• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Физика және техника үйірме жұмысының үлгі жоспар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Физика және техника үйірме жұмысының үлгі жоспар"

Copied!
5
0
0

Толық мәтін

(1)

346

сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Əрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер жəне сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, табиғат құбылыстарының дыбысы мен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, əрине, мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен əлдеқайда тиімді, əрі түсінікті.

Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.

Қолданылған əдебиеттер:

1. «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы – 4/2014 2. http://vmeste.opredelim.com/docs/56000/index-25446.html

Нупирова А.М.1, Алмахан Н.Р.2

1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

2. Студент 4 курста, физика-математика жəне жалпы техникалық пəндер кафедрасы, мамандықтың «Физика»

«ФИЗИКА ЖƏНЕ ТЕХНИКА» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ ЖОСПАРЫ

Мектептегі физика пəні бойынша оқушыларға арналған үйірме жұмыстарының негізгі мақсаты оқушылардың өз беттерінше құрылғылармен, өлшеуіш приборлармен жұмыс істей алуы, оқушының шығармашылығын өз бетінше жұмыс істеуін, алдына мақсат қоя білуін белсенді дамыту, дағдыландыру жəне қалыптастыру. Үйірме жұмысы алған білімді өндірістік еңбекпен оқытудың бір түрі болып табылады. Үйірме жұмысында негізгі үш міндет:оқыту, оқушыларды тəрбиелеу жəне қабілеттіліктері дамыту жүзеге асу үшін жағдайлар жасалған. Үйірме жұмыстары оқушыларда жаңа қызығушылықты, танымды, ізденуді сонымен қатар теориялық жəне технологиялық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың алған теориялық білімдері практикаға шығуға мүмкіндіктер жасайды, ал оқушылырдың еңбектенген кездегі жинаған практикалық білімдері теориялық негізде жүзеге асады. Оқу құрылғысын жинақтауға бағыттылған үйірме жұмыстары мектепте оқушылардың политехникалық білім алуына жағдайлар туғызады. Үйірме жұмыстарына қатысушы оқушыларда ұжымдық, жолдастық, еркіндік, еңбексүйгіштік, тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау, достық қасиеттер қалыптасады. Үйірме жұмыстары кезінде оқушы əртүрлі құралдармен өлшеуіш приборлармен жұмыс істей білуге дағдыланады, осы

(2)

347

негізде технологиялық білім алады. Ал мұндай жұмыстар оқушының физика пəні бойынша білімінің сапалы өсуінің негізі болып табылады.

Ғылыми техникалық прогрестің дамуы барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттігін өздері жасап, өздері қорытындылауға жағдай туғызатын бұл үйірме жұмыстары. Бұлардың барлығы негізгі практикалық міндеттің оқушыларды жан-жақты тəрбиелеу негізі. Олай болса үйірме жұмыстарында оқушылардың өз бетінше еңбек етуге мүмкіндіктері бар.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.

Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тəрбиелік мəні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мəселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тəсілдерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы ретте ұйымдастырушылардың талай-талай кедергілерге де кездесетінін айтпасқа болмайды. Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мəселе екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз. Сондықтан да біз практикалық жəне теориялық ісімізде əр жағдайға байланысты мəселенің əр қырынан келіп, əрқилы тəсіл таба білуіміз кажет-ақ.

Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тəсілдер түрін жетілдіріп, нəтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек.

Алдымен физика пəні мұғалімі оқушыларды қадағалап, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушылығы көп оқушыларды таңдап алуға міндетті.

Бұл оқушылардың қызығушылығына жəне қабілеттілігіне сəйкес үйірме жұмыстарының тапсырмаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік туғызады. Əр үйірмедегі мүшелер 12-15 оқушыдан артық болуы қажет емес (экспериментальдық-тəжірибелік үйірмелерде оқушылар саны бұдан да аз болса жұмыс сапалы болады).

Үйірме жұмыстарының мазмұны жəне жұмыс жоспары оқушылардың жеке қызығушылығын жəне жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға міндетті. Сонымен қатар үйірме жұмысының бағыттарын мұғалім алдын ала анықтайды. Оның маңызды болуы мұғалімнің теориялық дайындығына, өзінің қызығушылығына, шығармашылығына, оқушылардың сұрамына, мектеп қажеттілігіне, физика кабинетіндегі құрылғылардың жағдайына, қажетті материалдармен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Экперименталдық бағыттығы үйірмедегі жұмыстар үйірме жетекшісінің дəріс беру, жұмыс түрін мазмұндау, үйірме мүшелерінің рефераттар жəне баяндамалар дайындау жəне теориялық білімді орынды қолдану арқылы жүзеге асады. Үйірме жұмыс істеген жыл ішінде үйірменің əр мүшесі бір хабарлама

(3)

348

немесе шағын баяндама жасауы тиіс. Үйірме сабақтары кезінде үйірме мүшелері журналдардағы, газеттердегі, əдістемелік əдибиеттердегі, ақпараттық құралдардағы ғылым мен техниканың қызықты жəне маңызды хабарламаларымен танысып отыруы керек [1, 161-164 б].

Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін, физикаға қызығушылығын, алған білімдерін қоғамдық пайдалы тапсырмаларды шешуде қолдана білуі арттырады. Осыларды ескере отырып мұғалім үйірме жұмыстарын өндіріспен де байланыстырып жүргізуге болады. Үйірме мүшелері кабинетке арналған құрылғылар жасау жүзеге асырады.

Оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тəрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын физика пəніне арналған үйірме жұмыстарының формалары да сан алуан болып келеді.

Мысалы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы үйірме жұмыстарын оқушылардың шығармашылығын, танымдық қызығушылығын, интелектуалды дамуын, өз бетінше ізденуін, ұжымда жұмыс істеуін, жауапкершілікті, ұқыптылықты, тиянақтылықты тəрбиелейді.

«Физика жəне техника» қолданбалы курсы физикадан «Механика»,

«Термодинамика», «Электродинамика» бөлімдерін тереңдетіп оқытуға ықпал етеді.

Мақсатымыз оқушылардың бүгінгі күн талабына сай инженер-техникалық мамандықтарды таңдауына ықпал ету.

Міндеттері:

1. Оқушылардың физика сабағында алған білімдерін жетілдіру, техникаға деген қызығушылығын арттыру.

2. Кəсіпке бағдарлау жүзеге асады: теміржол машинасы, монтер, механик слесарь сияқты мамандықтарға бағыт беру.

3. Оқушыларды өз бетінше логикалық ойлауға, бақылаған құбылысты тұжырымдауға, дұрыс шешім қабылдауға жəне қорытынды жасай білуге тəрбиелеу.

Үйірме жұмыстары оқушының қабілеттілігін жоғары дəрежеде көрсететін бірден-бір жол.

Осыған орай «Физика жəне техника» атты үйірменің бағдарламасын ұсынамыз [2, 3, 4].

Тақырыптары Сағат

саны Пəннің мақсаттары мен міндеттері. Физиканың қолданбалы сипаты.

1 Механикадағы күштер. Механизмдердегі күштерді қосу жəне жіктеу. Шексіз үлкен күштер. Ауырлық центрі. Қос күштің əсерінен дененің айналуы.

1

Серпімді күштер жəне олардың техникада қолданылуы.

Əсерден кейінгі серпімділік. Реологиялық қасиеттер.

1 Соққы. Қалыпқа келу коэффициенті. Соққының 1

(4)

349

энергиясын пайдалану. Техникадағы соққының механизмі.

Есептер шығару 1

Үйкеліс күші. Кулон - Амантон формуласы жəне оның салдары. Үйкеліс коэффициенттерін эксперименттік анықтау жəне оларды техникада қолдану.

1

Үйкеліс конусы. Техникада қолдану. Болттық қосылыстар жəне өздігінен контленетін гайкалар. Механизмдерде қолдану.

1 Эйлер формуласы. Күшейтуді майысқақ байланыстар арқылы беру. Ременьдік жəне тростық берілістер.

1

№1 зертханалық жұмыс. Механизмдегі үйкеліс күшін жəне Эйлер теңдігін экспериментальды тексеру.

2

0

Механизмнің артық жұмыс істеуі жəне тозуы. Үйкеліс күшінің өзгеруі. Сұйық үйкеліс. Майлағыш материалдарды қолданылуы физикасы. Сұйық жəне қатты майлау.

1

1

№2 зертханалық жұмыс. Cұйық тұтқырлығының температураға тəуелділігін зерттеу

2

2

Механикалық энергия жəне оны аккумулияциялау тəсілдері. Кинетикалық энергияның аккумуляторлары

Потенциальдық энергияның аккумуляторлары

1

3

Есептер шығару 1

4

Техникадағы тербелістер. Тербелістерді қосу жəне резонанс. Вибрация. Вибрациялық тегістеу жəне вибротранспорт. Инфрадыбыс жəне ультрадыбыс. Техникада қолдану жəне есепке алу.

1

5

Техникадағы инерция күштері. Инерция күштері.

Техникадағы центргетепкіш күштер. Еркін осьтер. Баланстау жөнінде түсінік.

1

6

Гидростатика. Денелердің жүзуі. Түтін мұржалары.

Гидравликалық жəне пневматикалық машиналар.

Гидродинамика. Бернулли теңдеуі жəне оны техникада қолдану. Инжектор жəне карбюратор. Аэродинамикалық кедергі.

1

7

Есептер шығару 1

8

№3 зертханалық жұмыс. Аэродинамикалық қайшылықтың ауа ағынының жылдамдығы, пішін мен дене үйкелісінен тəуелді болуын нақтылау

2

9

Жұғу жəне жұқпау. Капиллярлық құбылыстар.

Техникадағы қолданыстары.

1

0

Жылулық ұлғаю. Жылу берілісі. 1

(5)

350

1

№4 зертханалық жұмыс. Əр түрлі қағаздағы қуыстық (поры) өлшемін табу

2

2

Ом жəне Кирхгофф заңдарын техникада қолдану 1

3

Электрмагниттерді өндірісте қолдану. Токтың магниттік қасиеттері. Электромагниттер жəне оларды өндірістік мал шаруашылығында қолдану. Электромагниттік индукция. Холла эффектісі.

1

4

Оптика жəне оны техникада қолдану. 1

5

Радиоактивті заттарды техникада қолдану.

Радиоизотоптарды сұйық деңгейін анықтау үшін қолдану.

Өздігінен жарқырайтын бояулар мен материалдар. Радиоактивті изотоптарды тозуды бақылау үшін жəне тозуды көрсеткіш ретінде қолдану. Гамма дефектоскопия.

1

6

Есептер шығару 1

7

Оқушылар өз тақырыптары бойынша жобаларын қорғайды.

2

8

Қорытынды кеш 2

Үйірменің оқыту нəтижесінде мектеп бітіруші оқушылар физика пəнінен логикалық, сапалық жəне сандық есептер шығаруда, экспериментальдық тəжірибелерді орындауда, заңдылықтарды орындауда, ауызша емтихан тапсыруда, оқу жүйесін сырттай бақылауда (ОЖСБ) өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Сыныптан тыс оқытудың қай жұмысы болмасын оқушыларға тəрбие берелік үлесі мол.

Пайдаланған əдебиеттер тізімі

1. Орехов В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы. – Алматы:

Мектеп, 1978.-392 б.

2. А. Түсіпов, Қ. Түсіпов «Теориялық жəне қолданбалы механика».

Алматы, 2014. – 736 бет

3. М. Немеребаев Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК

«Дəуір», 2011. - 272 бет.

4.Үмбеталиев Н.А., Сүйеубаев Ж.С. Көлік техникасында пайдаланатын отын, майлағыш заттар жəне техникалық сұйық материалдары бойынша практикум. - Алматы 2012 ж. – 110 бет.

Шагиахметова Л.М.1, Əділбекова М.Б.2

1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Сондықтан мен болашақ физика пəнінің мұғалім ретінде, оқушыларға сабақ уақытында да, үй жұмысын орындағанда да пайдалануға болатын 10 сыныптың физика

Білім алушылардың кәсіптік бағыттылығын қалыптастырудағы оқу-зерттеу іс-әреке- тін жүзеге асырудың педагогикалық шарттарының бірі -

Жұмыста физика-техникалық факультетінің 5В011000-Физика білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенттерін «Computer methods in Physics» жəне

Физикалық аспаптың құрылысы мен құрылымын жəне оларды қолдана білу бұл физикалық эксперименттің техникалық мəселелері болып табылады. Ал нақты

алатындығы жеке маманның негізгі қасиеті ретінде құрылымы кәсіптік – біліктілікке бағытталуын қажет етеді. Физика мен математиканы оқыту

Бұл бағдарламаның құрылуының басты себебі мектептегі физика курсындағы қатты дене физикасының кристаллография элементтерін оқыту əдістемесін жаңаша

Зерттеудің мақсаты: Батыс Қазақстан өңірінің кен орындарының мұнай шлам- дарының физика-химиялық қасиеттері зерттеп, сол зерттеулер бойынша мұнай шлам- дарын

1) Уақыт бойынша жұмыс режімі – үздіксіз (1-ші қисық) және циклдық (2 қисық) қозғалыстар. Механизм жұмысының үздіксіз режімінде оның жұмысының,