• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

БІЛІМ АЛУДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ ҚОЛДАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "БІЛІМ АЛУДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ ҚОЛДАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

AKANBAYEV, B.N., KAIYIRGALI, N.K.

CONDITIONS FOR PREVENTION OF EMOTIONAL BURNOUT OF A TEACHER BY LEADERS OF SCHOOLS

This article investigates the relationship between teacher leaders and teacher attrition and its impact on students attending public schools in the Kazakhstan. Teacher leadership has been recognized as being an integral part in operating schools efficiently and effectively with outcomes of success. School administrators have realized the value that teacher leaders bring into the schools. Teacher leaders can influence the schools’ climates which in turn influences the learning environments in the classrooms. Teachers are collaborative and supportive for one another and especially for beginning teachers when there are teacher leaders on the faculty. In Kazakhstan during the last decade, teacher attrition isn’t decreasing but appears to become an even more serious problem in the coming years. Approximately 40 percent of beginning teachers will leave the classroom within their first five years of teaching. Teacher attrition is even a higher percentage within schools that serve minority and low-income students. This study identifies some of major contributing factors being attributed to the high rates of teacher attrition rate. In addition, this discusses what are some of the possible approaches in reducing this high rate of teachers exiting the profession

Key words: heads of the institutions, teacher’s burn, school weather.

ƏОЖ 376

Бегежанова, Р.К.

педагогика ғылымдарының магистрі,

психология жəне дефектология кафедрасының оқытушысы, ҚМПУ, Қостанай, Қазақстан Қаналы, М.Қ.

«5В010500 – Дефектология» мамандығының 3 курс студенті, ҚМПУ, Қостанай, Қазақстан БІЛІМ АЛУДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ

ТЬЮТОРЛЫҚ ҚОЛДАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ Түйін

Берілген мақала инклюзивті тəжірибе жағдайында білім алуда ерек- ше қажеттіліктері бар оқушыларды тьюторлық қолдау мəселесіне арнала- ды. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту жəне оқыту үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдауды сəтті іске асыру инклюзивті мектептегі тьюторды қажет етеді. Тьютор – жалпы жəне арнайы білім беру үдерісінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдайды, жеке білім беру бағдарламаларын əзірлеуге қатыса- ды, дəстүрлі оқытушы мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушы- сының арасындағы көпір болып табылады. Мақалада тьютор ұғымының бірнеше анықтамасы, тьютор қызметінің мақсаты, мазмұны мен ерекше- ліктері қарастырылады.

Кілт сөздер: білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар, инклюзивті тəжірибе, тьютор, тьюторлық қолдау, əлеуметтік орта.

1 Кіріспе

Қазақстанның білім беру жүйесі қазіргі қоғамның сұраныстарына өзінше əсер етіп, мектеп оқушысы, студент, тəрбиеленушінің түрлі салаларда білім алуына ғана емес, сонымен қатар осы білімді алуда өзінің білім алуындағы дара жолын анықтауға, таңдауға үйренуге мүмкіндіктер туады. Сондықтан заманауи мектеп – бұл түрлі пəндердің оқытушылары ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдары, жеке қызығушылықтары мен басымдылықтары бар баланың үлгісінде жұмыс істейтін мамандардың қатары.

(2)

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі – əр бала- ға, оның ішінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сапалы білім алуға бірдей қолжетімділіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Сапалы білім алудағы ерекше қажетті- ліктерін қанағаттандыру мақсатында оқушылардың осы санатына арнаулы білім алу жағдай- лары құрылғанда қол жетілетін болады.

ҚР «Білім туралы» заңына (2007) сəйкес арнайы білім беру жағдайларына арнайы бі- лім беретін оқыту бағдарламалары, арнайы оқыту əдістері, техникалық құралдар, өмір сүру ортасы жатады.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту үшін оқыту үдері- сіне психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру қажет. Инклюзивті тəжірибе сала- сындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жаңа педагогикалық тұрғыда білім беру кеңес- тігінде жаңа педагогикалық ұстаным – инклюзивті мектептегі тьюторды қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасалған.

2 Материалдар мен əдістер

Дамуындағы ерекшеліктері бар бала (немесе осындай балалар білім алатын топтар) үшін тьютор – дамуындағы ерекшелігі бар баланың арқасында, оған қарамастан айтарлықтай жоғарғы білім беру жəне əлеуметтік деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігі туындайтын ресурс.

Тьютор қызметінің мақсаты – инклюзивті тəжірибе жағдайында баланы жалпы білім беру ұйымының ортасына білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны табысты ара- ластыруы. Тьютор əр білім беру кезеңінде педагогтарды, арнаулы педагогтарды, психолог- тарды, басқа да бала үшін қажет мамандарды үйлестіруді қамтамасыз ететін байланыстыру- шы буын болуы мүмкін.

Тьютор қызметінің мазмұны мен ерекшелігі бірнеше факторлармен шарттастырылады, бұл – баланың бұзылыстарының ерекшеліктері, оның белсенділігінің деңгейі, түзетушілік үдерістегі ата-анасының қызығушылығы, мекеменің инклюзивті білім беруге дайын болуы [1].

Алайда бүгінгі таңда тьюторлық жұмыс нормативтік рəсімдеу толығымен қарастыры- лып жəне заңмен бекітілмеген. Осыған байланысты қолдаушы маман-тьютордың қызметін түсіндіретін нақты нормативтік құжаттаманы əзірлеу өзекті болып табылады жəне қолданба- лы сипатқа ие, себебі инклюзивті тəжірибедегі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушы- ларды қолдау бойынша қызметтің мазмұнды құрамдастарына бағдарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының əлеуметтік саясатының басымды бағытта- рының бірі болып азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділік пен сапаны арттыруға бағытталған білім беруді жаңғырту болып табылады, ол өз тарапынан білім алуда ерекше қа- жеттіліктері бар оқушыларды оқыту жəне білім беру жолдарын өзгертуді анықтайды.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру мобильді экономикаға қатысты əлеуметтік-бейімделген іс-əрекеттің дағдыларын игерген əлеуметтік-белсенді тұлға- ны қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған. Осы міндетті іске асырудың жолдарының бірі кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша басты идея іске асырылады. Осын- дай ортаның көрсеткіштерінің бірі кешенді қолдау жүйесі болып табылады, оның ішінде тьюторлық та бар.

3 Нəтижелер

Білім беру саласындағы тьютор кəсібінің туындауы əлеуметтік жəне мəдени шындық- тағы өзгерістермен шарттастырылған, атап айтқанда бірнеше жылдар бойы жалпы білім бе- ретін тəжірибеден тыс қалған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклю- зивті көзқарас аясында жалпы білім беретін мектепте білім алудағы өз құқығын іске асыру мүмкіндігін алды. Мектеп өз тарапынан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім мен дамудың тиімді үдерісінің жағдайында қалыптастыру проблемасын кезіктірді.

Инклюзивті білім беру жағдайында тьюторлықты жүргізу аталған проблемаларды ше- шеді жəне оқу үдерісін максималды жекешелендіруге, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың əлеуметтік-психологиялық бейімделуіне мүмкіндік жасайды.

(3)

Тьютор – жалпы жəне жеке білім беру үдерісінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдайды, жеке білім беру бағдарламаларын əзірлеуге қатысады, дəстүрлі оқытушы мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушысының арасындағы көпір болып табылады. Тьютордың оқу үдерісін жекешелендіруі ерекше қажеттілікттерді қажет ететін оқушылардың білімін, біліктілігін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін есепке ала оты- рып қана іске асырылады. Жалпы алғанда тьютор қызметінің мақсаты білім алуда ерекше қа- жеттіліктері бар оқушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын, қызығушылықтары мен проблемаларын есепке ала отырып оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарларын қолдау жə- не түзету ретінде жасала алады.

4 Талқылау

Бүгінгі таңда оқыту тəжірибесі мен теориясында «тьютор» түсінігінің анықтамасының жəне оқыту жүйелерінің осы анықтамаларына сəйкес келетін бірнеше жолдары бар. Отандық зерттеушілердің көбінің көзқарасы бойынша, «тьюторлық қолдау жетістіктерінің қызығушы- лықтары мен талпыныстарына тұрақты рефлексиялық қатынасында құралатын баланың білім берудегі қимылын ұйымдастырудан тұрады». Сонымен қоса, Т.М. Ковалеваның түсінігінше, тьютор – жекешелендіру қағидаты бойынша əрекет ететін педагог жəне білім алушылардың өзінің жеке оқыту бағдарламасын қалыптастыруды демейді.

П.Г. Щедровицкий, Т.М. Ковалева, Н.В. Рыбалкинаның зерттеулері айтарлықтай та- нымалдыққа ие.

Тьюторлық қолдау – оқушылардың оқыту мотивтері мен қызығушылықтарын анық- тауға жəне дамытуға бағытталған білім беруді жекешелендіру бойынша педагогикалық қыз- мет, жекешелендірілген оқыту бағдарламасын қалыптастыруға арналған оқыту ресурстарын іздеу.

Осыдан келіп, тьюторлық қолдау жетістіктерінің қызығушылықтары мен талпыныста- рына тұрақты рефлексиялық қатынасында құралатын баланың білім беру қимылын ұйымдас- тыруымен шарттастырылады. Тьютор оқытудың алғашқы кезеңдерінде мектептің білім беру кеңістігіне баланы өткізуші ретінде шығады.

П.Г.Щедровицкийдің ойынша, тьютор – оқушының кеңесшісі: ол оған жеке оқыту бағдарламасын дайындап шығуға, осы үдерістің өзінде жəне оның жекелей элементтерінде өзін-өзі анықтауына көмектеседі. Бір жағынан, ол оқыту нəтижелерін қалай пайдалануға бо- лады жəне осы нақты адамның жеке дамуының үдерісіне аталған оқу бағдарламасын, оқу қызметін ауыстырып беру керек деген сұраққа жауап береді.

Тьютор қызметіндегі негізгілердің бірі ретінде білім алушының дамуының жеке бағдарламасын əзірлеу, оның ресурстық картасымен жұмыс істеу, оның жеке білім беру жо- лын қолдау болып табылады. Ресурстық картаны қалыптастыру үшін тьютор əлеуметтік жə- не мəдени ортаның барлық қолданыстағы мүмкіндіктерін пайданалады, ол үшін тьюторлық іс-əрекетінің толыққандылықтың негізгі қағидаттары – антропологиялық, əлеуметтік жəне мəдени қағидаттарын басшылыққа алады.

Е.А. Суханова, А.Г. Чернявская өз еңбектерінде тьюторлық қолдау – белгісіз таңдау жағдайларында адамның білім берудегі қызметін қолдаудың жəне даму кезеңдері бойынша қолдаудың ерекше түрі, бұл жағдайда оқушы білім алу əрекеттері, ал тьютор оларды жүзеге асыру жəне түсіну үшін жағдайлар жасайды.

А.А. Теровтың пайымдауынша, тьюторлық қолдау əр жеке оқу бағдарламасын өзіндік əзірлеу жəне іске асыру кезінде оқушыны педагогикалық қолдауды көрсету деп санайды.

Педагогикалық қолдау – оқушы əрекет ететін, ал педагог осы іс-əрекетті іске асыру жəне түсіну үшін жағдайлар жасау барысында туындайтын өзара байланыс. Қолдаудың негізгі нəтижелері – тек білімдер, жұмыс істеу тəсілдер, жекелей білім беру қызметі ғана емес, со- нымен қатар оқушының өзінің білім беру нəтижелері, мағынасы мен мəнін санасына жеткізуі.

Педагогикалық қолдау оқытушыдан оқушыға жауапкершілікті тапсыруды түсіндіреді.

Қолдаудың негізгі нəтижелері – оқытушы жəне оқушы деп бағдарланатын өзара байланыс нормалары. Осыдан келіп, педагогикалық қолдаудың екі түрін айқындап алуға болады:

(4)

– сырттай берілген нормаларға негізделген нормативтік қодау;

– қолдауға қатысушылардың өздерімен анықталатын нормаларға негізделген гумани- тарлық қолдау.

С.В. Дудчик оқушы əрекеттерді жекелей əзірленген нормалар бойынша орындайтын жəне одан əрі тьютормен талқылайтын əрекеттер орындаған кездегі оқушыларды тьюторлық қолдауды ерекшеледі [2].

Т.М. Ковалева қандай да бір қызметті тьюторлық ретінде бағалауға болатын негізде- мелер ойлап тапты: диагностика; ұсыныстардың түрлілігі; ұсыныстарды таңдау; жеке оқу бағдарламасын іске асыру маршрутын таңдау; жеке оқу бағдарламасын қолдау; рефлексия [3].

Инклюзивті білімде тьютор – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны білім беру жəне əлеуметтік ортаға табысты араластыру үшін жағдайлар жасайтын жəне баланың қоғамда табысты болуына, мектеп ортасына бейімделуіне, өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмек ететін маман.

М.И. Чернованың көзқарасы бойынша, тьютор – жалпы жəне жеке оқыту үдерісінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қолдайтын, жеке оқу бағдарламаларын орындауға қатыса- тын, дəстүрлі педагог пен мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында көпір болатын маман.

Тьютормен оқу процесін жекелендіруі ерекше оқушының білімін, біліктіліктерін, қызығушы- лықтары мен мүмкіндіктерін есепке алған жағдайда ғана іске асырылады.

И.В. Карпенкова мен Е.В. Кузьмина өз зерттеулерінде тьютор – білім беру мекемесі- нің білім беру жəне əлеуметтік ортасына ерекше қажеттіліктері бар баланың табысты кірігуі үшін жағдайлар жасайтын маман деп пайымдайды. Оқытушымен мамандармен жəне ата-ана- лармен тығыз байланыста тьютор табысты оқуы мен əлеуметтік бейімделуі үшін балаға қо- лайлы орта қалыптастыруы керек [4].

Т.А. Дорофеева, Л.И. Плаксина, Е.В. Селезневаның зерттеулерінде инклюзивті білім беру жүйесінде тьютор ерекше қажеттіліктері бар тəрбиеленушінің, сонымен қатар оның отбасының білім беру үдерісін қолдап қана қоймай, оған тиесілі əлеуметтік-мəдени ортаны да қалыптастыруы керек. Нəтижесінде, тьютордың жұмысының мақсатын баланы мектеп ортасына табысты араластыруды ұйымдастыруда деп көреді, ал бұл табыс когнитивті, ком- муникативті жəне эмоциялық орта тарапынан анықталады, сонымен қатар олардың жекелігі де қарастырылады, алайда тьютордың осындай балалармен жұмысы көмектің бірнеше түрле- рін пайдаланудан туындауы керек, олар: ынталандырушы, бағыттаушы жəне білім беруші.

Е.И. Казакова қолдауды оның дамуындағы өзекті проблемаларды шешуде көмектің ерекше түрі ретінде қарастырады, оның ерекшелігі проблемаларын өзі шешуіне көмектесуі жəне дамуындағы үдеріс нəтижесі болып табылатын қолдаушының жəне қолдалушының өза- ра байланысының күрделі үдерісі екенін атап өтуінде.

Е.В. Шилова қолдау үдерісі деп инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істейтін ма- мандарының (психологтар, əлеуметтік педагогтар, педагог-дефектологтар) əр түрлі күш салу- ларын біріктіру есебінен дамуында білім алушыларға көмекті қамтамасыз ету деп түсінеді.

Атап өтетіні, аталған тұлғалардың бір топқа бірігуі жəне олардың түзету, білім беру жəне т.б.

Айтарлықтай ерекшеліктері бар қолдау əдістерін меңгеруі білім беру үдерісінде білім алу- шының дамуының психологиялық-педагогикалық жəне медициналық-əлеуметтік қолдалу мазмұнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Қолдау мақсаты – өмірлік жолының барлық кезеңдерінде саналы өмірлік таңдау жа- сауда білім алушыға көмек көрсету болып табылатын психологтардың, педагогтардың жəне басқа да мамандардың кешенді жұмысының жұмысы деп есептейтін ұқсас тəсілді С.В. Але- хина жəне И.В. Вачко, сонымен қатар М.Н. Сартаннан табамыз.

Авторлар қолдаудың мамандарының пəнаралық тобында өзара байланысты біріктіру қажеттілігі, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының арасында өзара қатынасты рет- теу, қайшылық тудыратын жағдайлардың алдын алу жəне шешу, ынтымақтастық пен өзара көмек қатынастарын қолдау, білім алушылардың ата-аналарымен өзара байланысты ұйым- дастыру, əлеуметтік əріптестермен – инклюзивті білім беру мекемелерінің бірыңғай жүйесі-

(5)

мен байланысты немесе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға инклюзивті білім беру идеясын дамыту жəне қолдауда қызығушылықтары бар мекемелермен жəне ұйымдар- мен білім беруді ұйымдастырудың өзара əрекеттестігін үйлестіру қажеттілігі айтылады.

Е.А. Мартынова қолдау мен оның құрамдастарын білім беру ұйымдарының маманда- рымен іске асырылатын оқушыларды үздіксіз, кешенді жəне толығымен оңалтуға функцио- налды бағынушылықта инклюзивті білім берудің компенсаторлық, вариативтік компонентте- рінің жиыны деп қарастырады, ол білім беру ұйымының мамандарымен іске асырылады жə- не психологиялық-педагогикалық, медициналық, əлеуметтік-орталықтан тұрады.

Қолдаудың кешенді мақсаты үздіксіз жəне барлығын қамтитын оңалтудан, инклюзив- ті оқытуды жүзеге асырудан жəне оқушыларды əлеуметтік қолдаудан тұрады.

Қолдау мақсаты бар проблемалар мен кемшіліктерге қарамастан, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерінің арқасында қаншалықты көп нəрсеге қол жеткізетінінде жатыр.

Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде мектепте жеке педагогикалық кəсіп маманды- ғы – тьюторды енгізу үшін нақты мүмкіндіктер бар. Алайда қызметтегі педагогтармен, пси- хологтармен, сынып жетекшілерімен, тəрбиешілермен тьюторлық қолдау мақсаттары мен міндеттерін іске асыру туралы да сөз қозғалуы мүмкін. Бұл жағдайда тьюторлық құзыретті- лік туралы мəселе туындайды.

Тьютордың құзыреттіліктері – жеке оқу бағдарламаларын қолдауға мүмкіндік беретін заманауи педагогтардың құзыреттіліктері. С.В. Попованың пікірінше, жоғары білім берудегі тьюторлардың құзыреттіліктері екі топқа бөлінеді: жалпы (əмбебап) жəне кəсіби (пəндік-ма- мандандырылған). Осындай жіктеме инклюзивті білім берудегі тьютор үшін де қарастырыл- ған, бір жағынан білім беру үдерісінің əлеуметтік-мəдени негіздемесін сақтап тұруы керек, ал екінші жағынан – өз ісінің маманы болуы керек.

Базалық немесе əмбебап құзыреттіліктер педагогикалық білім берудің жалпы мазмұ- нына жатады жəне келесі сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етуге тартылған, олар: төзім- ділік, эмпатия мүмкіндігі, икемділік, көмекке келуге дайын болу, күрделі жəне стандартты емес кəсіби жағдайлардағы жеке тиімділігі, жауапкершілік, жеке шешімдер қабылдауға мүм- кіндігі, алынған білімдерін тəжірибеде қолдана алу біліктілігі, коммуникативтілік, ынталы- лығы, өмір бойы кəсіби жетілуге тіленісі мен қабілеттілігі.

Пəндік құзыреттіліктердің нақты сипаттамасы мен қалыптасу мүмкіндігі бар:

- білім берудің дəстүрлі формаларынан инклюзивті білімнің айырмашылығын түсіне алуы жəне білуі;

- баланың жас ерекшелік жəне тұлғалық дамуының психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін білуі;

- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жəне əлеуметтік айналасы бар баламен өзара байланысу жəне өзара əсер ету талдау дағдылары;

- арнайы педагогика мен арнайы психология саласындағы білім;

- коммуникативтік мүмкіндіктер: өз ойын түсінікті жеткізе алуы жəне басқаларын тыңдай алуы, қайшылықтарды шеше алуы, кіші топтарда өзара байланысты орнату, бірнеше тұлғалық қарым-қатынас технологиясын пайдалану;

- ұйымдастырушылық мүмкіндіктері: жоспарланған қызметті іске асыруға қатысу, жеке жəне ұжымдық қызметтің келешегін көру, жеке білім алушылар мен топтардың қызы- ғушылықтарын көруі жəне қолдауы, қызметтің жақсы тəсілдерін табуы жəне істі соңына дейін жеткізуі;

- білім беру ортасының барлық нысандарының арасында педагогикалық өзара байла- нысудың түрлі əдістерін іске асыра алуы (оқушыларымен жекелей жəне топтарда, ата-ана- лармен, оқытушылармен, мамандармен, басшылықпен);

- аналитикалық мүмкіндіктері: құрылымдау біліктілігі, рефлексиялық əдістерді жəне психологиялық жұмыс жолдарын игеруі;

(6)

- болжамдық мүмкіндіктері: өсудің жəне білім алушының танымдық қызығушылықта- рының дамуының мүмкін болатын нүктелерін анықтай алуы; оқыту жағдайларының нəти- желерін алдын ала көре алуы.

Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығын игерген тьютор инклюзивті білім бе- руде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаға арналған жалпы білім беретін мекемеде оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыра алады жəне қолдай алады.

5 Қорытынды

Инклюзия енгізілген мектептерде жағымды нəтижелерге қол жеткізілді, оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі сызбалары əрекет етеді.

Оларға сəйкес тьютор үш əр түрлі ұйымдастырушылық міндеттер орындай алады.

1. Тьютор – дамуындағы ерекшеліктері бар баланың жеке қолдаушысы. Қазақстандық мектептерге инклюзияны енгізу бойынша мамандардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда инклюзивті сынып оқытушысы баланың дамуында бұзылысы бар саланың маманы болып та- былмайтын, ал керісінше, тьютор сəйкес арнаулы білім бар болатын көрінісі шындыққа жана- сады. Осындай жағдайда тьютор барлық сыныптың оқыту сапасын кемітпей, дамуының ерек- шеліктері бар оқушының қажеттіліктеріне оқытушының ыңғайласуына көмек көрсетіп, қарас- ты бала үшін оқу үдерісін нақты жəне ыңғайлы етіп құрайтын маман функциясын өзіне алады.

2. Тьютор – оқытушының көмекшісі. Бұл жағдайда оқу жүктемесі оқытушымен қа- лыптастырылады, ал тьютор барлық оқытушылардан дəптерлерін жинап, сыныптың тəртібін оқытушының тапсырмаларын орындау уақытында сақтай отырып, ұйымдастырушылық сəт- терде көмекшісі ретінде шығады.

3. Тьютор – сыныптағы екінші оқытушы. Өзіндік оқуға мүмкіндігі жоқ баланы мойындау құқықтарын бұзуға жатады, дамуындағы ерекшеліктері бар бала оқитын сыныпта барлық балаларға, дамуында ерекшеліктері бар балаға басымдырақ көлемде оқуға кезектеп көмек көрсететін екі оқытушы жұмыс істейді.

Тьютор баланың ынтасын қолдайды, бағдарламаны игеруіне көмек көрсетеді, оқыту мен əлеуметтенудің бірінші нəтижелеріне талдау жасайды. Қажеттілік туындап жатса, бала- ның оқу бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Баяулап баланың жекелігінің деңгейіне арта бастайды жəне тьютордың көмегі азая бастайды.

Əр кезеңде тьютор барлық қатысушыларды түзетушілік-оқыту үдерістегі баланың оқуы мен əлеуметтенуінің табыстылығы туралы ақпараттандырады, қажеттілік туындап жатса, баланың кеңесшілерден кеңес алуын ұйымдастырады жəне білім алуда ерекше қажеттілігі бар баламен жұмыс жасайтын басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара байланысты үйлестіреді.

Тьюторлық қолдаудың ұзақтылығы бейімделушілік бағдарламаның тиімділігіне, бала- ның табысты əлеуметтенуі мен табыстылығының деңгейіне байланысты анықталады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында білім беру мекемелеріне балаларды тьюторлық қолдаудың түрлі тəжірибесі жинақтала басталды. Сонымен қоса, отандық білім беруде жақында ғана инклюзивті білім беру жүйесінде тьютор қызметін реттеуге көмек бере- тін нормативтік құжаттардың жобалары туындай бастады, инклюзивті тəжірибеде тьютор- лық қызмет тəжірибесін меңгеру мүмкін болды.

Əдебиеттер тізімі

1 Каргин С.Т., Алшынбекова Г.К., Боброва В.В., Даупбаева К.Т., Жарболова А.Г. Инклюзивті тəжірибе жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды тьюторлық қолдаудың ұйымдастырушылық-əдістемелік негіздері: Əдістемелік құрал. – Қарағанды: академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2018. – 78 б.

2 Дудчик С.В. Развитие познавательного интереса младших школьников средствами тьютор- ского сопровождения: Автореф... диссер. канд. пед. наук. – М., – 2008.

3 Ковалева Т.М Основы тьюторского сопровождения в общем образовании: учебно-методи- ческое пособие. – М., Педагогический университет «Первое сентября», 2011. – 56 с.

4 Карпенкова И.В. Тьютор в инклюзивной школе: сопровождение ребенка с особенностями развития. – М.: ЦППРиК «Тверской», 2010. – 88 с.

(7)

БЕГЕЖАНОВА, Р.К., ҚАНАЛЫ, М.Қ.

ТЬЮТОРСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ УЧАЩИХСЯ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ КАК ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ФЕНОМЕН

Данная статья посвящена проблеме тьюторской поддержки учащихся с особыми образова- тельными потребностями в условиях инклюзивной практики. Успешное обучение учащихся с особы- ми образовательными потребностями и успешная реализация психолого-педагогической поддержки процесса обучения требуют тьютора в инклюзивной школе. Тьютор поддерживает учащихся с осо- быми образовательными потребностями в общем и индивидуальном образовательном процессе, участвует в разработке индивидуальных образовательных программ, является мостом между тра- диционным преподавателем и учеником с особыми образовательными потребностями. В статье рассматриваются несколько понятий тьютора, а также цели, содержание и особенности деятель- ности тьютора.

Ключевые слова: учащиеся с особыми образовательными потребностями, инклюзивный опыт, тьютор, тьюторская поддержка, социальная среда.

BEGEZHANOVA, R.K., KANALY, M.K.

TUTOR SUPPORT STUDENTS WITH SPECIAL EDUCATIONAL NEEDS AS A PEDAGOGICAL PHENOMENON

This article is devoted to the problem of tutor support for students with special educational needs in an inclusive practice. Successful training of students with special educational needs and successful imple- mentation of psychological and pedagogical support of the learning process require a tutor in an inclusive school. Tutor supports students with special educational needs in the General and individual educational process, participates in the development of individual educational programs, is a bridge between a traditio- nal teacher and a student with special educational needs. The article deals with several concepts of the tutor, goals, content and features of the tutor.

Key words: students with special educational needs, inclusive experience, tutor, tutor support, social environment.

УДК 796

Бельгибаева, Р.С.

студентка 3 курса специальности

«5B010800 – Физическая культура и спорт»

Агеева, С.В.

старший преподаватель кафедры теории и практики

физической культуры, спорта и туризма, КГПУ, Костанай, Казахстан

ОСОБЕННОСТИ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ ЛЕГКОАТЛЕТОВ СТАЙЕРОВ НА РАЗЛИЧНЫХ ЭТАПАХ ТРЕНИРОВОЧНОГО ЦИКЛА

Аннотация

Подготовка юных бегунов к соревнованиям – это сложный многоком- понентный процесс. Одной из составляющих успешной подготовки спорт- смена является психологическая подготовка, как важное условие результа- тивного выступление спортсмена. Психологическая подготовка – это про- цесс воздействия на личность спортсмена с целью достижения им наилуч- шего спортивного результата. Данная подготовка – неотъемлемая часть реализации потенциала спортсмена, и более ранняя и качественная ее орга- низация приводит к повышению эффективности учебно-тренировочного и соревновательного процесса.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қашықтықтан оқыту – бұл білім алушыға стандарттарға сəйкес келетін білім беру пəндерін еркін таңдауға, оқытушымен диалогтық алмасуға жағдай жасайтын

Соған байланысты қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылымның дамытудың 2016-2019 жылдарға арналатын

Речь идет о поиске путей развития школьного образования таким образом, чтобы дети с ограниченными возможностями здоровья, инвалидностью

Кондаков цифрлық экономикаға бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің бірқатар ерекше- ліктерін атап өтті: – білім беру жүйесі желілерде қашықтықтан

Блум таксономиясы бойынша білім беру туралы айтқанда, оқыту — бұл үдеріс, сондықтан да оқушыларды оқытқанда жəне бағалағанда мұны ескерген жөн

Қазіргі педагогикалық білім беру идеологиясының бастапқы мəні, идеалдар мен мақсаттар жүйесі ретінде оны жаңа білім, жаңа мақсаттар, жаңа құндылықтар мен

Государственная политика и политика высшей школы по развитию инклюзивного образования должна быть направлена не только на мотивацию людей с ограниченными возможностями

Цифрлы білім беру ресурстарын (ЦББР) пайдалану тиімділігіне жалпы тоқталып өтсек, қазіргі кезеңдерде негізгі мəселелердің бірі – оқыту үдерісінде