Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ
ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК
ЕВРАЗИЙСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО
УНИВЕРСИТЕТА ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
BULLETIN
L.N. GUMILYOV of EURASIAN NATIONAL
UNIVERSITY
ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. ӘЛЕУМЕТТАНУ сериясы PEDAGOGY. PSYCHOLOGY. SOCIOLOGY Series Серия ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ
№ 1 (126)/2019
1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995
Издается с 1995 года
Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год
Нұр-Сұлтан, 2019 Nur-Sultan, 2019 Нур-Султан, 2019
ISSN (Print) 2616-6895
ISSN (Online) 2663-2497
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы, № 1 (126)/2019 Бас редакторы
Молдажанова А. А.
п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары
(педагогика) Г.Ж. Менлибекова, п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары
(психология) А.Р. Ерментаева, пс. ғ. д., проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары
(әлеуметтану) Н.О. Байғабылов, PhD (Қазақстан) Редакция алқасы
Иванова Г.П. п.ғ.д. (Ресей)
Исламова З.М. п.ғ.к., доцент (Ресей) Кажгалиева А. докторант (Қазақстан)
Калдыбаева О.В. PhD (Қазақстан)
Колева И. докт. (Болгария)
Сейтқазы П.Б. п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Сунарчина М.М. ә.ғ.д., проф. (Ресей) Толеубекова Р.К. п.ғ.д., проф. (Қазақстан) Уразбаева Г.Т. п.ғ.д., доцент (Қазақстан)
Хан Н.Н. п.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Хаяти Тюфекчиоглу ә.ғ.д., проф. ( Түркия) Шайхисламов Р.Б. ә.ғ.д., проф. (Ресей) Шалғынбаева Қ.Қ. п.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев к-сі, 2, 349 б., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31432) E-mail: [email protected]
Жауапты хатшы, компьютерде беттеген: Ә. С. Жұматаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы.
ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. ӘЛЕУМЕТТАНУ сериясы
Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тіркелген. 27.03.18 ж. № 17001- Ж -тіркеу куәлігі
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Тиражы: 35 дана
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31432) © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief
Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) A.A. Moldazhanova
Deputy Editor-in-Chief (pedagogy) G.Zh.Menlibekova, Doctor of Pedagogical Sciences, Prof. (Kazakhstan)
Deputy Editor-in-Chief (psychology) А.R. Yermentayeva, Doctor of Psychological Sciences, Prof. (Kazakhstan)
Deputy Editor-in-Chief (sociology) N.О. Baigabylov, PhD in Sociology (Kazakhstan)
Editorial board
Ivanova G.P. Doctor of Pedagogical Sciences (Russia)
Islamova Z.M. Can. of Pedagogical. Sciences, Assoc.Prof. (Russia) Kazhgaliyeva А. Doctoral Candidate (Kazakhstan)
Kaldybayeva O.V. PhD (Kazakhstan)
Koleva I. Dr. (Bulgaria)
Seytkazy P.B. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Sunarchina M.М. Doctor of Sociology, Prof. (Russia)
Toleubekova R.К. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Urazbayeva G.Т. Doctor of Pedagogical Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Khan N.N. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan) Hayati Tufekcioglu Doctor of Sociology, Prof. (Turkey)
Shaikhislamov R.B. Doctor of Sociology, Prof. (Russia)
Shalgynbayeva К.К. Doctor of Pedagogical Sciences, Prof.(Kazakhstan)
Editorial address:2, Satpayev str., of.349, Astana, Kazakhstan, 010008 L.N.Gumilyov Eurasian National University
Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31432) E-mail: [email protected]
Responsible secretary, computer layout: А.S.Zhumatayeva
Bulletin of L.N.Gumilyov Eurasian National University PEDAGOGY. PSYCHOLOGY. SOCIOLOGY Series Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Registered by Ministry of information and communication of Republic of Kazakhstan.
Registration certificate No. 17001-Ж from 27.03.18 Periodicity: 4 times a year
Circulation: 35 copies
Address of printing house: 13/1 Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31432)
© L.N.Gumilyov Eurasian National University
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы, № 1 (126)/2019 Главный редактор
д.п.н., профессор А. А. Молдажанова (Казахстан) Зам. главного редактора
(педагогика) Г.Ж. Менлибекова, д.п.н., проф. (Казахстан) Зам. главного редактора
(психология) А.Р. Ерментаева, д.пс. наук, проф. (Казахстан) Зам. главного редактора
(социология) Н.О. Байгабылов, PhD (Казастан) Редакционная коллегия
Иванова Г.П. д.п.н. (Россия)
Исламова З.М. к.п.н., доцент (Россия) Кажгалиева А. докторант (Казахстан)
Калдыбаева О.В. PhD (Казахстан)
Колева И. докт. (Болгария)
Сейтказы П.Б. д.п.н., проф. (Казахстан) Сунарчина М.М. д.с.н., проф. (Россия) Толеубекова Р.К. д.п.н., проф. (Казахстан) Уразбаева Г.Т. д.п.н., доцент (Казахстан)
Хан Н.Н. д.п.н., проф. (Казахстан)
Хаяти Тюфекчиоглу д.с.н., проф. ( Турция) Шайхисламов Р.Б. д.с.н., проф. (Россия) Шалғынбаева К.К. д.п.н., проф. (Казахстан)
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Сатпаева, 2, каб. 349, Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева
Тел.: +7(7172) 709-500 (вн. 31432) E-mail: [email protected]
Ответственный секретарь, компьютерная верстка: А. С. Жуматаева
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева.
Серия:ПЕДАГОГИКА. ПСИХОЛОГИЯ. СОЦИОЛОГИЯ.
Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций Республики Казахстан.
Регистрационное свидетельство № 17001-Ж от 27.03.18 г.
Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31432)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
МАЗМҰНЫ ПЕДАГОГИКА
Абенова С.У., Қабылда А.Қ., Бектурова А.К. Эколог-волонтерлердің санасын бейнелеудің өнімі ретінде экологиялық мазмұнның жарнамасы ... 8 Албытова Н.П., Жуасбаева А.Б. Әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа студенттің кәсіби дайындығын жетілдіру ... 19 Албытова Н.П., Смайлова С.К. Рухани модернизациялау жағдайында болашақ педагог- психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындау ... 27 Алимжанова Б.Е., Әбельдина Ж.Қ., Молдумарова Ж.Қ., Молдумарова Ж.Е., Әбельдина Р.К. Рейтинг көрсеткішімен оқытушы жұмысының тиімділігі бағалау ... 35 Баймағамбетова А.Е., Абдыхалықова Ж.Е. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі студенттердің кәсіби ынталандыруының мәселелері ... 42 Жакиянова Ж.Г. Америка Құрама Штаттарында жоғары кәсіптік білім беруді бақылау мен бағалауды ұйымдастыру ... 49 Жиентаева Б.Ж., Чабакова А.М. Этномәдени білімдер негізінде студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту ... 60 Жолдасбекова С.А., Мамедов Р.А. Дуальді білім беру жағдайында болашақ мамандарды кәсіби бейімдеу үдерісіне қалыптастыру ... 68 Қaйыңбaeвa Ж.Б., Шуaкaeв М.K. Жалпы білім беретін мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы ықтималдықтар теориясы мен статистика курсы мазмұнының сабақтастығы туралы ...
77
Левченко Т.А., Агеева Л.Е. ҚР жаңартылған білім бағдарламасына көшу жағдайында мектепалды педагогтарының біліктілігін арттыру ... 87 Нуркасымова С.Н., Мукашева А.К. Физикалық құбылыстарды оқытуда модельдеу әдістерін қолдану ... 96 Онғарбаева Д.Т., Мәдиева Г.Б., Отаралы С.Ж., Байзақова Н.О., Герасимчик К.К.
Әртістік жүзуден Қазақстан Республикасы құрама командасының халықаралық спорттық аренадағы жарыстық іс-әрекеті ...
104
Орынбекова А.С., Меңлібекова Г.Ж. Психологиялық даярлық – ғылыми таным объектісі 111 Толеубекова Р.К. Рухани жаңғыру жағдайында жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу бағыттары ... 117 Шалғынбаева Қ.Қ., Қажғалиева А.М., Нұржанова Ә.С. Студенттердің ЖОО-на бейімделуі ғылыми зерттеу нысаны ретінде ... 122 Шалғынбаева Қ.Қ., Қазиев Қ.О. Рефлексия болашақ педагог-психологтардың кәсіби- тұлғалық қалыптасуының негізгі компоненті ретінде ... 130
ПСИХОЛОГИЯ
Базарбаева К.Қ. Спортшыларды жарысқа психологиялық дайындау ... 140 Иманбекова Г.Б. Психологиялық денсаулықты сақтау мәдениетін дамытудың факторлары ... 146 Стельмах С.А., Мацкевич И.К., Дергачева Е.В., Барабанова Е.И. Қоғамдық сана ерекшеліктерін зерттеу (этноүрдістер) ... 153
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Родионова К.Н. Білім беру процесінде ауқымды мәліметтерді қолдану әлеуеті ... 161
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы, № 1 (126)/2019
CONTENTS PEDAGOGY
Abenova S.U., Kabylda A.K., Bekturova A.K. Аdvertising of the ecological content as product of reflection of ecologists-volunteers’ consciousness ... 8 Albytova N.P., Zhuasbayeva A.B. Improving the vocational training of students for social and pedagogical work ... 19 Albytova N.P., Smailova S.K. Training future educational psychologists for professional activity in the conditions of spiritual modernization ... 27 Alimzhanova B.E., Abeldina Zh.K., Moldumarova Zh. K., Moldumarova Zh.E., Abeldina R.K. The evaluation effectiveness of the university professor`s activities by rating system ... 35 Baimagambetova A. E., Abdykhalykova Zh. E. Problems of the formation of professional motivation of students in socio-pedagogical education ... 42 Zhakiyanova Zh.G. Organization of monitoring and evaluation of higher education
in the United States ... 49 Zientayeva B.J., Chabakova A.M. On the basis of ethnocultural knowledge development of professional orientation of students ... 60 Zholdasbekova S.A., Mamedov R.A. Modeling the process of professional adaptation of the future specialists in the dual teaching process ... 68 Kaiyngbaeva Zh.B., Shuakayev M.K. On continuity of the contents in studying of propability theory at school and universities ... 77 Levchenkо Т.А., Ageeva L. E. The professional development of teachers pre-primary education in the republic of kazakhstan in the transition to the updated program education ... 87 Nurkasymova S.N., Mukasheva A.K. Methods of physical processes modeling ... 96 Ongarbaeva D.T., Madiyeva G.B., Otaraly S.Zh., Baizakova N.O., Gerasimchik K.K.
Competitive activities of the national team of the Republic of Kazakhstan in artistic swimming at the international sports arena ...
104
Orynbekova A.S., Menlibekova G.Zh. Psychological readiness – the object of scientific knowledge ... 111 Toleubekova R.K. Directions of moral education of adolescents in the conditions of spiritual revival ... 117 Shalginbaeva K.K., Kazhgaliyeva A.М., Nurzhanova A.S. Adaptation of students to University as a form of research ... 122 Shalgynbayeva K.K., Kaziev K.O. Reflection as the main component of the professional- personal formation of future teachers-psychologists ... 130
PSYCHOLOGY
Bazarbayeva К.К. Рsychological preparation of athletes for competitions ... 140 Imanbekova G.B. Factors in the development of psychological healthcare culture ... 146 Stelmakh S.A., Маtckevich I.К., Dergacheva Ye.V., Barabanova E.I. The study of characteristics of social consciousness (ethnic trends) ... 153
SOCIOLOGY
Rodionova K.N. Big data potential in the educational process ... 161
СОДЕРЖАНИЕ ПЕДАГОГИКА
Абенова С.У., Кабылда А.Қ., Бектурова А.К. Реклама экологического содержания как продукт отражения сознания экологов-волонтеров ... 8 Албытова Н.П., Жуасбаева А.Б. Совершенствование профессиональной подготовки студентов к социально-педагогической работе ... 19 Албытова Н.П., Смайлова С.К. Подготовка будущих педагогов-психологов к профессиональной деятельности в условиях духовной модернизации ... 27 Алимжанова Б.Е., Әбельдина Ж.Қ., Молдумарова Ж.Қ., Молдумарова Ж.Е., Әбельдина Р.К. Оценка эффективности деятельности преподавателя рейтинговым показателем ... 35 Баймагамбетова А.Е., Абдыхалыкова Ж.Е. Проблемы формирования профессиональной мотивации студентов в социально-педагогическом образовании ... 42 Жакиянова Ж.Г. Организация контроля и оценки высшего профессионального образования в Соединенных Штатах Америки ... 49 Жиентаева Б.Ж., Чабакова А.М. Развитие профессиональной направленности студентов на основе этнокультурных знаний ... 60 Жолдасбекова С.А., Мамедов Р.А. Моделирование процесса профессиональной адаптации будущих специалистов к условиям дуального образования ... 68 Кaйынбaeвa Ж.Б., Шуaкaeв М.K. О преемственности содержания в изучении математической статистики и теории вероятностей в школах и в педагогическом вузе .... 77 Левченко Т.А., Агеева Л.Е. Повышение квалификации педагогов предшкольной подготовки в РК в условиях перехода на обновленную программу образования ... 87 Нуркасымова С.Н., Мукашева А.К. Использование методов моделирования физических процессов в обучении ... 96 Онгарбаева Д.Т., Мадиева Г.Б., Отаралы С.Ж., Байзакова Н.О., Герасимчик К.К Соревновательная деятельность сборной Республики Казахстан по артистическому плаванию на международной спортивной арене ...
104
Орынбекова А.С., Менлибекова Г.Ж. Психологическая готовность – объект научного познания ... 111 Толеубекова Р.К. Направления нравственного воспитания подростков в условиях духовного возрождения ... 117 Шалгынбаева К.К., Кажгалиева А.М., Нуржанова А.С. Адаптация студентов к вузу как предмет научного исследования ... 122 Шалғынбаева К.К., Казиев К.О. Рефлексия как основной компонент профессионально- личностного формирования будущих педагогов-психологов ... 130
ПСИХОЛОГИЯ
Базарбаева К.К. Психологическая подготовка спортсменов к соревнованиям ... 140 Иманбекова Г.Б. Факторы развития культуры психологического здоровосбереженья ... 146 Стельмах С.А., Мацкевич И.К., Дергачева Е.В., Барабанова Е.И. Исследование особенностей общественного сознания (этнотенденции) ... 153
СОЦИОЛОГИЯ
Родионова К.Н. Потенциал использования больших данных в образовательном процессе 161
Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University.
Pedagogy. Psychology. Sociology Series, № 1 (126)/2019 ХҒТАР 14.35.07
Н.П. Албытова, А.Б. Жуасбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected], [email protected])
Әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа студенттің кәсіби дайындығын жетілдіру Аннотация. Берілген мақалада заманауи білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтардың функциялары мен жоғары мектепте әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа маман дайындауда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері, студенттердің әлеуметтік белсенділігін жетілдірудің негізгі жолдары қарастырылған.
Әлеуметтік педагогтің біліктілік сипаттамасына сай атқаратын қызметі талданады. Педагог мамандардың заманауи жаңашылдық пен қоғам талабына орай кәсіби құзіреттілігін арттыру мәселелері көтерілген. Студенттердің ерте бастан кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, мақсатты түрде оқу үрдісі және одан тыс уақытта аса қызығушылықпен өздерін дамытып отыруы маңызды.
Жобалау технологиясы студенттердің өздігімен ізденіп, мәселені анықтау, алдын-ала бол- жау, шешімін табу, нәтижесін шығару сынды қабілеттерін шыңдайды. Ерікті жұмысқа студенттерді баулу – мамандық аясында жастардың азамматтық ұстанымын қалыптастыру және әлеуметтік бел- сендігін арттыру болып табылады.
Түйін сөздер: әлеуметтік-педагогикалық жұмыс түрлері, маманның кәсіби даярлығы, жо- балау технологиясы, ерікті жұмыс, әлеуметтік белсенділік.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2019-126-1-19-26 Әлеуметтік сферадағы болашақ мамандардың тиімді дайындығы олардың кәсіби әрекетін қазіргі уақыттағы маңызын терең түсінуі (қабылдауы) арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі күнде еліміздегі, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер қоғам мен мемлекет дамуына орай әлеуметтік-педагогикалық сала мамандарына талапты жаңаша қоя бастағанын байқауға болады. Мемлекеттік жолдау, бағдарламаларда әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа, қоғамның әлеуметтік дамуына байланысты көптеген ұсыныстар айтылып, сол ұсыныстар аясында республика көлемінде ауқымды жобалар жұмыс істеуде.
Алайда, қазіргі қазақстандық қоғам әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа келді деп айта алмаймыз. Қазіргі қоғам осыдан он, жиырма, отыз, елу жыл бұрынғы қоғаммен әлеуметтік дамуы бойынша, қоғамдық сана, білім, таным, түсініктері бойынша салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшеліктері бар қоғамға айналды. Бұл оның (қоғамның) әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда жіктелуіне әкелді. Әлеуметтік топтар арасында әртүрлі әлеуметтік-мәдени белгілерге байланысты айырмашылықтарды байқауға болады.
Оның салдарынан әлеуметтік топтар ұлттық мәдениеттен алыстап, жеке субмәдениеттер пайда болды. Мемлекет көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 12 сәуір 2017 жылы шыққан
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ...Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына
айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» [1] деп тұжырым жасайды. Тамырынан айырылған діңгек бойына нәр жүргізетін сусыз қурап, дауыл, боранға шыдамай құлап қалатыны іспетті елдіктің де беріктігі ұлттық сананың жаңғыруында. Осыдан шығар бағытымыз жаһанданудың жаңалықтарын барынша ұтымды пайдалана отырып, ұлттық кодынан ажырамас сауатты маман, азаматтық ұстанымы айқын педагог тәрбиелеу болып табылады. 1922 жылы Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім» [2, 9 б.]
деген. Бір ғасыр болған осы сөз әлі күнге дейін көкейкесті болып қала бермек.
Жаңа әлеуметтік қоғам қазақстандық әдеттегі дәстүрлі менталитетті ығыстырып, тұлғаның құндылық-мәндік санасының бұзылуына, адамдық, құқықтық санасының дағдарысына әкелді. Әрине әлеуметтік, саяси, мәдени, білім беру, коммуникациялық өзгерістер жаңа қазақстандықтардың әлеуметтік өміріне түрлі бағытта өз әсерін тигізумен қатар, әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа тенденция, ерекшеліктер, сонымен қатар кәсіби әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың түрі мен формасына өзгертулер мен толықтырулар әкелді.
Білім алушының оқуы нәтижелі болуы үшін оны тұлғалық дамыту мен қалыптастыруда мынаны анықтап алу керек: нені оқыту керек, яғни, білім алушының нәтижеге жетуде меңгеретін білімінің көлемі. Бұл білім мазмұнын береді, ол – ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар жүйесі, сондай-ақ, білім алушының оқу барысында меңгерген дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеялары [3, 162 б.].
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық сипаттамасында әлеуметтік педагог: әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, отбасы, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеу- меттік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекенжайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Сондай-ақ маман компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие... болуы қажет деп көрсетілген [4].
Қазіргі әлеуметтік-педагогика және өзін-өзі тану мамандары өз кәсіби әрекетінде, бірінші кезекте, әлеуметтік қауіпсіздіктің негізгі критерийлерін сақтауға: әлеуметтік дүмпудің алдын алуға, әлеуметтік және тұлғалық құрылымның деградациясына жол бермеуге, қоғамдық мәдениет пен құндылық бағдарының адекватты жүйесін ұстануға;
екінші кезекте, жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарын меңгеруге; үшінші кезекте, Қазақстан Республикасының заңнама жүйесін Конституциядан бастап, еңбек, білім, әлеуметтік қорғау, отбасы және неке, т.б. заңдар мен жарғы, жолдауларды сауатты қолдануға бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пен өзін-өзі тану мамандарының кәсіби
Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University.
Pedagogy. Psychology. Sociology Series, № 1 (126)/2019 құзыреттілігін және педагог мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың тиімділігін арттыруға арналған біршама отандық, ресейлік және көптеген шетелдік ғалымдардың еңбектері бар. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлығының, әлеуметтік көмектің аспектілерін М.А. Галагузова, А.В. Мудрик, О.В. Белоусова, Ю.В.
Василькова, Н.Ф. Басов және т.б.; жоғарғы оқу орындарында студенттерді әлеуметтік ортаға дайындау, кәсіби даярлығын қалыптастыру, құзыреттілігін жетілдіру бағытында С.Н. Вольхина, С.И. Григорьева, И.А. Зимняя, Л.К. Иванова, И.Г. Кузина, В.И. Жуков, А.А. Козлов, Г.Д. Медведева, Т.А. Ромм, В.Н. Сидоров, Л.В. Топчий, Е.В. Филатова, М.В.
Фирсов, Е.И. Холостова және т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеген [5, 253 б.].
Ұстаз мен тәрбие, педагогтың біліктілігі, студентті маман ретінде жетілдіру сынды әртүрлі аспектілер ойшылдар мен отандық көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ғылым мен білімді жетілдіру, ондағы маманның алатын орны туралы идеялар әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Яссауи және көптеген шығыс ойшылдарының трактаттарынан бастау алып, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Б. Сырттанов, Б. Қаратаев, М. Сердалин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Ермеков және т.б. алаш зиялыларының еңбектерінде жалғасып жатыр. Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен әдістемесі, әлеуметтік педагогтың қызметі, студенттің кәсіби даярлығын шыңдау, ұлттық педагогика ерекшеліктері, тәрбие, ұлттық құндылықтар сынды бірқатар мәселелер С.Т. Қожахметов, Қ. Жарықбаев, Қ.Т. Әтемова, А.К. Игибаева, Б.Т. Абалакова, А.К. Козыбаева, А.А. Жумадуллаева, М.Т. Баймұқанова, С.Ғ. Тәжібаева, Р.К. Төлеубекова, Қ.Қ. Шалғынбаева, Г.Ж. Меңлібекова, П.Б. Сейтқазы және т.б. көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарында қарастырған.
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс – бұл әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік мәсе- лелерді шешуді қамтамасыз ететін білім берудің тәжірибелік әрекеті. Әлеуметтік-педаго- гикалық жұмыс жүйесі қоғам мен адамның әлеуметтік дамуына позитивті тұрғыда әсер етуге бағытталған. Жоғары мектепте әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдерін даярлау барысында студенттің тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі білім тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде, мақсатты түрде мамандыққа баулып тәрбиелейді. Қоғам сұранысын сараптай отырып, осы бағыттағы жоғары білімге қойылатын сұраныстарды шығаруға болады:
1. Шығармашылық міндеттерді шеше алатын, әр саланың дамуына үлес қосарлық білімді, фундаментальды және қолданбалы зерттеулер жүргізе алатын, жоғары санатты әлеуметтік педагогикалық бағыттағы кадрлар дайындау;
2. Ұлттық мәдениетті байытуға және сақтауға қабілеті бар, адамгершілікті және мәдениетті, жоғары білімді тұлғаны тәрбиелеу;
3. Дені сау және салауатты өмір салтын ұстайтын студенттерді дайындау.
Ал жұмыс беруші тарапынан ЖОО-ның түлегі ие болуға тиіс дағды машықтар:
1. Еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін жеткілікті тәжірибелік және теоретикалық білімі мен дағдысы бар әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлау;
2. Өзі атқаратын жұмысқа қажетті кәсіби сапалары дамыған, бастамашыл, сыни ойлайтын, ұйымдастыру қабілеті бар, ұжымда жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау;
3. Мықты денсаулығы бар және жоғары физикалық төзімді, еңбекке қабілеттілігі жоғары болу.
Мемлекеттің және жұмыс беруші ұйымдардың ЖОО-ның маман даярлау саясатына қояр өз шарттары бар. Жергілікті билік органдары елдің экономикасының көтерілуіне ат салысатын, әлеуметтік, мәдени тұрғыда халықтың сауаттылығын арттыруға маман ретінде өз үлесін тигізетін мамандар болуына мүдделі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
тапсырмасына сәйкес «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде биыл гранттар саны 20 мың орынға көбейтіліп, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жеткізілді [6]. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға 9499 грант бөлінген. Бұл дегеніміз педагогтардың санын арттыру арқылы сапаға іріктеу, яғни әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады
Жоғары оқу орны қоғамның дамуына негіз болып, жұмыс берушінің үдесінен шығатын, мемлекеттің дамуына үлесін қосатын жоғары білімді, сауатты, мәдениетті, өркениетті, саяси сауатты, ұлттық тамырымен ұштасып жатқан маман дайындап шыға- руға жан-жақты жұмыс істейді. Осы талаптарды қанағаттандыру үшін, университеттің ғылым мен білім үдерісін ұйымдастырушы жоғары санатты, талантты оқытушы мамандармен, қажетті әдебиеттермен, заманауи ақпараттық ресурстармен, заманауи материалдық-техникалық қормен қамтамасыз ететін әлеуеті болуы керек. Жоғары оқу орны студенттердің спорттық, мәдени, ғылыми-тәжірибелік әрекетке белсенді араласуына жағдай жасауы, студенттің кәсіби машығын шыңдау үшін жұмыс орындарымен байланыс орнатуы керек. Яғни, жоғары оқу орнына мемлекеттің, қоғамның және жұмыс берушінің қояр талаптары жоғары. Жоғары оқу орны, мемлекет, қоғам және жұмыс берушінің тең дәрежелі әрі ынтымақтастықта, үйлесімді қызметі кәсіби әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімдерінің дайындығын жан-жақты жүйелі жүргізуге септігін тигізеді.
Адам үшін кәсіби қызметтің мәні мен мазмұны көбінесе оның қоғамдық құндылығымен анықталады, қаншалықты қоғамға қажет және ол оған не береді. ...Оқы- тушының маңызды кәсіби функцияларының бірі – балалардың өмірін, денсаулығын және әлеуметтік жағдайын қорғау. Әлеуметтік педагогикалық қызмет – баланы әлеуметтендіруге және оны әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бұл әрі мектеп қабырғасында, әрі педагогтың ата-анамен бірлесе отырып, балалардың әлеуметтік тәрбиесімен айналысатын түрлі қоғамдық ұйымдармен жүргізілуі мүмкін. ...бала дамуына тек мектепте ғана емес, одан тыс жерлерде де максималды жағдай жасау – әлеуметтік педагогтың міндеті [7; 19 б.].
Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мамандық иелері төмендегі функцияларды атқарады:
оқыту;
тәрбиелеу;
әлеуметтік-педагогикалық;
мәдени-ағартушылық;
коррекциялық-дамытушы;
ғылыми-әдістемелік, т.б.
Болашақ мамандарды әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа дайындаудың педагогикалық және психологиялық негіздері көптеген ғалымдар зерттеулерінің нысаны болды (И.С. Кон, В.Т. Лисовский, А.В. Мудрик, Л.В. Мардахаев және т.б.).
Онда студенттердің мамандыққа құрметін, әлеуметтік белсенділігі мен кәсіби қызығушылықтарын арттыруды алғашқы курстардан бастау маңызды болып табылады деп көрсетіледі.
Әлеуметтік белсенділік – қажеттіліктер, мүдделерге, мақсаттар мен идеалдарға сәйкес әлеуметтік жағдайларды өзгертуге, әлеуметтік инновацияны насихаттауға және жүзеге асыруға, қажетті әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған әдістер жиынтығы [8, 14 б.].
Студенттің белсенділігі оның кәсіпке деген ішкі қызығушылығы, психологиялық, эмоциялық жай-күйі, ерік-жігері мен жауапкершілгі арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік- педагогикалық жұмысқа студенттің кәсіби дайындығын жетілдірудің бірден-бір жолы оларды шығармашылық әрекетке, жобалау әрекетіне тарту.
Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University.
Pedagogy. Psychology. Sociology Series, № 1 (126)/2019 Мәселен, мектептің оқу үрдісінде жобалау технологиясы әрбір пәннің аясында жүзеге асып жатады. Университет қабырғасындағы жобалаудың теориясы, технологиясы, әдістемесі күрделі болғандықтан, жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді орындау үшін, студенттерге І курстан бастап арнайы пән ретінде «Әлеуметтік-педагогикалық жобалау»
курсы енгізген жөн. Пән аясында жобалаудың түрлері, теориясы мен әдістемесі, тақырып таңдаудан бастап, күтілетін нәтижеге дейін жоспарлы түрде оқытылса. Және әлеуметтік- педагогикалық жобаның мазмұны мен мақсатын студенттер өздері анықтап, жобалаудың технологиясын сақтау оқытушының жетекшілігімен болғаны абзал. Жобалау әрекетіне дағдылану университет қабырғасында жастардың әлеуметтенуін, азаматтық ұстанымдары мен шығармашылық белсендігінің дамуын ынталандыруға әсерін тигізеді. Пән аясында алған білім, тәжірибе, дағдының нәтижесінде студенттер өз бетінше түрлі әлеуметтік, ғылыми жобаларды жүзеге асырып, әртүрлі деңгейдегі (университеттік, аймақтық, республикалық) байқауларға қатысады.
Сондай-ақ студенттер жобалау дағдыларын өндіріспен тығыз байланыста ұштасыру мақсатында әр түрлі қозғалыстар ұйымдастыру (волонтерлік) оң нәтиже көрсетеді. Бұл шетелдік, соңғы уақытта біздің елімізде өріс алып келе жатқан жатыр, десек те әлеуметтік педагогикалық қызметке қоғамдық сұраныстардың артуына орай кәсіби мамандарды осындай іс-шараларға қатыстыру мақсатты іске асқаны орынды.
Еріктілер жұмысы екі аспектте қарастырылады: әлеуметтік-педагогикалық аспект – әлеуметтік-педагогикалық білімдер жиынтығы, әлеуметтік-педагогикалық әрекет етудегі дағды мен тәжірибенің болуы; жеке тұлғалық аспект – қызығушылық, уәж, қажеттіліктерінен, эмоциональды-құндылық көңіл күйінен көрінетін позитивті қарым- қатынаста болуы. Студенттер әдетте ерікті жұмыстарға біртіндеп ендіріледі. Жоғары курс студенттері бастама көтеріп, ұйымдастырумен айналысса, төменгі курс студенттері қатысушы-орындаушы ретінде тартылады. Төмендегі 1-кестеде ерікті жұмыстың бағыттары және олардың қызметтері көрсетілген.
Ерікті жұмыстың
бағыттары Қызметтері
1. П с и х о л о г и я -
педагогикалық балалар мен жасөспірімдердің көңіл күйі мен мінез-құлқына әсер ету, т.б.
2.Әлеуметтік-тұрмы-
стық материалдық, моральдық, ұлттық, отбасылық, т.б.
қажеттіліктеріне әсер ету, т.б.
3.Мәдени-әлеуметтік бос уақытын ұйымдастыру, ішкі мәдениетіне әсер ету, т.б.
4. Еңбек еңбекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау жұмыстар, т.б.
5. Валеологиялық салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру, спортқа бау- лу, т.б.
6.Әлеуметтік-құқықтық адам құқығын қорғау, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, т.б.
7. Көшбасшылық белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру, бастамашылдықты дамыту, демократикалық өмір нормаларын нығайту және дамыту, т.б.
8.Патриоттық Отанға деген махаббат пен құрметке тәрбиелеу, ұлттық және өзге мәдениетті сыйлауға үйрету, т.б.
9. Ақпараттық жаңа технологияны енгізу, мамандар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, т.б.
1-кестеге сәйкес студенттер атқарылатын ерікті жұмыстың бағытын анықтап алып, соған орай әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің алгоритмін құрайды. Ерікті жұмы- сты ұйымдастыру арқылы студенттер болашақта өзін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, әр түрлі көлемдегі жұмыстарды ұйымдастыруға дағдыланады және өзінің жеке тұлғалық қасиеттері дамиды, қаржы көзін табуға бейімделеді. Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану мамандығының студенттерін ерікті жұмысқа үздіксіз тартып отыру олардың кәсіби машығы шыңдайды. Кейін мектепте өз әрекетін жауапкершілікпен орындайтын, оқушының әлеуметтенуін, әлеуметтік, тұрмыстық, тұлғалық мәселелерін кәсіби тұрғыда шешетін білікті маман болып шығуына мүмкіндік туады. Кәсіби волонтерлік қызмет – таңдалған мамандық бойынша тәжірибе жинақтауға бағытталған қызмет [9; 4б].
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығында білім алып жатқан студенттердің біз тәжірибеге алған топтары жобалау жұмыстарын еріктілер ретінде ұштастырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын өндірісте жалғастыруға мүмкіндік алды.
Мәселен, студенттер мен магистранттардың бастамасымен Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Зағипа Яхияқызы Балиеваның ұйымдастырумен балаларға психологиялық, моральдық, заңды тұрғыда ақпараттық кеңес беру, балалардың құқығын қорғау мақсатында құрылған «Бақытты бала» ұйымының мамандарымен кездесу өткізді. Бұл ұйымда «111 сенім телефоны» жұмыс істейтін болғандықтан кездесу барысында студенттер мектеп оқушыларына жүргізген анкета сұрақтарының қорытындысымен таныстырды. Себебі студенттер теориялық білімдері мен жобалау технологиясы негізінде анкета сұрақтарын құрастырып, сауалнама жүргізіп алынған нәтиже бойынша пайыз үлестерін анықтады. Зерттеу нәтижелері мынадай сипатта болды: «Қандай жағдайда сенім телефонына қоңырау шаласыз?» деген сұрақтың «Үлкендермен мен өзі құралпы балалардың қорқытып, қудалауынан соң» деген нұсқасына 52%, «Ата-анаға ренжіп, ары қарай не істеу керектігін білмеген жағдайда» деген нұсқасына 26%, «Сүйіспеншілік, достық, маххаббат сұрақтары бойынша» деген нұсқасына 12%, «Мұғалім ренжітсе» деген нұсқасына 10% жауап берген. «Егер сіздің досыңыз ауыр қиыншылыққа түсіп, жедел көмекке зәру болды, бірақ сізден ешкімге айтпа деп сөз алған жағдайда не істер едіңіз?»
деген сұрақтағы «Уәдені бұзып, ата-анасына, мұғалімдерге айтамын» деген нұсқаға 44%,
«Ештеңе істемеймін, уәдеге берік боламын» деген нұсқаға 21%, «Шұғыл сенім телефонына хабарласамын» 19%, «Басқа жолын қарастырамын» деген нұсқаға 16% жауап берген. Осы шараға 3-4 курс студенттері белсене қатысып, анкета алуға, қоғамдық орындарда сауалнама жүргізуге белсенді түрде қатысты. Осындай мазмұндағы күнделікті оқу үрдісінен өзгеше шаралар студенттердің кәсіби даярлығын арттыратынын түсіндік.
Сонымен, жобалау технологиясын меңгеру, оларды оқытушымен бірлескен қызметте тәжірибеде нақты атқарып машықтану және кез келген қызметті өндіріспен байланыстырып отыру студенттің әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа кәсіби даярлығын жетілдірудің тиімді жолдары демекпіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Электрондық ресурс] - 2017.
– URL.: http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket- basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy
2. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы.: Ана тілі, 1992. – 160 б.
3. Шалғынбаева Қ.Қ., Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. Педагогика: магистранттарға арналған оқулық. - Астана: Идеал, 2017. – 300б.
4. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University.
Pedagogy. Psychology. Sociology Series, № 1 (126)/2019 министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. - 2009. – URL.: http://www.
adilet.zan.kz
5. Жуасбаева А.Б. Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімдерін отбасымен жүргізілетін жұмысқа дайындаудың кейбір мәселелері// Музыкалық өнер:
ғылым және білім. Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына
арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары / Құрастырушылар: М.А. Останькович, Т.В. Харламова. – IV бас., – Астана, 2018. – 258 б.
6. Үсенова Н. 2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды [Электрондық ресурс] - 2018. - URL.: https://massaget.kz
7. Каримов А.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері. - А.:
Қазақ университеті, 2011. – 225 б.
8. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика: краткий словарь понятий и терминов. – М.:
Издательство РГСУ, 2016. – 364 б.
9. Албытова Н.П., Жолдасқалиева А.Ж. Студенттердің волонтерлік қызметін ұйымдастыру (оқу-әдістемелік нұсқаулық). – Астана, 2017.-83 б.
N.P. Albytova, A.B. Zhuasbayeva
L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan
Improving the vocational training of students for social and pedagogical work
Abstract. This article reviews the functions of social pedagogues in the modern education sys- tem, the issues of effective usage of innovative technologies in the training of specialists in social and ped- agogical work in higher education, and the main ways of increasing the social activity of students. Work of the social teacher according to qualification characteristics is analyzed. Teachers have to increase the professional competence according to modern innovations and requirements of society.
Students have to take the responsibility for the professional duties at early stages of process and with great interest to develop in the course of training.
The technology of design expands possibilities of pupils to independently investigate, reveal problems, to predict, make decisions and to yield results. Participation of students in volunteer work consists in forma- tion of a civic stand of young people and increase in their social activity in the field of a profession.
Key words: social and pedagogical work, professional training, design technology, volunteer work, social activity.
Н.П. Албытова, А.Б. Жуасбаева
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Совершенствование профессиональной подготовки студентов
к социально-педагогической работе
Аннотация. В данной статье рассматриваются функции социальных педагогов в совре- менной системе образования, вопросы эффективного использования инновационных технологий в высшей школе при подготовке специалистов к социально-педагогической работе и основные пути повышения социальной активности студентов. Работа социального педагога анализируется в соответствии с квалификационными характеристиками. Педагоги должны повышать свою профессиональную компетентность в соответствии с современными инновациями и потребностями общества.
Студенты еще на ранних этапах учебного процесса должны ответственно относиться