Ата ха но ва С.К.
Қа зақ стан Рес пуб ли ка сын да ғы аза мат тық сот ісін жүр гі зу дің ті лін таң дау ер кін ді гі конс ти ту циялық қа ғи да ре тін де
Бұл мақалада азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі конституциялық қағида ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі негізінен екі аспектіде қаралатын қағида. Бір қырынан алып қарағанда, мұны конституциялық құқықтық қағида ретінде, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу құқығының басты қағидасының бірі ретінде түсінуге болады. Азаматтық сот ісін жүргізуде тілді қолданудың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, оны тек қана азаматтық іс жүргізу құқығының аясында қарастыру мүмкін емес.
Түйін сөздер: азаматтық сот ісі, сот ісін жүргізу тілі, консти
туциялық қағида, мемлекеттік тіл.
Atakhanova S.K.
Freedom of language choice in civil proceeding of the Republic of Kazakhstan – as a constitutional principle
In this article is considered to freedom of elective language in the civil courts process, as to as is constitutional law principals. The principle of a freedom of choice of language in civil legal proceedings in the Republic of Kazakhstan is generally considered in two aspects. On the one hand, this principle can be considered as the constitutional principle, on the other hand as the basic principle of a civil procedural law. The language choice in civil process as the constitutional principle is an integral part of the rights and freedoms of the person. Therefore, it is impossible to consider this principle only within a civil procedural law.
Key words: civil legal proceedings, language of legal proceedings, constitutional principle, state language.
Ата ха но ва С.К.
Сво бо да вы бо ра язы ка в граж данс ком су доп роиз во дс тве в Рес пуб ли ке Ка за хс тан – как
конс ти ту ци он ный прин цип
В дан ной статье расс мат ри вает ся сво бо да вы бо ра язы ка в граж
данс ком су доп роиз во дс тве, как конс ти ту ци он нопра во вой прин цип.
Прин цип сво бо ды вы бо ра язы ка в граж данс ком су доп роиз во дс тве в Рес пуб ли ке Ка за хс тан в ос нов ном расс мат ри вает ся в двух ас пек тах. С од ной сто ро ны, этот прин цип мож но расс мат ри вать как конс ти ту ци
он ный прин цип, с дру гой сто ро ны как ос нов ной прин цип граж данс
ко го про цес суально го пра ва. Вы бор язы ка в граж данс ком про цес се как конс ти ту ци он ный прин цип яв ляет ся неотъем ле мой час тью прав и сво бод че ло ве ка. Поэто му, не воз мож но расс мат ри вать этот прин цип толь ко в рам ках граж данс ко го про цес суально го пра ва.
Клю че вые сло ва: граж данс кое су доп роиз во дс тво, язык су доп
роиз во дс тва, конс ти ту ци он ный прин цип, го су да рст вен ный язык.
Қа зақ стан Республикасы, Ал ма ты қ.
E-mail: [email protected]
ҚА ЗАҚ СТАН РЕС ПУБ ЛИ КА СЫН ДА ҒЫ
АЗА МАТ ТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮР ГІ ЗУ ДІҢ ТІ ЛІН ТАҢ ДАУ ЕР КІН ДІ ГІ КОНС ТИ ТУ ЦИЯЛЫҚ ҚА ҒИ ДА РЕ ТІН ДЕ
Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі негізінен екі аспектіде қаралатын қа- ғиданың қатарына жатады. Бір қырынан алып қарағанда, мұны конституциялық құқықтық қағида ретінде, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу құқығының басты қағидасының бірі ретінде түсінуге болады. Оның себебі, жалпы бұл қағида екі қырлы сипаттағы қағида екендігінде.
Аталған қағиданы конституциялық-құқықтық аспектіде қараудың өзіндік негіздері де жоқ емес. Қазақстан Рес- публикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Консти- туциясының 7-бабында жалпы қолданыстағы «Тіл тура- лы» Заңында мынандай норма орын алған: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамы- ту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» [1, 9 б]. Жалпы азаматтық сот ісін жүргізудің аталған қағидасы осы нормадан негіз алады. Сондықтан да, бұл конституциялық-құқықтық тұрғыда маңызы бар негізгі қағидалардың қатарына жатады.
Бұл қағида қолданыстағы 13 шілде 1999 жылы қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабында төмендегідей негізде орын алған: «Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бой- ынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілін немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының
Қа зақ стан Рес пуб ли ка сын да ғы аза мат тық сот ісін жүр гі зу дің ті лін таң дау ер кін ді гі конс ти ту циялық ...
сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйлеген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударып беру қамтамасыз етіледі.
Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударып беріледі» [2, 6 б]. Бұл қағиданың конституциялық қағида ретінде қарастыруға негіз болатын тағы бір жағдай, жалпы бұл адам құқықтары мен бостандықтарымен тікелей бай- ланысты болып келеді. Сондықтан да, консти- туциялық деңгейдегі мәнге ие болып табылды.
Қазақстан Республикасында 11 шілде 1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тіл тура- лы заң қабылданғанын жақсы білеміз. Аталған заңның 13-бабында сот ісін жүргізудің тілі де- ген норма орын алған, онда былай делінген:
«Қазақстан Рсепубликасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мелекеттік тілмен тең қолданылады» [3, 11 б].
Сот ісін жүргізуде көріп отырғанымыздай, әркім өзіне түсінікті тілде немесе меңгерген тілде мәлімет алуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
Көрсетілген талап осыны қамтамасыз етеді де. Со- нымен қатар, бұл заңда тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық та көрініс тапқан: «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, не жауапты хатшылары не- месе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» [3, 13 б]. Тағы да бір айта кететін жағдай, аталған заңда мемлекеттік тілге ерекше мән берілген. Ол туралы Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы 11 шілде 1997 жылғы заңның 4-бабында мемлекеттік тіл туралы былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік бүкіл аума- ғында қоғамдық қатынастардың барлық сала- сында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса ма- ңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Рсепубликасының барша аза- маттарын мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техниалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті» [3, 10 б].
Бұл айтылған жағдайлардың барлығы, елімізде тілді қолданудың негізгі нормативтік базасы бо- лып табылады. Ол сонымен қатар, азаматтық сот ісін жүргізу мәселесіне де қатысты.
Азаматтық сот ісін жүргізуде әртүрлі іс- тер қаралады. Мысалы, мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлес- тіктердің, ұйымдардың істері қаралады. Осы жағдайда да сот ісін қараудың тіліне ерекше мән берілетіндігі белгілі. Мемлекеттік ұйымдармен өзін-өзі органдарында қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежеде қолданылады. Ол туралы конституциялық Кеңестің өзінде Қаулысы бар.
Ол қаулыда мынандай мәселелер көрсетілген:
«Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурыз- да Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақ- стан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы- ның Қазақстан Республикасы Конституциясы- на сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Рес- публикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жыл- ғы 8 мамырдағы №10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Консти- туциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы
№3 қосымша қаулысында мемлекеттік тілді қолдану туралы былай деп көрсетілген: «Қазақ- стан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақ- стан Республикасының Мемлекеттік тілдер тура- лы заңының Қазақстан Республикасы Конститу- циясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республи- касы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №10/2 қаулысынан келіп шығатыны, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл-қазақ тілімен ресми түрде пайдаланыла- тын орыс тілінің тең қолданылуы бұл соң-
ғысына мемлекеттік тіл мәртбесі берілетінін білдірмейді.
Мемлекеттік тіл мәртебесінің үстем болуы оның жария – құқық саласында қолданылуының айрықшалығы не басымдылығы Конституци- яда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституци- ясы мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарынан тыс жерлерде, атап айтқанда, мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын) өткізу кезінде қазақ және орыс тілдерінің тең қолданылуын белгілемейді, ал конституцияның 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған «тең»
термині мұндай іс-шараларға қатысты емес.
Республика Конституциясы әркімге өз қалауы бойынша қарым-қатынас тілін таңдап алу құқығын береді. Бұл орайда, ынталандыра оты- рып, мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуы- на, мемлекеттік-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.
Заңнама және құқық қолдану практика- сы Конституцияның ешкімді ешқандай соның ішінде тіліне байланысты кемсітуге оралмай- ды деген, сондай-ақ әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығын баянды ететін конституциялық ережелердің талабын ескеруге тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қа- былдаған күннен бастап күшіне енеді, ша- ғымдануға жатпайда, республиканың бүкіл ау- мағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақ- стан Республикасы Конституцияның 73-бабы- ның 4-тармағында көзделген реті ескере оты- рып, түпкілікті болып табылады.
Осы қаулы республикалық ресми басылым- дарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын»
[3, 8-9 бб].
Қазіргі кезеңде Кеңестік уақытта қабыл- дануына қарамастан, сот ісін жүргізу тіліне байланысты сот ісі жүргізілетін тіл жөнінде заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі тура- лы Қазақ КСР Жоғары Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы №12 Қаулысы жұмыс атқарады. Бұл Қаулыда сот ісін жүргізуде тілді қолданудың бағыттар туралы мынандай талап белгіленген: «Сот ісі жүргізілетін тіл қазақ ССР Конституциясы тікелей бекітіп берген азаматтық
іс жүргізудің, қылмыстық іс жүргізудің және әкімшлік правоның аса маңызды принциптерінің бірі болып табылатынын ескеріп, Азаматтық істер жүргізу кодексінің 8-статьясының, Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 11-статьясының және әкімшілік право бұзушылық туралы кодекстің 261-статьясының талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне республика соттарының назары ау- дарылсын.
Заңға сәйкес Қазақ ССР-інде сот ісі қазақ және орыс тілдерінде немесе сол жердегі халықтың көпшілігінің тілінде жүргізіледі. Сот ісі бірнеше тілде жүргізілетін аймақтарда сот ісін жүргізу тілі азаматтық істер бойынша ақы талабы арызы қабылданған кезде, қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс қозғалған кезде, әкімшілік право бұзушылық туралы істер бойынша-әкімшілік право бұзушылық туралы протокол жасалған сәттен бастап белгіленеді.
Сот ісін жүргізу тілін өзгерту алдын-ала тер- геу органының дәлелді қаулысы немесе соттың ұйғаруы бойынша жүргізіледі.
Талапкердің, жауапкердің және іске қатысушы басқа адамдардың, процеске: айыпкердің, сот- талушының, қорғаушының, жәбірленушінің және олардың өкілдерінің сот ісі жүргізілетін тілді білмеуіне байланысты олардың праволарын қандай да болсын шектеу және бұл адамдарға процестің кез келген сатысында ана тілін пайда- лану мүмкіндігін қамтамасыз етпеу азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңдарының нор- маларын елеулі түрде бұзушылық болып табыла- ды және бұл Азаматтық істер жүргізу кодексінің 307-статьясында, Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 330-статьясына сәйкес шешімді неме- се үкімді міндетті түрде бұзуға әкеп соқтырады.
Барлық реттерде іске қатысушы адамдар- дан және процеске қатысушылардан олар сот ісі жүргізілетін тілді біле ме, оларға тілмаш қажет пе, соны анықтау керек. Оларға ана тілінде түсініктеме беру, өтініш жасау, мәлімдеме жасау праволары түсіндірілсін. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу кезінде судья талапкерден, жу- апкерден, іске қатысушы басқа адамдардан олар сот ісі жүргізілетін тілді біле ме, оларға тілмаш қажет пе, соны анықтауға міндетті. Егер олардың кейбіреуі сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін болса, сот тап осы сатыда бұл адамға ақы та- лабы арызын немесе шағымының ана тіліне аударылған көшірмесін табыс етуге тиіс.
Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға сот ісі жүргізілетін тілдегі қарапайым сөйлеу тілін нашар түсінетін, өз ойын сол тілде еркін жеткізе алмайтын, сөйлеу тілінде және текстерді
Қа зақ стан Рес пуб ли ка сын да ғы аза мат тық сот ісін жүр гі зу дің ті лін таң дау ер кін ді гі конс ти ту циялық ...
оқыған кезде қиыншылық көретін адамдар жатады.
Соттардан Азаматтық істер жүргізу ко- дексінің 11-статьясының талаптарын қатаң сақ- тау талап етілсін, соларға сәйкес сот және тер- геу документтері сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін талапкерге, жауапкерге, айыпкер- ге, сотталушыға, сотталған адамға не олардың өкілдеріне. Олардың ана тіліне немесе солар білетін тілге аударылған сот мәжілісі барысын- да шығарылған ұйғарымдарды, сот шешімдерін, кассациялық шағымдарды, наразылықты, сон- дай-ақ оларға қарсылық білдіру және касса- циялық ұйғарымдарды, ал қылмыстық іс жүргізу заңдары-тінту, алып қою, мүлікті хаттау прото- колдарын, іс жүргізуді қысқарту туралы қаулыны, істі қысқарту туралы соттың жарлық беруші
мәжілісінің ұйғарымын, айыптау қорытындыны, сот үкімін, кассациялық шағымдарды, нара- зылықтарды жатқызады. Іске қатысушы адам- дардың және процеске қатысушылардың өтініші бойынша істің басқа да материалдары аудары- луы мүмкін» [3, 35-36 бб].
Азаматтық сот ісін жүргізуде тілді қолдану- дың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, оны тек қана азаматтық іс жүргізу құқығының ая- сында қарастыру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі, Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялық- құқықтық қағидаларының негізгілерінің қата- рына жатады деп санаймыз.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2006. – 124 б.
3 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заң актілері. – Алматы: Юрист, 2008. – 40 б.
References
1 Кazaкstan Respublikasynyn Konstitucijasy. – Almaty: Zhetі zhargy, 2007. – 136 b.
2 Kazakstan Respublikasynyn Azamattyk іs zhүrgіzu kodeksі. – Almaty: Jurist, 2006. – 124 b.
3 Kazakstan Respublikasyndagy tіlder turaly negіzgі zan aktіlerі. – Almaty: Jurist, 2008. – 40 b.