• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Gender identification terms

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Gender identification terms"

Copied!
14
0
0

Толық мәтін

(1)

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ

ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК

ЕВРАЗИЙСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО

УНИВЕРСИТЕТА ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА

BULLETIN

L.N. GUMILYOV of EURASIAN NATIONAL

UNIVERSITY

ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. ӘЛЕУМЕТТАНУ сериясы PEDAGOGY. PSYCHOLOGY. SOCIOLOGY Series Серия ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ

№ 4 (129)/2019

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2019 Nur-Sultan, 2019 Нур-Султан, 2019

ISSN (Print) 2616-6895

ISSN (Online) 2663-2497

(2)

Бас редакторы Г.Ж. Менлибекова, п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары

(психология) А.Р. Ерментаева, пс. ғ. д., проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары

(әлеуметтану) Н.О. Байғабылов, PhD (Қазақстан) Редакция алқасы

Есенгалиева А. М. п.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Иванова Г.П. п.ғ.д. (Ресей)

Исламова З.М. п.ғ.к., доцент (Ресей) Кажгалиева А. докторант (Қазақстан)

Калдыбаева О.В. PhD (Қазақстан)

Колева И. докт. (Болгария)

Отар Э. С. PhD (Қазақстан)

Сейтқазы П.Б. п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Сунарчина М.М. ә.ғ.д., проф. (Ресей) Толеубекова Р.К. п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Уразбаева Г.Т. п.ғ.д., доцент (Қазақстан)

Хан Н.Н. п.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Хаяти Тюфекчиоглу ә.ғ.д., проф. ( Түркия) Шайхисламов Р.Б. ә.ғ.д., проф. (Ресей) Шалғынбаева Қ.Қ. п.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев к-сі, 2, 402 б., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31432) E-mail: [email protected]

Жауапты хатшы, компьютерде беттеген: Ә. С. Жұматаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы.

ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. ӘЛЕУМЕТТАНУ сериясы

Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген. 27.03.18 ж. № 17001- Ж -тіркеу куәлігімен тіркелеген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 30 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31410)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief

Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) G.Zh.Menlibekova

Deputy Editor-in-Chief (psychology) А.R. Yermentayeva, Doctor of Psychological Sciences, Prof. (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief (sociology) N.О. Baigabylov, PhD in Sociology (Kazakhstan)

Editorial board

Esengalieva A.M Can. of Pedagogical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Ivanova G.P. Doctor of Pedagogical Sciences (Russia)

Islamova Z.M. Can. of Pedagogical. Sciences, Assoc.Prof. (Russia) Kazhgaliyeva А. Doctoral Candidate (Kazakhstan)

Kaldybayeva O.V. PhD (Kazakhstan)

Otar Е.S. PhD (Kazakhstan)

Koleva I. Dr. (Bulgaria)

Seytkazy P.B. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Sunarchina M.М. Doctor of Sociology, Prof. (Russia)

Toleubekova R.К. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Urazbayeva G.Т. Doctor of Pedagogical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Khan N.N. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Hayati Tufekcioglu Doctor of Sociology, Prof. (Turkey)

Shaikhislamov R.B. Doctor of Sociology, Prof. (Russia)

Shalgynbayeva К.К. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan)

Editorial address:2, Satpayev str., of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008 L.N.Gumilyov Eurasian National University

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31432) E-mail: [email protected]

Responsible secretary, computer layout: А.S.Zhumatayeva

Bulletin of L.N.Gumilyov Eurasian National University PEDAGOGY. PSYCHOLOGY. SOCIOLOGY Series Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of information and communication of Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No. 17001-Ж from 27.03.18 Periodicity: 4 times a year

Circulation: 30 copies

Address of printing house: 13/1 Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31410)

© L.N.Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор д.п.н., профессор Г.Ж. Менлибекова (Казахстан)

Зам. главного редактора

(психология) А.Р. Ерментаева, д.пс. наук, проф. (Казахстан) Зам. главного редактора

(социология) Н.О. Байгабылов, PhD (Казахстан) Редакционная коллегия

Есенгалиева А. М к.п.н., доцент (Казахстан)

Иванова Г.П. д.п.н. (Россия)

Исламова З.М. к.п.н., доцент (Россия) Кажгалиева А. докторант (Казахстан)

Калдыбаева О.В. PhD (Казахстан)

Колева И. докт. (Болгария)

Отар Э. С. PhD (Казахстан)

Сейтказы П.Б. д.п.н., проф. (Казахстан) Сунарчина М.М. д.с.н., проф. (Россия) Толеубекова Р.К. д.п.н., проф. (Казахстан) Уразбаева Г.Т. д.п.н., доцент (Казахстан)

Хан Н.Н. д.п.н., проф. (Казахстан)

Хаяти Тюфекчиоглу д.с.н., проф. ( Турция) Шайхисламов Р.Б. д.с.н., проф. (Россия) Шалғынбаева К.К. д.п.н., проф. (Казахстан)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Сатпаева, 2, каб. 402, Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева

Тел.: +7(7172) 709-500 (вн. 31432) E-mail: [email protected]

Ответственный секретарь, компьютерная верстка: А. С. Жуматаева

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева.

Серия:ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ.

Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций Республики Казахстан.

Регистрационное свидетельство № 17001-Ж от 27.03.18 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 30 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31410)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

МАЗМҰНЫ ПЕДАГОГИКА

Абилдаева К.М. Орыс тілін оқытуға құзыретті көзқарас мәселесі бойынша ... 8 Алимова Ш.Ж., Ушакова Н.М. Мұғалімнің кәсіби және зерттеу құзыреттіліктерінің арақатынасы ... 16 Алметов Н.Ш., Жорабекова А.Н. Ана тілі үштілді оқыту жүйесінде: оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ... 29 Дәменова А.К. Инновациялық технологияларды қолдануда студенттердің белсенділігін арттыру жолдары ... 37 Молдахметова Г.З., Есдаулет К.Ж., Муканова Ж.Р., Искакова А.Р. Магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларды бағалау және оның әсерін өлшеу ... 43 Мукашева М.У., Шаукенбаева А.К., Өмирзақова А.А., Рахметолла А.Т.

Программалауды оқыту процесінде білім алушылардың есептік ойлауын дамыту ... 55 Навий Л.Н, Анықбай А.Е. М. Жұмабаев еңбектеріндегі патриоттық тәрбие үлгілері ... 66 Серік Г.Б., Елубай А. Қытай тілін меңгерудің маңыздылығы және тілді үйрену кезінде аса назар аударылатын ерекшеліктері ... 71 Тазабек А.Қ. Педагогтің сөз шеберлігі – кәсіби құзіреттіліктің басты көрсеткіші ... 77 Шынтаева Н.А. Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруді жаңартудың құралы ретінде ... 82

ПСИХОЛОГИЯ

Айтышева А.М., Сапарова Г.Т. Бейнелеу өнерінің тұлғаның дамуына психологиялық ықпалы ... 88 Ерментаева А.Р., Ибраимова А.Б. Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің психологиялық даму мәселелері ... 96 Матина К.Т., Мандыкаева А.Р. Психикалық дамуында тежелуі бар мектепке дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері ... 103 Нұрадинов А.С., Мырзакулова Г.К. Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың тұлғалық ерекшеліктері ... 114 Рахметова Р.У., Иргебаева Н.М., Кауметова К. Қазақстан жастарының отбасын құруға психологиялық дайындығы ... 122 Тенкебаева А.З., Ауренова М.Д. Гендер бойынша сәйкестендіру жағдайлары ... 138

ӘЛЕУМЕТТАНУ

Байғабылов Н.О. «Үш аймақ» көтерілісіндегі партизандық қозғалыстың көшбасшысы - Тәкіман батыр (биографиялық зерттеудегі нарративті сұхбат әдісі) ... 145 Исмаилова Р.А., Бокаев Б.Н. Қазіргі заманғы көші-қон үлгілері: шетелдік және отандық тәжірибе ... 152 Каримова Г.К., Сейдуманов С.Т. Экстремисттік идеологияны қалыптастыру және трансформациялау үдерістердің барысында радикалды монотеизм қағидасының іске асырылуы (ИМ-тің мысалында) ...

159 Сунарчина М.М., Саликжанов Р.С. Кәсіподақ қозғалысы әлеуметтануы аясындағы кәсіподақтарды заманауи зерттеулер ... 171

(6)

CONTENTS PEDAGOGY

Abildayеva K.M. On thе issuе of compеtеncе-basеd approach to tеaching Russian ... 8 Alimova Sh.Zh., Ushakova N.M. The correlation of a teacher’s professional and research competence ... 16 Almetov N.Sh., Zhorabekova A.N. Native language in system of trilingual education:development of schoolchildren’s educational and cognitiveinterest ... 29 Damenova А.К. Ways to increase student activity when using innovative technology ... 37 Moldakhmetova G.Z., Esdaulet K.Zh., Mukanova Zh.R., Iskakova A.R. Assessing learners in Master degree program and measuring its effect ... 43 Mukasheva M.U., Shaukenbaeva A.K., Umirzakova A.A., Rakhmetolla A.T. The development of computational thinking of students in the process of learning programming ... 55 Naviy L., Anikbay A. Samples of patriotic education in M. Zhumabayev’s works ... 66 Serik G.B., Elubai A. The importance of learning Chinese and the main features that should be paid special attention during the study ... 71 Tazabek А.К. The skill of the teacher is the main indicator of professional competence 77 Shyntаeva N.A. Innovative technologies as a tool to transform the preschool educational process ... 82

PSYCHOLOGY

Aytysheva A.M., Saparova G.T. Psychological impact of art on the development of personality 88 Yermentayeva А.R., Ibraimova A.B. Problems of psychological development of adolescents with disabilities ... 96 Matina K.T., Маndykaeva А.R. Property of attention in senior preschool children with delay of mental development ... 103 Nuradinov A.S., Myrzakulova G.K. Personal characteristics of adherents of destructive religious trends ... 114 Rakhmetova R.Y., Irgebayeva N.M., Kaumetova K. Psychological readiness of the youth of Kazakhstan to create a family ... 122 Tenkebayeva A.Z., Aurenova M.D. Gender identification terms ... 138

SOCIOLOGY

Baigabylov N.O. Takman Batyr - the leader of the partisan movementof the «Three Zones» .... 145 Ismailova R.A., Bokaev B.N. The current models of migration: foreign and domestic experience 152 Karimova G.K., Seidumanov S.T. Implementation of radical monotheism principle in the processes of formation and transformation of extremist ideology (on the example of the IS) .... 159 Sunarchina М.М., Salikzhanov R.S. Modern studies on trade unions within the framework of the sociology of trade union movement ... 171

(7)

СОДЕРЖАНИЕ ПЕДАГОГИКА

Абильдаева К.М. К вопросу о компетентностном подходе в преподавании русского языка 8 Алимова Ш.Ж., Ушакова Н.М. Соотношение профессиональной и исследовательской компетенций педагога ... 16 Алметов Н.Ш., Жорабекова А.Н. Родной язык в системе трехъязычного обучения:

развитие учебно-познавательных интересов учащихся ... 29 Даменова А.К. Пути повышения активности студентов при использовании инновационных технологий ... 37 Молдахметова Г.З., Есдаулет К.Ж., Муканова Ж.Р., Искакова А.Р. Оценка обучающихся по программе магистратуры и измерение ее эффекта ... 43 Мукашева М.У., Шаукенбаева А.К., Омирзакова А.А., Рахметолла А.Т. Развитие вычислительного мышления обучающихся в процессе обучения программированию ... 55 Навий Л.Н, Анықбай А.Е. Примеры патриотического воспитания в творчестве М.

Жумабаева ... 66 Серик Г.Б., Елубай А. Значение китайского языка и важнейшие особенности его изучения 71 Тазабек А.К. Речевое мастерство педагога - главный показатель профессиональной компетентности ... 77 Шынтаева Н.А. Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруді жаңартудың құралы ретінде ... 82

ПСИХОЛОГИЯ

Айтышева А.М., Сапарова Г.Т. Психологическое влияние изобразительного искусства на развитие личности ... 88 Ерментаева А. Р., Ибраимова А.Б. Проблемы психологического развития подростков с ограниченными возможностями ... 96 Матина К.Т., Мандыкаева А.Р. Особенности внимания у дошкольников с задержкой психического развития ... 103 Нурадинов А.С., Мырзакулова Г.К. Личностные особенности приверженцев деструктивных религиозных течений ... 114 Рахметова Р.У., Иргебаева Н.М., Кауметова К. Психологическая готовность молодежи Казахстана к созданию семьи ... 122 Тенкебаева А.З., Ауренова М.Д. Условия гендерной идентификации ... 138

СОЦИОЛОГИЯ

Байгабылов Н.О. Такиман батыр – лидер партизанского движения в «Уш аймак» ... 145 Исмаилова Р.А., Бокаев Б.Н. Современные модели миграции: зарубежный и отечественный опыт ... 152 Каримова Г.К., Сейдуманов С.Т. Реализация принципа радикального монотеизма в процессах формирования и трансформации экстремистской идеологии (на примере ИГ) 159 Сунарчина М.М., Саликжанов Р.С. Современные исследования о профсоюзах в рамках социологии профсоюзного движения ... 171

(8)

ХҒТАР 15.41.43

А.З. Тенкебаева, М.Д. Ауренова

С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен, Қазақстан (E-mail: [email protected], [email protected])

Гендер бойынша сәйкестендіру жағдайлары

Аннотация. Қазіргі қоғамдағы жыныстық сәйкестендіру ерекшеліктерін теориялық талдау нәтижелері баяндалды. Аталған мәселе бойынша ғалымдардың тұжырымдамалары қарастырылды. Биодетермизм қағидаларын қарастырған. Осы мәдени-тарихи кезеңде, барлық әлеуметтік институттарды жаңғырту нәтижесінде қазіргі замандағы рөлдердің жыныстық саралануы гендерлік сәйкестендіруді қалыптастыра отырып, өзгерістерге ұшырайды. Маскулинділік пен феминділік мәселелері талқыланып, оның көріністері берілген. Андрогиния сипаты көрсетілген және де оның тұлға дамуына әсері сипатталған. Эгалитарлық гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдер мен ерлер андрогинналар әлеуметтік ортада өмір сүруге неғұрлым бейімделген. Олар дәстүрлі гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдер мен ерлермен салыстырғанда анағұрлым икемді. Сәйкестендірудің гендер мәселелерімен байланысын қарастырған. Гендерлік сәйкестендірдің жыныстық таптаурындармен байланысындағы жас кезеңдеріндегі ерекшеліктер көрсетілген. Гендерлік таптаурындар мен гендерлік теңсіздік жағдайлары қарастырылған.

Түйін сөздер: Гендерлік теориялар, биодетерминизм, сәйкестендіру, гендерлік сәйкестілік, маскулинділік, феминділік, андрогиния, гендерлік теңсіздік.

DOI: https://doi org/ 10.32523/2616-6895-2019-129-4-138-144 Түсті: 16.05.19 / Жарияланымға рұқсат етілді: 5.06.19

Сәйкестендіру мәселесі гуманитарлық білімнің түрлі салаларындағы зерттеушілер үшін өзекті және де қызығушылыққа ие болып қала береді. Қазіргі заманғы психологияда әдетте зерттеулер әлеуметтік сәйкестендіруді оның жекелеген түрлеріне (кәсіби, этникалық, отбасылық және басқа да) қатысты қағидалары бойынша қарастырады. Теориялық аспектілерін қарастыра отырып, теориялық талқылау үшін бізге «гендерлік сәйкестік»

мәселесі аса қызықты болды.

«Сәйкестілік» ұғымы ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ғылыми түсінік ретінде психологияға енді. Бұл мәселе 3. Фрейд, А. Фрейд, У. Джеймс, А. Адлер, К. Хорни, К. Юнг, Э. Эриксон, Д. Парфит, Ю. Хабермас, М. Хайдеггер, Б. Г. Ананьев, И. С. Кон, В. С. Мухина, В. В. Абраменкова, М. М. Бахтин, Л.М. Попова, Т. Репин, В. Каган, И. Лунина және т.б.

ғалымдар еңбектерінде түрткі болған.

Қазіргі гендерлік теориялардың біріне әлеуметтік және гуманитарлық ғылымда қабылдаған биодетерминистік және әлеуметтік-құрылымдық парадигмаларды жатқызуға болады. Биодетерменистік қағидаға сәйкес адамның гендерлік сипаттамасы биологиялық, табиғи факторлармен анықталады. Биодетерминизм шындықтағы құбылыстардың өзара шартталғандығы және байланысы туралы ғылымның детерминизміне әкеледі, мұнда табиғат заңдылықтарына басты рөлді бөлінеді. Биодетерминизм қағидасында табиғи факторлар өзгермейтін және олардың барысы қатаң консервативті кілт ретінде қарастырылады. В.А.

Геодакянның эволюциялық теориясы биодетерминистік тұжырымдамасының жарқын мысалы болып табылады. Бұл теорияға сәйкес кез келген биологиялық жүйенің өзіндік өндірістік үдерісі екі қарама-қарсы тенденциядан тұрады: тұқымқуалаушылық, ата-аналық белгілерді ұрпақтарда өзгеріссіз сақтауға тырысатын консервативті фактор және өзгеріс, соның негізінде жаңа белгілер пайда болады. Әйел индивид тұрақты «ес», ал еркектер –

(9)

оперативті уақытша «ес» түрі ретінде қарастырылады. Ортадан ақпараттың келуі сыртқы жағдайлардың өзгеруімен байланысты, бірінші сыртқы орта жағдайымен тығыз байланысты ақпатартарды қабылдайды. Уақытша, кездейсоқтық тұрақты белгілерді алғаннан кейін ғана генетикалық ақпарат көрсетілген популяцияның қорғалған тұрақты «инерциялық ядросына» түседі. Бұдан мынандай қорытынды жасауға болады, ер адамдар – жасаушы және құраушы, ал әйелдер – консерваторлар, олардың міндеті ерлермен құралғанды сақтау, сондықтан гендерлік теңсіздік жағдайы заңды және әлеуметтік өмір фактарларының өзгерісіне жатпайтын құбылыс ретінде қабылданады. Гендерлік-бағдардағы жұмыстарда В.А. Геодокян теориясы сын объектісі болып табылады. И.С. Кон көрсетуінше [1, 80 б.]

оны редукционисті (өйткені ерлер және әйелдерді мінез – құлқының қиын формаларының биологиялық императивтілігіне жатқызады), жыныстық (гендерлік қасиеттер жыныстыққа жатқызылады), ерте тарихи (гендерлік қасиеттер барлық жерде көрінеді және барлығында бірдей) және саяси консервативті (ол жиі идеологиялық негіз және гендерлік теңсіздік пен еркектердің басымдылығын ақтау үшін қолданылады) деп санайды.

Биодетерминистік қағидалар қатарына Т. Парсонспен ұсынылған жыныстық рөлдер теориясын жатқызуға болады. Т. Парсонс [2, 128 б.] өткен ғасырдың ортасында американдық отбасындағы өзгерістерді қарастыра отырып, отбасындағы балалардың әлеуметтенуін және отбасының ересек мүшелерінің тұлғасының тұрақтылығын базистік функция деп атайды.

Іс-әрекет сферасы функцияналды бөлінуі немесе рөлдердің дифференцияциясы кез-келген әлеуметтік жүйенің және отбасының тұрақтылығы болып табылады. Өйткені кез-келген әлеуметтік жүйенің өмір сүруі үшін құралдық және экспрессивті функциялардың да орындалуы қажет.

Сәйкестендіру (идентифтілік) түсінігі ең алғаш Э.Эриксонның жұмыстарында нақты көрсетілген. Э.Эриксонның көзқарасы бойынша [3, 79 б.], сәйкестендіру өзінің уақытша тартымдылығын түсінуге негізделеді, өзіндік тұтастықты қабылдауды көрсетеді, адамға өзін әртүрлі адамдармен ұқсастық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, сәйкестендіру - өзі туралы индивидум ретіндегі субъективті, ішкі түсінік, тұрақты, маңызды Мен. Қазіргі уақытта әлеуметтік және тұлғалық сәйкестендіру түсініктері түрліше қарастырылуда. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап Тэджфела-Тернердің әлеуметтік сәйкестендіру теориясының шеңберінде гендерлік сәйкестендіру жеке тұлғаның әлеуметтік сәйкестендірудің бір құрылымы ретінде бөлініп шығады.

Ұлдар мен қыздар сәйкестендірудің қалыптасу үдерісін талдауда әлеуметтенудің жыныстық рөлдік теориясы жалпы қабылданған бағыт болып табылады.

Л.Колберг көзқарасы бойынша [4, 127 б.], мектепке дейінгі жылдардағы гендерлік таптаурындардың қалыптасуы баланың жалпы зияткерлік дамуына тәуелді және бұл әлеуметтік бекітілген жаттығулар әсерінен пайда болатын пассивті үдеріс болып табылады, керісінше өзіндік дәреженің көрінуімен байланысты.

И.С.Конның айтуынша [5, 26 б.] мектепке дейінгі жастағы бала қалай әйел болу немесе еркек болу туралы ойларды игереді, ал содан кейін өзін қыз немесе ұл ретінде анықтайды, кейін өз мінез-құлқын өзінің гендерлік идентифтілігі туралы ойларымен сәйкестендіруге талпынады.

Әлеуметтік үйрету теориясы гендерлік сәйкестендірудің қалыптасу механизімін қарастыра отырып, биховиоризмнің негізгі қағидасы - себептілік принципін жаңаша өзгертті.

Я.Л.Коломинский, М.Х.Мелтсас пайымдауыша, ересек ұлдарды маскулинді мінез- құлық үшін қолдап, ал феминділік үшін жазалап, ал қыздармен керісінше қатынаста болғандықтан, бала ең бірінші мінез- құлықтың жыныстық диморфизмдік үлгісін ажыратуға үйренеді, содан кейін сәйкес ережелерді орындайды және соңында өзінің Мен бейнесіде осы тәжірибені байланыстырады. Жоғарыда айтылған ойларды қорыта келгенде, гендерлік

(10)

сәйкестендіру - өзін нақты қоғамдағы жыныстық рөлдік мінез-құлық модельдерімен берілген батылдықтың және нәзіктіктің мәдени анықтамасымен байланыстырып түсіну ретінде анықталады.

Гендерлік сәйкестендіру - әйелдік және еркектік жынысқа өзін жатқызуға қатысты ойлар, көп жағдайда адамның психикалық және соматикалық денсаулығына әсер етеді.

Сонымен бірге тұлғаның өзіндік жетілуіне маңызды әсер етеді. Оның сипаттамасына адамның қарым-қатынастағы когнитивтік, мінез-құлықтық ерекшеліктері, жеке өмірлік тәжірибесі, әлеуметтену жағдайы, оның қажеттіліктері және басқа тұлғалық құрылымы әсер етеді.

В.С.Агеев, И.С.Кон, Т.А.Репина, Я.Л.Комоминский, М.Х.Мелтсас және бақса ғалымдардың гендерлік зерттеулерге арналған жұмыстарында қазіргі уақытқа дейін психологиялық жыныс, жыныстық рөлдік сәйкестендіру, жыныстық рөлдік таптаурындар, жыныстық рөлдік қатынастар сияқты терминдері қолданылды. Дегенмен, бір қарағанда жақын болып көрінетін терминдер (мысалы, гендерлік сәйкестендіру және жыныстық рөлдік сәйкестендіру) синонимді сөздер болып табылмайды. Гендерлік сәйкестендіру жыныстық рөлдік сәйкестендіруге қарағанда өте кең түсінік болып табылады, өйткені гендер рөлдік аспектіден ғана тұрмайды, сонымен бірге адам бейнесін тұтас қосады. Сонымен бірге гендер түсінігі қаншалықты биологиялық болса, соншалықты мәдени. Жыныстық сәйкестендіру гендерлік сәйкестендіру құрылымындағы адамның өзіндік ойлары және өзіндік қабылдау ерекшеліктерінің көзқарасымен сипатталуы мүмкін. Жыныстық сәйкестендіру, жыныстық – рөлдік сәйкестендіру және жыныстық бағдарлану түсініктерін гендерлік сәйкестендірудің құрылымдық бөлімі ретінде көрсетуге болады.

Гендерлік сәйкестендіру өте кең түсінік болып табылады. Психологиялық сөздікте «әйел» немесе «ер» ұғымын белгілеу үшін «феминділік» және «маскулинділік»

анықтамалары қолданылады. Бұл түсініктер ердің немесе әйелдің психикалық, соматикалық және мінез-құлық қасиеттері туралы нормативтік түсінік береді [4, 195 б.]. Осы орайда С.Бем (1974) жүргізген зерттеулерінде әйелдер мен еркектердің маскулинділікті және феминділікті көрсетуін негізге ала отырып, гендерлік сәйкестендіруді жіктеуге мүмкіндік береді. Осы жіктеу негізінде төртеуі еркектерге және төртеуі әйелдерге арналған сегіз гендерлік типтер туралы айтуға болады.

Маскулинді тип (жоғары маскулинділік-төменгі феминділік). Маскулинді еркектер сезімталдығы жоқ, қуатты, тазалықты жақсы көреді және бостандықты ұнатады. Маскулинді әйелдер күшті ерік-күшіне ие, еркектермен бәсекелесуге және кәсіпте, әлеуметтік ортада, жыныстық қатынаста олардың орнына таласуға бейім.

Феминді тип (жоғары феминділік-төмен маскулинділік). Феминді еркектер сезімтал, адалдық, қатынасты және шығармашылық жетістіктерді бағалайды, көбінесе өнер әлеміне жатады. Феминді әйелдер адалдығымен, қамқорлығымен және нәзіктілігімен ерекшеленеді.

С.Бем зерттеулерінің нәтижесінде [6, 114 б.] «андрогиния» сөзі лексикаға енді.

Андрогиния – грек сөздерінен шыққан: «андро» – еркек, «гин» - әйел. С. Бем жұмысында андрогиния ұғымы тұлғаның психоәлеуметтік сипаттамасы ретінде беріледі, атап айтқанда бір адам бойында ерлер мен әйелдердің ерекшеліктерінің үйлесуі. Бұған дейін андрогиния деп бір ағзада ерлер мен әйелдердің анатомиялық белгілерінің болуы, яғни гермафродитизм түсінді [7, 32 б.]. Андрогиния маскулинді және феминді сипаттардың бір уақытта көрінуін білдіреді. Маскулинділік және феминділік сапаларының бір адамда үйлесуі туралы идея ең алғаш Карл Юнидің «Анима и анимус» эссесінде айтылған. Кейіннен Сандра Бем қазіргі психологияның терминологиясына енгізді. Оның ойынша маскулділік және феминділік жеке тұлғаның жағымды сипатын және мінез-құлық үлгісін көрсетеді.

Гендерлік сәйкестендіру жыныстық таптаурындармен бірге дамиды. Жыныстық ұқсастықтың пайда болуы ерте жаста бастау алады және кезең-кезеңмен қалыптасады:

(11)

Ерте балалық шақ. Бірінші қабылдау оң эмоцияларға және ересектерге еліктеу арқылы негізделеді. Бұл жыныстық сәйкестендірудің бірінші түрі. Бұл кезеңде отбасы басты рөл атқарады. Ол баланың мінез-құлқын реттейді, қызды немесе ұлды әлеуметтік мақұлдайтын рөлдерге бағыттайды. Сондай-ақ ерлер мен әйелдердің ерекше белгілері туралы білім жинақталады. Балалық шақ. Өзіндік сәйкестендіруді қалыптастыру. Осы кезеңде бала өзін қоршаған әлемнен бөледі, өзгеретін және өзгермейтін жыныстық белгілері туралы білім алады, ер мен әйелдің мінез-құлқының ерекшеліктерін саралайды. Мектепке дейінгі жас. Өз денесінің анатомиялық құрылысына қызығушылық танытады, жыныстық сәйкестендіруді ескере отырып, әлеуметтік рөлдердің ерекшеліктерін игереді. Бұл кезеңнің ерекшелігі - қызметтің жетекші түрлерінде, баланың мүддесінде және ересектермен өзара әрекеттер жасау тәсілінде гендерлік таптаурындар көрініс таба бастайды. Кіші мектеп жасы. Өзін ұл немесе қыз рөлінде мойындау, гендерлік таптаурындар бойынша «ер» немесе «әйел»

жұмысын орындау, қарым-қатынастың оқшаулануы, толық қатыстылығын ескере отырып, мүдделерді бөлу түрінде көрсетіледі. Жасөспірімдер. Бұл жас жасөспірім тұлғасының дамуындағы дағдарысты кезең болып табылады. Осы жаста ауто және гетеро – таптаурындар мінез-құлқында, сыртқы көрінісінде, жеке қасиеттерінде тіркеледі. Өз жынысының да, қарама-қайшы жыныс бойынша да мінсіз адамның бейнелері пайда болады. Жеткіншектер.

Ұлдар мен қыздар өздерін рефлексия арқылы құрдастарымен сәйкестендіреді, бұл өзін- өзі сәйкестендіруге әкеледі. Мінез-құлықтың гендерлік таптаурындарын қалыптастыру процесі аяқталады, яғни адам өзгеріп жатқан әлеуметтік жағдайларды есепке ала отырып, таптаурындардың көрініс деңгейін өз бетінше реттейді.

Андрогинидің жоғары деңгейі (жоғары феминділік-жоғары маскулинділік).

Андрогинді еркектер өнімділік және сезімталдық бірге жүреді, көбінесе гуманитарлық мамандар дәрігер, мұғалімді таңдайды. Андрогинді әйелдер әйелдер құралын (икемділік, коммуникабельность) қолдана отырып, еркектік тапсырмаларды толық орындауға қабілетті.

Андрогиния физиологиялық немесе анатомиялық сипаттамаға қарағанда, әлеуметтік- психологиялыққа түсінікке жатады.

С.Бем екі жыныстың оларға қысым келтірілгенде «феминділік» қамқорлықты байқататынын көрсетті. Мысалы, бәсекелестікке жоғары қабілеттілігімен ерекшеленетін әйел, басқа да барлық қатынастарда өте нәзік болуы мүмкін, ал нәзік, мейірімді еркек - өз жынысының басқа өкілдеріне тән, барлық сапаларды сақтауы мүмкін. Андрогинді индивидтер қандай реакция жағдайына сәйкес келуіне қарай маскулинді және феминді сапаларды көрсете алады [7, 34 б.].

Андрогинидің төменгі деңгейі (төменгі маскулинділік-төменгі феминділік).

Дифференцияланбаған еркектер мен әйелдер кең мағынада алғанда либидоның жетіспеуімен сипатталады және өмірлік күштердің жетіспеушілігі болады.

Кейінгі зерттеулер андрогинділікті бейімділікпен, жоғары өмірге тұрақтылықпен, отбасындағы және кәсіптегі өзіндік жетілу сәттілігі сияқты сипаттамалармен байланысуға мүмкіндік берді [8, 39 б]. Жоғары маскулинді еркектер және жоғары феминді әйелдер дәстүрлі гендерлік таптаурындармен сәйкес келмеуші іс-әрекет түрлерінде көп қиныдықтарды бастан кешіреді. Кейбір мәліметтер бойынша андрогиндер жоғары эго даму деңгейіне ие болғандықтан эмоциялық стресстерге аз ұшырайды.

Дегенмен жоғары маскулинділік немесе жоғары феминділік аса қауіпті жағымсыз болып табылады. Әйелдің бойында жоғары феминділіктің көрінуі көбінесе жоғары мазасыздық және өзін-өзі сыйламаушылықпен сәйкес келеді, ал бұл көріністер феминділік жиынтығына кіреді. Жоғары маскулинді ұл балалар жеткіншек кезінде өз құрбылары арасында да өз-өзіне сенімділігі жоғары және құрбылары арасында қанағаттанушылық сезімін көрсетеді. Бірақ 30 жастан соң бұндай ер адамдар аса абыржығыш, лидерлікке қабілетінің төменділігін, өз-өзіне сенімсіздігін көрсетеді [9, 131 б.].

(12)

Жоғары феминді әйелдер мен жоғары маскулинді еркектер іс-әрекеттері нашар болуы, жыныстық-рөлдік айырмашылықтарда қабілетсіз болып келеді.

Өз кезегінде гендерлік сәйкестендірудің қалыптасуында гендерлік таптаурындар маңызды рөлге ие. Бұл түсінік гендерлік рөл түсінігімен байланысты. Ол гендерлік аймақты құраушы әлеуметтік күтулерді және болжамдарды көрсетеді, яғни еркектер мен әйелдерден күтілетін мінез-құлықтың (немесе нормалардың) үлгілер жиынтығы. Басқаша айтқанда, гендерлік рөл, ым-ишара, киім, іс-әрекет моделі, сөз түрінде жыныстық мінез-құлыққа сәйкес келуші нақты әлеуметтік ережелерді орындау ретінде түсініледі. Әлеуметтану барысында қажетті нормалар жиынтығын орындауды талап етеді.

Гендерлік зерттеулерде көп кездесетін терминдердің біріне гендерлік теңсіздікті жатқызуға болады. Гендерлік теңсіздік-тарихи қалыптасқан гендерлік жүйенің тұрақты сипаттамасы. Гендерлік зерттеулер ерлер және әйелдер арасында табиғи негіз болатын теңдік жоқ дегеннен шығады. Гендерлік теңсіздік әлеуметтік тұрмыстың әр түрлі сферасындағы (экономикадағы, саясаттағы, басқарудағы және т.б) жыныстың асимметрикалық немесе теңсіздік жағдайын сипаттайды. Гендерлік теңсіздіктің пайда болу себебін барлық қоғамда орын алатын патриархалды отбасынан іздеген жөн. Отбасы экономика және басқа әлеуметтік институттардан ерекше функцияны орындайды: бұл балалардың әлеуметтендіру және отбасы мүшелерінің эмоциялық көтеру міндеті.

Отбасындағы әйелдердің алғашқы жағдайы оның осы маңызды функцияларды орындауымен және жеткізуімен анықталады. Патриархальді билік жағдайында діни және саяси идеялогия арсеналының барлығы қолданылды. Бұл арқылы ер адамдардың көзқарасы бойынша оптимальді болып табылатын мінез-құлық модельдері бекітілді. Бұл нормалар таптаурындар және ескіге сену формасында сақталады және қайта жаңғыртылады.

Гендерлік рөлдердің вариабельділігінің пайда болуы адамның мінез-құлқында көрінетін өзгермелі әлеуметтік жағдайларға белсенді жауап реакциясымен байланысты.

Демек, инвариабельділік-бұл жеке тұлғаның қызметінде және мінез-құлқында дәстүрлі жыныстық таптаурындарды ұстанатын қоршаған болмыстағы өзгерістерге пассивті бейімделудің тәсілі. Гендерлік рөлдердің вариабельділігі, әрине, тұлғаның белсенділігін көрсетеді. Әлеуметтену кезінде және қойылған мақсатқа жету кезінде индивид қолайлы жағдайларға да (тәрбиенің дұрыс түрі, ұжым тарапынан мақұлдау, адал достардың болуы, үйлесімді дамып келе жатқан тұлға және т.б.), сондай-ақ қолайсыз жағдайларға да (әлеуметтік депривация, педагогикалық асқыну, тәрбиенің бұзылған түрі, девиантты мінез- құлық, ішкі тұлғалық жанжалдар және т. б.) түседі. Бірінші жағдайда, қолайлы жағдайлар гендерлік рөлдердің вариабельділігіне ықпал етуі мүмкін және ол жағымды ынталандыруға себепкер болады. Екінші жағдайда мақсатқа жетудегі жағымсыз ынталандыру жыныстық рөлдердің инвариабельділігіне түрткі болады. Бұдан белсенді әрекет ететін тұлға гендермен байланысты өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда өзінің жеке даралығын жоғалтпай құзыреттілігін, вариабельділігін және мақсатқа ұмтылушылығын көрсетуі тиіс деген тұжырымдық ой келеді.

Қорытынды жасай отырып, біз гендерлік сәйкестендіру үдерісі көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты деген пікірге келдік. Қазіргі заманғы мәдениет, әрине, социумдағы гендерлік рөлдерді қалыптастыру мен жүзеге асыру ерекшелігі бойынша, алдыңғы дәуірлерден өзгеше. Феминді және маскулинді рөлдерді жүзеге асыру тетіктері тұлғаны әлеуметтендіру кезінде өзара толықтырушы процесс болып табылады. Феминді және маскулинді рөлдерді жүзеге асыру тетіктері тұлғаны әлеуметтендіру кезінде өзара толықтырушы үдеріс болып табылады.

Тұлғаның гендерлік сәйкестендірілуіне сәйкес қалыптасуы барлық жас кезеңдерінде жүзеге асырылады. Әрбір жас кезеңі тек оған тән мінез-құлықтың гендерлік таптаурындарына тән. Бір ер немесе әйел рөлі жоқ, өйткені әрбір адам көптеген рөлдерді қабылдайды. Кейде

(13)

рөлдердің үйлесімсіздігі пайда болады, бұл одан әрі рөлдік ішкі жанжалға әкеледі. Осы мәдени-тарихи кезеңде барлық әлеуметтік институттарды жаңғырту нәтижесінде қазіргі замандағы рөлдердің гендерлік саралануы гендердің вариабельділігін қалыптастыра отырып, өзгерістерге ұшырайды. Сонымен эгалитарлық гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдер мен ерлер андрогинналар әлеуметтік ортада өмірге бейімделуі жақсы. Олар дәстүрлі гендерлік рөлдерді ұстанатын әйелдермен ерлермен салыстырғанда анағұрлым икемді деуге болады.

Әдебиеттер тізімі

1. Силласте Г.Г. Гендерная социология: состояние, противоречия, перспективы / Г.Г. Силласте //

Социологические исследования. – 2004. - № 9. – С. 77-84.

2. Берн Ш. Гендерная психология – М.: Прайм-Еврознак. – 2004. – 320 с.

3. Словарь психолога-практика / Сост. Головин С.Ю. М.: АСТ. – 2001. – 976 с.

4. Гендерные стереотипы в меняющемся обществе. Опыт комплексного социального исследования. М.: Наука.

– 2009. – 272 с.

5. Ермеева В.Д. Мальчики и девочки: два разных мира / В.Д. Ермеева, Т.Г. Хризман. СПб.: Тускарора. – 2000.

– 184 с.

6. Клецина И.С. Психология гендерных отношений. Теория и практика. / И.С. Клецина – СПб.: Алетея. – 2004.

– 408 с.

7. Логвиненко В.И, Шаховский В.Я. О соотношении мужского и женского в контексте современных ценностей и проблем человечества // Журнал прикладной психологии. – 2000. – № 5. С. 29-35.

8. Введение в теорию гендера. Учеб. пособие / под ред. Б.Ж. Есекеева, Г.М. Матаева. - Алматы: Ин-т философии и политологии МОН РК. – 1999. – 198 с.

9. Чекалина А.А. Профессиональная самореализация женщины / А.А. Чекалина // Мир психологии. – 2005. –

№ 3. – С. 127-139.

А.З.Тенкебаева, М.Д.Ауренова

Восточно-Казахстанский государственный университет имени С. Аманжолова, Усть-Каменогорск, Казахстан

Условия гендерной идентификации

Аннотация. В данной статье представлены результаты теоретического анализа особенностей половой идентификации в современном обществе. Рассмотрены различные концепции ученых по данному вопросу, в частности, принцип детерменизма. В результате модернизации всех социальных институтов половая дифференциация ролей в современном мире претерпевает изменения, формируя гендерную идентификацию.

Описаны проблемы маскулинства и феминизма, представлены ее проявления, а также характер андрогинии и его влияние на развитие личности. Женщины и мужчины, придерживающиеся эгалитарных гендерных ролей, андрогинны и более приспособлены к жизни в социальной среде, более гибкие по сравнению с женщинами и мужчинами, придерживающимися традиционных гендерных ролей. Рассмотрена взаимосвязь идентификации с гендерными условиями. Представлены особенности гендерной идентификации в возрастной период, связанный с половыми стереотипами. Рассмотрены условия гендерного неравенства и гендерные стереотипы.

Ключевые слова: гендерные теории, биодетерминизм, идентификация, гендерная идентичность, маскулинность, феминизм, андрогиния, гендерное неравенство.

(14)

A.Z.Tenkebayeva, M.D. Aurenova

S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan

Gender Identification Terms

Abstract. The results of the theoretical analysis of the features of sexual identification in modern society were highlighted. On this issue, the concepts of scientists were considered. The principles of biodeterminism are considered. In this cultural and historical period, as a result of modernization of all social institutions, sexual differentiation of roles in the modern world will undergo changes, forming gender identification. The problems of masculinity and feminism were discussed, its manifestations were presented. The character of androgyny is described and its influence on personality development is described. Women and men who adhere to egalitarian gender roles, androgynous most adapted to life in a social environment. They are more flexible than women and men who have traditional gender roles. Examined the relationship of gender identification terms. The features of gender identification in the age period associated with sexual stereotypes are presented. The conditions of gender inequality and gender stereotypes were discussed.

Keywords: Gender theories, biodeterminism, identification, gender identity, oilseeds, feminism, androgyny, gender inequality.

References

1. Sillaste G.G. Gendernaja sociologija: sostojanie, protivorechija, perspektivy [Gender sociology: state, contradictions, perspectives] Sociologicheskie issledovanija [Case studies], 9, 77-84 (2004).

2. Bern Sh. Gendernaja psihologija[Gender Psychology] (Praіm-Evroznak, Moscow, 2004).

3. Slovar’ psihologa-praktika [Dictionary psychologist practice], Compiled by Golovіn S.Ju. (AST, Moscow, 2001).

4. Gendernye stereotipy v menjajushhemsja obshhestve. Opyt kompleksnogo social’nogo issledovanija [Gender stereotypes in a changing society. Experience a comprehensive social study] (Nauka, Moscow, 2009, 272 р.).

5. Ermeeva V.D. Mal’chiki i devochki: dva raznyh mira [Boys and girls: two different worlds] (SPb.: Tuskarora, Sankt-Peterburg, 2000, 184 р.).

6. Klecina I.S. Psihologija gendernyh otnoshenij. Teorija i praktika. [Psychology of gender relations. Theory and practice] (Aleteja, Sankt-Peterburg, 2004, 408 р.).

7. Logvinenko V.I, Shahovskij V.Ja. O sootnoshenii muzhskogo i zhenskogo v kontekste sovremennyh cennostej i problem chelovechestva [On the ratio of male and female in the context of modern values and problems of mankind], Zhurnal prikladnoj psihologii [Journal of Applied Psychology], 5, 29-35 (2000).

8. Vvedenie v teoriju gendera [Introduction to the theory of gender]. Тutorial. edited by B.Zh. Esekeeva, G.M.

Mataeva (Institute of Philosophy and Political Science, MES RK Almaty: In-t fılosofıı ı polıtologıı MON RK, 1999, 198 р.).

9. Chekalina A.A. Professional’naja samorealizacija zhenshhiny [Professional self-realization of women], Mir psihologii [World of Psychology] (3) 127-139 (2005).

Авторлар жайлы мәліметтер:

Тенкебаева А.З. - психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 30-шы Гвардиялық дивизия көш., 34, Өскемен, Қазақстан.

Ауренова М.Д. – психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 30-шы Гвардиялық дивизия көш., 34, Өскемен, Қазақстан.

Tenkebayeva A.Z. - the master of pedagogical Sciences, senior lecturer of the department of psychology and correctional pedagogy S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Str.Tridsatoy Gvardeiskoy divizii, 34, Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan.

Aurenova M.D. - Candidate of Psychology, Associate Professor of the department of psychology and correctional pedagogy, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Str.Tridsatoy Gvardeiskoy divizii, 34, Ust- Kamenogorsk, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Ер адамдардың өзін-өзі бағалауы жоғары бол- са және дос-жарандар рейтингісінде алдыңғы орында болса ғана олардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейге

Аннотация. Мақалада оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін музыкалық- театрландырылған іс-әрекеттердің маңыздылығы ашылып көрсетілген. Сонымен қатар

Қазақстан Республикасы Президенті ерлер мен әйелдер арасында теңдік мәселесіне зор көңіл бөліп, әділ нақты гендерлік саясат

Ал оның бірінші деңгейінде гендерлік әлеуметтік құрылым тұрған- дықтан, ұлттық ой мен оған сәйкес ұлттық жоба гендерлік өлшем

– әрекет ету логикасына жауап беретін басқаратын бөлігі – ағымдағы күйге және кіріс әрекеттеріне сәйкес орындалатын әрекеттерді таңдап,

Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жұмыспен қамтылған халық білім беру (716 908 адам) және «көтерме және бөлшек сауда;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті

Эксперимент бағытын айқындайтын психологиялық механизмдердің үш құрылымдық бөлімнен (этномәдени сәйкестену, этномәдени бағыттылық және ұлттық мәдениетке сәйкес