• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Еліміздегі оралмандардың бейімделу мəселелері хақында

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Еліміздегі оралмандардың бейімделу мəселелері хақында"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

А.Асанканов1, А.Б.Қалыш2, Ə.И.Исаева3

1Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Бішкек;

2Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы;

3Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы (E-mail: [email protected])

Еліміздегі оралмандардың бейімделу мəселелері хақында

Мақалада келесі мəселелер қарастырылған: репатрианттардың əлеуметтік, физикалық жағдайларда өз уақыттарын игеруі жəне шекараларын ұлғайтуы, оларды белгілі бір кезеңдерге координациялау жүйесін құру жəне осы бағыттарға, кезеңдерге өздерін ғана бейімделіп қана қоймай, туған-туыс пен өскелең ұрпаққа да бағыт-бағдар бере білу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына оралған қандастарымыздың, немесе отандастарымыздың, басым көпшілігінің мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмауы, олардың жағдайы кəсіби миграцияға дейінгідей болмауы. Алайда жоғарыда аталған деректер оралмандар тарапынан өздерін жоғары ұстауы жəне бағалауы жайында куəлік етеді, дегенмен жергілікті халықтың ұстанымы мен көзқарасына бұл фактілер сəйкес емес жəне қарама- қайшы келеді, сондай-ақ бұл жағдайлар əлеуметтік-экономикалық, күрделі моральдік, мəдени келеңсіздіктерге түрлі деңгейлердегі (əкімшілік, құқық қорғау органдары) қоныстанған соң ұрындыруы ықтимал — əрине, оралмандар тарапынан жергілікті тұрғындармен немесе халықтар арасында кəсіби тəжірибе мен білімді салыстыра келгенде Қазақстан Республикасымен тыс жерде жинақталған тəжірибе мен білімде алшақтық жоқ деген пікір қалыптасқан. Осы ерекшеліктер байланысын ескеру тек оралмандарға ғана тиесілі емес, сондай-ақ қызығушылық тудырған мемлекеттік мекемелер мен ұжымдарға келеңсіз жағдайлардан өту жолында жəне Қазақстан қоғамына сəтті интеграциялануына мұрындық болуы тиіс.

Кілт сөздер: оралмандар, репатрианттар, бейімделу, интеграция, əлеуметтік уақыт, дəстүрлі билік институттары.

Тəуелсіз Қазақстан дамуындағы шынайылық түрлі топтарымен, əлеуметтік-экономикалық үрдістегі темпоральды кіріктірмеге тікелей қатысы бар мəртебесіндегі тұрғындар, этникалық репатрианттармен түсіндіріледі. Репатрианттардың бейімделуі мəселесі мемлекет пен қоғамға экономикалық, əлеуметтік тұрғыда айтарлықтай қаражат шығындауына əкеледі. Этникалық репатрианттардың бейімделу мен қоғамға сіңісу үрдісінің уақытша мəселелерінің өтпелі (кезеңдері мен деңгейіне байланысты) кезеңі терең зерттеуді қажет етеді.

Уақытты талқылауға ғылыми-философиялық көзқарастар оның тек астрономиялық, биологиялық жəне физика-химиялық үрдіс емес əлеуметтік уақыттың көпқырлы ұстанымдарын енгізеді. Талдап қорытқанда, ол адамдардың белгілі кезеңдегі əлеуметтік белсенділігін, əлеуметтік уақыт айтарлықтай сандық жəне сапалық өзгерістер болған жағдайда, қоғамдағы үрдістердің келесі ағымын өзгерте алатын ерекшелік ретінде түсіндіріледі. Дербес əлеуметтік уақыт, Н. Элиастың анықтауы бойынша, «адамдардың болған өзгерістердің нəтижелерін бірі екіншісінің есептік тұрақты бастауы ретінде кірісе алатын екі оқиғаны байланыстыра білу қабілетіне» негізделеді [1]. Əлеуметтік уақыт объективті түрде субъекттелген, яғни адам өмірі қоғамда орын алып отырған жағдайларға тікелей байланысты болады, бірақ олар қызметтері арқылы басқара алады жəне өз мүдделеріне сай болып жатқан үрдістерді түсіндіреді немесе бағалай алады. Əлеуметтік уақыттың сыртқы шеңбері ортаға байланысты беріледі, ал ішкі шеңбер нақты оқиғаларды бағалаудан тұрады. Адамдар өз уақытын логикалық ойлау деңгейіне, қиялына қарай кезеңдерге бөле отырып, қоғамның жалпы өмірінің қалыбына сай байланыстырады.

Француздық «Анналдар» мектебінің өкілдерінің бірі Ф. Бродельдің пайымдауынша, «əлеуметтік уақыттың біртұтас жəне қарапайым ағыммен ешқандай тұтастығы жоқ, бірақ дəстүрлі тарих жəне уақыт шежірелеріне (хроникаға) айтарлықтай байланысы жоқ мыңдаған баяулығы бар əлеуметтік уақыт бар» [2]. Ф. Бродель адамзат тарихының тұтастығын, бірлігін, үздіксіздігін білдіретін идеяны

«longue duree» ұғымын «ұзақ ұзындық» ретінде енгізді. Əлеуметтік уақыт бір уақытта ұжымдық

жəне дербес бола алады. Адамдар ұжымдық уақытты өздерінің өмірлік қиын-қыстау кезеңдеріне қарамай қабылдайды жəне рəміздермен, құндылықтармен, өз уақыттарын ұйымдастыру қабілеттерімен түсіндіреді, нəтижесінде осыны болашақ оқиғаларға алмастырады жəне арқау етеді.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Біз қазіргі Қазақстан қоғамының ажырамас жəне құрамдас бөлігі болып табылатын этникалық репатрианттардың (Шымкент маңайында өмір сүретін Өзбекстаннан келген репатрианттар мысалында) əлеуметтік жəне ұжымдық уақытының қандай кезеңдер (өткен жолдардан) мен элементтерден құралатынын қарастырамыз [3]. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

1) əлеуметтік жəне ұжымдық уақыт арасындағы жалғамалы ұстанымдардың табиғатын

айқындау;

2) əлеуметтік уақыттың негізгі белгілі уақыттың ішінде орындалуын немесе кезеңдерін жəне

олардың репатрианттар үшін мəндік маңыздылығын бөлу;

3) Шымкент маңында тұратын, Өзбекстаннан келген репатрианттардың уақыт кезеңдеріндегі

ортақтық жəне ерекшеліктерін түсіндіру;

4) репатрианттардың өмір сүріп отырған кезеңдегі өткен мен болашақ арасын жалғастыратын

бағыттық дəлелдерін анықтау;

5) репатрианттардың өмірлік өлшемдері мен құндылықтарын саптау.

Сонымен қатар баяндамада репатрианттардың əлеуметтік, қимыл-əрекеттік, өзіндік уақытты қалай пайдалантындығын, оның шекарасын кеңейте алама, оны белгілі бер кезеңдерге бөле ма, əр кезеңдерде оны жылдамдатады ма, өзі үшін ғана емес туыстары, өскелең ұрпақ осыған қарап болжам жасай алатындай əрбір кезеңде үйлестік жүйесін қалыптастыратындығын қарастырады. Əлеуметтік жүйеде қалыптасқан репатриант болашақта қиыншылықтарды жеңе білу үшін «қайта келгеннен байырғы кезеңге дейін» деген қозғалыс бағытының кестесін құрады, өзіндік «жол картасын»

жасайды. Репатрианттардың əлеуметтік уақытының ішкі құрылымы қандай жəне оны жаңа қоғамның осы кезеңінде өзінің этникалығын саналы түрде сезіну немесе соның бір бөлшегі болып табылатын өздері, ішкі қоршаған айналасындағылар — топтар қандай деңгейде анықтайды.

Этникалық репатрианттардың əлеуметтік уақыт мəселесінің зерттелуінің теоретикалық- əдістемелік негіздері. Уақыттың ішкі өлшемдеріне деген қызығушылық (физикалық немесе астрономиялық ерекшелікте) зерттеушілер тарапынан ХІХ ғ. аяғында пайда болды жəне бірте-бірте психологиялық тұрғыда (тұлғаның жеке факторлары — оның белсенділігінің жəне қозғалысының табиғаты, көңіл-күйі немесе қобалжуы) немесе əлеуметтік түсіндірілген бірқатар бағыттар қалыптасты. Бізді өмір сүріп отырған кезеңін топтың немесе жеке тұлғаның əлеуметтік факторлар:

əлеуметтік-мəдени уақытының шарттық көрінуі, айналысатын əрекеті мен өмірлік қызметі арқылы анықталатын ұжымдық уақытша тəртіп жəне тəжірибе деп қарастыратын əлеуметтік тəсіл қызықтырады [4].

А. Бергсон тең аралыққа бөлінбейтін уақыттың «ішкі» немесе «ұзақ мерзімді» сапалық жəне сан қырлы түсінігін енгізді [5]. Р. Мертон топпен бірігудің маңыздылығын анықтауда уақытша кезеңнің топтық бірлік қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетті [6].

«Анналдар» француздық мектебі тарихи жəне əлеуметтік уақыт, кеңістік мəселесін зерттеудің

бірқатар бағыттарын ұсынды. Ф. Бродельдің «əр түрлі жылдамдықтағы əлеуметтік уақыт» теориясы бойынша уақыттың бірнеше түрлері: 1) жеке тұлғаның күнделікті өмір ырғағымен өлшемдес;

2) экономикалық өмір бөлшегі үшін тəн емес; 3) «үлкен ұзақтықтағы» — адамзат тарихын оны

қоршаған ортамен бірге қарастыратын түрлері беріледі [2].

Сонымен қатар «Анналдар» мектебі тарихи фактілерді қайта қарауда оқиғаны адамдардың ішкі жағдайды қалай түсінуіне байланысты істейтін арнайы əрекеті деп түсіндіру арқылы қарастыратын жаңа тəсіл ұсынды [7].

М. Хальбвакс уақытты ұжымдық деп анықтай отырып, уақытты қабылдаудың белгілі бір əлеуметтік топқа (мысалы, айналысатын ісіне қарай) немесе тарихи жағдайға (төңкерістік немесе қалыпты жағдайдағы) тəуелділігіне ерекше көңіл бөлді [8].

Адам уақытта жəне кеңістікте өмір сүріп қана қоймайды, өзіндік сезімдерден тұратын алаңдау жəне елестетуден/үлгілерді əлеуметтік, мəдени, жеке уақытта өмір сүреді. Дəл осы арқылы өзінің сыртқы əлем туралы пікірін қалыптастырып, белгілі бір мақсатқа жету үшін нақ осыдан бастау алған, бір жағынан, өзгермейтін болып есептелген, бірақ жағдайды бағалау мен өз мүмкіндіктеріне орай стратегиясы мен тактикасын құрады.

Өзбекстаннан келген репатрианттардың кеңістіктік-уақыттық континуумының ерекшеліктері. Өзбекстаннан келген қазақтар Оңтүстік Қазақстанда өмір сүретін оралман тұрғындардың ең көп тобын құрайды. Қолайлы климат, бір қарағанға, отбасын асырауға экономикалық мүмкіндіктердің молдығы репатрианттардың тұрғылықты мекен етіп, Оңтүстік

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

Қазақстан жерін таңдауға себеп болады. Жəне бұл Отанға деген ыстық ықылас белгілі бір жерге байланысты емес деп түсіндіріледі.

2012 ж. басындағы статистикалық мəліметтерде аталмыш жылдың бастапқы айларында облыс

аумағы халықтардың қоныс аударуының жоғары тығызыдығымен ерекшеленеді (1 шаршы метрге

22 адамнан келеді). Шымкент қаласы мен оған жақын елді мекендердегі тұрғындар саны

Өзбекстаннан келген сыртқы миграция есебінен жедел өсуде [9].

Өзбекстаннан келген раптрианттар төмендегідей ерекшеліктерімен ерекшеленеді:

а) сыртқы-кеңістіктік жəне уақытша оқшаулану — қаланың өзінде «Асар» ықшам ауданында жəне Шымкентке іргелес елді мекендерде өмірлік-əлеуметтік-экономикалық жəне этномəдени алаңды біртіндеп өзгеріске түсіре отырып тығыз шоғырланған;

ə) мемлекеттік əкімшілік құрылымға бейімделген, басқарудың дəстүрлі əкімшілік құрылымындағы ақсақалдардың ұйымдастырушылық-бағыттаушылық жетекшілігімен, ішкі- отбасылық туыстық негізде, əлеуметтік-экономикалық жəне этномəдени аймақты құру, аз қалыптасқан əлеуметтік қауымдастықтарды (өзіндік көше, тұрғылықты мекенжайына байланысты көршілік қауым жəне жастық-жыныстық ерекшеліктерге байланысты топтар) құруымен ерекшеленеді. Қауымдастықтардың қызметінің əдістері бытыраңқы өзін-өзі басқарудан (көрші тұратын бірнеше отбасы) көшбасшысы бар қатынас жүйеге өтетін жəне жергілікті əкімшіліктің бір бөлігі болып табылатын ішкі құрылым құру шарттарымен өзгеріп отырады. Бұл Өзбекстаннан келген репатрианттар өмір сүретін барлық елді мекендердегі белсенді жұмыс істейтін ақсақалдар кеңесі

(ақсақал кеңесі, апалар кеңесі, ардагерлердің кеңесі, билер кеңесі). «Асар» ықшам ауданындағы

Өзбекстаннан келген репатрианттар қазақстандық қоғамға бейімделу мен бірегейленуде барлық ішкі үрдістер механизмін бақылап отыратын институттар құру арқылы топтық үлгі жасап шығарды.

Баяндаманың негізгі өзегі — Оңтүстік Қазастан облысындағы облыс орталығына жақын үш елді мекендерге орналасқан, Шымкент қаласындағы «Асар» ықшам ауданындағы жəне бұрынғы саяжайлық елді мекендер — Бозарық, Шұбарсу жерлеріндегі Өзбекстаннан келген репатрианттардың өмір тарихына сараптама (əлеуметтік уақыт қызметін анықтау мақсатында) жасау болып табылады.

«Асар» ықшам ауданы, Бозарық жəне Шұбарсу елді мекендеріне қарағанда, өмір сүрудің

əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан (жергілікті тұрғындар тарапынан мемлекеттік қолдауымен,

«Ақ Ордасы» корпорациясы құрған) айтарлықтай ерекшеленеді. Елді мекен тұрғындары

(Өзбекстанның түрлі аудандарынан келген этникалық қазақтар) мезгілдік өмір сүруге арналған

саяжайды əлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы жетілген тұрақты мекен ету аймағына айналдыруда этномəдени құндылықтарды сақтап, өткенді қазіргі кезеңмен, болашақпен ұштастыруда.

«Асар» ықшам ауданында асарлық жастар мен тұрғындардың жарқын болашағына арналған

əлеуметтік-экономикалық кластерлер — зауыттар, жылу шаруашылықтары, əлеуметтік-мəдени құрылымдар құрылды.

Бозарық жəне Шұбарсу тұрғындары тұрғылықты жəне маусымдық жұмыс орнымен қамтылуда қиындықтарға жолығып отыр, қосымша жалақы көздерін іздеумен айналысуға мəжбүр, ауыл шаруашылығымен айналысу ісінде жəне мал жайылымының жетіспеуі сынды қиыншылықтарды бастан кешіп отыр. Олардың сөздеріне сенсек, уақытша бос тұрған жерлерге иелері мал жаюға тыйым салған, тіпті шөпті өртеп жібереді. Елді мекеннің жас жəне жұмысқа жарамды тұрғындары Шымкентте кездейсоқ ақша табу ісімен, өте төмен еңбек ақыға жұмыс істеуге мəжбүр. Аталған адамдардың басым бөлігінің жоғарғы білім туралы дипломы бола тұра, оралман мəртебесіне сəйкес жұмысқа орналаса алмайды. Шұбарсу елді мекенінің бір тұрғыны, Өзбекстандағы бір колхоздың бұрынғы төрағасы, бүгінде ауыл ақсақалының «өз балаларымыз өз Отанымызда құл болады деп ойламағанбыз» деп қынжыла айтқанын ауыл ақсақалдары да қоштаған.

Демографиялық жəне əлеуметтік-экономикалық салада елді мекендердің даму жағдайы біркелкі емес, 2012 ж. «Асар» тұрғындарының саны 18 мың жəне Шұбарсу тұрғындарының саны 32 мың болған. Сондықтанда елді мекендердің əлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы мемлекеттің араласуын қажет етеді. Дегенмен репатрианттардың бір жерде ұжымдасып өмір сүруі уақыт өте келе бұл бірліктің жаңаша түсіндірілуіне, яғни туған жерлері болған ел немесе Өзбекстан аймақтарына қарай емес, «Асардың адамдары» (сол арқылы əлеуметтік-мəдени жағдайдың мүлде басқа деңгейде екендігін көрсету үшін) немесе «Бозарықтың адамдары» атты этнотерриториялық бірегейліктің өтпелі түрінің қалыптасуына əкелді. Этникалық ұғым əлеуметтік шынайылық ретінде түсіндіріліп, пайдаланыла басталды. Енді жаңа бірегейлік қазақстандық шек деңгейінде емес, оралмандар

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

арасында əлеуметтік-экономикалық қолайлы аудандарда тұратындардың менсінбеушілік көзқарасы тұрғысынан түсіндіріле бастайды. Бозарықтағы біздің сауалнамамызға жауап бергендер ішінде

(жасы 30-дан асқан жұбайлардың екеуі де) өз жетістіктерін Қазақстан ішінде көшумен

байланыстырған — Өзбекстаннан Петропавловскіге (ондағы туыстары жайлы орналасқан жəне бұларға көмектесуге уəде берген), содан кейін Шымкент түбіндегі Славянкаға (Мұзкентке), кейін Леңгірге көшу арқылы (барлық аталған жерлерде жалдамалы пəтерлерде тұрып, ақша жинау арқылы) Шұбарсуда жер телімін алып, Бозарықта қаладан жақын жерден дүкен соғып алғандықтарын айтқан.

Аталған территориялық көшулер бас-аяғы 10 жылдың ішінде орын алған жəне бұл отбасы үшін аталған кезең əлеуметтік дамудың жылдам көрсеткіші деп есептелеген.

«Асар» тұрғындары ықшам аудан тарихын 2002 ж. Өзбекстанның үш облысы ақсақалдарының

Қазақстандағы Шымкент аумағына бейімделу шарттары туралы қабылданған шешімімен кезеңдей отыра қарастырады. 2012 ж. мамыр айында Асар тұрғындары осы шешімнің 10 жылдық мерейтойын жəне өткен жылдардың қиыншылықтарының — елді мекенді құру, қаржы тапшылығы, жайлы жылыжайлары бар коттедждерде өмір сүру үшін инфрақұрылым жолдарын қарастырудағы қиыншылықтарды еңсеріп, осындай жарқын күндерге қол жеткізгендерін атап өтті. Мерекелі іс-шара басында «аңсағаным, Асарым, қолым жетті арманыма, атамыздың арманына» деген жыр- шумақтарына толы «Асар» əнұраны орындалды. Əнұран мəтіні одан əрі «мəңгі жыр, көзім тоймайды жеріме, гауһарысын жайнаған, ата қоныс» сынды өлең жолдарымен өрілді. Негізгі күш «Ақ Орда»

корпорациясының президенті И. Қалибековке жүктелді, ол «асарлықтар болу үшін» өз уақытының

60 % жұмсады, қалған 40 % ықшам аудан құрылысына жəне оның əлеуметтік-экономикалық

инфрақұрылымына жұмсады. Өз сөзінде аталған мерекелік іс-шара тек салтанатты мереке ғана емес, қол жеткізілген табыстарға есеп, болашаққа жоспар жасау үшін болып жатқан бас қосу деп атап өтеді. Өсу көрсеткіштері ретінде қысқа уақыт ішінде атқарылған жұмыстар нəтижесі паш етілді.

Оның пікірі бойынша, «асарлықтар» қол жеткізген табыстар басқа репатрианттарға бастау болуы тиіс.

Осылайша, Шымкент аумағындағы өмірлік кеңістіктерді игеру кезеңінде оралмандар жалпы əлеуметтік уақытқа сəйкес келмейтін уақыттың бағасын бағамдау үлгісін құрды, ол өзіндік кезеңдерден, тапсырмалар жылдамдығынан, оқиғаның ұзақтығы мен кезектілігінен, белгілі даталардан жəне оларды түсінуден тұрды. Мысалы, «Асар» тұрғындары Өзбекстаннан көшу туралы шешім қабылданғаннан 1 Мамыр мерекесіне дейін деген өзіндік институционалдық ырғақ қалыптастырды.

Уақыттық бағдарлаудың кезектілігі байқалады — «Асар» тұрғындары үшін бұл жаңа мектеп құрылысын, ықшам аудан орталығында саябақ салу немесе Елбасының жергілікті халықпен кездесуі жəне экономикалық қатынастарда — жылыжайлардағы өнімді жинау, ал Шұбарсу тұрғындары үшін

— бұл отбасын асырау мақсатында маусымдық жұмыс іздеуден тұрды. Оралмандар үшін жалпыға бірдей уақыт өлшемі жоқ — ол кей жағдайларда жергілікті жəне республикалық мүдделермен ұштасып жатады. Өткенге, қазіргі кезеңге жəне болашаққа деген жалпыға бірдей басымдықтар жоқ.

Уақыттық болжауда да үйлесушілік жоқ — елді мекен тұрғындары өмірдің барлық саласына біртектес емес жағымды немесе жағымсыз мəн береді (істеу керек еді, істеу керек, істеуге тиісті).

Елді мекен тұрғындарының күнделікті күн тəртібі де сəйкес келе бермейді, себебі елді мекен тұрғындары жексенбі күндері де жұмыс іздеумен шұғылданады.

Кез келген уақыттың бірегейлігі адамның ерекшелігіне байланысты жəне біз сұрастырған респонденттердің көңіл-күйі мен уайым-қайғыны бастан кешу сияқты психологиялық терминдермен нақтылана түседі:

 асыға күту (қашан Өзбекстаннан немесе басқа елді мекеннен көшіп кетеміз, үй құрылысын аяқтаймыз, несиемізді қашан өтеп боламыз, отбасында бір мерейлі іс-шара ұйымдастырамыз ба — үйлену тойы, ас беру жəне т.б.);

 ыза болушылық (мемлекеттік мекемелерден қажетті қаражатты ала алмауға байланысты — жəрдемақы, жергілікті əкімшілік орындарындағы жемқорлық, оралман болғаны үшін жұмысқа орналаса алмауы, Өзбекстанда жоғары мемлекеттік орындарда істегеніне қарамастан, зейнетақы мөлшерінің аздығы, Бозарық жəне Шұбарсу елді мекендері тұрғындары үшін

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

қаржының əділ бөлінбеуі, олардың айтуынша, «Асарлықтарға» қаржыландыру ісіне көбірек көңіл бөлінеді);

 қуаныш (көшу, қаржы қорын жинақтау, жақындарымен кездесу, отбасын құру жəне сəбидің өмірге келуі, балаларының белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуі);

 сенімділік (бəріде артта қалады, ата-баба өсиетін орындап, Отанымызғы оралуымыз қажет, көшіп келеміз деп бекер шешім қабылдаған жоқпыз, барлық қиыншылықтарды артта қалдырамыз жəне өз жерімізде, өз елімізде өмір сүріп отырмыз ғой, артқа қарайтын жол жоқ, үй салу керек жəне бала-шағамызды жеткізу қажет, əлеуметтік сатымен өсу тиіс).

Адам көңіл-күйін жете түсіну қиын. Дегенмен біз сұрастырған респонденттер арасында Қазақстанға көшіп келгендеріне өкінген жан кездестірмедік. Біз сұрастырған респонденттер үшін ол өткенінде кім болғаны, қайдан көшіп келгені, білімі, кəсіби жетістігі, қоғамдағы беделі маңызды емес. Көшіп келгенге дейінгі материалдық жағдайлары жаңа орында табысты орналасуға, үй алуға үлкен көмек болды деп есептейді. Дегенмен, ерекше айта кететін жайт, оралман-əйелдер аса қымбат жиһаздар (диван, техника) көрсетумен ерекшеленбеді, өздеріне тиесілі кем дегенде 2 бөлмедегі сандық, таудай болып жиылған көрпе-төсекті көрсетті. Оны «мынау менің енемнен қалған, мынаны өзім жидым» деп көрсетумен болды. Отбасының жылдар бойғы тарихи айғағы өткен мен қазіргі кезеңнің алтын көпірі іспеттес фотосуреттерде жиылған. Біздің респонденттер фотосуреттерін көрсете отырып, эмоцияға беріліп, толқыды. Бұл суреттер өмірлеріндегі асты сызылған кезеңдер айғағы. Онда отбасы тарихын електен өткізер мереке уақыты жəне орны сақталған. Естелік күнтізбесі фото/видео арқылы артта қалған қиыншылықтар дəлелі болып табылады. Ол жас ұрпақ тарапынан отбасылық-туыстық қолдау көрсету үшін де қажет.

Əлеуметтік уақыт ырғағы жеке адамға төмендегідей ықпал етеді:

 топқа қатыстылығы жөніндегі сезім қалыптастыру жəне белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға;

 өзгелерден артта қалмауға — оны оған өз уақыт шеңберінде жүзеге асыруға, кейінде ол мақсатқа жетелеуге;

 өз өмірінің сыртқы қалпын қалыптастыруға, əрине, бұл топтан жырақ өте қиын, сондықтан топпен байланыста болуға;

 қол жеткізілген жетістіктерді бағалау арқылы өмірге мəн беру;

 адамды топ, халық, ел болашағының тұтқасы ретінде тарихқа енгізу, осы жəне болашақтың қиыншылықтарын аластатуға;

 күнделікті өмірді əлеуметтік-мəндік іс-қимылдардың алгоритмі ретінде мен бəрін істей аламын, олар маған қарап тұр жəне мені бағалайды, менің ұтылуға құқым жоқ, мен Отанға оралуды аңсаған ата-баба алдындағы борышымды өтеуге тиіспін деп түсіндіруге;

 адам қимылының əлеуметтік қызметін бақылауға;

 қарым-қатынас жүйесін жəне қызмет түрлерін қалыптастыруға;

 өмірлік құндылықтарды дұрыс түсінуге жəне келер ұрпаққа өмір сүрудің баға жетпес тəжірибесі ретінде құнды пайымдау жүйесін жасауға көмектеседі;

 өз іс-əрекетін бақылау арқылы сыртқы əлемге ашылу шегін қалыптастыруға.

Репатрианттармен əлеуметтік уақытты əлеуметтік-мəдени транзит ретінде түсіндіру.

1990 жж. басынан бастап жүргізілген этникалық қазақтардың репатриациясы еліміздің саяси-

құқықтық жүйесі тарапынан құрылған репатрианттардың мəдени транзиті, нəтижесінде қазақ халқының санасына икемдеудің əлеуметтік-экономикалық «дəлізі» болып табылады. Этникалық

(қазақтық) репатриацияның қазақстандық тəсілі — мемлекеттендіру, мемлекеттік маңызы бар

мəселелерді мекемелердің құзырына бермеу. Қазақстан үкіметі «қазақстандық» ұғымын территориялық бірегейлік (азаматтық, ұлттық) ретінде мақсатты түрде күнделікті өмір тəжірибесіне енгізуде. Қазақстандық биліктің міндеті — этникалық топтардың жəне репатрианттардың, қалыптасып келе жатқан диаспоралық санада азаматтық қоғам құру мақсатында партикуляристік сұранымының дұрыс шешімін табу. Сондықтанда репатрианттар өз бастарындағы қиыншылықтарды қазақстандық қоғам тұрғысынан ұғынуы қажет. Жұмыссыздық, ауыр əлеуметтік-тұрмыстық жағдай, аймақтар дамуының əркелкілігі, шенеуніктердің біршама тобының сауатсыздығы, жемқорлық жəне тамыр-таныстық (түрлі жолдармен) — бұл біздің еліміздің барлық тұрғындары кездестіріп отырған шындық. Ел азаматы бола тұрып, ондай мəселелерді білмеуі мүмкін емес.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

Дегенмен репатрианттар бұл үрдістің белсенді қатысушылары болып отыр жəне өздері жалпы уақытты бөлшектеп өз мəртебесін көтеру ісінде сапалы «секіріс» жасауға сандық өзгерістерге темпоралды ерекшелік туғызып отыр. Мұның айқын көрсеткіші репатрианттар тарапынан енгізіліп отырылған əлеуметтік уақыт құрылымы өлшеміндегі, тарихи маңызы бар — 1 Мамыр, 9 Мамыр, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу (31 мамыр) сияқты қазақстандық мерекелерді (Қазақстан билігі түсінігіндегі) өзбекстандық саяси тəртіп ерекшеліктеріне байланысты ерекше күндер деп санамауы.

Адам тəжірибесіндегі əлеуметтік-мəдени үлгінің кез келген түрі (соның ішінде уақыт өлшемі) — ол жалпы мəдени қағидаларға сəйкес менталдық өңдеуден өткен саналы əрекет. Біз сауалнама алған респонденттер үшін мұндай əрекеттер қатарына əлемнің негіздері жəне мəңгілік деп есептелетін ата- бабадан қалған өсиеттер жəне діни ілімнің ұстанымдары жатады. Оның өзегі бұлжымай орындалуға тиіс жəне қоғамда тұрақтылық қалыптастыруға əлеуметтік ақиқатты ортақ ережелерге сай емес, сіңірген еңбегіне орай қамтамасыз ететін рулық, тайпалық құрылымдағы рəміздерде, білімнің қағидаттарында, шежіреде, əлеуметтік шарттар мен тəжірибеде көрініс тапқан. Əулиелер мен ата- баба рухы — біздің респонденттер үшін ұрпақтар сабақтастығы жəне атамекенге қоныс аударудың негізгі себебі.

Өзбекстан жерінде қазақтардың мекен еткен территорияларының бірқатары ата-баба жерленген əулиелі жерлер деп есептеліп, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына пайдаланылмады. Өзбек билігінің қазақтарды осы жерлерге қарай «ығыстыруы» Қазақстанға көшуге бірден-бір себеп болды.

Қазақ ауылдарында молдалар ұдайы болмады, сондықтан оның қызметінің бірқатарын ру/тайпаның басшысы орындады, яғни əлеуметтік-саяси бақылау рухани істермен ұштастырылды.

Ақсақал беделінің мойындалуы ұрпақтардың ата-бабаға құрмет заңдылығының мəңгілік ережесінің сақталуы болып табылады. Біз сұрастырған барлық респонденттер сөзінен шығатын қорытынды қарапайым тұрғындар мен басшылық арасында «тіршілік» идеясының көрінбейтін желісінің бар екендігі. Біз «тіршілік» ұғымын қазақтар тұрмысындағы адамзат тарапынан жасалатын құнды- құштарлық жағдайын түсіндіретін уақыттан тыс əмбебап дəрежесі деп түсіндіреміз. Ол тұрмыстың барлық түрлері мен деңгейінде кездеседі — материалдық қызмет, əлеуметтік-мəдени тəжірибе, жеке моральдық-психологиялық эволюцияда — дамудың өзіндік қарапайымнан күрделіге қарай бағытына қызмет етеді. Қазақтардың тілдік қорында «тіршілік» ұғымын түсіндіретін — «етi тiрi адам», «өлi- тiрi», «тiрi жан», «тiршiлiк жасау» жəне т.б. көптеген ұғымдар бар. Қиын жағдайға қарамастан, репатрианттар қаржылық шығыны көп: баланың өмірге келуі, үйлену тойы жəне барлық құдандаласу ырымдарын, өмірлік жастық рəсімдер — сүндетке отырғызу, бір жастан келесі жасқа өту рəсімі, жерлеу жəне еске алу сынды барлық іс-шараларды атап өтеді. Бұған ата-баба, замандастар жəне келешек т.б. жеткіншектерде кіреді. Уақытты шарттық-тəжірибемен ұштастырсақ, «салт-дəстүр жəне жора-жоралғы» — тұрмыстық ұйымдасу түрлерінінің байланысы.

Репатриация жəне миграциядан кейінгі кезең мəдени бейімделудің бірнеше кезеңдерінен тұрады:

«мəдени шошынудан» бастап жаңа жағдайды өзінше талдаудың үлгісі мен əлеуметтік-мəдени

кеңістікте қарым-қатынас жолдарын қалыптастырудың субъективті түрде байыптау. Бұл көбінде когнитивтік құрылым қызметінің ерекшелігіне байланысты: санасыз қарым-қатынас, топқа мүшелік пен тəртіптің бұлдыр ара-қатынасын орнатуға, осыған дейінгі тəжірибе адамның алынған ақпаратты қабылдауына, көруіне, түсіндіруіне, сақтауына жəне оны пайдалануына ықпал етеді. Бастан кешкен моральды-психологиялық қиыншылықтарды когнитивті қабылдау өзінің моральдық азап шегуінен, күрделі моральдық соққылар туралы əңгімелерінен, тұрмысты философиялық тұрғыдан қорытуларынан, бірге сезініп, бірге бастан кешіруінен, мигранттардың жаңа толқыны үшін жəне өскелең ұрпақты баға жетпес өмірлік тəжірибе мен əлеуметтік капитал ретінде ұжымдық тəжірибе түрлерін іздену бағыттарынан жəне бағалануынан байқалады. Бірақ этномəдениеттің негізі өзгеріссіз қалады.

Алдын ала берілетін бірқатар қорытындылар. Біздің респонденттер əлеуметтік уақытты бөле отырып, əлеуметтік капиталды құра отырып, оның ерекшеліктерін төмендегідей жағдайлардан көреді:

 жеке бастық ерекшеліктерде — көшіп келгенге дейін қандай еді, неге дəл сол уақытта шешім қабылдадық деген сезімдер мен қобалжулардан;

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(7)

 ұстамдылықтың жоғарғы үлгілерінде, жанның тұрақтылығында, мақсат қоя білуден, өзіне деген сенімділіктен жəне мақсатқа жету жолынан таймаудан — ең жоқ дегенде балаларына білім алуға немесе отбасының жағдайының жақсы болуына, немесе саясаткерлер — саяси- əкімшілік құрылымның бір мүшесі болу жəне сыртқы істер министрлігінде қызмет атқару немесе мемлекеттік құрылымдарда, немесе саяси партияларға қызмет етуден;

 отбасы беделінің ұрпақтар есінде сақталуы үшін жəне қауымдастықтағы жоғарғы беделін құруда əлеуметтік коммуникация мен əлеуметтік капиталдың қордалануында — өздерінің жеткен жетістіктерімен бөліседі жəне өзгелерден жақсы пікірлер алады.

Репатрианттар өздері қолдайтындай өткен оқиғалар естеліктерден тұрады жəне бірнеше кезеңді қамтиды — жаңа жағдайға бой үйрету (климат, тұрғын үй, тамақ, су жəне т.б.), уақытша бейімделу, қауіпті шешімдер мен оның бағасы, оны еңсерудің жолдары жəне кезеңін бейімделу. Психологиялық тұрғыдан олар ең алдымен шошынуды бастан кешеді, ешкімге керек емес, қайтып кету қалауының болуы, тіпті елге, туысқандарға деген сағыныштан өзге, осы қиыншылықтарға тап болғанға дейінгі кезеңге деген аңсау орын алады, кейін бірте-бірте ақиқатпен келісе бастайды, бейімделуді бастан кешіп, бірегейлікке бой ұрады.

Сауалнамаға алынғандардың көбі кəсіби қажетсіздікті баса айтты. Мамандықтарына сəйкес жұмыс таба алмайтындықтарын, көшіп келгенге дейінгі əлеуметтік-саяси беделдерін қайтара алмайтындықтарын айтты. Бұл көшіп келгеннен кейінгі өздерін жоғары бағалауға ұрындырып, жергілікті жердегі халықтардың оларды қабылдауына деген наразылықтарын тудырады жəне күрделі моральдық жəне мəдени соққыға əкеледі, түрлі түсініспеушілікке бой ұрады (əкімшілік, тəртіп сақтау орындарымен). Репатрианттар Қазақстанннан тыс жерлерде алған білімдері мен іс-тəжірибелерінің жергілікті еңбек нарқындағы, жұмыс бершілер арасындағы алшақтықты мойындағылары келмейді.

Өздерін жоғары санатты маман ретінде санайды.

Шымкент маңына Өзбекстаннан көшіп келген репатрианттар мəселесін түсіндірудегі уақыт жылдамдығы мен кескінінде жаңа қоғамға бейімделу мен бірегейлену үрдісінің өзіндік кезеңденуі бар. Оның толысуы репатрианттардың өзіне байланысты, дегенмен репатрианттардың бейімделу қауіп-қатерінің азаюы үшін мемлекет тарапынан бағдарлама қажет.

Əдебиеттер тізімі

1 Elias N. Time: аn Еssay. — Oxford: Blackwell, 1992. — 260 p.

2 Braudel F. Ecrits sur l’histoire. — Paris: Flammarion; Collection Science, 1969. — 315 р.

3 Авторлардың ел арасынан жинаған мəліметтері. Oңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, наурыз-мамыр 2012 ж.

4 Гуссерл Е. Феноменология внутреннего времени. — М.: Гнозис, 1994. — 218 с.

5 Бергсон А. Опыт о непосредственных данных сознания: собр. соч. — T. 1. — M.: Московский клуб, 1992. — 422 с.

6 Merton R. Social time: A Methodological and Functional Analysis // The American Journal of Sociology. — 1937. — Vol. 42. — Iss. 5. — Р. 615–629.

7 Блок М. Апология истории, или ремесло историка. — M.: Наука, 1986. — 282 с.

8 Хальбвакс М. Коллективная и историческая память // Неприкосновенный запас. — 2005. — № 2, 3. — С. 22–28.

9 Агентство РК по статистике. — 2011. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.resurs.kz/catalog/stat

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(8)

А.Асанканов, А.Б.Калыш, А.И.Исаева

Проблема адаптации оралманов в Казахстане

Авторами рассмотрены проблемы, связанные с адаптацией репатриантов, которые дорого обходятся государству и обществу как в экономическом, так и в социально-культурном плане. Сквозная (по этапам и уровням) временная идентификация проблем настоятельно требует изучения. В статье рассмотрено, как репатрианты овладевают социальным, физическим и своим временем. Обращено внимание и на то, что многие прибывшие в Республику Казахстан говорят об их профессиональной невостребованности, так как не могут получить работу по специальности и занимать то социально- экономическое положение, которое у них было до миграции. Как отмечено авторами, репатрианты не признают, что существует большой разрыв между их профессиональным опытом и знаниями, полу- ченными за пределами Казахстана, и потребностями как местного рынка труда, так и преференциями работодателей. Учет указанных особенностей должен помочь как репатриантам, так и заинтересованным государственным органам и учреждениях в преодолении имеющихся рисков и недостатков с целью успешной интеграции в казахстанское сообщество.

A.Asankanov, А.В.Kalysh, А.І.Isayeva

Problem of adaptation oralman in Kazakhstan

The problems associated with adapting of the immigrants are costly to the state and society, both economical- ly and socio-culturally. Through (by stages and levels) temporary identification of problems of adaptation and integration of ethnic immigrants urgently requires study. Social time objective and subjective, ie people's lives depend on what happens in society, but they can control their activities and to interpret what is happen- ing in terms of their interests or evaluation of the processes. Social time is both collective and individual.

People interpret collective events through the prism of their vicissitudes of life, produce and exchange sym- bols, values and ways of organizing their time, and because of this change and the groundwork for further de- velopments. Furthermore, the report looks at how repatriates acquire social, physical, and their time — extend its boundaries, divide it into certain stages, accelerate it be and how at each stage form a coordinate system on which we must focus not only to themselves but also to other — family, the younger generation. Drawn attention to the fact that a significant portion of our compatriots who arrived in the Republic of Kazakhstan, talk about their professional unclaimed, because they cannot get a job in their specialty and occupy the socio- economic situation, which they had in the past, prior to migration. Repatriates do not recognize that there is a large gap between their professional experience and knowledge gained outside of Kazakhstan, and the needs of the local labor market as well as the preferences of employers. Incorporation of these features should help not only them — repatriates, but also to relevant authorities and institutions in overcoming the existing risks and deficiencies in the successful integration into the community of Kazakhstan.

References

1 Elias N. Time: аn Еssay, Oxford: Blackwell, 1992, 260 p.

2 Braudel F. Ecrits sur l’histoire, Paris: Flammarion, Collection Science, 1969, 315 р.

3 Polevye materialy avtorov Uzhno-Kazahstanskaya oblast, Shimkent, mart-may 2012.

4 Gusserl E. Fenomenologiya vnutrennego soznaniya vremeni, Moscow: Gnozis, 1994, 218 р.

5 Bergson A. Essay on the immediate data of consciousness: collected works, 1, Moscow: Moscow club, 1992, 422 р.

6 Merton R. The American Journal of Sociology, 1937, 42, 5, p. 615–629.

7 Blok M. Apology history or craft of the historian, Moscow: Nauka, 1986, 282 р.

8 Halbvaks M. Emergency ration, 2005, 2–3, p. 22–28.

9 Agency RK on Statistics, 2011, [ER]. Access mode: http://www.resurs.kz/catalog/stat

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қазіргі уақытта цифрлық түрлендіру банктердің бəсекеге қабілеттілігін қолдаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады: орта есеппен

Биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін, əртүрлі ауруларға қарсы медициналық дəрі-дəрмектер, альтернативті энергия көздерін

Концессиялық заңнаманы жетілдірудің кейбір мəселелері Қазіргі заман талаптарына сай инфрақұрылымдық кешендер обьектілерін құру Қазақстан экономикалық

Ре по зи то ри й Ка рГ У.. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру тəрбиешінің төл

Қазақстанда қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі жəне бюджет қаражатын басқару мен пайдаланудың тиімділігін

Сонымен, шетелдік жəне отындық ғалымдардың зертеулері бойынша, ішкі аудит ішкі бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде жəне ол ұйымды

ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңының 76-бабының 3-бөлігіне сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға

Тұтынушылардың құқықтары адам құқығының ажырамас бөлігі болып табылады. Өмір сүруге құқық, адамгершілігінің қорғалуына құқық, жеке өміріне қол