• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

МҰХТАР ƏУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» ПОВЕСІНДЕГІ ТЕҢЕУ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "МҰХТАР ƏУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» ПОВЕСІНДЕГІ ТЕҢЕУ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)
(2)

KANAPINA, S.G., MESHITBAI, A.K.

FEATURES OF USING DIALECTIC WORDS IN THE STORY OF THE WRITER TAKHAUI AKHTANOV "MAHABBAT MUNY"

The article examines the specifics of the use of dialect words in the novel by the writer Takhaoui Akhtanov "Mahabbat of the Moon". The study of dialect words in Kazakh linguistics is also taken into account.The meaning of dialect words used in the work is revealed by the dialectological dictionary.

Key words: dialectology, spoken language, dialects, dialect words, dialectological dictionary.

ƏОЖ 8.81

Қанапина, С.Ғ.,

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Исмагамбетова, Ж.Б.,

«6В01701 – Қазақ тілі мен əдебиеті»

оқу бағдарламасының 2 курс студенті Омарова, Д.К.,

«6В01701 – Қазақ тілі мен əдебиеті»

оқу бағдарламасының 2 курс студенті МҰХТАР ƏУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» ПОВЕСІНДЕГІ ТЕҢЕУ

СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ Түйін

Теңеу – көркем мəтінде көрнекті орын алатын əсерлі сөз жəне затты, нəрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым жəне көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория. Теңеу сөз образдарының ішінде ең жиі қолданыла- тын шоғыры болып саналады. Мақала Мұхтар Əуезовің «Қилы заман» пове- сіндегі теңеу сөздердің қолданылу ерекшелігін зерттеуге арналған.

Кілт сөздер: теңеу, повес, этнолингвистика.

1 Кіріспе

Теңеу – жазуышының затты, құбылысты басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы, оның ерекше белгілерін ашатын əдеби көркемдегіш құрал. Теңеуді қолдану сөйлемді алуан қырлы етеді, мағынасына тереңірек енуге көмектеседі, бай бейнелі ассоциа- циялар туғызады.

Бекбосынова А. Х. «С. Мəуленов өлеңдеріндегі теңеу» атты ғылыми монографиясын- да теңеуге «Теңеу – күнделікті ауызекі сөйлеу барысында жəне көркем шығармаларда молы- нан қолданылатын тəсіл. Теңеуді қажет жерінде дəл қолдану, тың жаңа теңеулер жасау – кім- нен болса да нағыз шеберлікті талап етеді. Өз орнында тұрған ұтымды теңеуден дүниенің тілдік бейнесін ғана емес, ақиқат дүние туралы хабар да аламыз. Теңеулердің көркем шығар- маның эстетикалық қырын айқындаудағы қызметі де ерекше деуге болады. Теңеуді пайдала- на отырып, ақын-жазушылар өз шығармасының көркемдік дəрежесін биікке көтереді, ақиқат болмысты толығырақ білуге мүмкіндік береді жəне теңеуге тілдік тұрғыдан талдау жасау арқылы əр ақынның өзіндік қолтаңбасын, дүниетанымын байқауға болады» – деп анықтама береді [1].

«Əдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы əдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді», – дейді З. Қабдолов [2].

(3)

Поэтикалық тілді зерттеуші лингвист Л. А. Новиков: Троп арқылы біз сөздерді ауыспалы мағынада түсінеміз, ол біздің ой, сезім сарайымызды кеңейтеді, жаңа мазмұнмен, өрнегімен біздің поэтикалық ойымызды байытады. Ал фигура – керісінше, ол тілдік форма, еш жаңалық енгізбегенімен, біздің əсерімізді ерекше айшықтап, айқындап, күшейтіп оты- рады, дей келіп, теңеуді троптардың алғашқы түріне жатқызады [3].

Профессор Т. Қоңыров теңеудің танымдық мəні туралы «... теңеулік таным жалпы та- нымдай емес. Бұл дүниеге көркемдік көзбен қарайды. Ол заттар мен құбылыстарды суреттеп, əшекейлеп, бояп, əсерлеп, сезімге бөлеп көрсетеді. Бір зат пен екінші зат салыстырылғанда, оның шын болмысымен қатар көркемдік тұрғыдан болуға тиісті «қасиеттері» де еске алына- ды. Яки көркем теңеулерде бір-біріне ұқсатылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қа- сиеттерімен қатар олардың қосымша қасиеттері де салыстырылады. Мінеки осы қосымша белгілер көркемдік танымның құнын арттыра түседі» – дейді[4].

Ғалым М. Серғалиев «Теңеудің стилистикалық қызметі əр алуан. Бір ыңғайда, негізі- нен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады», – деген [5].

Теңеу терминін қазақ филологиясында алғаш қолданып, ғылыми анықтама берген қазақ тіл білімінің, əдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов «Əдебиет танытқыш» еңбегінде «Теңеу екі түрлі; 1) əншейін теңеу, 2) əдейі теңеу» деп бөлген [6].

Т. Қоңыров троптардың ішінде теңеуге толық талдау жасап, оның 10 түрлі тəсілмен жасалатынын дəлелдеген:

1) -дай; -дей; -тай; -тей; -дайын; -дейін; -тайын; -тейін жұрнақтарының көмегімен;

2) -ша; -ше жұрнақтарының көмегімен;

3) шығыс септігі жалғауының (-нан; -нен; -дан; -ден; -тан; -тен) көмегімен;

4) секілді, сияқты, тəрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;

5) бейне сөзінің көмегімен;

6) тең сөзінің көмегімен;

7) ұқсас сөзінің көмегімен;

8) параллелизм тəсілі көмегімен;

9) аралас тəсілдің көмегімен;

10) қосалқы тəсіл көмегімен.

«Сезім мүшелері мен қарым-қатынасына қарай қазақ теңеулері бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағынасынан, олардың сыртқы дүниемен қарым-қатынасынан келіп туады. Міне осы тұрғыдан келіп, біз қазақ теңеулерін төмендегі- дей топтарға жіктеп қарастырдық: 1) көру теңеулері, 2) есту теңеулері, 3) дəм сезу теңеулері, 4) дене сезімі теңеулері, 5) иіс сезімі теңеулері, 6) сезім-күй теңеулері. Теңеулерді бұлайша топтау жаңалық емес. Бұл əдіс совет филологтары мен шетел ғалымдары еңбектерінде едəуір көрініс тапқан» [7].

2 Материалдар мен əдістер

Мақаланы жазу барысында алдымен жалпы теориялық əдіс қолдандылды. Теңеудің анықтамасы, түрлері жəне зерттеген ғалымдардың еңбектері қаралды. М. Əуезовтің «Қилы заман» атты повесіндегі теңеу сөздер теріліп, қолданылу ерекшелігіне қарай талданды.

3 Негізгі бөлім

Мұхтар Əуезовтің «Қилы заман» повесіндегі терілген теңеулер:

1. Қазір де құмырсқаның илеуіндей болып быжынап, жыбыр-жыбыр қағып бүлкілдеп, қызара бөртіп, ажарланып, күннен күнге қарнын қампитып келе жатқан жəрмеңке – сол қазақ даласын торуға шыққан жайындай болатын. (М. Əуезов «Қилы заман» 2-бет)

Құмырсқа қазақ танымында тынымсыз еңбектің нышаны. Қазақ «құмырсқадай қажыр- лы», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді жиі қолданады. Ахмет Байтұрсынов «Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұратын құмырсқа болмайды. Жұрт та жұмысын құмырсқаша жабыла тынбай істесе, ісі алға

(4)

басады» – деген. Автор Қарқара жəрмеңкесін құмырсқа илеуіне теңеу арқылы сондағы қай- нап жатқан тіршілік пен қараша халықтың еңбегін, жұмыла жасаған жұмыс арқасында көркейіп келе жатқан Қарқара жəрмеңкесін суреттеген.

2. Көгенге кірген борсықтай байлаулы бағланның май құйрығына тұмсығын ты- ғып, сауыры бүлкілдеп қана жылы-жұмсағын соруда болатын. (М. Əуезов «Қилы заман» 2- бет)

Малдың қазақ елі үшін əркез орны бөлек болатын, себебі төрт түлік халқымыздың көлігі де, азығы да болған. Ертеде қазақ халқы қой-ешкіні сауар бұрын төлдерін көгендейтін.

Суреткер шығармадағы жылдық керегін Албан еліндегі жəрмеңкеден күреп алғысы келетін саудагерді көгендегі қозы-лақтың майын сорып, соны азық еткен борсықтың жылы-жұмсақ жайымен теңестірген.

3. Киіздей қалың көк шалғынды Қарқара жазығы ерте күннен Албанның құт-бере- келі жайлауы еді. (М. Əуезов «Қилы заман» 3-бет)

Киіз – қойдың күзем жүнінен басылған бұйым. Қазақ халқында «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ тимейді», «Арба иесі күпшек дер, киіз иесі білек дер» сияқты киізге байланысты терең мағынаға ие мақалдар көп. Көшпенді қазақ халқының баспанасы киізбен қапталғасын жылы, жайлы болған. Албан жайлауының шалғының киіздің қалыңдығымен теңеп, автор Қарқара жазығының табиғатының байлығын бейнелеген.

4. Мыңдаған жылқы, сан қора қой ала жаздай ірге аудармай жабысып, жалмай жат- қанда, бұл жазықтың жібектей толқыған өскелең шалғыны сыр білдермей шыдайтын, əрбір жауын екілендіріп, өршелендіріп түсіргендей құлпыртып, жетілтіп отыратын. (М. Əуезов

«Қилы заман» 3-бет)

Жібек – талшықтан тоқылған, беті тегіс, жылтыр, қымбат мата. Жібек матасы əркез байлық пен молдықтың нышаны болған. Қазақ «Жібек мінезді» тіркесі арқылы адамның мінезінің жұмсақтығын, ашықтығын сипаттаған. Үзіндіде даланың портретін жібекке балау арқылы, табиғаттың сұлулығын, жұмсақ шалғынын, жылтыр қамысын суреттеген.

5. Бірі – жар төсегін арамдап қойған, жүрісі сұйық тоқалдай жағына, жалтаңдай, жорғалай қарайтын жасқаншақ көз. (М. Əуезов «Қилы заман» 4-бет)

Жүрісі сұйық – бұл фразеологизм. Ісмет Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты еңбегінде жүрісі сұйық дегенге «Жеңіл жүрісті, ісі мардымсыз, ісі берекесіз» – деп анықтама берген [8]. Берілген сөйлемде автор тілмаштың көзқарасын жүрісі сұйық то- қалға теңеу арқылы оның мінездемесін беріп тұр. Бұдан тілмаштың жеңілдің үстімен жүретін, жағымпаз да, жасқаншақ кейіпкер екенін көруге болады.

6. Пристав тілмашы Жебірбаев ұлығы мен екеуіне түскен малдан үш жүз қой, елу қараны кешегі күні жемтік жағалаған қарғадай айналасынан шықпай жүрген туысқан- дарымен өз елінің жайлауына қарай жүргізген болатын. (М. Əуезов «Қилы заман» 4-бет)

Жемтік жағалаған қарғадай – фразеологизмдік теңеу. Ісмет Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» осы фразеологизмге анықтама берген: «Жемтікке қонған күші- гендей – дайынға тап беріп, ел ырысын жеген жемқор адам туралы» [9]. Мұнда «жемтікке қонған күшігендей» мен «жемтік жағалаған қарғадай» фразеологизмдері синоним болып келеді. Осы сөйлемде тілмаштың мал түсірген жерден ірі-қараны өз еліне айдап əкетуінен оның бойындағы жемқорлық пен қара басының қамын ойлаушылықты анық көре аламыз.

7. Енді бүгін жаңа екпінмен құдайдай сыйлаған приставына сеніп, елдің май қалта- сына тағы да сұғанақ қолды сұқпақ болып, базар ортасындағы Ақжелке кеңсесіне тағы келіп еді. (М. Əуезов «Қилы заман» 4-бет)

Құдай – күллі дүниені жаратушы жəне оның əміршісі саналады. Қазақ халқының өзге- лерді «Құдайдың жаратқаны» деп сыйлауы, үйіне шақырмай келген қонағын «Құдайы қонақ» атап, құрмет көрсетуі, тек діни қызмет атқарып қана қоймай, сонымен қатар қоғам- дағы қарым-қатынасты реттеудің қуатты құралы болып табылады. Туындыдағы контекстте приставты тілмаштың құдайына теңеу арқылы, тілмаштың приставқа деген сенімін бейне-

(5)

леген. Тіпті сенгені соншалық, халықтың нанын тартып алу сияқты сұмдық істерге баруға да қорықпайды.

8. Бұл жетпістен асқан қарт, қырандай, кəрі шораяқ алғыр шешен еді. (М. Əуезов

«Қилы заман» 21-бет)

Қыран – көшпелі халықтың таным-түсінігінде – батылдықтың, мықтылықтың, қайсар- лықтың, еркіндіктің символы. «Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер», «Қыран құстың баласы ұшса келмейді ұяға» сынды қазақта қыран жайлы мақал-мəтел көп. Мемлекетіміздің туында да қыран құсы бейнеленген, Шəкен Ниязбеков қыран құс арқылы еліміздің дербес, жігерлі, екенін көрсеткен. Жетпістен асқан қарт дегенде көз алдымызға қурап бара жатқан егде жастағы кісі елестейді. Ал қырандай деген теңеу арқылы біз қарияның əжім басқан бетінен қайсарлықты, сенімділікті жəне ойының еркіндігін көре аламыз. Образдың қайтпас мінезі де осы теңеу арқылы ашылған.

9. Таудың киігіндей кең жайылған тіршілігі бар еді. (М. Əуезов «Қилы заман» 22- бет)

Қазақ елінің жақын тұтып, аялап, кие тұтатын түз тағыларының бірі – киік. Киік қазақ секілді сайын даланы еркін мекендейтін, жердің сұлуын таңдап көшіп-қонып жүретін түз тағысы. Қазақта қызға «Құралай» деп ат қою, елден ерек сүйкімдіні «Киіктің лағындай» екен деп теңеудің өзі халқымыздың сайын даланың еркесіне деген ерекше көзқарасының дəлелі.

Киік дəл қазақ елі сияқты жетімге жанашыр. Далада жетім қалған лақты көрсе, оны емізіп, бауырына басады екен. Шығармада Албан баласын таудың киігіне теңеумен, оның еркін, тір- шілігі түзу, бір қаланың ғана емес, барша қазақ даласының баласы екендігі анық жеткізіліп тұр.

10. – Жабының жол бұзатын жорғасындай тілің бар неме екенсің. (М. Əуезов

«Қилы заман» 29-бет)

Жабы – байырғы қазақ жылқысының салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы, алыс жолға төзімді бір түрі. Автор жабының жол бұзатын жорғасындай деп жылқының тіпті жолды бұзатын күштілігі мен мықтылығын кейіпкердің бойына енгізіп берген.

11. Ең ақырында боз қасқаның қанымен анттасып, Жəмеңке Албанның Райымбек, Саурық бастатқан қадірлі ұлы аруақтарының бəрін атап тұрып, «солардың оң сапарын бер»

деп, мойнына бұршағын салып тұрып, тілек қылып, бір əкенің баласындай бір ниетке тас түйін болып буылған елге ақ батасын берді. (М. Əуезов «Қилы заман» 30-бет)

Қазақ бір-бірін бауырым деп, қазақ қызын қарындасым деп сыйлаған. Ақсақал-билер

«бір əкенің баласындай жұмылып еңбек естек, ісіміз алға басады» – деп нақыл сөздер айтқан.

Осы сөйлемде де теңеу елдің ұйымшыл, біріккен, бір-біріне бауырдай жанашыр екенін си- паттау үшін жұмсалып тұр.

12. Сондықтан жаздың бір жарық айлы, желікті, үмітті түнінде тағдыр бұйрығын- дай жетектеп тартқан ыстық жалын, махаббат бұйрығы жас сұлуды алысқа тартқан. (М.

Əуезов «Қилы заман» 35-бет)

Қазақ халқы адам өмірінде орын алатын жақсы немесе жаман жағдайларды тағдырмен байланыстырады. Тағдыр – адам өміріндегі барлық оқиғалардың алдын ала белгіленуін білді- ретін діни ұғым. Жазушы адамның шешімі мен қалауына бағынбайтын махаббат сезімін тағдыр бұйрығымен ұштастырып бейнелеген.

13. Бірақ сол кезде тыңнан шыққан өрттей, ашық күнде күркіреп жауған өткін- шідей жалған ашу, жалған намыс иесі болып, осы Тұңғатар мен Қожамберді шықты. (М.

Əуезов «Қилы заман» 36-бет)

Тыңнан шыққан өрттей деп бұл жерде болмашы нəрседен пайда болып, өрттей өршіп кеткен ашуды бейнелеп тұр. Өткінші жауын – кенеттен жауып, тез басылатын жауын түрі.

Бұл сөйлемдегі ашық күнде күркіреп жауған өткінші деп кейіпкерлердің себеп жоқ жерден ызаға мінуі мен жалған намысын көрсеткен.

(6)

14. Су жолы жіңішке жыландай ұзынынан созылып, кей жерінде ғана аз-аз иірілген- дей, барлығы да биік, тік кезеңнің етегінен басына шейін шұбатылады. (М. Əуезов «Қилы заман» 56-бет)

Жылан жіңішке ғана, əрі ұзын келетін табиғат иесінің бірі. Жіңішке жыландай деген теңеу тек бұлақ жолының ұзын екенін ғана емес, сонымен қатар су бетінің жылан терісіндей жылтырлығын да бейнелеп тұр.

15. Жазық үстіне кең аспанда кесек-кесек ақ мамықтай болып ақ бұлттар қыдырады.

(М. Əуезов «Қилы заман» 73-бет)

Мамық – үлпілдеген жұмсақ құс жүні. Бұл сөйлемдегі теңеудің рөлі зор. Егер автор жай ғана бұлт десе, көз алдымызға түрлі бұлттар елестейді: сұр бұлттар, желең бұлттар жəне тағы да басқалары. Нақтылық болмаған жағдайда, оқырманның ойы бөлініп, берілген пей- зажды қабылдай алмайды. Ал осы жердегі ақ мамықтай деген теңеу арқылы автор ауа- райының ашықтығын, ақша бұлттарды бейнелегенін айқын көре аламыз.

4 Қорытынды

Теңеу – танымдық қызметі зор, көне əрі қарапайым, тілде жиі қолданылатын көркем- дегіш құрал. Шындық əлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылыс. Мақаланы жазу барысында Мұхтар Əуезовтің «Қилы заман» атты повесінен 15 теңеу сөздер теріліп, талданды. Талдауға түскен теңеулер -дай; -дей; -тай; -тей;

-дайын; -дейін; -тайын; -тейін жұрнақтарының көмегімен жасалынған. 15 теңеудің 2-сі фра- зеологизмдік теңеу.

Əдебиеттер тізімі

1. Хасанқызы Б. Сырбай Мəуленов өлеңдеріндегі теңеу – Қостанай. ЖШС «Центрум», 2014.

– 11б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «TST – Company». 2006. – 217б.

3. Новиков Л. А. Искусство слова. Москва: Педагогика, 1991. – 141б.

4. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 192б.

5. Серғалиев М. Көркем əдебиет тілі. – Алматы: Мектеп, 1965. – 212б.

6. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208б.

7. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1981. – 331б.

8. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: ҚазАқпарат, 2007. – 121б.

9. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: ҚазАқпарат, 2007. – 111б.

Материал редакцияға түсті: 22.12.2021

КАНАПИНА, С.Г., ИСМАГАМБЕТОВА, Ж.Б., ОМАРОВА, Д.К.

ОСОБЕННОСТИ УПОТРЕБЛЕНИЯ СРАВНИТЕЛЬНЫХ СЛОВ В ПОВЕСТИ МУХТАРА АУЕЗОВА «КИЛЫ ЗАМАН»

Сравнение – это категория, в которой обобщается впечатляющее слово, занимающее видное место в художественном тексте, и художественное понятие, отражающее предмет, вещь, явления или их признак, качество и национальные особенности художественного мышления. Среди образов слова сравнения считаются наиболее часто употребляемыми. Статья посвящена изучению особенностей употребления сравнительных слов в повести Мухтара Ауэзова «Килы заман».

Ключевые слова: сравнение, повесть, этнолингвистика.

KANAPINA, S.G., ISMAGAMBETOVA, ZH.B., OMAROVA, D.K.

FEATURES OF THE USE OF COMPARATIVE WORDS IN MUKHTAR AUYEZOV'S STORY

«KILI ZAMAN»

Simile is a category in which an impressive word that occupies a prominent place in a literary text, and an artistic concept that reflects an object, thing, phenomenon or their attribute, quality and national characteristics of artistic thinking. Among the images, the words of comparison are considered the most frequently used. The article is devoted to the study of the features of the use of comparative words in Mukhtar Auezov's novel «Kily zaman».

Key words: simile, story, ethnolinguistics.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Соны- мен катар, қытай тіліндегі астарлы сөздердің анықтамасы, оның формалы ерекшелігі және қазақ тіліне аудару жолдары айқындайтын зерт- теу жұмысы екі

Қабдолов өз еңбегінде эпитет жайлы былай дейді: тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді əдеби шығармада

Метонимияның метафорадан айырмашылығы – метафора негізінен ұқсас екі затты не- месе құбылысты бір атаумен (сөзбен) атаса, метонимия ойда сақталынып тұтас бір

Ұлы Мұхтар Əуезов қазақ əдебиетінің тарихындағы бір ақындық мектептің өкілдерін «Зар заман ақындары» деп атаған себебін былайша түсіндірген екен: «Зар

Technology of critical thinking in education through certain ideas, assuming that's why his research, the ability to put them against light septic thoughts, in comparison,

Сөйлемдегі ай сөзі зат, сөз, ұғым екінші затқа туынды атау болуға тірек болатын бастапқы зат белгісі деген төрт компоненттен тұрып, «жылдың он екіден

Теңеу – екі нəрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тəсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нəрсені

Бұқаның өз жауына деген өшпенділігі, қасқырдың өжеттілігі мен жауыздығы, өшіккен бөрінің есесін бермеуі, осының барлығы да – суреткердің «Алмас қылыш»