• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДА «МƏЛІМЕТТЕРДІ ҚАУСАРА ТАЛДАУ» ƏДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДА «МƏЛІМЕТТЕРДІ ҚАУСАРА ТАЛДАУ» ƏДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ

Тусеева Ирина Хусаиновна – кандидат экономических наук, доцент, Казахстанско-Немецкий Университет, г. Алматы, Республика Казахстан, еmail: [email protected]

Кокшеева Айя – магистрант, Казахстанско-Немецкий Университет, г. Алматы, Республика Казахстан, email: [email protected]

МРНТИ 06.35.51.

JEL C6

PECULIARITIES OF «DATA ENVELOPMENT ANALYSIS» METHOD APPLICATION IN ORGANIZATION'S PERFORMANCE EVALUATION

Z. Aidynov1, N. Nurkasheva2

1 Kazakh agrotechnical University named after S.Seifullin, Nur-Sultan, the Republic of Kazakhstan

2 Narxoz University, Almaty, the Republic of Kazakhstan

ABSTRACT

Purpose is to discuss the analytical method for evaluating of complex systems eff ectiveness based on the data envelopment analysis (DEA) approach, its modifi cation and implementation for the construction organization.

Methodology based on the use of linear programming algorithms.

Originality. The main features of the model are organization activity technology model used to describe the transformation of input-specifi c factors into output-specifi c results.

Summary - this article discusses four organizations of the construction industry. According to the results of the analysis of the DEA method, the strengths and weaknesses of each organization were studied.

Key words: output, costs, performance indicators, linear programming, eff ective boundary, effi ciency coeffi cient.

ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДА «МƏЛІМЕТТЕРДІ ҚАУСАРА ТАЛДАУ» ƏДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

З.П. Айдынов.1, Н.С.Нуркашева 2

1С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы

2 Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

АҢДАТПА

Зерттеудің мақсаты – мəліметтерді қаусара талдау (DEA) тəсілі негізінде күрделі жүйелердің тиімділігін бағалаудың талдамалық əдісі мен оны модификациялау арқылы кəсіпорындардың, атап айтқанда, құрылыс кəсіпорындарының ұйымдық-технологиялық кешендері үшін осы əдісті пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыру болып саналады.

(2)

Əдістеме – мақала негізі сызықтық бағдарламалау алгоритмдерін қолдануға бағытталған.

Ерекшелігі – модельдің негізгі ерекше белгілері мыналар болып табылады: «шығын» мен «өнім көлемі» (шығым) ерекше факторлардың трансформациясын сипаттау үшін пайдаланылатын ұйым қызметінің (өндірістік процестің) технологиялық моделі.

Қорытынды – бұл мақалада құрылыс саласының төрт ұйымы қаралды. DEA əдісіне жүргізілген талдаудың нəтижесі бойынша əрбір ұйымның күшті жəне əлсіз жақтары зерттелді, сондай-ақ олардың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.

Кілтті сөздер: өндіріс көлемі, шығын, тиімділік көрсеткіштері, сызықтық бағдарламалау, тиімді шекара, тиімділік коэффициенті.

КІРІСПЕ

Кəсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін талдау проблемасы соңғы жылдары өндіріс пен өнімді өткізудің көптеген салаларында өте өзекті болып отыр. Бір-бірімен салыстыру жəне құрылымдық бөлімшелер мен кəсіпорындар мен ұйымдарды тұтастай алғанда тікелей өлшеуге келмейтін кейбір қасиеттер бойынша реттеу міндеттері жиі туындайды. Бұл ретте осы талданатын латенттік қасиеттің көрініс деңгейі туралы жалпы түсінік, сайып келгенде, бұл қасиет тəуелді жеке сипаттамалардың тұтас қатарын белгілі бір жиынтықтау нəтижесі ретінде қалыптасады.

Басты ұғым тиімділік ұғымы болып табылады. Тиімділік - кез келген мақсатты қызметтің қасиетін анықтайтын, танымдық тұрғыдан мақсат санаты арқылы ашылатын жəне шығындарды, ресурстарды жəне уақытты ескере отырып, мақсатқа қол жеткізу дəрежесімен объективті түрде көрсетілетін жал- пы ұғым. Сондықтан кəсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін өте маңызды болып табылады.

ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

Тиімділік кез келген өндірістік үрдістердің жүзеге асуы кезінде назарда болатын басты ұстаным.

Ол шаруашылықты жүргізген кезде қойылған мақсатқа қол жеткізуде жұмсалатын ресурстардың ба- рынша аз жұмсалуын сипаттайтын сандық шама болып табылады. Жалпы алғанда ол қол жеткізген нəтиженің кеткен шығынға қатынасын сипаттайды, яғни төмендегі формуламен есептелінеді.

Тиімділік нəтиже шығын (1)

Ол шаманы есептейтін көптеген тəсілдер бар, дегенмен осы орайда сызықтық бағдарламалау есебінің (СБЕ) алатын орны зор. Ол тəсілдің авторлары кеңес ғалымы Л.Канторович пен американ ғалымы Т.Купманс 1975 жылы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды. СБЕ туралы еңбектер жеткілікті түрде жарияланған жəне олар кеңінен танымал [1-4].

Көптеген экономикалық бағыттағы зерттеу жұмыстары СБЕ тəсілін қолдану арқылы талданып пайымдалады. Белгілі бір нəтижеге қол жеткізуде қолданылатын ресурстардың ысырапсыз жұмсалуы əрдайым өзекті болып табылады. Соңғы кезде экономикалық үрдістердің жылдамдықтарының тез өзгермелі болуы, қалыптасқан жағдайдың тұрақсыздығы жəне ресурстар үшін күрестің барған сайын күшеюі басқару шешімдерінің барынша тиімді болуын қажет етеді.

Осы орайда тиімділікті зерттеп сипаттайтын математикалық модельдердің салмағы артуда.

Сонымен бірге компьютерлік бағдарламалардың жетілдірілуі аталмыш мəселені шешуге белгілі бір дəрежеде мүмкіндік жасайды. Кейінгі жылдары аталмыш СБЕ жетілдіру арқылы оны қолдану аясын кеңейтудің мүмкіндігі туды.

Сондай жетілдірілген тəсілдің біріне DEA тəсілі жатады. DEA (Data Envelopment Analysis) қысқартылған сөзі «жинақталған мəліметтерді талдау» деген ұғымды білдіреді. Бұл тəсілді американ ғалымдары У.У.Чарнс пен А.У.Купер 1978 жылы ұсынды [5].

(3)

- мемлекеттік басқару;

- өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығы;

- əскери сала;

- білім жəне денсаулық сақтау;

- тасымал жəне логистика;

- сауда жəне қаржы;

- энергетика.

- т.с.с. салаларда қолданылады.

DEA тəсілінің негізгі принпциптері мынадай [6]:

Бұл тəсілді қолданған кезде тиімділік шекарасы ұғымы қолданылады. Оның мəнісі 1 - суретте көрсетілген:

ɿ ɿ ɿ ɿ ɿ ɿ

Ɍɢɿɦɞɿɥɿɤ ɲɟɤɚɪɚɫɵ

1 сурет - Өнім өндірудегі тиімділік шекарасы Жоғарыда берліген 1 суреттегі белгілердің сипатталуы мынадай:

х1, х2 - жұмсалатын ресурстар түрі;

у – шығарылатын өнім;

SS - тиімділік шекарасы;

A, B, C, D, P – қарастырылатын объектілер.

Демек, 1-суреттен көріп отырғандай SS - тиімділік шекарасында жатқан A, B, C, D объектілері тиімді, тек Р объектісі ғана тиімсіз болып табылады.

Сонымен бірге, суреттен неғұрлым объект координата осьтерінің қиылысында жатқан О нүктесіне жақындаған сайын соғұрлым шығын аз жұмсалып тиімді болатынын көруге болады.

Р - объектісінің тиімділігі OP

OQ

қатынасымен сипатталады, демек ол қатынастан пайда болатын шаманың 1-ден кем болатындығы байқалады.

Олай болса тиімділік шекарасында жатқан A, B, C, D - объектілердің үлгі болу (эталон) коэффици- енттері λ- əрпімен белгіленеді. Егер объект тиімділік шекарасында жатса онда ол үлгілі болып есепте- леді, демек оның мəні λ =1 болады.

Егер объект тиімділік шекарасында жатпаса, онда оның үлгілі болу коэффициенті λ< 1 жəне ол объекті үшін шекарада жатқан үлгілі болатын объектілер анықталады. Анықталған объектілердің көрсеткіштері бойынша тиімсіз объектінің көрсеткіштерін тиімді ету бағыты есептелінеді.

DEA тəсілінің математикалық моделі мынадай формуламен сипатталады [7]:

(4)

݉݅݊ߠǡ ߣሺߠሻ

െݕ݆ ൅ ܻߣ ൒ Ͳ ߠݔ݆ െ ܺߣ ൒ Ͳ

෍ ߣ݆ ൌ ͳ

௝ୀଵ

ߣ ൒ Ͳ

(2)

Мұндағы:

≤ 1 скалярлық шама тиімділіктің белгісі;

n - объектілер саны;

m - кіру көрсеткіштері;

s - шығу көрсеткіштері;

Х - n объектінің кіру көрсеткіштерінің (шығынның) матрицасы (m x n);

Y - n объектінің шығу көрсеткіштерінің (өнімнің) матрицасы (m x n);

xj и yj – j ші бағаланатын объектінің кіріс жəне шығыс бағана- векторлары;

λ – вектор константа (n х 1).

Қойылған есеп əрбір объекті үшін жеке, яғни N рет шешіледі.

Егер θ=1 болса онда объект тиімді;

Егер θ<1 болса онда объект тиімсіз.

Аталған модель өнімді шығарған кезде кететін шығынның барынша аз болуын сипаттайтын («input oriented») модель болып табылады. Себебі модельге енгізілетін фактор ретінде шығын қарастырылып оның тиімділігі талданды.

Модельдің екінші түрі болып шығарылған өнімнің барынша көп болуын сипаттайтын модель («output oriented») табылады. Оның мəнісін 2-суреттен көруге болады [8].

2 сурет - Өнімді көбейтуге арналған модельдің графигі

(5)

А, В, С, D субъектілері тиімділік шекарасында жатыр. Ал М субъектісі тиімділік шекарасының ішкі аймағында орналасқан. Демек, ол тиімсіз. 1 суреттегі көрініспен салыстыратын болсақ, айырмашылықтар мынада:

1-суретте өнім өндіруге кеткен шығын азайған сайын тиімділік шекарасы координата осьтерінің қиылысына О нүктесіне жақындай түседі.

2-суретте өндірілген өнім көлемі көбейген сайын тиімділік шекарасы координата осьтерінің қиылысынан О нүктесінен алшақтай түседі.

М нүктесінің тиімділігі мына формуламен сипатталады [9]:

ʡʔˏǣͲ ൑ డሺʝʛሻ

డሺʝʛ൑ ͳ (3) Шығаруға бағытталған модельде əрбір субъект үшін «кіріс» (ресурстар) мен «шығыс»(өнімдер) көрсеткіштері есептелінеді:

«кіріс»= ݒݔଵ௞൅ ڮ ǥ ൅ ݒݔ௠௞ (4)

«шығыс»= ݑݕଵ௞൅ ڮ ൅ ݑݕ௦௞ (5) Мұндағы:

m–ресурстың реттік нөмірі; s – өнімнің реттік нөмірі; xmk - m – ресурсының k субъектісіне арналған бағасы; ysk – s- өнімінің k субъектісіне арналған бағасы; vm, us – «кіріс» жəне «шығыс» факторларының белгісіз коэффициенттері.

Енді vm коэффициенттерінің ең жоғарғы мəнін қамтамасыз ететін көрсеткішін табу керек. Ол үшін əрбір басқару субъектісінің тиімділігін табатын есеп t -рет шығарылуы тиіс мұнда (k=1,…..t).

PD[

o

mk m k

k

sk s k

k

k v x v x v x

y u y

u y

T

u

(6)

Мұнда мынадай шарт орындалуы тиіс:

t t

d

s m

mk m k

k

sk s k

k

u u u

v v v

t x j

v x

v x v

y u y

u y u

(7)

Бірақ мұндай шарт классикалық тиімділік есептерін шығаруға келмейді. Сондықтан Чарнс пен Купер сызықтық бағдарлама есебінің негізі ретінде есепті мынадай күйге əкелді [10-11]:

PD[

k k s sk o

k u y u y u y

T

Ɇԝɧɞɚԑɵ

t t

d

s m

mj m j

sj s j

mk m k

k

u u u

v v v

t j

x v x

v y u y

u

x v x

v x v

Сызықтық бағдарламалау есебі көп жағдайда кіндіктес болып келеді. Оның мəнісі мынада.

Өнімді өндіруге кеткен шығынның барынша аз болуын есептеу автоматты түрде аз шығынмен

(6)

қалай көп өнімді алуға болатынын сипаттайды [12]. Сондықтан ондай модельді есептеген кезде бір бағытын есептеген жеткілікті.

EXCEL электронды кестесіндегі сызықтық бағдарламаны шешу үшін қолданылатын «Поиск ре- шения» бағдарламасындағы «Отчет по устойчивости» табылған шешімге ықпал ететін факторлардың қаншалықты əсер беретінін сипаттайды. Ол үшін онда «Нормирумые стоимость» жəне «Теневые цены» қолданылады.

Əдетте табылған шешімге өндірілген өнімнің бірлігінің бағасы жəне жұмсалған ресурстың көлемі ықпал жасайды. Өнімнің бағасы «Нормирумые стоимость» параметрі, ал ресурстар көлемі

«Теневые цены» параметрі арқылы ықпал береді. Аталмыш параметрлір арқылы талдау жүргізіп жəне болжамдық көрсеткіштерді есептеуге болады.

Олай болса, аталмыш тəсілді нақты кəсіпорындардың шаруашылық қызметін талдауға қолданып көрелік. Ол үшін құрылыс саласында істейтін 4 кəсіпорынның 2018 жылғы мəліметтері пайдаланыл- ды (1-кесте).

Төмендегі 1-кестеден 5 - кіріс векторларын (Х - матрицасын) жəне 1-шығыс (У - векторын) көруге болады. Мұнда Х - матрицасы өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың векторларын, ал Ү - векторы өндірілген өнімді сипаттайды.

1 – кесте. Құрылыс кəсіпорындарының шаруашылық мəліметтері (2018 ж.)

мың теңге

Ұйымдар Құрылыс

жəне көмекші материалдар

Х1

Басқа шығындар Х2

Энергия жəне жану-жағар май

Х3

Аморти- зация

Х4

Еңбек ақы

Х5

Өнім көлемі У

«СтройСервис» ЖШС 1089510 158200 128538 29267 571994 2251388

«Шаңырақ» ЖШС 1576015 228420 192645 42656 712296 2019075

«Батыс» ЖШС 5118101 649910 568678 121860 1665421 7549659

«Optima» ЖШС 221650 30093 24605 5348,8 74890,4 284221

Ескерту: кестені авторлар ұйымдардың мəліметтері негізінде құрастырды

Сонымен, 2-ші формулаға сай 1-кестенің мəліметтері негізінде құрылатын модель мынадай болады [13]:

σ௜ୀଵݔ݆݅ߣ݅ ൑ ߠݔ݆݆ ൌ ͳǡ ݊ (3) Ал, 3-ші формула бойынша құрылатын модельдің жасалу бағыты мынадай. Мысалы:

Х1-құрылыс жəне көмекші материал айнымалысы бойынша құрылатын модель:

1089510λ1+1576015λ2+5118101λ3+221650λ4≤1089510θ (10) Х2 - басқа ресурстар бойынша:

158200λ1+228420λ2+649910λ3+ 30093λ4≤158200θ (11)

Х3 - энергия жəне ЖЖМ ресурстары бойынша:

128538λ1+192645λ2+568678λ3+24605λ4≤128538θ (12)

Х4 - амортизация бойынша:

(7)

Х5 - еңбекақы бойынша:

571994λ1+712296λ2+1665421λ3+74890,4λ4≤571994θ (14)

Ү - өндірілген өнім бойынша:

2251388λ1+2019075λ2+7549659λ3+74890,4λ4≥2251388 (15)

Шарт бойынша:

λ1+λ2+λ3+λ4=1 (16)

моделі құрылады.

СБЕ негізінде қажет болатын мақсатты функция ретінде (3) модельді алуға болады, яғни ол

Ғ = 813328,3λ1+802325,28λ2+2672850λ3+132010λ4 min (17) болып сипатталады.

АЛЫНҒАН НƏТИЖЕЛЕР

Мақсат өнімді өндіруге кеткен шығынды барынша азайтуды қамтамасыз ететін шаманы табу.

Құрылған модельдің параметрлерін есептеу EXCEL электронды кестесіндегі «Поиск решения»

қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Демек, біздің ұйымдардың мəліметтері бойынша есептеу нəтижесі мынадай болды:

«СтройСервис», «Батыс», жəне «Optima» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысы тиімді болды, яғни олардың тиімділік коэффициенті θ=1

Ал «Шаңырақ» ЖШС тиімділік коэффициенті θ=0,69 болды, демек ол тиімсіз, оның шаруашылығында артық шығындар бар.

Олай болса «Шаңырақ» ЖШС тиімді ету үшін шекарада жатқан тиімді объектілердің қайсысы үлгілі болатынын анықтайық.

Есептеу мынадай нəтиже берді: λ1 = 0,63; λ3 = 0,07; λ4 = 0,3.

Көрсеткіштерді пайымдайық:

Біріншіден, λ1+λ3+λ4 = 1, демек қалған үш кəсіпорын «Шаңырақ» ЖШС үлгі бола алады.

Олай болса есептелген коэффициенттерді сəйкес шығын көрсеткіштеріне көбейтіп олардың қосындысын «Шаңырақ» ЖШС көрсеткішінінен алып тастайды.

Мысалы Х1-ресурс құрылыс материалдары болып, «Шаңырақ» ЖШС бойынша оған жұмсалған қаржы 1576015 мың теңгені құрады. Сəйкесінше, «СтройСервис» ЖШС – 1089510,0 мың теңге, «Ба- тыс» ЖШС – 5118101,0 мың теңге, «Optima» ЖШС – 221650,0 мың теңге болды.

Енді «Шаңырақ» ЖШС көрсеткішінен үлгі болу коэффициентеріне көбейтілген шамалардың қосындысы алынады, яғни 1576015 - (0,63*1089510+0,07*5118101+0,3*221650) = 464861,6 мың теңге.

Есептелген шама жұмсалған шамадан 70 пайызға кем, олай болса «Шаңырақ» ЖШС Х1 - құрылыс материалына кеткен шығынды 70 пайызға дейін қысқарту керек.

Қалған шығындар да осындай бағытпен қысқартылады. Соның нəтижесінде «Шаңырақ» ЖШС тиімді кəсіпорындар қатарына кіреді.

Дегенмен де, тиімді шаруашылықтардың ішіндегі тиімдірегі, яғни озыңқырағаны қайсысы деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Былайша айтқанда, жеңімпаз тек біреу болуы тиіс, яғни аса тиімді жұмыс жасаған кəсіпорынды анықтау қажет.

Кейбір басылымдарда оны «супертиімділік» деп бағалайды [14]. DEA тəсілі оған да жауап бере алады. Мұнда тиімділік кəсіпорындардың жеке көрсеткіштерін талдау арқылы анықталады. Ол үшін EXCEL кестесіндегі INDEX функциясы пайдаланылады жəне θ >1 болады [15].

Тиімді 3 кəсіпорынның ішіндегі озығы θ=7,63 коэффициентімен «Ортима» ЖШС, екінші орында θ=1,42 коэффициентімен «СтройСервис» ЖШС, үшінші орында θ=1,15коэффициентімен «Батыс»

ЖШС болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда зертету жұмысымыздың нəтижесінде біз, аталмыш мəліметтерді қаусара тал- дау (DEA) тəсілі арқылы зерттеу жүргізген кəсіпорындардың нақты мəліметтері негізінде олардың

(8)

қаншалықты тиімді қызмет жасағаны туралы сандық негізде тұжырым жасап отырмыз. Зерттеудің нəтижесінде тиімді кəсіпорында тиімділік шекарасында орналасқаны анықтылынды. Тиімсіз кəсіпорындар шекараның ішкі қапталында орналасады жəне оларға шекарадағы орналасқан тиімді кəсіпорындардың ішінен «үлгілі» кəсіпорындарды анықтап, солардың көрсеткіштері негізінде жұмсалған шығынды азайтудың мүмкін жолдарын көрсете алдық. Аталмыш тəсіл арқылы тиімсіз кəсіпорындарды тиімді кəсіпорындар қатарына қосудың нақты қадамдары жасалып тиісті басқару шешімін қабылдауға қорытынды мəліметтер жинақталынды жəне осы мəліметтердің негізінде зерттеу жүргізген ұйымдар үшін тиімді басқару шешімдерін қабылдауға негіздемелер беріліп отыр.

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Полтерович В.М. Теория оптимального распределения ресурсов Л. В. Канторовича в истории экономической мысли //Журнал Новой экономической ассоциации.: М., 2012. - № 1 (13). - С. 176-180.

2. Абрамов Л.М., Капустин, В. Ф. Математическое программирование. -Учебное пособие. -Л.: ЛГУ, 1981. - 328 с.

3. Акоф Р. Сасиени М. Основы исследования операций. - Пер. с англ. В.Я. Алтаева, под ред.

И. А. Ушакова. -М.: Мир, 1971. - 551 с.

4. Акулич И.Л. Математическое программирование в примерах и задачах. - М.: Высшая школа, 1986. - 319 с.

5. Charnes A., Banker R. D., Cooper, W. W. (1984) Some Models for Analysis, Management Science 30, pp. 1078-1092.

6. Data Envelopment Analysis [Text]: Theory, Methodology and Application /Charnes, W.W. Cooper, A.Y. Lewin, L.M. Seiford. – Boston: Kluwer AcademicPublishers, 1994. – 513 p.

7. Кривоножко В.Е. Анализ деятельности сложных социально-экономических систем [Текст] / В. Е.

Кривоножко, А. В. Лычев. – М.: Издательский отдел факультета ВМ и К МГУ: МАКС Пресс, 2010. – 208 с.

8. Joe Zhu. Quantitative Models for Performance Evaluation and Benchmarking. Data Envelopment Analysis with Spreadsheets.Third Edition Springer International Publishing Switzerland 2003, 2009, 2014.

9. Lissitsa A., Babichev T. Analysis envelope data (DEA) - a modern method of determining the effi ciency of production. Discussion Paper №50 (2003). c. 28. Institutfür Agrarentwicklung in Mittel - und Osteuropa (IAMO). Deutschland. http:// www.iamo.de/ fi leadmin/documents/dp50.pdf (date of treatment 10.09.2019)

10. Andersen P., Petersen, N.C. (1993): A procedure for ranking effi cient units in Data Envelopment Analysis, Management Science, 39, pp. 1261–1264.

11. Соловьёв М.Н. Разработка математической модели сравнительной оценки эффективности реги- онов России [Текст] / М.Н. Соловьёв С.В. Пестриков //Вестник Самарского государственного универ- ситета.: Физ.-мат.науки. - 2008. -№ 1(16).- С. 175–177.

12. Светлов Н. Оценка функции полезности сельскохозяйственного предприятия посредством ли- нейного программирования // Никоновские чтения - 2002: Власть, бизнес и крестьянство: механизмы эффективного взаимодействия.М.: Энциклопедия российских деревень, 2002. – С. 308–310.

13. Добряк В.С. Повышение качества подготовки специалистов за счет реализации образовательных проектов [Текст] / В.С. Добряк, М.С. Мазорчук О.С. Радивоненко // Радиоэлектронные компьютерные системы. – 2009. – №4(38). – С. 96-102.

14. Добряк В.С. Построение математической модели отбора персонала на основе компетентностно- го подхода [Текст] / В. С. Добряк, М. С. Мазорчук,Н. С. Бакуменко // Радиоэлектронные компьютерные системы. – 2012. – №2(54). – С. 163-169.

15. Добряк В.С. Модель оценки компетентности преподавателей высшего учебного заведения на ос- нове метода охвата данных [Текст] / В.С. Добряк М.С. Мазорчук // Радиоэлектронные компьютерные системы. – 2011. – №3(51). – С. 80-83.

(9)

REFERENCES

1. Polterovich, V.M. Teoriia optimalnogo raspredeleniia resursov L.V. Kantorovicha v istorii ekonomicheskoi mysli //Zhurnal Novoi ekonomicheskoi assotsiatsii: zhurnal. - M., 2012. - № 1 (13). - S. 176-180.

2. Abramov, L.M., Kapustin V.F. (1981). Matematicheskoe programmirovanie. -Uchebnoe posobie. -L.:

LGU [in Russian].

3. Akof R., Sasieni, M. (1971). Osnovy issledovaniia operatsii Per. s angl. V.Ia. Altaeva / pod red. I. A.

Ushakova. -M.: Mir [in Russian].

4. Akulich, I.L. (1986). Matematicheskoe programmirovanie v primerakh i zadachakh. - M. : Vysshaia shkola [in Russian].

5. Charnes, A., Banker, R. D., Cooper, W. W. (1984) Some Models for Analysis, Management Science 30, S. 1078-1092.

6. Data Envelopment Analysis [Text]: Theory, Methodology and Application /Charnes, W.W. Cooper A.Y.

Lewin L.M. Seiford. – Boston: Kluwer AcademicPublishers, 1994. – 513 s.

7. Krivonozhko, V.E. (2010). Analiz deiatelnosti slozhnykh sotsialno-ekonomicheskikh sistem [Tekst] / V.E. Krivonozhko, A.V.Lychev.-M.: Izdatelskii otdel fakulteta VM i K MGU MAKS Press [in Russian].

8. Joe Zhu. (2014). Quantitative Models for Performance Evaluation and Benchmarking. Data Envelopment Analysis with Spreadsheets.Third Edition Springer International Publishing Switzerland 2003, 2009.

9. Lissitsa A., Babichev T., Analysis envelope data (DEA) - a modern method of determining the effi ciency of production. Discussion Paper №50 (2003). Institutfür Agrarentwicklung in Mittel - und Osteuropa (IAMO).

Deutschland. http:// www.iamo.de/ fi leadmin/documents/dp50.pdf (date of treatment 10.09.2019).

10. Andersen, P., Petersen, N.C. (1993). A procedure for ranking effi cient units in Data Envelopment Analysis, Management Science, 39, pp. 1261–1264.

11. Solovev, M.N. Razrabotka matematicheskoi modeli sravnitelnoi otsenki eff ektivnosti regionov Rossii [Tekst] / M.N. Solovev, S.V. Pestrikov //Vestnik Samarskogo gosudarstvennogo universiteta: Fiz.-mat.nauki.

- 2008. -№ 1(16). - S. 175–177.

12. Svetlov, N. Otsenka funktsii poleznosti selskokhoziaistvennogo predpriiatiia posredstvom lineinogo programmirovaniia // Nikonovskie chteniia - 2002: Vlast, biznes i krestianstvo: mekhanizmy eff ektivnogo vzaimodeistviia.M.: Entsiklopediia rossiiskikh dereven, 2002. – S. 308–310.

13. Dobriak, V.S. Povyshenie kachestva podgotovki spetsialistov za schet realizatsii obrazovatelnykh proektov [Tekst] / V.S. Dobriak, M.S. Mazorchuk O.S. Radivonenko // Radioelektronnye kompiuternye sistemy. – 2009. – №4(38). – S. 96-102.

14. Dobriak, V.S. Postroenie matematicheskoi modeli otbora personala na osnove kompetentnostnogo podkhoda [Tekst] / V. S. Dobriak, M. S. Mazorchuk,N. S. Bakumenko // Radioelektronnye kompiuternye sistemy. – 2012. – №2(54). – S. 163-169.

15. Dobriak, V.S. Model otsenki kompetentnosti prepodavatelei vysshegouchebnogo zavedeniia na osnove metoda okhvata dannykh [Tekst] / V.S. Dobriak M.S. Mazorchuk // Radioelektronnye kompiuternye sistemy.

– 2011. – №3(51). – S. 80-83.

ТҮЙІН

Соңғы кездері экономистер экономикалық процесстер мен құбылыстарды зерттеу үшін мəліметтерді қамтуды талдау əдісін (DEA) қолдана бастады. Бұл əдіс компаниялардың нəтижелерін анықтауға мүмкіндік беретін өндірістің кіріс-шығыс ақпаратына негізделген. Əдіс сызықтық бағдарламалау принциптеріне негізделген. Мақалада құрылыс нарығында жұмыс жасайтын ұйымдардың деректері талданып, олардың тиімділігі бағаланады.

(10)

РЕЗЮМЕ

В последнее время экономисты все чаще стали использовать метода анализ охвата данных (DEA) для изучения экономических процессов и явлений хозяйствующих субъектов. Этот метод основан на информации «затраты-выпуск» производства, позволяющей определить результаты деятельности ком- паний. Метод основан на принципах линейного программирования. В статье проанализированы дан- ные организаций, работающих на рынке строительства, и оценена их эффективность деятельности.

SUMMARY

In recent years, economists have increasingly begun to use the DEA (Data envelopment analysis) method to study economic processes and phenomena of economic entities. This method is based on input-output information of production, which allows to determine the performance of companies. The method is based on the principles of linear programming. The article analyzes the data of organizations working in the construction market and assesses their eff ectiveness.

СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ

Айдынов Зейн Пшенбаевич – кандидат экономических наук, старший преподаватель, Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина, Нур-Султан, Республика Казахстан

Нуркашева Нурсулу Султанияровна – кандидат экономических наук, ассоциированный профес- сор, Университет «Нархоз», Алматы, Республика Казахстан. [email protected]

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділік аудиті үшін әрбір бюджет- тік бағдарламаны атқарудың, сондай-ақ стратегиялық жоспардың мақсаты мен

реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бəрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда» [1, 5 б].Қазіргі əлеуметтік жəне мəдениет тарапынан

Қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау нəтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия оқытудың жеке тəжірибесін жетілдіру үшін

Аннотация: Инвестициялық жəне инновациялық жобалары іріктеу мен тиімділігін бағалау үшін талдау объектісі болып табылатын шетелдік жəне

Қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігін талдау үшін мынадай коэффициенттер пайдаланылады: автономия коэффициенті; қаржылық тəуелділік

Егер экономикалық дамудың көптеген көрсеткіштері бойынша республиканы 1990-шы жылдардың басында дамушы елдер қатарына жатқызуға болатын болса, онда халықтың

Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы жəне басқа да мəліметтерді талдау жəне жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс

Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы жəне басқа да мəліметтерді талдау жəне жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс