• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқыту туралы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқыту туралы"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

М.У. Мукашева, З.Ə. Жұмағұлова

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, Қазақстан (E-mail: mg.mukasheva@gmail.com)

Жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқыту туралы

Мақалада Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқыту мəселесі қарастырылған. Программалауды мектепте оқытудың ағымдағы жай-күйін зерттеу мақсатында жоғары сынып оқушыларының, ата-аналардың, мұғалімдер мен IT саласындағы мамандардың қатысуымен зерттеулер жүргізді. Авторлар кейбір қорытындыларды, атап айтқанда, оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдер мен IT саласындағы мамандардың программалауды мектепте оқыту мəселесіне деген көзқарастарын зерттеу нəтижелерін келтірген.

Кілт сөздер: жалпы білім беретін мектеп, информатика, программалау, оқыту, компьютерлік сауаттылық.

Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша жалпы білім беретін мектептердің білім беру бағдарламаларына ғылыми, технологиялық, инженерлік жəне математикалық бағыттағы (STEM-білім беру) оқу пəндерін белсенді енгізу байқалуда. Осыған байланысты бүгінгі ең өзекті мəселелердің бірі

— орта мектептегі информатика курсын, оның ішінде программалауға оқытуды зерделеу болып отыр.

Балаларды программалау негіздеріне оқыту қажеттілігі туралы мəселе ғылыми жəне ғылыми- əдістемелік əдебиетте бірнеше жылдан бері ғалымдар, мұғалімдер жəне ақпараттық технологиялар саласындағы мамандармен талқылануда. Өткен ғасырдың 80-жж. жасанды интеллект теориясының негізін қалаушылардың бірі, Logo тілін жасаушы Сеймур Пейперт өзінің «Санадағы төңкеріс:

балалар, компьютерлер жəне жемісті идеялар» атты кітабында «... тілді үйрену балаларға жақсы болады, əрбір қалыпты бала сөйлеуге үйренеді. Неге оған компьютермен сөйлесуді үйренбеске?», — деген [1].

Əлем елдері сияқты, Қазақстанда да қолданбалы ғылыми пəн ретінде программалауға жəне орта мектепте балаларды программалауға оқыту мəселесіне қоғамның қызығушылығының айтарлықтай өсуі байқалады.

Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде компьютерлік ғылым негіздерін (информатиканы) оқытудың курсы негізгі орта білім беру деңгейде бес жылды жəне жалпы орта білім беру деңгейінде екі жылды құрайды.

Жаңартылған білім мазмұны аясында 2018 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептің 3- сыныптары «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəнін оқуды бастады. Ал 2020 жылдан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəні 1-сыныптан бастап енгізіледі деп жоспарлануда.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəнін оқыту мақсаттарының жүйесі 1- сыныптан бастап алгоритм жəне орындаушымен таныстыруды көздейді. Бұл мақсат үшін осы жастағы балаларға арналған білім беру роботтары, конструкторлық жинақтар жəне ашық білім беру сандық ресурстары сияқты қолжетімді құралдар мен тəсілдер пайдаланылады [2].

Негізгі орта білім деңгейінде жаңартылған мазмұндағы «Информатика» пəнінен оқу бағдарламасы: «Компьютерлік жүйелер», «Ақпараттық процестер», «Компьютерлік ойлау» жəне

«Денсаулық пен қауіпсіздік» [3].

Жалпы білім беретін мектепте программалауды оқытудың ағымдағы жағдайын зерделеу жүргізілді. Зерделеуге жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер, сонымен қатар зерттелетін мəселе бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың, соның ішінде сандық білім беру ресурстарын əзірлеушілердің пікірлері де маңызды болғандықтан, ІТ саласындағы мамандар қатысты.

Респонденттердің жасы, қызмет саласы жəне жұмыс тəжірибесі ескеріле отырып, зерттеу құралдары төрт санат бойынша топтастырылды: мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер жəне ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар. Сонымен қатар мектепте программалауды оқыту мəселесіне деген оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің, IT-мамандарының қарым-қатынасы мен қажеттіліктерін анықтау үшін үш бағыт таңдалды.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Зерттеуге 43 оқушысы, 20 ата-ана, жалпы білім беретін мектептердің 22 мұғалімі жəне білім беру ұйымдарында программалауды қамтамасыз ету, сандық білім беру ресурстарын əзірлеу жəне жүйелік əкімшілендіру саласындағы 12 маман қатысты.

Сауалнамаға қатысқан оқушылар «Информатика» пəні аясында программалау курсын оқыған, алгоритмдеу мен программалау тілі, сондай-ақ if-the-else, do-while сияқты базалық алгоритмдік құрылымдар туралы түсініктері болды.

«Сіз программалауды үйренгіңіз келе ме?» деген сұраққа қатынасқан мектеп оқушыларының жауаптары 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. «Сіз программалауды үйренгіңіз келе ме?» деген сұраққа берілген оқушыларының жауаптарының нəтижесі, %

27 оқушы (62,8 %-ы) — «иə», 11 оқушы (25,6 %-ы) — «иə, мүмкін», 3 оқушы (7 %) — «мүмкін, жоқ», 2 оқушы (4,6 %) «жоқ» деп жауап берді.

Оқушылардың мектепте программалауды үйренуге деген ынталары туралы берген жауаптары 2-суретте келтірілген.

 

Ойлау қабілетін дамытады,

%

Цифрлық құралдарды

қолдану, %

Витруалды өмірде өзін дұрыс ұстау, %

Интернетте ақпаратты

табу, оны қолдана білу, %

Өзін қажет емес ақпараттан

қорғау, %

Ойындар əзірлеу, %

Қаражат табу, %

Жалпы саны 74 44 12 14 9 37 44

Ер балалар 52 39 12 18 12 45 70

Қыз балалар 20 30 0 0 10 40 90

2-сурет. Оқушылардың мектепте программалауды үйренуге деген ынталары туралы берген жауаптарының нəтижесі

Оқушылар ұсынылған жеті нұсқада бір немесе бірнеше жауаптарды таңдады. Бұл ретте респонденттердің көпшілігі (74 %) программалау біліктігі есептік ойлауды дамытуға ықпал ететінін атаған. Ұсынылған жеті жауаптан оқушылар бір немесе бірнеше жауаптарды таңдады. Сауалнама нəтижесі бойынша қыз балалардың ең көп саны программалау біліктігі оқушының ойлау қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді деп есептейді. Сондай-ақ оқушылардың біраз бөлігі программалауды үйренудің сандық құрылғыларды сауатты пайдалануға (44 %-ы), қаражат табуға (44 %-ы) жəне ойын жасауға (37 %-ы) мүмкіндік беретінін айтады.

Оқушылардың программалау құралдары туралы хабардар болуын анықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылды. «Төменде аталған программалау құралдарының қайсысымен таныссың?» деген сұраққа берген (24 жауаптың біреуін немесе бірнешеуін таңдаған) оқушылардың жауаптарына

62,80

25,60

7.00 4.60

Иə Иə, мүмкін Мүмкін, жоқ Жоқ

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

қарағанда, мектептердің басым бөлігінде əлі де болса С++ жəне Pascal тілдерінің оқытылатыны байқалады (1-кесте).

1 -к е с т е

«Программалау құралдарының қайсысымен таныссың?» сұрағына оқушылардың берген жауабы, % Scratch Basic C++ Pascal Java Phyton

16 14 9 72 40 12 Сонымен қатар оқушылардың 16 %-ы (7 оқушы) тек бір программалау ортасында, 47 %-ы (20 оқушы) екі ортада, 19 %-ы (8 оқушы) үш ортада, 12 %-ы (5 оқушы) төрт ортада, 7 %-ы (3 оқушы) бес программалау ортасында жұмыс жасайтынын айтқан. Төрт жəне одан да көп программалау ортасында жұмыс істеген оқушылардың жетеуі ер бала, біреуі қыз бала болды.

Қосымшаларды дайындауда оқушылардың басым көпшілігі, мобильді құрылғылар (44 %-ы, яғни 19 оқушы) мен роботтарға (23 %-ы, яғни 10 оқушы) қарағанда, дербес компьютерлерді (65 %-ы, яғни 28 оқушы) қолдануды ұнатады. Ал программалау платформасын таңдау кезінде iOS (58 %-ы, яғни 25 оқушы) жəне Android (56 %-ы, яғни 24 оқушы) пайдаланады.

Ата-аналардың программалауды мектепте оқыту мəселесіне көзқарасын анықтау мақсатында 11–15 жастағы оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан 20 респонденттің 10-ы қалалық мектеп оқушыларының жəне 10-ы ауыл мектептері оқушыларының ата- анасы болды. Ата-аналар 22–54 жас аралығында. Сауалнама нəтижесі бойынша ата-аналардың кейбір сұрақтарға берген жауаптары 2-кестеде көрсетілген.

2 -к е с т е Программалауды мектепте оқыту мəселесіне ата-аналардың

көзқарасын анықтаудың кейбір нəтижелері

Р/с

№ Сұрақтар

Ата-аналар жауабы

қала мектебі ауыл мектебі

иə жоқтангөрі, иəғажақын иəдангөрі, жоққажақын жоқ иə жоқтангөрі, иəғажақын иəдангөрі, жоққажақын жоқ

1 Сіздің ойыңызша, балаға программалау негіздерін мектепте оқытудың

қажеттілігі бар ма?

100 % (10)

0 % (0)

0 % (0)

0 % (0)

30 % (3)

50 % (5)

10 % (1)

10 % (1) 2 Программалауға ерте жастан

(6–7 жастан) оқыту баланың есептік ой- лауын дамытуға оң əсерін бере ме?

40 % (4)

60 % (6)

0 % (0)

0 % (0)

60 % (6)

40 % (4)

0 % (0)

0 % (0) 3 Программалауды бастауыш сыныптан

бастап оқыту мəселесін қолдайсыз ба?

40 % (4)

20 % (2)

0 % (0)

40 % (4)

50 % (5)

30 % (3)

20 % (2)

0 % (0) Ата-аналармен жүргізілген сауалнама нəтижелері мектепте программалауды оқыту мəселесіне ата-аналардың жоғары қызығушылығының бар екенін көрсетті. Қалалық жəне ауылдық мектептердің ата-аналарының пікірлерінде айырмашылық бар. Атап айтқанда, қала мектептерінің ата-аналары мектепте программалауды оқытуды 100 % қолдайды, ал ауыл мектептері оқушыларының ата-аналары мектепте программаларды оқыту қажеттілігіне күмəн білдірді. Алайда барлық ата-аналардың 30 %-ы, оның ішінде қала мектептері оқушыларының ата-аналарының 40 %-ы бастауыш мектепте программалауды оқытуды қолдамайды.

Зерттеуге қатысқан мұғалімдер мектепте математика, информатика, биология, физика жəне гуманитарлық пəндер бойынша сабақ берді. Еңбек өтілдері 5–21 жылды құрайды. Сонымен қатар сауалнамаға он екі IT-маманы қатысты. Оның екеуі — программист, жетеуі — білім беру ұйымдарында жүйелік администатор, қалғандары түрлі салаларда қызмет атқарады.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

Зерттеуге қатысқан мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі 68,1 %-ы (15 мұғалім) баланы мектепте программалауды негіздеріне оқыту қажеттілігіне сенімді, ал 27,2 %-ы «иə, мүмкін» деген тұжырыммен келіседі. Бұл ретте респонденттердің 86,4 %-ы бастауыш мектепте программалауды оқыту идеясын қолдайды. «Мектепте программалауды оқыту құралдармен (мысалы, компьютер, программалық қамтамасыз ету) жабдықтауға қарағанда, мұғалімнің дайындығы маңызды» деген тұжырыммен мұғалімдердің 54,5 %-ы келіскен, ал 22,7 %-ы — «иə, мүмкін», 9,1 %-ы — «мүмкін, жоқ», 13,7 %-ы «жоқ» деп жауап берген. Көп жағдайда мұғалімдер мен IT-мамандардың жауаптары бірдей (3-кесте).

3 -к е с т е Мұғалімдер мен IT-мамандарының кейбір сұрақтарға жауабы

Р/с

№ Сұрақтар

Мұғалімдер IT-мамандары

иə иə, мүмкін мүмкін, жоқ жоқ иə иə, мүмкін мүмкін, жоқ жоқ

1 Сіз «Ағылшын тілі білу

программалауды игеруге ықпал етеді»

деген тұжырыммен келісесіз бе?

41 % (9)

27 % (6)

27 % (6)

5 % (1)

67 % (8)

25 % (3)

8 % (1) 0 % 2 Сіз «Программалауды игеру үшін

математика пəнінен жақсы білім қажет» деген тұжырыммен келісесіз бе?

64 %

(14) 27 % (6) 5 %

(1) 5 %

(1) 33 %

(4) 42 %

(5) 17 % (2) 8 %

(1) Жоғарыда көрсетілген зерттеулер нəтижелерін жалпылау білім беру процесінің субъектілері көп жағдайда орта мектепте, оның ішінде білім берудің бастапқы деңгейінде программалауды міндетті түрде оқытуды қолдайды.

Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер мен IT-мамандары программалауды оқыту үшін бастауыш мектепте Scratch, негізгі орта деңгейде Python, ал жалпы орта деңгейде С++ секілді программалау орталарын пайдалану қолайлы деп есептейді.

Айта кету керек, мектептегі программалау курсының мазмұнын қалыптастыру мəселесіне қатысты мұғалімдер мен мамандардың ойлары əртүрлі болып шықты. Бұл «Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мектеп программалау курсы мазмұнының тұрақтылығын қамтамасыз ету күрделі болады» деген болжамның орынды екенін көрсетеді.

Сонымен, бұл жүргізілген зерттеудің нəтижелері мектептегі оқу процесінің негізгі субъектілері:

оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдер мен IT саласындағы мамандардың жалпы білім беретін мектепте программалау курсын оқыту мəселесіне деген оң көзқарастарының қалыптаса бастағанын көрсетті.

Əдебиеттер тізімі

1 Пейперт С. Переворот в сознании: Дети, компьютеры, плодотворные идеи / С. Пейперт; пер. с англ.; под. ред.

А.В. Беляевой, В.В. Леонаса. — М.: Педагогика, 1989. — 224 с.

2 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы БҒМ министрінің 2013 жылғы 3 сəуірдегі

№115 бұйрығына 188-2-қосымша [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008424.

3 Негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған «Информатика» пəнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы БҒМ министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 12- қосымша [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700015982.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

М.У. Мукашева, З.А. Жумагулова

Об обучении программированию в общеобразовательных школах

В статье рассмотрен вопрос обучения основам программирования в общеобразовательных школах Республики Казахстан. В целях изучения текущего состояния обучения программированию в школах проведено исследование с участием учащихся старших классов, родителей, учителей, а также специалистов в IT-сфере. Авторами представлены некоторые итоги данного исследова- ния, в частности, результаты исследования отношений обучающихся, родителей, учителей и IT- специалистов к вопросу обучения программированию в школе.

Ключевые слова: общеобразовательная школа, информатика, программирование, обучение компью- терная грамотность.

M.U. Mukasheva, Z.A. Zhumagulova

On teaching programming in secondary schools

The article deals with the issue of teaching the basics of programming in secondary schools of the Republic of Kazakhstan. In order study the current state of teaching programming in schools, a study was conducted with the participation of high school students, parents, teachers, as well as specialists in the IT field. The article presents some of the results of this study, in particular, the results of the study of the relations of students, parents, teachers and IT - specialists to the issue of teaching programming in school.

Keywords: secondary school, computer science, programming, training, computer literacy.

References

1 Pejpert, S. (1989). Perevorot v soznanii: Deti, kompiutery, plodotvornye idei [A revolution in the consciousness: Children, computers and fruitful ideas]. A.V. Beljaeva, V.V. Leonas (Eds.). Moscow: Pedahohika [in Russian].

2 Bastauysh bіlіm beru denheiіnіn 1-4-synyptaryna arnalhan «Akparattyk-kommunikatsiialyk tekhnolohiialar» panіnen zhanartylhan mazmundahy үlhіlіk oku bahdarlamasy. Kazakstan Respublikasy BHM ministrіnіn 2013 zhylhy 3 sauіrdehі № 115 biiryhyna 188-2-kosymsha [Standard curriculum for updated content on «Information and Communication Technology» for Grades 1-4 of primary education. Appendix 188-2 to the order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan from April 3, 2013 No. 115] [in Kazakh].

3 Nehіzhі orta bіlіm beru denheiіnіn 5–9-synyptaryna arnalhan «Informatika» panіnen zhanartylhan mazmundahy ulhіlіk oku bahdarlamasy. Kazakstan Respublikasy BHM ministrіnіn m.a. 2017 zhylhy 25 kazandahy № 545 buiryhyna 12-kosymsha [Standard curriculum for updated curriculum in Informatics for 5–9 grades of basic secondary education. Acting Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan Appendix 12 to the Order No. 545 of 25 October 2017] [in Kazakh].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Этнокөркемдік білім — бұл өнердің белгілі бір саласында тұлғаның көркем шығармашылықпен айналысуы нəтижесінде арнайы білім мен іскерліктің, дағдының

Экологиялық білім берудің басты мақсаты — жеке адамда экологиялық мəдениетті жəне адамзат пен табиғат арасындағы практикалық, рухани

Ақпараттық технологиялардың жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісінде алатын орны туралы, оның ішінде оқушылардың басым бөлігіне қиындық

Барлық жалпы білім беретін пəндер негізіндегі бағдарлы жəне элективті курстардың жиынтығы əрбір оқушы үшін жеке білім теориясын құруға

Саралап оқыту процесінің принципі оқушылардың тұлғалық дамуын жүзеге асыруға жақсы ықпал етеді және жалпы орта білім берудің мәні мен

«Ұзынкөл ауданы білім беру бөлімінің № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-зерттеуші, Жангужин Жанибек Жумабаевич,

Қазақ тіліне мемлекеттік статустың берілуі көп тілде оқытудың проблемаларын көте- реді, сонымен қатар ағылшын, орыс тілдерін жалпы білім беретін

Қазақ тіліне мемлекеттік статустың берілуі көп тілде оқытудың проблемаларын көте- реді, сонымен қатар ағылшын, орыс тілдерін жалпы білім беретін мектептерде