ҒТАМР 02.91.01 https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.14
Ж.С. Сандыбаев*
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
*е-mail: [email protected]
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУІ
Автор әл-Фарабидің араб тіліндегі «Ихсау әл-Улуум» (ғылымдардың жіктелуі) трактаты негізінде ғалымның ғылымдарды жіктеуіне түсіндірме береді. Ғылым арқылы қол жеткізетін пайдалы нәрсенің бірі – мәлімет, екіншісі – мәлімет һәм практикалық қызмет. Сол себепті философия өнері де екі түрге бөлінеді: «фәлсәфату ән-назария» (теориялық философия) және
«фәлсәфату әл-амалия» (практикалық немесе саяси философия). Теориялық философияның зерттеу және зерделеу нысаны Құдай, космос, ақыл, аспан денелері, табиғи болмыстар, объектілер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі мен адамдар, сан және пішіндер мен олардың көлемдері сияқты т.б. Практикалық философияның ерекшелігі, философияның бірінші түріне қарағанда әлі белгісіз және адамның қалауы мен еркіне сәйкес зерттеу нысанасына айналған дүниелерді зерделейді. Әл-Фарабише философия мен «діни ілімнің» екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттардың бастамаларын ұсынады, бұлар өмірдегі заттардың алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері жөнінде білім береді, адамның өмірдегі түпкі мақсатын, атап айтқанда ең жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін түсіндіреді.
Мақалада әл-Фарабидің өз заманындағы әлеуметтік-діни құқықты (фиқһ) және кәләмды философия ғылымдарына жақындатуға күш салғаны айтылады. Автор ортағасыр ойшылының философиялық ғылымдардың қатарына қойған фиқһ пен кәләм ілімі, уахиға негізделген ғылым.
Бұл да әл-Фарабидің пайдаланған жаңа әдістерінің бірі екенін алға тартады.
Түйін сөздер: әл-Фараби, араб-мұсылман ойшылдары, грек философтары, ғылым, білім, өнер, философия, азаматтық саясат, физика, метафизика, ғылымдардың жіктелуі.
Zh.S. Sandybayev*
Nur-Mubarak Egyptian University of Islamic Culture, Kazakhstan, Almaty,
*е-mail: [email protected] Classification of al-Farabi’s sciences
The author, explains in arabic the classification of sciences in Al-Farabi, on the basis of the treatise
“Ihsaa Al-Uluum”. Useful benefits that can be achieved with the help of science is information, and the other may be used as information and practical activity at the same time. Therefore, the science of philos- ophy is divided into two types: “falsafatu an-nazaria” theoretical philosophy and “fәlsәfatu al-amaliya”
practical philosophy. The objects of study and research of theoretical philosophy are God, space, mind, celestial bodies, natural beings, objects, flora and fauna as well as people, numbers, shapes and their dimensions, etc. The peculiarity of practical philosophy is the study of things that are still unknown than the first type of philosophy and have become the subject of study in accordance with the individual’s will and desire. Al-Farabi’s philosophy and “religious doctrine” both contain certain objects, both of which offer fundamental principles, the beginnings of matters in life, which provide knowledge about the be- ginnings and the first causes of matters in life, the ultimate goal of human life, namely explains how to achieve the highest happiness and the ultimate goal.
The article says that al-Farabi is making an attempt to bring Muslim law and kalam closer to philo- sophical sciences.The author believes that fiqh and kalam are included by the medieval philosopher in a number of philosophical sciences that are based on revelation.This is also one of the new scientific methods used by al-Farabi.
Key words: аl-Farabi, Arab-Muslim thinkers, Greek philosophers, science, education, art, philoso- phy, civil policy, physics, metaphysics, classification of sciences.
Ж.С. Сандыбаев*
Университет исламской культуры Нур-Мубарак, Казахстан, г. Алматы,
*е-mail: [email protected] Классификация наук аль-Фараби
Автор на основе трактата «Ихсау Аль-Улуум» на арабском языке объясняет классификацию наук у аль-Фараби. Полезная вещь, которую можно достичь с помощью науки, – это информация, а другая – информация и практическая деятельность одновременно. Поэтому наука философия делится на два типа: «фәлсәфату ән-назария» (теоретическая философия) и «фәлсәфату әл-амалия» (практическая философия). Объектом изучения и исследования теоретической философии являются Бог, разум, пространство, небесные тела, живые и неживые существа, человек, числа, формы, размеры и т. д. Особенностью же практической философии является то, что цель практической философии побуждать с помощью мысли к правильным, хорошим действиям и отвращать от ошибочных, плохих действий. Согласно аль-Фараби философия и
«религиозная доктрина» предлагают фундаментальные принципы, которые дают знания о началах бытья и первопричинах вещей в мире. Также, объясняют, что является конечной целью человеческой жизни, как достичь цель, а именно – наивысшее счастье.
В статье рассказывается, что аль-Фараби делает попытку приблизить мусульманское право и калам к философским наукам. Автор считает, что фикх и калам – включенные средневековым мыслителем науки, основанные на откровении, в ряд философских наук. Это также является одним из новых научных методов, используемых аль-Фараби.
Ключевые слова: аль-Фараби, арабо-мусульманские мыслители, греческие философы, наука, образование, искусство, философия, гражданская политика, физика, метафизика, классификация наук.
Кіріспе
Әл-Фараби «Ихсау әл-Улуум» (ғылымдардың жіктелуі) атты мәшһүр трактатын: «Біз бұл кітапта мәшһүр ғылымдарды бірінен соң бірін тізіп, ғылымдардың әрқайсысын және олардың әрбір бөлімінде қамтылатын мәселелерді толық әрі сол бөлімдерде айтылатын дүниелерді тегіс түсіндіруге талпындық» деген сөйлеммен ба- стайды (Al-Farabi, 1996. 16 b). Ғалымның мұндағы сөзіне сәйкес жіктелген ғылымдардың реттілігі мантық жүйесіне сай жасалған деп айта аламыз. Өйткені ойшылдың дүниетанымында ақылдың алатын орны айырықша: «Ақыл белгілі бір нысандар жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын қағидаттарды үйретеді» (Al-Farabi, 1995а: 28). Сондықтан ақыл, қатеге ұрыну мүмкіндігі бар нысандарды танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды деген пікірді басшылыққа ұстанған әл-Фараби, ғылымдарды жіктеген уақытта фәлсәфа өнеріне1 (ғылымына) негіздеп орналастырған.
Ғалымның заманында фәлсәфа дегеніміз барлық ғылымдарды қамтитын ғылымның анасы
1 Әл-Фараби өз трактаттарында «ғылым» сөзін кейде «илм» деп, ал кейбір уақытта «сыйна’» (өнер) деген сөзбен де жиі беріп отырады.
Ғалымның пікіріне сәйкес, олардың арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ. Оның шығармаларында логика ғылым ретінде де және өнер ретінде де сипатталады. Мысалы, логика ғылымы, логика өнері немесе математика ғылымы, математика өнері және сол сияқты т.б.
еді. Кейде ғалымдар ол ғасырлардағы фәлсәфаны асқақтаған даналық, білімдердің білімі, білімнің анасы, хикмет даналығы немесе өнер атауының өнері деп те атаған. Сол себепті де әл-Фарабидің сомдаған философы дана2 һәм ғалым, әкім һәм имам3 (Al-Farabi, 1995б).
Білімдерді жіктеу ертеден бастау алып, негізінен екі мақсатта жасалған. Біріншісі, тақырып, әдіс және бағыт тұрғысынан ғылым арасындағы өзара байланысты көрсету. Екіншісі, тәлім алу мен тәлім беру тәртібін айқындау. Бұл бағыттағы жұмыс Аристотельден жалғасып келген. Бұл мәселеге қатысты грек ғалымының пікірі белгілі уақытқа дейін ең ықпалды әрі ең өміршеңі саналды. Бәлкім, оның ғылымдарды жіктеу әдісін әл-Фараби де басқа да философтар сияқты белгілі дәрежеде құптады.
Әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеуінде Арис - тотельдегі сияқты білімнің екі түрлі жіктемесі байқалады. Осыған орай өнер, яғни ғылым жалпы жақсы немесе пайдалы нәрсеге жетуді
2 «Әлбетте, «философ», «бірінші басшы», «әкім», «заң шығарушы»
және «имам» деген ұғымдар бір ұғым. Егер өз тілімізде сөйлейтін қалың жұртшылықтың пікірінше, осы сөздердің әрбірінің мәнісімен таныссақ, онда сайып келгенде, бұлардың бәрінің жиынтық мағынасы бір екенін байқаймыз». Әл-Фараби, 1995. – 95 б.
3Имам – сөзі келесі мағыналарды білдіреді: «алдағы адам», «бас- таушы адам», «басшы», «жамағаттың алдында тұрып намаз оқушы»,
«адамдар үшін жауапты кісі» т.б. Әл-Фараби «имам» туралы: «...
оның өнері – ең күшті өнер, ойлауы – ең күшті ойлау, білімі – ең күшті білім. Әйтпесе ол мақсатын жүзеге асыру үшін күшін басқалардың күшімен біріктіруге тиіс болар еді», – деп айтқан.
мақсат тұтады. Ғалымның пікіріне сәйкес фи- лософия ғылымы тек пайдалы нәрсеге жетуге бағытталған өнерге жатады. Ғылым арқылы қол жеткізетін пайдалы нәрсенің бірі – мәлімет, екіншісі –мәлімет һәм амал ету, яғни практи- ка қызметі. Сол себепті философия өнері де екі түрге бөлінеді: «фәлсәфату ән-назария»
(теориялық философия) және «фәлсәфату әл- амалия» (практикалық немесе саяси филосо- фия). Жоғарыда айтқанымыздай бұл ғылым4 ер- теден бастау алған (Al-Farabi, 2009).
Теориялық философияның зерттеу және зер - делеу нысаны Құдай, космос, ақыл, аспан дене- лері, табиғи болмыстар, объектілер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі мен адамдар, сан және пішіндер мен олардың көлемдері сияқты т.б.
Практикалық философияның ерекшелігі, филосо - фияның бірінші түріне қарағанда әлі белгісіз және адамның қалауы мен еркіне сәйкес зерттеу нысанасына айналған дүниелерді зерделейді.
Тақырыпты таңдауды дәйектеу: Мәдени- тарихи кеңістіктегі әл-Фараби секілді ірі тұл- ғаның ғылымын, дүниетанымын және трактат- тарын жаңадан зерделеу оның әлемдік өркениет пен ғылым үшін маңызын айқындаумен сипатта- лады.
Мақаланың мақсаты: Араб тіліндегі
«Ихса-у Улум» трактат негізінде философиялық, тарихи және салыстырмалы зерттеу арқылы әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеу ерекшелігін айқындау.
Мақаланың міндеттері: Ғалымның «Ихса- уУлум», «әс-Сияса әл-Мәдания», «әл-Қияс», «Илм әл-мантиқ» сияқты т.б. трактаттарын зерттеу;
Ертедегі Платон, Евклид және т.б. ойшылдардың ғылымды жіктеудегі көзқарастарына тарихи және компаративистикалық талдау жасау; әл- Фарабидің ғылымдарды жіктеудегі ерекшеліктері мен жаңа әдістерін айқындау және т.б.
Зерттеу әдістемесі
Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің араб тіліндегі «Ихсау әл-Улуум» (ғылымдардың жік - телуі) трактаты негізінде ғалымның ғылымдар- ды жіктеу ерекшелігі зерделенеді. Автор тақы- рып ты ашу мақсатында философиялық және гер -
4 Деректерге үңілсек, ерте заманда бұл білім әуелі Иракты мекендеген кельданилер арасында пайда болған, олардан мысырлықтарға, бұдан кейін гректерге олардан сириялықтарға, содан барып арабтар арасында тараған. «Осы білімді меңгерген гректер мұны абсолютті даналық және ұлы даналық деп атап, оны меңгерушілікті ғылым, ал мұның қасиетін философия деп білген». Әл-Фараби. Тахсиль әс- сағада. Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1995. – 86 б.
меневтикалық, тарихи сипаттау, айқындау және компаративистикалық ғылыми әдістерді қолданады.
Негізгі бөлім
Нәтижелері және талқылама
Әл-Фарабише философия мен «діни ілімнің»
екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттардың баста- маларын ұсынады, бұлар өмірдегі заттардың алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері жөнінде білім береді, адамның өмірдегі түпкі мақсатын, атап айтқанда ең жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін түсіндіреді. Фи- лософия мұның бәрін пайымдалғыш мәндер не- месе ұғымдар түрінде көрсететін болса, «діни ілім» мұны ойдағы түсінік түрінде көрсетеді.
Теориялық философия математика, физика, метафизика және осы ғылымдармен байланы- сы бар білімдерден құралады; саяси философия болса, мораль және мәдени, саяси ғылымдардан тұрады.
Математикалық ғылымдардан арифмети- ка және геометрия кезеңімен сандарды және пішіндер мен олардың көлемдерін тақырып ет- кен болса; оптика, астрономия, музыка, механи- ка мен динамикалық объектілерді зерттейді.
Жаратылыстану білімі элементтерден бастау алып, адамды, оның қалыптасуын, денені және жалпы организмдермен шұғылданады; мета - фи зика болса Құдайды, абсолютты және мате- риалдық емес көзге көрінбейтін, қолмен ұстал- майтын материя емес және денеге жатпайтын әрі дененің мәні саналмайтын бар нәрселер зерттеледі.
Ғылымдардың жіктелуі
Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған.
Ғалым ғылымдарды негізгі бес бөлімге бөліп қарастырды: біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері, екіншісі – логика және оның бөлімдері, үшіншісі – «Ульум әт-та’алим» (математикалық ғылымдар)5. Бұлар: «әл-’адад» (арифметика)6, геометрия, «илм әл-маназыр» (оптика)7, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика (Al-Farabi, 1975).
5 «Ульум әт-та’алим» – (оқыту), (тәлім беру) және (ағартушылық ғылымдар) деген мағыналарды білдіреді.
6 «Әл-’адад» – сан.
7 «Илм әл-маназыр» – сөзбе-сөз (көрініс, сурет, панораманы зерт- тейтін ғылым).
Төртіншісі – физика және оның бөлімдері,
«әл-’илм әл-иләһи» діни ілім8 және оның бөлімдері, бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ9, кәләм10 (Al-Farabi, 1996).
Ғалымның білімдерді бұлай жіктеуі Арис- тотельдің ғылымдарды сыныптауынан біраз ерекшеленді, яғни ғалым антикалық грек ой- шылын қайталамады. Ол өзінің ұстанымына сәйкес дұрыс деп тапқан тізбекті жасап, өзі нен бұрынғылардан еткен ғылым тізбегін толық- тырып, заманға сәйкес пішін берді. Оның бұлай жасауына оның білімімен бірге жасаған орта мәдениеті де ықпал етті. Мысалы, тіл білімімен фикһ пен кәләм білімдерінің ғылым сыныптама- сына енгізілуі осыны көрсетсе керек.
Сол сияқты Аристотель физика мен мета- физиканы екі жеке ғылым ретінде жіктеді. Ал әл-Фарабидің жіктеуінде физика мен метафи- зика реттілігі жағынан математика ғылымынан кейін келіп, бір сырадағы екі негізгі теориялық ғылым ретінде баяндалады. Сөйтіп ғылымның жіктелуіне араб-мұсылмандық мәдениетіне сәй- кес рең берді.
Мұсылман ойшылы ғылым мен білімдерді мынадай реттілікпен жіктеді:
«Ильм әл-луға» (лингвистика): жалпы тілдің, ойлау және адамның күнделікті өмірде таптыр- мас мәнге ие болуына байланысты білімдердің жіктелуін тіл білімі бастайды. Мұнда әр тілдің негізгі екі бөлігі айтылады, сөз және оның мағынасы арасындағы байланыс мәселелеріне мысалдар беріледі. Сондай-ақ сөздерді пайда- лану ережелерінің маңызы мен тіл біліміндегі орны да назардан таса қалмаған. Бір тіл бір ұлтқа тиесілі болғандықтан тіл әмбепатты бола ал- майды. Өйткені әр халықтың, қауымның өзінің өміріне, салт-дәстүрі мен жағрафиялық орнала- суына сәйкес өз тілі бар.
Сондықтан да, тіл барлық халықтар үшін әмбепатты бола алмайды деген пікірді алға тартқан әл-Фараби тілдерге ортақ «әмбебап»
заңдардың бар екенін және грамматика осы тіл ережелеріне сүйенетін, бірақ бұл ережелер де барлық тіл заңдылықтарын қамти алмайтынын айтады. Мысалы, жалпы ереже қандай өнерде болсын әмбебапты болып саналады (Jafar Ali Yasin, 1978). Ол сол белгілі ғылымды жан-жақты қамтитын ережелер жиынтығы. Әсілінде әрбір ереже өзіне қатысты өнердің көптеген жағдайын
8 «Әл-’Илм әл-иләһи) – сөзбе-сөз (Құдай туралы ілім) немесе (иләһи ғылым).
9 «Фиқһ» – мұсылмандық құқық.
10 «Кәләм» – діни ілім.
қамтиды деп ойлағанымен шын мәнінде олай толық қамтуы мүмкін емес. Ойшылдың мұнда айтпағы, әрбір тілдің өз тіл ережелері (грамма- тикасы) бар. Бір тілдің грамматикасы екінші бір тілге келмейді.
Ғалым: «Әрбір халықтың тіл туралы ғылымы үлкен жеті бөлімге бөлінген», – деп тіл білімін әрі қарай былай етіп жіктейді: жай сөздер ту- ралы ғылым, сөз оралымдары туралы ғылым, жай сөздердің ережелері туралы ғылым, сөз оралымдарының ережелері туралы ғылым, дұрыс жазу ережелері (орфография), дұрыс оқу (орфоэпия) ережелері және өлеңді дұрыс шығару ережелері (Al-Farabi, 1993).
Мұнан соң ойшыл тілді ортақ етіп қарас- тыратын пән, бұл – ойлау мен әмбебапты ереже- лерді белгілейтін логика өнері. Себебі грамматика білімі тілге қатысты болса, логика өнері сол тілдер үшін ортақ ережелерді қалыптастыруға көмек береді деп логика ғылымын екінші кезекке қояды.
«Ильм әл-мантық» (логика ғылымы): әл-Фа- рабиге сәйкес логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған қағидаттар жиынтығын береді. Ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл нысандарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды. «Ильм әл-мантық»
ақыл белгілі бір нысандар жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын ережелерді үйретеді. Бұл ғылымның пайдасын ғалым: «Грамматика ғылымы бізге сөздер тура- лы барлық ережелерді ұсынса, дәл сондай логи- ка ғылымы ақылмен танылатын нысандар тура- лы қағидаттарды ұсынады», – деп түйіндеген.
(Al-Farabi, 1995a: 20)
Логика ғылымының бөлімдері
Ортағасыр мұсылман ғалымы логика ғы- лымын сегіз бөлімге бөліп зерттейді. Олар логи- калық білім беру жүйесінің негізгі тараулары ретінде қарастырылды:
1. «Мақуләт» – сөздер және олармен байла- нысты мәселелерді зерттейтін бөлім;
2. «Ибара» – екі немесе одан да көп сөздерден құралған қарапайым сөйлем заңдылықтарын зерттейтін бөлім;
3. «Қияс»11 – сөйлемде, сөйлеу барысында қолданылған сөз тіркестерін және силлогизмді қолдануды мақсат ететін өнер түрлерін зерт- тейтін бөлім, олар бесеу;
4. «Әл-ақауил әл-бурһанийа»12 – дәлелдік пайымдаулар, логиканың ең маңызды тақырыбы
11 Бірінші аналитика.
12 Бурхан немесе екінші аналитика.
және нақты білім шарттары. Әл-Фарабидің тілімен айтқанда, бұлар адам баласының білгісі келіп отырған нәрсесі жөнінде анық білім беру үшін айтылатын пайымдамалар. Сондықтан да бұл бөлім логиканың ең маңызды және жоға ры бөлігі.
Логиканың басқа бөлімдері осы бөлім үшін қажет әрі осыған қызмет етеді. Ғалымның айтуынша, жоғарыда атап көрсеткен алғашқы үш бөлігі осы – «әл-ақауил әл-бурһанийаға» дайындық болып табылады. Ал енді төменде келетін бөлімдер оған көмекші бөлімдер саналмақ. Бұл білім нақтылық пен айқылдылықты қажет етіп, мұнда адасушылық және одан шығатын қате түсінік болмауы тиіс.
5. «Әл-ақауил әл-джәдәлийа»13 – жадалдік пайымдаулар, жадал өнерінің сипаты мен негіздерін қарастырады. Әдетте адам бұл білімді нақты емес пікірді нақты деп ойлап, өзін немесе өзгені сендіру мақсатында оған салмақты бол- жам жасау үшін қолданады және т.б.
6. «Әл-ақауил әс-суфиста’ийа»14 – софис- тикалық пайымдаулар, муғалата адамды ада- стыру, жолдан тайдыру, алдау, өтірік нәрсені шындық сияқты, ал шынды өтірік етіп иландыру өнері.
7. «Әл-ақауил әл-хатабийа»15 – риторикалық пайымдаулар, шешендік өнердің мақсаты қандай пікір болмасын, адамды соған сендіре алатын және адам айтқанын бүкпесіз қабылдайтын пай- ымдаулар. Айтылған хабар әлсіз немесе күшті болса да, сол пікірді растап беретін сөздер.
8. «Әл-ақауил әш-ши’рийа» – адам поэти- калық пайымдауларды қолданған кезде, оның бойын жиіркеніш сезімі пайда болады. Ол осы сезімінің арқасында оны көзімен көрмесе де жек көре бастайды, мүмкін болса оған жолау- дан қашқақтайды. Поэтикалық пайымдаулардың құдіреті осы, деп ойын топшылайды ғалым.
Мұсылман ойшылы ғылымдарды жіктеуде терең кеткені сонша, әрбір бөлімді келесі бөлім- шелерге таратып зерделейді. Мысалы, жоғарыда аталған дәл сол поэтикалық пайымдаулар, «ло- гика ғылымында қарастырылатын нәрселер ар- қылы көркемделіп, әсемделіп, дараланып және тамаша сәулеттеніп кетеді» деп оларды – сил- логизм мен силлогистік өнерлердің түрлеріне бөледі (Al-Farabi, 1994: 43)
Кез келген жағдайда қандай да бір нәрсені анықтау үшін қолданылатын сөйлемдегі пайым- дама түрлері бесеу:
13 Диалектика өнері.
14 Софистика өнері.
15 Шешендік өнері.
– анық пайымдар;
– жорамал пайымдар:
– қате пайымдар;
– нанымды пайымдар;
– қиялдағы пайымдар.
Ғалым осы бес өнердің әрқайсысына мысал келтіріп, олардың өзіне ғана тән және бәріне бірдей ортақ нәрселер бар екенін дәлдеуге тыры- сады.
«Ульум әт-та’алим» (математикалық ғы- лым дар): арифметика16, геометрия, оптика17, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика түрінде жеті бөлімге бөлінген бұл білімдердің әрқайсысы теориялық және қолданысқа байланысты бөлімдерге ие.
Әл-Фараби аталмыш ғылымдар мен оның бөлімдерінің әрбіріне әдетінше жеке тоқтап, ашықтайды. Ертедегі грек ойшылдары сияқты жалпылама сипаттамайды. Мысалы, ғалым гео - метрия ғылымына қатысты: «Бұл ғылым барлық ғылымдардың құрамына кіреді. Ол сызықтар- ды, бедерлерді және геометриялық денелерді абсолюттік мағынасында зерттейді. Олардың формалары, мөлшері, тепе-теңдігі мен тепе-тең еместігі, сондай-ақ олардың орналасу түрлері, тәртібі және соларға тән барлық қасиеттері қарастырылады...» (Al-Farabi, 1996a: 55). Ев- клидте де геометрия мен арифметиканың ба- стамалары «Әл-Устуқусат»18 деген еңбегінде ықшамдап көрсетілген. Мұнда екі жол қарас- тырылады: анализ жолы және синтез жолы.
Негізінде грек ғалымдарының ішінде синтездеу әдісін қолданған Евклид (Asmus V.F., 1971).
Физика ғылымының бөлімдері
Әл-Фараби ғылымдарды жіктеуде төртінші кезекті «Әл-’илм ат-таби’и уә әл-’илм әл-иләһи»
деп атайды.
«Әл-’илм ат-таби’и уә әл-’илм әл-иләһи»19 – физика және метафизика (теология ғылымдары):
Физика табиғи денелерді және сол денелерге тән акциденцияларды қарастырады. Олардың құрамын, құрылымын және не үшін бар болаты- нын айқындайтын заттарды зерттейді. Фараби денелердің жасанды және табиғи болатынын ай- тады: «Жасанды денелер: мысалы, шыны, сем- сер, төсек. Жалпы, болмысы өнердің арқасында және адам еркінен шыққан нәрселер. Ал табиғи
16 «Әл-’адад» – сан.
17 «Илм әл-маназыр» – сөзбе-сөз (көрініс, сурет, панораманы зерттейтін ғылым).
18 «Әл-Устуқусат» – бастамалар, негіздер, элементтер дегенді білдіреді.
19 «Әл-’илм ат-таби’и уә әл-’илм әл-иләһи» – сөзбе-сөз (жаратылыстану ғылымы және тәңірлік ғылым туралы).
денелер – олардың болмысына өнердің және адам еркінің қатысы жоқ нәрселер. Мысалы, аспан, Жер және осы екеуінің арасындағылар, өсімдіктер және хайуанаттар». (Al-Farabi, 1994a:
75) Осылайша, жаратылыс ғылымын әл-Фараби ірі сегіз бөлімге бөледі:
– Физика кітабы барлық қарапайым және күрделі табиғи денелерді біріктіретін нәрселер- дің негіздері мен олардан туындайтын акциден- цияларды зерттейді.
– Қарапайым денелер мен олардың сандары, сфералар мен олардың бөліктері, олардың сан- дары, аспан мен материясы, біріккен денелерді қарапайым денелермен салыстыру, жай денелер мен біріккен денелердің жалпы принциптері, аспан мен әлем қарастырылады.
– Табиғи денелердің пайда болуы мен жо- ғалуы, олармен байланысты принциптер зерт- теліп, болмыс және ыдырау кітабы осындай тақырыптарға арналған.
– Акциденциялардың негіздерін және күр- делі элементтерден шығатын күрделі денелерді емес, тек элементтерді сипаттайтын енжар қа- был даулардың негіздерін зерттейді.
Тастар мен кеніштерді зерттеу «қазба бай- лықтар» кітабында қарастырылған. Бұл тастар және олардың түрлері сияқты минералды де- нелер және минералды заттардың түрлері мен осылардың әрбір түрін сипаттайтын денелер.
Өсімдік түрлері, олардың ерекшеліктері мен принциптері осы өсімдіктер кітабында зертте- леді. Әл-Фараби бұл бөлімді әр түрлі бөліктерден құралатын күрделі денелерді зерттейтін екі бөлімнің біріншісіне жатқызады;
Жануарлардың түрлерін, ерекшеліктерін жал пы сипаттарын зерттеу кітабы. Ғалым бұл бөлімді әр текті бөліктерден тұратын күрделі денелерді зерттейтін екінші бөлім деп санаған.
Сол себепті әл-Фарабидің жануарлар туралы және жан туралы кітабы осы мәселелерді қамтиды.
Метафизиканың үш бөлімі
Ортағасыр ғалымы әл-Фарабидің жаратылы- стану ғылымындағы «әл-’илм әл-иләһи»20 мета- физикасы үш бөлімнен құралады:
А) Дүниегі заттардың онтологиясын және со- лар арқылы көрініс табатын басқа заттар зерттеледі.
B) Теориялық жеке ғылымдардың мыса- лы, логика, геометрия, арифметика және тағы
20 «Әл-’илм әл-иләһи» – (құдайлық ілім, дін туралы сөз, метафизика, алғашқы философия, жалпы философия) деген баламалармен беруге болатын табиғаттан соң келетін нәрселерді зерттейтін ғылым.
басқа осы секілді т.б. ғылымдардың негізгі дәлелдемелерін зерттейді.
C) Дүниеде бар, бірақ материя емес және де- неге жатпайтын әрі дененің мәні саналмайтын нәрселерді зерделеді. Құдай мен оның есімдері және Оның әлеммен қарым-қатынасы және сол сияқты т. б. мәселелерді сараптайтын бөлім – теология. Осында аталған бөлімдердің барлығы метафизика кітабында зерттеледі. Ғалымның пікірінше, иләһи ғылым дүниедегі Бірінші Себепкердің бар екенін дәлелдейді: «Иләһи ғылым дүниедегі барлық нәрселер болмыста Содан кейін келеді деп сипаттайды. Ол өзінен басқа кез келген нәрсеге болмыс беретін Бірінші болмыс; Ол өзінен басқа келген нәрсеге бірлік беретін Әуелгі Бірегей» (Al-Farabi, 1995: 87).
Ортағасыр ғалымы ғылымдарды жіктеу реттілігінде бесінші орынға «әл-’илм әл-мәдәни»
азаматтық саясат ғылымын орналастырды.
«Әл-’илм әл-мәдәни» (азаматық саясат ғы- лымы) – амалды жүзеге асыратын мінез-құлық пен сипаттарды анықтап, олардың адам бойын- да көрініс табуы тиіс ерекшелігіне сәйкес орна- ласуын, тұрақтауын зерттейді. Әл-Фарабише, қала тұрғындары мен халықтардың бақытқа жетуі үшін әділ басшы қажет (Qonyratbayev A., 1987). Басқару дұрыс болған уақытта қалалар мен халықтар арасында ізгі әрекеттер, мінез- құлықтар, қасиеттер мен қылықтар көрініс табады. Билікке осы нәрсеге қол жеткізу үшін өнер мен қабілет қажет. Ал азаматтық саясат ғылымы осы өнердің негізі (Huriye Tevfik Muca- hid, 1995).
Азаматтық ғылымда тұлғаның, қоғамның да бақытты болуы бір тақырып аясында зер- деленеді. Әл-Фараби Аристотельдегі сияқты, мо- раль өнерін саяси ғылыммен бірге қарастырды (Burabayev M., 1988). Өйткені ғалымның айтуын- ша мораль өнері қала тұрғындары мен халықтар арасындағы азаматтардың бір-бірімен қарым- қатынасы моральмен біте қайнасқан. Сондықтан да қалалар мен халықтарды зерттейтін азаматтық саясат ғылымын моральдан ажыратып қарау мүмкін емес.
Қорытынды
Әл-Фараби ғылымдарды жіктеу барысын- да «әл-’илм әл-мәдәни» азаматтық ғылымнан соң «фиқһ» құқық ғылымын кейін «кәләм»
ғылымдарын қойды. Ғалымның бұл әрекетін жай деп бағаламау керек. Себебі әр нәрседе мантыққа сүйенген ойшыл бұл әрекеті арқылы философия мен дінді ұштастыруға қадам жасағаны айқын.
Жаңа тәсіл қолдану арқылы өз заманындағы әлеуметтік-діни құқықты (фиқһ) және кәләмды азаматтық саясат ғылымына және философия ғылымдарына жақындатуға күш салды.
Негізінде әл-Фарабидің философиялық ғы- лымдардың қатарына қойған фиқһ пен кәләм ілімі, уахиға негізделген ғылым. Бұл да
әл-Фарабидің пайдаланған жаңа әдістерінің бірі саналмақ. Мұндай бағалау болашақта фило- софиялық-діни қатынастар мәселелерін зерт- теу мақсатында талқыланатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының және ғылыми жобалардың енші- сінде. Себебі жоғарыда зерделенген мәселелердің әрбірі жаңа зерттеулерді қажет етеді.
Әдебиеттер
Al-Farabi (1996) Ihsa-u Ulum. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal, 94 b.
Al-Farabi (1995) Tahsil as-saada да. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal,. – 102 b.
A. Nısanbayev, G. Qurmangaliyeva, Zh. Sandybayev (2009) Abu Nasir al-Farabi. Tandamaly traktattar / [chosen treatises] Qu- rast.: – Almaty: “Arys” baspasy,– 656 bet.
Al-Farabi (1995) Aro-u al-madinati al-fazila. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal,– 198 b.
Al-Farabi (1976) Al-Kyas. – Damask: An-nashr,. – 105 b.
Al-Farabi (1975) Aleumettik-etikalyq traktattar.[Social-ethnical treatise] – A.,– 414 b.
Al-Farabi (1995) Kitab tehsil as-saada. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal, – 102 b.
Al-Farabi (1994) İzbrannie traktaty / Perevod s arabskogo. – Almaty: İF AN RK, – 460 s.
Al-Farabi (1996) As-Syasa al-Madanya. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal,– 127 b.
Asmus V.F. (1971) Kommentarii k “Gosudarstvu”. – v kn.: Platon. Sochineniya. T.3 (1). M., – S. 579.
Burabayev M. (1988) Al-Farabi / Qysqasha ensiklopediya. – Almaty: Qazaq SSR, – 112 bet.
Huriye Tevfik Mucahid (1995) Farabiden Abdullaha siyasi Düşunce. – Istanbul: Hikmet. – 262 B.
Jafar Ali Yasin. (1978) Abu Nasir al-Farabi. Tahsil as-saada. – Beyrut-Lubnan: Dar al-Andalus. – 210 b.
Kelimbetov N. (1986) Abu Nasır al-Farabi. – Almaty: Qazaq adebiyetinin ejelgi dauiri, [ancient time of Kakazh literature]. – 79 bet.
Qonyratbayev A. (1987) Farabi jane Abay. [Farabi and Abay] – Almaty: Qazaq eposy jane turkologiya. – 336 bet.