ӘОЖ 504.03:657 ХРҒТА 06.35.31
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ДАМЫТУ РАЗВИТИЕ ЭКОЛОГИЧЕСКОГО АУДИТА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН DEVELOPMENT OF ECOLOGICAL AUDIT IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
А.Н. РАКАЕВА э.ғ.к.
А.Е. ШАХАРОВА э.ғ.к., доцент
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті А.Н. РАКАЕВА
к.э.н А.Е. ШАХАРОВА
к.э.н., доцент
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева А.Н. RAKAYEVA
C.E.Sc.
А.Е. SHAKHAROVA C.E.Sc., Associated Professor
Eurasian National University named after L.N. Gumilev
Аңдатпа. Қазақстанда және халықаралық тәжірибеде экологиялық аудиттің қалыптасу ерек- шеліктері қарастырылды. Соңғы жылдары халықаралық тәжірибені ескере отырып, экологи- ялық аудиттің атауын алған, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту міндеттерін шешуге бағытталған кәсіпорындардың бастамашылық қызметі ерекше маңызға ие болуда. Оның Қазақстан экономикасындағы рөлі және кәсіпорындарға экологиялық саясатты, қоршаған ор- таны қорғау саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі бағдар-ламаларды қалыпта- стыруға жәрдемдесу көрсетілген. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экологиялық қызметін бағалауда аудиторлар тап болатын проблемалары анықталған. Оның басты артықшылығы - қосымша қаржы салымынсыз қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқаруды күшейту мүмкіндігі. Экологиялық аудит жүргізуге кәсіпорындардың қызығу-шылығын артты- ру ұсынылды. Экологиялық аудит мазмұны экологиялық талаптар мен стандарттарға сәй- кестігін тексеруден басқа келесі параметрлердің: табиғат қорғауды реттеу органдары қызметінің тиімділігі; аумақтың экоменеджмент жүйесінің жай-күйі және таралуы; оның эколо- гиялық, статистикалық және қаржылық есептілігінің бірыңғай жүйесінің болуы; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қаржы ағындарын пайдалану тиімділігінің міндетті есебін қамтитын аумақтық пайда болуының жүйелі көп қырлы сарапта- малық бағасы ретінде ашылады.
Аннотация. Рассмотрены особенности становления экологического аудита в Казахстане и в международной практике. В последние годы, с учетом международного опыта, особую зна- чимость приобретает инициативная деятельность предприятий, направленная на решение задач минимизации негативного воздействия на окружающую среду, получившая название экологического аудита. Показаны его роль в экономике Казахстана и содействие предприя- тиям в формировании экологической политики, программ по осуществлению мероприятий в сфере охраны окружающей среды. Выявлены проблемы, с которыми сталкиваются ауди- торы при оценке экологической деятельности хозяйствующих субъектов. Главное его пре- имущество – возможность усиления управления охраной окружающей природной среды без дополнительных финансовых вложений. Предложено повышать заинтересованность предприятий в проведении экологического аудита. Раскрывается содержание экологиче- ского аудита как системной многогранной экспертной оценки территориального образова- ния, включающей помимо проверки соответствия экологическим требованиям и стандар- там обязательный учет следующих параметров: эффективность деятельности органов
природоохранного регулирования; состояние и распространенность системы экоменедж- мента территории; наличие единой системы ее экологической, статистической и финансо- вой отчетности; эффективность использования финансовых потоков в сфере природо- пользования и охраны окружающей среды территориального образования.
Abstract. The features of the formation of environmental auditing in Kazakhstan and in international practice are considered. In recent years, taking into account international experience, the initiative activities of enterprises aimed at solving the problems of minimizing the negative impact on the environment, which has received the name of an environmental audit, gain special significance. Its role in the economy of Kazakhstan and assisting enterprises in formulation of environmental policies, programs on the implementation of measures in the field of environmental protection is presented. The problems that auditors face in assessing the environmental activities of business entities are identified. Its main advantage is the possibility of strengthening the management of environmental protection without additional financial investments. It was proposed to increase the interest of enterprises in conducting environmental audits. The content of the environmental audit as a system of multi-faceted expert assessment of a territorial entity is revealed, which includes, in addition to checking compliance with environmental requirements and standards, the mandatory consideration of the following parameters: the effectiveness of environmental regulation authorities; the state and extent of the environmental management system of the territory; availability of a unified system of its environmental, statistical and financial reporting; the effectiveness of the use of financial flows in the field of environmental management and environmental protection of a territorial entity.
Түйінді сөздер: экологиялық аудит, аудиторлар, қоршаған орта, табиғатты пайдалану, эко- логиялық саясат, қаржы ағындары, құқықтық және нормативтік база.
Ключевые слова: экологический аудит, аудиторы, окружающая среда, природопользова- ние, экологическая политика, финансовые потоки, правовая и нормативная база.
Keywords: environmental audit, auditors, environment, environmental management, environmental policy, financial flows, legal and regulatory framework.
Кіріспе. Қазіргі кезеңде қоғам мен та- биғаттың өзара қарым-қатынасы табиғатты рақымсыздықпен пайдаланудан және қор- шаған ортаны ластаудың теңдессіз кө- лемде болуынан көрінеді, ол көп мөл- шердегі құрбандық пен өсе түскен мате- риалдық шығындары бар техногенді ава- риялар мен апаттардың санын арттыратын стихиялық апат тудырады.
Осыған байланысты, мойындау қоғам- ның тұрақты экологиялық қауіпсіз дамуын қарастыратын экология мен экономиканың талаптарын біріктіруге бағытталған теория мен концепцияны алады. Потенциалды және бар экологиялық-экономикалық мәсе- лелерді шешуге дәстүрден тыс барынша перспективалық жол экологиялық аудит болып саналады.
Экологиялық аудит жүргізу шын мә- нінде мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық экологиялық бақылаумен өзара байла- ныстағы экологиялық кәсіпкерлі қызметінің кәсіби түрін білдіреді. Сөйте тұра, аудит жүргізу қоршаған ортаны қорғау мәселе- лерін шешуге апаратын жолдың принципті түрде сапалы өзгерісінің пайда болуы ретінде қарастырылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, эколо- гиялық проблемаларды табысты шешудің және экологиялық апаттардың алдын алу- дың негізі – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экология- ландыру болып табылады.
Жаңа салық нормаларына қарамастан, экологиялық төлемдер жүйесі қоршаған ортаның ластануын экономикалық ынта- ландыру бойынша төмендетуін қамтамасыз етпейді. Сондықтан басқарудың барлық деңгейлерінде табиғатты қорғау мұқтаж- дарына арналған экологиялық қаражаттың мақсатты жоспарлануына және жұмса- луына қатаң бақылау қажет.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Жүйелі тәсіл принциптеріне негізделген.
Экологиялық аудиттің ерекшелігі – пайда- ланылатын әдістер мен рәсімдерге өз іздерін қалдырады, олардың тізбегін едәуір кеңейтеді. Негізгі экологиялық аудит объ- ектілерін зерттеу диаклектикалық әдіс бо- лып табылады. Индуктивті және дедуктивті әдістер экологиялық жүйені зерттеу кезінде бөлінетін әдіс ретінде қолданылады, ұйым- ды басқару оның мақсаттары мен міндет- терін тұтастай алғанда, кәсіпорынның эко- логиялық саясатына сәйкестігі: эколо-
гиялық есеп жүйесін ұйымдастыруды баға- лау кезінде, осы жүйелердің өзара іс-қи- мылының тиімділігі артады. Ұйымның эко- логиялық менеджмент жүйесін зерттеу ба- рысында дедуктивті әдіс қолданылады.
Кәсіпорынның экологиялық саясатының мақсаттары мен міндеттерінің жалпы сәй- кестігі: ұйымның экологиялық есеп жүйесін, көрсетілген жүйе бойынша тиімді қызметін бағалау.
Индуктивті әдіске сәйкес зерттеу объ- ектісі біртіндеп, яғни, жекеден жалпыға өту арқылы жүзеге асады. Жалпы қоры- тындысы көптеген бақылаулар мен жер- гілікті қорытындыға байланысты негізде- леді. Индуктивті әдіс арқылы жеке құ- былыстар мен процестерге басты назар аударылады: технологиялық процесс дең- гейі, негізгі құралдар объектілері, өндірістің және тұтынудың қалдықтары, қоршаған ор- таны қорғау және т.б. шығындарын есепке алу секілді, есепке алудың жеке бөлімдері.
Анықталған жетіспеушіліктер белгілі бір қорытындыға жетуге, нәтиже және ұсыны- стар жасауға мүмкіндік береді. Экологи- ялық аудитте, негізінен, экоауди-торлық тексерістермен, аудиттің мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерімен түсін- дірілетін индуктивті әдіс қолданылады.
Нәтижелер және оларды талқылау.
Экологиялық аудит ерікті (бастамашылық) және міндетті түрде болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, экологиялық аудит жүргізу мемлекеттік емес бастама- шыл қызмет ретінде маңызға ие, өйткені оған шаруашылық субъектісінің өзі мүд- делілік танытады.
Қазіргі таңда Қазақстанда экологиялық аудит жүргізу ерікті түрде болып саналады, сондықтан осы саладағы қызметтің бағыты мен әдістемелік әзірлемелер тапсырыс беруші кәсіпорынның қажеттілігіне байла- нысты жүзеге асырылады, басқаша айт- қанда, көрсетілетін экоаудиторлық қызмет- тің практикалық қажеттілігімен шарттасады.
Қазақстанда кәсіпорындардағы эколо- гиялық аудитті жүргізудің өзектілігінің эко- номикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері бар.
Жаһандық экологиялық мәселелер әлемдік экономикалық және әлеуметтік мәселелермен тығыз байланысты, бірақ олардың күмәнсіз маңызына қарамастан, кәсіпорындар осы салада инвестиция салудан болашақтағы пайдасын сезінбес- тен, табиғатты қорғау қызметінен үнемдеуді жалғастырып келеді.
Бастамашыл экологиялық аудитті әзір- леу мен жүргізудің негізгі себептері эконо- микалық факторлар болып отыр (1 сурет).
Суретте көрсетілгендей, кәсіпорындар- да экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдауға факторлардың үш тобы мәжбүр етеді. Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік себептер өзара бір-бірімен жиі байланысты болады. Сонымен, қор- шаған ортаның жағдайының төмендеуі та- биғат әлемінің деградациясына, экожүйе- нің күйреуіне және ұлт денсаулығының әлеуметтік мәселелерінің туындауына, өмірдің экологиялық сапасының нашар- лауына әкеледі, сонымен бір мезетте, эко- номикаға шығын әкеледі, өйткені қоршаған табиғи ортаға экологиялық зиян келтірілгені үшін және зиянды қалдықтар үшін ақы төлей отырып, кәсіпорын зиян шегеді. Жер қыртыстарының, су қоймаларының, атмо- сфералық ауаның ластануы, табиғи ре- сурстардың сарқылуы, сияқты жаһандық экологиялық мәселелердің туындауы адам- зат өркениетінің азуына әкеліп соғады.
Бәрінен бұрын, табиғатты қорғау қыз- метін оңтайландырудың ең күшті стимулін көрсету керек – ұлттық, әсіресе, халық- аралық инвестициялық салымды тарту, олардың көпшілігі міндетті түрде эколо- гиялық аудит жүргізуді талап етеді. Бірінші орында, бұл талаптар Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларға қатысты болады. Бұған дейін айтылғандай, мұндай жағдайда аудит жүргізу экологиялық қызметтің нарықта әрекет ететен негізінен батыс фирмалары арқылы маманданды- рылған банк әдісімен жүргізіледі. Алынған аудиторлық қорытынды жобаны инвести- циялау туралы банктің ақырғы шешіміне ықпал етеді.
Аудиторлық оң қорытындыны алу батыс инвестициясын алуға ниеттенген кәсіпорыннан экологиялық саладағы алдын ала зор дайындық пен белсенді қызметтің болуын талап етеді. Инвестициялық жоба- ларды жүзеге асыруға дайындау мақса- тында, компаниялардың экологиялық ерікті аудиті бағдарламасын әзірлеу мен жүргізу маңызды рөл атқарады.
«Экологиялық сараптама туралы»
2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 заңының күшіне енуіне байланысты, кәсіпорындарға кездескен тағы да бір өзекті себеп ретінде әзірленетін жоба алды және жобалық материалдарды жобалау мен бағалауға қойылатын талаптың күшейтілгенін атап көрсеткен жөн. Атап айтқанда, кез келген
жоба алды және жобалық шешімдер қыз- мет аясы жүргізілетін аудандағы нақты іс жүзіндегі экологиялық жағдайда қарасты- рылуы керек, оған қолданыстағы эколо- гиялық бақылау мен басқару жүйесінің тиімдігі де қамтылады. «Оқшауланған»
шешім экологиялық сараптамадан оң бағалануы мүмкін емес. Мұндай ақпаратты жобаның тапсырыс берушісі немесе жоба- лаушыға экологиялық аудиттің тиісті бағ- дарламасы қамтамасыз етуі мүмкін.
1 сурет – Қазақстандық кәсіпорындардағы экологиялық аудитті жүргізудің практикалық қажеттілігінің себептері
Экологиялық аудитті жүргізудің прак- тикалық қажеттілігімен шарттасатын фак- торлардың үшінші тобы – әлеуметтік фак- торлар. Мұндай факторларды кәсіпорын- ның «жасыл» имиджін жасау және қо- ғамдастық пен тұрғылықты халықпен ара- дағы қарым-қатынас ретінде белгілейміз.
Біздің мемлекетімізде қоғамдық пікір зор маңызға ие. Батыстың көптеген да- мыған мемлекеттір сияқты, Ресейде де та-
биғатты пайдаланушы-кәсіпорындармен, қоғам мен тұрғындардың арасындағы өзара қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі. Осы өзара қарым-қатынасты сауатты құра білу өндірілетін өнім мен қызметтердің жар- намасына, беделге әсер етеді, ол өз ке- зегінде сатып алу сұранысының, кәсіпорын акцияларының құнының, пайдасының ар- туынан көрінуі мүмкін. Өндірістік қызметке ықпал ететін, мүдделілік танытқан тұлға Қазақстандағы экологиялық
аудит жүргізудің тәжірибелік шарттылығы
Экономикалық қажеттілік
Экологиялық қажеттілік
Әлеуметтік қажеттілік
Инвестициялық процесс Экологиялық сараптама
Жекешелендіру Экологиялық сақтандыру мен
экологиялық сертификаттау
Экологиялық бақылау және басқару органдарымен
байланыс
Табиғи ресурстардың
сарқылуы
Қоршаған орта жағдайының
нашарлауы
Кәсіпорынның
«жасыл имиджі»
Қоғаммен және тұрғындармен қарым-
қатынас
Апаттың алдын алу
Күрделі кикілжің жағдайды реттеу
ретінде кәсіпорынның қоғам және тұр- ғындармен қолайлы қарым-қатынасының дамуы қоршаған табиғи ортаға кәсіп- орынның (экономикалық субъектінің) тигі- зетін әсері туралы тиісті әрі жеткілікті ақпа- ратты жүйелі және мақсатты түрде ойла- стыруын мүдделі және жауапты тұл- ғалардың назарына кәсіпорынның эколо- гиялық мақсаты мен міндеттері туралы, экологиялық саясат пен оны жүзеге асыру барысында алынған нәтижелерді жеткізуді талап етеді. Мұндай ақпараттардың тиім- ділігін арттыру үшін оны қоғам мен тұрғын- дарға қолайлы және қолжетімді формада ұсынған жөн. Мұндай міндеттер экологи- ялық аудит жүргізу негізінде ше-шілуі мүмкін. Экоаудит бағдарламасы кәсіпорын- ның дәл сол «жасыл» имиджін көтеру мәселесін шешу үшін арнайы қалыптасты- рылған болуы мүмкін.
Экологиялық аудит, негізінен, қоғам мен табиғат арасындағы нақты бір үн- дестікке қол жеткізу механизмі болып сана- лады, өйткені оны жүргізу, бір жа-ғынан, кәсіпорындардың кері әсерлерінің жиынтығын қысқарта отырып, табиғатқа деген адамдардың қатынас сипатының өзін өзгерте отырып, табиғи ортаны қорғайды, ал екінші жағынан, табиғатты қорғау қызметін күшейтудегі нақты кәсіпорынның материалдық стимулын жасайды
Қазақстанда және шет елдерде экологиялық аудиттің ондаған тапшылықты түрлері бар. Мұндай әралуандылық біздің көзқарасымыз бойынша, мына себеп- термен шарттасады:
● мәселенің жете зерттелмеуі: эко- логиялық аудит түсінігі әлі де экономи- калық-экологиялық теорияда және практи- када білімнің кешенді қалыптасқан жүйесі түрінде логикалық аяқталған әрі түпкілікті мәні түсіндірілген жоқ;
● бір жағынан тәжірибеде аудитор- лардың, екінші жағынан ғалым-теоретик- тердің арқасында экологиялық аудиттің әрдайым ізденісте әрі жаңа формаларының ашылуы;
●экоаудит объектілерінің жеткілікті түр- де кең спектрінің, оның механизмі әрекеті- нің ауқымды саласы, тиісінше, «экология- лықаудит»түсінігініңөзініңкөпқырлыболуы.
Экологиялық саладағы техногендік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық аспектілері Г.П. Серов, С.Л. Байдаковтардың еңбектерінде, сон- дай-ақ жұмыстардағы экологиялық аудит мәселесі бар контекстерде барынша толық талқыланған. Кәсіпорынның экологиялық аудитін ескере отырып, Г.П.Серов өз
мақсатын «экологиялық саладағы қауіп- сіздікті қамтамасыз етудің ұйымдық-құ- қықтық механизмнің бірі ретінде эколо- гиялық аудит рөлін зерттеу және негіздеу»
деп көрсетеді. Кең мағынасында алғанда, экологиялық аудит дегеніміз Қазақстанның экологиялық саладағы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық-құқықтық ме- ханизмі ретінде көрсетілген [1].
Өз кезегінде, кәсіпорынның және та- биғи объектілердің экологиялық қауіпсіздігі басқа сипаттағы бірқатар шараларды қамтамасыз етеді: экологиялық монито- ринг, техникалық сараптама және т.б.
Табиғи объектілер тарапынан болатын қауіптің күшін жою жөніндегі іс-шаралар кешеніне табиғи объектілердің ластануын сауықтыру, оның табиғи ерекшеліктерін қайта қалпына келтіру жөніндегі шаралар қосылуы мүмкін.
Нақты бір саладағы белгіленген нор- мативтерге сәйкессіздіктерін бағалау нәти- жесі бойынша кәсіпорынды азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартқан жөн.
Қазіргі таңдағы экологиялық мәселе- лердің тереңдеп кетуіне және объектілер- дің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі қоғамдық өзіндік қатынастар тобының туындауына байланысты, мәселенің мәнін шешуге ке- шенді түрде жаңа негізбен келуге принципті түрде мүмкіндік беретін амал-тәсілдер мамандарды барынша қызықтырып отыр.
Мұндай механизмді экологиялық менедж- мент пен экологиялық аудит көрсетеді, оларға практикалық іске асыруда үлкен үміт артылады [2].
Территорияның экологиялық аудиті нақты бір жер телімінің табиғи-ресурстық әлеуетін бағалауға, кері табиғи және табиғи-техногенді процестерді анықтауға, қоршаған ортаға техногенді әсерлердің түр- лері мен деңгейін айқындауға бағытталған.
Бұл бағыттың маңыздылығын Батыс ерте түсінді [3].
Экологиялық аудиттің осы түрінің өзектілігі территория, жер қойнауы мен биоресурстарды рационалды пайдалану мен қорғау мәселесінің жаһандануымен шарттасады. Сонымен, заманауи өркениет- тің туындаған сәтінен бастап жер шарының 1/3-тен астамын орман алаңы құрады [4].
Мұхиттардың мұнай өнімдерімен, синтети- калық құралдармен, улы химикаттармен, ерімейтін пластиктермен ластануы шексіз мөлшерге жетті. Мұхиттың бетінің 1/5 бөлігі мұнай қабықшасымен жабылған деген пікір бар. Өмірдің басты іргетасы – Жер бетінің
үстіңгі бетіндегі жер қыртысы түгелдей деградацияға ұшыраған. Егер қара топы- рақтың бір сантиметрі 300 жылда жинақ- талатын болса, ал қазір бір сантиметр жер қыртысы үш жылда жойылып отыр.
Территория мен жер қойнауының ең әлсіз бөлігі тұщы су мен қазба байлықтар болды. Ағын сулар, пестицидтер (арам- шөпті, өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препарат), тыңайт- қыштар, сынап, мышьяк, қорғасын және басқа да көптеген заттар сансыз мөлшермен өзендер мен көлдерге түсіп жатыр. Дунай, Волга, Байкал көлі, Ресейдің кіші өзендері, жерасты сулары әбден ластанған. Жер қойнауының артық қорлары – мұнай, көмір, газ сарқылуда [5].
Қалаларға экологиялық аудит жүргізу керектігі анық. Зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетуі тек бірқатар кәсіп- орындардың территориясында ғана емес, қалалардың да аумақтарында байқалып отыр. Әсіресе, қалалық транспортты ке- ңінен қолдану үлкен зиян әкеліп отыр. Осы мәселеге байланысты, сырқат адамдардың саны көбейіп келеді, әсіресе, обыр ауруы мен жүрек-қан тамырлары аурулары өсе түскен. Қалалардың айналасындағы терри- ториялар тұрмыстық және өндірістік қал- дықтардың үйіндісіне айналған.
Осылайша, көзге көрініп тұрған мәсе- лелерге мына міндеттерді шеше отырып, экологиялық аудитті білдіретін жаңа сапалы шешімдерді табудың қажеттілігі туындайды:
■ жер телімдері мен жер қойнауының құнын бағалау;
■ экожүйеқұрылымдарыноңтайландыру;
■ белгіленген нормативтерге сәйкес, территориядағы антромогенді жүктеменің дәрежесіне сәйкес бақылау жасау;
■ топырақтың құнарлылығын сақтау;
■ табиғат ескерткіштерін: ұлттық ор- мандар, жазық дала, өзендер мен көлдер, ландшафтар, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
Қазіргі кезде территорияның эколо- гиялық аудиті жылжымайтын мүліктің опе- рацияларымен, жер телімдерінің мәміле- сімен бірге жүргізіледі. Өзендер мен көл- дер, орман алқабы, қалалар мен экожүйе- нің міндетті экологиялық аудиті мемлекеттік билік органдарының өкімімен жүргізіледі.
Қоршаған ортаның компоненттерінің бірінің жай-күйіне баға беру немесе кешенді аудит жүргізілуі мүмкін [6].
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда эко- логиялық аудит дамуын енді ғана бастады.
Мемлекет Президентінің Қазақстан Хал-
қына арнап жолдаған 2006 жылғы 1 науры- здағы Жолдауында берілген тапсыр- маларды орындау үшін, заң шығарушы билікке маңызды жұмыс бәрінен бұрын та- биғатты қорғау заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес реформалау болып отыр. 2007 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды, ол қазақ елінің экологиялық заңнамасын су жаңа халықаралық стан- дарттарға сәйкестігіне негізделген бола- тын, сондай-ақ онда халықаралық жаңа стандарттарға өту, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру көзделген. Осы Эколо- гиялық кодекстен басқа Қазақстанда бір- қатар заңнамалық және үкіметтік актілер қабылданды, олар өз кезегінде ұйымның экологиялық саясатының қалыптастыры- луын анықтайды.
Бүгінгі таңда көптеген практик ауди- торлар мен ғылым өкілдері экологиялық аудитті зерттеумен айналысып жатқанына қарамастан, экологиялық аудиттің өте ма- ңызды әрі өзекті мәселелері өте аз зерт- теліп отыр. Бүгінгі күні ғылыми зерттеуден Қазақстандағы экологиялық аудиттің даму концепциясын әзірлеуге қатысты теория- лық, әдіснамалық және практикалық базаға негізделген бағыты тыс қалып отыр.
Мұндай концепцияны қалыптастыру үшін кезек күттірмей шешімін табуды талап ететін бірқатар ғылыми мәселелер бар. Ең басты мәселе деп Қазақстандағы эколо- гиялық аудиттің теориялық негіздерінің өте аз зерттелгенін айтуға болады. Осы мәселе экологиялық аудиттің ғылыми зерттелуіне осы саладағы жетекші ақыл-ойлардың да, жас ғалымдардың да тарапынан аз көңіл бөлуден басталады. Бүгінгі күнге заманауи қаржылық есептілікте негізгі экологиялық көрсеткіштер жоқ – бұл сөзсіз Қазақ- стандағы экологиялық аудиттің дамуы тұрғысында үлкен кемшілік болып сана- лады. Аталған мәселе ұйымның шаруа- шылық қызметінің экологиялық көрсеткіш- терінің «ашықтығы» төмендеуіне тіпті бол- мауына әкеп соғады. Қаржылық есептіліктің өзгерісі негізгі экологиялық көрсеткіштерді баланс бабына енгізу жолымен, яғни эколо- гияландырылған балансты жақын бола- шақта құрал-саймандық қаражат ретін-де қолдану мынаған мүмкіндік береді: табиғат- ты қорғау шығындарының есепті-лікте көрініс табуын стандартқа келтіру; сондай- ақ толық көлемде экологиялық шектеулер анықталған кезде кәсіпорынның экономи- калық қызметіне жедел бақылау жасауды жүзеге асырады; экологиялық факторды ескере отырып, түзетілген, мәлі-меттердің
негізінде басқару шешімдерін қабылдауды іске асырады [қараңыз 6].
Экологиялық аудитті жүргізудің мақ- саты тексерілетін объектінің экологиялық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды жасаумен аяқталатын аудиттің түріне (қар- жылық, техникалық, басқарушылық) байла- нысты болмақ. Экологиялық аудиттің негізгі міндеттері жалпы аудиттің міндеттерімен ұқсас, алайда өз ерекшеліктері болады, ал егер нақтырақ айтқанда: компанияның өнді- рістік қызметі туралы нақты ақпарат жи- нақтау мен оның негізінде кәсіпорынның нақты экологиялық жағдайына қатысты басқару шешімдерін қабылдау үшін алғы- шарттар мен қорытындылар жасау (өнді- рістің қалдық сыйымдылығы, экологиялық сыйымдылығы, зиян сыйымдылығы, жаб- дықтар мен технологияларды экологиялық бағалау, өнімнің сапасы).
Қазақстандық аудиторлар айрықша назарды экологиялық бақылау қаражат- тарын аудит жүргізетін тұлғалардың тиімсіз қолдануы туралы айғақтайтын жағдайларға бөлуі тиіс. Сонымен қатар, кәсіпорын өн- дірген және (немесе) оның қызметінің сал- дарынан өнімдерге деген тіркелген ша- ғымдар, сондай-ақ құзіретті органдар жүр- гізген тексерістердің нәтижелері (шағымда айтылғандай да, сондай-ақ жоспарлы рет- пен жүзеге асырылғандары да) ерекше қарастыруды қажет етеді [7].
Әдеттегі қаржылық тексерісті жүргізетін кез келген аудитордан (бастапқыда таби- ғатты қорғау мәселесімен шарттаспаған) экологиялық тақырыптардың салалары бойынша өзіне тән білімді игергенін күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда, сырт та- раптан эколог мамандарды жұмысқа тарту қажеттілігі туралы мәселе шығады.
Соңғысы, мәселен, учаскінің ластану дең- гейі мен сипатын бағалауды жүргізеді, тиісті заңнамалық талаптарға қажетті түсіндірулер береді, олардан шығатын ша- руашылық жүгізуші субъектілерінің міндет- темелерін бағалайды және территорияны тазалауды барынша рационалды қолдану туралы пікір білдіреді. Тексеріс барысында аудиторға шаруашылық жүргізуші субъек- тінің басшысымен сараптамалық бағалау нәтижелерін талқылап, сондай-ақ кәсіп- орында экологиялық мәселелерге қатысты сотта істің қаралу мен айыппұлдардың ықтималдылығының алдын алуға және талдау жасауға бағытталған процедуралар қолданылатын, қолданылмайтынын анық- тап алғаны жөн. Атап айтқанда, аудит жүргізілетін тұлғада білікті заң кеңесін алуға мүмкіндіктің бар-жоқтығына қызығушылық
танытуы керек. Кәсіпорынның штатында табиғатты қорғау заңнамасын жүргізетін заңгердің болуы қолайлы фактор болып саналады [8].
Тұжырымдар. 1. Экологиялық аудит экологиялық сараптамен қатар эколо- гиялық инспекциядан тең құқылы жағдайға ие болуы керектігін айту керек. Оның басты артықшылығы болып экологиялық аудит қосымша қаржылық жұмсалымдарсыз қор- шаған табиғи ортаны қорғауды басқа-руды күшейтуге мүмкіндік беретіндігі са-налады.
Сондықтан мемлекет экологиялық аудиттің дамуына және оның жұмыс істеуі үшін тиісті құқықтық әрі нормативтік базаларды жа- сауға мүдделі.
2. Экологиялық аудит экологиялық есепке алуға негізделген болуы керек. Эко- логиялық есепке алу түсінігі әлі де толық мағынаға ие болған жоқ және экономика- лық-экологиялық теория мен практикада білімнің кешенді қалыптасқан жүйесі түрін- де логикалық аяқталмаған, алайда жасыл экономиканың дамуы мен табиғатты қорғау іс-шараларына көңіл бөлудің артуынан таяу уақыттарда ЖОО-лардың лекция зал- дарына және басқа да білім беру мекеме- лерінде экологиялық аудит жөнінде лекци- ялар оқылуы және экологияландырылған қаржылық есептілік жасауға оқытуы әбден мүмкін.
3. Жергілікті сарапшылар мен эколо- гиялық аудиторларды бірлескен жобалар- ға қатысуға ақпараттың жеткілікті көлемін және жергілікті жағдайларды тереңірек түсінуді қамтамасыз ету үшін ғана емес, табиғат қорғау қызметін басқару жөніндегі дағдыларды әзірлеу үшін де тарту керек.
4. Экологиялық аудит жүйесін енгізу жөніндегі зерттеулердің жеткіліксіз ғылыми әзірленуі және оларды жүргізу процесін жетілдіру жөніндегі практикалық ұсыным- дарға едәуір қажеттілік одан әрі терең зерттеуді талап етеді.
Әдебиеттер тізімі
1 Серов Г.П. Экологический аудит и эко- аудиторская деятельность. – М.: ИД "Дело", 2008 . – 407 с.
2 Хан Ю.А. Конкурентоспособность аг- рарного сектора в условиях ВТО// Проблемы агрорынка. -N3.- 2017. – С.13-20.
3 Ayres R. U. Business as a Living System:
The Value of Industrial Ecology/ R. U. Ayres, L.
W. Ayre //California Management Review, 2001.
– Vol. 43. - № 3. - PP.16-25.
4 Банк C.B. Сравнительная характерис- тика отечественных и зарубежных стандар- тов отчетности// Аудитор.-2005.- №2.-С.46-53.
5 Смагулова Ш.А., Доскеева Г.Ж., Радько Н.М. Развитие агропромышленного ком- плекса Республики Казахстан // Проблемы агрорынка. – 2015.-N3. – С.14 – 20.
6 Шарипов А. К. Развитие экологического аудита в Республике Казахстан // Молодой ученый. – 2012. – №5.– С. 257-260.
7 Хоружий Л.И. Вопросы аудита го- сударственной помощи сельскохозяйствен- ных организациях/ Л.И. Хоружий, H.A. Ко- корев, В.И. Чикановский // Экономика сель- скохозяйственных и перерабатывающих предприятий.- 2005. - №11 - С. 33-38.
8 Ержанов М.С. Практическое приме- нение экологического аудита в различных хозяйствующих субъектах // Туран. - 2013. -
№ 2 – С.137-144.
Әdebietter tіzіmі
1 Serov G.P. Jekologicheskij audit i jekoauditorskaja dejatel'nost'. – M.: ID "Delo", 2008 . – 407 s.
2 Han Ju.A. Konkurentosposobnost' agrar- nogo sektora v uslovijah VTO// Problemy agrorynka. -N3. - 2017. – S.13 – 20.
3 Ayres R. U. Business as a Living System: The Value of Industrial Ecol¬ogy/ R. U.
Ayres, L. W. Ayre //California Management Review, 2001. – Vol. 43. - № 3. - PP.16-25.
4 Bank C.B. Sravnitel'naja harakteristika otechestvennyh i zarubezhnyh standartov otchetnosti // Auditor.- 2005.- №2.- S. 46-53.
5 Smagulova Sh.A., Doskeeva G.Zh., Rad'ko N.M. Razvitie agropromyshlennogo kompleksa Respubliki Kazahstan // Problemy agrorynka. – 2015.-N3. – S.14 – 20.
6 Sharipov A.K. Razvitie jekologicheskogo audita v Respublike Kazahstan // Molodoj uchenyj. – 2012. – №5.– S. 257-260.
7 Horuzhij L.I. Voprosy audita
gosudarstvennoj pomoshhi
sel'sko¬hozjajstvennyh organizacijah/ L.I.
Horuzhij, H.A. Kokorev, V.I. Chikanovskij //
Jekonomika sel'skohozjajstvennyh i pererabatyvajushhih predprijatii.- 2005. - №11 - S. 33-38.
8 Erzhanov M.S. Prakticheskoe primene- nie jekologicheskogo audita v razlichnyh hozjajstvujushhih sub#ektah // Turan. - 2013. -
№ 2 – S.137-144.