• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

70

Қосымша 4

71

Сонымен қатар, ротация директорлар үшін ынталандыру құралына айналу керек. Ауылдан, аудан орталығына, не болмаса қалаға мектеп директорларын ауыстыру мүмкіндіктері қарастырылуы керек.

Республика бойынша 340 білім беру ұйымдарында мектеп басшысына қажеттілік мәселесі де бар.

Елімізде жоғары жылдамдықта интернет жылдамдығы (20 мбит/с және одан жоғары) бар білім беру ұйымдары жалпы білім беру ұйымдарының 48,9%-тін құрайды. Халықаралық электр байланысы одағының (бұдан әрі - ХЭБО) ұсынысына сәйкес келмейтін мектептердің үлесі – 51,1 %. Техникалық мүмкіндіктері мен ХЭБО ұсынысына сәйкес келмейтін білім беру ұйымдарының үлесі – 36,3%.

Аталмыш көрсеткіш шағын жинақты мектептер үшін виртуалды сабақтар өткізуге кедергі келтіреді. Себебі сауалнама нәтижесінде ата-ана жұртшылығы балаларын оқу сессияларына бармайтындарын жеткізді.

Аталмыш проблеманың қазірде бар шешімдері

Қазақстан Республикасы Президентінің

2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында келесі іс-шаралар қарастырылған:

-шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде бір мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту;

-робот техникасы, химия, биология, физика, STEM пәндерінен кемінде 7000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу;

-компьютерлері жоқ балаларға арналған ұйымдастыру техникасын жалға беру бағдарламасын іске қосу және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылардың компьютерлерді өтеусіз жалға алуына мүмкіндік беру;

- барлық қалалар мен аудандар орталықтарында кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету [45]

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап уәкілетті органның 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Ротация қағидалары) сәйкес басшыларды ротациялау процесі іске қосылды.

Жалпы білім беруді дамыту бойынша стратегиялық бағыттар белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі -Тұжырымдама) бекітілді.

Аталған тұжырымдамада ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту үшін келесі шаралар қарастырылған:

математикалық модельдеуге арналған зертханалық жұмыстар, виртуалды зертханалар, симуляциялар жинақтарын әзірлеу;

«Мобильді мұғалім» (шағын жинақты, ауылдық мектептерде оқыту сапасын қолдау және арттыру), «Нәтижелілігі төмен

72

мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы» және «Қамқор жанұя» (оқушылардың елді мекендегі отбасында тұруы) жобаларын іске асыру;

ауыл мұғалімдері үшін еліміздің үздік педагогтерімен, «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары мектеп оқушыларына арналған онлайн консультациялар өткізу;

мектептер жанындағы интернаттарды жаңғырту, интернатта тұру үшін жағдайды жақсарту.

Педагогтердің мәртебесін көтеру, құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 2019 жылы қабылданды.

Республиканың барлық қала мектептеріне (1605) жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілді.

Артықшылықтар:

1) «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы шеңберінде педагогтердің қызметінің тартымдылығын арттыратын әлеуметтік кепілдіктер мен еңбекақылары көтерілді. 2020 бастап жылсайын педагогтердің еңбекақысы 25% ұлғайып, 2023 жылы 100%-ке өсіп орташа еңбекақы мөлшері 342 625 теңгені құрады;

2) педагог тапшылығы жоғары аймақтарға әлеуметтік қолдау арқылы білікті педагогтерді жіберу қарастырылуда;

3) ШЖМ-нің білім алушыларын сапалы білімге қол жеткізу үшін 582 магнитті мектеп 191 тірек мектебіне бекітілген;

4) 2021 жылдан бастап педагогтердің жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендетілді;

5) білім беру ұйымдарына білікті жас мамандарды тартуда диплом бойынша GPA 3,5 болуы талап етіле бастады;

6) педагог мамандығына талапкерлердің оқуға түсуі үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балы 75 балға дейін ұлғайтылды.

Мұғалімдікті таңдаған «Алтын белгі» төсбелгісін алған мектеп түлектерінің саны екі есеге артты;

7) жан басына шаққандағы қаржыландыру білім беру ұйымы басшының басқарушылық және қаржылық дербестіктігіне жол ашты.

Республика бойынша 514 директор ротацияланды;

Кемшіліктер:

1) ротациялау қағидаларында: қарастырылмаған:

- зейнеткерлік жасқа үш жыл немесе одан кем қалған бірінші басшыларды ротациялауға жатқызбау;

- мүдделі стейкхолдерлердің бірінші басшыны бағалауға қатыспауы;

- мектеп басшысын білім беру ұйымына орналастыру механизмі нақтыланбаған.

2) педагогтердің жетіспеушілігі, біліктіліктерінің төмендігі білім сапасын көтеруге кедергі келтіруде;

3) ауылдық елді мекендерде материалдық-техникалық базаның сын көтермеуі, интернет жылдамдығының төмендігі, тіпті интернеттің қолжетімсіздігі;

4) сауалнамаға қатысқан респонденттердің 70%-тен астамы балаларының оқу сессияларына бармайтынын жеткізді;

5) сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 83%-і балаларының интернатта тұрып оқуын құптамайды;

73

6) интернет жылдамдығының төмендігі;

7) жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мектеп директорына қаражатты басқару функциясын қосып отырғандықтан, оның шығармашылық жұмыспен айналысуына уақыт жеткіліксіз.

Аталмыш проблеманың ұсынылатын шешімі

Білім сапасын арттыру, тең білімге қол жеткізуді жүзеге асыру:

1. Шағын жинақты мектептердің білім сапасын көтеру үшін негізгі пәндер бойынша білікті педагогтердің виртуалды сабақ беруін енгізу:

- Интернет жылдамдығын арттыру қажет;

- Пандемия кезеңінде түсірілген онлайн сабақтар нысанында виртуалды сабақтар контентін әзірлеу коллаборация процесі негізінде жүзеге асыру.

Халықаралық тәжірибе АҚШ

Білім беру бағдарламаларын, контентін әзірлеуде білім беру ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, және мемлекеттік ұйымдармен серіктестік орнатады. АҚШ Ұлттық Ғылым қоры мұғалімдерге арналған онлайн жаратылыстану ресурстарын: онлайн сабақтар, тапсырмалар және интерактивті материалдарды ұсынады.

Финляндияда

Оқулықтар мен білім беру материалдарын әзірлеуші ұлттық корпорация оқулықтар мен басқа да оқу құралдарын әзірлеуде баспалармен серіктестік орнатқан.

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланыс үшін қашықтықтан оқыту платформалары әзірленген. Канада

Learning Resources platformline платформасы мұғалімдерге оқу материалдарын әзірлеуге және таратуға, ал оқушыларға білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Виртуалды сабақ жүйесін іске қосу үшін мемлекет пен жекеменшік ұйымдарды қаржылық сүйемелдеу мен гранттар қарастыруға серіктестік орнату нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Көптеген мемлекеттер онлайн сабақтар мен оқу материалдарын әзірлеу мен тарату, онлайн платформалар дайындауда белгілі Google и Khan Academy: Google и Khan Academy, BBC Learning: Microsoft и BBC Learning, Pearson и IBM: Pearson, Coursera, UNICEF и Cisco компанияларымен коллаборация құрған.

2. Мемлекеттік грант бойынша білім алған педагог мамандығының түлектерін ауылдарға, оның ішінде ШЖМ үш жылға жұмысқа жіберу:

- шәкіртақысына жергілікті атқарушы органның ай сайын қосымша үстемақы төлеуін қарастыру (GPA 3,5-тен төмен болмауы, ШЖМ- де үш жыл жұмыс жасауын міндеттеу);

- алғашқы үш жылда жалақысын қала мұғалімдерінен қарағанда екі есеге көтеру;

-ауылдың инфрақұрылымдарын жақсарту;

-педагогтерді міндетті түрде жылына бір рет емдеу-сауықтыру орындарына жіберу;

74

-ауылда кемінде 5 жыл жұмыс жасаған мамандарға магистрлік, докторлық дәрежеге тапсырғанда ағылшын тілінің қажетті деңгейін төмендету.

3. ЖОО-ның педагогтерді дайындау оқу бағдарламасында педагогикалық практикаға бөлінетін кредит сандарын ұлғайтып, оның өту жиілігін ұлғайту ұсынылады.

4. Мектеп директорларының жұмысын қолдау және бағалау жүйесін құру механизін жетілдіру:

Білім беру ұйымы стейкхолдерлерінің басшыны 360 бағалау құралын енгізу ұсынылады. Бұл білім алушылардың оқу үлгерімі, басқару сапасы, кәсіби дамуы сияқты басқа да аспектілерді қамтуы мүмкін.

Бағалау критерийлері қолдау және бағалау жүйесінің мақсаттары үшін анық, өлшенетін болуы керек.

Бағалау құралдарын әзірлеу: сауалнамалар, сұхбаттар, директорлардың жұмысы туралы сенімді ақпарат жинауға көмектесетін басқа құралдар болуы мүмкін.

Бағалау процесі: жоспарлау, бағалау жүргізу, алынған деректерді талдау және есеп беру кіреді. Процесс нақты ұйымдастырылған, ашық және объективті болуы керек.

Кері байланыс және қолдау: Кері байланыс сындарлы, мақсатты және қолдау көрсетуі керек.

5. Мектеп директорын қаржылық сұрақтардан босату үшін Директордың қаржы жөніндегі орынбасары, ауыл мектептері үшін виртуалды сабақтарды жүргізуге жетекшілік ететін цирфлық сауаттылық бойынша маманды «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысына толықтыру енгізу ұсынылады.

Мүмкіндіктер

Ауыл мектептері білім алушыларының тең білім алуы.

Ауыл мектептеріне білікті және жас мамандардың тапшылығы азаяды.

Директор лауазымының, педагог мамандығының тартымдылығы артады.

Ротация жүргізу процесінің объективтілігі артады.

Тәуекелдер

Мүдделі тараптардың ұсынымдарды қабылдамауы;

Қаражаттың жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі;

360 бағалау жүргізудің объективтілігінің сақталмауы;

Ротациялау салдарынан білікті педагогтердің басшының артынан кетуі;

Онлайн сабақтарды ШЖМ тарапынан сүйемелдеудің болмауы;

Цифрлық құрылғылардың жетіспеушілігі.

Күтілетін

нәтиже Бірінші басшыларды 360 бағалау тәсілін енгізу.

Әрбір мектептің тиімділік көрсеткішіне қарай директорларды орналастыруды жүзеге асыру керек. Ең жоғары жинаған басшыларды көрсеткіші жақсы мектептерге, орташа көрсеткішті мектеп директорларын көрсеткіші төмен мектептерге ротациялау механизмі ұсынылады. Мысалы, басшы-ұйымдастырушы (30-40

75

балл)  басшы-менеджер (40–50 балл), басшы менеджер (40–50 балл)  басшы-көшбасшы (50–75,6 балл).

Тұжырымдамада көрсетілген жоғары жылдамдықты интернетпен білім беру ұйымдарын толық қамтамасыз ету ауыл мектептері, оның ішінде шағын жинақты мектептердегі мұғалім жетіспеушілігін алдын алып, виртуалды сабақтарды іске қосу арқылы сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Талантты мұғалімдер қатарынан жинақталған басшылық лауазымның кадрлық резерві директорлардың тапшылығын төмендетеді, оларды дайындауға кететін шығын көлемін азайтады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын жетілдіру – білікті мамандардың ауылға келуіне ықпал етеді.

Қолданылған

әдебиеттер 1 Пандемия и образование в Казахстане: Серьезные потери и увеличение неравенства Электрондық ресурс. URL:

https://blogs.worldbank.org/ru/europeandcentralasia/post-covid- education-kazakhstan-heavy-losses-and-deepening-inequality.

Жүгінген күні: 30.05.2023 ж.

2 Конкурстың статистикалық мәліметі // Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ресми сайты.

3 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін.

Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары»// Қазақстан Республикасы

Президентінің ресми сайты. URL:

https://akorda.kz/assets/media/files/action-plan-kz.pdf. Жүгінген күні:

31.05.2023 ж.

76

Қосымша 5

2021–2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау туралы ақпарат

Өңір 7 жылдан астам қызмет

ететін директорлар

ағымдағы жылы ротациялаудан

өткендер

ротациялау % қазан айына

дейін ротациялау

жоспары 1 Жетісу

облысы 28 28 100

0 2 Атырау

облысы 12 12 100

0 3 Алматы

облысы 35 35 100

0 4 Ұлытау

облысы

11 11 100 0

5 Астана қ. 20 20 100 0

6 Қостанай қ. 22 22 100 0

7 Павлодар

облысы 23 23 100

0 8 Маңғыстау

облысы 29 29 100

0 9 Ақтөбе

облысы 29 29 100 0

10 Қарағанды облысы

44 44 100 0

11 Ақмола

облысы 16 16 100

0

12 БҚО 34 34 100 0

13 Жамбыл

облысы 33 33 100

0

14 СҚО 9 9 100 0

15 Шымкент

қаласы 68 66 97

2 16 Абай

облысы 36 33 91,7

3 17 Қызылорда

облысы

29 25 86,2 4

18 Алматы

қаласы 21 6 28,6

15 19 Түркістан

облысы 141 39 27,7 102

20 ШҚО 8 0 0 8

Барлығы 648 514 79,3 134

77

Қосымша 6

Білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы, теңге, АҚШ доллары

Жыл/ Год

Білім беру саласындағы

қызметкерлердің орташа айлық жалақысы, теңге/

Среднемесячная заработная плата работников в сфере образования, тенге

ҚР бойынша орташа айлық жалақы, теңге/

Среднемесячная заработная плата по РК, тенге

Білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысы, АҚШ

доллары/Заработная плата работников в сфере

образования, доллар США

2007 36 900 52 400 301

2008 38 300 60 921 318

2009 46 900 67 530 318

2010 49 200 77 566 334

2011 59 200 89 887 404

2012 67 900 102 052 455

2013 69 500 108 941 457

2014 74 800 120 630 417

2015 77 500 125 904 350

2016 99 100 143 047 290

2017 95 700 150 482 294

2018 100 400 163 257 291

2019 119 400 187 510 312

2020 122 200 212 458 296

2021 121 300 241 187 285

78

Қосымша 7

Мектептердің интернет желісіне қосылуы

Өңірлер

Интернеті бар мектептер саны

барлығ ы

ХЭБО ұсынымд

арына сәйкес келетін

%

ХЭБО ұсынымд

арына сәйкес келмейті

н

%

Ақмола облысы 2 555 227 40,9% 328 59,1%

2 Ақтөбе облысы 425 307 72,2% 118 27,8%

3 Алматы облысы 459 338 73,6% 121 26,4%

4 Атырау облысы 219 86 39,3% 133 60,7%

5 ШҚО 358 81 22,6% 277 77,4%

6 Алматы қ. 333 283 85,0% 50 15,0%

7 Астана қ. 162 134 82,7% 28 17,3%

8 Шымкент қ. 255 176 69,0% 79 31,0%

9 Жамбыл облысы 504 215 42,7% 289 57,3%

10 БҚО 381 116 30,4% 265 69,6%

11 Қарағанды облысы 434 253 58,3% 181 41,7%

12 Қостанай облысы 474 181 38,2% 293 61,8%

13 Қызылорда облысы 333 124 37,2% 209 62,8%

14 Маңғыстау облысы 184 123 66,8% 61 33,2%

15 Абай облысы 316 158 50,0% 158 50,0%

16 Жетісу облысы 349 283 81,1% 66 18,9%

17 Ұлытау облысы 88 11 12,5% 77 87,5%

18 Павлодарская облысы 368 241 65,5% 127 34,5%

19 СҚО 466 260 55,8% 206 44,2%

20 Түркістан 987 144 14,6% 843 85,4%

Барлығы 7650 3741 48,9% 3909 51,1%

79

Қосымша 8

2022 жылға арналған орта білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің мөлшері (мемлекеттік мекемелер үшін)

Білім деңгейі

Жалпы білім беретін

сыныптар, сонымен бірге: Түзету сыныптарын да оқитын оқушылар үшін

Үйде оқитын оқушылар үшін Норматипті

оқушылар

Ерекше білім беруге

қажеттілігі бар оқушылар (инклюзив)

Жалпы өңірлерде

1-4

сыныптар 386 667 662 433 727 652 1 891 254

5-9

сыныптар 526 859 942 817 867 980 2 340 950 10-11

сыныптар 628 744 1 146 587 919 744 2 790 243

Радиация аумағы 1-4 к

сыныптар 404 075 689 260 756 365 1 959 993 5-9

сыныптар 549 119 979 348 901 437 2 424 891 10-11

сыныптар 654 532 1 190 174 954 950 2 889 371

Экология аумағы

1-4 к

сыныптар 484 506 835 429 915 702 2 398 696 5-9

сыныптар 663 422 1 193 261 1 093 882 2 969 692 10-11

сыныптар 693 816 1 256 782 1 008 604 3 042 333 Ескертпе – Қаржы орталығынан алынған дереккөз негізінде құрастырылған

80

Қосымша 9

2023 жылға арналған орта білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің мөлшері (мемлекеттік мекемелер үшін)

Білім деңгейі

Жалпы білім беретін

сыныптар, сонымен бірге: Түзету сыныптарын да оқитын оқушылар үшін

Үйде оқитын оқушылар үшін Нормотипті

оқушылар

Ерекше білім беруді қажет ететін

оқушылар (инклюзив)

Жалпы өңірлерде 1-4

сыныптар 429 888 743 964 816 299 2 138 142 5-9

сыныптар 589 579 1 063 346 975 687 2 648 919 10-11

сыныптар 705 636 1 295 460 1 034 482 3 159 237

Радиация аумағы

1-4 к

сыныптар 449 359 774 129 848 606 2 215 895 5-9

сыныптар 614 560 1 104 531 1 013 380 2 743 932 10-11

сыныптар 734 622 1 344 655 1 074 161 3 271 493

Экология аумағы

1-4 к

сыныптар 538 417 938 340 1 027 870 2 714 533 5-9

сыныптар 742 340 1 346 186 1 230 493 3 363 861 10-11

сыныптар 890 543 1 642 592 1 305 236 4 012 606

81

Қосымша 10

Нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтыру енгізу бойынша салыстырмалы кесте

р/с Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция Негіздеме Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу

қағидалары 3-тармақ 3. Бірінші

басшыларды ротациялау

Заңның 44-бабы 5- 1-тармағының 2- абзацына сәйкес бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.

3. Бірінші басшыларды ротациялау бір елді мекенде не болмаса бірінші басшы өтініші негізінде өзге елді мекендерге ротацияланады.

«Білім туралы» ҚР заңының 44–бабы 5-1-тармағының 2- абзацын алып тастауға ұсыныс.

Халықаралық тәжірибенің

негізінде, сонымен қатар ауылдық елді мекендер, кіші қалалардан үлкен қалаларға ауысу нәтижесінде

тәжірибесімен бөлісу, бірінші басшылардың жұмысқа деген ынтасын арттыру 6–тармақ Ротациялау

ға жататын бірінші басшылардың тізімі жыл сайын мамырда

қалыптастырылад

ы және 5

маусымнан кешіктірілмей ауданның

(облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармасы

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының кадр қызметіне ілеспе хатпен жолдайды.

Сәуір:

Ротация жөніндегі комиссияны құру:

Ата-ана, педагог ұжымының бірінші басшыны 360 градустық бағалауы;

Бірінші басшының құзыреттілігін бағалау;

Қаржылық мақсаттарын орындау көрсеткішін қосу.

Кадр қызметі ҰБДҚ-дан білім беру ұйымының бірінші басшысының тиімділік көрсеткіштері туралы есеп, портфолиосын әзірлейді;

Мамыр:

Ротацияға жататын бірінші

басшылардың тізімін

қалыптастырылып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармасы облыстың,

Халықарал ық тәжірибеге сәйкес ротацияның кезеңдерін ретімен орналастыру.

Тиімділік көрсеткіштеріне бірінші басшының құзыреттілігін, ата- ана, педагогтердің арасында 360 бағалауын жүргізу (сауалнама түрінде жүргізілуі мүмкін);

Сауалнама, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әділдік, ашықтық,

көшбасшылық, коммуникация

82 7-тармақ Облыстың,

республикалық маңызы бар қаланың,

астананың, ауданның

(облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органының кадр қызметі бірінші басшыны ротация жүргізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей

алдағы ротация туралы жазбаша хабардар етеді

республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының кадр қызметіне ілеспе хатпен жолданады.

Құзыреттілік, тиімділік және 360 градустық бағалаудың нәтижесін жинақтап, комиссия қарауына жолдау.

Маусым: Комиссия отырысы

Тамыз: Бірінші басшыға ротацияланатыны жөнінде ақпарат жолдау.

құзыреттіліктерін бағалауды қосу.

9-

қосымшада үлгісі берілген.

8-тармақ 8.

Қалыптастырылға

н тізімді

ұсынғаннан кейін облыстың,

республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының кадр қызметі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық білім беру деректер қорынан (бұдан әрі – ҰБДҚ) алынған № 83 бұйрықпен

бекітілген бірінші басшының жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша есепті қалыптастырады.

10-тармақ 10. ҰБДҚ- да бірінші басшылардың тиімділік көрсеткіштері болмаған

жағдайда, кадр қызметі 1 (бір) жұмыс күні ішінде

83 білім беру

ұйымына электрондық пошта арқылы ақпарат беру туралы сұраныс жібереді.

11-тармақ 11. Кадр қызметі есепті қалыптастырған және қосымша ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрбір бірінші басшыға электрондық портфолио қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының актісімен құрылатын

ротация жөніндегі комиссияның (бұдан әрі комиссия)

қарауына жібереді.

12-тармақ 12.

Комиссия кемінде 5 (бес) адамнан, оның ішінде комиссия

мүшелерінің арасынан сайланатын

төрағадан тұрады.

Комиссия құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының, ауданның

84 (облыстық маңызы

бар қаланың) білім бөлімдерінің, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

13-тармақ 13.

Комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі ұсынған әрбір бірінші басшы бойынша портфолионы қарайды және мынадай

шешімдердің бірін қабылдайды:

1)

лауазым шегінде білім беру ұйымын көрсете отырып бірінші басшылар арасындағы

ротациялауды өткізу туралы;

2) лауазым шегінде бірінші басшылар арасында

ротациялаудан бас тарту туралы;

3) осы Қағидалардың 14- тармағында

көрсетілген

жағдайларда білім беру ұйымын көрсете отырып лауазым шегінде ауыстыру.

Қабылд анған шешімді 7

85 (жеті) жұмыс күні

ішінде Комиссия хатшысы ілеспе хатпен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының кадр қызметіне жібереді.

Жоқ Ротациялау мерзімі басталған кезде «Қазақстан Республикасында

зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бел гіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне үш немесе одан да аз жыл қалған білім беру ұйымы бірінші басшысының өтініші негізінде ротация жөніндегі комиссиясының осы қызметшіні ротациядан босату туралы актісі қабылданады.

«Мемлекетт

ік қызмет

өткерудің кейбір мәселелері

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкестендіру.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы 105-V Заңы

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы

3-тарау.

Қамқоршы лық кеңестің функцияла ры

14. Білім беру

ұйымының Қамқоршы лық кеңесі:

16) білім алушылардан және ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден жасырын сұрау арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттану

16) педагогтерден, білім алушылардан және ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден жасырын сұрау арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне оқу жылы ішінде 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;

Қамқорш ылық кеңесі бірінші

басшының жұмыс өңімділігі,

жетістілігі мен мүмкіндіктері туралы жан- жақты түсінігі қалыптасу үшін

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР