• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстанда киелі туризмнің даму болашағы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Қазақстанда киелі туризмнің даму болашағы"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

ҒТАХР 06.52.13 ӘOЖ 33. 339

Г.У. Макенова,1 докторант.

а.н. ДәУренбекова,2 э.ғ.д., профессор.

а. Уайсова,3 аға оқытушы.

с.Д. УсУбалиева,4 г.ғ.к., доцент.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.1

«Туран» университеті.2 Абылай-хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті.3

«Нархоз» университеті4 ҚазаҚстанДа киелі тУризМнің ДаМУ болашағы

аңдатпа

Мақалада Қазақстанның туристік саласы болашағы бағыттарының бірі ретінде киелі туризмді дамыту мүмкіндігі қарастырылады, оның мақсаты өңірлердің туристік тартымдылығын арттыру, сондай-ақ ішкі және шетелдік туристерді тарту болып табылады. Туризмнің киелі түрін дамыту үшін қажетті Қазақстанның он киелі тарихи-бірегей әлеуетті орны сипатталып, олардың маңыздылығына тоқталады. 2016–2019 (қаң- тар) жж. Қазақстанның киелі жерлері бойынша туристер ағынын талдау және қажылық, дін мақсатында ту- ристердің келуі қарастырылады. Авторлар құнды мәдениет объектілеріне, әртүрлі мәдениет және мәдени мұра ескерткіштеріне, діни кесенелерге, тарихи құндылығы бар және географиялық көрікті жерлерге бару туристердің киелі туризмді дамыту және мемлекеттің қасиетті жерлерін қолдауы үшін іс-шараларды анықтайды деген қорытындыға келеді. Осылайша, киелі туризмнің дамуы өңір халқының әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге алып келеді. Ол үшін қажетті бірқатар іс-әрекеттер, сондай-ақ туристік сала өкілдерінің халықпен өзара байланысы мен өзара іс-қимылы жүргізілуі тиістігі ұсынылады.

Тірек сөздер: киелі туризм, діни туризм, қажылық, туристік тартымдылық, туристік ресурстар, эко но- микалық даму, бюджетке түсетін түсімдер.

Киелі туризмнің дамуын зерттеу Қазақстан Республикасы экономикасының басым ба ғыт- тарының бірі болып табылады. Бүгінде бүкіл әлемде туризм сферасы үлкен қарқынмен дами бастады. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) 2018 ж. деректеріне сәйкес әлемдегі ту рис- тердің саны 1,4 млрд адамға өсті.

Туризм ұғымын көптеген отандық және шетелдік ғалымдар зерттеген, бірақ «туризм»

анық тамасының бірыңғай түсіндірмесі жоқ. «Туризм», «саяхат», «туристік индустрия» ұғым- дарын сипаттаймыз.

«Туристер» терминінің ресми халықаралық анықтамасын алғаш рет 1937 ж. Ұлттар лига- сы ұсынды. Бұл ұйымның анықтамасы бойынша «туристер» – бұл 24 сағат және одан да ұзақ уақыт бойы саяхаттайтын адамдар және ол жерлер тұрақты тұратын жерінен ерекшеленеді.

Туристер – демалыс мақсатында саяхаттайтын, өз туысқандары мен жақындарына баратын, денсаулықтарын сауықтыратын, бизнес мақсатында іскерлік кездесулер өткізетін адамдар. Бұл анықтаманың өз кемшіліктері бар – ол ішкі туристердің есепке алынбауы [1].

Кейінірек көптеген кездесулерде, мысалы, 1950 ж. Дублиннің ресми туристік ұйымдары- ның халықаралық Одағында, 1957 ж. Лондонда, 1963 ж. Римде халықаралық туризм және саяхат жөніндегі БҰҰ конференциясында, 1986 ж. Манилада туризм жөніндегі конференцияда,

(2)

Американдық зерттеуші – ғалым Д. Джафари келесі анықтама береді: «Турист – өз тұр- мысынан тыс жерлерді зерттейтін адам, адамның туристік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ететін сала бар, олар бірігіп мәдениет, экономика және табиғатқа әсер етеді» [2].

Бүгінгі таңда ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы жетекші сала туризм болып табыла- ды. Бұл сала елдің әл-ауқатына тиімді әсер етеді және мемлекет байлығын арттырады. Қазір туризм саласы басқа салалармен сенімді түрде бәсекелесуде. Сондай-ақ, туризмнің сипаты экономикалық байланыстардың нарықтық аспектілерін және қоғамның даму мақсаттарының әлеуметтік бағдарын табысты ұштастырады.

Туризм – ұлттық байлықтың өсуінің және тұтас алғанда ұлттың өмірін жақсартудың ма- ңызды факторы. Бұл жұмыс күшін тартудың маңызды саласы және жұмыспен қамтуды қам- тамасыз ету факторы. Бұл индустрия жұмысты табысты жолға қойған кезде, тек жекелеген өңірлерде ғана емес, елдің барлық аумағында, тиімділігі жоғары болуы мүмкін.

2020 ж. қарай болжанып отырған әлемдегі туристік ағындардың ұлғаюы туризмнің эконо- микалық дамуға қосқан үлесінің артуын көрсетеді. «Tourism: 2020 Vision» болжамын әзірле- ген Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша 2020 ж. қарай әлемдік туризмнің орташа жылдық өсу қарқыны 4% болғанда, халықаралық туристік сапарлардың саны 1,6 млрд құрайды [3].

Бұл болжамдар 2019 жылы ақталды, ал күтілетін болжамдар 2030 ж. қарай 1,8 млрд адам- ды құрайды [3].

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамының нәтижелері халықаралық азаматтық авиа- ция ұйымының (ICAO) 2005–2020 жж. арналған деректерімен расталады, яғни, жолаушылар тасымалының ұлғаюы және келетін туристердің өсуі болжанады.

Қазақстан ашық нарықтық экономикасы бар туризм мен саяхаттардың бәсекеге қабілетті лік рейтингісінде өз позициясын көтеруге ұмтылады, яғни 2017 ж. Қазақстан әлемнің 136 елінің 81-ші орнында болса, әлемнің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінде 2018 ж. 140 елдің 59-шы орнын иеленді.

Республика үшін де басқа елдер сияқты рухани құндылықтарды (дін, қажылық) дамыту маңызды бағыт болып табылады. Көптеген елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі киелі туризмді дамыту болып табылады.

2017 ж. 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жыл ға дейінгі тұжырымдамасында «100 киелі орын» және туризм түрлері белгіленген.

Тұжырымдамада туристік бағыттардың 12 түрі ұсынылған, олар: мәдени-ағартушылық және этнотуризм, киелі немесе рухани, әлеуметтік, жастар, медициналық, іскерлік туризм, жа- ғажай, агротуризм, аңшылық және балық аулау, кемпингтер, көлік, гастрономиялық туризм.

Нақты туризм стратегиясы ішкі туризмді, атап айтқанда аймақтық дамуды, жаңа жұмыс орындарын құруды, халық табысын арттыруды, туристік инфрақұрылымды арттыруды және т.б. мүмкіндік береді.

Туризм әлеуметтік-экономикалық факторлардың дамуына ықпал етеді. Мәдениет және спорт министрлігінің болжамы бойынша еліміздің туризм саласындағы ЖІӨ үлесі 2025 жылға дейін 1-ден 8%-ға дейін өсуі тиіс [4].

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 ж. дейінгі тұжырымда- масы негізінде «Киелі Қазақстан» Орталығы он тарихи-мәдени мұра орнын бөледі.

Орталықтың анықтамасы бойынша, киелі орындар – бұл еліміздің қасиетті жерлері, атап айтқанда: әртүрлі мәдени және мәдени мұра орындары, діни кесенелер, тарихи құндылықтары мен географиялық көрікті орындары.

Туристік ресурстарға деген сұраныс күн сайын артып келеді, ішкі және сырттан келуші туристер еліміздің ішінде жүріп, ерекше, киелі жерлермен танысады және рухани қанағат алады.

«Қасиетті Қазақстан» Орталығының мәліметтері бойынша төменде Қазақстанның киелі орындары көрсетілген.

(3)

Ұлытау, Әулиетану шыңы (Ақмешіт) Едіге шыңы

Алтын Шоқы

Теректі әулие петроглифтері Жубан ана кесенесі

Айша бибі кесенесі Бабаджи Хатун кесенесі

Домбауылға табынушылық ескерткіші Жошы-хан кесенесі

Алаша-хан кесенесі

Сурет 1 – Қазақстан Республикасының киелі орындары [5]

Әрі қарай, республикамыздың киелі жерлерін қысқаша сипаттаймыз.

1. Ұлытау, Әулиетау шыңы (Ақмешіт) – Ұлытау тауларының шыңы, қазақша «ұлы тау»

дегенді білдіреді. Бұл тауларда ежелгі көшпелілердің құпиялары бар, көшпелілердің киелі орындары жасырылған, олар – «құрметті таулар». Таулардың етегінде ежелгі бейіттер орна- ласқан. Ежелгі тарихты қызықтыратын туристер осы қасиетті орындарға қуана барады.

2. Едіге шыңы Ұлытау ауылының батысында орналасқан. Алтын Орданың атақты ханы Тоқтамыс осы таудың шыңына жерленген, сондай-ақ Едіге би де осында жерленген, сондықтан тау оның атымен аталған.

3. Алтын шоқы (Алтын шыңы) Қарағанды облысында Ұлытау тауларының жотасында орналасқан. Шыңның атауы Тамерлан атымен байланысты. Темірлан азаматтары науқан кезін- де шыңда үлкен ескерткіш тұрғызды. Бұл ескерткіш Темірланның Алтын Орданың ханына қарсы жорығын еске түсіреді.

4. Теректі Әулиенің петроглифтері. Теректі шатқалы Қарағандыға жақын жерде (қала- дан 445 км) және Жезқазғаннан 90 км жерде орналасқан. Теректің петроглифтері үңгірлердің суреттерімен әйгілі. Суреттердің ішінде жылқылардың, бұқалардың, ешкілердің, жыландар- дың, бұғылардың, сілеусіндердің және басқалардың бейнелері бар. Геометриялық фигуралар да бейнеленген, бұл жердің бірегейлігі, ерекше фигуралар бейнесімен суретшілер мен сәулет- шілерді қызықтырады.

5. Жұбан ана (әулие) кесенесі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан.

Ерекше сыртқы келбетімен ішкі және сыртқы туристерді тартады.

6. Айша бибі кесенесі Жамбыл облысында орналасқан және XII ғ. салынған. Кесенеде ою-өрнектің 60-тан астам түрі бар. Ғашықтар жұптары бұл ескерткішке тағзым етеді, кесене мыңдаған туристердің махаббат ескерткіші болып табылады. Бұл орын тек отандық емес, со- нымен қатар халықаралық туристерді де қызықтырады.

7. Бабаджа Хатун кесенесі X–XI ғғ. салынған. Кесененің пайда болуы аңыздармен байланысты. Айша бибі қайтыс болғаннан кейін Бабаджа Хатун оның күтушісі және қам қор- шысы болған, ал күтуші қайтыс болғаннан кейін ол кісі Айша Бибінің қасында жерленген.

Айша Бибінің адал күтушісіне Бабаджа Хатун үшін Айша Бибінің жанынан тағы бір кесене тұрғызылған. Бұл кесенелер – қажылыққа барған мыңдаған мұсылмандар үшін ерекше және қасиетті орын. Мұнда миллиондаған әйелдер келіп, отбасылық бақыт пен өркендеуді сұрайды.

8. Домбауылға табынушылық ескерткіш Орталық Қазақстанда Қарагенгір өзенінің сол жағалауында орналасқан, ол VIII–IX ғғ. исламға дейінгі кезеңде діни ғұрыптар үшін тұр- ғызылған.

9. Жошы хан кесенесі Қарағанды облысында Улыбаус ауданында орналасқан. Бұл моңғол кезеңіндегі ерекше кесенелердің бірі. Аңыз бойынша, 1227 ж. Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан-

(4)

10. Алаша хан кесенесі Қарағанды облысының Ұлытау аймағында, Малшыбайдың жа- нын да орналасқан. Кесене XI–XII ғасырларда Алаш ханның құрметіне салынған. IX–X ғғ. қа- зақтар өздерін Алаш халықтары деп атаған.

Қасиетті киелі жерлердің тартымдылығын арттыру үшін, туристер Қазақстан халқының түрлі мәдениеттерімен танысуы үшін Қазақстандағы аймақтық географиялық туристік марш- рут қажет. Бұл халықаралық және отандық туристер үшін де, рухани ақпарат алудың бір әдісі болуы мүмкін.

Мемлекеттің туристік ағымы туралы мәліметтер (шығу, кіру және ішкі) берілген, 2017 ж.

туристік қызмет көрсетілген келушілер саны бойынша:

Š шығу – 10 260,8 мың адам – резиденттер мен резидент еместердің кетуі;

Š кіру – 7 701,2 мың адам – резидент еместердің кіруі;

Š ішкі – 5 572,8 мың адам – елде тұрақты тұратындар.

Берілген деректерде туристердің келуі мен кетуі арасындағы теріс айырманы көрсетеді (шы ғу туризмі 25%-ға жоғары). Егер ішкі туризммен кіруді салыстырсақ, онда біріншісі 26,4%-ға жоғары. Яғни, туристерді біздің туристік ресурстарымыз, бірегей тарихи көрікті жер- лері міз тарта бастағандығын білдіреді.

2-суретте көрсетілген деректер, соңғы уақытта туристер мен саяхатшыларды рухани (діни) орындар қызықтыратындығын көрсетеді. Осыған байланысты «діни туризм» ұғымы зерттеледі.

Сурет 2 – Келушілердің (резидент еместер) 2016–2018 жж.

Қазақстанға саяхаттау мақсатымен кіруі

Келесі 3-суретте сапарлар мақсаттары бойынша ішкі келушілер (резиденттер) мәліметтері берілген.

Сурет 3 – Ішкі келушілерді (резиденттер) сапарлар мақсаттары бойынша бөлу

(5)

Төменде 2018–2019 жж. (қаңтар) бойынша қажылық пен дін мақсаттарымен келген туристер мен тұрғылықты елі бойынша талдау келтірілген.

4-суреттегі 2018-2019 жж. (қаңтар) мәліметтері бойынша, алыс шет елдерден келетін діни туристердің саны 19 және келуші туристер келесі елдерден: Қытай, Пәкістан, Түркия, БАӘ.

Сурет 4 – Қажылық және дін мақсаттарымен келген туристерді тұрғылықты елі бойынша бөлу, 2018–2019 жж. (қаңтар)

Жақын шетелдерден келген діни туристер саны 295 адамды құрайды, олардың ішінде саны жағынан көп келуші елдерге Қырғызстан және Өзбекстан жатады.

Осылайша, мәдени орындардың болуы шетелдік және отандық туристерді қажетті дең гей- де қызықтырмайды. Негізгі кемшіліктеріне – киелі, қасиетті нысандар туралы ақпарат ты лық- тың жоқтығы, мәдени іс-шараларды туристік ұйымдардың өткізбеуі, халық арасында экскур- сия лардың нашар өткізілуі. Аталған кемшіліктердің орын алуы жалпы туризм индустрия сының дамуына кедергі келтіреді және нәтижесінде бюджетке түсетін капитал мөлшері де төмендейді.

Бүгінгі таңда туристердің, атап айтқанда киелі туризмнің өсуін арттыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаң- ғырту» мақаласында үлкен жұмыстар басталып кетті, соның бірі – «Қазақстанның қасиетті геогра фиясы» жобасын жүзеге асыруда. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне бірегей мәдени ескерткіштер, кесенелер, петроглифтер, сондай-ақ табиғи мұра ескерткіштері енгізілді.

Жалпы, туризм шетел валютасының негізгі көзі және ел үшін экспортты әртараптандырудың негізгі құралы болып табылады, дамудың экономикалық факторы.

Әлемдік (ішкі және халықаралық) халықаралық туризмнен түсетін кірістер 2018 ж. нақты көріністе 4%-ға артып, 1 448 млрд долларға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 100 млрд долларға артық (6,5%). 2018 ж. өзгеріс халықаралық туристер санының 6%-ға өсуімен байланысты [4].

Біздің ойымызша, мемлекеттер тек табиғи ғана емес, сонымен қатар мәдени ресурстарды пайдалана отырып, әл-ауқатқа ұмтылуға тиіс деп есептейміз. Бүгінгі таңда «Түркістан өңірі»

халықаралық деңгейдегі мега жоба жұмысын бастап кетті. Түркістан (Яссы) рухани құн- дылықтардың орталығы болып табылады, «екінші Мекке», жобаның басталуы оңтүстік аймақ- тың инфрақұрылымы мәселелерін шешеді, бүкіл әлемнің халықаралық туристерін тартады [6].

Осылайша, туризм саласын дамыту экономиканың дамуына серпін береді.

Авторлардың ойынша, еліміздің аймақтарындағы киелі туризмді дамыту үшін келесі қа- дамдар қажеттігі туындайды:

1) өңірлердің маңыздылығын арттыру үшін ғылыми зерттеулер қажет;

(6)

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Holloway J.Ch. The Business of Tourism. London: MacDonald & Evans, 1985.

2 Jafari J. Editor’s Page // Annals of Tourism Research. Special Number. October/December, 1977. Р. 8.

3 Tourism: 2020 Vision. Р. 10: http:unwto.org/statistics/index.htm.

4 UNWTO. Tourism Highlights. 2018 Edition: /www.e-unwto.org/doi/book/10.18111/9789284419876.

5 10 сакральных мест Казахстана: https://www.zakon.kz/4922826-10-sakralnyh-mest-kazahstana.html.

6 Сабден О. Неоиндустриальная модель экономического развития и формирование перспективных инновационных кластеров. – Вена, Австрия, 2014. – С. 62.

аннотация

В статье рассматривается возможность развития в Казахстане сакрального туризма как одного из пер- спективных направлений туристской отрасли, целью которого является повышение туристской привлекатель- ности регионов, а также привлечение внутренних и иностранных туристов. Охарактеризованы десять сак- ральных исторически уникальных потенциальных мест Казахстана, необходимых для развития сакрального туризма, описывается их значимость. Проведен анализ потоков туристов по сакральным местам Казахстана и распределения въездных туристов с целью паломничества и религии и по странам проживания за 2016–2019 (январь) гг. Авторы приходят к выводу, что посещение ценных объектов культуры, различных памятников культуры и культурного наследия, религиозных мавзолеев, мест с историческими ценностями и географи- ческих достопримечательностей туристами определяет мероприятия для развития сакрального туризма и поддержки государством святых мест. Таким образом, развитие сакрального туризма ведет к увеличению благосостояния населения регионов, к решению социально-экономических вопросов. Для этого должен про- водиться ряд необходимых мероприятий, осуществляться взаимосвязь и взаимодействие представителей ту- ристской отрасли с населением.

Ключевые слова: сакральный туризм, религиозный туризм, паломничество, туристская привлекатель- ность, туристские ресурсы, развитие экономики, поступления в бюджет.

Abstract

This article discusses the possibility of development of sacred tourism in Kazakhstan as one of the promising areas of the tourism industry, the purpose of which is to increase the tourist attractiveness of the regions, as well as attracting domestic and foreign tourists. Ten sacred historically unique potential places of Kazakhstan, necessary for the development of the sacred type of tourism, were characterized, their significance were described. The analysis of the flow of tourists to the sacred places of Kazakhstan and the distribution of incoming tourists for the purpose of pilgrimage and religion and the countries of residence for 2016–2019 is considered. The authors of this article come to the conclusion that visiting valuable cultural objects, various monuments of culture and cultural heritage, religious mausoleums, places with historical values and geographical attractions by tourists determine the activities for the development of sacred tourism and state support for sacred places. Thus, the development of sacred tourism, which leads to an increase in the welfare of the population of the regions, to the solution of social and economic issues should be given a number of actions necessary in our opinion, as well as the relationship and interaction of representatives of the tourism industry with the population.

Key words: sacred tourism, religious tourism, pilgrimage, tourist attraction, tourist resources, economic development, budget revenues.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Кештің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, кітапхана жанашыры Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы және Облыстық тарихи - өлкетану

Мәдени тарихи типтер және олардың қозғалысы мен дамуының кейбір заңдары.. Славяндық

Коммуникативтік мәдениет кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың, дамытудың және іске асырудың маңызды шарты және барлық құзыреттілік

Алтын Орда дәуірінде көне Түркі және қыпшақ-оғыз дәуірінде қалыптасқан рухани мәдениет құлдырамай, бұрынғы мәдени дәстүр қайта түлеп, жаңаша даму жолына түсті,

1998 жылы 5 шілдеде Пекинде Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мен ҚХР Спорт және дене шынықтыру

Қазақстандық философиялық, мәдениеттанулық және діни зерттеулері үшін бүгінде заманауи постклассикалық емес нұсқауларға сай келетін, дәстүр мен

Мазмұны: саяси мәдениет (СМ) саяси жүйе элементі ретінде қарастырылады, саясат субъектісін сипаттап, оның саяси белсенділігі мен жетілуі, құнды

Ұлы Жібек жолының күре тамыры саналған бұл атырапта бір кездері қалалық мәдениет жақсы дамығанын осы өңірде тығыз орналасқан тарихи-мәдени