• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуындағы демографиялық үрдістердің рөлі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуындағы демографиялық үрдістердің рөлі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

ƏОЖ 314.174

Қ.Т. Нұралина1,*, Ш.У. Ниязбекова2

1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан;

2Витте Мəскеу университеті, Ресей

1[email protected], 2[email protected]

1https://orcid.org/0000–0002–4516–9200, 2https://orcid.org/0000-0002-3433-9841

2Scopus Author ID: 56530857900, Researcher ID: E-7112-2015

Аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуындағы демографиялық үрдістердің рөлі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)

Аңдатпа

Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы аймағындағы демографиялық жағдайдың ерекшеліктерін, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы демографияның рөлін анықтау.

Əдісі: Статистикалық-математикалық құралдарды қолдана отырып, аймақтың əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау кезінде жүйелік талдау мен синтездің жалпы ғылыми əдістері қолданылды.

Қорытынды: Мақалада Шығыс Қазақстан облысының жəне аймағының демографиялық жағдайын талдау нəтижелері келтірілген. Жүргізілген талдау Шығыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайының негізгі проблемаларын, оның ішінде халық санының соңғы 30 жыл ішінде азаюын анықтауға мүмкіндік берді.

Тұжырымдама: Шығыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайына əсер ететін негізгі факторлар зерттелді. Жүргізілген зерттеу нəтижесінде өңірдің демографиялық жағдайын жақсарту бойынша басым шаралар, оның ішінде зорлық-зомбылық жанжалдарын жою; техногендік апаттардың алдын алу; қаражатты денсаулық сақтауға, білім беруге, ғылымға, отбасын нығайтуға басым инвестициялау ұсынылды.

Кілт сөздер: əлеуметтік-экономикалық даму, демографиялық процестер, демографиялық көрсеткіштер, халық саны, туу, өлім, халықтың азаюы, көші-қон, демографиялық көрсеткіштердің динамикасы.

Кіріспе

Мақалада Егемендіктің 30 жылдық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) демографиялық жағдайына жан-жақты талдау жасалып, аймақтың тұтас дамуындағы демографиялық саясаттың рөлі анықталды. Жұмыс ШҚО бойынша деректер материалында орындалды. Мақалада мақсат, міндеттер қойылған, практикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы, зерттеу əдістері тұжырымдалған. ШҚО аймағындағы демографиялық жағдайға басты назар аударылған. Халықтың табиғи жəне көші-қон шығынын талдау нəтижесінде авторлар анықтаған депопуляция ШҚО əлеуметтік-экономикалық дамуына теріс əсер етеді деген қорытынды жасады. Алынған мəліметтер аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі мəселелерін шешуге үлес қосады.

Демографиялық процестер аймақтардың да, тұтастай алғанда мемлекеттің де əлеуметтік- экономикалық дамуына əсер етеді, оны көптеген зерттеушілер бірнеше рет атап өткен. Еңбек ресурстарының жай-күйі демографияның экономикаға əсерін көрсетеді. Халықтың көбеюі мен экономикалық процестердің оңтайлы үйлесуі мемлекеттің жəне кез келген аймақтың маңызды жəне басым міндеттерінің бірі болып табылады. Аймақтар əлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде бір- бірінен айтарлықтай ерекшеленеді, бұл, ең алдымен, географиялық орналасудағы айырмашылықтарға, өндіріс пен экономикалық қатынастардың сипаттамаларына, əлеуметтік- экономикалық құрылымға, зерттелетін аумақта тұратын халықтың мəдениеті мен дəстүрлеріне байланысты. Халықтың саны, туу, өлім-жітім, жас-жыныстық құрылымы жəне көші-қон сияқты базалық демографиялық параметрлер еңбек ресурстарының жай-күйіне, қалыптасуына жəне бөлінуіне əсер етеді. Осыған байланысты өңірдегі демографиялық ахуалдың өзара əсері мен өзара тəуелділігінің жəне оның əлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігінің тұрақты мониторингі өзекті болып отыр. Кез келген қоғамның негізі — оның құрылымы мен демографиялық көрсеткіштері болып табылады (В.А. Дорофеева, 2015).

* Хат-хабарларға арналған автор.

E-mail: [email protected]

Buketov

university

(2)

Əдебиеттік шолу

Қазақстандық демограф ғалымдар М.Б. Тəтімов, Ə.Б. Ғали, Е. Мұсабеков еңбектері қарастырылды.

Халық саны саласында болып жатқан процестерді түсіну үшін философтарды, экономистерді, географтарды, тарихшыларды зерттеу маңызды. Қазақстандық ғалымдар М.М. Тəжин, Н.А. Айтов, М.С. Əженов, Л.А. Байделдинов, К.У. Биекенов, К.Г. Габдуллина, Л.Я. Гуревич, М.С. Садырова, С.Т. Сейдуманов, Е.Қ. Ертісбаев, К.Е. Көшербаев еңбектері қоғамды трансформациялау жағдайындағы əлеуметтік-демографиялық жəне этникалық процестерді талдауға арналған.

Зерттелетін мəселеге қатысты М.Х. Асылбековтың (М.Х. Асылбеков, 1993) мақалалары ерекшеленді, онда индустрияландырудың əлеуметтік-экономикалық, демографиялық жəне саяси салдары, жұмысшы табының ұлттық кадрларын қалыптастыру ерекшеліктері талданады.

М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Казахи (Демографические тенденции 80-90-х годов)»

монографиясы (М.Х. Асылбеков, В.В. Козина, 1995) Қазақстанның байырғы халқының демографиялық дамуына арналған. Қазақстанның көпұлтты халқының дамуы аясында авторлар қазіргі кезеңдегі қазақ халқының демографиялық тенденцияларын талдайды: сан динамикасы, аймақтық орналасуы, сапалық құрамдағы өзгерістер, жыныстық-жас құрылымы, білім деңгейі, кəсіби доминанттар мен жұмыспен қамту, көші-қон процестері. Қамтылған тақырыптар көптеген демографиялық параметрлер шегінде қаралады.

Ал осы авторлардың «Демографические процессы современного Казахстана»,

«Демографическое развитие республики Казахстан в условиях суверенитета» атты монографиялары Қазақстанның демографиялық дамуына арналды. Авторлар 1979, 1989 жылдардағы Бүкілодақтық халық санағы материалдарының негізінде жазған. Олар облыстар шегінде республиканың демографиялық дамуын (халық санының серпінін, табиғи қозғалыс факторларын, сапалық құрамның өзгеру үрдістерін, көші-қон процестерінің себептерін жəне олардың демографиялық ахуалдың өзгеруіне əсерін) зерттеді.

М.Б. Тəтімовтің еңбектерінде халықтың көші-қоны жəне оның ұдайы өндіріс үдерістеріне əсері, ұлттық демографиялық саясатты қалыптастыру мəселелері, сондай-ақ Қазақстанның демографиялық дамуын болжау аспектілері көрініс тапты (М.Б. Татимов, 2010).

Республиканың демографиялық даму мəселелеріне арналған алғашқы жұмыс М.Х. Асылбеков пен А.Б. Галиевтің «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917–1980 гг.)» атты (М.Х. Асылбеков, А.Б. Галиев, 1991) монографиясы болды. Авторлар КСРО-дағы жаһандық əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өзгерістер аясында республиканың əлеуметтік-демографиялық дамуын тұтас жəне жан-жақты процесс ретінде қарастырады.

Н.В. Алексеенко жəне А.Н. Алексеенконың «Население Казахстана за 100 лет» (1897–1997 гг.) деп аталатын еңбегінде 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдардағы халық санағы негізінде Қазақстан халқы санының өзгеру үрдістері, этникалық құрылымының өзгеруі, əлеуметтік құрамы, көші-қон мəселелері зерттелген (Н.В. Алексеенко, А.Н. Алексеенко, 1999).

1990 жылдардың аяғы əлеуметтік-демографиялық процестерді аймақтық зерттеудің пайда болуымен ерекшеленді. Оларға М.Н. Сдыковтың «Народы Восточного Казахстана (1897–1989 жж.)»

(М.Н. Сдыков, 1995); А.Н. Алексеенконың «Население Западного Казахстана» (А.Н. Алексеенко, 1994); В.В. Козинаның «Население Центрального Казахстана (Методология. Историография.

Источники)» зерттеулерін жатқызуға болады (В.В. Козина, 2001).

Демографиялық процестерді өңірлік талдаудың əдіснамалық тəсілдері мен əдістері, сондай-ақ ғалымдар анықтаған бұрын белгісіз фактілер мен материалдар зерттеушілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының өңірлік ерекшеліктері мен проблемаларын одан əрі, неғұрлым терең зерделеу жөніндегі жұмысында үлкен демеу болды (Козина В.В., 2007).

Зерттеудің мақсаты: ШҚО аймағындағы демографиялық жағдайдың ерекшеліктерін анықтау, оның аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы демографияның ролі. Зерттеу барысында мына міндеттер айқындалды:

1. ШҚО-ның əлеуметтік-демографиялық жағдайға жалпы сипаттама беру.

2. Аймақтың əлеуметтік-демографиялық жағдайын талдау үшін негізгі көрсеткіштер жүйесін анықтау.

Зерттеу объектісі — аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын, яғни халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын анықтау. Зерттеу тақырыбы – демографиялық процестер, мысалы, халықтың көбеюі, ұрпақтардың ауысуы, халықтың өсу қарқыны, туу деңгейі, өлім-жітім, неке, көші-қон,

Buketov

university

(3)

Демографиялық жағдай — белгілі бір уақытта елде немесе белгілі бір аймақта халықтың құрамы мен орналасуы ретінде анықталады. Демографиялық жағдай бойынша біз белгілі бір аумақта жүретін демографиялық процестердің (туу, өлім, көші-қон, неке, ажырасу) жан-жақты сапалық-сандық сипаттамасын түсінеміз. Көрсеткіштер жүйесі демографиялық жағдай элементтерінің үш тобын сипаттайды: 1) халықтың санын статистикалық бағалау, жас-жыныстық құрылымы жəне оны ұдайы өндіру параметрлері; 2) халықтың саны мен құрылымын қалыптастыратын демографиялық процестер серпінін талдау; 3) үрдістерді болжау жəне олардың демографиялық салдарларын бағалау (Е.А. Морозова, А.Н. Челомбитко, Л.М. Андреева, 2012).

Демографиялық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері туудың төмендігі, отбасы институтының тұрақсыздығы, бақыланбайтын көші-қон, халықтың қартаюы болып табылады, олар мынадай көрсеткіштермен айқындалады: халықтың ұдайы өсуінің нетто-коэффициенті; өміршеңдік коэффициенті; туудың жиынтық коэффициенті; еңбекке қабілетті жастағы халықтың өлім-жітім коэффициенті, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен əйелдердің өлім-жітім коэффициенті; алдағы өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы; қалалық жəне ауылдық жерлер арасындағы көші-қон алмасуының сальдосы, оның ішінде жынысы, жасы, білім деңгейі бойынша; заңсыз көшіп- қонушылардың саны; неке жəне ажырасу коэффициенті .

Зерттеу материалдары мен əдістері

Зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік статистика қызметінің ресми сайтында орналастырылған Шығыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуы мен демографиялық жағдайы туралы статистикалық мəліметтер пайдаланылды. Статистикалық- математикалық құралдарды қолдана отырып, аймақтың əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау кезінде жүйелік талдау мен синтездің жалпы ғылыми əдістері қолданылды.

Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау

Шығыс Қазақстан облысындағы демографиялық жағдайды зерттейміз. Аумақ пен уақытша аспект аясында демографиялық процестердің келесі көрсеткіштерін қолдану орынды. Халық саны.

Шығыс Қазақстан облысының халқы 2021 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша 1361,7 мың адамды

— Қазақстан халқының 7,17% құрады (https://stat.gov.kz).

Шығыс Қазақстан облысының басты проблемаларының бірі — аймақтағы абсолютті халықтың азаюы.

1-сурет. Барлық ағындар бойынша көші-қон айырымы, адам.

Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Келтірілген мəліметтен көріп отырғанымыздай, ең көп көші қон 1993 жылдан басталып, 1994 жылы жоғары шегіне жеткен. 1999 жылдары көші-қон деңгейі біраз тұрақталған. Бірақ осы уақытқа дейін жалғасуда (https://www.stat.gov.kz/region/264990) (1-сур.).

Келесі деректерде табиғи өсім көрсеткіші 1995 жылдан бастап теріс көрсеткішке ауысып, тек 2004 жылы ғана оң көрсеткішке ауысқаны берілген. Содан бері біртіндеп өсіп келе жатқан көрсеткіште 2017–2018 жылдары табиғи өсім байқалғанымен, дүниежүзіндегі орын алған пандемияға байланысты, 2019–2020 жылдары ШҚО-да да төмендегенін байқауға болады (2-сур.).

Buketov

university

(4)

2-сурет. Халықтың табиғи өсімі, адам Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

ШҚО-да 1995 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі уақыт аралығында туу коэффициенті төмендеген. Бұл көрсеткішке сол уақыттардағы некелесу коэффициенттерінің төмендеуі əсер еткен.

2004 жылдан бастап жоғарылағанымен, 1991 жылғы деңгейге əлі біраз жеткен жоқ. Өлім коэффициенті 1993 жылдан бастап көтеріліп, 2008 жылдары төмендегенмен, COVID-19 байланысты 2019–2020 жылдары көтерілгендігін байқауға болады (3-сур.).

3-сурет.Туудың жəне өлімнің жалпы коэффициенті (1000 адамға) Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

1998 жылдан бастап, 2006 жылға дейінгі уақыт аралығында аналар өлімі біршама азайғанын байқауға болады. 2007 жылғы дүниежүзілік қаржылық дағдарыс кезеңінде өсіп, одан кейін 2018 жылға дейін азайғанын байқасақ, дүниежүзіндегі орын алған COVID-19 пандемияға байланысты, 2019–2020 жылдары жоғарылағанын байқаймыз. Нəрестелер өлімінің азайғанын көруге болады (4-сур.).

4-сурет. Нəресте жəне аналар өлімі коэффициенті (1000 туғандарға) Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Buketov

university

(5)

Халықтың өмір сүру ұзақтығына тоқталатын болсақ, төмендегі 5-суреттен байқауға болады.

2013 жылдан бастап, өмір сүру ұзақтығының өскенін байқауға болады. 30 жыл ішінде жалпы өмір сүру ұзақтығы ерлер мен əйел адамдар үшін 3-4 жасқа ұзарған.

5-сурет. Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

ШҚО-да 1999 жылға дейін некелесу коэффициенті төмендесе, 2013 жылға дейін жоғарылаған, 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін төмендеген. Ажырасу коэффициенті 2009–2019 жылдары аралығында көбейгенін аңғаруға болады (6-сур.).

6-сурет. Некелесудің жəне ажырасудың жалпы коэффициентері Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Дүние жүзіндегі орын алған COVID-19 пандемияға байланысты 2019 жылы ауруханалар төсегінің санын күрт көбейгенін байқауға болады (7-сур.).

7-сурет. Ауруханалық ұйымдар мен төсектер саны Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Buketov

university

(6)

Мəліметтерді сараласақ, соңғы 30 жыл ішінде балалар мен мен жасөспірімдер санының азаюы, халық санының азаюына алып келген. Əсіресе мектеп оқушыларының азайғанын көреміз. Мектепке дейінгі балалар саны 1996 жылы күрт төмендеп, 2006 жылға дейін демографиялық дағдарыс орын алған (8-сур.).

8-сурет. Балалар мен жасөспірімдер саны Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Деректерді зерделесек, Егемендіктің 30 жылдық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының халық санының азайғанын байқауға болады. Осы жылдар аралығында халық саны бастапқы кезеңдегі халық санына жете алмағанын көруге болады. Халық санына əсер ететін көрсеткіштер көші-қон, халықтың табиғи өсімі жəне өлім екені белгілі. Оның негізгі себебі көші-қонмен байланысты (9-сур.).

9-сурет. ШҚО халық санының динамикасы, мың адам Ескерту. Ақпарат көзі: https://www.stat.gov.kz/region/.

Қорытынды

Шығыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуы демографиялық саясатқа тікелей байланысты екенін атап өткен жөн, бұл мемлекеттік жəне муниципалды институттардың, бүкіл халықты, сондай-ақ оның жыныстық жəне аумақтық топтарын басқарудағы қоғамдық ұйымдардың мақсатты қызметі. Демографиялық саясат ресурстарды басқару мен талдауды ғана емес, сонымен бірге демографиялық процестерді болжауды да қамтиды.

Облыстың адами ресурстарының азаюы жəне жаңа ұрпақтар сипаттамаларының сапалық нашарлауы; шығындар оң əсерден асатын саясаттың дəстүрлі ресурстарды қажет ететін шараларынан бастартуды талап етеді. Билік ресурстарды үнемдеуге — халықтың шығынын азайтуға көшуі керек.

Жаңа бағыттың шаралары: зорлық-зомбылық жанжалдарын жою; техногендік апаттардың алдын алу;

қаражатты денсаулық сақтауға, білім беруге, ғылымға, отбасын нығайтуға басым инвестициялау.

Buketov

university

(7)

Демографиялық саясаттың экономикалық жəне əлеуметтік шараларын БАҚ жүйесі арқылы коммуникативтік əсерлермен толықтыру қажет.

Локдаундар кезеңіндегі құлдыраудан кейін Қазақстанда эмиграция қайта қарқын алуда:

кеткендер саны үштен бірге өсті. Өңірлер арасында қазақстандықтардың көпшілігі, оның ішінде Қарағанды облысынан 2,1 мың адам кетті. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан жəне Павлодар облыстары да бар (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsyi-stali-chasche-uezjat-iz-stranyi- 446709).

ҚР демографтары азаматтардың елден тыс жерлерге қоныс аударуының негізгі себебі неғұрлым дамыған елдердің жоғары білікті кадрларға қажеттілігі жəне олардың өз қызметкерлеріне неғұрлым жоғары жалақы төлеу мүмкіндігі болып табылады деп пайымдайды. Басқаша айтқанда, азаматтарды ұстап қалу үшін елдегі жалақы деңгейін арттыру қажет.

Демографиялық саясаттың негізгі бағыттары: халықтың табиғи өсімінің пропорцияларын оңтайландыру (туу мен өлім теңгерімі); еңбек ресурстарының құрамына жəне олардың кəсіби біліктілігіне ықпалы; отбасын, ана мен баланы қолдау; салауатты өмір салтын қолдау; көші-қон ағынын оңтайландыру (халықтың механикалық өсімі).

Əдебиеттер

Алексеенко Н.В. Население Казахстана за 100 лет (1897–1997 гг.) / Н.В. Алексеенко, А.Н. Алексеенко. — Усть- Каменогорск: Полиграфия, 1999. — 156 с.

Алексеенко А.Н. Народы Восточного Казахстана / А.Н. Алексеенко. — Усть-Каменогорск, 1994. — 52 с.

Асылбеков М.Х. Индустриализация Казахстана и ее социально-экономические последствия / М.Х. Асылбеков //

Мысль. — 1993. — № 4. — С. 85–90.

Асылбеков М.Х. Демографические процессы современного Казахстана / М.Х. Асылбеков, В.В. Козина;

[отв. ред. Ф.Н. Базанова]; НАН РК; Ин-т истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. — Алматы: Атамұра, 1995. — 128 с.

Асылбеков М.Х. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917–1980 гг.) / М.Х. Асылбеков, А.Б. Галиев. — Алма-Ата: Гылым, 1991. — 191 с.

Дорофеева В.А. Роль демографических процессов в социально-экономическом развитии региона (на примере Алтайского края) // Экономика и предпринимательство. — 2015. — № 7. — С. 395–399. ISSN: 1999–2300.

Козина В.В. Население Центрального Казахстана (Методология. Историография. Источники) / В.В. Козина. — Алматы: Өркениет, 2001.

Козина В.В. Демографическая история Казахстана: учеб. пос. / В.В. Козина. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2007.

— 145 с.

Морозова Е.А. Демографическая ситуация и ее влияние на социально-экономическое развитие региона / Е.А. Морозова, А.Н. Челомбитко, Л.М. Андреева // Вестн. Кемеров. гос. ун-та. — 2012. — № 2. — С. 213–

219. ISSN: 2078–8975

Национальное статистическое бюро Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. — https://www.stat.gov.kz/region/264990

Официальный сайт Комитета по статистике Министерства национальной экономики РК. — https://stat.gov.kz Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана (1897–1989 гг.) / М.Н. Сдыков. — Алматы: Ғылым, 1995. —

220 с.

Татимов М.Б. Глобализация демографии / М.Б. Татимов. — Алматы, 2010. — 264 с.

Татимов М.Б. Формирование самостоятельной демографической политики РК / М.Б. Татимов, М.А. Акшалов.

— Алматы, 1997. —113 с.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsyi-stali-chasche-uezjat-iz-stranyi-446709/

К.Т. Нуралина

Роль демографических процессов в социально-экономическом развитии региона (на примере Восточно-Казахстанской области)

Аннотация

Цель: Выявить особенности демографической ситуации в регионе ВКО, ее роль в демографии в социально-экономическом развитии региона.

Методы: При анализе показателей социально-экономического развития региона с использованием статистико-математических средств использовались общенаучные методы системного анализа и синтеза.

Результаты: В статье представлены результаты анализа демографической ситуации Восточно- Казахстанской области и региона. Проведенный анализ позволил выявить основные проблемы

Buketov

university

(8)

демографической ситуации в Восточно-Казахстанской области, в том числе снижение численности населения за последние 30 лет.

Выводы: Изучены основные факторы, влияющие на демографическую ситуацию в Восточно- Казахстанской области. В результате проведенного исследования были предложены приоритетные меры по улучшению демографической ситуации региона, в том числе преодоление насильственных конфликтов; предупреждение техногенных катастроф; приоритетное инвестирование средств в здравоохранение, образование, науку, укрепление семьи.

Ключевые слова: социально-экономическое развитие, демографические процессы, демографические показатели, численность населения, рождаемость, смертность, убыль населения, миграция, динамика демографических показателей.

K.T. Nuralina

The role of demographic processes in the socio-economic development of the region (on the example of East Kazakhstan region)

Annotation

Objective: to identify the features of the demographic situation in the East Kazakhstan region, its role in demography in the socio-economic development of the region.

Method: when analyzing the indicators of socio-economic development of the region using statistical and mathematical tools, general scientific methods of system analysis and synthesis were used.

Findings: the article presents the results of the analysis of the demographic situation of the East Kazakhstan region. The analysis made it possible to identify the main problems of the demographic situation in the East Kazakhstan region, including the decline in the population over the past 30 years.

Conclusions: the main factors affecting the demographic situation in the East Kazakhstan region are studied. As a result of the conducted research, priority measures were proposed to improve the demographic situation of the region, including overcoming violent conflicts; preventing man-made disasters; priority investment in healthcare, education, science, and strengthening the family.

Keywords: socio-economic development, demographic processes, demographic indicators, population size, birth rate, mortality, population decline, migration, dynamics of demographic indicators.

References

Alekseenko, N.V., & Alekseenko, A.N. (1999). Naselenie Kazakhstana za 100 let (1897–1997 gg.) [Population of Kazakhstan for 100 years (1897–1997)]. Ust-Kamenogorsk: Poligrafiia, 156 [in Russian].

Alekseenko, A. N. (1994). Narody Vostochnogo Kazakhstana [Peoples of East Kazakhstan]. Ust-Kamenogorsk, 52 [in Russian].

Asylbekov, M.H. (1993). Industrializatsiia Kazakhstana i ee sotsialno-ekonomicheskie posledstviia [Industrialization of Kazakhstan and its socio-economic consequences]. Mysl, 4, 85–90 [in Russian].

Asylbekov, M.H., & Kozina, V.V. (1995). Demograficheskie protsessy sovremennogo Kazakhstana [F.N. Bazanova Ed.] [Demographic processes of modern Kazakhstan]. Natsionalnaia akademiia nauk RK, Institut istorii i etnologii imeni Ch.Ch. Valikhanova. Almaty: Atamura, 128 [in Russian].

Asylbekov, M.H., & Galiev, A.B. (1991). Sotcialno-demograficheskie protsessy v Kazakhstane (1917–1980 gg.) [Socio-demographic processes in Kazakhstan (1917–1980)]. Alma-Ata: Gylym, 191 [in Russian].

Dorofeeva, V.A. (2015). Rol demograficheskikh protsessov v sotsialno-ekonomicheskom razvitii regiona (na primere Altaiskogo kraia) [The role of demographic processes in the socio-economic development of the region (on the ex- ample of the Altai Territory)]. Nauchnyi zhurnal: Ekonomika i predprinimatelstvo, 7, 395–399. ISSN: 1999–2300 [in Russian].

Kozina, V.V. (2001). Naselenie Tsentralnogo Kazakhstana (Metodologiia. Istoriografiia. Istochniki) [The population of Central Kazakhstan (Methodology. Historiography. Sources)]. Almaty: Orkeniet [in Russian].

Kozina, V.V. (2007). Demograficheskaia istoriia Kazakhstana: Uchebnoe posobie [Demographic history of Kazakhstan:

study village]. Karaganda: Izdatelstvo Karagandinskogo universiteta, 145 [in Russian].

Morozova, E.A., Chelombitko, A.N., & Andreeva, L.M. (2012). Demograficheskaia situatsiia i ee vliianie na sotsialno- ekonomicheskoe razvitie regiona [Demographic situation and its impact on the socio-economic development of the region] // Vestnik Kemerovskogo gosudarstvennogo universiteta, 2, 213–219. ISSN: 2078–8975 [in Russian].

Natsionalnoe statisticheskoe biuro Agentstva po strategicheskomu planirovaniiu i reformam Respubliki Kazakhstan. — https://www.stat.gov.kz/region/264990 [in Russian].

Ofitsialnyi sait Komiteta po statistike Ministerstva natsionalnoi ekonomiki RK. — https://stat.gov.kz [in Russian].

Buketov

university

(9)

Sdykov, M.N. (1995). Naselenie Zapadnogo Kazakhstana (1897–1989 gg.) [Population of Western Kazakhstan (1897–

1989)]. Almaty: Gylym, 220 [in Russian].

Tatimov, M.B. (2010). Globalizatsiia demografii [Globalization of demography]. Almaty, 264 [in Russian].

Tatimov, M.B., & Akshalov, M.A. (1997). Formirovanie samostoiatelnoi demograficheskoi politiki RK [Formation of an independent demographic policy of the Republic of Kazakhstan]. Almaty, 113 [in Russian].

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsyi-stali-chasche-uezjat-iz-stranyi-446709/

Buketov

university

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Шығыс Қазақстан облысы халқының жан басына шаққандағы ақшалай шығындары 2018 жылы республика бойынша көрсеткіштен 14113 теңгеге жоғары болды,

Демографиялық жағдайлардың негізгі көрсеткіштері болып туу мен өлім табылса, аталған аумақтағы жүрек-қан тамырлары дерттерінен қайтыс болу деңгейі

Нәтижелер және оларды талдау Сонымен, 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы Қазақстанда көпұлттылықтың өсе түсуін, республика тұрғындарының құра-

Осы кезенде ол кісінің басқаруымен Қазақстанда көптеген өнеркəсіп орталықтары іске қосылып, олар майданға ерекше көмек көрсетті, əсіресе бұл

Адам денсаулығына улы химикаттардың кері əсер етуінің ең аса қауіпті факторлардың бірі — ол бүрку кезінде адамдардың улануы,

Мақалада Қарағанды қаласы жəне облысы халқының демографиялық жағдайына экологиялық факторлардың əсері қарастырылған.. Сондай-ақ экологиялық

Мүдделі тараптарды ішкі (яғни ұлттық, қоғамдық, экономикалық және демографиялық) және сыртқы (яғни жекелеген елдер, ұлттықтан жоғары

Ауылдық жер зерттеу объектісі ретінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени, демографиялық, экологиялық және басқа да индикаторларды қамтитын аумақтық аспект