• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазіргі замандағы электрондық сауданың теориялық даму негіздері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Қазіргі замандағы электрондық сауданың теориялық даму негіздері"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

Б.С. Есенгельдин, А.Төлеуұлы

Е.А. Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан (E-mail: [email protected])

Қазіргі замандағы электрондық сауданың теориялық даму негіздері

Мақалада электрондық сауданың жалпылама теориялық негіздері қарастырылған. Əлемдік тəжірибе негізінде елдің инновациялық бағытындағы ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше мəн берілген. Ақпараттық технологиялар нарығының кəсіпкерлікті дамыту мен өркендету мəселесіне сараптамалық талдау жасалған. Авторлар шет елдердегі электрондық сауданың дамыту тəжірибелерін зерттеп, халықаралық ұйымдардың қызметін қарастырған, əртүрлі елдердің авторларының берген анықтамаларын сипаттаған жəне түсініктемелер берген. «Электрондық сауда» ұғымы үш бағытта зерттелген: қызмет, мəмілелердің жиынтығы жəне технологиялық категория түрінде. Электрондық сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді өткізуге бағытталған ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетіндігі дəлелденген. Электрондық сауданы жүргізу барысында қолданылатын мəмілелердің жиынтығы топтастырылған. Электронды құжатпен алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерін жүзеге асырудағы электрондық сауданың мəні ашылған. Электрондық сауда тұжырымдамасының даму тарихы қарастырылған. Сонымен қатар авторлар Қазақстан Республикасындағы электронды сауданың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасап, электрондық коммерция орталығының негізгі қызмет бағыттарына тоқталған. Сонымен қатар электрондық сауда саласында қалыптасқан кемшіліктер мен артықшылықтардың шарттары мен ұйымдастырылу тетіктері жан-жақты сараланған.

Кілт сөздер: электрондық сауда, интернет, электрондық үкімет, электрондық бизнес, web- технологиялар, ақпараттық технологиялар.

Қазіргі кезде əлемдік экономиканың дамуында жаңа экономиканың негізі қаланып келе жатыр, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқасында базалық сала болып табылатын электрондық сауданың пайда болуына əкеліп соқты. Бүгінгі таңда елімізде электрондық сауданың заңдық негізі қалыптасуда, алайда көптеген халықаралық ресми құжаттарда бұрыннан қолданылып келеді.

Отандық экономикада электрондық сауданың дамуына 2017 жылғы 31 қаңтар айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы себеп болды. Онда Елбасы: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл — маңызды кешенді міндет. Елде 3D- принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын жəне басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дəстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын əзірлеуді жəне қабылдауды тапсырамын», — делінді [1].

Əрине, цифрлық индустрияны дамыту барлық салаларға, əсіресе электрондық сауданың дамуына серпін береді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық технологиялар саласын дамыту мəселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс.

«Электрондық сауда» ұғымының теориялық дамуы көптеген пікірталастар туғызады. Оны, зерттеуші-ғалымдардың айтуы бойынша, «электрондық сауда» түсінігін бірінші ретте бірегейлі ұғымға айналдыруымыз керек.

Ресейлік экономист-ғалым О.А. Кобелеваның көзқарасы бойынша, электрондық сауда түсінігі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, коммерциялық операциялардың электрондық құралдарын пайдалана отырып, деректерімен алмасу. Жаңа ақпараттық технологияларды жасауда коммерциялық операциялар жəне өндірістік басқару үдерісінде электрондық құралдарды қолдана отырып, деректермен алмасу электрондық коммерция негізінде жатыр [2].

Бұл ұғымға неғұрлым толық анықтама берген А.В. Юрасов: «Электрондық сауда дегеніміз — экономика саласының бір бөлігі, ол өзіне барлық қаржылық жəне саудалық транзакцияларын қоса отырып, компьютерлік желілердің көмегі арқылы бизнес үдерістерді жүргізуге бағытталған» [3].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

О.Д. Скибаның айтуы бойынша, электрондық сауда ұғымы ағылшын тілінің сөзбе-сөз аудармасы

«Electronic Commerce» сөз тіркесінен құралған жəне бұл ұғымды 1993 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында қолдана бастаған, одан кейін кəсіби əдебиеттерде экономикалық қызмет ретінде жазыла бастады [4].

Негізі электрондық сауда жайлы көптеген пікірлер бар, айталық, бұл ұғым алғаш рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қолданысқа ие болған. Бұл кезде көптеген үлкен ұйымдар бір- бірімен электрондық транзакцияларды айырбастау технологиялық мəліметтерімен (Electronic Data Interchange), ал банктер болса, электрондық ақша қаражаттарын аударғанда қолданған (Electronic Funds Transfer). Алайда бұл ұғым «electronic commerce» ретінде заңдық құжаттарда 1990 жылдары қолданысқа енген [5].

Электрондық сауданы зерттейтін ғалымдардың ғылыми еңбектері жəне нормативті-құқықтық актілер бұл ұғымды үш бағытта қарастырады, яғни

– қызмет түрі;

– мəмілелердің жиынтығы;

– технологиялық категория ретінде.

Осы бағыттардың мəні мен мазмұны төмендегі кестелерде топтастырылды (1-3 кестелер).

1 -к е с т е Электрондық сауданың қызмет түрі ретіндегі ерекшеліктері

Авторлар, дерек көзі Анықтамалар Қолданылған

мемлекеттер Қазақстан Республикасының

«Сауда қызметін реттеу

туралы» Заңы

Электрондық сауда — ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кəсіпкерлік қызмет

Қазақстан

АҚШ жəне Жапонияның өнеркəсіптік жəне сауда бойынша Кеңестер комиссия- ларының электрондық сауда бойынша сұрақтардың бірлес- кен мəлімдемелері

Кəсіпкерлік қызмет, электрондық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылады

АҚШ жəне Жапония

Брагина Л.А. Кез келген бизнес саласындағы коммерциялық қызмет, ақпараттық жəнетелекоммуникациялық технология- лар мен жүйелер көмегімен жүзеге асырылады

Ресей

Франция Республикасының

«Сенім туралы сандық экономика туралы» Заңы

Қызмет жəне тауарларды сатып алуды көздеп растайтын немесе иеленуді ұсынатын электрондық байланыс арналар көмегімен жəне қашықтық экономикалық қызмет көрсететін тұлғa

Франция

Өзбекстан Республикасының

«Электрондық сауда туралы»

Заңы

Ақпараттық жүйелерді қолдануды қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін жəне жұмыстарды орындайтын, тауар- ларды сату бойынша кəсіпкерлік қызмет

Өзбекстан

Ескерту. Авторлармен [6–10] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген əртүрлі елдерде электрондық саудаға берілген анықтамалар, электрондық сауданы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан сауда-саттық операцияларын жүргізетін кəсіпкерлік қызмет түрі екендігін дəлелдейді. Сонымен, электрондық сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындағы кері байланыстар негізінде тауарлар мен қызметтерді өткізуге бағытталған ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

2 -к е с т е Электрондық сауданың мəмілелердің жиынтығы ретіндегі сипаттамасы

Авторлар, дерек көзі Сипаттамасы Қолданылатын

мемлекеттер Үндістанның қаржы

министрлігінің салық салу бойынша электрондық сауда баяндамасы,

2001 ж.

Электрондық байланыс құралдар көмегімен шығарылатын акцепт жəне офертадағы мəміле.

Оферта — сатушының сатып алушыға белгілі бір шарттар бойынша тауарлар тобын сататыны туралы жіберген жазбаша ұсынысы.

Акцепт — шот арқылы төлеуге берілген ризалық жəне төлеу қағаздарына риза болып қойылған қол

Үндістан

Ильичев С. К. Ақпараттық желілілер көмегі арқылы өткізілетін, іскерлік мəмілелердің əртүрлі формалары

Ресей

«Интернеттің салық салудан босатылуы туралы» АҚШ- тың мемлекеттік заңы

Интернет арқылы мүмкіндік ұсына отырып, бұл ұғымды қоса отырып, тегін немесе ақысына келісім бойынша ақпаратты немесе қызметті, тауарларды, мүлікті жеткізуді немесе офертаны, лицензиялауды, жалға беруді, сату- сатып алуды қоса алғанда, Интернетті пайдалана отырып, немесе Интернет арқылы, əртүрлі мəмілелер жасалынады

АҚШ

Ескерту. Авторлармен [11-13] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Жоғарыдағы 2-кестеден көріп отырғанымыздай, ақпараттық жүйелер көмегі арқылы электронды саудада сату-сатып алу, оферта жəне акцепт, тауарлар мен қызметті жеткізу жəне тағы басқа мəмілелерді жүргізуге болады. Көбінесе электрондық сауда мəмілелердің жиынтығы ретінде көптеген мемлекеттерде Интернет көмегі арқылы өткізілетін сауда-саттық, жалға беру бойынша іскерлік мəмілелер жасалынады.

3 -к е с т е Электрондық сауда технологиялық категория ретінде

Авторлар, дерек көзі Сипаттамасы Қолданылған

мемлекеттер

1 2 3

Жапонияның өнеркəсібі жəне халықаралық сауда министрлігі

Интернет-технологияларды қолдана отырып, электрондық құралдар көмегімен (тауарлармен алмасу, қызметтермен, ақпаратпен жəне ақша қаражатын жеткізушілер арасында жəне тұтынушыларға тауарларды жеткізуін жүзеге асыру мақсатында коммерциялық негіздегі субъектілердің экономикалық қызметін) коммерциялық мəмілелерді өткізу

Жапония

АҚШ үкіметі Компьютерлік желілерді қолданануда қорытындылау, қызметтер немесе тауарларды қолдану құқығы немесе меншік құқығы бойынша кез келген мəміле.

Телекоммуникациялық арна желісі бойынша интерактивті режимдегі ақпараттармен алмасуды жүргізетін, электрондық түрде құрылғыларымен біріктіріле алатын компьютерлік желі ұсынылады

Ре по зи то ри й Ка рГ

АҚШ

У

(4)

3 -к е с т е н і ң ж а л ғ а с ы

1 2 3

Канада үкіметі Компьютерлік технологиялар жəне теле- коммуникациялық өзге де мəмілелер арқылы сату жəне сатып алу кəсіпкерлік қызметін жүргізеді. Мұнда кіретіндер мəмілелер, телефон арқылы қолдану, факс, ABM, несиелік карта, дебиттік карта, EDI жəне Интернет

Канада

Францияның өнеркəсібі жəне қаржы, экономика

министрлігі

Электрондық мəліметтермен алмасу бойынша операциялар жиынтығы, қызметтер немесе ақпараттарды берудегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты

Франция

Ескерту. Авторлармен [14-17] əдебиеттер негізінде құрастырылған.

Қазіргі уақытқа дейін электрондық саудаға анықтама беру даулы мəселе болып келе жатыр. Бұл ұғымға кең таралған анықтамалар келесідей негізгі құралдардан тұрады: телефон, факс, теледидар, электрондық төлемдердің жүйелері жəне ақшалай аударымдар, электрондық алмасу деректері (EDI), Интернетті қосқандағы компьютерлік желі.

Электронды құжатпен алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық сауданы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерінің барлығын электрондық сауда қамтиды.

Электрондық сауда тұжырымдамасының тарихи дамуына назар аударайық. Электрондық сауда тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірінші əрекеттері 1950–1960 жж. электронды есептеуіш машина пайда болғаннан бастап ене бастады. 1960 жылдары Американың ең ірі авиакомпаниясы қарапайым халық үшін əуеде ұшуға анағұрлым қолжетімді етіп, American Airlines программистері, өндірушілері жəне аппаратты жеткізушілермен IBM трансұлттық корпорациясымен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы SABRE (Semi-Automatic Business Research Environment) əуе рейсіне рəсімделуін резервтеу жүйесін құрды. Автоматтандыру арқасында тарифтердің есептеу үдерісі негізінде орынды резервтеу сияқты қызмет бағасы анағұрлым арзандаған.

1965 жылдың өзінде SABRE, Брайэрклифф Мэнор кеңейтілген деректер орталығында

толығымен интерактивті болды, ал туындалған ықтимал қателіктер резервтеу кезінде 1 % аспаған. Ол круиздерді ұйымдастыру жəне паромдардың иелерін, оншақты теміржол компанияларын, қаншама туристік агенттерді, 35 мың отельдерді, автокөліктерді жалға берушілерді, 50 шақты фирмаларды, 400-дей əуе жолдарын, 3 млн клиенттерді тіркеу, 30 мыңнан астам транспорттық агенттіктерді біріктірді [18].

1970 жылдың орта шеңінде қаржы құралдарының (EFT – Electronic Funds Transfer) электрондық аударымдары жəне электрондық айырбас деректері (EDI – Electronic Data Interchange) бірінші рет қолданыла бастады. Алғашқы жүйелердің жетіспеушілігі келесідей: бағаның жоғары болуы жəне аппараттық компоненттері мен бағдарламалардың стандартсыздығы. Тек бірнеше банктер мен ірі кəсіпорындар ғана жабдықтарды сатып алуға бастапқыда айтарлықтай шығындала отырып жəне жеке желілерді пайдалана алған [19].

Сонымен қатар 1970-ші жж. еуропалық елдерде ұқсас процестер басталды – деректермен алмасуда стандартты шешімдерді іздеу үшін, нəтижесінде халықаралық стандарттар GTDI (General–

Purpose Trade Data Interchange Standards) бағдарланған сауда үдерісі жаңа жүйе пайда болды.

Осылайша екі жүйелік стандарты қалыптасқан. Біреуі америкалық, екіншісі еуропалық, осы екі стандарт қозғалысы біріктіріліп, бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасын тапты.

1990 жылдары Интернеттің қауырт өсуімен web-технологиялардың пайда болу нəтижесінде Интернет арқылы бизнестің жаңа түрі — бөлшек сауда пайда бола бастады.

1997 жылы тағыда бір стандарт — OBI (Open Buying on the Internet) пайда болды, ұйымдардың ортасында өзара іс-қимылдарды қозғайтын айтарлықтай үлкен мəселелердің барлығын стандарттайтын, ашық жүйеге бағдарланған толық циклді тарта отырып, сатып алу-сату-жеткізу оның басты идеясы болып табылады. Ақырында, 2003 жылы тағы бір формат қалыптасты AS-2, EDI жəне Интернет бірікті. Ол сандық деректер арқылы хаттама http алмасуға мүмкіндік береді, əдетте web-беттерді (страница) көру үшін пайдаланылады.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

Жалпы елімізге келетін болсақ, тəуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономикалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен қызметін түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері – басқару емес, өнеркəсіптердің техникалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Қазақстан Республикасының «Электрондық коммерция орталығының» құрылу кезеңдері:

1. 2003 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау жəне мемлекеттік сатып алу комитеті «Электрондық коммерция орталығы»

республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны құрылды.

2. 2007 жылы «Электрондық коммерция орталығы» РМҚК «Самғау» ұлттық ғылыми-

технологиялық холдингі құрамына еншілес компания ретінде кірді жəне «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС болып қайта құрылды.

3. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Орталық электрондық

мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып анықталды. Сол жылы Орталық құрылған

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі құрамына кірді.

4. 2009 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС «Қаржылық жүйелерді

ақпараттандыру орталығы» ЖШС біріктірілді.

5. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС ақпараттандыру саласында ұлттық оператор мəртебесіне ие болады. Бүгін компания мемлекеттік құрылымдар үшін ақпараттық технологиялар саласындағы ірі масштабты шешімдерді іске асырып келеді.

6. 2013 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС Ақпараттандыру саласындағы

оператор болып құрылды.

7. 2013 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС республикалық меншікке берілген.

8. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Электрондық коммерция

орталығы» ЖШС мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету жəне пайдалану құқықтарын қабылдады.

9. 2016 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС — Мемлекеттік сатып алу

саласындағы бірыңғай оператор (ҚМ 100 %). «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС

«Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды анықтау туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 243 бұйрығына сəйкес Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып қалыптасты.

10. 2017 жылы «Электрондық коммерция орталығы» АҚ болып құрылды.

Электрондық коммерция орталығының негізгі қызмет бағыттары:

 электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

 мемлекеттік сатып алу саласында бағдарламалық қамтамасыз ету жəне ақпараттық жүйелерді дайындау, енгізу жəне сүйемелдеу;

 қаржылық ақпараттық жүйелер жəне қорлар бойынша ҚР «Электрондық үкімет»

инфрақұрылымы жобалық интеграторының қызметтерін орындау;

 қаржылық ақпараттық жүйелер жəне қорлар бойынша ҚР «Электрондық үкіметін»

қалыптастыру кезінде жобаларды басқару жəне техникалық сүйемелдеу;

 электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша оқытуды ұйымдастыру, семинарлар, тренингтер жəне конференциялар өткізу болып табылады [20].

Электрондық сауда — ақпараттық желі көмегі арқылы жасалатын іскерлік келісімнің қандай да бір формасы. Яғни бұған мысалдар көп, банк карточкасы арқылы сауда жасау, онлайн-дүкен аралау, электронды сақтандыру, электронды мемлекеттік сатып алу, қарапайым тілде айтсақ, сатып алу, сату, қызмет көрсету компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, маркетингтік шаралар өткізу мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Электрондық коммерция жүйесі қайда бағытталса, сол электрондық коммерцияның басты нысаны болып табылады. Олардың қатарына тауар, қызмет жəне ақпаратты жатқызуға болады.

Қорытындылай келе, электрондық сауда-саттықтың елдің экономикасына алып келетін артықшылықтары мен маңызы зор екендігі айқын. Ол тұлғалардың бəсекеге қабілеттілігін арттырады, жұмыс күшін азайтады жəне шығындардың азаюына мүмкіндік береді. Ал, тұтынушылар, біріншіден, уақытын үнемдейді, екіншіден, ақшасын үнемдеп, кезек күтуден құтылады, тəулік бойы қызмет көрсетуге қолжеткізе алады. Экономикада электрондық сауданың үлесін арттыруымыз керек,

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

демек, көлеңкелі экономиканың үлесі азаятынын көптеген дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отыр. Себебі мұнда барлық операциялар жариялы түрде жасалып, саудагерлер салықтан жалтарудың түрлі амалдарын қарастыра алмайды жəне азаматтарың виртуалды сауаттылығын арттыра түседі.

Əдебиеттер тізімі

1 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік». [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz.

2 Кобелева О.А. Электронная коммерция: учеб. пос. / О.А. Кобелева; под ред. проф. С.В. Пирогова. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2006. — С. 14.

3 Юрасов А.В. Основы электронной коммерции: учеб. пос. / А.В. Юрасов. — М.: Горячая линия-Телеком, 2007.

4 Скиба О.Д. Правовое регулирование электронной коммерции в международном праве / О.Д. Скиба // Молодой уче- ный. — 2014. — № 11.1. — С. 58–62. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://moluch.ru/archive/70/12019/ (дата об- ращения: 26.01.2018).

5 Васильева Н.М. Электронная коммерция как правовая категория / Н.М. Васильева. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://ecommercelaw.ru / elektronnaya-kommerciya-kak-pravovaya-kategoriya. html.

6 Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сəуірдегі № 544 Заңы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000544_.

7 Joint Statement on Electronic Commerce, Committees of U. S. — Japan Business Council, Inc. and Japan — U. S. Business Council. 07.1999.

8 Электронная коммерция: учеб. пос. / под общ. ред. Л.А. Брагина. — М.: Экономистъ, 2005. — С. 14.

9 No. 2004–575 Loi du 21 juin 2004. Loi pour la confiancedansl' economienumerique (1) // JORF от 22.06.2004.

10 Закон Республики Узбекистан от 29 апреля 2004 г. N 613-II «Об электронной коммерции» // Собрание зако- нодательства Республики Узбекистан. — 2004. — № 20. — С. 232.

11 E-commerce and taxation report by Ministry of Finance of India. 2001. [Electronic resource]. Электронный портал

«E-commerce law» Official site Rashmin Sanghvi & Associates. — Access mode: http://www.rashminsanghvi.com/articles /taxation/electronic_commerce/finmin. html.

12 Ильичев С.К. Особенности налогообложения в сфере электронной коммерции / С.К. Ильичев. — М.: «Маркет» ДС, 2004. — 188 с.

13 Sec. 1104 (3) of the Internet Tax Freedom Act, Public Law 105-277 of October, 21, 1998.

14 Towards the Age of the digital Economy — for Rapid Progress in the Japanese Economy and World Economic Growth in the 21stCentury. Ministry of International TradeandIndustry, Government of Japan. — 1997.

15 Measuring Electronic Business Definitions, Underlying Concepts and Measurements Plans. Government of the United States of America. 13.10.1999

16 Government of Canada. Electronic Commerce in Canada: Priorities for Action. 1998 // Official site Canadian e-Policy Resource Centre (CePRC) Электронный портал «E-commerce law». [Electronic resource]. — Access mode:

http://www.ic.gc.ca/eic/site/ceprc-ccrcp. nsf/eng/00025. html.

17 Commerce electronique: Une nouvelle donne pour les consommateurs, les entreprises, les citoyens et les pouvoirs publics, Rapport Du Groupe De Travail Preside Par M. Francis Lorentz, Ministere de l'Economie, des Finances et de l'Industrie. — 1998.

18 Гофф Л. (Lesley Goff). SABRE идет на взлет / Л.Гофф // Computerworld Россия. — № 43. — М.: Изд-во «Открытые системы», 1999.

19 Тутаева Ю.Р. Проблемы и перспективы развития электронной коммерции. [Электронный ресурс] / Ю.Р. Тутаева. — 2012. — Режим доступа: sdo.rea.ru/cde/conference/1/file.php?fileId=42.

20 Электрондық коммерция орталығы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://ecc.kz/company/history.

Б.С. Есенгельдин, А.Төлеуұлы

Теоретические основы развития электронной торговли в современных условиях

В данной статье особое внимание уделено развитию информационных технологий в инновационном направлении страны на основе мирового опыта. Авторами проведен экспертный анализ проблем развития предпринимательства и процветания рынка информационных технологий. Показан опыт развития электронной торговли в зарубежных странах, проанализирована деятельность международных организаций, даны определения и комментарии, сделанные авторами различных стран. Концепция электронной торговли определяется как услуга, набор транзакций, в виде технологической категории.

Доказано, что электронная коммерция осуществляется с использованием информационных технологий, направленных на продажу товаров и услуг между продавцами и покупателями. Произведена группировка набора транзакций, используемых при электронной торговле. Электронный документооборот, электронное движение капитала, электронные деньги, электронный маркетинг, электронное банковское обслуживание и электронное страхование раскрывают понятие электронной торговли. Рассмотрена концепция и история развития электронной торговли. Кроме того, в статье

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(7)

представлен краткий обзор тенденций развития электронной коммерции в Республике Казахстан и основное внимание уделено ключевым областям электронной коммерции, а также дифференцированы преимущества и недостатки в области электронной коммерции.

Ключевые слова: электронная торговля, интернет, электронное правительство, электронный бизнес, Веб-технологии, информационная технология.

B.S. Yessengeldin, A. Toleuuly

Theoretical bases of e-commerce developments in modern conditions

Theoretical foundations of electronic commerce are considered in this article. Particular attention is paid to the development of information technologies in the innovative direction of the country on the basis of world experience.An expert analysis of the business development problems and the prosperity of the information technology market was conducted. The article considers the experience of the development of electronic commerce in foreign countries, analyzes the activities of international organizations, describes the definitions and comments given by the authors of various countries. The concept of electronic commerce is defined by three directions: as a service, a set of transactions, in the form of a technological category. It is proved that electronic commerce is carried out using information technologies aimed at selling goods and services be- tween sellers and buyers. The grouping of a set of transactions used for electronic commerce is made. Elec- tronic document management, electronic capital flow, electronic money, e-marketing, e-banking and electron- ic insurance reveal the concept of electronic commerce. The concept and history of the development of elec- tronic commerce is considered. In addition, the article provides a brief overview of trends in the development of e-commerce in the Republic of Kazakhstan and focuses on key areas of e-commerce. And also the ad- vantages and disadvantages in the field of electronic commerce are differentiated.

Keywords: e-commerce, Internet, electronic government, electronic business, web-technologies, information- al technologies.

References 

1 Memleket basshysy N.Nazarbaevtyn Kazakstan khalkyna Zholdauy 2017 zhylhy 31 kantar «Kazakstannyn үshіnshі zhanhyruy: zhaһandyk basekehe kabіlettіlіk» [Address of the Head of state Nursultan Nazarbayev to the people of Kazakhstan January 31, 2017 «The third modernization of Kazakhstan: global competitiveness»]. akorda.kz. Retrieved from http://www.akorda.kz [in Kazakh].

2 Kobeleva, O.A. (2006). Elektronnaia kommertsiia [Electronic Commerce]. S.V. Pirogov (Ed.). (2d ed.). Мoscow: Izdatelsko- torhovaia korporatsiia «Dashkov i Ko» [in Russiаn].

3 Yurasov, A.V. (2007). Osnovy elektronnoi kommertsii [The fundamentals of e-commerce]. Moscow: Horiachaia liniia- Telekom [in Russian].

4 Skiba, O.D. (2014). Pravovoe rehulirovanie elektronnoi kommertsii v mezhdunarodnom prave [Legal regulation of electronic commerce in international law]. Molodoi uchenyi – Young scientist, 11.1, 58–62. Retrieved from https://moluch.ru/archive/70/12019/

[in Russian].

5 Vasilieva, N.M. Elektronnaia kommertsiia kak pravovaia katehoriia [Electronic commerce as a legal category [Electronic resource]. ecommercelaw.ru. Retrieved from http://ecommercelaw.ru / elektronnaya-kommerciya-kak-pravovaya-kategoriya. html [in Russian].

6 Sauda kyzmetіn retteu turaly Kazakstan Respublikasynyn 2004 zhylhy 12 sauіrdehі № 544 Zany [Law of the Republic of Kazakhstan dated April 12, 2004 N 544 оn Regulation of Trade Activity]. adilet.zan.kz. Retrieved from http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000544_ [in Kazakh].

7 Joint Statement on Electronic Commerce, Committees of U.S. Japan Business Council, Inc. and Japan — U.S. Business Council. 07.1999.

8 Bragin, L.A. (Eds.). (2005). Elektronnaia kommertsiia [E-Commerce]. Moscow: Ekonomist [in Russian].

9 No. 2004–575 Loi du 21 juin 2004. Loi pour la confiancedansl' economienumerique (1). JORF от 22.06.2004.

10 Zakon Respubliki Uzbekistan ot 29 aprelia 2004 h. N 613-II «Ob elektronnoi kommertsii» (2004) [Law of the Republic of Uzbekistan No. 613-II of April 29, 2004 «On electronic commerce»]. Sobranie zakonodatelstva Respubliki Uzbekistan – Collection of laws of the Republic of Uzbekistan, No. 20, 232 [in Russian].

11 E-commerce and taxation report by Ministry of Finance of India. 2001. Electronic portal «E-commerce law» Official site Rashmin Sanghvi & Associates. rashminsanghvi.com. Retrieved from http://www.rashminsanghvi.com/articles/taxation/electronic_

commerce/finmin. html.

12 Ilyichev, S.K. (2004). Osobennosti nalohooblozheniia v sfere elektronnoi kommertsii [The peculiarities of taxation in the field of electronic commerce]. Мoscow: «Market» DS [in Russian].

13 Sec. 1104 (3) of the Internet Tax Freedom Act, Public Law 105-277 of October 21, 1998.

14 Towards the Age of the digital Economy — for Rapid Progress in the Japanese Economy and World Economic Growth in the 21stCentury. MinistryofInternationalTradeandIndustry, Government of Japan. 1997.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(8)

15 Measuring Electronic Business Definitions, Underlying Concepts and Measurements Plans. Government of the United States of America. 13.10.1999

16 Government of Canada. Electronic Commerce in Canada: Priorities for Action. (1998). Official site Canadian e-Policy Resource Centre (CePRC). Electronic portal «E-commerce law». ic.gc.ca. Retrieved from http://www.ic.gc.ca/eic/site/ceprc-ccrcp.

nsf/eng/00025. html.

17 Commerce electronique: Une nouvelle donne pour les consommateurs, les entreprises, les citoyens et les pouvoirs publics, Rapport Du Groupe De Travail Preside Par M. Francis Lorentz, Ministere de l'Economie, des Finances et de l'Industrie. 1998.

18 Goff, L. (1999). SABRE idet na vzlet [SABRE goes on takeoff]. Computerworld Rossiia – Computerworld Russia, 43.

Мoscow: Izdatelstvo «Otkrytye sistemy» [in Russian].

19 Tutaeva, Ju.R. (2012). Problemy i perspektivy razvitiia elektronnoi kommertsii [Problems and prospects of development of electronic commerce]. sdo.rea.ru. Retrieved from sdo.rea.ru/cde/conference/1/file.php?fileId=42 [in Russian].

20 Elektrondyk kommertsiia ortalyhy [Electronic Commerce Center]. ecc.kz. Retrieved from https://ecc.kz/company/history [in Kazakh].

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық – ақпараттық өнім. Білім берудің кез келген саласында

1947 жылы 4 қаңтарда КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Діни культтер ісі бойынша кеңестің қаулысы шықты.Қаулыда КСРО қаржы министрлігінің 1946 жылғы 13 желтоқсандағы

Қазақстанда қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі жəне бюджет қаражатын басқару мен пайдаланудың тиімділігін

Ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, мақала авторлары электрондық сауда нарығында баға стратегиясын қалыптастыру бойынша нақты тұжырымдарды анықтаған: сыртқы

Оған сəйкес, егер сот қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні адамның жəне азаматтың Конституцияда баянды етілген

Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мерзімінде еліміздің жаңа индустриялық саясатының

Мақалада бөлшек электронды сауданы одан əрі дамытудың мынадай сипатты ерекшеліктері келтірілген: шығындарды қысқартуға жəне тауарларды өткізудің

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тəртібімен əзірленген жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына