Бейсенов Б.Қ.1, Юлдашев Т.У.2, Мұқан Н.3
1философия ғылымдарының докторы, доцент, e-mail: [email protected]
2исламтану мамандығы 2 курс PhD докторанты, е-mail: [email protected]
2аға оқытушы, e-mail: [email protected]
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
ӘЛ-МӘТУРИДИ МЕН ӘЛ-АШҒАРИ СЕНІМДЕРІНДЕГІ БАҚЫТ ЖӘНЕ БАҚЫТСЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ
Мақалада ислам ілімі мен мәдениетіндегі әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари сенім жүйесіндегі бақыт және бақытсыздық ұғымдары исламтанулық зерттеу тұрғысынан қарастырылады.
Авторлар адам бақыты мен бақытсыздығы жайлы әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари көзқарастарының ерекшеліктерін пайымдайды. Ислам дінінде бақыт ұғымы кеңінен және жан-жақты түсіндірілген.
Ислам ілімінде бақыт кімге берілсе ол адамға барлық жақсылық берілген болып есептеледі.
Бақыт кімге берілмесе ол адамға ешбір жақсылық берілмеген болып табылады. Дүниенің материалдық байлықтары адамның өмір сүруін жеңілдетуі мүмкін, бірақ адамды толық бақытты ете алмайды. Бақыт – бұл Жаратушы тарапынан берілетін сый. Әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари сенім бағыттары арасындағы бақыт пен бақытсыздық ұғымының айырмашылығы көрінісінің бірі мәтуридилер адамның өмір сүріп тұрған сәтімен өлшесе, ашғарилер адамның соңғы уақыттағы іс-амалдарымен бағалайды. Әл-Мәтуриди адамның өмір сүріп тұрған қоршаған орта оның иманды немесе имансыз болуына әсер ететінін айтады. Қоршаған орта діндар болса, онда сол адам да иманға бейім болады. Егер қоршаған орта діннен алыс болса, онда тәрбиеленіп жатқан адам да діннен алыс болады. Демек, әл-Мәтуридидің ұстанымы бойынша пенденің ақыреттегі бақытты немесе бақытсыз болуы оның өскен ортасына байланысты қарастырылады. Бақытты адам қоршаған орта әсері нәтижесінде бақытынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ, бақытсыз адам да қоршаған орта ықпал-әсері нәтижесінде бақытты болуы мүмкін. Әл-Ашғари сенім бағыты бойынша адамның бұрынғы жағдайы оның бақытты немесе бақытсыз екенін көрсетпейді, пенденің соңғы амалдары оның бақытты немесе бақытсыз екеніне дәлел болады деп көрсетіледі.
Егер пенденің соңғы істері имандылықпен аяқталса, демек, оның бұрынғы істері де имандылықта болған деп, пенденің бақытты болуы оның соңғы сәтімен байланыстырады. Егер пенденің соңғы істері дінсіздікпен аяқталған болса, оның өмірі құлшылықтар мен ізгіліктерге толы болса да, оның өмірі имансыздықта өткендігі соңғы сәтпен байланыстырады.
Түйін сөздер: Мәтуриди, әл-Ашғари, ақида, дін, ислам, бақыт, бақытсыздық, иман.
Beisenov B.K.1, Yuldashev T.U.2, Mukan N.3
1Doctor of Philsophy sciences, Associated Professor, е-mail: [email protected]
2PhD student, Islamic Studies, е-mail: [email protected]
2Senior Lecturer, е-mail: [email protected] Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty The happiness and unhappiness concepts in the al-Maturidi
and al-Ash’ari beliefs
The article discusses the concepts of happiness and unhappiness in the religious system of al-Ma- turidi and al-Ash’ari within Islamic research. The authors resonate particularly of al-Maturidi and al- Ash’ari religious beliefs on the happiness and unhappiness of human. In Islam the concept of happiness was studied comprehensively and universally. Happy is a person, gifted with all the benefits in Islamic teachings. Accordingly, the unfortunate man is viewed not received any good. Material goods the world can contribute to a successful life, but can’t guarantee happiness. Happiness is a gift of the Creator. The
difference between the concepts of happiness and unhappiness of al-Maturidi and al-Ash’ari beliefs is as follows: if Maturis measure happiness with the current life of a person, Ash’aris appreciate the recent actions of human life. The teaching of al-Maturidi holds that the environment of a person affects his/her faith. If people are pious, that will strengthen his/her faith. Therefore if a person will be surrounded by unbelieving people, he will also be godless. Thus, according to worldview of al-Maturidi a happiness and misery of man in the afterlife is determined by his/her environment in life. Happy people may lose their benefits at the expense of the environment. Also, an unhappy person can become happy as a result of environmental influences. According to the teaching of al-Ash’ari a person’s position in life does not show his/her happiness and misery, this is determined by his/her past deeds in life. If the last human ac- tions were good, his/her previous acts will be considered righteous, i.e., his/her happiness is associated with the latest acts in life. Despite the fact that life was full of blessings, happiness will be determined by his/her most recent actions during life.
Key words: Матуриди, аль-Ашари, акида, религия, ислам, счастье, несчастье, вера.
Бейсенов Б.К.1, Юлдашев Т.У.2, Мукан Н.3
1доктор философских наук, доцент, е-mail: [email protected]
22 курс PhD докторант, е-mail: [email protected]
2старший преподаватель, е-mail: [email protected]
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, Концепции счастья и несчастья
в воззрениях аль-Матуриди и аль-Ашари
В статье рассматриваются понятия счастья и несчастья в религиозной системе аль-Матуриди и аль-Ашари с позиции исламоведческих исследований. Авторы резонируют особенности религиозных воззрений аль-Матуриди и аль-Ашари о счастье и несчастье человека. В исламской религии концепция о счастье рассуждена всесторонне и повсеместно. Счастливым считается человек, одаренный всеми благами в исламском учении. Соответственно несчастным рассматривается человек, не получивший никакого добра. Материальные блага мира могут способствовать успешной жизни человека, но не могут гарантировать счастье. Счастье – это дар Творца. Различие концепций счастья и несчастья между учениями аль-Матуриди и аль- Ашари состоит в следующем: если матуридиты измеряют счастье с текущей жизнью человека, то ашариты оценивают с последними действиями человека в жизни. Учение аль-Матуриди считает что окружающая среда человека влияет на его веру. Если окружающие люди являются благочестивыми, то будут укреплять его веру. Следовательно, если человек будет окружен неверующими людьми, он также будет безбожным. Таким образом, по мировоззрению аль- Матуриди, счастье и несчатье человека в загробном мире определяются его окружающей средой в жизни. Счастливый человек может лишиться своего блага за счет окружения. Также, несчастный человек может стать счастливым в результате влияния окружающей среды. По учению аль- Ашари, положение человека в жизни не проявляет его счастье и несчастье, это определяется его последними деяниями в жизни. Если последние поступки человека были благими, то и его предыдущие деяния будут рассматриваться праведными, то есть его счастье связывается с последними деяниями при жизни. Несмотря на то, что жизнь была полна благодеяниями, счастье будет определяться с последними действиями человека при жизни.
Ключевые слова: Матуриди, аль-Ашари, акида, религия, ислам, счастье, несчастье, вера.
Кіріспе
Бақыт ұғымы – əрқашанда адамзатты толғандыратын мəңгілік мəселе. Адамзат та- рихына көз салсақ, бақыт ұғымы шығыс жəне батыс ойшылдарының шығармашылық ізденістерінің негізгі өзегіне айналған. Филосо- фия адамды бұл дүниеде бақытқа жету жолын қарастырса, дін адамды екі дүниеде бақытқа жету шарттарын ұсынады. Бақыт ұғымы мораль философиясы мен діни этиканың зерттеу ая- сында қарастырылады. Сондықтан философия мен дін үшін адамды бақытқа жеткізу – бірінші
жəне негізгі мақсат. Уақыт пен кеңістік аясында адамның бақыт ұғымы жайлы түсінігі мен пай- ымы əлеуметтік, материалдық, психологиялық, философиялық, діни экзистенциалдық, соте- риологиялық тіршілік жағдайымен байланы- сты қарастырылады. Ибраһимдік діндер бой- ынша адамның екі дүниеде бақытқа жетуінің кілті монотеизмге негізделген діни дүниетаным шегіндегі тақуалық пен көркем мінезділікпен байланыстырса, ұлттық дəстүрлі діндер ұлттық дүниетаным мен өмір салтпен, моральдық құндылықтар жүйесінде айшықталған. Аспан асты жəне жер үсті əлемінде адам жəне
қауымның барлық əрекеттері мен ынта-жігері бақыт ұғымына жету үшін болмақ. Адамзатқа жəне нақты қауымға бақытсыздықтан құтылу жолын көрсету жəне пендені екі дүниеде өзін бақытты сезінуге үйрету – пайғамбарларға Жа- ратушы тарапынан берілген міндет. Пенденің Жаратушы заңы мен бұйрығына сай өмір сүруі бақытқа жақындаудың жолы болып табыла- ды. Философия адамзат дəуірінің квинтэссен- циясы ретінде бақыт түсінігін метафизикалық мағынада, шынайы өмірге мəн мен сəн беруші тұғыр ретінде қарастырады. Ғасырлар бойы Homo sapiens əрдайым бақытқа жету жолдарын іздеуде. 2017 жылы халықаралық Bloomberg агенттігінің жүргізген зерттеуі бойынша əлемнің 13 елінің тұрғындары өздерін бақытсыз санаған, ал 12 ел тұрғындары өздерін бақытты ел қатарына қосқан. Бұл зерттеуде экономикалық көрсеткіштер назарға алынған. 2017 жылы БҰҰ аясында тұрақты даму шешімдер жүйесі бағдарламасында Жер институты жүргізген зерттеуде əлемнің 155 елінің бақыттылық рейтингісін жасаған. Рейтингті құрастырғанда ІЖӨ (ішкі жалпы өнім), өмір сүру ұзақтығы, ертеңгі күнге сенім, тұрақтылық, кеңпейілділік, жомарттық, қауіпсіздік, өзара сенім, отбасылық құндылықтар, жемқорлық сынды мəселелер қамтылған.
Әдіснама
Зерттеудің теориялық негізін исламта- ну жəне дін философиясында қолданыс та- уып жүрген дəстүрлі əдіснамалық негіздер құрайды. Таңдалған тақырыптың мəнін ашуға бағытталған тарихилық пен логикалықтың бірлігі, салыстырмалы сараптау, құрылымдық- функционалдық, герменевтикалық, аксиология- лық жəне концептілік талдау əдістері де қолданылды. Исламның негізгі қайнаркөздері – Құран жəне сүннетке сүйенетін усул ад-диннің өзіндік əдіснамасының тəсілдері, ханафилік- матуридилік бағыттағы ислам ғұламаларының əдістері кеңінен пайдаланылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Философия тарихында бақыт ұғымын адам өмірінің ең жоғарғы мақсаты ретінде зерделейтін ілім эвдемонизм деп аталатыны белгілі. Бақыт ұғымын антика дəуірінің фило- софтары ыждағатты түрде зерделеді. Эпикур бойынша бақыт – бұл жан тыныштығы [1], Марк Аврелийдің пайымдауынша бақыт – жанның
ізгі амалдарға құштарлығы [2]. Аристотель
«Никомахтық этикасында» бақыт дегеніміз өмірдің мəні мен мағынасы [3], адам тіршілігінің негізгі мақсаты дей келе, бақыт адамның өз өміріне қанағат ету дегенге тұжырымға келеді. Отырарлық ойшыл бабамыз əл-Фараби шығармашылық мұрасында өзекті мəселе – бақыт мəселесі «Бақыттың мəні – парасаттылықта, əркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде...
адамның өз мінез-құлқын, іс-əрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында»
[4] – деп адамның бақытты болуға ұмтылуы, ең алдымен, ізгілік пен қайырымдылықты игі мақсат ретінде ұстануды айтады. Бақытты болуға кедергі келтіретін мінез-құлық ұсқынсыз жəне қайырымсыз əрекеттерден туындайды.
Қайырымды халық басқаларды да бақытты болуға жетелейді. Қай заманда болмасын, қандай қоғамда болмасын адамдар бір-бірлеріне бақ пен бақыт тілеген. Түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында төрт ізгі қасиеттің бірі – бақыт. Бақыт негізгі этикалық мұрат ретінде пайымдалады.
«Ұл-қызына əдеп үйрет, білім бер, қос жалғанда бірдей көріп күлімдер»
Қабылиса жырау бақыт ұғымын өнегелі тəрбиемен байланысты қарастырады.
Бақыт, қайда барасың?
Қызы мен ұлы ибалы, Ата-анасын сыйлайтын,
Сондай үйге барамын [5, 303 б.].
Ислам дінінде бақыт ұғымы кеңінен жəне жан- жақты түсіндірілген. Ислам ілімінде бақыт кімге берілсе, ол адамға барлық жақсылық берілген болып есептеледі. Бақыт кімге берілмесе, ол адамға ешбір жақсылық берілмеген болып та- былады. Дүниенің материалдық байлықтары адамның өмір сүруін жеңілдету мүмкін, бірақ адамды толық бақытты ете алмайды. Бақыт – бұл Жаратушы тарапынан берілетін сый.
Ислам дінінде сенім (иман) мəселелері бой- ынша əһли сұнна уəл жамағат сенім бағытының ұлы имамдары Имам Әбу Мансур əл-Мəтуриди жəне Имам Әбу əл-Хасан əл-Ашғари сенім бағыттарының бақытты адаммен бақытсыз адам ұғымына байланысты ұстанымдары Құран аят- тары жəне хадистермен қуатталған.
Мұсылман ойшылдары бақытты адамның сипатына кеңінен тоқталып, иманды, шариғат талаптарына амал ететін, адамдарға жақсылық жасайтын, өзіне жəне қоғамға зиян болатын істерден алыс болатын жəне көркем сипаттарға
ие болған адамдарды бақытты адамдар қатарына жатқызады. Сонымен қатар, бақытсыз адам ұғымына имансыз, діннен қашық, өмірі мəнсіз, адамдарға жақсылығы жоқ, жамандықты ұстанатын жəне қоғам тарапынан айыпталынған дертті қылықпен сипатталатын адам деп түсіндіреді.
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы «Бес парыз» атты өлеңінде:
Бес нəрсе бізге бұйрық бір Алладан, Ықыласпен қылу керек білген адам.
Кетпейді күн туғанда көзі жастан,
Дүниеде бейпіл босқа күлген адам [6, 166 б].
Негізгі бөлім
Ислам дінінің сенімдерін кері ағымдардан қорғап қалған ұлы ғалым əл-Мəтуриди бақыт жайлы былай дейді: «Бақытты көрініске ие болған адам соңында бақытсыз да болуы мүмкін.
Сол сияқты бақытсыз көрініске ие болған адам соңында бақытты болуы мүмкін» [7, 78 б].
Яғни бақыт пен бақытсыздық ұғымы мен мəн- мағынасы уақыт өлшеміне сай өзгеруі мүмкін.
Бақытсыз адам уақытымен бақытты болуы жəне бақытты адам уақытымен бақытсыз болып қалуы мүмкін.
Әл-Мəтуриди сенім бағыты бойынша бақыт түсінігін имандылықпен байланысты- рылса, ал бақытсыздық ұғымын дінсіздікпен байланыстырады. Демек, адамның өмір сүріп жатқан сəтіндегі діни жағдайымен бағалайды.
Баршамызға белгілі, мұсылман адамның жалған дүниеден дінсіз болып кетуі де мүмкін жəне дінсіз адамның фəни дүниеден бақи дүниеге иманмен кетуі де мүмкін.
Әл-Ашғари сенім бағыты бойынша бақытты мен бақытсыздық түсінігі өзгермейді. Себебі əл-Ашғари сенім бағыты бойынша бақытты болу мен бақытсыз болу ақыретке көшу сəтімен өлшенеді. Кімде-кім соңғы сəтінде иманды болған болса, онда ол ақыреттегі бақытты жан- дармен бірге болады, ал кімде-кім соңғы сəтінде дінсіз болған болса, онда ол ақыретте бақытсыз жандармен болады деп ақыреттегі бақытты адам мен бақытсыз адамның жағдайын соңғы сəтімен өлшейді.
Әл-Мəтуридимен əл-Ашғари сенім бағыт- тары арасындағы бақыт пен бақытсыздық ұғымының айырмашылығы көрінісінің бірі мəтуридилер адамның өмір сүріп тұрған сəтімен өлшесе, ашғарилер адамның соңғы уақыттағы іс- амалдарымен бағалайды. Әл-Мəтуриди адамның
өмір сүріп тұрған қоршаған орта оның иманды немесе имансыз болуына əсер ететінін айтады.
Қоршаған орта діндар болса, онда сол адамда иманға бейім болады. Егер қоршаған орта діннен алыс болса, онда тəрбиеленіп жатқан адам да діннен алыс болады. Демек əл-Мəтуридидің ұста- нымы бойынша пенденің ақыреттегі бақытты немесе бақытсыз болуы оның өскен ортасы- на байланысты қарастырылады. Бақытты адам қоршаған орта əсері нəтижесінде бақытынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ, бақытсыз адам да қоршаған орта ықпал-əсері нəтижесінде бақытты болуы мүмкін.
Әл-Ашғари сенім бағыты бойынша адамның бұрынғы жағдайы оның бақытты немесе бақытсыз екенін көрсетпейді, пенденің соңғы амалдары оның бақытты немесе бақытсыз екеніне дəлел болады деп көрсетіледі. Егер пенденің соңғы істері имандылықпен аяқталса демек, оның бұрынғы істері де имандылықта болған деп, пенденің бақытты болуы оның соңғы сəтімен байланыстырады. Егер пенденің соңғы істері дінсіздікпен аяқталған болса, оның өмірі құлшылықтар мен ізгіліктерге толы бол- са да оның өмірі имансыздықта өткендігі соңғы сəтпен байланыстырады.
Әл-Матуриди тəпсір кітабында Құранда кел- ген аятты былай тəпсірлейді. Құранда:
ۖ ُتِبْثُيَو ُءاَشَي اَم ُ ﱠﷲ وُحْمَي
ِباَتِكْلا ﱡمُأ ُهَدْنِعَو
«Алла (Т.) қалағанын өшіреді де қалдырады.
Негізгі Кітап, Оның қасында» [8, 217 б.].
Аятта Алла Тағала пенденің қалаған күнəсін кешіреді де, қалағанына жақсылық қалдырады.
Егер пенденің соңғы сəтінде де қателік жасаса да оны кешіретінін осы аяттан көруге болады.
Өйткені адамға берілген өмір туылғаннан сəттен басталып өлгенге дейін жалғасады, осыған орай, пенденің соңғы демі шығатын сəт те – пендеге берілген өмір. Жаратушы қалаған пендесінің күнəсін кешіреді жəне қалаған пендесінің күнəсін кешірмейді. Шариғат амалдарымен жүрмеген болса, соңынан иманға бет бұратын болса, бұрынғы қателіктері ізгі амалдарға ай- налдырып жазылады жəне ақыретте бақытты адамдар қатарында болады. Мəтуридилер осы ұстанымына Құраннан дəлел келтіреді. Құранда:
َٰلوُأَف اًحِلاَص ًلاَمَع َلِمَعَو َنَمآَو َباَت ْنَم ﱠلاِإ ُ ﱠﷲ ُلﱢدَبُي َكِئ
ۗ ٍتاَنَسَح ْمِھِتاَئﱢيَس
ُ ﱠﷲ َناَكَو اًميِحَر اًروُفَغ
«Бірақ кімде-кім тəубе етсе, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстыра- ды. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді»
[8, 384 б.]. Аяттағы «кімде-кім тəубе етсе»
яғни, егер пенде жамандықтардан тыйылып, бақытсыздықтан жақсылық пен имандылық жолына қайтатын болса əрі ізгі амалдар жа- сайтын болса, олардың бұрынғы жаман істерін Алла Тағала жақсылықтарға ауыстырады.
Әл-Мəтуриди бойынша имансыздық – бұл бақытсыздық, ал имандылық бақыттылық болып табылады, бақытсыздықтан бақыттылыққа ауы- суы адамның имани жолды таңдауымен бола- тынын айтады. Осы мəселеде əл-Мəтуриди мен əл-Ашғари сенім мектептерінің ұстанымдары бақытты адам бұл иманмен жалған дүниеден мəңгілік дүниеге аттанған пенде, ал бақытсыз адам имансыздықпен көз жұмған адам екеніне көз жеткіземіз.
Әл-Мəтуриди мен əл-Ашғари ғұламалардың арасындағы тартыс пенденің соңғы сəтінде болған жағдайы емес, бəлкім адамның бақытты болуымен бақытсыз болуы өзгеретінінде болып табылады.
Әл-Мəтуриди сенім мектебінің өкілі Әбу əл-Мұғин əн-Насафи Имам əл-Мəтуридидің ұстанымына қосылып əл-Ашғарилердің пікіріне былай жауап береді: «Әр қандай жағдай ауысуы мүмкін, ол заңдылық» [9, 314 б.]. Денсаулығы бар адам денсаулығынан айрылу мүмкін, кішінің есеюі, бар жоқ болуы, жоқ бар болуы сияқты өзгерістер, бір күйден екінші күйге ау- ысуы мүмкін. Егер жағдай ауыспайды, бақытты бақытсыз, бақытсыз бақытты болмайды десек қате болады. Өйткені адам баласы дəм-тұзы таусылған соң ғана өлген болып есептеледі. Егер əл-Ашғари пікіріне сүйеніп жағдай өзгермейді десек онда барлық өлгендер тірі деп есептелуші еді, себебі олар өлместен бұрын тірі болған.
«Жағдай ауыспайды» деген қағидасына сай олар тірі болып есептелінеді. Алайда бұл ұғым дұрыс емес. Жағдай ауысуымен үкімдер де өзгереді.
Тірі болатын болса тірі, өлген болса өлі деп үкім нақты жағдайға қарап өлшенеді. Оған дəлел Құран былай дейді:
ُءاَشَي ْنَميِدْھَيَو ُءاَشَي ْنَم ﱡلِضُي َ ﱠﷲ ﱠنِإَف
«Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады» [8, 489 б.]. Бұл аяттан адамның бақыттылығымен бақытсыздығы өзгеретінін білеміз. «Алла қалағанын адастырады» де- ген аятта адам адаспастан бұрын тура жолда болғанын көрсетеді. Өйткені адасқан пендені тағы да адастыру деген түсінік ақылға тура келмейді. Адасу – тура жолға қарама-қарсы ұғым. Адам баласы бақытты болғаннан кейін
де бақытсыз да болуы мүмкін. Сонымен қатар
«қалағанын тура жолға салады» деген аят адам баласы тура жолға түспей бұрын адасушылықта болады. Бақытсыздықтан бақыттылық ұғымына ауысуы мүмкіндігін білеміз.
Имам əл-Бəздауи əл-Мəтуридимен əн- Насафи ұстанымдарына қосылып былай дейді: «Бақытсыз адам уақыт өту нəтижесінде бақытты болуы мүмкін. Бақытты адам уақыт өту нəтижесінде бақытсыз болуы мүмкін.
Тіпті Ібіліс кезінде періштелерге ұстаздық ет- кен, яғни иманды бақытты болған, кейіннен күпірлік жасағаннан кейін бақытсыз (ақыретте құтылмайтындар) қатарына ауысады» [9, 372 б.].
Әбу Суфян исламды қабыл етпестен бұрын дінсіз (бақытсыз) болған. Кейіннен иманға бет бұрғаннан соң бақыттылар қатарына қосылған.
Барлық дінсіздер əл-Мəтуридидің көзқарасы бойынша бақытсыздар болып есептеледі. Иман- ды болғаннан кейін бақытты болған ұғымға жатады. Барлық имандылар бақытты болып есептелінгеннен кейін дінсіздікке көшетін бол- са, бақытсыздар қатарына жатады. Демек жағдай өзгерісімен сол адамға өзінің деңгейінде баға беріледі.
Бадю əл-Амали кітабында былай дейілген:
«Алла Тағала бақытты адамның бақытсыз бо- луын лаух əл-махфузда (жаратылыстың баяны кітабы) жаман амалдарының есесіне бақытсыз етіп жазады. Бақытсыз адамды ізгі амалдарының себебінен бақытты адамдар қатарынан етіп жазады» [10, 250 б.]. Алла Тағала бақыттыны бақытсыз, бақытсызды бақытты етуге шамасы келетін құдіреті шексіз. Жаратушы бір пендесін бақытты ететін болса, ол пендеге берілген Жаратушының сыйы болып табылады. Ал бір пендесін бақытсыз ететін болса Жаратушының əділдігі болып есептеледі. Өйткені Жарату- шы бостан-босқа адастырмайды. Пенденің ниеті жаман болғандықтан ниетіне қарай табы- сы да солай болады. Алла Тағала құлдарының ниеттерін жақсы біледі. Адамдардың ізгі амал- дары ақыретте бақытты болуына себеп болады, ал пенденің жаман амалдары ақыретте бақытсыз болуына себеп болады. Егер бақыттылық пен бақытсыздық өзгермейтін болғанда, пенденің ізгі амалы мен жаман амалы есепке алынбас еді. Бақыттылықпен бақытсыздыққа, бақыт- сыздықтан бақыттылыққа ауысуы да пенденің тағдырында болады.
Әл-Ашғари адамның бақытты болуы мен бақытсыз болуы əуеліден белгілі болып, оның тағдырында жазылған болады дейді. Әуелден
тағдырында болуы оның өзгермейтініне дəлел- дігін көрсетеді. Сондықтан ол екеуі де өзгермейді деп біледі. Әл-Ашғари сенім бағытының ірі ғұламаларыдан болған ғалым əс-Сауи былай дейді: «Адамның ақыретте бақытты болуы мен бақытсыз болуы əл-Ашғари сенім бағытында əуелден жазылған болады. Ғибадат, құлшылық, иман – бақыттың белгісі. Күнə, дінсіздік – бақытсыздықтың белгісі. Соңғы сəт əуелгі жағдайын көрсетеді. Егер ажалы дінсіздікпен аяқталса, əуелгі өмірі де имансыздықта болған болып есептеледі. Егер ажалы иманмен аяқталса, əуелден иманды пенде болып есептелінеді» [11, 238 б.]. Осы көзқарастан шығатын түйін əл- Ашғари сенім бойынша имандылықты бақыт- тың сипаты деп біледі. Әл-Мəтуриди бағы- ты бойынша имандылықты бақыттың негізі деп есептейді. Сондай-ақ, əл-Ашғари дінсіздік бақытсыздықтың сипаты десе, əл-Мəтуриди дін- сіздік бақытсыздықтың түпкі негізі деп пайым- дайды.
Әл-Ашғари сенім бағытын қолдаушы бол ған ғалым əл-Байжуридың пайымдауын- ша: «Ақыретте адам баласы бақытты немесе бақытсыз болуы Алланың ілмінде болады. Алла Тағала пендені жаратпастан бұрын оның кім бо- латынын қандай амалдармен шұғылданатынын біліп оны тағдыр етеді» [12, 173 б.].
Әл-Ашғари бақыттылық пен бақытсыздық өзгермейді деген ұстанымының тағы бір себебі – амалдардың соңғы сəтіне назар аударады. Ал соңғы сəтіндегі амалы өзгермейді, пенде пəниден бақиға көшкенде соңғы амалынан басқа амал жа- сай алмайды жəне соңғы амалы өзгермейді. Ал адамның соңғы амалы Алланың əуелден жазған тағдырында болады дейді.
Әл-Әллəмə Абдулғани əл-Ғұнайми əл- Ханафи былай дейді: «Алла пенденің тағды- рында бақытты қылған пенде ғана бақытты бо- лып есептелінеді де, бақытсыз деп жазған пенде ғана бақытсыз болып табылады жəне тағдыр өзгермейді» [13, 82 б.]. Көзқарасын қуаттау үшін Құрандағы аятты келтіреді. Құранда:
ِديِبَعْلِل ٍم ﱠلاَظِب اَنَأ اَمَو ﱠيَدَل ُلْوَقْلا ُلﱠدَبُياَم
«Менің алдымда сөз ауыстырылмайды.
Сондай-ақ құлдарыма əділетсіздік істемеймін»
[8, 341 б.]. Алла Тағаланың тағдыры өзгертілмейді. Егер пендеге бақытты болуды жазатын болса бақытты болады. Егер пенде- ге бақытсыздықты (дінсіздік) жазатын болса бақытсыз болады деп түсіндіреді. Жаратушының аятының жалғасына назар салатын болсақ
«сондай-ақ құлдарыма əділетсіздік істемеймін»
деген илəһи сөзді көреміз. Демек, Жаратушы Алла Тағала пенделерінің тағдырын жазба- стан бұрын ол пенде пəни дүниеде қалай өмір сүретінін, ниетін жəне амалдарын да біледі, со- дан кейін оны тағдыр етіп жазады. Әрине бұлай тағдыр ету пендеге зұлымдық, əділетсіздік бо- лып есептелінбейді. Өйткені Алла Тағала тағдыр өзгермейтінін айта отыра құлдарына зұлымдық жасамайтынын айтып жатыр.
Әл-Баздауидің көзқарасы бойынша ақыретте бақытсыз болатын пенде бақытты болып қалмайды, сол сияқты ақыретте бақытты бола- тын адам бақытсыз болып қалмайды.
Әл-Мəтуридидің осы мəселеде Ашғари бағытымен келіспейтін пікірлері орын ала- ды. Әл-Мəтуриди пікірінше: «Пенде ғибадат жасап Алланың сүйікті пендесі болып өмір сүретін болса соңғы демінде дінсіз болып бақиға көшетін болса қалайша əуелден дінсіз болып есептелінеді?!» [7, 87 б.]. Әл-Мəтуридидің көз- қа расы осы орында абзал болып саналады.
Әл-Ашғари сенім бағытының өкілі Ибн Фу- рик əл-Мəтуридидің көзқарасын ұстана отыра былай дейді: «Кімде-кім Жаратушы алдында мүмін болса, соңғы бітімі де мүмін (сенуші) бо- лады. Сондай-ақ Алланың махаббаты оған бо- лады. Қияметте иманды болған бақыттылардан етіп жазылады» [14, 314 б.]. Оған дəлел ретінде Құрандағы аяттарды келтіреді. Құранда Алла Тағала былай дейді:
ُهَرَي اًرْيَخ ٍةﱠرَذ َلاَقْثِم ْلَمْعَي ْنَمَف ٍةﱠرَذ َلاَقْثِم ْلَمْعَي ْنَمَو
ُهَرَي اًّرَش
«Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал жəне кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» [8, 657 б.]. Бұл аят екі адамның оқиғасы жайлы түскендігі айтыла- ды. Бірінші адам əрдайым жақсылық жасауға əрекет жасайды. Ал екінші адам – қателіктер жасап ақыреттен үмітін үзген адам. Екінші адам:
«күнəларым көптігінен жасаған жақсылығым есепке алынбайды», деп есептейді. Сол себепті осы аят түсіп адамдардың істеген аз жақсылығы болса да ақыретте есепке алынатынын баян етеді. Әрине адамға берілген уақтыншалық ғұмырда жаман амалдардан алыстап, ізгі амал- дарды көбейту қажеттілігін аяттан көреміз.
Тағы басқа аяттан Алла Тағала пенденің істеген амалдарын кемітпей, зұлымдық жасамай са- уап амалдарының есесін беретінін айтады.
Құранда:
ٰىَثْنُأ ْوَأ ٍرَكَذ ْنِم ِتاَحِلاﱠصلا َنِم ْلَمْعَي ْنَمَو
ٌنِمْؤُم َوُھَو
َٰلوُأَف
َلاَو َةﱠنَجْلا َنوُلُخْدَي َكِئ اًريِقَن َنوُمَلْظُي
«Еркектен немесе əйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жəннəтқа кіреді. Түк де əділетсіздікке ұшыратылмайды»
[8, 176 б.]. Қоғам ер мен əйелдерден құралған.
Жақсылық жасаушы тек қана ер кісі емес бəлкім əйел кісі де жақсылық жасаушы болады.
Жаратушы құлдарының істеген амалына сай сый-сыяпатын да беретінін уəде етуде.
Жақсылық жасаған əрбір азамат жақсылығының нəтижесін көреді жəне ақыретте жəннат оларға дайындалғанын Құран аятымен уəде етілген.
Әл-Мəтуриди айтқандай пенденің өмір сүріп жатқан сəтімен оған баға беріледі. Егер пенде ізгі амал жасайтын болса сол сəтте амал дəптеріне жазылады. Оған байланысты Құранда аят баяндалады. Құранда Алла Тағала былай дейді:
ْؤُم َوُھَو ِتاَحِلاﱠصلا َنِم ْلَمْعَي ْنَمَف
ِهِيْعَسِل َناَرْفُك َلاَف ٌنِم
َنوُبِتاَك ُهَل اﱠنِإَو
«Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз» [8, 336 б.]. Бұл аятта қандай адам болсын, үлкен немесе кіші, ер немесе əйел ізгі іс атқарса, жақсылығын өшпейтіндігі дəріптеледі.
Мейірімді де Рақымды болған Алла Тағала пенделерінің ізгі амалдарын ұмытпайды əрі олардың еселерін береді. Демек пенделердің осы дүниеде жəне ақыретте бақытты болуы жеңіл екені мəлім болады.
Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ, имам əл- Мəтуриди сенімі бойынша əрбір пенде өзінің істеген ісіне жауап берумен қатар, пенденің тіршілігі жағдайымен бағаланады. Егер пен- де иманды болса, иманға ие болу салдарынан ақыретте бақытты жандар қатарында болады деп есептеледі. Өйткені құлшылықтар мен ізгі амалдар Алланың махаббатына себеп, Алланың махаббаты пенденің жұмаққа кіріп бақытты болуына себеп болады. Ал пенде дінсіз бола- тын болса, бұл оның ақыретте бақытсыздар қатарында болуына итермелейді. Күпір істер Алланың қаһарына себеп, яғни Алланың ашуы пенденің бақытсыз (тозақтық) болуына себеп.
Дана халқымыздың «не ексең соңы орасың»,
«Дүние ақыреттің егіні» ұстанымы ислам құндылықтарымен үндес.
Имам əл-Ашғари сенім бағытының ұстанымы бойынша, пенденің соңғы ісі есепке алынады, соңғы ісі жақсы болса, оның əуелгі өмірі жақсы, сəйкесінше, өмірінің соңғы сəті имансыз болса, əуелгі өмірі имансыз деп есептелінеді. Себебі пенде жақсылық жасап өмір сүрген болса, əлбетте соңғы сəті жақсы болады. Егер пенде бұрыс жол таңдаған болса, өмірінің соңғы сəті де жаман көрініс табады.
Ислам ғұламалары əһли сұнна уəл жамағат сенім мектебінің екі ұлы имамы Әбу Мансур əл-Мəтуриди жəне Әбу əл-Хасан əл-Ашғаридың ижтихадтары (көзқарастары) дұрыс екеніне бір ауыздан келіскен.
Әдебиеттер
1 Epicurus (Author), George K. Strodach (Translator, Introduction, Commentary), Daniel Klein (Foreword). The Art of Hap- piness (Penguin Classics). – Penguin Classics; Reissue edition, 2012. – 282 p.
2 Marcus Aurelius. Happiness: How to Achieve It. – Profile Books, 2011. – 95 p.
3 Грицанов А.А. Никомахова этика // История философии: Энциклопедия. – М.: Интерпрессервис; Книжный Дом, 2002. – 1376 с. (Мир энциклопедий).
4 Аль-Фараби. Указание пути к счастью // Социально-этические трактаты. – Алматы, 1973. – С. 35-36.
5 Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1986. – 303 б.
6 Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. – Т.1. – Алматы, 2003. – 504 б.
7 Әбу Мансур əл-Мəтуриди. Китаб əт-Таухид. – Бейрут: Дар Садир, 1997. – 743 б.
8 Құран Кəрім. Мағыналар жəне түсіндірмелерінің /тəпсірінің/ аудармасы. – Алматы, 2013. – 776 б.
9 Әбу əл-Мұғин əн-Нəсəфи. Табсыратул əдиллə. – Каир, 2005. – 840 б.
10 Әбу Бəкр əр-Рази. Шарх баю əл-Амали. – Бейрут, 1997. – 429 б.
11 Ахмад ибн Мұхаммад əс-Сауи. Шарх əс-Сауи ала жауһара əт-тауһид. – Каир, 1984.–370 б.
12 Ибраһим ибн Мұхаммад əл-Бажури. Хашият имам əл-Бажури ала жауһар əт-тауһид. – Бейрут, 2003. – 450 б.
13 Әл-Әллəмə Абдулғани əл-Ғұнайми əл-Ханафи. Шарх ақида əт-таһауия. – Стамбул, 1997. – 637 б.
14 Ибн Фурик. Мақалат Әбул Хасан əл-Ашғари. – Каир, 2006. – 285 б.
References
1 Epicurus (Author), George K. Strodach (Translator, Introduction, Commentary), Daniel Klein (Foreword). The Art of Hap- piness (Penguin Classics). – Penguin Classics; Reissue edition, 2012. – 282 p.
2 Marcus Aurelius. Happiness: How to Achieve It. – Profile Books, 2011. – 95 p.
3 Gritsanov A.A. Nikomakhova etika // Istoriya filosofii: Encyclopedia. – М.: Interpress service; Knizhnyi Dom, 2002. – 1376 s. – (Mir encyclopediy).
4 Al-Farabi. Ukazanie puti k chastiu // Sotsialnye-eticheskie traktaty. – А., 1973. – S. 35-36.
5 Balasagun Zh. Kutty bilik. – А., 1986. – 303 b.
6 Kopeiuly M.Zh. Shygarmalary. – Т.1. – А., 2003. – 504 b.
7 Abu Mansur al-Maturidi. Kitab at-Tauhid. – Beirut: Dar Sadir, 1997. – 743 b.
8 Kuran Karim. Magynalary’ men tusіndіrmelerіnіn /tafsіrіnіn/ audarmasy’. – Almaty’, 2013. – 776 b.
9 Abu al-Muin an-Nasafi. Tabsyratul adilla. – Cyprus, 2005. – 840 p.
10 Abu Bakir ar-Razi. Sharkh baiu al-Amali. – Beirut, 1997. – 429 р.
11 Akhmad ibn Mukhammad as-Saui. Sharkh as-Saui ala zhauhara at-Tauhid. – Cyprus, 1984.–370 р.
12 Ibrakhim ibn Mukhammad al-Bazhuri. Hashiyat imam al-Bazhuri ala zhauhar at-Tauhid. – Beirut, 2003.– 450 р.
13 Al-Alama Abdulaani al-Gunaymi al-Hanafi. Sharkh akida at-takhauiya. – Istanbul, 1997.– 637 р.
14 Ibn Furik. Makalat Abul Hassan al-Ash’ari. – Cairo, 2006. – 285 р.