• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

6. Курбатов А.Я. Правовое регулирование деятельности государственных корпораций как организационно-правовой формы юридических лиц // СПС

«КонсультантПлюс».

7. Долинская В.В. Реорганизация юридических лиц // Законы России: опыт, анализ, практика. 2006. N 8; Долинская В.В. Юридические лица. Гл. 6 // Гражданское право. Часть первая: Учебник / Отв. ред. А.И. Масляев, В.П. Мозолин. М., 2007. С. 125.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тоқатов Р.А. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасы аға оқытушысы з.ғ.м.,

Л.Н.Сыздыкова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің 4-курс студенті

Қазіргі таңда, кез келген салада шешілмей жатқан мəселелер өте көп. Соның бірі ретінде біз азаматтық құқық саласындағы заңнамалық актілердің мазмұнын қазақ тілінде қалыптастыруға байланысты өзекті мəселелерді қарастыруды жөн көрдік. Бұл мəселені алға тартуымыздың басты мақсаты еліміздегі тіл мəселесін көтеру, оның беделін асқақтату жəне де халыққа түсінікті, əрі қолжетімді заңнамалық актілердің қазақ тілінде қабылдану жағдайын қарастыру. Əрбір қоғам иесінде неліктен заңнама қазақ тілінде қабылданбайды? Қазақ тілінің орны қандай? Деген сияқты əр қилы сұрақтар кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілге байланысты мəселелерінің шешілуі, заңнамалық актілерінін жалпыға тең, түсінікті ұғымға толы болуы елімізді биікке көтеретін бастамалар деп айта аламыз. Тілдің беделін көтеру – елдіміздің саясатының аса маңызды бағыты деп айтсақ болады. Негізінен мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл барша халықтық іске айналғанда көздеген мақсатына жете алады.

Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Ең бастысы, қазір қазақстандықтар аға буын, жастар тілді дамытуға ықылас танытып отыр. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен қамқорлығымыз артуда. Ал, орыс тілінің елімізде атқарар рөлі қандай? Бұл сұраққа данышпан Абай заманынан бергі уақытта бой көтере бастаған бүкіл қазақ зиялылар еңбегімен де тіл қатуға болады. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов ағартушылық ісіндегі бір сөзінде былай деген. « Ақиреттік пайда үшін мұсылманша оқып, дінді танысаң, орысша оқып, орыс тілін үйреніп, өмірлік қажеттіліктеріңе қол жеткіз. Сонда, жеріңді, малыңды сақтайсың, басқалардан қорлық көрмейсің». Дəл осы ой қазақ халқының қазіргі тіршілігінде орыс тілінің қаншалықты маңызды екенін айқындап берген.

Егер, заңда ұлтаралық қатынас тілін орыс тілі етпесе, қара қазақ бір тілменен шектеліп қалушы ма еді, кім білсін… Ең алдымен, орыс тілі елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдерімен қатынаста керек болса, екіншіден, таяз болып, мəдениеті бой көтере алмай қалған халқымыздың дамуы үшін қажет. Сонда да біз қанша қажеттілігі болғанмен қазақ тілін алға қойып, орыс тілін тек қосымша ретінде пайдалану қажет деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы дамыған, құқықтық мемлекет ретінде таныла отырып, əлі күнге дейін мемлекеттік тіл мəселесі дұрыс реттелмей келе жатыр. Заңгерлердің негізгі проблемалары заңды түсіну мен түсіндіру болып табылады. Жас ұрпақ, əрі оқушы ретінде заңды дұрыс ұғыну қиынға түседі. Ата заңымыздың 1-бабына сүйенсек, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.[1,б.1] Құқықтық мемлекетке теңелгенмен еліміздегі құқық, құқықтүсінушілік жағдайлары төмен сатыда орналасқан. Адам өзін сақтай білуі үшін, өз құқықтарын білуі керек деп жар саламыз. Тек, осы құқықты үйренуге, жеңіл түсінуге

Buketov

university

(2)

жағдай толық көлемде жасалып отырма деген сұрақ ешкімді толғандырмайды. Құқықтану секілді дəрістерді мектеп барысына, мекемелерде өткізілуін талап етеміз, бірақ заң тілі ресми тіл, оның лингвистикалық жазылуы маңызсыз болуын байқамаймыз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында көрсетілгендей "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі". Біз нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тілде жазылуын қолдаймыз. Қазіргі заманда тілді мемлекеттік мəртебені алып жүруі, оның толыққанды тəуелсіздігіне тікелей байланысты. Ал, тіл тəуелсіздігі заман талабына сай өмірдің барлық қарым-қатынас құралы бола алатындай оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне тіреледі. Ал, тілдер туралы заңның 5-бабына келсек, "мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" делінген. Мүмкін осы бап бізді шатастырып жүрген шығар, негізгі деп үш тілді атап, олардың дамуын арттыра отырып, өзіміз қазақ тілінің дамуын тежеп жатырмыз. «Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте» –, деп талантты ақын Қадыр Мырза Əли бекер айтпаған. Əрине тіл еркіндігі бар, адам құқықтары да қорғалады, бірақ

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады-, деп Ахмет Байтұрсыновтың сөзін алға қойғымыз келеді. Енді, ең басты мəселе заң маңындағы тілден туындаған проблемаға келсек, заң жобасы алдымен ресми тіл болып танылған орыс тілінде жазылады, кейіннен қазақ тіліне аударылады. Осы себепті халықтың, тіпті заңгерлердің ақиқат орнату барысында қиыншылдыққа ұшырауы жиі кездеседі. Мен болашақ маман ретінде нормативтік құқықтық актілердің мазмұнында түсінбей қалған мəселелер саны өте көп екенін айта аламын. Бұл кең ауқымдағы проблема болып табылады. Бұл проблеманың негізгі бастауы, заңдардың ең алдымен жобасы орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне заңгерлер емес филологтардың аударуы. Қазақстан Республикасы көптен күткен тəуелсіздікті алған сəтінен бастап мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін бекіту үшін бірқатар заңдар мен реформалар қабылдады. Олардың ішінде «Тілдер туралы» Заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жəне т.б. қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына жəне іс-жүргізудің қазақ тілінде жүзеге асырылуына зор ықпал етті.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жəне іс қағаздарын жүргізу тілі», – деп жазылғандығын атап өтсек, оcы жepдe тaғы бip тoқтaлa кeтeтiн мaңызды мəceлe: pecми aудapмa ici филoлoгтapғa (бірінші мамандығы «филолог», екінші мамандығы «заңгер») жүктeлгeн.[2, б. 1] Дұpыcы зaңның мəтiнiмeн жұмыc icтeйтiн aдaм мiндeттi түpдe зaңгep, яғни бірінші меңгерген мамандығы «заңгер» бoлуы кepeк. Өйткeнi, мaйтaлмaн aудapмaшы-филолог маманның өзi зaңның мəтiнiмeн жұмыc icтeугe кeлгeндe, coл зaңның тaбиғaтын түciнe aлмaй қинaлaды. Өкініштісі бұл жүйенің əлі өзгеріске ұшырамауы.

Зaңдық тexникaдaн xaбapы жoқ aдaм қaзaқшaғa epкiн aудapып нeмece peдaкциялaп қoйғaнымeн, opыc тiлiндeгi түпнұcқaмeн caлыcтыpып, зaң шығapушының нe aйтпaқ бoлғaнын зepдeлeгeндe, зaң шығapушының oйын, яғни құқық нopмaсының мəнісін бұрмалайтын жaғдaйлap кeздeceдi. Coндықтaн, зaң мəтiнiмeн жұмыc icтeйтiн aудapмaшы oның мəнісін түciнeтiн aдaм, яғни зaңгep бoлуы кepeк.

Құқықтық актілер туралы 2016 жылдың 6 сəуірдегі Заңының 24-бабында нормативтiк құқықтық акт мəтiнiнiң мазмұнына жəне жазылу стилiне қойылатын талаптар көрсетілген, ал 3 тармақшасында «Қазақ жəне орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мəтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс» делінген.[3, б. 24] Ал,бұл талаптардың орын алмауына бірнеше мысалдарымыз бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 236-бабына келетін болсақ, «жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы» деп аталған. Ал, кодексттің орысша мəтінінде «Возникновение права собственности на вновь создаваемое недвижимое имущество» делінген. Бұл жердегі

«жасалып» деген сөз тіркесін орынсыз деп санаймыз, себебі орыс тілінен аударылғанда

«создаваемое», «құрылған» деп аударылады, ал баптың өзінде түсіндірушіліктер

Buketov

university

(3)

«тұрғызылған» деп жазылады. Жаңадан тұрғызылып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы деген атауға ауыстыруды қолдаймыз. Түсініспеушілікке əкеліп, дау туғызатын мəселелердің алдың алу мақсатында. Бұл жерде айта кететін болсақ, Азаматтық кодекстің 236-бабы «Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы» ««Возникновение права собственности на вновь создаваемое недвижимое имущество» деп аталса, 255-бабы «Жер учаскесін жəне басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы» «Прекращение права собственности на недвижимое имущество в связи с изъятием земельного участка и других природных ресурсов» деп аталады. Осы баптардың редакциясында «жылжымайтын мүлік» сөздерінің орнына «қозғалмайтын мүлік» сөздері қолданылады. Яғни, орысша мəтіндегі «недвижимое имущество» сөздері екі түрлі аударылған, 117-бапта «жылжымайтын жəне жылжымалы мүлік», ал басқа 216, 240, 242, 247, 249, 281, 299, 309, 319-баптарында «қозғалмайтын мүлік», «қозғалмалы мүлік» деген сөздер қолданылады. Бұл жерде біріздендіру мəселесі туындап отыр, яғни ресми түрде қабылданған бірыңғай терминалогиялық сөздікке нақты аударымдарды бекіту мəселесі туындауда. Осыған сəйкес нақты ресми унификацияланған сөздікті қабылдау мəселесі туындауда. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 125-бабында «ерекше құқығы» деп аударылыпты, бірақ «айрықша құқық» деп ауыстырса, дұрыс болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар, 516-бап. «Қайырмалдық» деген атаумен орналасқан.

Қайырмалдық сөзінің орнына қайырымдылық деп ауыстырған ыңғайлы деп ойлаймыз.

Себебі, қатынасқа түсуші тұлғалар норманы қолдануда бұл сөздің мағынасын, тіліміздің басқа тілдермен аралас болып бара жатуынан дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.

«Пожертвования» деп орысша нұсқасында жазылған. Ал, нағыз құқықтық қатынастың бірден бір маңызды деген терминіна келетін болсақ, Азаматтық кодекстің 39-бабы «Заңды тұлғаның тұрған жерi» «Место нахождения юридического лица» деп айтылған. Бірақ

«заңды тұлғаның орналасқан жері» толыққанды баптың мəнін ашады. Сол себепті бұл баптың мəтінін өзгертуді сұраймыз. Осы бапты қарастыру барысында əр адам əр қилы ойға беріледі. Сондықтан өзгертілуі тиіс деп ойлаймыз.[4, б. 11] Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі туралы атап айтсақ, 2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілгеннін өзінде 2017 жылы, 2020 жылы өзгерістер енгізілген. Тіпті өзгерістен енгізілген күннін өзінде аудармада қателіктер басым.

Қарапайым мысалы, 82-бабы «внутрисистемные и специальные перерывы» деп орыс тіліндегі кодексте жазылған, ал қазақ тілінде бұл бап “ауысымішілік жəне арнайы үзілістер” деп аталады. Ауысымішілік деген сөзді əр адам əр қилы мағынада түсінеді.

Осыдан шиеліністер мəселелер туындайды. Бұл бапты “жүйеішілік жəне арнайы үзілістер” деп өзертуді қолдаймыз. 2011 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған Казақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» кодексіндеде біршама түсініксіз аудармалар кездеседі. Бұл кодекске 2016 жылғы енгізілген өзгерту мен толықтыруларға қарамастан, 47-бабында “ баланың туу тегін анықтау” деген деп тұр, орыс тіліндегі кодексте “ установление происхождение ребенка” деп жазылған. Баланың туу тегі дегенге қарағанда баланың шығі тегін анықтау деген атаумен болуы дұрыс деп ойлаймыз.

Елбасының Жарлығына сəйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы жəне жоғарғы билік органдары, Президент Əкімшілігі, Парламент, Үкімет ісқағаздарын кезең- кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруі тиіс еді. Бірақ, ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру күрделі күйінде, аудармашылардың мойынында қалып жатыр. Қазіргі кезде, «Талап арыз қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деген сөз біздің соттардың мемлекеттік тілдің байқаусыз қалуына əсерін тигізуде. 1998 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 30-бабына, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабына сəйкес елімізде қылмыстық жəне азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Заңның басты қасиеті - оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде жəне қалай оқылады, солай қолданылуға жататындығында. Егер заңның мəтініне зер салсақ, мемлекетімізде сот ісі

Buketov

university

(4)

қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.[5, б.1] Мемлекеттік тілмен бірге орыс, басқа да тілдер қолданылуы мүмкін, тек қажет болған жағдайда ғана. Құқықтық тұрғыдан сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұруы тиіс. Қазақстан унитарлық мемлекет ретінде саналады. Ендеше, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай дау-дамай туындамауы керек.

Мəжіліс аппаратындағы редакциялау жəне аударма бөлімінің меңгерушісі тəуелсіздік алған жиырма тоғыз жыл аралығында заң жобаларының 90%-ан астамынан бір де бір жобаны ана тілімізде дайындамапты. Жалпы тəуелсіздіктің жиырма тоғыз жылында екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған. Олар – 1997 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы»

заң мен 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң.

Əрине бұған жыл сайын жаңадан заң жазылып жатпағанын, қабылданған заң жобаларының тек өзгерістер мен толықтырулар екенін алға тартып, уəж айтуға болар.

Дегенмен, түзетулер енгізіліп жатқан заң жобаларының өзі əлі күнге дейін орыс тілінде дайындалуда.[6, б. 15]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» - деп, қазақ тілінің мəртебесі артатыны туралы жариялаған еді. Бірақ əлі күнге дейін қазақ тілінің дамуы шарықтау шегіне жеткен жоқ. Оған мысал, еліміздегі мемлекеттік кəсіпорындардағы, аурухана, тіпті жалпы білім беретін орындардың өзінде ақпараттық стендтарындағы қатемен жазылған қазақ сөздері. Қазақ тіліндегі ақпараттық стендтер, баннерлер қателерге толы. Мемлекеттік тілдің грамматикалық жəне стилистикалық нормалары сақталмайды. Кейде əріптер жоқ, ал бір жерде мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.

Мəтіндер тек тікелей аудармалардан тұрады. Мəндері анық емес. Дəл осындай біздің заңнамалық актілер туралы да айта аламыз. Тіпті қарапайым стендтерде қателік жіберілсе, заңнаманың жайы не болмақ?

Негізгі ұсыныстарға келетін болсақ, жоғарыда атап өткендей қазақ тілінің беделін көтеру керек. Бұл үшін ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген 7-бабының 2 тармақшасында көрсетілген «Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген ережені алып тастау керек деп ұсыныс жасағымыз келеді. Себебі, екі тілдің теңдігі қазақ тілін кең қолдануға қайшылық келтіреді, қазақ тілі басым болмай жоғарыда көрсеткен мəселелер өзгермейді. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құжаттары орыс тілінде жазылып, жұмыс барысы орыс тілінде өткізіледі. Біздің ойымызша, бұл бап қажет болған жағдайда орыс тілінің қолдану аясын бекітетін бап. Бірақ қазіргі таңда бəрі керісінше орын алып жатыр. Сондықтан бұл баптағы 2-тармақшаны алып тастауға негіздер бар деп ойлаймыз. Егер бұндай мəселенің шешілу ауылы алыс болса заңды қабылдаушы, қалыптастырушы мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау барысында мамандардың қазақ тілін жетік игерген мамандарын қабылдататын нақты құқықтық актілер қабылдау керек. Сонымен қатар, біріздендірілген заңдық терминологиялық сөздік енгізуді ұсынамыз. Бұл сөздік арқылы заң саласындағы арнаулы анықтамалардың, ережелердің мағынасын, аудармасының түп нұсқасындағы мазмұның қарай аламыз. Терминологиялық сөздікке біздің заңнамалық актілерде көрсетілген негізгі терминдерді қазақша нұсқада жаза аламыз. Əрине, заңдық терминологиялық сөздіктер өте көп, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес сөздіктер жоқтың қасы. Бұл сөздікті құра отырып, қарым-қатынасқа түсіп отырған тұлғалар, лауазымды адамдар, оқытушылар мен оқушылар өзіне қажетті ақпаратты тез, əрі түсінікті формада қабылдайтындығына толықтай сенімдіміз. Мысалы, қатынасқа түсіп отырған тұлғалар арасында заңнамалық актілерді түсінбеуі жағдайында, қалай жəне қайдан ақпарат аламыз деген сұрақтар жиі кездеседі. Біріздендірілген терминологиялық сөздікті өзіне қажетті ақпаратты таба алатындай деңгейде ұйымдастыруымыз қажет.

Buketov

university

(5)

Қолданылған əдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамызда

республикалық референдумда қабылданды. (өзгерістермен жəне толықтырулармен)

[Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер ƏДІЛЕТ. URL:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/K950001000_

2.

«Қазақстан Республикасының тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы(өзгерісте рмен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер ƏДІЛЕТ.

URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151

3. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сəуірдегі Заңы (өзгерістермен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер ƏДІЛЕТ. URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480

4. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Жалпы бөлімі 1994 жылғы 27 желтоқсан № 268-XIII; Ерекше бөлімі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 қабылданған.

(өзгерістермен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер ƏДІЛЕТ. URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

5. Орынбек Өтемұрат. Мемлекеттік тілде заң жазуға не кедергі (өзгерістермен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер EGEMEN.KZ.

URL://http:// www.egemen.kz\ (15.04.2020)

6. Есімжан Нақтыбайұлы. Мемлекеттік органдар рейтингіне қазақ тілінде құжат дайындау сапасы (өзгерістермен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер INBUSINESS.KZ. URL: http:\\inbusiness.kz\ (15.04.2020)

7. Сапаргалиев Г.С. Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий //

(өзгерістермен жəне толықтырулармен) [Электронды ресурс] / / Ақпараттық жүйелер ONLINE.ZAKON.KZ. URL: http://online.zakon.kz/ 30355569

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ Тоқатов Р.А. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті,

з.ғ.м, аға оқытушы.

Азарбакытова И.Ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, заң факультеті 4 курс студенті

Интернет – қазіргі заманда əртүрлі қызметтер мен ресурстардың жиынтығы болып, ең маңызды роль атқарады. Пойызға, ұшаққа, автобусқа онлайн билет алып, жүру уақытын бақылауға, үйден шықпай ақ дүкенге, мейрамханаларға тапсырыс беруге тағы да басқа онлайн арқылы қызметтерді алу, бұл интернеттің əлемде əлде қайда дамып кеткенін жəне біздің өмірімізді түбегейлі өзгерткенін айқындайды.

Бүгінде Интернеттің маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Интернет біздің күнделікті өмірімізге еніп, əр адамның өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Интернет осындай қуатты жəне əмбебап мүмкіндікті қамтамасыз етеді, оны кез-келген ақпаратқа тəуелді мақсатта пайдалануға болады жəне оны құраушы желілердің біріне қосылған кез- келген адам қолдана алады. Ол адамдардың əлеуметтік желілері, электронды пошта

«сөйлесу бөлмелері», жаңалықтар топтары жəне аудио-видео беру арқылы қарым- қатынасын қолдайды жəне адамдарға əртүрлі жерлерде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Интернет өзінің көптеген сауда-саттықтары мен қызметтерін интернет арқылы жүзеге асыратын компаниялардың өсуіне негіз болды. Интернеттің бүкіл əлем бойынша жүздеген миллион қолданушыларды қамтитын ғаламдық компьютерлік желі екендігі баршаға белгілі.

Buketov

university

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі т.б.. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері Бұл тақырыпты оқу барысында, «Азаматтық құқық»

Жұмыстың кешенді сипаты, ең алдымен, Қазақстан Республикасының қазіргі жай - күйін барынша шолумен байланысты - түрік байланыстары екіжақты ынтымақтастықтың

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында « Этноауыл және ұстахана »

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін нақты түсіну үшін жергілік- ті өзін-өзі басқару туралы Еуропалық Хартияның 3 - бабында жазылған анықтамасын

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылуының теориялық- құқықтық негіздері талқыланады. Автор жергілікті

Осы форум және 2005 жылғы сәуірде қабылданған республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде ҮЕҰ-ның

жергілікті өзін-өзі басқару тікелей, сонымен қатар мəслихаттар жəне тұрғындардың тұрғылықты жерлерін қамтитын жергілікті қауымдастықтардағы өзге де

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының Ата заңы — 1995 жылғы Конституциясымен нақты танылған