• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЖАЙЫҚ БЕКТҰРОВТЫҢ «ТАҢБА» РОМАНЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ЖАЙЫҚ БЕКТҰРОВТЫҢ «ТАҢБА» РОМАНЫ"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

ЖАЙЫҚ БЕКТҰРОВТЫҢ «ТАҢБА» РОМАНЫ Жұмағұл С.Б.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ əдебиеті кафедрасының профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Саяси зобалаң толқындарының қан қасап қысымын өткерген елдің кешегі шерлі шежіресі сан ұрпақтың мəңгілік тағылым алар тарих сабағы деп білеміз. 1917 жылғы Қазан төңкерісімен сабақтас большевиктер билігі бұрынғы «халықтар түрмесі» атанған Ресей империясы аумағында зорлық- зомбылықпен орнатылды. Қазіргі ғылыми зерттеулер дерегі Ленин билік еткен пролетарлық диктатура жылдары 4 млн, Сталин басшылығы дəуірінде 42,6 млн. адам қуғын-сүргін құрбаны болғанын алға тартады. Ал отандық тарихшылар 1918-1922 жылдардағы ашаршылықта 1 миллион 700 мың, 1932- 33 жылдардағы зұлматта 2 миллион 300 мыңдай қазақ қырылғанын, аштық салдарынан 281 мың 231 қазақ тарихи мекенін тастап, шет ел ауғанын, тұтастай алғанда 1920-1950 жылдардағы саяси зобалаңда 104 мың қазақ зиялысы қуғын-сүргінге түсіп, 22 мыңы атылғанын зерделеуде. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық үрдістердің əлеуметтік тініндегі табиғи заңдылық болмысын бұзған күштеп ұжымдастыру, текті əулет тұтқасы дəулетті азаматтарды тəркілеу сынды адами құндылықтарға қарсы жүргізілген саяси науқандар барысында қазақ халқы жаппай аштыққа ұшырады.

Тоталитарлық жүйе ой еркіндігін тұсаулап, шығармашылық ізденісті маркстік-лениндік ілім қалыбынан асырмады. Қазақ халқының елдік қасиетінің киесін, алдаспандай өрлік рухының болатөзегін құрайтын рухани мұрасы саяси идеологиялық қысымға алынды. ВКП (б) «Партияның көркем əдебиет саласындағы саясаты» (1925), «Əдебиет пен көркем өнер ұйымдарын қайта құру» (1932) қаулылары ұлт руханиятын ауыр зардаптарға ұшыратты.

Қазақстан КП ОК 1937 жылғы 21 тамыздағы №188 бұйрығымен Алаш Орда жəне ұлтшылдық сипаттағы барлығы 203 кітапты кітапхана, кітап саудасы жəне жеке кітапханалық қолданыстан алып, оқуға қатал тиым салды. 1933 жылы екі жүзден аса халық əні мен халық композиторлары əндерінің сөзі сотталды. 1940-50 жылдары əдебиет жəне өнер мəселелері бойынша партиялық қаулы-қарарлар қабылданды.

Сөз бостандығы аяусыз жаншылып, ой еркіндігі коммунистік цензура қысымында тапталған алмағайып дəуірдегі айрықша тиым салынған əрі қырағы идеологтар назарынан бір сəтте тыс қалмаған тақырыптардың бірі – ГУЛАГ болатын. 1934-1960 жылдар аралығында ГУЛАГ-тың еңбекпен түзеу лагерлеріне 15-18 млн. адам тоғытылып, аштық пен түрлі аурулардан 1,5 млн. өлім құшты.

Кешегі КСРО əдебиетінде шеңгелінен қан сорғалаған əрі ызғарлы сұсы жан шошытатын көкейкесті тақырыптағы кемел шығармаларымен азаматтық ерлікке барған суреткерлер қатары санаулы еді. Бұл санатта 22 жыл лагерде

(2)

отырған О.Волковтың (1900-1996) «Погружения во тьму» (1987), 10 жылға бас бостандығынан айырылып, тамұқта тұралаған Е.Гинзбургтің (1904-1977)

«Крутой маршрут» (1967-1977), 18 жыл итжеккенде қорлық көрген

В.Шаламовтың (1907-1982) «Колымские рассказы» (1954-1973), А.Твардовскийдің (1910-1971) «По праву памяти» (1963-1969), 8 жыл абақты азабын тартқан А.Солженицынның (1918-2008) «Один день Ивана Денисовича» (1962), «Архипелаг ГУЛАГ» (1989), 10 жылға сотталып, 5 жылын өтеп қайтқан А.Жигулиннің (1930-2000) «Черные камни» (1988), шығармалары ерекше аталады. Қанмен жазылған мəн-мағынасы ерен туындылар реалистік қуаттағы трагедиялық желісімен тамұқ ақиқатына жетеледі, коммунистік идеология зұлматынан сақтандырды. Сталиндік жүйенің адамзат баласына ақырзамандық қауіп пен үрей тудырып отырған қылмысын дер кезінде көркем өнер тілімен безбендеп берді. Ал қазақ əдебиетінде сталинизм қасіретіне үңілдіріп, «жабық» тақырыптағы түрме əфссанасына түрен салған алғашқы туындылардың көшбасында Жайық Бектұров тұрды.

Жайық Бектұровтың 1950 жылдардың орта кезінде жазылған «Төгілген ар» романы əлемдегі қанқұйлы большевиктік билік қылмысын əшкерлеген Алаш қалам қайраткерлері жəне Қытайдың Шың Сысай түрмесінде жауыздықпен өлтірілген Ақыт Үлімжіұлы (1868-1940), азаттық рухтағы өлеңдері үшін небір жылдар абақтыға жабылып, ауыр науқастан көз жұмған Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) туындыларының көркемдік үрдісте үзілуге шақ қалған күретамырын қазақ топырағында қайта жаңғыртуымен маңызды.

Мəселен Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы «Жасасын, Алаш автономииясы! Көркейсін Алаш» мақаласында «Большевиктердің мықты бір жауы автономия алмақ жұрттар еді. Большевиктер Украина даласын қанға бояды, Түркістан автономиясын жоғалтып, халқына ойран салып, Қоқан шаһарын жермен жексен қылды. Үкімет адамдарының біразы жойылды, бірсыпырасы қашып құтылды. Башқұрт автономиясын таратып, азаматтарын абақтыға жапты. Қырымды қанға бояды. Азаматтарын қойдай бауыздады.

Қырым муфтиі Жəмежиһан хазіретті əуелі абақтыға жауып, соңынан кескілеп суға ағызып жіберілді. Автономия боламын деген жұрттардың əрқайсысының көрген күні осындай болды» деп тарихи шындықты жан дауысымен жаһанға жеткізе жазған болатын. Ал Таңжарық ақын «Отырар орындыққа шеге қақты, Əдісін жанды қинау енді тапты. Басыма көк темірден құрсау салып, Шыңғыртып шыбын жанды шырқыратты. Танауға қызыл бұрыш езіп құйып, қақалтып көзден жасты бұрқыратты. Торанды соқыр тұман төңіректі, Осындай қорлықпенен өмір өтті. Көбеге ине, үрпіге ши жүгіртіп, Боздатты, зар жылатты, еңіретті» деп көкіректегі запыранға толы шемен шерін ақтарса, сталиндік репрессияға алынып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған əдебиетші Есмағанбет Ысмайылов «Мені жеке камераға жапты. Тұтқындалған сəттен бастап күні-түні тергеуге алды. 16-18 сағат дем алдырмай, ұйықтатпай, маза бермей тергеді. Тергеудің осы тəсілі жүз қырық тəулікке созылды. Өзім дімкəс жəне мүгедек болғандықтан, осы тергеу кезінде əбден арыдым, жүдедім, кейбір кезде ақыл-есімнен адасып

(3)

қалып, еденге құлап түскен сəттерім көп болды. Міне осындай кездерде тергеуші Е.Соловьев күні бұрын дайындап қойған протоколға қол қоюымды талап етіп, есімді одан əрі шығарды» деп адам баласының құйқасын шымырлатар түрме тауқыметін егіле жеткізді.

Ойранды отыз жетінші жылдары «халық жауы» деген қарғыс таңбасы басылған аға жəне орта буын қатарында саяси сенімсіздікке алынған Жайық Бектұров 1942 жылдың мамырында НКВД айрықша кеңесінің шешімімен тұтқындалды. РСФСР Қылмысты істер кодексінің атақты 58-бабымен сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Свердлов облысының Ивдель лагерінде жазалау жылдарын өткерді.

«Архипелаг ГУЛАГ» шығармасына «Благодарю тебя, тюрма, что ты была в моей жизни» деген көтеріңкі пафоста нүкте қоя отырып, туған халқының тұрлаулы тағдырымен табыстырып, ұлт қасіретін туындыларының кемел тақырыбына түбегейлі дəнекерлегеніне шат көңілімен бас иіп шетел асқан Солженицынның шығармаларын жариялауға əрі əлем елдері құрметіне бөленіп шалқуына жол ашылды. 1970 жылы Нобель сыйлығын алса,

«Архипелаг ГУЛАГ» кітабының бірінші томы 1973 жылы Парижде басылды.

Аталмыш туынды 2009 жылдың 9 қыркүйегінен Ресей мектептеріндегі жоғары сыныптардағы əдебиет пəні бағдарламасына арнайы енгізіліп, міндетті түрде оқытылуы жүктелді. Ал қиямет-қайымға толы қилы кезең шындығын жазуға азаматтық батылдықпен барып, демократиялық құқық пен адами құндылықтарды тəрк еткен қатыгез кеңестік жүйе илеуіндегі қорқау қоғам өмірінің қайшылығын адамның адамгершілік-психологиялық болмысымен байланыста 1950 жылдары «Төгілген ар» романына өзек еткен қазақтың қайсар қаламгері Жайық Бектұров романының жариялануына, саяси тұрғыдан ақталуына жарты ғасыр дерлік уақыт керек еді.

Қилы кезең тауқыметіндегі адам тағдыры, тар жол, тайғақ кешулі азапқа толы тозақ лагерінің өмірі бейнелеген тұңғыш шығарманың жарық көру түрлі идеологиялық шырғалаңдардан өтті. Кеңестік цензура, «литодағы»

қырағылар қысымы «социалистік реализммен» еш үйлеспейтін өзгеше бітімдегі туындының жолын кесумен болды. Аталмыш романның алғашқы

«Таңба» атты бөлімінің ықшамдалған нұсқасы араға ұзақ жылдар салып 1989 жылы «Жұлдыз» журналының №7 санында жарияланды. 1997 жылы

«Төгілген ардың» «Таңба» атты бірінші бөлімі жеке кітап болып басылды.

Кемел туынды 2011 жылы Нұрмахан Оразбеков қолдауымен толық нұсқада басылды.

«Таңба» романы «штрафной лагпункт», ыстық, суық карцер, титығына жетіп, көтерем болған тұтқындарды масыл етпей есептен шығару үшін колхоздың арық-тұрақ малдарындай «актировка» жасау, тұтқындағы əйелдердің ауыр ахуалы, қашқындарды итке талату жəне тағы сондай жантүршігерлік қиянат-қысастықтардағы» (Ж.Бектұров) тоталитарлық жүйенің қылмысын əшкерлеп берген деректі тарихи көркем туынды. Екі бөлімнен тұратын «Таңба» кітабының «Жол үстінде», «Шолақ шинель»,

«Түнгі дүрлігу», «Дошел», «Бытыраған бригада», «Ілгішек те тікенек»,

«Өкініш пе, өтініш пе?», «Түнгі тыныс», «Əбекеңнің əңгімесі», «Ресмуста»,

(4)

«Қызыл тақта», «Дөңгелек домалату», «Уа, картошка» атты тарауларында суреттелген тамұқ өмір тауқыметі сталиндік қанды қол жүйе қылмысын əшкерлейді. «Жарқын болашақ» коммунистік құрылыстың «бесжылдықтар жемісі» еңбекпен түзеу лагерлерінің қапастағы қара түнегінде рухани жəне моральдық тұрғыдан жаншылған пенденің құлдық ғұмырының боямасыз өміріне үңілдіреді.

Жазушы туындының көркемдік келістілігін емес, кемел өткірлігін ұштайтын шынайы үйлесімін діттегендіктен, қилы заманның қасіреті, түрме тауқыметі психологиялық иірімде өріліп отырады. «Осыншама зұлымдықты кім ойлап таба берген!» деген басты кейіпкер толғанысы сталинизмнің арсыз да аяр саясатының азабын өткерген жаны сірі адамның азапты тағдыр- талайын сүйек сырқырата отырып жеткізуімен мұңды шерге батырады. Қара жұмысқа жегілген тұтқындар үш күнге 500 грам нанды талғажау етумен өлместің күнін кешіпті. Түрменің қатал заңымен күн-түн демей жүйелі түрде тергеуге алудағы жүгенсіздік, жыртқыштықпен ұрып-соғу мен қинау арқылы адами кейіптен айырған жендеттер хайуандығына жиіркенесің. «Қанға бөкпесе апанда жата алмайтын қасқырдай адам қорлауға, соттатыруға, аттыруға əбден құнығып алған» əккі қанішер Бектеміровтердің тірлігіне лағынет айтасың.

Тергеу тезінен, карцер азабының қан қасабынан сағы сынса да адамгершілік қасиеттерін асқақ ұстап өткен Жайық Кегенұлы 1955 жылы

«жылымық» ықпалымен азаттыққа шықты. Қайта құру мен жариялылық

талабына сай СОКП ОК «30-40-жылдар кезеңі мен 50-жылдар басында орын алған репрессиялармен байланысты материалдарды қосымша зерттеу туралы СОКП ОК Саяси бюросының комиссиясын құру туралы» (1987.28.09),

«Заңсыз қуғын-сүргін, репрессиялар құрбандарына ескерткіш орнату

туралы» (1988.4.07), «30-40-жылдар жəне 50-жылдар басында заңсыз репрессияланған тұлғаларды ақтаумен байланысты жұмыстарды аяқтауға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» (1988.11.07), «30-40-жылдар кезеңі жəне 50-жылдар басында орын алған репрессияларда құрбан болғандарға қатысты əділдікті орнатуға байланысты қосымша іс-шаралар туралы»

(1989.5.01) бірнеше қаулы қабылдады. Ол кеңес қоғамына жат саналған демократиялық құндылықтарды түбегейлі қалпына келтіруге жол ашты.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан

Республикасының 1993 жылғы 14 сəуірдегі N2200 Заңына сəйкес Жайық Бектұров толық ақталды.

Біз Жайық Бектұровты көрген əрі ақылдың кеніндей жансарайынан төгілген ой-толғамдарын тыңдау мəртебесінен ие болған соңғы толқыннанбыз. 1991-1992 жылдары Жайық Кегенұлының сыралғы досы профессор Задан Жұмағали ұйымдастыруымен ҚарМУ-дің филология факультеті студенттерімен болған кездесулеріндегі сталинизм қасіреті, репрессияға ұшыраған ұлт марғасқаларының тағдыр-талайынан ағытқан тебіреніске толы жансыры əлі жадымызда. Тарихи деректерді еш бұрмаламай жеткізудегі жадының тереңдігіне, ұлт зиялыларының тұлғаларын сомдаудағы сөйлеу мəнерінің шешендігіне, елдік тақырыптарға иек артқан өзекжарды

(5)

толғаныстарымен көпшілік қауымды ұйытар тереңдігіне сүйсінетінбіз. 1992- 1994 жылдар аралығында Арқа жастарының аймақтық басылымы «Замандас»

газетінде журналистік қызмет атқарғанымызда қарт жазушымен талай жүздесудің сəті түскен-ді. Жас толқын журналистерге елдік мəселелерді батыл жазуға ой салып, терендік пен берендікке шақырған-ды. Марксизм ілімінен басы айналып, ата тамырынан ажыраған тексіздің «Советтік Қазақстанның социалистік қазағымен» деген құлдық санадағы масайрауын өзіне тəн мысқылмен қиыстыра келіп, тарих тағылымын санамызға құйып, азаматтық тұғырдың заңғарына жетелер ойларымен бөліскен еді.

В.Шаламов өзінің атақты əңгімелерінің бірінде «Лагерь өмірінің əрбір минуты - уланған минут» деп жазғанын болатын-ды. Өз кезегінде «Біз бір

«істе» сегіз адам едік. Мен солардың біреуін-ақ танимын. Өзгелерді өңім түгілі түсімде де көрмегенмін. Осы сегіз адамының үшеуін атып тастады, лагерьде он жыл арқалап тірі жеткен бесеуімізің екеуі аштан өлді...Расында да, тергеу кезінде, карцерде жатқанда мен ерлік, адамгершілік, қайсарлық, төзімділік көрсетіп бақтым. Бірақ, менің бұл жігерім бойымда өмір бойы сақталмады. Неге дейсіз ғой? Қазақта: «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама», - дейтін ғажайып нақыл бар...Жасымда қанша жігерлі, бетті болғаныммен, лагерьден оралғаннан кейін еңсем түсіп, жуасып қалды.

Талайларға ақым кетті, сөзімнің кезегі кетті. Ешкіммен таласып, өзімнің құқымды қорғауға зауқым соқпады. Міне, осының бəрі жасып қалуынан» деп жансырын ақтарған қаламгер Жайық Бектұров азат елдің азаматы өзінің

«мені» арқылы тұтас халқының да «менін» асқақ ұстауды аманат еткен-ді.

Иə, қайсар мінезді жазушының жанкешті ғұмыры, замана шындығынан суарылған құнды туындылары тоталитаризмнің қанды тəжірибесінен сақтандыруда тəрбиелік əрі тағылымдық қызметін атқара бермек.

НЕКОТОРЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИЗУЧЕНИЯ ИСТОРИИ ДЕПОРТИРОВАННЫХ НАРОДОВ В НАУЧНОМ НАСЛЕДИИ

АКАДЕМИКА М.КОЗЫБАЕВА Мукатаева Л.К.

кандидат исторических наук, профессор, Университет КАЗГЮУ, г. Астана

Депортация народов бывшего Советского Союза стала изучаться в основном в условиях независимости республик, несмотря на то, что сама реабилитация началась еще в конце 50-х, в 60-е годы ХХ века. Впервые это стало возможным в конце 80-х годов после публикации документов, связанных с депортацией из коллекции ЦГАОР СССР (ныне Государственный архив Российской Федерации), хранящейся в так называемой «Особой папке Сталина». К наиболее ранним публикациям по данной проблеме относятся работы ведущего научного сотрудника РАН Н.Ф.Бугая, заслуживающие высокой оценки специалистов [1]. Наиболее

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі т.б.. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері Бұл тақырыпты оқу барысында, «Азаматтық құқық»

Міне Абылайдың бір кездегі біраз уақыт қонысы, оның ханымының зираты, əйгілі қара жолы өз ауылымыздың үстінен өтетін болғандықтан да Абылай ханның

Азаматтық қоғамға мынадай анықтама берілген: қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады жəне елдің

қалыптасқанымен, шынайы тəжірибеде оның түрлі ұйымдық-құқықтық нысандары туралы заңды бастапқы мəнінде қолдану əртүрлі себептерге сəйкес

Көптеген өз еліміздің ғалымдары мен шетелдік ғалымдардың еңбектері парламентаризм институтын зерттеуге арналғанымен, Қазақстан Республикасындағы

Көптеген өз еліміздің ғалымдары мен шетелдік ғалымдардың еңбектері парламентаризм институтын зерттеуге арналғанымен, Қазақстан Республикасындағы

Характерді әр қилы сыннан өткізу, алдына таңдау қою, пікірталасқа түсіру, өзіне -өзі есеп беру сияқты әдіс-амалдардың қолданылуы осы кезең прозасына,

1947 жылы 4 қаңтарда КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Діни культтер ісі бойынша кеңестің қаулысы шықты.Қаулыда КСРО қаржы министрлігінің 1946 жылғы 13 желтоқсандағы