Наряду с этим должны быть исключены любые возможности дублирования уголовно- правовых норм, предусматривающих ответственность за конкретное преступное поведение.
В совокупности двух указанных факторов состоит сущность принципа неизбыточности уголовно-правового запрета.
Учитывая, что установление оптимального содержания уголовно-правового запрета, как правило, возможно на основе накопленного опыта применения уголовно-правовой нормы, реализация вышеназванного принципа криминализации является сложной. Неизбыточность и достаточность уголовно-правового запрета, вводимого впервые, определяется прогностическим прогнозом, который не может претендовать на абсолютную точность. И те ошибки, которые неизбежны, должны корректироваться. Кроме того, для достижения неизбыточности и достаточности криминализации необходимо учитывать и существующие объективные критерии, к которым относятся объект посягательства, характер деяния, избранный способ действия, мотив и т.д.
Также принципиально важно, чтобы установленный уголовно-правовой запрет не пересекался полностью или частично с уже существующими уголовно-правовыми нормами, в противном случае нарушается принцип справедливости, в соответствии с которым лицо не может дважды нести уголовную ответственность за одно и то же деяние. В теории криминализацию, нарушающую принцип справедливости, называют чрезмерной и указывают, что ее негативный аспект выражается в грубом нарушении принципа экономии мер уголовно-правовой репрессии, искусственном создании конкуренции уголовно-правовых норм, создании парадоксальных ситуаций, когда одно и то же деяние может караться различными мерами [2, с.372].
Криминализация общественно опасных деяний не должна запаздывать, должна быть своевременной, иначе правоохраняемым интересам может быть причинен значительный вред. Принцип своевременности криминализации означает, что криминализация должна проводиться именно тогда, когда возникает основание криминализации – общественно опасное деяние. Таким образом, о наивысшей эффективности уголовного закона можно говорить тогда, когда его норма была действительно необходима для уголовно-правового регулирования, безупречно сформулирована и ее применение на практике не вызывает трудностей для правоприменителя.
И, наоборот, нельзя ждать эффективности от уголовного закона, если появление уголовно-правовой нормы было обусловлено не объективной необходимостью, а чьими-то частными интересами, если изложение нормы в уголовном законе несет в себе конструктивные и редакционные недостатки, не сгармонизирована с другими нормами, что порождает непреодолимые сложности при ее применении на практике, обусловленные как фактической не нужностью нормы, так и невозможностью ее применения из-за внутренних дефектов, даже при наличии желания применить.
1. Основания уголовно-правового запрета (криминализация и декриминализация) – М., 1982.
2. Мельник Н.И. Проблемы определения преступности деяния в процессе его криминализации //
Соотношение преступлений и иных правонарушений: современные проблемы. – М., 2005.
Ғ.Ө. Серім
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП
ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ ДАМУЫ И.В. Жеребьятьевтің айтуынша, қылмыстық іс жүргізу ғылымында азаматтық талап институтын зерттеу қиындығы құқықтың осы саласында 1964 жылғы реформаға дейін
«азаматтық талап», «азаматтық талапкер» ұғымдарының болмауымен байланысты[1].
Э.Аннерстің пікірінше, азаматтық талап институтының пайда болуының тарихи негіздері не сот жүйесі не қылмыстық іс жүргізу қалыптаспаған рулық тап құқығына сəйкес келеді.
Тұлға мен қоғамның аталған тарихи даму кезеңінде кез -келген индивидуум құқықтың жеке
субъектісі ретінде қарастырылмады, ол тек өз руының мүшесі болып табылып, оның қорғауында болды. Ру күші оның жеке мүшелерінің де күші болып табылды. Осы орайда əлеуметтік-құқықтық дауларды шешуде тараптар атынан жеке адамдар емес, рулар шықты [2].
Тараптардың арасындағы даулы мəселелерді шешудің эволюциялық даму көрінісі ретінде татуластыру институты пайда болды. Аталмыш институттың логикалық жалғасы ретінде ақшалай сыйақы институтымен дамуы болды. Бұл ретте айыпты болып табылатын ру мүшесі зиян келтірген руға ақшалай сыйақы беруге міндетті болды. Құқықтық қайнар көздерінен белгілі болғандай, ежелгі жəне ортағасырларда жасалған қылмыс үшін жауаптылық мемлекет алдында емес, жəбірленуші мен оның туыстары алдында жəне тек мүліктік эквивалентте болды.
Азаматтық талаптың аналогтары ретінде русстарда сатып алу, еуропалықтарда вергельд, ал қазақтарда құн болды.
Кез- келген қоғамда секілді, түрік қағанатында қанды кек, барымта, ұрлық, кісі өлтіру сияқты түрлі қылмыстар орын алды. Əсіресе қатаң жаза түрлері белгіленген мал айдау, ұрлау сияқты қылмыстар көптеп кездесті. Өлім жазасынан бөлек дене жарақаттарын келтіру арқылы жаза түрлері белгіленді. ІХ-Х ғ.ғ. Түрік қағанатында рулық құрылым институты ретінде қанды кек жазасына тыйым салынған жоқ, дегенмен жазаның бұл түрін қолдану азая бастады. Сонымен қатар Т.М. Культелеев көрсеткендей, қазақ əдет-ғұрып құқығында
«қылмыс» деген термин болмады. Оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген түсініктер қолданылды.
Бұл кезең құн, яғни жəбірленуші тараппен талап етілетін ақшалай сыйақы түріндегі жаза түрін қолданумен сипатталады. А.И. Крохалев қырғыздарда «құн» деп, өлтірілген кісінің қаны үшін төленетін төлемақыны айтады. Сол кездегі қолданыстағы ережелер бойынша, « . . Жəбірленуші - талапкер, ал қылмыскер жауапкер деп аталды». Қылмыстық əрекеттер мен азаматтық құқықбұзушылықтардың салдары «зиян» болып табылды [3]. Құн ақшалай, мүліктік сыйақы болыа табылып, малмен төленді. Құн қазақтың қылмыстық құқықтық əдет- ғұрыптарында маңызды рөлге ие болып, ХХ ғ. басына дейін қолданыста болды [4].
Қазақ əдет-ғұрып құқығының маңызды тарихи кезеңі ХVІІ ғ. Соңы – ХVІІІ ғ .басында құрастырылған Тəуке ханның «Жеті Жарғы» атты құқықтық жинағына сəйкес келеді. «Жеті Жарғы» қазақ əдет-ғұрып құқығының кодификацияланған құжаты болып табылады. Оның ережелері үш түрлі жазаны белгілеген: өлім жазасы, матеприалды өтемақы, намыссыздандыру. Аталмыш құжатта қылмыс үшін кек алуды көздейтін талион принципін белгіленгенімен, іс жүзінде ол қолданылмады. Қылмыс жасаған адам мен жəбірленуші қылмысқа қатысты барлық мəселелерді жеке тəртіпте шешіп отырды: жəбірленуші талион принципі бойынша кек алудың орнына келтірілген зиянның орнын материалды түрде өтеуді талап етуге құқылы болды [5]. «Құн (парсы тілінде: хун - қан) – қазақтың əдет-ғұрып құқығы бойынша жəбірленушіге не оның туыстарына келтірілген зиян үшін ақшалай өтемақы.
Өтемақы төлеу қанды кектен босатады. Əдет-ғұрып құқығы бойынша ер адамның құны – 1000 қой, əйелдің – 500 қой, дене жарақаттары үшін өтемақы оның күрделілігіне байланысты белгіленіп отырған» [6].
Құннан басқа кінəні өтеудің, мысалы, айбан (кінəлі адам жəбірленушіге ұрланған малмен бірге «үш тоғыз» қайтаруға міндетті ететін жаза) сияқты басқа да түрлері көрсетілген. Оның ішінде «тоғыз» əртүрлі нысанда болуы мүмкін: «қасқа тоғыз», «түйе бастатқан тоғыз», «ат бастатқан тоғыз», «тоқыл тоғыз» жəне т.б. [7]. Сонымен қатар мүліктік өтемақының «аусыз ат, жиексіз шапан» атты түрі болған.
Даулы мəселелерді шешу үшін талаптар билерге жүгінген. Талапкер берілген талап бойынша дəлелдер келтіруге, ал жауапкер өз кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті болған. Даулы мəселе іс жүргізудің кез -келген сатысында тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылуы мүмкін болған [8].
ХVІІІ ғ. басына дейін азаматтық талапкер мен жəбірленуші іс жүргізудің дербес қатысушылары ретінде қарастырылмады. Біртұтас талап түсінігі ретінде жеке (қылмыстық, мүліктік құқықтарды қорғау істері бойынша) жəне жариялы істер өндірісі танылды [9].
Азаматтық талап институттарының жəне азаматтық талапкердің іс жүргізудің дербес қатысушысы ретінде танылуы жедел іздестіру қылмыстық сот өндірісінің қалыптасу кезеңімен байланысты. Бұл кезең Қазақстанның Ресейге ХVІІІ ғ. 30 жылдарынан ХІХ ғ. 60 жылдарына дейінгі қосылу процесімен сəйкес келеді. Императорлық заңнаманың қазақтың əдет-ғұрып құқығына əсер етуі жаңа құқықтық нормалар, ережелер мен идеялардың қалыптасуына əкелді. Дəл осы кезде шарттық қатынастардың жаңа түрлері пайда болып, қазақ-патриархалды отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайы өзгерді. ХІХ ғ. соңындағыдай ХХ ғ. басында да құқықтың қалыптасуы үш негізгі қайнар көзге сүйенді: 1. Жалпыим- ператорлық заңнама; 2. Заңнамалық күші Ресей империясының отар елдері жəне тек Қазақстанға ғана таралатын патша үкіметінің шығарған арнайы заңдары; 3. Қазақтың əдет- ғұрып құқығы, соның ішінде билердің төтенше съезімен қабылданатын ережелер [10].
Б.Т. Аушеваның айтуынша, қазақ əдет-ғұрып құқығы күшті тікелей императорлық заңнаманың əсерімен баяу дамыды жəне тек феодал-байлар мен енді еңсесін көтеріп келе жатқан жергілікті қазақ буржуазиясының мүддесін білдірді [11].
1886 ж. бастап сот жүйесінде өзгерістер пайда болды: жеке міндеттемелер мен шарттар бойынша істерді қарайтын татуластырушы судья қызметі енгізілді. Шарттық əдет-ғұрып құқығы азаматтық құқықтық жауаптылық пен азаматтық талаптарды бөліп қарастыратын болды, ал туыстық деңгей бұл құқықтық жүйеде басты маңызға ие болмады. Қазақстанның Ресейге қосылуы жекелеген құқықтық институттарды дамытып, экономикалық қатынастарды өзгертті.
1864 ж. 24 қарашадағы қылмыстық сот өндірісі Жарғысына сəйкес, азаматтық талапкер қылмыс немесе теріс қылық салдарынан зардап шеккен тұлға болып табылды, бірақ ол қылмыстық іс өндірісінде сыйақы туралы талап берген жағдайда жеке айыптаушы құқықтарын иеленбеді [12]. Азаматтық талапкер ретінде тек қылмыс салдарынан зиян шеккен тұлғалар ғана емес, сонымен қатар 1. жəбірленушінің заңды өкілдері болып табылатын тұлғалар мен мекемелер; 2. ата-аналары, жұбайы мен балалары жəне т.б. Заң шығарушы қылмыс салдарынан зиян шеккен тұлғаларды полиция, прокуратура жəне сот органдарымен қатар қылмыстық қудалау қызметін атқарушы органдар қатарына жатқызды [13].
Қылмыстық іс жүргізудің жариялылық, тараптардың бəсекелестігі мен теңдігі сияқты қағидалары Ресей империясының ХІХ ғ. 60 жылдарындағы сот реформасы нəтижесінде заңды бекітіліп, кейіннен қолданыстан мүлдем шығарылды, бұл өз кезегінде қылмыс салдарынан зиян шеккен тұлғалардың процессуалды жағдайына кері əсерін тигізді.
Іс жүргізуде азаматтық талапкер ретінде танылған тұлға іс бойынша тең дəрежелі тарап болып табылмайтын «шағымданушыға» қарағанда көптеген процессуалды құқықтарға ие болды [14].
Жəбірленуші мен азаматтық талапкердің процессуалды құқықтарының нығаюы, оны процеске тарап ретінде қатыстыру қылмыс нəтижесінде зиян шеккен тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Жалпы алғанда, сол кездегі заңнама мен сот тəжірибесі азаматтық талапкердің процессуалды жағдайына қатысты проггресивті болды. Қылмыс салдарынан моральдық зиян шеккен тұлғалардың азаматтық талап арыз беру құқықтары қамтамасыз етіліп, азаматтық талапкер ретінде жеке жəне заңды тұлғалар таныла алатын болды [15].
Азаматтық талап институтының келесі даму кезеңі 1917ж. 24- қарашадағы №1 Сот туралы Декреттің қабылдануымен байланысты болды. Аталмыш құжаттың екінші пунктіне сəйкес, жергілікті соттардың айыпталушыға бас бостандығынан айырудың жазасы екі жылдан артық емес жəне азаматтық талап арыз 3000 рубльден аспайтын барлық істерді қарайтындығын белгіледі [16].
1919 ж. 10- шілдесінде РСФСР халық комиссарлар Кеңесінің қаулысымен «Полктік
соттар туралы ереже» қолданысқа енгізілді. Осы ереже бойынша жəбірленушіге қылмыстық іс бойынша азаматтық талап арыз беріліп, оның мəн-жайы бойынша қаралуы қамсыздандырылды. Ереже нормаларына сəйкес, азаматтық талапкер ретінде қылмыс
салдарынан зиян шеккен жəне сот отырысы басталғанға дейін кінəлі тұлғадан өз пайдасына келтірілген зиянның орнын өтеуге байланысты талап- арыз берген тұлға танылды.
Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап институты 1922 ж. 25 мамырда қабылдданған РСФСР ҚІЖК-де бекітілді. Осы Кодекстің 14-бабына сəйкес, қылмыстық əрекет салдарынан зиян мен шығын келтірілген жəбірленушінің айыпталушыға жəне оның əрекеттері үшін жауапты тұлғаларға қылмыстық іспен бірге қаралуға жататын азаматтық талап беруге құқылы. Азаматтық талапкердің кассациялық шағым беруге құқығы осы Кодекстің 349- бабында қарастырылды.
Заңнаманың жетілдірілуіне қарай, азаматтық талап- арыз беру мүмкіндігі істің əскери трибуналда қаралуы кезінде қарастырылды. Қылмыс салдарынан зиян шеккен тұлға іс бойынша жəбірленуші не азаматтық талапкер ретінде жеке айыптау істері бойынша ғана қатыстырылды.
1924 ж. қылмыстық сот өндірісінің негіздері 1922 ж. жəне 1923 ж. ҚІЖК сияқты қылмыстық процесте қорғауды талап беру құқығын қолдану арқылы жүзеге асырды.
Дегенмен, бұл кезеңде қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап мəселелері толық көлемде зерттелмеді. Өткен ғасырдың 60- жылдарына дейін бұл мəселені зерттеуге екі монография ғана арналды. Кейіннен КСРО жəне кеңестік республикалар қылмыстық сот өндірісі Негіздерінің (ары қарай - Негіздер) қабылдануымен кеңестік заң ғылымында бұл институт терең зерттеліне бастады.
1958 ж. Негіздерді қабылдағанға дейін жəбірленуші қылмыстық іс бойынша тек куə ретінде қатыстырылып, оған қылмыстық процесс қатысушы ретіндегі құқықтар тек жеке айыптау істері бойынша жəне оның азаматтық талап арыз берген жағдайында ғана қарастырылды. Мұндай қалыптасқан жағдайдың себебі сол кездегі қылмыстық- процессуалдық заңнаманың тоталитарлық саяси жүйеге негізделіп, жеке тұлғаның құқықтарын тек формальды түрде мойындап, іс жүзінде оларды мүлдем қорғамағандығымен түсіндіріледі [17].
Азаматтық талап институты дамуының жаңа кезеңі 1958 ж. 25 желтоқсанда қабылданған Негіздермен байланысты. Осы құжат нормаларында жəбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің статусы анықталды. Кейіннен бұл нормалар 1959 ж. қабылданған Қазақ КСР ҚІЖК-де көрініс тапты. Осы Кодекстің 28-29- баптарында азаматтық талап арыз беру процедурасы қарастырылды. «Азаматтық талап арыз қылмыстық іс қозғалғаннан бастап сот тергеуі басталғанға дейін берілуі мүмкін. Азаматтық сот өндірісі тəртібімен қараусыз қалдырылған талап арыз қылмыстық іс жүргізуде қаралмайды. Егер іс бойынша азаматтық талап берілмеген болса, онда сот үкім шығару барысында, өз бастамашылығымен, қылмыс салдарынан келтірілген зиянның орнын өтеу мəселесін шешуі мүмкін. Сонымен қатар егер қылмыстық іс бойынша үкім шығару барысында азаматтық талапқа байланысты мəселелер өз шешімін таппаса, материалды шығынның орнын өтеу азаматтық сот өндірісі тəртібімен жүзеге асырылады».
Айта кететін мəселе, егер заңды тұлғаға зиян келтірілсе, онда ол іс бойынша тек азаматтық талапкер ретінде танылды. Осы мəселеге байланысты ҚР Жоғарғы Соты келесідей түсініктеме берді: «Заңды тұлғалар жəбірленуші ретінде танылуы мүмкін. Егер оларға зиян келтірілсе, олар азаматтық талапкер ретінде танылады. Дегенмен 1997 ж. ҚІЖК қабылданға дейін азаматтық талап институтының регламентациясында елеулі өзгерістер болмады.
Бұл ережелер 1997 ж. ҚР ҚІЖК-де «Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап» атты жеке тарау ретінде көрініс тапты (162-171- баптар). Осы арқылы қылмыстық іс жүргізу тарихында алғаш рет қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптар, азаматтық талап беру тəртібі, азаматтық талапкер ретінде тану, азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту негіздері, іс бойынша азаматтық талапкер ретінде қатыстыру, зиянның орнын өтеудің негіздері, шарттары, көлемі жəне тəсілдері туралы ережелерді қолдану, азаматтық талап бойынша шешім қабылдау, азаматтық талапты қамтамасыз ету, азаматтық талапқа қатысты сот шешімі мен қаулысын атқару.
Қазақ КСР ҚІЖК қарағанда қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы «азаматтық талапкер», «азаматтық жауапкер» түсініктеріне кең көлемді анықтама беріп, азаматтық талапкер құқықтарын кеңейтті.
Дегенмен 2004 жылға дейін заңнама қылмыстық іс жүргізуде қылмыс салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын өтеу туралы азаматтық талаптарды беру жəне оны қарау тəртібін қарастырмады. Тек 2004 ж. 9 желтоқсандағы қабылданған заң нормалары арқылы ҚР ҚІЖК 75, 162- баптарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жəбірленушінің қылмыс салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын өтеу туралы талап арызы қылмыстық процесте келтірілген мүліктік зиянның орнын өтеу туралы талап арыздармен бірге қаралатын болды.
Сонымен қатар осы кезде сот-тергеу тəжірибесінде қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап мəселелеріне байланысты бірқатар даулы сауалдар туындады. Осы орайда, ҚР Жоғарғы соты 2005 ж. 20 маусымда «Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапты қарау туралы» нормативті қаулы шығарды. Бұл қаулыда құқық қолдану тəжірибесінде қиындық тудырушы мəселелер бойынша түсініктемелер берілді.
1. Жеребятьев И.В. Личность потерпевшего в современном уголовном судопроизводстве России. – Оренбург: РИК ГОУ ОГУ, 2004. – 170 с.
2. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. – СПб.: Альфа, 1996. - Т. 1. – 13 с.
3. Киргизская степная газета. Человек, общество, природа, 1888-1902 / Составитель У. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. – 155 с.
4. Сапаргалиев Г. Основы государства и права Казахстана. – Алматы: Атамура, 1994. – 13-19 с.
5. Озбекулы С. Право кочевой цивилизации. – Алматы: Мектеп, 2002. – 129 б.
6. Материалы по истории государства и права Казахстана: Вторая половина XIX — начало XX вв. / Сост.
С. Сартаев, С. Созакбаев. – Алматы, 1994. – 273 с.
7. Озбекулы С. Право кочевой цивилизации. – Алматы: Мектеп, 2002. – 134-135 с.
8. Киргизская степная газета. Человек, общество, природа, 1888-1902 / Составитель У. Субханбердина. – Алматы: Гылым, 1994. – 14 .с
9. Жеребятьев И.В. Личность потерпевшего в современном уголовном судопроизводстве России. – Оренбург: РИК ГОУ ОГУ, 2004. – 180 с.
10. Ауешова Б.Т. Институт обязательства в обычном праве казахов и его значение в современности: дисс.
… канд. юрид. наук. – Алматы, 2006. – 75-76 с.
11. Сол жерде. 75-76 с.
12. Викторский С.И. Русский уголовный процесс. – М.: Городец, 1997. – 284 с.
13. Российское законодательство Х-ХХ вв. Судебная реформа. – М.: Юридическая литература, 1991. - Т. 8.
– 120-121 б.
14. Юношев С.В. Адвокат- представитель потерпевшего: дисс. ... канд. юрид. наук. - Самара, 2000. – 28-34 б.
15. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. – СПб., 1996. - Т. 2. – 77-78 с.
16. Советская прокуратура. Сборник важнейших документов. – М.: Юридическая литература, 1972. – 5 с.
17. Савицкий В.М. Уголовный процесс России на новом витке демократизации // Государство и право. – 1994. – № 6. – 96 с.
***
In given article occurrence, formation and development of institute of the civil suit in criminal trial is considered.
***
В данной статье рассматривается возникновение, становление и развитие института гражданского иска в уголовном процессе.
О. Ауғамбай
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДЕГІ ДƏЛЕЛДЕУГЕ ЖАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Ұсынылып отырған мақалада қазіргі қоғамдағы маңызды əлеуметтік жəне құқықтық мəселелердің бірі ретінде танылатын экономикалық қылмыстарды анықтау, ашу жəне тергеу қарастрылады Мемлекеттің экономикасын сақтау, Қазақстанның экономикасына төнген қатер жайындағы мəселе қайсыбір қоғам мүшесін де толғандырмай қоймайды. Жұмыста дау- дамайлы, шешім таппаған қылмыстық істерді қосымша зерттеу жəне тиімді ұсыныстар жасау