• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақ тілінің стилистикасы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Қазақ тілінің стилистикасы"

Copied!
137
0
0

Толық мәтін

(1)

Ж.Д.РАПИШЕВА, Е.Е.ТҮЙТЕ, Ж.У.ЕСИНБАЕВА

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Қарағанды-2011

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Ж.Д.Рапишева, Е.Е.Түйте, Ж.У.Есинбаева

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Қарағанды-2011

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

Құрастырғандар:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рапишева Ж.Д., филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Түйте Е.Е.

филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы Есинбаева Ж.У.

Қазақ тілінің стилистикасы. Студенттерге арналған оқу- әдістемелік құрал. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. –137 бет.

Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің теориялық және практикалық стилистикасы мәселелеріне арналған. Оқу- әдістемелік құралдың теориялық бөлімінде стилистиканың негізгі ұғым-категориялары, тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стилистикалық қате туралы ұғым, қазақ тілінің стилистикалық құралдары, функционалды стильдердің пайда болуының алғышарттары мен себептері, әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара байланысы, қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және оларды топтастырудың принциптері жан-жақты қарастырылған.

Оқу-әдістемелік құралдың практикалық бөлімінде стилистикалық қателер мен стиль түрлеріне байланысты тапсырмалар, жаттығулар және тест сұрақтары берілген.

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Әділова;

филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ш.Жалмаханов;

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.З.Сембиев

© Рапишева Ж.Д., Түйте Е.Е., Есинбаева Ж.У.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің теориялық және практикалық стилистикасы мәселелерін қамтиды. Жоғары оқу орнының «қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы студенттеріне арналған. Оқу материалдары студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беру, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету мақсатына сай құрастырылған.

Оқу-әдістемелік құралда авторлар стилистика ғылымының пайда болу себептеріне, негізгі ұғым-категорияларына тоқтала отырып, оның даму кезеңдерін ғылыми айналымдағы зерттеулерді, түрлі мектептер мен бағыттар көзқарасын басшылыққа ала отырып жан-жақты көрсетеді. Қазақ тілінің стилистикалық құралдарын фоностилистика, лексика- фразеологиялық стилистика, синтаксистік стилистика, сөзжасам стилистикасы, сөз таптары стилистикасы тұрғысынан жеке-жеке сипаттап, олардың түрлі функционалдық стильдерде қолданылу әлеуеті мен үлес салмағын саралап көрсетеді. Авторлар стилистика ғылымының диахронды және синхронды дамуын қазақ әдеби тілінің стилистикалық нормаларының қалыптасуымен, дамуымен, түрлі объективті жағдайларға орай өзгеруімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысқа құрған.

Жұмыстың екінші бөлімінде берілген практикалық тапсырмалар теориялық материалды бекітуге, пысықтауға бағытталған. Олар стилистикалық қателерге байланысты пысықтау жаттығулары және стиль түрлеріне байланысты пысықтау жаттығулары деп бөлінген. Бөлімнің соңында бірнеше нұсқаға негізделген өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары берілген.

Оқу-әдістемелік құралда берілген теориялық материалдар соңғы жылдары жарық көрген зерттеулерден алынып, құрастырылды.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

СТИЛИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПӘН РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ

1. Стилистика – стиль туралы ғылым саласы, оның даму тарихы

2. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері Стилистика – тіл білімінің бір саласы, стиль туралы ғылым.

«Стиль» сөзі көп мағынада қолданылады (латынның stylos сөзінен шыққан, қазақша «жазу құралы, жазу мәнері» дегенді білдіреді). Ал тілге қатысты стиль белгілі бір лексикалық, грамматикалық жіне фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін қарастырады. Стилистика тіліміздегі сөздердің, сөз тіркестерінің қолданылу заңдылықтарын зерттейді.

«Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданылады, сондықтан соңғы кездерге дейін тілдің стилистикалық ерекшеліктерін тек көркем шығарма арқылы зерттеу орын алып келді.

XX ғасырдағы Ш.Балли концепциясының негізінде стилистика тілдің экспрессивтік формалары туралы ілім ретінде анықталды. Стилистика тілдік жүйе элементтерінің эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің мәнерлегіш құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті.

XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградовтың зерттеулері жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға болады. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі құрайды.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, оның дыбыстық құрылымын, грамматикасын, сөздігін, фразеологиясын толық қамтитын күрделі жүйе ретінде таныла түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы барысындағы функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу құбылыстарының экспрессивтік бояулары мен реңктерінің сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады. Тілдік қарым- қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық шектелген түрлерімен (яғни функционалды стильдермен) байланыста алып зерттелді. XX ғасыр басындағы және одан кейінгі орыс әдеби тілі, стилистикасы мен тіл мәдениетін зерттеудегі ізденістер (Г.О.Винокур, Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев т.б.) осы бағыттағы зерттеулерді тереңдетіп, одан әрі дамытты.

Сөз семантикасының экспресивтік, эмоционалдық және бағалауыштық компоненттері және олардың денотативті мағынамен байланысына айрықша назар аударылды.

Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады.

А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы ізденістер болды. Ал стилистиканың жеке ғылым саласы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады. Экспрессивтік стилистиканың мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивтік қызметіне қатысты қарастырылды [1].

Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, А.Ысқақовтың, М.Балақаевтың, Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтің, С.Исаевтың, Х.Нұрмұқановтың, Ф.Мұсабекованың, Н.Х.Демесинованың, М.Серғалиевтың, Н.Уәлиевтің, Р.Әмірдің, Б.Момынованың, О.Бүркітовтың,

Репозиторий

КарГ

У

(7)

Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, Ш.Мәжітаеваның, Д.Әлкебаеваның, Г.Әзімжанованың т.б.

ғалымдардың зерттеулерімен толықты.

Жалпыхалықтық тілдің және ұлттық әдеби тілдің сөздік қоры мен арнаулы тілдік бірліктерінің негізінде әр стиль өзінің стереотиптік тілдік бірліктерін қалыптастырады. Кез келген стиль жалпы әдеби тілдік тәсілдерді алады. Олар сол стильдің коммуникативтік үдерісіне белгілі дәрежеде лайықты, жарамды болып табылады. Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне еркін, кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулаларда шартты орын алатындығы белгілі, қаламгер дайын формулалардың көмегімен айта да, жаза алады.

Стиль ұғымы сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі.

Зерттеушілер стиль – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі дегенді айтады. Стиль ойды, хабарды жеткізудің әдісі.

Әдеби тілдің функционалдық стильдері әдебиеттің жанр түріне сәйкес пайда болып, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль және ауызша сөз стиліне бөлінеді.

Стиль түрлеріне ажыратуда да қазақ тіл білімінің мамандары осы жолмен кеткен: функционалдық стильдердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір жанрға тән болып келеді деген сияқты немесе «жанрға қатысты бөлінген стильдер айқынырақ танылады» деген орыс тілі зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды:

публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты ресми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық әдебиет стилі деп ажыратады.

Стиль туралы М.Серғалиев былай дейді:

1. Әдеби тілдің бір түрі, демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(8)

2. Стиль – тарихи категория;

3. Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4. Тілдік құралдардың қандай да бір тобы емес, шартты тұйықталған тобы [2, 9].

Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптері» деген анықтамалардың кеңейген қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиеттерін танудан туған.

Стилистиканың негізгі зерттейтін саласы – стиль.

Біріншіден, стиль – тарихи категория дедік. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екендігін толығымен дәлелдейді.

Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе, ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады.

Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланысты екендігін көрсетеді. Лингвистикалық стилистика, негізінен, таза стилистикалық ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторларды да қарастырады. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолданылу аясы, қоғамға қызмет ету құзіреті т. б.

Стилистика үшін стиль мен функционалдық стиль – оның өн бойында танылатын егіз ұғым, ол екеуі де зерттеушілер еңбектерінде елеулі мәселе ретінде аталмай өтпейді. Оның себебі де жоқ емес. Стилистиканы стиль туралы ғылым деп те айтатындар бар. Қалған мәселелер осы екеуінің төңірегінен келіп шығады. Қазіргі стилистика, сөз жоқ, тілдің функционалдық стильдік жіктелуі туралы, қарым-қатынас

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(9)

процесіндегі белсенді коммуникативтік тиімділікке жету құралдары мен тәсілдері туралы тармақталған ғылым.

Т.Г.Винокур функционалдық стиль топтастыруда екі белгісін ескеру қажет екендігін айтады:

1) әдеби тілдің қандай бір түрін функционалдық стиль ретінде айқындау үшін осы түрі адам қызметінің белгілі бір саласында әрдайым қолданылуы керек;

2) әдеби тілдің қандай бір түрін функционалдық стиль ретінде айқындау үшін тілде іс жүзінде қандай да қатынас саласында қызмет атқаратын және осы өмір саласында қатынас жасау ерекшеліктерімен айқындалған сөйлеу құралдарының белгілі бір мөлшері болуы [3, 9].

Стиль сөзін қолданғанда оның алдына анықтаушы сөз тұрмаса, бірнеше ұғымды түсінуге болады. Бұл термин тілге ғана қатысты емес, әдебиет, өнер, жазушы стилі т.б.

жағдайларда қолданылады. Біз оны тілге қатысты жағдайда аламыз. А.Байтұрсынов функционалды стиль ұғымын тілдік және тілдесім деп түсінген, ғалымның пайымдауынша, функционалды стиль – «сөйлесудің» бір түрі. Ғалым ұсынған функционалдық стиль мәтіндері төртеу – ғылыми стиль мәтіндері, публицистикалық стиль мәтіндері, ресми стиль мәтіндері, көркем стиль мәтіндері [4, 12].

Стилистиканың негізгі зерттеу нысаны тілдің барлық деңгейлеріндегі (лексикалық, фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік) құралдар бола тұра, стилистика сөйлеу тілі мен жазба тілдің:

- мәнерлегіштік мүмкіндіктерін;

- стилистикалық мағыналары мен бояуларын;

- қарым-қатынастың әртүрлі жағдайлары мен аяларына байланысты қолданылу жаңалықтарын;

- белгілі мәтінннің мазмұнына орай қолданыс тілінің құрылымын қарастырады.

Белгілі бір мазмұн мен мақсатқа құрылған шығармадағы тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтарын тілдік тұрғыдан зерттейтін стилистика тек көркем шығарманың емес, ауызша/жазбаша құрылған мәтіндердің барлығын (ғылыми, ресми, публицистикалық) қамтиды.

Зерттеушілер лингвистикалық стилистиканың ең басты екі

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(10)

бағытын немесе түрін көрсетеді: бірі – мәтіннен тыс жатқан стилистикалық ресурстар (мүмкіндіктер); бұл аспект тіл ресурстары стилистикасы деп аталады. Ал екіншісі – тілдің қоғамның әртүрлі салаларында қолданысқа түсу заңдылықтары, яғни тілдік құралдардың белгілі бір мәтін ішіндегі жұмсалу ерекшеліктері; бұл аспект функционалды стилистика деп аталады.

Лингвистикалық стилистика зерттеу объектілерінің ауқымына қарай да бірнеше түрге бөлінеді: жалпы стилистика, салыстырмалы стилистика, салғастырмалы стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, дара немесе индивидуалдық стилистика, синхрондық стилистика (немесе қазіргі қазақ тілінің стилистикасы), диахрондық стиолистика (немесе қазақ тілінің тарихи стилистикасы), теориялық стилистика, практикалық стилистика, автордың және қабылдаушының стилистикасы т.т.

Дара стилистика жеке автордың, не жеке шығарманың немесе бір жанрдың стилистикасын зерттейді. Д а р а с т и л ь ж е к е а д а м н ы ң а қ ы л - о й ы н б і р і н ш і к е з е к к е қ о я д ы . Дара стиль – жазушының, ғалымның, журналистің, деректі сөйлеушінің, адамның, жеке тұлғаның стилі. Дара стильдің стильдік-танымдық қызметін талдап шығу оңай дүние емес.

Дара стиль кең мағынасында танымдық-стильдік, аналитикалық-синтездік іс-әрекет қызметі болып табылады.

Дара стильде ғылыми еңбек авторының терминжасам ұстанымы мен таза ғылыми стиль нысандары әлдеқайда тереңдеп, жан- жақты көп мағыналы сипатқа ауысады. Автор ғылыми атау жасауда сол ұғымның басты белгілерін басқаша танымдық дәрежеден де тереңдетіп көрсетуге тырысады. Автор дара стильдің прагматикалық аспектісіне жету үшін еңбегін, шығармашылық қабілетін концептуальды энциклопедиялық масштабта көрсете білуі керек.

Қазақ тіл ғылымында Р.Әміров ауызекі сөйлеу стилін дара стиль ретінде қарайды [5, 7]. Қазіргі уақытта ресми-іскери стиль, шешендік стиль ерекше даму үстінде, сол сияқты үлкен-кішілі стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады.

Тіл ресурстары стилистикасын қысқартып тіл стилистикасы (стилистика языка) деп атайды. Бұл бағыттың басты міндеті –

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(11)

сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау. Яғни лексикалық бірліктердің, фразеологиялық тіркестердің қолданылу мүмкіндіктері, морфология мен синтаксис саласындағы сөз таптарының жұмсалуы, синтаксистік конструкциялардың мәтіннен тыс мағыналары ашыла түседі.

Тіл ресурстары стилистикасы тіл деңгейлерінің ретімен жіктеледі:

- фонетикалық стилистика;

- лексика-фразеологиялық стилистика;

- морфологиялық стилистика;

- синтаксистік стилистика.

Функционалды стилистиканы кейбір зерттеушілер қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп атайды.

Функционалды стилистика шығарманың, мәтіннің құрылымы, ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданылуы, шығарманың болмысында кеткен саналы немесе кездейсоқ ауытқулар мен қателіктер, оларды болдырмаудың, кемшін тұстарды түзетудің жолдарын көрсетеді.

Функционалды стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:

- ауызекі сөйлеу тілі (стилі);

- ресми стиль;

- ғылыми стиль;

- публицистикалық стиль;

- көркем әдебиет стилі (тілі).

Функционалдық стильдердің тілдік бірліктерінің қатарына арнаулы сөздер мен стеротип сөздер енеді. Тілдік стереотиптер кешенді ойлау жүйесінің модельдік компоненттерін толықтырушы ретінде тілдің лексикалық қабатында жиі көріне алады, сондықтан олардың стилистикалық мүмкіндіктері өте мол.

«Қазіргі кезде стилистика ғылымында әдеби тілдің бес функционалды стилі белгілі. Олардың өздері қатынас жасаудың нақтылы жағдай, міндеттеріне т.б. байланысты тағы ұсақ түрлерге жіктеледі. Оның үстіне функционалды стиль араласып та келе береді, яғни бір стильде басқа стильдердің элементтері кездесе береді. Функционалды стильдердің әр түрінің элементтері қабаттаса қолданылып, көп қабатты стильдік

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(12)

құбылыстар пайда болады. Бұл жағдайда стильдердің өзара нәтижесінде және олардың өз ішінде бөлінісі себепті жасалады.

Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс

өте күрделі, сан тармақты болып келеді» дейді зерттеуші Б.Шалабай [6, 9].

Академик М.С.Серғалиев: «Функционалдық стильдердің қай-қайсысы да шағын стильдерге жіктеледі» дей келе, ғалым әр стильдің сипатын көрсете келіп, көркем әдебиет стилін шағын стильге ажырату олардың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты болады деген тұжырым айтады [2, 19].

Жалпы алғанда, функционалды стильдің үш негізгі белгісін атап көрсетуге болады. Олар:

1) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын бейнелейді, олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар;

2) қарым-қатынастың белгілі бір жағдайын көрсетеді – ресми, бейресми т.б;

3) өзіндік ұстанған бағыты, тілінің негізгі мақсат-міндеті бар. Әрбір функционалды стиль жалпы әдеби нормада пайдаланудағы өзіндік ерекшелікке ие, ол жазбаша да, ауызша да өмір сүруі мүмкін. Әрбір стиль өзіндік ерекшелігі бар түрлі жанрдағы шығармаларды қосып алады.

Функционалдық стильдердің әрқайсысы өз мүмкіндіктерінше тілдік бірліктерді қолданудың өзіндік модельдері мен трансформациясын жасауға ұмтылады. Ол тілдің дамуына және стильді қалыптастыруға ықпал жасайды. Тілдік модельдер мен бірліктер функционалдық стильдердің шеңберінде қарастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лингвистикалық стилистика дегеніміз не? Оның негізгі бағыттары мен түрлері.

2. Стилистиканың түрлерін атаңыз.

3. «Стиль» термині, стильге берілетін анықтамалар.

4. Тіл стилистикасы мен қолданыс тілі стилистикасының айырмашылығы неде?

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(13)

СТИЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМ- КАТЕГОРИЯЛАРЫ

1. Тілдің стилистикалық құрылымы 2. Функционалдық стиль туралы ұғым 3. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы

4. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері

5. Стилистикалық мағына, оның табиғаты

6. Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері

7. Стилистикалық қате туралы ұғым 8. Стилистиканың зерттеу әдістері

Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесінің қай тармағы, қайсыбір ішкі тармағы болмасын, әдеби тілдің синхронды, диахронды жай-күйін танып білуде аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесін қазіргі кезеңде зерттеудің маңыздылығына байланысты біз төмендегі мәселелерді атап көрсетеміз.

Орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де стильдік тармақтар қарастырылған еңбектер өте көп, қандай да бір проблема туралы түрлі көзқарастарды кездестіруге болады, бірақ 1990 жылдарға дейін функционалдық стильдер өз алдына жеке түрде зерттеліп келді. Кейбір еңбектерде публицистикалық стильдің (әсіресе, мерзімді баспасөз тілінің) экстралингвистикалық факторларға байланысты тілдік-стильдік жағынан өзгеріп отыратындығы айтылады, ал басқа стильдік тармақтар «өз алдына бір бөлек дүние» түрінде зерттелді.

Қазіргі кезеңде тіл білімінің барлық бағыттары өзгерді.

Тілдің кез келген қолданысын қоғамдық құбылыстармен, қоғамдағы өзгерістермен, тіл ғылымының жаңа әрі өзекті салалары – антропологиялық лингвистикамен, когнитивтік лингвистикамен, мәтінтанумен тығыз байланыста қарау қажеттігі бар. Осы тұрғыдан қарағанда кез келген стильдік тармақтардың тілдік-стильдік табиғатын толық ашуға мүмкіндік туады.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(14)

Қазіргі қоғамдағы өзгерістердің ішіндегі ең бастысы – қарым-қатынастың типі өзгерді. Нақты айтқанда, қазіргі қоғамдағы демократиялық даму үрдістері, нарық экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде қарым- қатынастың жаңа және белсенді түрі – диалогтық қарым- қатынас пайда болды. Кез келген бір ақпаратты жеткізу, ғылыми пікірді дәлелдеу үшін бұрынғы дәуірлердегідей қарапайым монолог түрінде баяндау емес, диалог-сұхбат арқылы пікірталасқа шақыру, мүдделілік туғызу факторлары барынша белсенді болып отыр. Бұл жағдай ғылыми стильге тікелей қатысты. Белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жеткізу үшін қазіргі кезеңде әсер ету, шоғырландыру және пікірталас арқылы дәлелдеу функциялары алдыңғы қатарға шығуда. Осының нәтижесінде «ғылыми стиль», «ғылым тілі» деп аталатын тармақ қалың жұршылыққа, көпшілікке қарай бет бұрды; бұл өз кезегінде ғылыми стиль тілінде өзге де стильдік тармақтардың тілдік бірліктерінің араласуына, сол арқылы ғылыми-көпшілік стильдің жаңа тілдік белгілерінің қалыптасуына жол ашты.

Осыған байланысты қазіргі кезеңде жалпы функционалдық стильдерді негізгі типтерге топтастыру бағыты да байқалады.

Ғалым А.Алдашева былай деп жазады: «... соңғы жарты ғасыр көлемінде қазақ тілінде аударылған прозалық шығармалардың (ішінара драма жанры үлгілерінің) және публицистикалық, ресми, қоғамдық-саяси, оқу-ағарту мазмұнындағы әдебиеттің тілі қалыптасты. Аталған әдебиет түрлерінің өзі іштей поджанрға, подстильге қарай тарамдалатыны белгілі; алайда аударматану аясынан қарағанда, функционалдық стильдердің әрқилы түрлерінің, прозаның ішкі жанрларының тілін топтастыра, жинақты түрде қарастыруға мүмкіндік беретін бірқатар белгі-сипаттар бар; сол себепті қазақ әдеби тілімен «қайта жазылған» қарасөз үлгілері, ұтымды жүйелі түрде атау мақсатында арнаулы ақпаратты аударма әдебиет (бұған көсемсөз стилінің, ғылыми, оқу-ағарту әдебиетінің, ресми іс-қағаздарының тәржіма нұсқалары жатады) және көркем аударма әдебиет деген екі топқа шартты түрде жіктестірілді» [7, 8-9].

Стилистикалық дайын сөз оралымдарының қатарына жататын штамп, клише, стереотип терминдері ғалымдар

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(15)

назарынан тыс қалған жоқ. В.В.Виноградов "Ауызекі сөйлеу стилі туралы адамдар дайын сөз оралымдарымен айта да, жаза да алады" десе [8, 59], тұрақ ты және дайын сөз оралымдарын Н.С.Васильева клише ретінде қарастырады [9, 22], В.В.Костомаров публицистикалық стильде дайын тілдік стандарттар қолданылады, олар автор мен белгілі әлеуметтік топтың бірін-бірі түсінуін жеңілдетеді дейді [10, 58].

Тілдік клише, негізінен, функционалдық стилистика және фразеологияда қарастырылып жүр. Тіл ғылымында клише, стереотип, штамп туралы толық анықтама жоқ. Штамп – стилистикалық боямасы бар сөйлеу құралы, сөз стереотипі психологиялық стереотиппен сәйкес келеді. Қолданушыларға автоматты түрде көмекке келеді, коммуникацияны жеңілдетеді, үнемділікке күш салады, тыңдаушы мен айтушының ойлау энергиясы мен уақытын бағалауға жәрдемін тигізеді. "Штамп" сөзінің негізгі мазмұндық- мағыналық бірлігіне сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жатады.

Стилистикалық дайын сөз оралымдарының бірі – стереотип. Стереотип – ұғымдық образ, ол адам санасында орныққан түсінік пен құбылыстың ақиқаттылығы ретінде ассоциацияланып тұрады. Тіпті оны стилистикалық фреймдер ретінде бағалауға болады, ұқсастық сипаттың нәтижесінен де туындаған деп айтуға болады, себебі стильдің қалыптасуындағы экстралингвистикалық, психоәлеуметтік факторлар адам санасында стилистикалық фреймдердің орнығуына тікелей ықпал еткендіктен, стандартты тілдік бірліктер ретінде дайын күйінде қолданылады.

Стереотипті сөз оралымдары функционалдық стильдердін барлық саласында жиі жұмсалады. Стереотип тілдік контекстерде тұрақты қолданысқа икемді бола отырып, стреотип-стреотиптік тарауша түзеді, кішігірім сөздер мен сөз тіркестерінің компоненттерінің қатарын құрай алады, сөйтіп, когнитивті модель құрауға бейімделіп тұрады.

Стереотип коммуникативтік актінің контексінде жазылған белгілі микроситуацияны анықтаудың көрінісі болып табылады, әрі субъектінің қызметінің әлеуметтік мәнін тұрақтандыруға арналған дайын тілдік құрылым болып

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(16)

табылады. Н.П.Котюрова стереотиптік тілдік бірліктер өзінің дайын күйінде коммуникативтік актінің күрделі процесін жеңілдетуге де ыңғайлы болып, пайдасын тигізіп отыратындығын айтады [11,19].

Функционалдық стильдерде дайын сөз оралымдарын жасаудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі – орыс тілінен енген, екіншісі – төл тілдің дайын сөз формаларынан жасалуы.

Стереотип ғылыми, ресми, публицистикалық стильге тән болып келеді. Ғылыми және ресми стильдегі стереотиптік бірліктердің прагмастилистикалық рөлі тұрақты.

Публицистикалық стильдегі стереотипті бірліктің прагматикалық рөлі жоғарыда аталған екі стильге қарағанда күрделі әрі қарама- қарсы, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер, өмір ситуацияларындағы құбылыстар стеротиптердің ауысып отыруына ықпал етеді.

Публицистикалық стиль ғылыми стиль мен көркем әдебиет стилінің лингвистикалық белгілерін түгел қамтымаса да, сол аралықтағы ең негізғі тілдік-көркемдік амал-тәсілдерді бойына жинақтайды. Сондықтан публицистикалық стильде автор қоғам өмірінің сан салалы қажетін өтеу үшін дайын тілдік оралымға бейім тұрады, соны пайдаланады, себебі ол стилистикалық категорияларды анықтауға негіз болады.

Функционалдық стильдерде клише, штамп, стандарттың бар екендігі, жалпы оның тілдік айналымға еніп кеткендігі туралы зерттеушілер тарапынан айтылып келеді, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының тілінде, яғни публицистикалық стильде кездесетіндігі занды құбылыс екендігі белгілі.

Стилистикалық бояуы бәсең дайын сөз оралымдарының бірі – канцеляризм, ресми стильдің тілдік нормасынан да, стилистикалық нормасынан да орын ала алады, қазақ тілінде ресми стиль толық орныққанда олар да тілдік бірлікке айналады, ресми стильдің стильдік белгілерінің межесін айқындап тұрады. Канцеляризмді ауызекі сөйлеу стилінде қолдануға шек қойылады.

Сөйлеу штампы – жиі қолданылатын мағыналық реңкі солғындаған, эмоционалдық бояуы бәсең тартқан сөздер тізбегі. Ресми және публицистикалық стильдерде кездесіп отырады. Тілдік стандарттар да дайын қалыптасқан сөз

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(17)

үлгілері болып саналады. Тілдік стандарттар публицистикалық стильде қолданылады. М.Н.Кожина тілдік стандарттар "штампқа қарағанда жағымсыз әсер тудырмайды" дейді, бірақ нақты семантикалық мағынасы мен ойды үнемдеу мақсатында қолданылады және хабарды тез жеткізу үшін пайдаланылады [12, 36]. Ғылыми стильде тілдік стандарттар хабар жеткізу мақсатын емес, керісінше, ғылыми мәтіннің біліктілік сипатының көрсеткіші ретінде алынады, автордың ғылыми тұжырымының оқырманға түсінікті болу мақсатын көздейді. Осыған орай ғылыми стильдегі стереотиптер мәтіннің құрылымдық-композициялық компоненттері ретінде бағаланады, жеке автор қолданысына еш кедергі жасамайды. Сондықтан олар ғылыми стильдің акценттік және бағалау сияқты стилистикалық категориясының мәнерлі мазмұнын құрап отырады.

Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктерді В.Г.Костомаров: "бейтарап нормативтік бояуларға ие болатын сөздер" деп таниды. Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктер туралы ресми және ғылыми стильдерге қарағанда қарама-қарсы түсінік қалыптасқан, қоғамның әлеуметтік жағдайы, ондағы түрлі өзгерістер мен жаңалықтар ойлау әрекетіне қарама-қарсы құбылыс туғызатын болғандықтан, стандартты сөздердің өзгеріске түсуі заңды құбылыс, себебі публицистикалық стильге қоғамдағы оқиғаның құбылмалы да өзгермелі сипаты ықпал етеді. Кейбір стандартты сөздер қолданыстан шығып жатса, кейбіреулері өзгермейтін "қалыпты" тілдік бірліктер қатарынан орын алады.

Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктер экспрессияға қарсы тілдік құбылыс деп саналғандықтан, стандарт экспрессияға қарама-қарсы тілдік бірлік ретінде қарастырылады. Штамп сияқты тілдік бірліктер бейнеліліктен айырылған, бірақ контексте "автордың" бақылауынсыз қолданыста жиі ұшырасып, стильдердің әрқайсысында қалыпты, автоматты түрде қолданылады. Дайын тілдік оралымдар жағымды тілдік-конструктивтік тәсіл ретінде стильдік құралдардың қатарына жатқызылады [10, 109].

Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдер жүйесі маңызды ғылыми еңбектер арқылы талданады, әсіресе мерзімді

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(18)

баспасөз тілі, көркем әдебиет тілі, әдеби тілдің тарихы, оның қалыптасу кезеңдері, «әдеби тіл» деген терминнің нақты критерийлерін айқындау мәселесінде негізгі дереккөздерге айналды.

Қазақ әдеби тілі фукционалдық стильдерін тармақтарға бөлу, жүйелеу мәселесінде қазақ тілші ғалымдары орыс тіл біліміндегі көзқарастардың ықпалында болды. Бұл туралы Р.Сыздық былай деп жазған болатын: «Сонымен, көптеген өзге тілдер сияқты, қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің де бұл күнде функционалдық стильдері: көркем әдебиет стилі, публицистикалық, ғылыми (немесе ғылыми-техникалық), эпистолярлық стильдер және ресми іс-қағаздары мен кеңсе қағаздары стилі деп жіктелетін болса, оларды бір-бірінен ажырататын тілдік белгілері болуы керек. Бұлар жөнінде стилистика мәселесімен айналысқан зерттеушілер біршама пікірлер айтып, фактілерді көрсетіп келді. Олардың дені орыс тілінің функционалдық стильдерін сөз еткен еңбектерден алынған. Бұған, бір жағынан, публицистикалық, ғылыми әдебиеттің және ресми іс-қағаздарының орыс тілінен аударма түрінде ұсынылып келгендігі себепкер болса, екіншіден, функционалдық стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсында да кейде бір шамада болып табылатындығы да ықпал еткен болар» [13, 55]. Осының нәтижесінде қазақ әдеби тілі стильдерінің кейбірін арнайы зерттеу кеш қалып келді.

Ғалымдар арасында функционалды стиль ұғымы жайында екі көзқарас бар:

а) функционалдық стильдер – әдеби тілдің түрлері;

ә) функционалдық стильдер – тілдесімдік құбылыс, яғни тілдесім стильдері (тілдік емес). Екінші көзқарас – доминанттық көзқарас, сондықтан бұл пікір басым көпшілік ізденістердің ғылыми негізі болып қабылданған. Тіл білімінің стилистика саласы орыс тілі ғылымында үстіміздегі ғасырдың 20- жылдарынан бастап жанданды, 50-жылдардың ішінде жарияланған еңбектерде стилистика, стиль мәселелеріне арналған пікірсайыс жүргізілді. Мәселе түбегейлі шешілмегенімен, көптеген нысан қырларының табиғаты анықталып, сыры ашылды. Айтылған пікірлерді акад.

В.В.Виноградов тұжырымдап, өз көзқарасын білдірді.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(19)

Ғылым, саясат, іс жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. аталған барлық қоғамдық қатынас салаларындағы әдеби тілдің өзіндік деңгейдегі ерекшеліктері болады. Бұл ерекше белгілер бір-бірімен байланысқан сөйлеу жүйесін құрайды.

Әдеби тілдің мұндай түрі функционалдық стиль деп аталады.

Стилистикада функционалды стильдерді бір-бірінен ажыратудың белгілі бір өлшемдері болатынын зерттеушілердің еңбегінде айтылған, мұндай өлшемдерді айқындау арқылы олардың негізгі деген стильдік-тілдік белгілері алға шығып, даралана түсетіні анықталды. Стилистиканың беделді маманы В.В.Виноградовтың пікірінше, қандай да бір стильді даралауда тек лексикалық қорын салыстыру аздық етеді: «Қандай да бір стильді сипаттауда, оның басқа стильдермен арақатынасын айқындап, бір-бірімен салыстырып қана қоймай, сонымен қатар стильдік жүйесін құрайтын жекелеген стилистикалық категорияларының дамуын қарастырған жөн. Историзм қағидасын қолдану жалпы стиль ұғымы үшін де, нақты функционалдық стиль ерекшеліктерін айқындау үшін де қажет.

Көбіне стильдер олардың лексикалық қоры негізінде салыстырылады, себебі дәл осы сөздік құрам саласында олардың арасындағы айырмашылықтар айқынырақ көрінеді. Алайда барлық әдеби тіл стильдеріндегі ортақ лексикалық материалдардың көлемі, бір жағынан, екінші жағынан, қандай да бір стильдің тек лексикалық жағын ғана қарастырып қоймай, барлық құрылымдық бөліктерін қарастырудың қажеттілгі оны

сипаттауда басқа да тілдік жүйесін ескеруді талап етеді...»

[8, 45]. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің әлеуметтік қызметіне мақсаттық стильдердің қатысты екендігін жоққа шығармайды. Сондықтан акад. В.В.Виноградов тілдің әлеуметтік қызметінің түрлерін қарым-қатынас, хабарлау және әсер ету деп бөледі де, соларға сәйкес біріншісінде тілдің күнделікті сөйлесу стилі, екіншісінде іс қағаздары, ресми құжаттар және ғылыми стильдері, үшінші қызметінде көркем әдебиет пен публицистика стильдері қолданылады деп таниды.

Тілдің бұл қызмет түрлерінің бір-бірімен тығыз байланысып жататындығы, тіпті араласып та кететіндігі баса айтылады.

Демек, оларды танытатын мақсаттық немесе әлеуметтік кызмет стильдері бір-бірінен соншама оқшауланып тұрмайтындығы,

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(20)

кейде әрқайсысына тән стильдік белгілерді ажыратудың қиынға соғатыны қоса көрсетіледі.

Тілдің әлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісіне келгенде тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық амалдардың, көріктеу құралдарының әр түрлі қарым-қатынас саласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері, қолданылу жиілігі, тіркесу қабілеттері сияқты сыртқы факторлар ескеріледі. Бұл факторлар стильдік белгілерді анықтауда айтарлықтай рөл атқаратын болу керек. Ғылымның әр саласында

“стиль” терминінің беретін мағынасы біркелкі еместігін осы тақырыпты зерттеушілер айтып келеді.

Бұған қоса стильді әдебиет пен тілге бөліп қарау түсінігі қалыптасқан. "Стиль” термині жалпы жазба дүниелердің жанрына байланысты да (мысалы, кеңсе қағаздары стилі, ресми- іс қағаздары стилі, телеграф стилі), белгілі бір қоғамдық іс- әрекеттер мен жағдаятқа байланысты да (салтанатты стиль), тілдің жұмсалу түріне қарай да қолданылады.

Тілге келгенде «стиль» терминінің мағынасын акад.

В.В.Виноградов былайша анықтайды: «...Тілдің функционалдық стилі дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына, әдебиеттің белгілі бір жанрына, қоғам тіршілігіндегі белгілі бір жағдаятқа сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға-тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталып, яғни әр стильге қарай іріктелген тілдік құралдар болып шығады»

[8, 23]. Демек, тілдік стиль, дәлірек айтсақ, тілге қатысты қолданылатын «стиль» термині тек қана тілдік категория болып табылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі қарым- қатынасының бар саласында қолданылатын коммуникативтік қызметіне байланысты болады; тілдің өзіне емес, қолданысына қатысты болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына, оның ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ғана емес, жұмсалу түріне, жұмсалу сапасына, айтылу бояуына т.т. қарай бөлінуі де ескеріледі.

Сондықтан әдеби тілдің функционалдық стильдері дегенді стильдің жоғарыда көрсетілген өзге түрлерінен бөлек қарастыру керек. Стиль табиғаты туралы сөз қозғамас бұрын, функционалды стильдердің тілдегі жіктелу мәселесін анықтап алу қажет. Функционалдық стильдердің жіктелуіне келгенде де

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(21)

әр зерттеуші жіктеу принциптеріне орай әр түрлі бөледі. Ал жіктеу принциптері белгілі бір өлшемдерге негізделуге тиіс болса, ол өлшемдердің өзі даулы, яғни стильдерді тарамдау үшін олардың қандай белгілерін өлшем ету керек деген мәселе түбегейлі, бір жақты шешілген емес.

Сонымен қатар зерттеушілер қай тілде болмасын әр стильдің өзіне тән тілдік элементтердің көрінісі бірінде көп, бірінде аз, яғни бірдей еместігін атайды. Стильдердің біреулері барлық кұралдарды тегіс пайдаланса, енді біреулері таңдап, талғап, яғни көбінесе тек өзіне тән элементтерді жұмсайды, соның нәтижесінде ондай стильдік үлгілер тілі “тұйықтала”

түседі. Мысалы, ресми-іс қағаздары стилі стандарт формулаларымен, штамптарымен ерекшеленсе, ғылыми стиль арнайы терминологиясымен ерекшеленеді. Ал публицистикалық стиль бұлардан гөрі еркіндеу келеді, оның «өз лексикасы мен фразеологиясы» тұрақсыздау болады.

Ғалым Р.Сыздықова: «Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталған сипаты жағын білу керек. Өйткені бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиларалық «ауыспалы тіркестер жүріп жатады». Мысалы, публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны стильдердің басты қағидаларының бірі екенін оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Ал көркем әдебиет стилінде ғылыми стильдің де, ресми құжат түрінің ауызша түрі, немесе, сот залынан көрініс суреттелсе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс қағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік құрылымдық ұқсас кешендерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады», – дейді [13, 9].

Көркем әдебиет стиліне келетін болсақ, мұның өлшемдерін ашып айту қиын. Оның ерекшелігі, кейбір зерттеушілер айтқандай, поэтикалық элементтердің бар болуында емес, бірақ тілдік құралдардың әдеби-көркемдік жағынан көрінуі көркем әдебиет стиліне әлдеқайда тән болып келеді.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. осваивают специфические вопросы практического менеджмента, связанные непосредственно с

Ре по зи то ри й Ка рГ У... континентальной Западно-Сибирской степной

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Немесе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құрудағы рөлі жəне осы бір аймақтық маңызы зор ұйым туралы бір сөйлем

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. 9) Графы в экономике применяются при решении задач о выборе оптимального пути для потоков грузового

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Анализ частоты случаев неврологической патологии у военнослужащих по призыву, профессио- нальная адаптация которых проходила

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Следует отметить, что законодательное регулирование международных отношений в сфере

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Основные разделы финансового менеджмента Финансовый менеджмент включает в себя ряд разделов [9; 6, 7]. Анализ

Ре по зи то ри й Ка рГ У..  образовательная среда — это специально организованная среда, направленная на достижение