардың бірі. Әсіресе, 32 салаға жанама ықпал ете отырып, экономикаға оң мультипликативтік әсер береді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ы, экспорттың 7%-ы, қызмет көрсету экспортының 30%-ы туристік салаға тиесілі және әрбір 10-шы жұмыс орны туризм индустриясында құрылады (UNWTO Tourism Highlights, 2018). Туризмді Қазақстан Республикасында экономикалық дамытудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыруға болады. Өйткені, ол бюд- жетке салықтық түсімдердің, шетелдік валюта ағынының, жұмыс орындары санының өсуіне, мәдени және табиғи мұраның сақталуы мен оңтайлы пайдаланылуына, жергілікті халықтың

кәсіпкерлік қызмет мәдениеті мен туристік инфрақұрылымды дамытуға едәуір үлес қосады.

Мақаланың мақсаты – Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын дамы- тудың мәселелері мен мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеу мақсатына сәйкес келесідей мін- деттер қойылды:

RQ1: Қазақстандағы туристік сала дамуының жағдайын талдау

RQ2: Астана қаласы мен Ақмола облысын- дағы туристік сала дамуының институционалдық инфрақұрылымын зерттеу.

RQ3: Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саланы дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау.

Материалдар мен әдістер

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде турис- тік саланың дамуы, оның ішінде аймақтық даму мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.

(3)

Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласын дамытудың мәселелері мен мүмкіндіктері практикалық тұрғыдан зерттеуді қажет еткендіктен, оның қазіргі даму жағдайын сипаттайтын статистикалық деректер, есеп- тер, жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, жол- даулар, тұжырымдамалар мен заңнамалық құжаттар зерттелді. Олардың арасында The Travel & Tourism Competitiveness Report-2017, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы және т.б. қарастырылды. Зерттеу ба- рысында қойылған мақсаттарға жету үшін келесідей әдістер қолданылды, атап айтқанда:

теориялық қорытындыларды құру және зерт- теу қорытындыларын қалыптастыру үшін абстрактілі-логикалық әдіс, туристік қызмет- тердің бәсекеге қабілеттілігін басқару үдерісінің заңдылықтарын анықтау үшін жалпылау, син- тез, талдау және салыстыру әдістері, туристік қызметтердің дамуын басқаруға әсер ету факторларын анықтау үшін экономикалық- статистикалық әдістер.

Әдебиеттерге шолу

Жоғарыда атап өткендей, туристік саланың қалыптасуы мен дамуына қатысты мәселелерге көптеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалалары арналған:

Олардың ішінде, А.М. Хьялагер (Hjalager, 1997) туризмдегі инновацияның жіктемесін әзірлеген, оған сәйкес инновацияның өнімдік, үдерістік, басқарушылық және институционалдық түрлерін бөліп қарастырған, ғалымның жаңалығы қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтпай, аймақтардың туристік саласын дамытудың мүмкіндіктерін айқындауда үлкен үлес қосып келеді. Мәселен, А.А. Жукова (Давыденко, 2016) туризм нарығында бәсекелестік артықшылықтарға жету мәселелері, туризм индустриясындағы басқарудың ұйымдастырушылық формала- ры, туризм индустриясы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі мен корпоративтік мәдениеті арасындағы өзара байланысы, жаңа қызметтерді қалыптастырудың қағидаларын зерттесе, С.А. Хомич (Давыденко, 2016) бірегей нысандар негізінде туризмді дамытудың жергілікті және аймақтық бағдарламаларына

арналған инновациялық ресурстарды қолдануды, Д.Г Решетников (Решетников, 2006) туризмнің ақпараттық технологияларды қолданудың негізінде құрастырылған ұлттық туристік өнімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін, И.А. Горбылева (Горбылева, 2010) туристік аймақтарды туризмдегі аймақтық дамудың инновациялық құралы ретінде қарастырған.

Ал, отандық ғалымдар арасынан Б.У. Сыздык- баева (Сыздыкбаева, 2015) аймақтың туристік кешенін дамыту перспективаларын бағалауға қатысты зерттеу жүргізіп, Ақмола облысының туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы регрессиялық талдаудың трендтік үлгілері бойынша болжам жасаған, оны туристік индустриясының кәсіпорындары мен ұйымдарының дамуын стратегиялық жоспар- лау мен басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде баламалы стратегияны анықтау үшін пайдалануға болады. Е.С. Никитинский (Кулах- метова, 2018) туризмнің тұрақты дамуы және Қазақстанның киелі географиясы мәселесін зерттеп, Қазақстанның туристік беделін қалып- тастыру мен саланы дамыту мақсатында экологиялық және инновациялық талаптарды ескере отырып, туристік қызметті ынталан- дыру мен реттеуге, туризмнің инвестициялық тартымдылығына негізделген дәйекті туристік саясатты жүргізу қажеттігін, осыған байла- нысты, Қазақстанда мәдени-идеологиялық жобалар, соның ішінде халықтың санасында жалпыұлттық «Қазақстанның киелі география- сы» жобасын іске асырудың маңыздылығына тоқталып өткен.

Бұл ғалымдардың еңбектерінде еліміздің туристік нарығындағы болып жатқан өзгерістер мен саланың қазіргі жағдайы, жетілдіру жолда- ры қарастырылған. Дегенмен, туристік әлеуеті жоғары Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саласының даму мәселелері мен мүм- кіндіктері терең әрі жан-жақты зерттеу жүргізуді қажет етеді.

Нәтижелер мен талқылау

Туризм және саяхат саласындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес 2017 жылы Қазақстан 136 елдің ішінде 81 орынды иеленді, ЖІӨ-гі туризмнің үлесі 1.6 %-ды құраған (The Travel & Tourism Competitiveness Report, 2017).

Бұл көрсеткіш Қазақстанның туристік саласы жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында ауқымды үлесті қамтымайтынын дәлелдейді, бірақ, соңғы жылдары тұрақты өсу қарқыны байқалады.

(4)

Еліміздің ЖІӨ-дегі туризм үлесі 2025 жылға қарай 8% болады деп болжануда (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2017), ол келу және ішкі туризм көлемінің артуына тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе кіру туризмін мемлекет әл-ауқатының көрсеткіші ретінде, ал шығу туризмін азаматтардың әл- ауқатының көрсеткіші ретінде айқындайды.

Дегенмен, Қазақстанда туристік саланы дамы-

туда елеулі сәйкессіздіктер байқалады. Әсіресе, туристік кәсіпорындардың басым көпшілігі шығу туризміне жұмыс жасайды. Осылайша, ішкі және кіру туризмнің дамымағандығы, ел экономикасындағы туристік сала үлесінің аздығы, туристік дестинациялардың ішкі және халықаралық нарықтарда сұранысқа ие болмауы сияқты өзекті мәселелер Қазақстанның жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік саласын қалыптастыруына кедергі келтіреді (1-кесте).

1-кесте – 2013-2017 жылдардағы туристік саланы дамытудың негізгі көрсеткіштері

Атауы 2013 2014 2015 2016 2017 2017 ж.

2013 жылға қатынасы, % Қызметтер экспорты, млн. АҚШ доллары,

олардың ішінде: 5 384,7 6 618,1 6 476,0 6 309,7 6 436,60 119,5

Халықаралық саяхат (Қазақстан резидент

еместерге көрсетілетін қызметтер көлемі) 1 522,0 1 467,30 1 533,6 1 548,5 1 780,50 116,9 Оның ішінде:

Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместеріне

көрсетілетін қызметтер көлемі 1 164,60 1 094,3 1 132,1 1 161,00 1 368,00 117,4 Қазақстан басқа елдер резидент еместеріне

көрсетілетін қызметтер көлемі 357,4 373 401,5 387,5 412,5 115,4

Қызметтер импорты, млн. АҚШ доллары,

олардың ішінде: 12 458,4 12 916,2 11 582,2 11 062,8 10 849,5 87,08

Халықаралық саяхат (Қазақстан резидент емес- терден қабылдаған көрсетілетін қызметтер

көлемі) 1 843,3 1 932,00 1 979,0 1 657,8 1 790,60 97,1

Оның ішінде:

Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместерінен

қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі 1 190,90 1 278,2 1 434,0 1 235,40 1 264,90 106,2 Қазақстан басқа елдер резидент еместерінен

қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі 652,4 653,8 545 422,3 525,7 80,5 Келу туризмі бойынша келушілер саны, адамдар 6 8 1 085 6 332 734 6 430 158 6 509 390 7 701 196 112,5

ТМД елдері 6 213 390 5 655 246 5 835 592 5 935 690 7 060 630 113,6

ТМД-дан тыс елдер 627 695 677 488 594 566 573 700 640 566 102,05

Ескерту. Мәліметтер (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы, 2018) дереккөзінен алынған

1-кестедегі статистикалық мәліметтерге сәйкес 2013-2017 жылдардағы туристік сала- ны дамытудың негізгі көрсеткіштері 5 жыл ішінде қызметтер экспорты 19,5 %-ға өскенін, ал, қызметтер импорты 12,9 %-ға төмендегенін көрсетеді. Қызметтер экспортына қатысты халықаралық саяхат (Қазақстан резидент емес- терге көрсетілетін қызметтер көлемі) 16,9%- ға, оның ішінде, Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместеріне көрсетілетін қызметтер көлемі 17,4 %-ға, Қазақстан басқа елдер рези-

дент еместеріне көрсетілетін қызметтер көлемі 15,4%-ға артқан. Ал, қызметтер импортына қатысты халықаралық саяхат (Қазақстан ре- зидент еместерден қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі) 2,9%-ға төмендеген, оның ішінде Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместерінен қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі 6,2%-ға артса, Қазақстан басқа елдер резидент еместерінен қабылдаған көрсеті- летін қызметтер көлемі 19,5-ға төмендеген (1-сурет).

(5)

1-сурет – 2013-2017 жылдардағы туристік саланы дамытудың негізгі көрсеткіштері

Ескерту. Мәліметтер (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы, 2018) дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған

2-сурет – 2013-2017 жылдардағы келу туризмі бойынша келушілер саны

Ескерту. Мәліметтер (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы, 2018) дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған

Келу туризмі бойынша келушілер саны 12,5 %-ға артқаны ел экономикасына оң әсер етеді, оның ішінде: ТМД елдерінен келген ту-

ристер саны 13,6 %-ға артса, ТМД-дан тыс ел- дерден келген туристер саны 2,5 %-ға артқан (2-сурет).

(6)

Келген туристер саны бойынша, бірінші орында Ресей, екінші орында Қытай. Бұдан әрі Әзірбайжан, Германия, Түркия, Украина, АҚШ.

2018 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға

12 мыңнан астам адам келді (өсім 71%). Сондай- ақ Малазиядан (81%), Польшадан (36%), БАӘ (24%) және Оңтүстік Кореядан (12,5%) туристер саны өсуде.

2-кесте – 2017 жыл бойынша «Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексіне» сәйкес Қазақстан туризмі дамуының мықты және әлсіз жақтары

Жалпы рейтинг 81 орын / 136

Жалпы индекс құрамдасы орын Жекелеген индекс құрамдасы орын

Мықты жақтары денсаулық және гигиена 6

бағалардың бәсекеге

қабілеттілігі 8 билеттерге арналған салықтар мен әуежай алымдары 24

қонақ үй бағасының индексі 25

Әлсіз жақтары саяхат & туризмнің

басымдықтарын анықтау 93 саяхат & туризм индустриясының басым бағыт ретіндегі мемлекеттің

саясаты 94

туристерді тарту үшін маркетинг пен брендингтің тиімділігі 102

ел брендінің стратегиялық рейтингі 102

саяхат & туризмге үкіметтің бөлетін қаржысы 46

халықаралық ашықтық 113 визалық талаптар 114

екі жақты әуе қатынасы туралы келісімдердің ашықтығы 121 экологиялық тұрақтылық 99 саяхат және туризм саласын дамытудың тұрақтылығы 93

әуе көлік инфрақұрылымы 71 әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы 89

жер және порт

инфрақұрылымы 91 жолдардың сапасы 106

порт инфрақұрылымының сапасы 105

жер үсті көлігінің тиімділігі 49

туристік қызмет көрсету

инфрақұрылымы 97 туристік инфрақұрылымның сапасы 121

автокөлік жалдау компанияларының болуы 113

табиғи ресурстар 92 табиғи туризмге сандық сұраныс 118

табиғи активтердің тартымдылығы 97

мәдени ресурстар мен

бизнес саяхат 75 халықаралық қауымдастық кездесулерінің саны 87

мәдени-ойын-сауық туризміне сандық сұраныс 105

Ескерту. Мәліметтер (The Travel & Tourism Competitiveness Report, 2017) дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жыл бойынша «Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексіне» сәйкес Қазақстан 136 елдің ішінен 81-ші орынды иеленді, 2-кестеде Қазақстан туризмі дамуының мықты және әлсіз жақтары келтірілген.

2-кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан туризмі дамуының мықты жақтарына қарағанда әлсіз жақтары басым. Сондықтан, 2017 жыл бойынша «Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексіне» сәйкес анықталған мәселелерді шешу үшін еліміздегі туристік са-

ланы дамыту бойынша келесідей міндеттер атқарылуы тиіс:

– туристік ресурстарды дамыту;

– көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету;

– туристік қызметтер сапасын арттыру;

– елде қолайлы туристік климат құру;

– маркетинг пен туристік брендті алға жылжытудың тиімділігін арттыру;

– туризм индустриясының басқару жүйесін жетілдіру;

– инвестициялық тартымдылықты жоға- рылату.

(7)

Бұл мәселелердің шешіміне келесідей фак- торлар әсер етеді:

1. Тұрақты түрде кез келген уақытта қол�

жетімді туристік өнімнің болмауы. Өйткені, қазіргі кезде барлық туристік өнімдер нақты сұраныс бойынша жасалады, сәйкесінше, баға- сы белгіленген, күн сайын ұсынылатын турпа- кеттер нарықта тапшылық. Әдетте турист сұра ныс жібергеннен кейін ғана оған арнайы бағдарлама құрастырылады. Қолданыстағы турөнімдер тауашалы сипатта, ал, бұқаралық сипаттағы жаппай туризм мүлдем жоқ. Табиғи және мәдени ресурстардың алуан түрлілігі мен бірегейлігіне қарамастан еліміз бен оның же- келеген өңірлерінде нақты бәсекеге қабілетті турөнімдер аз (Кожабеков, 2016, George Assaf, 2018, Hjalager 2002, Hjalager, 2010).

2. Маусымға тәуелділік. Мысалы, жаз маусы- мында еліміздің солтүстік өңірлерінде белсенді туристік маусым 2-3 айға, оңтүстігінде – 4-5 айға дейін созылады. Сондықтан да, туристік объектілер қысқа маусымда бүкіл жыл бойы жұмсайтын қаражатын өтейтіндей ақша табуға тырысады және бұл туристік нысандардың бағасына айтарлықтай әсер етеді (Мырзабекова, 2018, Муканов, 2012, Новик 2016).

3. Ыңғайлы логистика және қолжетімді баға – Туристік нысандар бір-бірінен және үлкен қалалардан алыс орналасқандықтан, жол ұзақ болады. Мұндай ұзақ сапарлар қомақты қаражат пен едәуір уақыт жұмсауға мәжбүр етеді. Мы- салы, әр түрлі өңірлерде орналасқан 3 туристік нысанға бару үшін ел ішінде ұшу билеттеріне шамамен 100 мыңдай теңге қажет, темір жол көлігімен жүру бұдан үнемдірек болғанымен, ту- рист бұл жағдайда 3-4 күн жоғалтуы мүмкін, бұл өз кезегінде тағы туристік өнімнің қымбаттауына алып келеді. Қазақстан Дүниежүзілік экономи- калық форумның 2017 жыл бойынша «Ту- ризм және саяхат саласындағы бәсекелестік индексіне» сәйкес туристер үшін ең арзан 10 елдің қатарына кіріп, 8-ші орында орналасса да, қолжетімді туристік өнім құру үшін бірқатар сұрақтарды шешу қажет: әуе билет бағасы, кіші авиацияны дамыту, жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандарды көбейту және оқиғалық іс-шаралар өткізу арқылы маусымға тәуелділікті азайту (Nordin, 2003, Crouch, 2011, Elliot, 2011, Line, 2014, Kemeny, 2011).

4. Туристік қызмет көрсетуге қатысты сапа белгісін енгізу бойынша жұмыстар ен- жар атқарылуда. Туристік бизнес субъектілері нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін, қалауы бойынша сертификация рәсімінен өтіп, сапа

белгісін алатын болса, қызмет көрсету деңгейі біршама жоғарылайды (Медиева, 2017, Сыздык- баева, 2015).

5. Маркетинг пен туристік брендті алға жылжытудың тиімділігін арттыру мәселесі бюджеттен бөлінетін қаражатпен тікелей байла- нысты. Мысалы, мұндай шараларға БАӘ-де 40 млн. $, Израиль – 73 млн. $, Исландия – 105 млн.

$, Грузия – 21 млн. $. жұмсайды. Қазақстандағы жұмсалатын қаржы бұл сандардан алшақ, де- генмен, елімізде бірқатар маңызды шаралар атқарылуда:

5.1. 2017 жылы халықаралық мамандан- дырылған «EXPO-2017» көрмесінің қарсаңында Астана қаласына шет елдік журналистер мен туроператорлық компания өкілдері үшін баспасөз турлары ұйымдастырылды.

5.2. 2018 жылдың тамыз-қыркүйек айларын- да Астана қаласы әкімдігінің «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС бастамасымен Қазақстан Республи- касы Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шетелге шығу роуд-шоуы ұйымдастырылды. Роуд-шоу- ды өткізу дестинациялары ретінде Тбилиси, Баку, Тегеран, Киев, Минск, Пекин, Сучжоу, Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань қалалары таңдалған болатын, роуд-шоуды өткізудің мақсаты – Астананың туристік әлеуетін көрсету.

Жұмыс тобының құрамына жетекші туристік компаниялардың, әуе тасымалдаушылардың, халық тұтынатын тауарларды өндірушілердің өкілдері және Астана қаласының туризм индустриясының басқа да өкілдері кірді. Ро- уд-шоу қазақстандық туристік компаниялар үшін платформа болды және өздерінің туристік пакеттерін ұсынуға мүмкіндік берді.

5.3. WTM, ITB, ITE сияқты жыл сайынғы ең үздік халықаралық көрмелерге қатысу республиканың имиджін бекітуге және бүкіл әлемнің туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді, өйткені, бұл көрмелерге бүкіл әлем елдері қатысады. Сондай-ақ, Алматыда «KITF»

және Астанада «Astana Leisure» сияқты отандық халықаралық көрмелер өткізу Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға және нығайтуға, отандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжытуға және елге шетелдік тури- стер ағынын ұлғайтуға бағытталған негізгі іс- шара болып табылады.

5.4. Келу туризмін дамытуға қатысты елдің мақсатты нарықтарда ілгерілеуіне үлкен мән беріледі, мақсатты нарықтардың үш негізгі тобы анықталды. Мысалы, бірінші болып Ресей мен Қытай сияқты басым бағыттар кіреді, екінші

(8)

топ – Еуропа елдері, Үндістан, Иран, үшінші топ – Парсы шығанағы мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері сияқты перспективалы нарықтар.

Біз бұл нарықтарға Ecology, Ethnography, Events, Entertainment кіретін 4 элемент, яғни, «4е» кон- цепциясына біріктірілген қазақстандық туристік брендтің негізінде қалыптасқан турөнімдер ұсына отырып, елге келетін туристер санын арт- тыра аламыз және осы бағытта Қазақстанның имиджін бекіте аламыз.

Қазақстан «жаңадан дамып жатқан турис- тік дестинация» болып табылады, бірақ,

Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы шек- теулі, туристік өнімдер мен қызметтер жеткіліксіз (Кораблев, 2014). Сондықтан, туриз мнің негізгі инфрақұрылымын қамта масыз ету, өнімдерді әзірлеуде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мен елді туристік дестинация ретінде жағымды қабылдауды қалыптастыру тұрғы сынан мемлекеттің араласу қажеттілігі айқын. Астана және Ақмола облысының туристік сала дамуын мемлекеттік қолдаудың институционалдық инфрақұрылымына назар аударайық (3-сурет).

Астана жəне Ақмола облысының туристік сала дамуын мемлекеттік қолдаудың институционалдық инфрақұрылымы

Мемлекеттік институттар Мемлекеттік емес институттар

Бірлестіктер мен қауымдастықтар

«Қазақстанның өзін өзі реттейтін туристік қауымдастығы ЗТБ («Қазақстан

туризм қауымдастығы» ЗТБ,

«Астаналық туризм қауымдастығы»

ЗТБ, «Туризм индустриясының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ), «Қазақстандық

қонақ үйлер мен мейрамханалардың қауымдастығы», «Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығы»,

«Медициналық туризм қауымдастығы»,

«Еуразиялық туризм қауымдастығы»

«Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Туристік Қамқор»

корпоративтік қоры,

«Astana Convention Bureau» ЖШС, Ақмола облысындағы «Бурабай

даму» ЖШС Уəкілетті орган – Қазақстан

Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Туризм

индустриясы комитеті

Аймақтық уəкілетті мемлекеттік органдар –

Ақмола облысының туризм басқармасы, Астана қаласының Туризм, дене тəрбиесі жəне спорт басқармасы

3-сурет – Астана және Ақмола облысының туристік сала дамуын мемлекеттік қолдаудың институционалдық инфрақұрылымы

Ескерту: Мәліметтер (Ақмола облысының туризм басқармасы, Астана Конвеншн Бюро, Kazakh Tourism, Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің ресми сайттары) дереккөзі негізінде авторлар- мен құрастырылған

3-ші суреттегі Астана және Ақмола облы- сының туристік сала дамуын мемлекеттік қол- даудың институционалдық инфрақұрылымы (ҚР Мәдениет және cпорт министрлігі, Ақмо- ла облысының туризм басқармасы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Туристік Қамқор» Корпора- тивтік қоры, Астана Конвеншн Бюро, Бурабай даму, Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамхана-

лары, Еуразиялық туризм кауымдастығының ресми-сайты) осы саланың нақты мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік институттар мен мемлекеттік емес институттардан тұрады, оларға бағынышты мекемелер саны жылдан жылға артып келеді, әрқайсысының алды- на жүктелген міндеттері мен миссиясы бар (3-кесте).

(9)

3-кесте – Астана және Ақмола облысының туристік сала дамуын мемлекеттік қолдаудың институционалдық инфрақұрылымы

Мекемелердің аты Қызмет бағыты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитеті

туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясат пен инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, салааралық үйлестіру

Аймақтық уәкілетті мемлекеттік органдар – Ақмола облысының туризм басқармасы, Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы

облыс аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру, туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу

«Kazakh Tourism» ҰК АҚ маркетинг және турөнімдерді насихаттау, жарнамалау, туризм саласына инвестиция тарту, ақпараттық-талдамалық қолдау, елдік туристік брендін және суббрендтерді әзірлеу, туристік дестинация мастер-жобаларын, сапаның базалық стандарттарын әзірлеу мен енгізуге қатысу, технологиялар трансферті, алдыңғы қатарлы процестік және маркетингтік инновацияларды енгізу

«Туристік Қамқор» корпоративтік

қоры туроператордың қаржылық дәрменсіздігі себебінен шетелде шұғыл жағдайда қалған қазақстандық туристерге жедел көмек көрсету, оларды елге қайтарып алу

«Astana Convention Bureau» ЖШС қалаға ішкі инвестициялар мен туристерді тарту, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, инвестициялық тартымды аймақ ретінде имиджін нығайту, іскерлік туризмді дамыту

Ақмола облысындағы «Бурабай

даму» ЖШС Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы объектілерді күтіп ұстаумен және пайдаланумен, туроператорлық қызметпен айналысады, аймақтың жағымды туристік имиджін қалыптастыру, қолжетімді сапалы демалуды ұйымдастыру, курорттық аймақтағы қызметтер сапасын арттыру, олардың түрлерін көбейту

«Қазақстанның өзін өзі реттейтін

туристік қауымдастығы ЗТБ Үкіметтің туристік нарыққа жүктеген функцияларын өз құзыреттілігі аясында атқару, туристік саланың мәселелерін жан-жақты, кешенді шешу, туризмді дамыту

«Қонақ үйлер мен

мейрамханалардың қазақстандық қауымдастығы»

қонақ үй нарығының даму тенденциялары мен болжамдарын беру, қонақ үй саласының мүдделерін қолдау, КАГиР кеңес беру-зерттеу орталығы (маркетингтік зерттеулер, нарық үрдістері), КАГиР білім беру орталығы бар

«Қазақстанның туристік агенттіктер

қауымдастығы» туристік саланың тиімді жұмысы үшін проблемалар мен міндеттерді шешу мақсатында туристік агенттіктер мен шағын туроператорларды шоғырландыру

«Медициналық туризм

қауымдастығы» медициналық туризм саласында қызмет атқарады, туристік және сақтандыру компанияларын, медициналық туризм провайдерлерін біріктіреді

«Еуразиялық туризм қауымдастығы» туризм саласындағы Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту. Басты стратегиялық серіктестері Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы, одан әрі Орталық Азия елдерін біріктіруді мақсат етіп отыр

Ескерту. Мәліметтер (Туризм индустриясы комитеті, Kazakh Tourism, Туристік Қамқор, Astana Convention Bureau, Бурабай даму, АТАК, КАГиР ресми сайттарының) дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республи- касында туристік саланы дамыту туристік қызметтің құқықтық негіздерін дамытудың негізгі бағыттарын айқындаумен, туристік сая- сатпен байланысты. Себебі, бұл мемлекеттің туристік бизнесті дамытуды саналы қолдауы және олардың маңызды элементтеріне ықпал ету жолымен оның негізгі бағыттарын қалып- тастырудың бірден бір жолы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапы-

нан қабылданып жатқан шаралар туризмнің біртіндеп халық шаруашылығының дербес саласына айналу мүмкіндігін жоғарылатуды көздейді. Мұндай шараларға туризмнің даму- ына жағдай жасауға және оның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуге, ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын арт- тыруды мониторингілеу және ынталандыруға, туристік индустрия субъектілерін дамытудың нормативтік-құқықтық негіздерін қамтамасыз

(10)

етуге, туризм саласындағы инновациялық сая- сатты іске асыруға, ұлттық туристік өнімнің дамуын қолдау мен елдің туристік имиджін жоғарылатуға бағытталған заңнамалық және тұжы рымдамалық сипаттағы құжаттар, мемле- кеттік бағдарламалар, туристік саланы аймақтық деңгейде дамыту бойынша мастер-пландар жата- ды (ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2014, «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», 2015, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, 2017, Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ре- волюция жағдайындағы дамудың жаңа мүм- кіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы», 2018, Ақмола облысының ресми интернет-ре- сурсы, План развития ЩБКЗ Акмолинской об- ласти на 2017-2020 годы (ІІІэтап). (4-кесте).

Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) режимінің де туристік са- ланы дамытудағы үлесі зор. АЭА қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекара- лары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгiн қамти отырып, келесі жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болады:

– есептелген ҚҚС сомасын 100 %-ға азайту;

– жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффи- циентін қолдану;

– мүлік салығын салық базасына 0 % мөл- шер лемесі бойынша есептеу;

– жеткізушілер үшін ҚҚС мөлшерлемесі – 0%;– жер телімін пайдалану үшін төлем – АЭА жұмысы кезеңіне 0 коэффициенті.

– АЭА аумағына әкелінетін шикізатқа және жабдыққа кеден баж салықтарын салудан босату;

– жұмыс күшін тартудың оңайлатылған тәртібі.

Туризм бойынша «Бурабай» АЭА (Ақмола облысы) ғана жұмыс жасады, қызметін 2008- 2017 жылдары аралығында жүзеге асы- рып, қазіргі кезде оның инфрақұрылымын салу толығымен аяқталды. «Бурабай» АЭА аумағында құны 14,1 млрд. теңгені құрайтын шетелдің қатысуымен «Borovoe Tourism City»

ЖШС жобасы жүзеге асырылып, 216 тұрақты

жұмыс орны құрылды, 2012 жылы 200 номер- ге есептелген бес жұлдызды «Rixos Borovoe»

халықаралық қонақ үйі пайдалануға берілді. Со- нымен қатар, аумақта «Қазақстандық Лаплан- дия» ойын-сауық кешені, жабық теннис корты, арқан паркі салынып, іске қосылды, Қазақстанда алғаш жыл бойы жұмыс жасайтын вейк-паркі, жалға беру пунктері, велосипед жолдары және т.б. жасалды. «Бурабай» АЭА қызмет етуінің барысында тартылған инвестициялардың көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың үшінші тоқсанын қоса алғанда салық түсімдерінің көлемі 0,9 млрд. теңгені, тауарларды және қызметтерді өндіру көлемі 24,8 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың соңында «Бурабай» АЭА қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты жабылған, аймақ Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органының қарауына қор жерлері (рекреациялық белгіленуге ие жерлер) санатына ауыстырылды (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы, 2018).

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында кіру және ішкі туризмді дамыту мәселесі негізгі міндеттер қатарында көрсетілген және әртүрлі аумақтық деңгейлерде отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін артты- ру мақсатында туризмді ұйымдастырудың кластерлік тәсілі әзірленіп, алты мәдени- туристік кластер құрылды. Оның ішінде «Аста- на – Еуразия жүрегі» атты туристік кластері мен бір бөлігі Ақмола облысын қамтитын «Табиғат пен көшпенді мәдениет бірлігі» атты кластерінің рөлі ерекше. Өйткені, Астана қаласы еліміздің саяси, әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы ретінде танылса, оған жақын орналасқан Ақмола облысының көрікті жерлері рекреациялық әлеуетке бай болып табылады. Осы екі кластердің синергетикалық әсер ету есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды және ол кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру мен инновацияларды ынта- ландыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту көзделінген. «Астана – Еуразия жүрегі» кластері бірінші басымдық кластеріне, ал «Табиғат пен көшпенді мәдениет бірлігі» екінші басымдық кластеріне жатады (Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2017) (5-кесте).

(11)

4-кесте – Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың құралдары

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың құралдары Мемлекеттік бағдарламалар мен

тұжырымдамалар, жолдаулар Заңдар Туристік саланы аймақтық деңгейде дамыту бойынша даму жоспары,

мастер-пландар Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 30 маусымдағы №406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 заңы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 қарашадағы №.709 қаулысымен бекітілген № 709 «Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық зонасын 2017 – 2020 жылдарға дейінгі дамыту жоспары (III кезең)»

2014 жылғы 17 қаңтардағы

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

«Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513 заңы

Астанада 2020 жылға дейін туризмді дамытудың жол картасы

«Ұлт жоспары – бес

институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы (57, 86 қадамдар)

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)

лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарларды айқындау туралы)»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 қаулысы

Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017- 2020 жылдарға (ІІІ кезең) арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 қарашадағы № 709 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №627 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

Ақмола облысының туристік саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға

арналған жол картасы

2017 жылдың 12 сәуіріндегі

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы

2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2018 жылғы 5 қазандағы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Ескерту. Мәліметтер (Ақмола облысының туризм басқармасы, Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ресми сайттарының) дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Анықталған мақсаттың негізінде авторлар туристік саланы дамытудың негізгі көрсеткіштерін, туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес елдегі туристік

Все природные рекреационные ресурсы – физические, биологические и энергоинформационные, органичес- ки объединенные между собой и не- разрывно связанные

Ішкі туризмнің ауқымына əсер ететін факторларға туристік əлеует, жергілікті халық саны мен оның аймақ бойынша бөлінуі, басқа мемлекеттерге жақын

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында « Этноауыл және ұстахана »

Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақ- стандық туризмнің əлеуеті толық іске асы- рылмай отыр деген қорытындыға

Согласно Концепции развития туристской отрасли Республики Казахстан до 2020 года северная и восточная часть региона имеет

По видам инвестиций в человеческий капитал предприятий Акмолинской облас- ти, а также проектам государственно-частного партнерства в Акмолинской области,

Олай болса, келушілер саны артса, міндетті түрде экскурсиялық қызметтің дамуын талап, етеді, ал ол үшін қазірдің өзінде туристік нарық