• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Көрсету «Қоғам және Дәуір» | ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Көрсету «Қоғам және Дәуір» | ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР"

Copied!
120
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖОЛДАРЫНАН

Алмас Арзықұлов

XXI ғасырдың Қазақстаны ... 5 СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ

ҚАУІПСІЗДІК

Лазат Нұрсұлтанова

Қазақ-британ серіктестігі ... 9

ІШКІ САЯСАТ Әсел Төлемісова

Бұқаралық ақпарат құралдарының

қоғамдық-саяси орны ... 20 Мұхтарбек Шайкемелев,

Ермек Тоқтаров Блоггинг саяси

белсенділіктің түрі ретінде ... 26 ЭКОНОМИКА

Мадина Махмұтова

Маркетинг және агро-өндірістік кешен ... 38 Евгений Хон

Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту экономикалық

қауіпсіздіктің маңызды факторы ... 45

ҚОҒАМ, ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ Толқын Әуелғазина

С.Сәдуақасұлының қоғамдық қызметі ... 53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ 2004 жылдан бастап әр тоқсан сайын жарық көредi

Бас редактор Ерлан ҚАРИН,

ҚР Президентi жанындағы ҚСЗИ директоры

Жауапты редактор Үлес НЫСАНБЕК

Шығаруға жауапты:

А. Арзықұлов Г.Сейтахметова Редакция мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4

ҚР Президентi жанындағы ҚСЗИ Телефон (7172) 75-20-20 Факс (7172) 75-20-21 E-mail: [email protected] www.kisi.kz

Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнде 2003 ж.

19 желтоқсанда тiр келiп, тiркеу туралы

№ 4526-Ж куәлiк бе рiлген.

Индекс 74007

Журналда жарияланған материалдарды көшiрiп басқан, микрофильмдеген жағдайда журналға сiлтеме жасалынуы мiн деттi. Жарияланған мақала авторларының пiкiрi редакция көзқарасын бiл дiрмеуi мүмкiн.

ЖК «Волкова Е.В.» баспаханасында басылып шығарылды.

050010, Алматы қ., Райымбек даң., 212/1.

Таралымы 500 дана.

(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

Құралай Қожаханова

Ұлы отан соғысы жылдарындағы ауылдың жағдайы (Экспедиция материялдарынан) ... 67 Дария Асымова

Алматы қаласы тұрғындары: ХХ ғ. 20-30 ж.ж.

әлеуметтік-демографиялық сипаты ... 80 Халида Нұрсейітова

Дискурстың институционалды түріндегі

гендерлік компетенттілік ... 101 Мұғазима Досымова

Қазақстандағы этнотілдік үрдістердің

тарихи зертттелуі...108

Түйіндеме ...116

(3)

Ерлан Қарин – редакциялық кеңестің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры, саяси ғылымдарының кандидаты

Үлес НЫСАНБЕК – жауапты редактор, ҚР Президенті

жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Рахман АЛШАНОВ – «Тұран» білім корпорациясының президенті,

ҚР жоғарғы оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Мәулен ӘШІМБАЕВ – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты

Камал БҰРХАНОВ – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Санат КӨШКІМБАЕВ – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы

Бағлан МАЙЛЫБАЕВ – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы Ләйлә МҰЗАПАРОВА – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

директорының бірінші орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Марат ШАЙХУТДИНОВ – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі

Хатшының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зарема ШӘУКЕНОВА – ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және

дінтану институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті

(4)

Ерлан КАРИН – председатель редакционного совета, директор Казахстанского института стратегических исследований (КИСИ) при Президенте РК, кандидат политических наук

Улес НЫСАНБЕК – ответственный редактор, заместитель директора КИСИ при Президенте РК, кандидат экономических наук

Рахман АЛШАНОВ – президент образовательной корпорации «Туран», президент Ассоциации высших учебных заведений РК, доктор экономических наук, профессор

Маулен АШИМБАЕВ – депутат Мажилиса Парламента РК, председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности, кандидат политических наук Камал БУРХАНОВ – депутат Мажилиса Парламента РК,

доктор политических наук, профессор Санат КУШКУМБАЕВ – заместитель директора КИСИ при Президенте

РК, доктор политических наук

Баглан МАЙЛЫБАЕВ – заместитель Руководителя Администрации Президента РК, доктор юридических наук Лейла МУЗАПАРОВА – первый заместитель директора КИСИ при

Президенте РК, кандидат экономических наук

Марат ШАЙХУТДИНОВ – заместитель Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан, доктор

исторических наук, профессор

Зарема ШАУКЕНОВА – директор Института философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, доктор социологических наук, профессор, член-корреспондент НАН РК

(5)

XXI ғасырдың Қазақстаны

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың бөлім меңгерушісі

Қ

азақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы соңғы жылдары еліміздің дамуының стратегиялық бағдарламалық құжаты ретінде, бүкіл ел болып күтетін, тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар азаматтардың көптеген салалар бойынша өз қызметі мен жұмысын, жалпы алдағы мерзімге өз әрекетін ұйымдастыру мен жоспарлауға қажетті нұсқаулық құжатқа айналды.

Қазақстан Республикасының тұрақты және өркениетті дамуына серпін берген Елбасының 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030»

стратегиялық даму бағдарламасынан кейінгі биылғы 18-ші Жолдауының да маңызы өте ерекше. Жалпы алып қарағанда Елбасы өзінің «алдымен – экономика, сосын – саясат» деген ұстанымына сәйкес әр жылдардағы жолдауларында Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық жағынан дамуына, оның азаматтарының әл-ауқатына, жалпы еліміздің әлемдік экономикалық қауымдастықтағы орнын тауып, айқындауы мәселесіне ден қойып келеді. Биылғы жылғы Жолдау да осы мәселелерге арналды, тек Елбасы өз сөзін патриоттық мазмұндағы жолдардан бастады: «ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта

«нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!», деп өткен уақыт аралығындағы жетістіктерге баға берсе, жылсайынғы бағдарламалық құжаттардың қажеттілігіне қатысты былай деп мәлімдеді: «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық

(6)

жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді».

Елбасы өзінің «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты атты жолдауында еліміздің жарқын болашағына қатысты ұстанымдарын білдірген еді. Жолдауда 2050-жылға дейінгі стратегиялық бағыттар айқындалса, енді осы стратегияның жүзеге асырылу тетіктері көрсетілді. Мысалы, айтылған мерзімге дейін жеті бесжылдық болса, осы әрбір бесжылдықта жаңа инновациялық идеялар іске асатын болады. Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

«Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақ- стандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.

Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жиырма үш жылдың ішінде экономикасы қарқынды дамыған, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағдары айқындалған, өркениеттік демократиялық жолмен дамып келе жатқан жасампаз мемлекеттің іргесін қалады.

Бүгінгі күні елімізде инновациялық жобаларды дамыту, жүзеге асыру – өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты баламалы энергия көздерін пайдалану, оны өмірге енгізу жұмыстары нақты

(7)

қолға алынуда. Жолдауда елімізде мобильді және мультимедиялық, нано және космостық технологиялар, роботтық техника саласын, гендік инженерияны дамыту, болашақтың энергиясын жасау міндеті өмірлік маңызы зор міндет ретінде ерекше атап өтілді.

Мұндай күш-қуатымыздың салмақтылығы бізге бәсекелестік артықшылық мүмкіндігін бере отырып, елімізді жаһандық эконо- микаға еркін кірігуге жағдай жасайтын болады.

Биылғы Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің баянды болашағы жолында аянбай бірлесе еңбек ету, еңбектің берекелі зейнетін көру бүгінгі күні әрбір қазақстандық азаматтың қасиетті парызы болып қала бермек.

Елбасымыздың «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан қоғамдық дамудың экономикалық, әлеуметтік, рухани байланысының негізі көрініп тұрғандай. Осыған қатысты жолдаудың басты ерекшелгі ретінде ұлттық идея, ел болашағы туралы сөздің айтылуы болды. Біз кімбіз, қайда барамыз?

Біз – қазақ еліміз, Қазақстан халқын мәңгі ел идеясына, қазақ тілінің айналасына топтастыруымыз керек.

Болашақтың ертеңі күні қалай болады ? Елің аман, жерің бүтін болу үшін не істеу керек? Жұмыр әлемді осындай сауал билеген тұста Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің болашағын дәл көрсетіп берді. Оған Жолдаудағы «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. І кезең 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Онда ХХІ ғасыр «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып жаңғырту серпілісін жасау керек» деген сөздер дәлел. Өркениет көшіне аршынды қадаммен алға басқан елімізде «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кешегі күнгі халыққа жолдаған Жолдауын жариялаған кезде толымды жауап берді. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Болашағымыздың бағдары, мәңгілік мұраттарымыздың, мақсаттарымыздың түйіскен нүктесі. Яғни, ұлтты ұйыстырып, армандарды ақиқатқа айналдыратын тірек. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын» деп атап көрсетті өз Жолдауында Елбасы. Президент «Мәңгілік ел» идеясын айтып қана қоймай, сонымен бірге «Мәңгілік ел» болудың 7 басымдығын атап көрсетті. Бұл жасампаз идея біздің ортақ тағдырмен, жалпықазақстандық шаңырақтың ұлттық идеясы аясында ел болашағының іргетасы мен барша қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылық екендігі ақиқатқа айналған шындық.

(8)

Тәуелсіз ел болып, ата-бабалар арманы ақиқатқа айналған тұста бізге алауыздықтың құрбаны болып, жер бетінен жойылып кеткен ұлттардың басынан өткен тағдыры сабақ болуы тиіс. Туған тілімізге қатысты мәселе де жылдар бойы айтылып келеді. Осы жолы Президенттің «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!

Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген сөзі қазақ тілінің мерейін үстем ете түседі деп ойлаймын.

Жолдауда жария етілген идеологиялық ұстанымға қатысты айта келіп, Президент бұл тапсырманы нақты түрде орындалуына қатысты тапсырма да беріп өтті. «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!

Кешегі Алаш қайраткерлерінің бірі М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген ұранына сәйкес Елбасы да бұл істелініп жатқан жұмыстардың барлығы жастар үшін екенін және де оны жүзеге асырып, қызығын көретін де келешек ұрпақ екендігін тағы бір атап өтті.

Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

(9)

Қазақстан-британ серіктестігі

Лазат НҰРСҰЛТАНОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия улттық университетінің профессоры,

тарих ғылымдарының докторы

Қ

азақстан – британ дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылдың 19 қаңтарынан бастау алады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы саяси және экономикалық жағдайға барлау жасау мақсатында Қазақстанға М. Тэтчер, Д. Бейкер секілді ағылшын саяси қайраткерлері келіп кеткен болатын. Ол кезеңде Батыс елдері Қазақстанға халықаралық қатынастардың жаңа субъектісі және орталықазия аймағы бойынша серіктес болатындай мемлекет ретінде қарастыра бастаған еді.

Ұлыбританияның Елшісі Р.Брейтвейт Қазақстанның өз тәуел- сіздігін жариялағанын қолдайтынын, ал 1991 жылдың қыр- күйегіндегі Н. Назарбаевтың Англияға жасаған сапарының тарихи маңызы бар екендігін, өйткені осы кезеңнен бастап қазақ-британ байланыстарында үлкен қадам жасалынғадығына тоқталып өткен еді.

Ағылшын Елшісінің Қазақстанға қатысты мәселелер арасындағы ең маңыздысы республика территориясында орналасқан ядролық қару- жараққа қатысты ел басшылығының ұстанған көзқарасы болатын.

Қазақстан 1993 – 1995 жж. аралығында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай тарапынан елімізді ядролық қауіптер мен әскери мазмұндағы қатерлерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты кепілдерін алды, осы кезеңнен бастап республикамыз ұжымдық қауіпсіздік принциптеріне негізделген қарым-қатынастың әлемдік жүйесіне қосылды.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында екіжақты қаты- настардың құқықтық-нормативтік негізі қалыптаса бастады.

(10)

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Үкіметтері арасында салықтың екі рет салынуын болдырмау және мүлік құнының өсуі және кіріс салығынан жалтарудың алдын алуға қатысты конвенцияға (1996); Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Үкіметтері арасындағы әуе байланысы туралы (1994); Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Үкіметтері арасындағы инвестицияны қолдау және қорғау туралы конвенцияға қол қойылды (1995);

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Үкіметтері арасында салық- тың екі рет салынуын болдырмау және мүлік құнының өсуі және кіріс салығынан жалтарудың алдын алуға қатысты конвенцияға өзгертулер енгізу хаттамасы (1997); Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрілігі мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс Министрліктері арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік меморандумы жасалынды (2000).

Сонымен қатар 90-шы жылдарда екі жақты тікелей қарым- қатынас та жиілей бастады: 1994 жыл шілдеде «Қазақстан- Ұлыбритания: ынтымақтастық және дамудың перспективалары»

атты конференция өтті; 1995 жылы 6 шілдеде қазақстан-британ сауда-өндірістік кеңесінің екінші отырысы өтті, 1995 жылы қарашада инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды; 1996 жылы 6-7 шілдеде Лондон қаласында

«Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция және көрме өткізілген.

1994 жылдың 20-22 наурызы аралығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға іс-сапары болды. Сапар барысында үкіметтік деңгейдегі 7 келісімге қол қойылды, олардың арасында: Экономикалық ынтымақтастық туралы біріккен декларация, Білім беру саласынадағы ынтымақтастық туралы келісім, ҚР БҒМ мен Биллербис Колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісім, ол бойынша ағылшын тарапы қазақстандық 20 степендиантты 20 беделді жоғарғы оқу орнына қабылдауды мойнына алды, сонымен бірге көлік, байланыс және металлургия саласын дамыту мәселелері де қарастырылды.

(11)

Британ бағыты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты- ның негізгі бағыттарының бірі саналады. Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылдың қарашасындағы Біріккен корольдікке сапары бары- сында екі мемлекетке де стратегиялық маңызды саналатын келісімдер нақтыланды. Екі елдің Үкіметтері, министрліктері, департаменттері арасындағы байланыстар қалыптастырылды.

2004 жылдың наурызында ҚР Парламенті делегациясының Ұлыбританияға сапары өтіп, оның барысында мұнай-газ, мәдени- ағартулық және ғылыми-техникалық салалардағы екіжақты байланыстарды тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

Осы жылдың қазан айында біздің елге британ парламен- тарийлерінің жауапты іс сапары орын алып, кездесу барысында өзара әрекеттестікті бұдан ары жалғастырудың негізгі басым бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар басқарма аралық деңгейдегі ынтымақтастық та қарқын ала бастады. Бұған дейін, яғни 2003 жылдың қаңтар айында қорғаныс министрі М. Алтынбаевтың Ұлыбританияға іс-сапары барысында ағылшын қорғаныс министрі Дж. Хун және мемлекеттік сыртқы істер министрі М. О’Брайенмен кездесулер өткен болатын [1].

Біздің елге Ұлыбританияның жоғары лауазымдық шенеуніктері, оның ішінде Эндрю ханзада – Йорк герцогі, сыртқы істер министрі Дж.Стро, лорд У. Эверли бастаған парламент делегациясы және басқа да лауазымды тұлғалар сапармен келген болатын.

Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар тарихының маңызды кезеңі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы Ұлыбританияға жасаған ресми сапары болды және осы сапар барысындағы королева Елизавета II және премьер министр Тони Блэрмен кездесті. Ресми Астана бұл жолы Лондонмен өзара ынтымақтастықтың тиімді бағытын қалыптастырып, алдағы уақытта Ұлыбританиямен қалыпты және тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін қатынастар орнатты.

Мұндай қарым-қатынастардың қалыптасуының негізгі фактісі ретінде екі елдің саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ұзақ мерзімдік өзара тиімді мүдделерді айқындауы болатын.

Елбасының сапары барысында сонымен қатар аса қауіпті қылмыстармен күрес жөніндегі мерорандум және автокөлік тасы- малы туралы келесімге қол қойылды. Екі елдің антитеррористік және

(12)

бітімгершілік операцияларға қатысты өзара тиімді әрекеттестігінің мысалы ретінде елімізде ұдайы түрде өткізіліп тұратын «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуларын алуға болады. Лондон мен Астана Ауған жеріндегі жағдайдың реттелуіне қатысты қолдау көрсетіп, осыған қатысты халықаралық қауымдастықтың шараларына белсенді қатысып келеді.

Н. Назарбаев Т. Блэрмен кездесу барысында ағылшын премьер министрі екіжақты қарым-қатынастарды бұдан ары дамыту барысында экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне баса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды және де бірқатар қазақстандық компаниялардың Лондон биржасына қосылуын қолдады [2, 450].

Тағы бір айта кетерлігі, Елбасы 2006 жылы сонымен қатар Ресей, АҚШ, Қытай, Өзбекстан және басқа да елдерге сапар жасаған болатын. Еуропа мен Азия аймағының жетекші мемлекеттермен ынтымақтастық жаңа мәнге ие болған еді. Қазақстан аталынған мемлекеттерден басқа да елдермен қатынастар орнатқан, әсіресе мұсылман елдерімен байланыс жанданып келеді.

Ұлыбритания 1993-2003 жж. қортындысына сәйкес Қазақстан экономикасына салынған тікелей шетел инвестициясы бойынша екінші орында тұрды (3,65 млрд доллардан артық), бұл сол кездегі ҚР салынған ТШИ жалпы көлемінің 13,8 % құрайтын еді.

2004 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Республикамызда 212 британ капиталының қатысуымен құрылған бірлескен мекеме болды, оның 80 бірлескен, ал 132 өкілдіктер болатын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен елдегі жетекші банктер Ағылшын банкімен, Ұлттық Вестминистрлік банкімен және басқа да ірі банктермен корреспонденттік тікелей қарым-қатынастар орнатқан. Ұлыбританияда алғашқы қазақ валютасы – теңгенің бірінші бөлігі басылып шығарылған.

2004 жылдың 29-30 шілдесі күндері Лондонда «Қазақстанның мұнай мен газы» атты 4 халықаралық конференция өтіп, оның негізгі тақырыптары ретінде Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бағдарламасын жүзеге асыру және оның Индустриалды- инновациялық даму стратегиясына үйлестірілуі секілді мәселелер болды. Сонымен қатар аймақтық ынтымақтастық та даму үстінде:

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімшіліктері мен Абердин мэрі арасында 2003 жылдың қазанында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Шымкент

(13)

пен Стивенэйдж, Қостанай мен кирклис қалалары өзара тамырлас- қалалар атанды.

Өзара ынтымақтастықтың маңызды салаларының бірі энергетика саласы. Қазақстан өз тарапынан отандық мұнай-газ секторындағы британ капиталының артуына мүдделі.

Өткен соңғы жиырма жыл ішінде Ұлыбритания отандық нарықта бес жүзден астам компаниясы бар ірі шетелдік инвесеторлар қатарына енді, ол қазақстанға салынған жалпы шетелдік капитал көлемінің жеті пайызына ие болып отыр [3].

Сауда-экономикалық бағыт бойынша Қазақстан-британ сауда- өндірістік кеңесінің, Қазақ-британ сауда-өнеркәсіптік палатасы және Заңгерлердің британ-қазақ қауымдастығының жұмысы жанданып келеді.

Коммуникация саласындағы байланыстар барынша қарқынды дамып отыр. Мысалы, Қазақстанда британдық ВАЕ-Systems мекемесімен бірлесіп жұмыс жасайтын «Эйр-Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы жемісті қызмет атқаруда.

Аталынған жиырма жыл мерзімде екі ел арасында отыздан астам екіжақты келісімдерге қол қойылған. Екі ел халқының мүддесі үшін жұмыс жасайтын ұзақ мерзімдік мемлекетаралық серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың сенімді іргетасы қалыптастырылған.

Қазақстан мен Ұлыбритания геологиялық барлау саласы бойынша да өзара келісімге қол қойған. Астанада отандық «Қазгеология»

ұлттық компаниясы мен британдық «Рио Тинто» тау-кен компани- ясы өзара бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге келді.

Олар Балқаш-Сарышаған және Қорған-Тас кен орындарында барлау жұмыстарымен айналасады. Жоба геологиялық саланың инновациялық дамуға бағыт алуын танытады. Қаржыландыруды

«Рио Тинто» компаниясы өз мойнына алып, жаңа технологиялар тарту мен отандық мамандарды оқытуға міндеттелген. Бағдарлама бойынша жер қойнауының терең қабаттарын зерттеу міндеті қойылған.

Каспий теңізінің өте ауқымды энергетикалық ресурстары Қазақстанды Ұлыбритания тарапынан мұнай-газ кен орындарын игеруге қатысты тауарлар мен қызметтер және де осыған қатысты инфрақұрылымды дамыту бойынша болашағы жарқын нарық ретінде тануына ықпал етіп отыр. Қазіргі таңда отанымыздың мұнай-

(14)

газ саласында 150 астам британдық және бірлескен өнеркісіптер бар, олардың арасында танымал BG, Shell және BP компанияларын атауға болады. Осыған қарамастан аталынған секторға деген қызығушылық күн санап артып келеді.

Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара серіктестік осы саламен ғана шектеліп қалмайды. Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыруға деген ауқымды жоспарларын есепке ала отырып, Ұлыбритания бұл шараны жүзеге асыруға өз көмегін беруге дайын.

Мысалы, BAE Systems өз тарапынан Air Astana компаниясын құруға қолғабыс тигізді. 2006 жылы әуекомпания жаңа Airbus-320 әуе лайнерін сатып алса, одан кейінгі жылдары тағы да осындай төрт әуе ұшағы алынды.

Британ компанияларының тағы да белсенді жұмыс атқарып жатқан салалары ретінде алтын және түсті металлдар өндіру саласын айтамыз. Hambledon Mining компаниясы Шығыс Қазақстан жеріндегі

«Секисовка» алтын кен орнында өндіріспен айналысып отыр.

Pilkington Glass компаниясы мен Қазақстанның инвестициялық қоры арасында Қызылорда облысында шыны зауытын салу туралы келісімге қол қойылған. Аталынған жобаның нәтижелі орындалуы Қазақстанның осы өнім бойынша әлемдік экспортерлер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірқатар бірлескен компаниялар қаржы, заң және ағарту салаларында жұмыс жасауда.

Екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 2005 жылы 750 млн. АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44% жоғары. 2006 жылғы мәлімет бойынша Ұлыбритания инвесторлар ішінде үшінші орында тұрды, бұл жалпы Қазақстан экономикасына салынған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 11%, яғни шамамен 5 млрд доллар болады.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бастап осы кезеңге дейін оның инвестициялық ахуалын жақсартуға және іскерлік ынтымақтастығын арттыруға бағытталған көптеген келісім шарттарға қол қойылды [4].

Білім беру салысындағы ынтымақтастық бойынша Астана және Алматы қалаларында ағылшындық Хейлибери жеке мектебінің бөлімшелері ашылды. Жыл сайын алты жүзден астам қазақстандық студенттер Ұлыбританияға білім алуға аттанады, олардың тең жартысынан көбі «Болашақ» бағдарламасы негізінде білім алатындар. Ұлыбританияның Кембридж және Оксфорд секілді

(15)

танымал университеттерімен арадағы байланыс ынтымақтастықтың маңызды бағыттары саналады.

Ұлыбританияның ҚР Елшілігі жылсайын Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі тарапынан қаржыландырылатын «Chevening»

ағарту бағдарламасына степендианттар таңдап алу шарасын өткізеді. Британ университеттері түлектері арасындағы байланысты сақтау мақсатында еліміздің Ұлыбританиядағы елшілігі Британ түлектері клубын құрған болатын, қазіргі таңда аталынған клуб мүшелігінде 500 астам адам тіркелген. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып келе жатқан құрылымдардың бірі – Қазақстан-британ техникалық университеті, аталынған оқу орнын құру туралы келісімге 2000 жылы Британия премьер-министрі Тони Блэр мен ҚР президенті Н. Назарбаев қол қойған болатын. Бұл жоба негізінде ынтымақтастықтың екі бағыты:

энергетика және ағарту саласы жүзеге асырылған.

ҚБТУ магистрлік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында британдық жетекші төрт оқу орнымен серіктестік келісіміне қол қойған, және де Лондон экономика мектебі жанынан екі бағдарлама ашып, оны бітірген түлектерге британдық бакалавр атағы берілуіне қол жеткізді. Сонымен қатар ҚБТУ-ға басқа да британдық ірі компаниялар қолдау көрсетіп тұрады.

2011 жылдың қарашасында «Қазатомпром ҰАК» АҚ мен Қазақстандық мұнай және газ институты британдық Кавендиш зертханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Кембриджде қазақстандық ғылыми-ағарту орталығын ашты.

2008 жылы 40 астам бірікке кәсіпорындар тіркелген, олардың ішінде БК «Ақсай», БК «Фараб», ҮЕМ «Жезқазғанцветмет», ПО

«Балхашмедь», Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Ақтөбе хром қоспалары заводы, Қарағанды металлургия комбинаты және т.б. бар [5, 110].

Ал мәдениет пен өнер саласына келер болсақ, британдық көрермендерді негізінен Вальдемар Жунушектің заманауи Қазақстан туралы түсірген деректі фильмі қатты қызықтырды. Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар қалаларында «Сиқырлы қарындаш» атты британдық балалар кітаптарының суретші-иллюстраторларының жұмыстарының көрмелері өтті.

2012 жылдың 18 қазанында Лондонда Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі және Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің

(16)

қолдауымен Қазақстан-Британ Сауда-Өнеркәсіптік Палатасының ұйымдастыруымен үшінші Қазақстандық Бизнес-Форум өтті. Бұл өткізіліп отырған үшінші ҚБФ іскер адамдар арасындағы өзара сенімділік ортаны қалыптастыру, корпоративтік қатынастарды бұдан ары дамыту, Қазақстанға жаңа инвестициялардың қажеттілігіне деген сенімді ынталандыру, және де Қазақстандағы негізгі бизнес- идеялармен таныстыруға бағытталды.

Форумда негізінен екіжақты қатынастарды дамытуға қолдау көрсету, Республикадағы инвестициялық ахуалды зерттеу, Қазақстанның еуропалық кеңістікке интеграциясын жалғастыру, сонымен қатар экономиканың аграрлық, индустриалдық, энергетикалық, банктік және коммуникациялық секторларын дамытудың маңызды бағыттарын зерттеуге арналды. Форумның басты аспектілерінің бірі ретінде 2014 жылға дейінгі «Үдемелі индустриалдық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «Өнімділік -2020»

жобасын қарастыру болды, өйткені олардың негізгі мәні ретінде шикізаттық экспортқа бағыттылықтан өндірістік-инновациялық дамуға өту үрдісіне ғылыми-инновациялық әдістерді қолдану болды.

Негізгі пікірталастық форматқа келесі тақырыптар таңдап алынды :

«Халықтық» IPO (Initial Public Offering компаниялар акциясын алғаш рет жалпылама ауқымды сатылымға ұсыну ретінде), ҚР жүзеге асу принциптері;

Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы;

Қазақстан экономикасының аграрлық секторының әлеуеті;

Көліктік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Пікірламасуға қатысқандар: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қ.Келімбетов, «Самұрық-Қазына»

ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Самұрық-Қазына»

ҰӘҚ» АҚ тәуелсіз директоры сэр Р.Г. Эванс, ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбеков, трансұлттық компаниялардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және тілшілер.

Бірінші панельдік сессияда Қазақстанның экономикасының келешегі жаһандық экономика тұрғысынан қарастыру мәселесіне қатысты сұрақ бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қ.Келімбетов баяндама жасады. Ол аталынған форум қазіргі таңдағы Қазақстандағы жағдайды сипаттауға және алдыға қойылған

(17)

зор мақсаттар жету үшін қандай шаралар қолданылуы қажеттілігі туралы айтуға зор мүмкіндік екендігіне тоқталды. Дағдарыс алдындағы кезеңдегі дамуға тоқтала келе, вице-премьер форумға қатысушыларға Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының негізгі бағттарына тоқталып, жетістіктер мен келешек міндеттер туралы айтып өтті.

«Бізде Қарашығанаққа қатысты «Бритиш Газбен», ал Қашағандағы бірінші кезеңде «Шелл» компаниясымен айтарлықтай қызықты жобалар бар. Қашаған шын мәнінде жаһандық жоба, және де ол Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыру бойынша өз бәсекеге қабілетті артықшылықтарын кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік береді», деп мәлімдеме жасады.

Бір айта кетерлігі, Қазақстанның энергетикалық мұнай мен газ тұрғысынан емес, жалпы бизнес-форум тұрғысынан қарастырылды.

ҚБФ делегаттарын бірінші кезекте еліміздің ДСҰ кіруінен кейінгі жағдайдың дамуы, кедендік одақ аясындағы ынтымақтастықтың жалғасын табуы, еуразиялық экономикалық одақ құрудың негізгі принциптері талқыланған болатын. Бұл аталынған мәселелер бірінші секция барысында талқыланып, форумға қатысушылар Қазақстан экономикасының алдағы жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы дамуы мен келешегі мәселесін қарастырған болатын.

Форумға қатысушыларды Қазақстандағы кәсіпкерлік ортасы, жаңа бастаушыларға арналған бизнес-инкубаторлар болуы, жас банкирлер Лондонда іскерлік машықтанудан өту мүмкіндігі бар ма деген мәселелер қызықтырды. Елдегі жеті арнайы экономикалық аймақтар мен олардың негізгі бағытты – химиялық және мұнай-газ паркінің Батыс Қзақстанда, жеңіл өнеркәсіптің оңтүстік аймақтарда, технологиялық парктің Алматыда орналасуын талқылады.

Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы мәселесіне тағы да бір панельдік пікіралмасу арналды. Қазақстандық тараптан

«Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Н.Құсаинов, ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы К.Сафинов баяндама жасады. Баяндаманың негізгі мәні – постдағдарыстық даму жолына түсу арқылы қазақстандық экономика стратегиялық дұрыс жолды таңдап алды. Дағдарыс кезеңінде еліміз бірнеше маңызды қадамдарға барды. Коммерциялық банктерге уақтылы қаржылай көмек көрсетілді, және де бұл баршаға мәлім жағдайда ашық жүргізілді. Үкімет елдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында әлеуметтік мәселелерді шешу

(18)

арқылы өз тұрғындарына қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Шағын және орта кәсіпке, агро-секторға, инфрақұрылымға қолдау көрсетілді.

Бұл шаралар ҚР экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы өзінің нақты орнына бекуіне әсер етті.

Пікіралмасудың қорытынды тақырыбы ретінде көліктік және коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы мәселесі қойылды. Бұл мәселеге қатысты сарапшылар өз ойларын білдіріп, инфрақұрылымды дамыту жолында тұрған қиындықтарды шешу жоспарын талқылады. Мысалы, Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік канал мен жолдарды жақсарту қарастырылды.

Сарапшылардың басым бөлігі Қазақстанда мемлекет инвестор- ларға экономикалық жағынан әлсіз аймақтарда барынша қолайлы жағдай жасау саясатын жүргізеді, яғни елдің барлық аймақтарын тең дәрежеде көтеруге деген ұстаным жетістікке жетуге деген мүмкіндікті ұлғайтады [6].

Қазақстанның сыртқы саясаты үшін қорғаныстық-саяси мәселелер маңызды рөл атқарады. Еліміз қауіпсіздіктің халық- аралық құрылымдарының қызметіне белсенді араласып, әлемдік қауымдастықтың стратегиялық шабуылдық қару-жарақ түрлеріне салынған шектеуге бақылау орнату мен жаппай қырып-жою қаруларының таралуына тыйым салу секілді шараларын қолдайды.

Сонымен қатар Қазақстан ТМД аясында ұжымдық қауіпсіздік келесімі шарттарын орындауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, планетарлық деңгейдегі Арал қасіретін тиімді шешуге барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында әскери мүлік пен қызметкерлерді Қазақстан территориясы арқылы транзиттік өтуді қамтамасыз ету туралы келісім 2012 жылдың ақпанында екі елдің қорғаныс министрлігі басшылары – Ф.Хаммонд және Ә. Жақсыбеков тарапынан бекітілген болатын. Қазақстан Ұлыбританияның Азия құрлығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты үлесін жоғары бағалайды. Халықаралық әскери ынтымақтастық аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Тараптар әскери саладағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына қанағаттылық танытып, бұл кездесу алдағы уақыттағы қорғаныс саласына қатысты өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа екпін беретіндігіне сенім білдірді [7].

(19)

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Дипломатический курьер. 2004. 3-4 кв. – С.156-157.

2. Токаев К.К. Свет и тень. – Астана, 2007. – 576 с.

3. Абусеитов К. Казахстан – Великобритания: следуя традициям партнерства // Казахстанская правда 29 декабря 2011 г.

4. Арбабаева Г. Великобритания и Казахстан: наши связи стали крепче // Международный деловой журнал «Казахстан». 2006.

№3.

5. Токаев К.К. Векторы внешней политики. Европейское направление. Кн.2. – Алматы, ИД «Жибек жолы», 2008. – 208 с.

6. Международный деловой журнал «Казахстан». – 18 октября 2012 г.

7. Казахстанская правда, 28 февраля 2012 г.

Осылайша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақ- тастық екі елдің мүдделеріне сәйкес келетін қарым-қатынастың көптеген аспектілері бойыша құрылған.

(20)

Бұқаралық ақпарат құралдарының

қоғамдық-саяси орны

Әсел ТӨЛЕМІСОВА,

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторанты

Қ

азақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңының 18 бабының 3-пунктіне сәйкес азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық- құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктері- мен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді.

Бұл тұрғыдан келгенде адамның сана сезіміне, іс-әрекетіне әсер ете отырып, олардың көзқарастары мен мақсатарының қалыптасуына ықпалы зор екендігін ерекше атап айтқан жөн. Қай кезеңде де журналистика қоғам өміріне етене араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен елеулі түрде қозғау салды. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық- әлеуметтік қатынастар көптеген салаларда шешім шығаруға, оны жүзеге асыруға ықпалы зор болды.

(21)

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – арнайы техникалық құрал- дардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

Француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік»

деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Адамзат қоғамында болып жатқан кез келген мәселеге, оқиға мен көріністерге әлеуметтік-саяси тұрғыдан баға беріліп жатады.

Және оған бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы өте зор болмақ.

БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалып- тастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді.

Саяси журналистердің шабыттанған үгіт-насихатының арқасында

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Мен ... Қазақстан өзінің ұлттық және тұрмыстық ерекшеліктеріне орай РКФСР-дің ішінде автономиялық билікке ие болғалы отыр. Жағалауды біздің республика

Мемлекеттік бірегейлікті іздеудің бұл процесі ішкі саяси сипатқа ие, сонымен қатар аймақ елдерінің халықаралық жағдайына, олардың ТМД шеңберіндегі

Соңғы жылдары Азиядан шетелге шығатын ТШИ көлемі олардың тартылу көлемінен асып түскенін ескере отырып, таяу бірнеше жыл ішінде Азия жинақталған

Жалақының ең жоғары деңгейі «Қаржылық және сақтандыру қызметі» және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторларында сақталады, онда көрсеткіштер экономика

1) «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» бағыты бойынша ҰҒК- нің зерттеу бағыттарының кең спектрі, оның ішінде ұлттық қа- уіпсіздік органдарының, қылмыстық-түзеу

Алынған деректер баладан бас тарту тәуекелінің көптеген факторларға байланыстылығы туралы авторлар жасаған болжамды растайды. Әлеуметтік жетімдікті болдырмау

деген принциппен жұмыс істейді. Олардың жұмысы саясат күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде анықталып, саясаткерлерден дереу шешім қабылдауды талап

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар