1 8 8 ^ 1815- 9486
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫ ЛЫ М И ЖУРНАЛ МЕЖДУНАРОДНЫЙ НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ
Ш Е Ш А Т Ю М Ғ 8 С Й Ж ІҒ ІС ДОҒШ АЕ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІ
НАУЧНЫ И М И Р КАЗАХСТАНА
8СИШТІҒІС \¥ОКЬБ
ОҒ КА2АКН8ТАК
Рүстеіиов Б.Т. ДАРБИН ТЕОРИЯСЬІНЫҢ ҮЛТТЫК САНА-СЕЗІМГЕ ТИГІЗГЕН КЕРІӘСЕРІ
Рүстемов Б.Т.
ДАРВИН
ТЕ ОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА
-СЕЗІМГЕ
ТИГІЗГЕН КЕРІӘСЕРІ
В статъе рассматривается эволюционная теория
происхождения ж изни на Земле. На основе практического анализа
дарвинизма определяются приоритеты духовно-кулътурного
развития человечества.
Тһі$ агіісіе і$ (ІелиМей іһе Іһеогу о{
ехоіиііоп Іще$ ехігасііоп оп іһе Еагіһ.
Оп іһе Ьа$і$ о/ргасіісаі апа1у$е о / даг\іпі$т м>ісһ /огтесі \місһ асііме
геІІ£Іои$-сиІіигаІ демеіортепі о / һитапііу.
Әрбір халықтьщ байырғы заманнан қалыптасқан өз ұлттық идеологиясы болады. Елінің бірлігі үшін, сонан соң табысгы тірлігі үшін ұсақ-түйек мәселелерге көңіл бөлмей биікте ауқымды багдарламаларды алдына мақсат етіп қояды. Ішкі саясаты мен сыргқы саясатын басты бағдарламасына сәйкес жүргізіп отырады. Мұнсыз ел мемлекет бола алмайды. Сонан соң басты багдарламага үнемі заманына сай, даму жолына социологиялық, экономикалық, элеуметтік, саяси зерттеулердің аркасында жаңа табылған сара жолдарды, механизмедерді мемлекеттік басқаруда іске қосып отырады. Соңғы
10-15 жылда азаматтарымыздың санасында революциялық өзгерістер болды десек қателеспейміз. Кешегі құндылықтарга бүгінгі жаңа буын басқа өлшеммен, басқа көзбен қарауда. Мұндай күтпеген жерден өмір мен саясатымызда болған өзгерістер басым көпшілікке ауыр тиді. Өтпеіи кезеңде өзді өзін таба алмай кеткен қаншама азаматтар болды. Миллиондап каншасы қыр асып, теңіз асып жақсы жер, жақсы өмір іздеп кетті. Совет өкіметінің өмірі неге кысқа. болды? Неге күйреді? Бүл сұрақка берер жауап көп.
Ең бастыларының бірі - ата- бабаларымыздан келе жатқан рухани байлық пен құндылықтардан айрылгандығымыз. Оған себеп болған коммунистердің маңызды идеология- сына айналған Дарвин теориясы.
Жаратқан иемізге сенудің, арқа сүйеудің орнына партияға сендік, жеке адамга табындық. Құдай жоқ дедік. Билік үшін таласта қаншама кінэсіз адамдардың қаны төгілді.
Егемендікке жеттік, ал енді оны
ҚАЗАҚСТАННЫН ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМ! . ТНЕ 5СШКТІЕ1С 'ЛТЗКЮ КА2АКН5ТА\ . НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
6 2 № 5 (0 9 )-№ 6 ( 10) 2 0 0 6
Рустемов Б.Т.
ұстап калу, оны ары қарай дамытып отыру оңай шаруа емес. Бүгінде бүкіл элемді тэнті еткен жетістіктеріміз ерекше баскарушылык қабілеттің арқасында болып отыр. Экономикалык жағдайымыз жақсарған соң, енді-енді өз тарихымызға үңіле бастадық. Тіпті біраз жұмыстар да атқарылып қалды. Даламыз өркендеп, калаларымыз көркемденіп келеді. Рухани жэне мәдени жетістіктеріміз көзге көріне бастады.
Елбасының соңғы Қазақстан халқына жолдауы бірнеше ерекшеліктері бар, маңызды бағдарламалы құжат болып табылады. Қазақстанньщ әлемнің өркениетті елдерінің катарына кіру туралы Стратегиясы жарияланды. Сонымен бірге аса ірі жаңарту жобасы (модернизациялық жоба) мәлімдемелді. Жолдауда еліміздің ұлттық идеясы өз тұжырымын тапты. Соңғы кездері бұл мэселе де көп талқыланып жүр [1].
Күрделі де терең жэне аукымды ұлттық идеясы ұғымының ішінде бірден бір маңызды мәселелер болып коғамымыздың рухани 'гэрбиесі жөніндегі проблема мен мәдениетіміздің дамуы жатады. Әсіресе казіргі аса ірі жаңару заманымызда бұл екі мәселені саяси көзкарастан тыс тастауға болмайды. Еліміздін басшылығының бүгінгі іс-эрекеттерін құптауға болады. Саяси институттар, сарапшылар мен ғалымдарымыз коғамдағы хал-ахуалды зерттеп, оның көтеріліп жатқан мәселелерін дер кезінде шешу үшін арнайы жұмыстар жүргізіп жатады.
«Биліктің мықтылығы - демократияға кедергі жасамайды» - дейді, еліміздің азулы саясаттанушыларының бірі М.Әшімбаев [2].
Сонымен бірге халқымыздың ұлттық сана-сезіміне оң ықпал ету, “көзін ашып” табиғи жэне өмірлік шындыкка жетелеу әрбір зиялы және салауаты азаматтарымыздың борышы. Әр қоғамда билікке талас болатыны бесенеден белгілі. Оның түрі де көп. Сонымен бірге соңғы жылдары коғамда адами қатынастардың кұндылықтары езгерді. Қоғамның психологиялық жағдайына аса назар аудару кажеттігі туралы, қоғамдык бірлестіктердің жұмыстары туралы ғалымдарымыздың еңбектері жарық көріп, аналитикалык талдаулар жасалып келеді [3]. Саясатымыздың барлық бағдарында казақстандыктарды Елбасымыз нұсқаған жолдармен алып бару қажеттігі туындап отыр. Ал оны іске асыру оңай шаруа емес. Көптеген түйіні жеткен саяси жэне әлеуметтік мәселелер дер кезінде шешіліп отырылуы тиіс. Қазақстандыктардың салауаттылығы мен білімділік деңгейінің жоғарылығы мемлеке'гтік қауіпсіздікке да айтарлықгай үлес қосады.
Жас ғалымдарымыздың ізденістері, нақты корытынды мен ұсыныстары осы проблемаларды шешу үшін арналған [4|.
Мемлекеттік жүйе ғалымдардың ұсынысын шұғыл түрде басты назарға алулары тиіс. Себебі мұнда азаматтардың көңіл-күйі, рухани байлығы мен патриоттык сезімдерінің сапалылығы социологиялық зерттеулерден өтіп отыр.
Адам факторы деген осыдан тұрады. Мемлекет органдарына түсіп жатқан арыз- шағымдардың артында мыңдаған адамдардың тағдырлары тұр емес пе? Билікке деген халықтың сенімін аргтыру үшін арыз-шағымдарды қарау жолдарын жаңа деңгейге көтеру қажет болып тұр. Әлемдегі елу өркениетті елдердің қатарына кіреміз деп шешім кабылдаған болсақ бұл мәселени де ұзаққа созбай колға алу керектігі айқын болып тұр. Себебі батыс елдері тек экономикалық жетістітерімізді ғана қадағалап жатқан жок. олар халқымыздың әлеуметтік
ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИПЗГЕН КЕРІӘ СЕРІ
КЛІАКСТАННЫ Ң ҒЬШЫМИ ӘЛЕМІ • ТНЕ ЯСІ.ЕВІТ!РЧС.ЛУОЯЬр КЛ2АКН5ТАН • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
№ 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6 6 3
Рустемов Б.Т. Д АРВИ Н ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТГЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИГПГЕН КЕРІ ӘСЕРІ
жағдайын да бақылап отыр. Ал бұл саяси мәселенің бірден бір маңыздысы болып табылады. Кедейлік, өмірдің ауыр жағдайы, биліктің жергілікті орындарда арыз- шағымдарға немқұрайды карауы, адамдарды тенкерістер, ереуілдер мен наразылық акциялар жасауга жетелеуі мүмкін.
“Өмір - бұл күрес” немесе адамдарды таптық жүйеге жіктеп бөлу, эл- ауқаттылықтьщ арасындағы алшактықты солай болу да керек деген, бір халықтың екінші халыкка үстемдік жасауы да, элсіз күштіге бағынуы керек деген”
Дарвиннің теориясы бүгінгі таңға дейін әлем халықтарына өзінің теріс ықпалын тигізіп келуде. Соңғы бір жарым ғасыр ішінде миллиондаган азаматтар мен кейбір мемлекеттер осы ілімнің жетегінде кетігі, күрбандыкка ұшырады [5.9]. Бұдан былай да ұшырайтындары хақ нәрсе. Әлем тарихына кімдер келіп, кімдер кетпеді.
Сондықтан да қатардағы азамат па, немесе билікке қатысы бар адам ба, ең бастысы, оның рухани бастуы мен адамгершілік деңгейі қандай жағдайда деп қоғамда сұрақ қойылатыны да дұрыс кой деп ойлаймын. Бұл арада ұлы эл- Фарабидің: “Ғылымды меңгерген, бірақ тэрбие алып үлгермеген адам қоғамды күрделі опатқа әкеліп соқтырады”, - деген пікірімен таласуға болмайды.
Заманымыздың белгілі ғалым-жазушысы, педагог С-оветхан Ғаббасовтың:
“Билікте білімді азаматтар қызмет етеді, бір кемшілігі олардың адамгершілік рухта тәрбие ала алмағандығында”, - дегенін мойындау керек. Американ жазушысы Ф.С.Фицджеральд өз заманының жастары туралы былай деп жазған:
“Барлық сенімдерден жұрдай болған, кұдайсыздықка душар болған, алдыларында тек корқынышты келешек пен табысқа ғана бойұсынатын буын келді” [6.516].
Өкінішке орай қазіргі жастардың басым көпшілігі адами карым-катынастан гөрі прагматикалық қатынасты бірінші орынға қояды. Уақыты жеткенде түсінер. Бірақ қаншалықты игілікті істерден айрыламыз гой. Ата-анамыздың, ұлағатты ұстаздарымыздың каншама бай тэжірибесінен жұрдай болып қалатын кауіп тұр.
Ата-бабаларымыздың, ел билеушілеріміздің бұдан 100 жыл, мың жыл бұрынғы саясаты жөніндегі жаңадан ашылып, табылып келе жатқан мағлұматтар бүгінгі өзекті мәселелердің айқындалуына, шешімін таппай жүрген істерге өз эсерін тигізетінін ұмытпауымыз абзал.
Тарихтағы өз орныңды сезіне, сондай-ак бұрынгы ата-бабшіарыңды рулық аяда ғана емес, керісінше жалпы ұлттық ауқымда мақтан ете отырып, кемсітушіліктің түрлі әрекеттерінің барлыгынан арылған қазақтар мен олардың арғы тегінің орасан зор Еуразия тарихындағы орнының қандай екенін сезіну - бұл ұлт болып қалыптасудың бүгінгі таңдағы ең қуатты эрі мүлде жаңа тәсілі.
Өйткені күні кешеге дейінгі баска этномәдениет жүйесімен белсенді қарым- қатынаста болған қазақ халқының бір бөлігін мәдени маргиналдандыру, көп жағдайда, оның тарихын жете бағаламаумен тығыз байланысты. Ұлттық сана- сезім әміршілдік жүйенің күштеп енгізген таптык сананың құрбанына айналды.
Мемлекеттік аукымда Орталык Азияны мекендейтін халықтар аумағында жаппай және мақсатты түрде жүргізілген коныстандыру арқылы этникалық менталитетті өзгерту саясаты жүргізілді.
Бүгінде біз қазақ жері көне жэне ертедегі өзіндік ерекшелігі бар еркениет аумағы болғандығын мақтанышпен әрі өзгелерді тәнті ететіндей түрде айта аламыз. Қазақстанның ұлан-ғайыр даласы бір кездері орасан зор Еуразия
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЬШЫМИ ӘЛЕМІ • ТНЕ 8С1ЕЫТІҒІС ХУОКШ КА2АКН8ТАИ • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
6 4 № 5 (0 9 )-№ 6 ( 10) 2 0 0 6
Рүстемов В.Т. ДЛРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫК САНА-СЕЗІМГЕ ТИПЗГЕН КЕРІӘСЕРІ
кеңістігіне өз ықпалын тигізіп отырған. Номадтардың мэдени миссиясы жеріне жеткізіле зерттелмеген. Біздің ата-бабаларымыздың мәдени, саяси ықпалы Египеттен Үндістанға, Еуроподан Қытайға дейінгі кең алапты қамтып жатты.
Турік әлемі халықтар мен мэдениеттер арасын байланыстырып жатқан тұтас бір желі болды.
Дегенмен, біз өз тегімізге тереңірек уңілу, ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін зерделеу аркылы бүгінімізді нығайта түсіп қана қоймай, сонымен қатар оны келешек ұрпаққа орнын гауып, мұраға қалдыру басты парыздардың бірі болып табылады. Осы ізденістеріміз арқылы өз халқымыздың рухани қайта жаңаруына, мәдениетіне, тарихының ақиқат шындығына жэне ұлттық сана- сезімнің қалыптасуына жол ашамыз. Философ, мэдениеттанушы эрі теолог Мұртаза Бұлұтай өзінің мақаласында осыған жауап іздеуге ұмтылыс танытқан [7].
Кейінгі кезде исламды қаралау, оны терроризммен қабыстыру өршіп тұр.
Батыс пен Шығыстың, христиандық пен исламның арасында «Берлин қабыргасы»
болмауы тиіс. Шетелдік идеялық ағымдармен эуестенбей, керісінше, біздің имамдарымыз қазақстандық дәстүрлерді орнықтыруға баса мән бергені абзші болар еді.
«Лев Гумилевтің гылыми мұраларындагы еуразиялық идеялар» деп аталатын Қазандагы (2005 ж.) Халықаршіық конференцияға қатыса отырып, Н. Назарбаев бүгінгі таңда біздің бәріміз өзіміздің мәдени-тарихи қауымдастығымызды, ортақ еуразиялық тамырларымызды айқын сезіне бастадық деп атап көрсетті. Әрі бұл XXI гасырдагы интеграцияланудың қуатты серпініне айншіып отыр. Түрки халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан бірлік пен ұйып отырған ынтымағы Ресей империясының бөле-жару саясатының, сонан соң кеңес мемлекетінің дарвинизмді ту еткені арқасында ыдырап, езгіге түсті.
Біздің басшымыз былай деп атап көрсеткен: Түрки хшіықтарының тарихы неғұрлым тереңге тамырын жайган сайын, олардың әлемдік еркениеттегі ықпалы соншалықты кеңейе түседі. Түркология жөнінде ғылыми еңбектер элемнің эртүрлі тілдерінде каншалыкты көп жазылғанымен, бұл тақырып элі де аз зерттелген күйде кштып отыр. Әлемге әйгілі мәдениеттанушылар түркі өркениетін жеке және дербес тақырып ретінде карастырып отырған жоқ. Мұның басты себебін ең алдымен патшалық Ресейден, бұдан кейін ұлттық мәдениетті қолынан келгенше тұмшалауға, тұншықтыруға ұмтылған Кеңестер Одағының ектемдігінен іздестірген абзші.
Қазір мүлде басқа уакыт туды. Түркі хштықтарын әлемнен оқшауландырып келген «Темір тор» күйреді. Оның есесіне элемде ғаламдану процесі басталды.
Осы жаңа сыннан сүрінбей өту жэне гшіамданудың ғшіамат таскынында біздің хшіықтарымыздың бірлігін, тілдерінін тұтастыгын, мәдениетінің ортақтастығын сақтап кшіу үшін бізге рухани интеграциялану керек. Бейбіт өмір сүру процесі, еуразиялық кеңістікте халықтар мен мемлекеттік экономиканы интеграциялау бүгінде ең езекті мэселе. Бүгінгі таңда біздің уақытымыздың азулы мемлекеті терроризммен күресуді өз мойнына алып отыр. Ал оның астарында не жатқандығын түсіндіріп жатудың қажеті шамалы.
Терроризмнің шынайы идеологиялық сипаты - дарвинизм мен материшшзм.
Адамдардың басым көпшілігі ағылшынның әуеской табигат зерттеушісі ұсынған
ҚАЗАҚСТАННЫН ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІ . ТНЕ 5СІЕЫТ1Ғ1С Ш О Қ Ш КА2АКН5ТАЫ . НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАКА
№ 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6 65
Рустемов Б.Т. ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫН ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИ ПЗГЕН КҒ.РІ ӘСЕРІ
өркендеу теориясы нақтылы ғылыми дэлелдерге, зерттеулерге жэне тәжірибелерге негізделген емес деи санайды. Теолог Харун Яхья Дарвиннің осы теорияның негізін калаушы болып табылмайтындығын айтады, қала берді бұл теорияның кағидаларына негіз болатын бірде-бір ғылыми дәлел жоқтыгын тілге тиек етеді. Жер бетіндегі тіршіліктің даму сатылары қарабайыр, сонау ерте кездердегі материалистік философия қағидаларына негізделіп, табиғат заңдарына орайластырылған [5. 8|.
Тек мифтік идеяларга эсіре еліктеуге негізделген, мүлде негізі жоқ теорияға сүйенген элемдік билікке ұмтылушылык көптеген қайғы-касіреттердің, адамдардың зорлық-зомбылықтарды бастарынан өткеруінің бірден-бір себебі болды. Адамдар санасына дарвинизм мен материалистік философия идеяларын сіңіру арқылы Жаратушы Алла тағаланың жер бетіндегі ақыл иесі - адамның рөлін түсінуге кері ықпал етті. Егер осыған дейін дінге сенуші адамдар Жер бетінде адам не үшін пайда болған, оның Жаратушы алдындағы парызы қандай деген сұрақтарға: «Адам баласын Құдай жаратқан және ол Жаратушының үйреткеніндей, салауаттыльщпен өмір сүруі тиіс» деп жауап қайтарса, енді жауан мүлде басқаша сипат алған: «Адам Жер бетінде тіршілік иесінің кезеңдік дамулары және тіршілік үшін күресуі барысында анағұрлым әлділері құрып кетуден аман қалған маймылдан тараған», - дейді.
Бізді қоршаған органың қатал заңдары адамзатты орасан зор идеологиялық алдаудың апанына түсірді, ейткені дарвинизмнің «гылыми» теориясы билікке ұмтылушылық пен шиеленістерге бастаған фашизм, коммунизм, маоизм және басқа да көптеген адамзатқа жат идеологиялық режимдердің тамыр жаюына
«қолайлы» идеологиялық негіз қалады. Харун Яхья өзінің кітабында дарвинизм теориясының кейбір құпия астарларына, XIX ғасырдың ортасынан бастап қазіргі қоғамдағы оның адамзат тарихындағы рөліне галдау жасайды, бұрмаланған және мэн-мағынасыз идеологиялық ілімдердің пайда болуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастырған дарвинизм идеяларына «салтанатты шеру» жасайды, біздің заманымыздың ең өткір проблемасына айналып отырган дарвинизм мен терроризм арасындағы көзге көрінбес байланыстарды ашып көрсетуге ұмтылады.
Кеңес дәуіріндегі дарвинизммен қаруланған біздің қоғам коммунизмді құрамыз деп “үлкен ағамыздың” жетегінде кетіп дінімізден, ділімізден, тіліміздеи, мэдениетімізден айрылайын деп қалған жоқпыз ба? Бұл тек қазақ халқының басында еме, басқа да “кіші інілердің” өмірінде орын алды. ¥лт ретінде жоғалуымызды, байлығымызды оңды-солды пайдалану жоспары “үлкен ағамыздың” мемлекеттік саясаты болды. Тіпті кешегі 2000 жылға дейін Ресейдің кейбір оқымыстылары бізді, біздің тілімізді, дәрежемізді өздерімен салыстырып төмендеткісі келді [8. 245-249].
Дарвинизмнің ең басты қателігі - «Өмір - бұл күрес» дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті эрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басы, жаныштап отыруы тиіс.
Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануга болмайды. Дарвинге жүгінсек,
«артыкшылықты раса» өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресге жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым
КАЗАКСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМ! • ТНЕ ЗС ІЕШ ІҒІС \Ү О К Ш КА2АКН8ТАЫ . НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
66 № 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6
Рустемов Б.Т. ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИПЗГЕН КЕРІӘСЕРІ
жасайды. Мысалы, Дарвин былай деп жазады: «Тек ғасьірлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін элемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфтьі маймылдар (яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар) да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлгая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық, мысалы, кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта». Міне, атағы әлемге эйгілі ғалымның сөзі осындай.
Дарвиннің оз теориясын жасау кезінде идеялық «серпілісті», сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған, британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. «Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін, өлуі тиіс. Тек осындай «перманентті согыстың» нэтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады», - деп санаған Мальтус.
Дарвин перманентті шиеленісті ауқымы зор табиғи қүбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі жэне жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, оның тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты түрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жегілу оның іштен шыққан «шұбар жыланы» - «өмір сүру үшін күрес» идеясының басты жауы болды. Ол сол кездегі
“Құдай жаратты” деген ақылсыз діни гүсініктерді серпіп тастауға барлық адамдарды шақырған тағы бір «ғылыми» үранды ойлап тауып, қазіргі заманғы
«ғылыми» жаңалыққа сенуді үсынды. Егер XIX ғасырда дарвинизм идеясы расизмнің саясатын «ақтауға» теориялық негіз қаласа, XX ғасырда эволюция теориясы нацизм идеологиясының пайда болуына алғышарттарды қамтамасыз етті. Гитлер мен Розенбергтің бағдарламалық мақалаларында Дарвиннің «табиғи іріктеу», «табиги селекциялау» жэне «расалар арасындагы өмір сүру үшін күрес»
сияқты тұжырымдары колданыс тапқан. 1933 жылы Нюрнбергтегі Германия үлттық - социал жұмысшы партиясының съезінде Гитлер: «...жоғары арий расасы барлық өзінен төмен расатарды бағындыруы тиіс... бүл табиғаттың өзі туғызған заңы, жер бетінде өмір сүрудің бірден-бір үйлесімді заңы болып табылады», - деп ашық мэлімдеген болатын. Дарвиннің идеяларымен қаруланған Гитлердің элемге нендей қайғы-касірет әкелгендігін біз жақсы білеміз. Ол адамзатты бүрын-соңды болып көрмеген үлкен апатқа ұрындырды. Көптеген саяси және этникалық топтар, әсіресе еврейлер гитлерлік «селекциядан» өткізіліп, концентрациялық лагерлерде мыңдап қырылды. Соғыс 55 миллион адамның өмірін'жалмады. Осы орасан зор апаттың басты себебі ағылшынның әуесқой табиғат зерттеушісі Ч.
Дарвин екендігін былайғы көпшілік біліп жатқан жоқ,
Осы арада еліміздін жетекші саясаттанушылардың бірі, ғылым докторы Марат Тәжиннің айтқандарынан мысал келтіре кеткім келеді. «Екінші миф деп мен геосаясаттық дарвинизм мифін атар едім. Әскери терминдерді саясатқа көшіру орын алыгі отыр. Сөзім жалаң болмауьі үшін бірқатар мысалдар келтіре
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІ . ТНЕ 5СШКТІҒІС КА2АКН8ТАИ • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
№ 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6 6 7
Рүстемов Б.Т. ДАРВИ Н ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ
кетейін: кай жерде де «біреу біреулермен соғысып жатыр», қай жерде де «әлде- элде» - не “біз оларды немесе олар бізді” психологиясы, «егер жау берілмесе - оны құртар болар» идеясы, ақпараттық майдан, ресурс үшін майдан, билікке қол жеткізу үшін майдан жүріп жатыр. Барлық адамзат қауымдастығы - аймақтық социумды немесе нақтылы ұлттық мемлекетті - геосаяси дарвинизм терминдерін белгілі бір ұлттық ерекшеліктерді, бүкіл өркениетті, мәдениет аспектілерін сыпырып тастайтын сыпыргы ретінде қарастырады. Мұның өте кауіпті екендігі сол, адамдар санасына біртіндегі сіңіп, «Кім күшті болса, соның сөзі өтеді» дейтін ұғымды орнықтырады. Бұл саяси кеңістікті орнықтыруда ақиқатқа айналып келеді» [9].
Бүгінде элем даттардың /Дания/ газеттерінде жарияланған бірнеше суреттерге бола екіге жарылды... Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы, бұдан кейін оны бірқатар Еуропалық газеттердің көшіріп басуы элемдегі барлық мұсылмандардың толқуын туғызды. Кейбір ислам және араб мемлекеттерінде іс дипломатиялық санкциялардан, бойкоттар мен қарсылықтардан да асып түсіп, Дания елшілігі мен консулдығьша тікелей шабуыл жасауға дейін ұласты. Біздің Қазақстан Діни басқармасы да осыған қатысты ез көзқарасын білдірді. Ислам адамдарды немесе жануарларды бейнелеуге тиым салады. Алайда осы тиымдар эрдайым, оның ішінде Мұхаммед пайғамбарға қатысты сақтала бермеген.
Мысалы, ХІҮ ғасырда Осман империясында және Сафавидті Иранда Мұхаммед пайғамбардын бейнесі салынғаны белгілі. Атап айтқанда, ЬІстамбұлдың мұражайында сақталған «Мирадж-наме» кітабында пайғамбарымыздың беті ашық көрсетілген.
Карикатура төңірегіндегі айқай-шу Мұхаммедтің бейнесінде тұрған жоқ, керісінше оның қандай сипатта салынғандығында болып тұр. Дінге сенушілердің жэне діни беделділердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда мұнда масқаралаушылыққа жол берілген. Мұндай маскаралаушылық үшін Ислам тарихында көптеген суретшілер мен ойшылдар, оның ішінде «Ана-ль-Хакк» (Мен - Ақиқатпын) деи жазған сөзі үшін өлімге кесілген Халладж әл-Мансұр да бар.
Өйткені ол өзіне Алланы ерекшелендіріп тұратын сөзді арнаған. XIҮ ғасырдағы суфизмнің көрнекті ақыны Насимидің Алеппо қаласының моллалары (дін қызметкерлеріне) атына ғайбат сөз айтқаны үшін тірідей терісі сыпырылган.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы ретінде қазақ халқына үлкен жауапкершілік пен байыптылық түсіп тұр. Әрине біздің ерекше толеранттығымыз бұдан да былай даму үстінде болуы қажет. Ислам біздің елде өркендеу жолында.
Мұсылман елдерінің арасында карқынды дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Елімізде Қазан айының 18 жұлдызы - рухани келісім күні деп саналады. Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып жарияланды. Үлкен абыроймен әлем діндерінің екі дүркін съезі өтті. Бұл біздің жерде ешкандай қақтығыстар орын алмайды дегенді білдірудің бір айгағы. Мысалы, кезінде Франция митрополиті Емануель, Дания газеті Мухаммед пайғамбарымызды әшкерелеген кезде, муфти Әбсаттар қажыға шиеленіскен жағдайды беделді дінбасы ретінде шешуге көмектесуін сұраған болатын.
Жеткіншек ұрпакка жалгіы тәрбие мен бірге рухани тэрбие беру бізді бүгінде басқа пробемалармен қатар толғандырып келеді. Жастардың болашағы еліміздің
КАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМ! . ТНЕ ЗСІЕКТІҒІС \ҮОКЬО КА2АКН5ТАН . НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
68 № 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6
Рүстемов Б.Т. ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИ П ЗГЕИ КЕРІӘ СЕРІ
болашағы деп Елбасы жиі айтуда. Мемлекеттік жастар саясаты мен тэжірибе және даму үрдістері барлық жерде дерлік билікпен қолға алынған. Бізде және әлем деңгейінде жастар саясатын қалай жүргізіп жатқандығы туралы Д.Калетаевтың еңбегінен табуға болады [10. 34-47]. Ересек азаматтардын да бүгінгі өмірге деген түсінігі біздз ойландырады. Өйткені кейбір өмірлік маңызы бар мэселелерді шешуде біз өзімізді көбірек ойлаймыз да, айналамыздағы өзіміз сияқты адамдардың қадір-қасиеттерін ескере бермейміз. Қоғамда қандай орын алса да, өзінің күнделікті тұрмысындағы іс-әрекеттерде дәстүрлі рухани және жалпы адамзаттық құндылықтардан ауытқымайтын адамдардың кемшіліктері мен жауы болмақ емес. Маңайындағылармен келісімде өмір сүру адамның басты принципі.
Әлемдегі барлык ұлы дәстүрлі діндер осыны уағыздайды. “Ислам бүгінде бізге нан сияқты қадірлі” дейтін Қайрат Сатыпалдының айтқанымен келіспеу мүмкін емес. «Рухани бай болмай адам материалдық байлықпен толық бақытты бола алмайды» деген оның ойымен әркімнің келісетіндігіне күмэн жоқ.
Назарбаевтардың бастамасымен Кұранның аудармасы 11 мьтң данамен шығарылып, жоғарғы оқу орындарына таратылғаны қуантарлық жағдай [11.6-8].
Біздің іргеміздегі мемлекеттердің есті адамдары да рухани тәрбие жөнінде сөз көтеріп жүр. Мысалы, Ресейдің Әділет министрі Владимир Устинов жастарды рухани тәрбиелеуде өз пікірін ашық айтып жүр: «Ашкөздік, парақорлық, қызмет бабын асыра пайдаланушылық осыдан шығады. Егер біздің барлығымыз әу бастағы өнегелік тамырларымыздын желісін үзбесек, егер рухани бастауларымызға бет бұратын болсақ, әзірге «бала санасы ештеңемен уланбаған»
болса, мектептерде діни сабақтарды жүргізудің артықшылығы жоқ. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік университеттерінде теологиялық факультеттер ашу қажет.
Ресей қазірдін өзінде осы маңызды іске қосылды. Олар христиан свяшениктері мен мұсылман имамдарын эскери бөлімдерге енгізе бастады [12. 9]. Әрбір адамның өз сеніміне өз жолымен келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Көптеген мемлекет басшылары, өздерінің кандай да бір діни сенімді қасиеттеп, құрметтейтіндігін қаншалықты жасырганымен, өзінің бұрынғы ата-бабалары ұстанған жолдарынан таймайтындығы, сапт-дэстүрінен айнымайтындығы белгілі.
Көптеген ғарышкерлер галактикада - аспан әлемінде біздердің жалғыз еместігімізге, Сыртқы бір құдыреттің барлығына, солар бізге ықпал етіп отыратындығына сенімді. «Ғарышқа ұшуым - мені Аллаға әкелді” - дейді Талгат Мұсабаев [13. 6]. Ол бір сөзінің ретінде кейбір адамдардың өздерін «жер кіндігі»
санайтындығына қайран қалатындығын білдірген еді. Бұдан асырып айту мүмкін емес.
Өкінішке орай, сый мен құрмет тек жастардың ғана емес, сонымен қатар кейбір ересек адамдардың арасында да өзінің қадір-қасиетін төмендетіп барады.
Көптеген адамдарда ар мен ождан ұғымының сипаты терістелуде. Олардың көпшілігі ақшаны бірінші кезекке қойып отыр. Соның салдарынан, кейбір миллиондаған каржыны қолына ұстағандар, адамгершілік ізгілік мұраттарды естерінен шығарып, қайырым мен ізгілікті ұмытуға айналган.
Мемлекет басшысының діндерге деген көзқарасына қатысты ұстанымдарын біздердің барлығымыз жақсы білеміз. Ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік ауқымда да конфессияаралық катынастардағы әртүрлі шарапарға
КАЗАКСТАННЫҢ ГЫЛЫМИ ӘЛЕМІ . ТНЕ ЮЕІЧТІҒІС \У О К Ш КА2АКН8ТАҢ • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТЛНА
№5(09)-№6(10) 2006 6 9
Рүстемов Б.Т.
'АіТ бастамашы болып жүр. Өйткені ол халық пен. қоғам үшін діннің қаншалықты оң ықпал ететіндігін жан-тәнімен сезініп келеді. Сондықтан да біз оның халық игілігіне жасап отырған бұл бағыттағы эрбір іс-әрекеттеріне қолдау білдіріп отыруға тиіспіз. Ол халық пен қоғам арасында діннід қаншалықты оң рөл атқаратындығын жақсы біледі. Едбасының жан-жақты тынымсыз еңбегі туралы, толық мәліметтерді гылым докторы, профессор М.Қасымбековтың кең де ауқымды кітабтарынан табуға болады.
Осы орайда тағы да адамзатты қайғы-қасіретке, оның ішінде бүгінгі шиеленіске, элемдегі екі ұлы діннің қарама-қарсы беттесуіне соқтырып отырған, сан ғасырлардан бергі түйіні тарқамай келе жатқан жайларға тоқталмасқа болмайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дарвинизм XX ғасырда адамзат баласын ештеңемен өлшеуге келмейтін зардаптарға ұрындырған, мэні теріс, зұлымдығы басым идеологияның «ғылыми» іргетасы қызметіи атқарды. Барлық өзге идеологиядагылар сияқты дарвинизмнің де өзіндік «этникалық нормалары»
мен «әдістері» бар. Сол аркылы ол басқаша ойлайтындардың санасына әсер етіп, оларды өз ықпалына қарай кендіктіреді.
Әлемде түрлі діни таным, көзкарас пен философиялық ағымдар бар.
Солардың ізін ұстанушылардың эрқайсысы бір-біріне деген көзқарастарын екі жолмен аңғарта алмақ. Біріншісі, олар озық көзқарастарды құрметтей және адамгершілік биік парасаттылықты ұстана отырып, олармен байланыс орнатуға ұмтылады. Мысалы, біздің Қазақстан сияқты. Екіншісі, олар езі тектестерді табанының астына сатып, өзінің басымдылығын көрсететін күрес жолын гаңдауы мүмкін. Мұндай мысалдар аз емес. Біз өзіміз терроризм деп айдар тағып отырған озбырлық осы екінші тәсіл. Бұл арада қанды жолды уағыздайтын дарвинизм мен коммунизмді ешбір айналып өтуге болмайды. Коммунистер эу баста-ақ Дарвин теориясын қолдаушылар және соны жан-тэнімен қорғаушылар болды. Ресей коммунизмі аталарының бірі Плеханов марксизмді «әлеуметтік гылымға қолдануға икемді дарвинизм» ретінде қарастырған. «Дарвинистік білім беру»
коммунист кадрларын қалыптастыруда маңызды рел атқарды. Мысалы, тарихшылар мынандай фактіге айрықша назар салады: жас кезінде Сталин мейлінше дінге берілген адам болған, бірақ Дарвин кітаптарының негізінде ол діннен алшақтап, нағыз атеист болып шықты. Қытайда коммунизмнін қалыптасуында дарвинизмнің ықпалын жан-жақты зерттеген Гарвард университетінің тарихшысы Джеймс Пусей: «эволюция мен коммунизм теориясы арасында мызғымас байланыс бар... Коммунизм - бұл атеистік философия. Егер XX ғасырдағы 120 миллион адамның өмірін қиған диалектикалық шиеленістердің коммунистік тұжырымдарының астарына үңілетін болсақ, дарвинизмнің адамзат баласына қаншалықты қайғы жұтқызып, қан құстырғандығын жете сезінеміз», - дейді. Мысалы, 1917 жылғы төңкеріске дейін Қазақстан Ресейдің түркі тілді халықтарының арасында саны жағынан екінші орын алса, Кеңес мемлекеті дэуірлеген өткен ғасырдың 50-ніі жылдарынын ортасында біз өз жерімізде бар болғаны 29 пайызды ғана құрадық. Осының барлығы мәдениетімізді, дәстүрімізді жэне тілімізді жоюға соқтырды. Төлқұжаттарда ұлтыңды көрсетпеу де жоспарланды. Кеңес халқы деген ортақ қауымдастық құру міндеті күн тэртібіне қойылды. Шет елдерде - мейлі сен казақ немесе армян, грузин немесе татар бол, -
ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИГІЗГЕН К Е Р ІӘ С Е РІ | 1 | .
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІ . ТНЕ 5СІЕМТІҒІС %'ОКЬО КЛгАКНЗТАЫ • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
7 0 № 5 (0 9 )-№ б (1 0 ) 2 0 0 6
Рүстемов Б.Т. ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗШ ГЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ
бұлардың барлығын орыстар деген түсінік калыптасты. Қазақстанға куатты мемлекеттің аграрлық - шикізаттық орны мен рөлі берілді. Сондықтан да Қазақстан республика деп аталып, өз Конституциясы болғанымен, ол бүгінгідей егемен елдіктің тырнағына да тұрмайтын тұмшаланған қоғам болды.
Үндінің антропологы Лалита Видьярти дарвиндік даму теориясы қоғамдық ғылымға расизм идеясын экелді жэне «емір сүрудің дарвиндік теориясы анағұрлым жарамды деп коғамдык ғылымдар тарапынан жылы қабылданды, эрі олар адамзат дамуының түрлі сатыларында ақ адамдар өркениетке қол жеткізді дегенге сенді. XIX ғасырдың екінші жартысында расизм ақиқат құбылыс ретінде батыс ғалымдарының көпшілігі тарапынан мойындалды» деп санайды.
Биохимия профессоры Майкл Бехе (АҚШ) дамуды зерттеушілердің барлығы да жер бетіндегі жанды жэне жансыздың барлығының жаратылысына қатысты жоғары ақыл аясында кандай да бір көңілге қонымды дэлел келтіре алмайды дейді. Бүкіл әлемдегі ондаған мың галымдар эволюция теориясының ғылыми негізі жоқ екендігін дэлелдеді, Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының ойдан шығарылған сценарийін жоққа шығаратын мыңдаған зерттеулер мен ғылыми жұмыстар жазды.
Эволюция теориясы балықтар немесе қосмекенділерге жататын тіршілік иелерінің негізгі топтарының шығу тегіне кеңілге қонымды түсінік бере алмайды, сондай-ақ ол осы топтарды құрайтын жекелеген түрлерінің пайда болу мәселесінде де дәрменсіз.
Жастары миллиондаған жылдармен есептелетін тасқа айналған қаңқалардың (мэселен, акуланыц қаңқасы 400 млн. жыл, шегірткенінікі - 40 млн. жыл, құмырсқанікі - 100 млн. жыл, таракандікі - 320 млн. жыл) бүгінгі бар түрлерінен ешбір айырмашылығы жоқтығы тіршілік иесі қарапайым түрінен күделіленуіне қарай кезеңдік даму арқылы пайда болмағандығын, керісінше бір сәтте әлдебір кұдыреттің әсерінен пайда болғандығын дәлелдейді. Геологияда осы бір тосын құбылыс «кембрийск жарылысы» деп аталады.
«Тұрқан баласы» деген атаумен белгілі қаңқа бүгінгі күндегі табылған сүйектердің ен көнесі болып табылады. Бұл қаңқаның жасы шамамен 1,6 миллион жыл. Оның бойы 1.80 см 12 жастағы ер бала екендігі белгілі. Оныц қаңқасы қазіргі адамдардың қаңқасынан еш айырғысыз. «Тұрқан баласы» адамның ойдан шығарылған дамуы туралы барлық болжамдарды жоққа шығаратын нақтылы мысал бола алады. Антикалық теңізшілер алғашқы адамдар біз ойлаганнан да ақылды адамдар болған дейді... өйткені олар осыдан 700 мың жыл бұрын кеме жасаумен айналысқан. Осы арада мынандай сұрақ туады: кеме жасау білімі мен технологиясын меңгерген адамдарды «алгашқы» адамдар деп қалай айтуға болады? Технология - грек тілінен аударылғанда «қол еңбегі» деген мағынаны білдіреді.
Соңғы жылдардағы ғылым дәлелдеп отырғандай, неандертальдар Еуропада бұдан 100 мың жыл бұрын пайда болған, және де 34 мың жыл бұрын қалай пайда болса, солай ғайып болған, немесе басқа тектермен араласып кеткен. Олардың адамдардан бір ғана өзгешелігі канкасының анағұрлым сүйекті жэне басының үлкендігі ғана. Табылган айғақтар неандертальдардың өлгендерді жерлегенін,
КАЗАКСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ' ӘЛЕМІ . ТНЕ ЗСІЕНТІҒіС \ҮОКЮ КА2АКН&ТАЫ• НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
№ 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6 71
музыкалық аспаптар, үй шаруашылығы заттарын жасағандығын, киім тігумен айналысқандығын жэне тағы басқа істермен шұғылданғандығын дәлелдеп отыр.
Әйгілі орыс эволюционистерінің бірі А. Опарин өзінің «Тіршіліктің пайда болуы» деген кітабында, өкінішке орай, тірі клеткалардың пайда болуы дамудың бүкіл теориясын өз бойына сіңіріп отырған шешімі табылмаған сұрақ деп жазады.
Сан Диего институтынан геохимик, профессор Джеффри Бада «тіршіліктің пайда болуы күні бүгінге дейін жауабы жок жұмбақ» дейді. Даму теориясының философиялық негізін қалаған материализм XIX ғасырда Әлемнің эуелден бар екендігінің, оның элдебіреудің қолдан жасамағандығының болжамын алға тарта отырып, Жер бетіндегі тіршіліктің материядағы ішкі процестердің түрленуі негізінде пайда болған деп түсіндіруге тырысады. Алайда XX ғасырдағы ғылыми жаңалықтар бұл болжамды толығымен жоққа шығарды. Осыдан 15 млрд. жыл шамасы бұрын қуатты жарлыстың салдарынан Әлемнің бір сәтте пайда болғандығын дәлелдеген. Віе Вап» (Үлкен жарылыс) Әлем мәңгілік жаратылыс деген қалыптасқан ұғымды жоққа шығарды. Астрономия профессоры Джордж Гринштейн (АҚШ) «біз ұдайы ақиқат шындыкпен бетпе-бет келіп жүрміз.
Әлемнің жаратылысында ерекше бір ақыл иесі немесе Жоғары ақыл иесі болуы тиіс» деп жазады. Көптеген ғылыми факторлар Әлем жэне ондағы барлық тіршілік иесі шексіз Ерік пен Өлшеусіз Білімді меңгерген Жоғары Құдіреттің қолымен жасалған деген ойға жетелейді. Вашингтон университетінің профессоры Дэвид Ментон, міне 30 жылдан бері. тірі агзалардың анатомиясын зерттеумен шұғылданып келеді. Сондай кезекті зерттеулерінің барлығында тіршілік иелерінің Жаратушы туындысы екендігіне көзін жеткізе түсуде.
Құран адам баласын ғылымға жетелейді. Дін мен ғылым табиғатта, өмірде өз гармониясын, үндестігін, үйлесушілігін тауып отырады. Бұган көптеген дәлелдер жинақталған. Мәселен әлемде медицинада ең бірінші болып ғылыми жұмыстарды жүргізген Андалузия мұсылмандары. Олар Джулджуль (туған жылы белгісіз - 992 ж.), Абу Джафар, Абдуллатиф әл-Багдади (1162-1231). Ал Ибн Синаны (980- 1037) тек Шығыс қана емес Батыстың ұлы ғалымдары да мойындаған. Егерде әлем ғылымы ізденістерінің басты назарында ¥лы Жаратушыны еске алып, істерін жүргізсе көптеген каржы шығыны мен адам потенциялыньщ еңбегі заяда кетпес еді дейді Харун Яхья [14. 33, 66-70]. Мұсылман ғалымы Бируни (XI ғасырда өмір сүрген) Галилейден 600 жыл бұрын жердің айналатындығын дэлелдеген жэне Ныотоннан 700 жыл бұрын жердің диаметрін есептеп шыккан.
Али Кушчу XV гасырда айдың бірінші картасын жасаған адам. Әлем ғалымдарының айтуынша Дарвинге дейін дін мен ғылым тұтас бөлінбей қаралып келген. Сол уақытқа дейін ғылымда күрделі де сапалы жаңалықтар ашылған.
Дарвиннен бастап ғылым дінге қарсы қойылды. Дарвинизмді айналасын қасқырша талайтын алпауыт мемлекеттер өз саясатын қолдау үшін басты идеологиясына айналдырды.
Көптеген адамдар белгілі бір гылымда табысқа жеткен ғалымның аузымен айтылған сездердің барлығын ақиқат деп қабылдайды. Алайда, біздің көпшілігіміз бұл ғалымның да, әрбір жекелеген адам сияқты, өз сенімі мен идеологиялық көзқарасы болатындығын ескере бермейміз. Шын мэніне келгенде, қандай да бір ғылыми дәлелдерге арқа сүйеген эволюциялық теорияны жақтайтын ғалымдар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМІ • ТНЕ 5С ІЕШ ІҒІС %'ОКЬО КА2АКН5ТАҚ • НАУЧНЫЙ МИР КАЗАХСТАНА
Рүстемов Б.Т. ДАРВИН ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМГЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ ^ р .
7 2 № 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6
Рүстемов Б.Т. ДАРВИН 'ГЕОРИЯСЫНЫҢ ҮЛТТЫҚ САН А-С ЕЗМ ГЕ ТИПЗГЕН КЕРІӘСЕРІ
көпшілікке өзінің жеке басының сенімі мен көзқарасын таңуға тырысады.
Кездейсоқтык, ретсіздік пен күйретуден басқа ештеңе туғызуы мүмкін емес дегенді айқын сезіне отырса да, бүкіл Жаратылыс жэне эрбір жанды мен жансызға тән үйлесім, зерде мен сыр-сымбат тосын құбылыстың эсерінен дегенді жоққа шығара алмайды.
Палеонтология, биохимия, анатомия сияқты қазіргі заманғы ғылым салаларының арқасында бүкіл тіршілік иесі - Жаратушы Алланың жасағаны екендігін көз жеткізе дэлелдеп отыр. Адамзат баласы жанарын қайда қадаса да, нені зерттесе де айналамыздағы тіршілік атаулының барлығы әлдебір жоғары ақыл иесі бар екендігін айғақтап тұрады. Кез-келген жәндік немесе теңіз түбіндегі кіп-кішкентай балық адамның ақыл-санасы бойлай алмайтын сыр-сымбатымен, ерекше жаратылысымен өзгеше екендігімен таң қалдырады. Осының бәрі бүкіл табиғатқа эмірін жүргізіп тұрган ең жоғары ақыл-ой иесі Жаратушы бір Иеміздің барлығының дэлелі.
Әдебиеттер 1. Елбасы Жолдауы, 1 наурыз, 2006 ж.
2. Ашимбаев М.Сильная государственная власть - не помеха демократии. //Литер. 15 июня 2006.
3. Седуманов С. Феномен многопартийности в Казахстане. Алматы. 1997.
4. Илеуова Г., Коновалов С., Төреханова Б. Жизненноважные национальные интересы и иерархия угроз национальной безопасности Казахстана. //Апаііііка. Ог§, 30 июня 2005г.
5. Харун Яхья. Крах теории эволюции. Москва. 2002.
6. Френсис Скот Фицджеральд. Писатели США. Москва. 1990.
7. Бұлұтай М. «Дала мен Қала» газеті. 9 сәуір, 2005 ж.
8. Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. //“Елорда”. Астана-2001.
9. Тажин. Миф есть нечто отличающееся от реапьности. //Асар-Казахстан, № 5, 10 мая 2004 г.
10. Калетаев Д. Мемлекеттік жаетар саясаты. Астана. 2003.
11. Сатыпалды Қ. Ислам бізге ауадай кажет. //«Ислам жэне өркениет» газеті, № 1, 1-15 каңтар 2006 ж.
12. Төлегенұлы Б. Жоқка шығаруды жокка шығару. //«Егемен Қазақстан» газеті, 31 мамыр, 2006 ж.
13. Мұсабаев Т. Ғарышка ұшуым - мені Аллаға әкелді. //«Ислам және өркениет» газеті, № 2, 16- 31 каңтар 2006 ж.
14. Харун Яхья. Религия и наука всегда в гармонии. Москва, 2002.
КАЗАКСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМ! . ТНЕ 5СІЕКТІҒ1С \ У О К Ш К А 2 А К Н 5 Т А Ң . Н А У Ч Н Ь І Й М И Р КАЗАХСТАНА
№ 5 (0 9 )-№ 6 (1 0 ) 2 0 0 6 7 3