• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

НАЦИОНАЛЬНОЕ ПОЗНАНИЕ В РАССКАЗАХ САКЕНА ЖУНИСОВА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "НАЦИОНАЛЬНОЕ ПОЗНАНИЕ В РАССКАЗАХ САКЕНА ЖУНИСОВА"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

79 ҒТАХР 17.82.30

СӘКЕН ЖҮНІСОВТІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ Т.Е. Игенбай

«6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс PhD докторанты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақстан, Алматы, email: togi_85@mail.ru

Бұл мақалада Сәкен Жүнісовтің әңгімелерде кең орын алатын адамгершілік тақырып қарастырылады.

Сәкен Жүнісовтің шығармашылығы қазақ әдебиетінің алтын қорда лайықты орын алады. Мораль, адамгершілік, ұлт мәселесі кез-келген ұлттың әдебиетінің ең үлкен және мәңгілік тақырыптарының бірі.

Мораль тақырыбына үлес қосқан жазушылар тек моральдық және этикалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, замандастарының рухани байлығы мен рухани сұлулығын мақтап қана қоймай, оларға және филистикалық кейіпкерлерге, адамдардың ұмтылысына қарсы тұрған теріс әрекеттерді сынға алды.

Түйін сөздер: әңгіме, рухани қазына, ұлттық таным, адамгершілік, тәрбие Кіріспе

Балалар әдебиеті жайында әңгіме қозғағанда, арине ең алдымен біздің есімізге ХХ ғасырдағы орыс әдебиеті дәстүрі түседі. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен алғашқы күндерден бастап-ақ М.Горький балалар әдебиетін дамыту жөнінде пікір айтып, практикалық шараларды жүзеге асыра бастаған. Санкт-Петербургте балалар журналын ұйымдастырған, балаларға арналған сериялық кітапхана жасау керектігін айтып, бағдар сілтеген. Ойлап қарасақ, ұлы жазушының осы іс- әрекетінде көрегендік жатады екен. Өйткені, балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ.

Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды.

Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті.

Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С. Дөнентаев, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ө. Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады [1; 22].

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.

Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті.

Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Әңгіме жайында әңгімеге көшсек “Әңгіме – оқиғасы баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылымы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиғаға айтылады [1; 89]. Сондықтан Тургеневтің, А.Толстойдың, А.Чеховтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың әңгімелері классикалық үлгілер болып табылады.

Әңгіме жазу оңай емес. Әңгіме жазудың екі түрлі ерекшілігі бар. Біріншіден, қысқа жазылу керек, екіншіден, шебер жазылуы қажет. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

(2)

80

“Ол – бес жүз беттік роман емес: көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Оны оқып шығу үшін бір жеті керек емес, бір-ақ сағат жетуі мүмкін. Жұмыстан бос, демалыс сағаттарыңызда қолыңызға алып, қызыға оқып, қызғана қадалып, көз ала алмай, толқына тебіреніп отыру қандай рақат!” [2; 72].

Әңгімеге қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме беріп жатпайды. Бір оқиға тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет.

“Әңгіме жанры сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді” [2, 73].

Сәкен Жүнісовтің шығармашылығының бастауы балаларға арнап жазған әңгімелерінде жатқаны жоғарыда айтылды. Алғашқы әңгімелерінде («Бір шофердің әңгімесі») өмірлік нақты характерлер сомдаудан гөрі, автордың айтар моралі алға шығып кететіні байқалса, кейінгі әңгімелер идеясы кейіпкердің характерінен туындап, сонымен табиғи өріліп отыратыны көзге түседі.

Шофердің баяндау әңгімесі арқылы шегініс жасалынады. Шофер өміріндегі жас балалармен алғашқы таныс болған сәтін еске ала отырып, олармен бұрын таныс емес едім «Иә, олар аса тәртіпті, әдепті балалар еді!» деп іштей қуанып, оларды тәрбиелеген адамдарға шын көңілімнен ризалығымды білдіретінмін». Осы жүз таныс кішкенелермен кездесуін былай деп еске түсіреді: « Қызыл ту» колхозының қой фермасынан «Жаңа жол» Колхозына баратын төте жол жүруге ыңғайсыз болса да, тура жүріп кеттім. Шығармадағы пейзаждық табиға құбылысын ашууда ала бұлттанған аспан бетін кенет тұрған желдің әсерімен көк жиектен жыртыла айырылып, жөңки көшкен қою бұлт бүркеп, даланы қараңғылай берді. Бір мезгілде нажағай да жарқ ете қалды. Тағы да жарқ-жұрқ...- деп, [3; 220] ауа райының аса қолайсыздығы мен жолдағы бір жайсыздықтың да боларын сездіргісі келгендей.

Күн шығыс жақ беткейден соққан желге сирек жұмсақ шөп жібектей құлпырып, қайта толқи майысады. Гүл бейнесінің өзін тірі заттай көріп оның да бір сезімі, ойы бардай танытқаны ерекше айқындалып тұр. Уақыт өткен сайын жаңбырдан жердің топырағы саз балшыққа айналған тұста шофер көлігінің жүрісі ақырындап, кей жерлерде машинаның доңғалағы зыр айналып ызылдап тұрып алды. Ал, бұрылыстарда тайып барып ауып кете жаздайды. Осылай жолдың ирелең-ирелең жолымен жүрем деп әбден титығы құрыған шофердің алдынан қолдарында корзинкалары бар, жалаңаяқтап алған төрт-бес бала жүгіріп шыға келді. Олардың біреуі қолындағы таяғын, енді бірі жаңбырға езіліп мыжырайған қалпағын жоғары көтергенін көргенде балалардың бұл тұрысы ашуымды одан сайын келтірді дейді.

Ересек адамның кейде жас балалардан да ақылсыз не болмаса жанашырлық пен қамқорлықтан бір сәтте жұрдай бола қалуы өкінішті-ақ. Себебі, шофер өзін алдыда қандай істің тосып тұрғанынан хабарсыз еді. Шофер «Жидек терген балаларды жинай жүрген жоқ шығармын, сірә» деген ой бірден басына ұялады да, машинаны барынша қатты жүргізіп, балшықты шашырата өте шығады. Ауа райының қолайсыз сәтінде жолға шыққан шофердің жол бойында астындағы темір тұлпарын жүргізе алмай титығы құриды. Қиналған шақта қаршадай балалардың үлкен мәрттік танытып, машинаның соңынан келе сала еш реніш білдірместен, шоферге қол ұшын беруі балалардың бойындағы ақкөңілділікті, пейілдерінің кеңдігін қазақ балаларының тәрбиесіндегі үлкен кісіге көрсетер құрметі, кішіпейілдігі мен әдептілігінің бір парасы деп түсіне аламыз.. Жасы үлкен адам ретінде бүлдіршіндердің алдында өз ісінен ұялған шофер алғыс пен кешірім сұрауға сөз табалмай дағдарып қалады. Автор ұстанған позиция жауын астында қалған шофердің жайын айту емес, мәні – адамдардың бір-бірін жасқа қарамай құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, балалардың өз әке- шешелеріне, ата-ананың өз перзентіне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген адамға ой салу.

Кішіпейілділік үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескереді.

Бұдан біртіндеп ширап, жазушының өсе қалыптасқан қаламгерлік беталысының дерегі болған

«Ортақ бала», «Рақмет», «Бір шофердің әңгімесі», «Алдыңғы вагон», «Мүгедек», «Жолаушы» т.б.

әңгімелері куә бола алады.

«Сонарда» әңгімесінің өз кезегінде балалар әдебиетіне қосылған алғашқы туындылардың бірі екенін ескерсек, бұл әңгіме желісінен атасымен немересінің әңгімесіндегі аңшылық өнерден хабар етіп, қазақ баласының (жануарлар туралы зоологизм) аң аулаудың қыр-сырымен танысып болып, ерекше жағдайды атасымен көруге мүмкндік алды. Жас балаға атасының өзінің жас күндегі ермегін айта отырып немересінің кезеңіндегі уақытта айырмашылығын дер кезінде сезе қойып, жас баланы

(3)

81

аңшылыққа шыққанда аңшының нені аңғару керектігін егжей-тегжейлі баяндауы басталады.

Атасының: «қай аңшы болмасын аңға шықпас бұрын, жауған қардың қай сонар екендігін аңғарып алады» – деп, Сонар дегеннің мәнін ұғындыруға тырысады. Осы сәтте бәрінің ойына оралатын Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі еске түседі. Ал осы әңгіме желісімен балалар

«Қансонардан» басқа сонардың бірнеше түрі бар екендігін біледі. Оны әңгімедегі атасы мен немересі арасындағы диалогтан аңғаруға болады.

Ата, «қай сонар екенін» дегеніңіз қалай, қан сонардан басқа, енді қандай сонар болушы еді?- дедім, ұзақ әңгімеге кетіп бара жатқан атамды бөгеп.

Атам жауап бермес бұрын кеңкілдеп күліп алды. Қарағым-ау, қан сонардан басқа сонар болмайды деп ойлаушы ма едің. Ә, иә, қан сонардан басқа «ұзақ сонар», «келте сонар» дейтіндері тағы бар. Ұзақ сонар деп жауып тұрған қардың кешкі мезгілде ашылып тоқтауын айтады. Бұл аңшыларға нағыз жағдайсыз сонар. Себебі түн болып кеткеннен кейін аңшылық жасау қиындап, сонар дер кезінде пайдаға аспай қалады.

Кейде қар түні бойы жауып, дәл таң алдында ашылып кететіні де болады. Бұл қардан кейін жүрген аңның ізі әрі жаңа, әрі сирек болып сайрап жатады. Кездестірген ізіңнен аң алысқа ұзай қоймайды. Тың атпен соңынан түссең, көп ұзатпай-ақ соғып та аласың. Сондықтан бұл сонар аңшыларға таптырмайтын бірден-бір қолайлы сонар болып есептеледі. Мұны – «келте сонар» деп атайды.

Ал мына бүгінгі қан сонар – түн ортасына дейін жауып ашылған қар. Аңшыларға көбінесе кездесетін, міне, осы сонар [3; 284].

Бұл- әңгіме ішіндегі әңгіме екендегі шығарма басында белгілі болса, шығарма кейіпкерлерінің диалогтік қарым-қатынасқа түсуі, жол бойындағы оқиғамен байланысты болуы жол мотивіне алып келеді. Кейбір істің алма-кезектігін қақпанға түскен қарсақ, жемтікке таласқан қасқыр мен күзен арасындағы арпалыста өзінен әлде қайда кіші аңның қасқырдың жан алқымынан алып ыстық қанды құмыға соруы таңданыс тудырғаны рас. Жазушы қызу қарбалас, тайталас үстіндегі қасқыр мен күзеннің арпалысын беруде қыс пейзажында қоса қабат алып,

- Мына іздердің жаңа жауған қар астындағы бұрынғы беки бастаған қарға бір жағының ғана батып отыруын «ақсақ ойылу», дейді аңшылар. Бұл, қасқыр жүрісінің бәсеңдей бастауынан болған жай,- деп түсіндірді атам [3; 287].

Біз ізге түсіп, бастарына көбік қардан қалпақ киген қалың қызылсуға жеткенде, шет жағында сұлап жатқан үлкен сұр қасқырдың үстінен шықтық» деген шығарма үзіндісінен көбік қардан қалпақ киген табиғатты әдемі құбылысқа балауымен астасып жатқан қар үстіне түскен «ақсақ ойылу» деп атаған іздің барын, сол қар бетіндегі өліммен арпалысқан жаралы қасқыр ізінің тереңдікте қалғанын бейнелей отырып, соның бәрін аңшылық өнердің қыр-сырымен ұштастыра жеткізеді. Шығарманың соңғы нүктесін танытатын сәтте қарттың – Пай-пай, бірінің қанын бірі ішулерін қарашы деп тек жануарлардың ісін ғана емес адамзат баласында да бар жағдай екеніндігінің белгісін меңзегендей.

«Ата көрген-оқ жанар, шеше көрген – тон пішер» қазақ мақалының осы әңгімеге қатысы бардай. Ата-бабаларымыз ұл-қыздарын өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақылды, парасатты, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Олардың бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Мәселен, ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Ал қыздардың тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Адамның қандай болып өсуі оның ата-анасына байланысты. Ата-ана тәрбиесі жас ұрпақтың бойына өнер, білім ғана емес, күллі әдепті де, мәдениет пен ізгілікті де сіңіре білген.

Oтбacындaғы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың орны ерекше. Әкe oтбаcы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнер-білімі ұл бaлaның көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Өнeгeлi, өнeрлi, «Сeгiз қырлы, бiр сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал, aтaлaр жoлын қуып, өнерi мен өнегелі ісін жaлғacтырy жacтарғa дa үлкен cын бoлып сaнaлған. «Ата көрген оқ жонар» деген мақал coны мeңзейді.

«Өткен күндер белгісі» повесі балалықпен ерте қоштасып, мерзімінен ерте есейіп еңбекке араласқан бала мен соғыс өртіне шарпылған замандастарының мұңдылау, романтикалық тіршілік- әрекетін, оларға жаны аши қарайтын аналық мейірді шынайы суреттей білумен өзіне тартады.

Повесте автор баланың дүниетанымын, ой-өрісін, психологиясындағы қазақы нанымды жеткізеді.

(4)

82

Соғыс кезіндегі қазақ ауылының тұрмысын суреттеу арқылы ауылдың қарапайым жандардың қаракеттерін бедерлі бейнелейді. Жазушы кейіпкерлері тағдыр-тауқыметіне қарамастан, төзімділік пен қайсарлық танытады. Автор олардың жан-дүниесіндегі өзгерістерді психолгиялық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылады.

Осы шығармалардан жазушының сатылап өсу (эволюциясы) деңгейі айқын аңғарылады. Олар адамды үлкен мақсатқа жетелеген рухани күшті жинақтап суреттей алуымен бағаланады [4; 577].

Ұлттық мінез туралы айтқанда, қазақ халқының мінезіне тән рухани әрі адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалау ерекшелігін айту керек. Ондай құндылықтарға ақ көңілділік, адалдық, батырлық, үлкенді құрмет тұту, намыс т.б. асыл қасиеттерді жатқызуға болады. Әрбір адам үшін бұл қасиеттер ерекше жоғары бағаланады. "Өткен күндер белгісі" повесінің бас кейіпкері атынан сөйлеп тұрған автор қазақ ұлтына тән ұялшақтық мінезді, үлкеннің алдында суырылып сөйлеуді ерсі көретін қазақи тәрбие көрген бала мінезін былайша береді:

- Өй, қайырлы болсын айтсайшы ағайға, -деп күңк етті. Бірақ мен сондайдан қатты ұялатын ем. Үндеместен отыра бердім. Расында да кішкентай балаға жараспайды екен.

Әкемнің бір досы осы ұялшақтығымды сезіп қалғандай:

- Ыдырыстың баласы қайда? Жаңа тұр еді ғой,- деп мені іздей бастағаны бар емес пе. Бетім ду ете қалды [3; 15]. Осындай қазақтың жақысыны ырым етіп те түрлі отырыс қылып жататыны тағы бар. Қазақта жас бала туғанынан бастап-ақ, жеті жасқа дейін түрлі салт-жоралғылар жасалатыны шығарма басында да айтылып өтіледі.

Біздің ел өте сауықшыл ел.

Дүниеге шыр етіп нәресте келсе де, жеті жасар бала тұңғыш рет мектеп есігін ашса да, тіпті біреу жаңа киім кисе де, не керек, қымс еткеннің бәрін сылтау етіп, үлкен адамдар тайлы-таяғына дейін жиналып думандатып жатушы еді.

Бірақ соғыстың алғашқы жылдары жұрт сауық дегенді мүлде ұмытты. Күнде ауылдағы жастарды – ел азаматтарын әскерге алып жатады. Біреу жалғызынан, біреу туысынан, енді бірі әкесінен айырылып артта қалған қатын-қалаш ботадай боздап қоштасатын. Кейбір жасықтау жігіттер де оларға қосылып, көздерінің жасын төгіп-төгіп, егіліп кете барады. Енді ойлап тұрсаң, жігіттердің сонысы тіпті ұят екен-ау!» [3; 6].

Сұм соғыс халықтың тыныш ұйқысын бұзып, қара жамылдырып кетті. Шығарманың аты айтып тұрғандай «Өткен күндердің белгісі» соғыс кезіндегі бар жайды баяндап қана қоймай, ел ішіндегі көрген білгені бар азматтармен оларға қарсы прототиптегі надан, екіжүзді адамдардың қарапайым халықты қалайша арбап, өз мүдесі үшін барлығына баратын арсыз бейнелер арқылы да замана бет пердесін көрсеткен. Үзіндіге назар аударсақ жігіттердің көз жасын төгіп, тіпті егіле жылауын ұят көретіндігі айтылады. Қазақта қашанда ер балаға бала күнінен-ақ сен жігітсің, еліңді, жеріңді қорғайсын, қарындасыңа қамқор боласын деп оларға үлкен салмақтын барын танытып өсіреді. Сондықтан да автордың ойы қазақ менталитетіне жат саналатындығын, оны ұят деп санауды жөн көреді. Ер жігіт көз жасын көпшілікке көрсетпеуі керек, себебі нәзік жандылық әйел затына ғана лайық іс екендігін, қайта оларды жұбатушы өздері болғандықтан, өз бойларындағы төзімді, мықтылығының бір белгісі санайды.

Әжемнің тағы бір мінезі, әлгі сөздерінен де аңғарып отырған шығарсыңдар, өте қарғысшыл.

Қарғыстың неше атасын біледі. Тегінде бұрыңғы адамдар күйінген уақытта, тіпті өзінің жалғыз құдайынан бастап жалғыз баласына дейін қарғап-сілейтін болса керек. Осыған қарағанда мұның өзі ауыр тұрмысқа да байланысты-ау деймін. Осы жерде кейіпкердің әжесінің қандай қарғысты қолданатына зер салсақ: «Қақсап қалғыр», «Әй, көгала»т.б. Әжесінің «Кейбір адамдардың сөз арасында жиі қолданатын «сондықтан», «содан соң», «ие», «қойшы», «тегі» деген керексіз қыстырма сөзі секілді. Немесе «ол», «сен», «анау» дегеннің орнына қолданаылатын әжемнің өз есімдігі тәрізді»- деп қарғыс сөздердің неше түрлісін айтатындығын айтып өтеді [3; 25]. Дегенмен, Болтай әжесінің мінезін өзі бала болса да, кейде әже қылығына «Адам-қартайса-қартайғанда бір бала» деген рас- ау, деп ойғада келеді. Әжесінің айтқан қарғысын былайша ойлайды: «Егер осы қарғыстың мағынасын талдасаң, расында жаман тілектер ғой. Қас адамына, дұшпанына айтылмақ сөздер. Бірақ соған, шынын айтқанда, әжем мән бермейді. «Іштен шыққан шұбар жыланның»

баласын жек көрер деймісің. Әуелде күйініштен әдеттеніп алған. Болмайды. Кейде бауыры елжіреп, үһілеп:

(5)

83

Бақытыңа қарай әкең аман келсе, маңдайын ашылар еді. Май құйрық болар ең онда. Қайдан білейін, әлде сорлы жетімек аталамысың!..- деп көзіне жас алып, мені бауырына қысып кемсеңдей қалатыны да бар.

Қарғысқа қатысты «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс- өзін табады», «Әке қарғысы-оқ, шеше қарғысы-боқ» деген сөздерді ескерсек әжесінің айтқан қарғыстарында іштей кектенген қарғыс емес, тек өмір ауыртпалығынан туындаған ішкі күйзелісінен шыққан қарғыс сол кезеңдегі барша халықтың тұрмыстық халін, ауыртпалығын сездіру мақсатында да қолданған деп ұғынуға болады. Әжесінің жалғыз қарашығы- Болтай үшін тек іштей тілекші, қолда барын аямайтын ақ адал пейілді абзал жан екендігі байқалады. Ал, шығарманың III тарауында әжесі Болтайының көз ауруын ауыл молдасы Шәмшуәлидің сөзіне сеніп, соның еміне жүгініп, немересінің көзінен айырыла жаздағанына ызаланып моллаға шын ренішін, өкпесін «Көзім ашылмаған сорлы басым, әлгі көгермегір Шәмшуәлиеге қаратам деп, сорым қайнап қала жаздаған жоқ па»- деп, молданың сөзіне сенгеніне, өзінің сауаты ашылмағандығына іштей өкінішін де танытады. «Ой лағнет жауғыр моллалар, өздеріңнің көздеріңді шел бассын! Солардың өздері екен ғой, айлы күннің аманында алжастырып, көзімізге шел болып жүрген, шел боп кеткірлер!.. [3;101].

Сол кезеңдегі молда кейпіндегі түрлі арамза молдалардың ақша, мал үшін иманын сатқан екіжүзді адамдардың белең алғандығы Жыр алыбы-Жамбылдың «Шағым» өлеңіндегі жолдарданда аңғарылады:

Оқымаймын молдадан, Екі иығын қомдаған.

Бала келсе сабаққа,

Жем аңдыған дорбадан [5;1].

Қазақ халқы қарғысқа өте абайлап қараған. Сондықтан қазақ ұрпағына "қарғыс алма, алғыс ал" деген өнегелі өсиет қалдырған. Жақсы іс кімге де болса қуаныш, жұбаныш, сүйініш. Болтайдың көзін емдеген білікті, білімді, жанашыр дәрігер Сергей Ивановичкеде «Ой, көсегең көгергір, Трапез балам! Балаларыңның игілігін көр. Екі дүниеде маңдайыңнан бақыт арылмасын! Жортқанда жолың, жолдасың қыдыр болсын!-деп ақ халатты абзал жанға әжесі үлкендік алғысын, ақ батасын беруі қазақы танымымызға, тәрбиемізге, әдебімізге жарасарлық қылық.

Қазақ ұғымындағы діни танымдық білім. Адам қанша құдіретті болса да, оның болмысы қайшылықтарға толы. Сондықтан діннің басты қызметі- адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тәртіпке келтіру, адамға белгілі бір тосқауыл, шектеулер қою үшін адамды жаратушы алдында бас июге мәжбүрлеу. Жаратушының қаһарынан қорқу немесе оның қолдауын қажет ету белгілі бір кезеңнің, дәуірдің келбетін ашу үшін, адамдардың наным-сенімдерін, түсінік өресін, тіпті психологиялық күйін жете таныту үшін қолданады.

Намаз оқу, дұғаларға байланысты ұғым-атаулар жазушы тарапынан әзіл не сатира үшін емес, әлі де болса мұсылман дініне толық кіре алмай жатқан қалың қазақ ауылының бейнесін көрсетеді.

«Өткен күндер белгісі» повесінен мысал келтірсек:

Бірақ діндар болғанда әжем шалдар құсап құранды сусылдатып аят оқып, шариғат соғып отырмайды. Жайнамаздың үстінде күбір-күбір етіп, басын шұлғудан әсте жалықпайды. Әйтсе де түсінбейтіндігі де бар ма деймін. Өйткені кейде жайнамаздың үстінде отырып, терезеге алақ-бұлақ қарап отырады. Әрі-беріден соң сөйлеп те кетеді. «Мына бір жүрген кімнің мәлігі, Болтай-ай, айдап жіберші», -дейтіні де бар. Ондай кезде аңдып отырған мен.

- Мәссаған, әже, намазыңыз бұзылып кетті ғой!- деп ішек- сілем қатып күлемін келіп.

Кет әрі, қағыңғыр, оқып болған жоқпын ба! Әшейін шаршап отырғаным да,- деп әжем жалтара қояды [3; 95].

Осы шығармада молда мен жас баланың мына диалогі арқылы жазушы оқырманын жақсылыққа, игілікті іске, имандылыққа шақырады:

- Бір күні молдаға: «Әжем құранды біле ме екен, сұраңызшы», - деп едім, молла:

- Білу-білмеу шарт емес, балам, әйтеуір құдайға құлшылық қылса болады,- деп тағы да одан басқа дәлелдер келтіріп, әжемді қорғаштады.

- Бұрынғы уақытта «Ақ қойдың кәлдесі, қара қойдың кәлдесі, мен құдайдың пендесі» - деп біреу намаз оқиды екен. Ол да сауап.

Осыны естіген әжем, кейінгі кезде жайнамаздың үстінде бұрынғыдан да жиі отыратын болды [3; 94].

(6)

84

Қаламгер дінін құрметтеген мұсылмандар дүниетанымында намаз оқуы үшін пайдаланатын төсеуіштің де қадірлі екенін мына сөйлемдермен береді:

... Жеке орамалың болсын деп айтты дедің бе-ай көгала! Елде-күнде жоқ нәрсені шығарады бұлар. Баяғыдан бері қазақ бір сулыққа ғана сүртіп аман келе жатыр ғой. Енді бас-басына жеке орамалың болсын дегендері не сұмдық. Жайнамаз болар ма [3; 97].

Ұлттық сипаттағы кейіпкер кіл жақсы мінезден құралмайды. Әр ұлттың ішінде жақсы адам да, нашар адам да болатындай ұлттық кейіпкердің жағымдысы да, жағымсызы да болады.

Соғыс кезеңінің ауыр зардабын әсерлі жеткізген «Мүгедек» әңгімесі сезімнің күші, рухтылық, батырлық, мейірімділік, қамқорлық, кешірім секілді адам жанына ең қажетті сезім күшінің бірі екендігін танытқан шығарма. Шығарманың атауы «Мүгедек» дегенмен бұл атау тура мағынадағы мүгедекті меңзегендей болғанымен, шығарма соңындағы адамдықтан аттаған, өз ісіне өкінген, бір кездері жақындары болып, енді олардан тірідей айырылған адамның ішкі өкінішінен өзінің қаректімен мүгедек деп өзін-өзі мойындауы... Әрине, мүгедектік тура мағыналықты да танытып отыр. Шығарма соғыс кезіндегі адамдар тағдырынан хабар береді. Соғыс кімнің болмасын жанына ауыр жара салған азапты жылдар. Майданға аттанған боздақтар мен ерлердің бірі тірі, бірі ауыр жарақатпен, сал, мүгедек күйінде оралғанына шүкірлік етуінен басқа амал жоқ, себебі өлі-тірі екені белгісіз талай азаматтарымыз майдан даласында қалып қойды. Ал туыстары қаралы хабарды естігеннен басқа еш мәлімет ала алмады.

«Үстіне погонсыз офицерлік су жаңа шинель киген сұңғақ бойлы адам қызыл кірпіштен салынған тұрғын үйдің басқышымен жоғары көтерілді. Сыртындағы кенебі көнетоз тартып жыртыла бастаған биік есіктің алдына тоқтады да, ол аздан соң баяу ғана есік қақты. Іле:

- Бұл кім?- деді іштен әйел даусы.

- Мен ғой, ашыңыз.

- Ғалия амансың ба?- деп әлгі адам қолын ұсынғанда барып, -Хикмет!.. Хикметпісің! – деп, құшағын жая мойнына асылды. –Ия, қашан келдің, біржола ма? Шешін.

- Мен келгелі... бір жұмадай болды,- деді. Хикмет салқын ғана. Келгелі бір жылдан асып бара жатқанын үгіп қалды. Ғалия одан әрі қазбаламады» [6; 42]. Әңгімедегі Хикмет пен Ғалия бұрыңнан таныс адамдар. Жас ерекшеліктерінде де үлкен айырмашылық жоқ. Хикметтің Ғалияны іздеп келуі, көңілі бар екендігін көрсетеді. Ғалияның соғыстан аман оралған Хикметті көргендегі қуанышы айқын, бірақ оның сұрағына тосыла жауап айтқан Хикметте бір гәптің бары оның жауабындағы жалғандықта жатыр. Келгеніне бір жыл болған адамның ертерек келмеуіне не себеп, Ғалиядан неге ғана жасырды? Әңгіменің басқы бөлігіндегі осы бір жолдарда бір мән бардай ойға қалдырады.

Дегенмен, Ғалияның сарыла күтіп, сарғая сағынған жаны – Абзал еді.

Жүрегінде тұрған, көңілін жасытып, көзіне жас әкелген жайы көкірегінде тұрған Абзал жайының сұрауы еді. Оның жүзінде «ол туралы не білесің, қайда ол?» деген жазу тұр еді үнсіз жүзінде. Сұрауының жөнін Хикметте сезгендей:

- Абзалдан хат аласың ба? – деді жай ғана. Салы суға кетіп: -Хат келмегелі бір жылдай болды.

Сен бір хабарын білетін шығар деп ойлап ем, -деді ауыр күрсініп [6; 42-43]. Өкінішке орай Хикметте Абзалдан хабарсыз болып шығады. Тек соңғы рет ұрыста ғана бірге болғанын айтады.

Бұдан әрі Абзал жайында мазаламайды. Ол да тіс жарып ештеңе деген жоқ.

Міне, осынау психологиялық көріністе қаншама қайғы-қасірет, тағдыр тауқыметі бар. Ең бастысы, мұнда жан дүниедегі психологиялық процесті, кейіпкердің эмоциясын сыртқы сипат (облик) арқылы бейнелеу басты назарға алынған. Кейіпкердің сезімдері мен іс-әрекеттерінің құпия әуендеріне бара білу С. Жүнісовтің терең меңгерген саласы. Бір-бірін тек қимылдарымен, көз қарастары, қабақ астымен бағып, бақылап отырғаны. Сәл қимылдаса өз құпияларын ашып қоятындай, алайда осынау ауыр үнсіздік әлемінде күрделі психологиялық жағдай мен ауыр атмосфера үстемдік алғаны ақиқат.

Пайдаланылған әдебиеттер 1 Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі, – А., 1965.

2 Қазақ совет балалар әдебиеті 1945-1964. // Алм Қазақстан., 1965.315 бет.

3 Жүнісов С. Повесть. Әңгімелер. — Алматы: «Таймас» баспа үйі. 2014.- 336 бет.

4 Қазақ әдебиетінің тарихы 9-том. Он томдық. А, 2005, 980 бет.

5 Жабаев Ж. Шағым. http://bilim-all.kz/olen/2103-

(7)

85

6 Жүнісов С. «Мүгедек» әңгімесі. //Жұлдыз журналы. 1958 ж 10. 42бет.

7 S. Zhunissov «Amanai and Zamanai» перевод на английском язык Саймон Гейган и Саймон Холлингсворт.

https://liter.kz/ru/articles/show/50979-roman_sakena_zhunusova_dlya_angliiskogo_chitatelya 8 Купченко М.Л. Проблема нравственного «воскресения» в произведениях Ч. Диккенса //Вопросы филологии (Ленинградский университет). 1974, Вып. 4.

НАЦИОНАЛЬНОЕ ПОЗНАНИЕ В РАССКАЗАХ САКЕНА ЖУНИСОВА Т.Е. Игенбай

PhD докторант1 курсаспециальности «6D011700 – Казахский язык и литература»

Казахский государственный женский педагогический университет Казахстан, Алматы, email: togi_85@mail.ru

В статье рассматривается тема нравственности в рассказах С.Жунисова, занимающая значительное место в его произведениях. Произведения Сакена Жунисова занимает достойное место в золотом фонде казахской литературы. Проблема нравственности – одна из крупных и вечных тем литературы любого народа.

Писатели, внесшие свой вклад в тему нравственности, поднимали не только морально-этические проблемы, не только воспевали духовное богатство и душевную красоту современников, но и критиковали противоположные им отрицательные действия и обывательские характеры, стремления людей.

Ключевые слова: рассказ, духовные сокровища, национальное познание, челловечность, воспитание

NATIONAL COGNITION IN STORIES BY SAKEN ZHUNISOV Т.Е. Igenbay

PhD student of the specialty "6D011700 - Kazakh language and literature"

Kazakh State Women’s Teacher Training University Kazakhstan, Almaty, email: togi_85@mail.ru

This article discusses the theme of morality in the stories of S. Zhunisov, which occupies a wide place in his works. The work of Saken Zhunusov occupies a worthy place in the gold Fund of Kazakh literature. The problem of morality is one of the major and eternal themes of literature of any nation. Writers who have contributed to the subject of morality, have raised not only ethical questions, not only sang the spiritual richness and the beauty of the soul contemporaries, but also criticized its opposing negative actions, and narrow-minded personalities, and aspirations of the people.

Key words: story, spiritual treasures, national knowledge, humanity, education

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Акмеологиялық мəдениетті меңгерген тұлғаның бойында өзін-өзі қалыптастыруға деген жауапкершілік, өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-өзі əрқашан жаңартып отыруға деген

Әрине, бұны келін өзін өсірген әке-шешесінің отбасымен салыстыра отырып, күйеуінің әке-шешесінің шаңырағындағы жаңашыл да прогрессивті бағытындағы пайдасы

«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік жүйесін құрайтын оқытудың әдістері: жағымды көңіл күй; дәйексөз; әңгімелеу; (мұғалім сыйы) шы- ғармашылық

6 Годовой отчет АО «Национальное агентство по технологическому развитию» за 2012 год [Электронный ресурс].. 7 Годовой отчет АО «Национальное

Аудандағы жергілікті өкілетті органы - аудандық деңгейдегі мәслихат өз депутаттары арқылы тұрғындарға жақын, олардың мүддесін танытатын халықтың мекемесі

Тақырыпты зерделеу міндеттері білім берудегі нәтижелерінде көрініс табады: физикалық жағдайды білу, түсіну, талдау және ядролық

Ойлы өлеңдері мен аңғарлы толғаныстары туған халқының жүрегінен жол табады» [5], — деп жазғанындай Шарғын ақын өзінің бар ғұмырын

АҚШ-та мексикалықтың орташа жалақысы сағатына 10-14 долларды қҧрайды, ал заңсыз иммигранттар сағатына 6-7 доллар табады, бҧл Мексикадағы жалақыдан екі