4. Карпова Е.В. Дидактические игры в начальный период обучения. – Ярославль, 1997.
-201 с.
5. Узнадзе Д.Н. Экспериментальные основы психологии установки. – Тбилиси, 1961. – 210 с.
6. Коваленко В.Г. Дидактические игры на уроках математики. – М., 1990. - 251 с.
7. Елубаев С. Дидактикалық ойындар мен логикалық есептер \\ Бастауыш мектеп. 1995-
№ 9-10-17. - 35б.
Айтжанова Р.М., Смагулова Ж.К.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ҮЛГІСІ
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуға бет алысы білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыретілігін дамыту басты мақсаттардың бірі болғандықтан, ол мұғалімнің білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін түгелімен қайта қарауды қажет етеді. Жоғарыда айтылған теориялық тұжырымдамалар біздің зерттеу мəселеміздің ғылыми болжамын негіздеуде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу іс-əрекетінің педагогикалық мүмкіндіктерін жəне осы болжамды сараптамалық тексеруден өткізудің əдістемесін, оған қажетті зерттеудің жұмыс құжаттарын жасауға мүмкіндік берді.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқушылардан талап етілген құзыреттіліктерді меңгеруі арқасында, оқыту əдістері əрекеттік бастамаға сүйене отырып, оқушылардың түрлі əрекеттерінің дамуына тікелей əсер етуі қажет. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының əрекеттерінің дамуына тікелей əсер ететін тұғырлардың бірі – жүйелілік тұғыр əдісін толығырық қарастырайық.
Жүйелілік тұғыр – ғылыми таным жəне əлеуметтік психология мен тəжірибедегі əдіснамадағы бағыттардың бірі, оның негізі жүйе ретінде объектілерді түсіну болып табылады. Жүйе ұғымын жалпы мақсаттарды орындау үшін қызмет ететін жəне қалайда бірімен - бірі байланысты кез келген табиғаттың көптеген элементтерінің ұйымдастырылған түрі ретінде түсінеміз [1]. Жүйелілік тұғырдың ерекшелігін С.И.Архангельский [2], В.П.Беспалько [3], Н.В.Кузьмина [4] жəне т.б. дəлелдеуінше зерттеушіні объектінің біртұтастығын анықтауға бағыттайтын жəне күрделі объектінің əртүрлі типтерінің байланысын анықтау үшін жəне олардың біртұтас теориялық көрінісін қамтамасыз ететін, оның механизмдерін баяндау ретінде түсіндіріледі. Алынған нəтижелерге талдау жасау кезеңінде, жүйелілік тұғыр зерттеу мəліметтерін бірыңғай логикада қарастыруға мүмкіндік беріп, олардың əрекеттерін сол заңдылықтармен түсіндіретінін атап өтеміз. Ғалымдардың анықтауынша жүйелілік тұғыр ұжымды зерттеуде, тұлғалық қасиеттерге жылдам диагностика жасауда, тапсырылған тəрбие сапасының стратегиясын жасау секілді тəжірибиелік міндеттерді шешуде аса маңызды болып есептеледі. Бұл пікірлерден бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде жүйелілік тұғырды қолдану тиімді деген қорытынды жасауға болады. Осыдан, егер оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жүйе бойынша жүзеге асырылса, онда коммуникативтік құзыреттілікке тəн байланыстар мен механизмдер, оның тұтастығын құрайтын құбылыс біртұтастықта қарастырылса, онда бұл үдеріс тиімді болып табылады.
Экспериментті үлкен жүйемен жүргізу күрделі екендігін назарға ала отырып, шынайы жүйемен емес, оның үлгісімен эксперимент жүргізіліп, зерделенеді. Бұдан шығатын қорытынды, жүйелілік талдаудың негізгі тəртібі – бұл шынайы жүйенің үлгісін немесе
Ре по зи то ри й Ка рГ У
кейінгі зерделеуге жағдаяттар жасау болып табылады. Сондықтан үлгілеу əдісін пайдалану қажет деп есептейміз.
Үлгілеу – бұл танымның негізгі əдістерінің бірі, шынайы жүйелер мен үдерістердің қиындықтарының көлемді түрі ретінде үлгі деп аталады. Оларға: схемалар, бейнелер (көріністері) немесе аналогтарды жатқызуға болады [5]. Үлгілеу – объектілер мен олардың белгілі бір табиғи немесе əлеуметтік шынайы үйлесімділік аналогтарын зерттеу жөніндегі əдіс. Үлгілеу ғылыми зерттеудің əдістерінің бірі болып табылып, педагогикалық зерттеудің эмпирикалық жəне шығармашылық бөлігін біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар педагогикалық объектіні зерттеу барысында эксперимент пен оның логикалық құрылымын жəне ғылыми негіздерін біріктіреді.
Педагогика ғылымында үлгілеу əдісі В.Г.Афанасьев, В.А.Веников, Б.А.Глинский, И.Б.Новик, В.А.Штофф жəне т.б. еңбектерінде негізделіп, үлгілеуді «түрлі аспектілер мен түрлі құралдар арқылы кейбір нақты қолданылатын жүйені үлгілейтін, үлгілердің иерархияларын (лауазымдық сатысын) жасау үдерісі ретінде» анықтайды [6]. Жалпылама түрде үлгі – зерттеу пəнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі. Үлгінің негізі – зерттелетін объекті мен оның үлгісі арасындағы белгілі бір сəйкестік. Формалары бойынша үлгілер материалдық (заттық, денелік) жəне идеалдық (иеалдағы, ойдағы) болып бөлінеді. Зерттеушілер материалдық үлгідердің табиғи, үлгі- приборлар, бейнелеу үлгілерін ажыратады, ал идеалдық үлгіні түсінік, ұғым, заңдылықтар жəне олардың байланысы арқылы көрсетеді. Үлгі – бұл таным құралы. Бақылау жəне эксперимент нəтижесінде қалыптасқан кез келген теориялық түсінік түпнұсқа-объектімен салыстырмалы түрде үлгі ретінде қабылдануы мүмкін. Теориялық үлгіде нақтылыққа жəне көрнекілікке иеленеді.
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында үлгілеу əдісі қолданылды. Бұдан шығатын қорытынды: үлгілеу деп зерттеліп отырған объектінің ерекше маңызды қасиеттерін бейнелейтін ұғымдық, белгілік немесе үдерістік конструкциялар (түзіліс, үйлесім) ретінде түсіндірілді.
Педагогикалық үлгілеудің негізгі ережелерін мынадай кезеңдер бойынша тұжырымдауға болады:
1) зерттеу пəнін сапалық бейнелеуде, үлгі жасау үшін əдіснамалық негіздерді іріктеу үдерісіне кіру;
2) үлгілеудің міндеттерін қоя білу;
3) үлгілерді құруда зерттеліп отырған объектінің негізгі элементтері арасындағы тəуелділікті дəлелдеу, объектінің өлшемдері мен көрсеткіштерін, сол параметрлердің өзгерісін бағалау, өлшеу əдістемесін таңдау;
4) қойылған міндеттерді шешуде зерттеу үлгісінің икемділігі;
5) педагогикалық экспериментте үлгіні қолдану;
6) үлгілеу нəтижелерінің мазмұндық түсіндірілуі (түсінікті болуы).
Зерттеу барысында жүргізіліп отырған тəжірибиелік-эксперименттік жұмыс, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқыту бағдарламасын құруға байланысты тек қана дидактикалық мəселелер туындайды. Бұл зерттеу жұмысында үлгілеу əдісін қолдануға түсіндірме беріліп, оны əлеуметтік психологияда белгіленіп-жинақталған мəліметтерді қабылдауға лайықты жəне үлгілердің байланыстарын талдау нəтижесінде объект жөнінде жаңа білімдерді анықтауға қызмет етеді.
Дайындалған үлгінің ішкі байланыстарын зерттеуде зерттеліп отырған объектінің ең маңызды құрамдарын – бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруды бөліп алуға болжам жасалды. Біздің зерттеуіміздегі жүйелілік тұғыр мен үлгілеудің сəйкестігі логикалық заңдылық болып табылады. Шын мəнінде, жүйелілік тұғырда объектіні суреттеу бір мезгілде оның үлгісі ретінде көрініп, жүйелі бейнедегі байланыс жөніндегі пікірлер оның аналогтары мен деңгейлері жəне қырлары арасындағы пікірлердің байланысуын білдіреді.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде үлгілеу əдісінің рөлін анықтау үшін мұндай көзқарас біздің пікірімізше сақталуы тиіс. О.С.Гребенюк пен Т.Б.Гребенюктің көзқарасы бойынша, коммуникативтік құзыреттілік тұғыры бастауыш сынып оқушысының даралығын үлгілеуде олардың психикалық аймағының негізгі болып табылатын құрамды бөліктерімен бірліктегі мүмкіндіктері ретінде анықталып, ал біз үшін түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған коммуникативтік тапсырмаларды үлгілеуді жорамалдауға мүмкіндік береді [7].
Мотивациялық компоненті – қарым-қатынасқа қызығушылық, практикалық əрекетте өз білімдерін, біліктерін жəне дағдыларын жүзеге асыруға қажеттілігі. Когнитивтiк компонент – балалардың қарым-қатынас туралы бiлiмi жəне оны саналы ұғынуы. Бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік компоненті бойынша: іс-əрекеттік компонент – қарым-қатынас білігі, дағдысы жəне құзыреттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасқа қызығушылығы, ұмтылысы, түрткісі, сараланған білім негізінде қарым-қатынасқа белсенді қатысуына ұмтылысы жəне дайындығы, коммуникативтік біліктері мен дағдыларының қалыптасуы, қарым-қатынас əрекетіндегі мақсатқа жетудегі қиындықтарды жеңу біліктілігі.
Таңдалған компоненттердің негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдерін таңдауды жөн көрдік. Педагогикалық əдебиеттерде өлшемдерді жіктеуге байланысты əртүрлі тəсілдер берілген: бірінші тəсіл мақсатқа жетудің дəрежесін бағалаумен анықталады.
Р.Беллдің құзыреттілік үлгісінің айырмашылығы коммуникативтік құзыреттілікті əлеуметтік құрамға енгізбей, соңғысын өзінің компоненттерінің бірі ретіндегі құрамға енгізген. Əңгімелесушілердің коммуникативтік құзыреттілігі – табысты қарым-қатынастың жалғыз ғана факторы емес, тиімді қарым-қатынас жасаудың критерийлерін анықтау өте маңызды болып табылады.
Мұнда өлшемдер жалпы (мақсатты құруда тіркелетін талаптарды көрсетеді жəне соңғы нəтижелерді диагностикалау үшін қолданылады) жəне жеке деп (үдерістің нақты міндеттерін көрсетеді жəне аралық нəтижелерді талдауға қолданылады) бөлінеді. Екінші тəсіл – бағыттылығымен, қолдану əдістерімен жəне орнымен анықталады. Бұл тəсілде сыртқы формасына қарай нəтижелердің көрінуімен байланысты өлшемдер (когнитивтілік; əрекеттің түрін анықтауға қабілет; əрекеттік өлшем жəне т.б.) жəне жасырын түрде нəтижелердің көрінуімен байланысты өлшемдер (мотивациялық-қажеттілік; тұлғаның кəсіби маңызды сапалары; құндылық бағдарлары жəне т.б.) анықталады. Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде «өлшем» терминінің біртұтас анықтамасы жоқ. Шет елдік сөздікте өлшемдер
(латын тілінен аударғанда «критериум» – салыстыру) сөзі жеткен нəтижелер
салыстырылатын эталондық көрсеткіш ретінде беріледі [8]. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымын анықтай алатын өлшемдерді нақтылауға мүмкіндік берді.
Біз өлшемді субъектінің сапалық жағдайын белгілейтін, сандық сипаттамасының қандай шкалада екенін белгілеуді салыстыру ретінде, ал көрсеткішті – абсолютті сандық сипаттама деп түсінеміз.
Зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін құруда мотивациялық, когнитивтік, іс-əрекеттік компоненттердің бірлігінде қарастырамыз. Стандарттың талаптары негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда келесі компоненттердің өлшемдерін жəне көрсеткіштеріне болжам жасаймыз.
Мотивациялық компонент бойынша, қарым-қатынасқа жəне оқу іс-əрекетіне жағымды қатынасы арқылы қалыптасады. Оқу іс-əрекетіне жағымды қатынасы танымдық қызығушылықтың дамуына байланысты туындайтын бірнеше түрткілердің бірлігінен тұрады. Сондықтан мотивация оқушының белсенділігін тудыратындай жағдайлар мен жағдаяттардың болуынан пайда болады. Оның өзі өткендегі тəжірибесіне, даралығына, оқушының ішкі ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Мотивацияның қалыптасуы оқу
Ре по зи то ри й Ка рГ У
материалының мазмұнына, оқу іс-əрекетінің ұйымдастырылуына, оқудың ұжымдық формаларының қолданылуына, бағалауға тікелей қатысты болады.
Когнитивті компонент тұлғаның білімі, түсінігі, ұғымы жəне тұжырымын қамтиды.
Тұлғаның коммуникативтік іс-əрекетіндегі білімінің, түсінігінің, жалпы сауаттылығының ерекшеліктерін зерттеген көптеген авторлар адамның коммуникативтік мүмкіндіктерінің кешені күрделі жүйе болып табылатынын нақты атап көрсетеді (В.М.Жуков, В.И.Кашницкий, Р.А.Максимова, В.В.Рыжов жəне т.б.). И.Я.Лернер когнитивтік, білімдік компоненттердің бірлігін пəндік компонент деп береді. Автор бұл компонент бойынша, оқушылар адам, мəдениет, тарих, табиғат туралы ғылыми білімді меңгеріп, практикалық іс- əрекетке қажетті дағдыны меңгереді деп тұжырымдайды [9]. Сонымен когнитивтік компонент біздің зерттеуіміз бойынша, адамдардың өзара қарым-қатынасы, өзара сөйлесу, ойын жеткізу құралдары туралы білімдерді қамтиды.
Бiлiм – ұлттың ақыл-ойы мен ерiк-жiгерiн қалыптастырушы тiрек ретiнде əр адамның мемлекет мүддесiн дұрыс түсiнуiнiң, оны сақтауға, орындауға деген шын сенiмiнiң де негiзi болуы тиiс. «Білім» сөзі – өте күрделі көп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім – адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үдерісі мен нəтижесі. Демек, коммуникативтік құзыреттілік арнайы тілтанымдық білімдерді игерумен байланысты (сөйлеу стилі мен типі туралы, мəтін мен оның құрылымы туралы, тілдік құралдар мен сөйлеу мəнерлілігін орынды қолдана білу туралы); сонымен қатар құзыреттіліктің осы түрі қарым-қатынас жағдаятына еркін бағдарлану мен сөйлеудің бара-бар тілдік формасын таңдай алу мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың когнитивтік компоненттің өлшемі коммуникативтік білімі деп белгіленіп, оның көрсеткіштері:
- бастауыш сынып оқушыларының диалогты жəне монологты сөйлеу ережелері туралы түсінігі;
- көпшілік алдында сөз сөйлеу ережелері жөнінде білімі;
- ауызша жəне жазбаша қарым-қатынас құралдарын қолдану жөнінде білімі;
- топта өзінің құрбыларымен, ересектермен пікірталасқа түсу ережелері жөнінде білімі.
Педагогикалық сөздіктерде «комммуникативтік білімі – қарым-қатынас, оның түрі, даму заңдылығы туралы білімдердің жиынтығы» делінген. Халықтың əлеуметтік - мəдени дамуының базалық көрсеткіштері, мектепте оқу сапасының көрсеткіші мен маңызды шарты болып табылады». Диалогтық сөйлеу ережелерін, адамдармен өзара əрекет пен қарым- катынас тəсілдерін, жазбаша қарым-қатынас нормаларын білуі, түсінуі жəне олар туралы ұғымдары мен ой-тұжырымдарының қалыптасуы. Бұл өлшем бойынша бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда өзіне коммуникативтік тапсырмалардың жалпы жіктемесін қамтып, бастауыш мектеп үшін коммуникативтік құзыреттіліктер номенклатурасын, коммуникативтік тапсырмалар тізбесін, коммуникативтік құзыреттіліктің əрқайсысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оқу пəндерінің тақырыптары шеңберіндегі коммуникативтік жағдаяттар жиынтығын білдіреді.
Коммуникативтік біліктілікті қарыптастыру сатысында мынадай өзіндік сипаттамалары айқындалады:
а) жаңа жағдайда оқушыға белгілі білім мен дағды, шешім нұсқалары, қарым-қатынас жасай білу тəсілін жеткізе (тасымалдай) білу іскерлігі, олардың нақты жағдайдағы ерекшеліктеріне сай өзгеріп отыруы;
ə) оқушыға бұрыннан белгілі ой, білім, дағды, тəсілдер қисындасуындағы (комбинациясында) жаңа коммуникативтік жағдайға сай шешім таба білу іскерлігі;
б) нақты коммуникативтік жағдайларды шешуде жаңа əдістер мен тəсіл жасап, құра білу.
А.Н.Леонтьев коммуникативтік біліктілік топтарын «бағдарлау» деп жалпы аталатын, өз кезегінде ұсынылған үш аспектіде: кеңістікте, мерзім бойынша, əлеуметтік қатынас ретінде қарастырған:
1) cеріктестерінің мінез-құлқын бағдарлай білу, оның көңіл күйі; серіктесінің мінезін дұрыс түсіну, т.б. адамның мінез-құлқын анықтайды;
Ре по зи то ри й Ка рГ У
2) қарым-қатынаста серіктес боларлық жəне олардың өзара, т.б. байланысын бағдарлай білу іскерлігі жақындық дəрежесі мен сенім білдіру өлшемдерінде өзінің жəне серіктестерінің жыныстық жас ерекшеліктері мен рөлдік дəрежесіне қатынасын білдіреді;
3) қарым-қатынас жағдайында бағыт таба білу іскерлігі. Бұл ептіліктің маңыздылығы нақты жағайдағы қарым-қатынас ережесінің маңызды бейнесі ретінде анықталады.
Оқытудың ғылымилық ұстанымында оқушыларға берілетін білім ғылыми негізге құрылуы қажет. Тақырыпқа байланысты мəтіндермен жұмыс істеу барысында терминдердің мəнін, қолданысын ғылыми тұрғыдан дəлелдеп түсіндіру тиімді нəтиже береді. Берілген грамматикалық тақырып мəтінде қамтылуы тиіс. Ұсынылған тапсырмалар қазақ тілінің теориясын жан-жақты қамтуы қажет. Қазақ тілі бойынша талдау жұмыстарын жүргізгенде, тілдің де математика ғылымы тəрізді дəлдікке, нақтылыққа сүйенетінін ашып көрсету, талдау жұмыстарын сауатты меңгеруге үйретеді. Себебі, талдау кезінде бір жалғауды не жұрнақты қате бөліп талдаса, əрі қарай дұрыс талдай алмайды. Міне, осылай ғылыми тұрғыдан дəлелдеп, тіл фактілеріне негіздеп түсіндіру керек. Оқушылардың дара ерекшелігін ескеру ұстанымы тіл үйретуде негізгі рөл атқарады. Мұғалім сыныбындағы əр оқушының қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі қажет. Сабаққа белсенді қатыспайтын оқушы ойын кезінде белсенді болуы мүмкін. Сондықтан ойынға мұғалім осындай оқушыларды көптеп тартқаны абзал. Сонда олар ұялшақ болудан арылып, өздерін сабақта еркін сезінеді.
Шығармашылық қабілеті жоғары дамыған оқушыларға əртүрлі тақырыптарда шығарма, əңгіме, реферат жазып келуді жиірек берген жөн. Ізденімпаз, қызығушылығы жоғары оқушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, пресс-конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нəтижесін береді.
Сатылап даму ұстанымына сүйене отырып қазақ тілін оқыту жақсы нəтиже береді. Бұл ұстаным бойынша істелетін жұмыстар бірте-бірте қиындай түседі, яғни орындалатын жұмыстар жеңілден қиынға қарай күрделене береді. Бағдарламада тақырыптар бірте-бірте күрделене беріледі. Біздер соңғысын араластыру ұстанымынан тілдік ойлау əрекетіне өзгерттік, оның ерекшелігі барлық оқу пəндерінің материалдары негізінде коммуникативтік əрекетті белсендірумен қорытындыланып, коммуникативтік құзыреттілікке қатысты жалпы пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл ұстанымды жүзеге асыру оқушылардың қарым-қатынасқа қаншалықты бағытталуы мен субъектілік тəжірибиесінің қалай ескерілуі, олардың қызығушылығы, бейімділігі, ұмтылысы, жеке маңызды құндылықтары ұсынылған коммуникативтік тапсырмаларға байланысты. Бөліп алынған ұстанымдарды əдіс-тəсілдерде жүзеге асырамыз: 1) рөлдік қарым-қатынас тəсілі; 2) қарым- қатынастың пікірталастық тəсілі; 3) өзара коммуникативтік оқыту тəсілі (ақпарат алмасу, топпен шешім қабылдау, бірлескен əрекет жұмысын басқару жəне т.б.); 4) ойын əдісі:
сюжетті-рөлдік ойындар, режиссерлік ойындар, ойын-викториналар, ойын-конкурстар, топтық пікірталастар, аяқталмаған ертегіні жалғастыру, ұжымдық сурет салу, жағдаятты ойнау. Оқу іс-əрекетін ұйымдастыру формасы – диалог. Оқушылар оқу іс-əрекетінде орындаушы емес, белсенді мүшесі бола алады, ұйымдастыру формасы болып табылады.
Диссертациялық зерттеуіміз бойынша, психологиялық-педагогикалық дереккөздерді талдау нəтижесіне шолу жасауда, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың кезеңдері анықталып, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру құрамына енгізілді.
Əдебиеттер
1. Энциклопедический словарь педагогики – педагогические термины. www.pedpro.ru/termins.
2. Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. -1974. – 375 с.
3. Беспалько В.П. Мониторинг качества образования – средство управления образованием // Мир образования. – 1996. – № 2. – 31 с.
4. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателья и мастера производственного обучения. – М.: Высшая школа. – 1009. – 87 с.
5. Педагогический энциклопедический словарь. - Изд.: ДРОФА, 2009. – 354 с.
6. Афанасьев В.Г. Социальная информация. – М.: Наука, 1994. – 85 с.
Ре по зи то ри й Ка рГ У
7. Гребенюк О.С., Гребенюк Т.Б. Основы педагогики индивидуальности. – Калининград, 2000. – 572 с.
8. Онушкин В.Г., Огарев Е.И. Образование взрослых: междисциплинарный словарь терминологии. – Воронеж - СПб., 1995. – 258 с.
9. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. – М.: Знание, 1980. – 96 с.
Айтжанова Р.М., Смагулова Ж.К.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ОҚУ ІС-ƏРЕКЕТІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жалпы орта білім беретін мектептерді жаңарту құжаттарының басты мақсаты – бұл баланы оқытудың алғашқы кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас əлеммен, өз-өзімен қарым-қатынаста субъект ретінде қалыптастыру, өмірдің жаңа жағдайларына икемделе білу, игерілген білім мазмұнын, оқу-танымдық əрекеттегі тəжірибесін пайдалана білуі жəне өз бетімен танымдық-практикалық; шешім қабылдау, құндылық бағдарлы жəне коммуникативтік міндеттерді шеше білуі керек делінген. Бұл мақсаттың тəжірибе жүзінде жүзеге асуы білім беруді іс-əрекеттік тұрғыда жəне тұлғаға бағдарланған оқу іс-əрекетін ұйымдастыруды, құзыреттілікке бағытталған білім беруді қамтамасыз етуді талап етеді.
Қазіргі кезде жобаланып жатқан білім беру бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалық қасиеттерін, қызығушылықтарын арттырып, алған білімін өмірде қолдану біліктілігін қалыптастыруды көздейді, сондықтан білім мазмұнын меңгерудің іс-əрекеттік тұрғыдан келуі негізгі білім беру əдістерінің бірі ретінде анықталады. В.В.Давыдовтың ойынша, оқыту үдерісіндегі жан-жақты дамудың ең тиімді жолы – заттық əрекеттің тиісті нысандарын жасау жəне пайдалану, жай ғана білімдерді меңгертумен шектелмей, əрекет ұстанымын оқытуға жүйелі түрде енгізу. Автор оқу барысында оқушы нақты бір білімді меңгеріп қана қоймай, меңгерілген мазмұнға қатысты əрекеттер тəсілдерін үйренуі тиіс екенін айрықша атап көрсетеді [1]. Осыған байланысты А.М.Новиковтың пікірі көкейкесті болып табылады: «...оқушылардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуын, олардың зияткерлік дамуы мен денесінің жетілуі, шығармашылық қабілеттерінің дамуы ғана деп түсіну жеткіліксіз. Бұл сайып келгенде, адамның белсенді өмір ұстанымын, іскерлігін,
«əрекеттілігін» қалыптастыратындай болуы тиіс» [2]. Себебі, оқушының өмірге қажетті түйінді құзыреттілігінің барлығы іс-əрекет арқылы дамиды.
Соңғы жылдары педагогикалық əдебиеттерде іс-əрекет тұғыры жиі қолданылады. Білім беруде іс-əрекет тұғырымен келу мынандай ережелерді талап етеді: оқу мазмұнын тек ақпараттық жинау емес, өзінің белсенді əрекеті арқылы меңгеру.
Іс-əрекеттік білім беру оқушының əлеуеттік мүмкіндіктерін (қызығушылық, қабілет, басқа тұлғалық ерекшеліктер) есепке алу мен дамытуға бағдарланатын тұлғалық-бағдарлы білім берумен тығыз байланысты. Бұл бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқу іс-əрекетінің мүмкіндіктерін ескеріп, оны жаңа бағытта ұйымдастыру қазіргі педагогиканың өзекті мəселелерінің бірі болып, жаңа педагогикалық шешімдер мен түзетулерді, жан-жақты ойлануды талап етеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру оқу іс- əрекетінің мазмұнына, ұйымдастырылу формасына, əдіс-тəсілдеріне, технологиясына тікелей байланысты болғандықтан, іс-əрекет тұғырын басшылыққа алуды ескердік.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру іс-əрекеттік сипатқа ие жəне ол баланың сауаттылығына сүйене отырып жүзеге асырылады. Себебі көптеген ғылыми-практикалық еңбектерде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі оқу іс-əрекетінің өнімі ретінде оқу тапсырмалары мен күнделікті өмірге қажет мəселелерді шешу үшін əртүрлі ауызша жəне жазбаша тіл құралдарын пайдалануы; коммуникативтік мəселелерді шешуде əртүрлі